Мұнай өнімдерін автоматты құю үрдісінің кешенін басқару
КІРІСПЕ
1 ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1.1 Теміржол цистерналар туралы жалпы мағлұмат
1.2 Теміржол цистерналардың құю және құйып алу құрылғылары
1.3 Төменгі құю мен құйып алуға арналған қондырғылар
1.4 Мұнай өнімдерін құю және құйып алуға аналған қондырғылар
1.5 Мұнай қоймасындағы орындалатын құю . төгу операциялары
1.5.1. Темір жол цистернасының құю . төгу жабдықтары
2 ТЕХНИКА.ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
2.1 Мұнай өнімін құю . төгуге арналған эстакадалар
2.2 Тұтқыр мұнай өнімін қыздыру тәсілдері
2.3 Судағы құю . төгу операциялары
2.4 Теңізді ластанудан сақтау
2.5 Мұнай қоймасындағы мұнай өнімін тұтынушыға жіберу
2.6 Мұнай өнімін май айдау бекеттері (МАБ) арқылы жіберу
2.7 Теміржол эстакадасының саны мен ұзындығын есептеу
3 ЕҢБЕКТІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ БӨЛІМІ
3.1 Қауіпті және зиянды өндірістік факторларды талдау
4 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
4.1 Күрделі қаржы мен негізгі қорларды есептеу
ҚОРЫТЫНДЫ

Мұнай және мұнай өнімдерін алыс қашықтыққа тасымалдаудың негізгі түрлеріне теміржол, су, құбырөткізгіштер және автомобиль транспорты жатады. Кейбір жағдайларда мұнай өнімдерін тұтынушыларға ұшақ және тікұшақ арқылы жеткізіледі.
Су трансортында (теңіз және өзен) ішкі мұнай және басқа да мұнай өнімдерін (бензин, керосин, дизельдік отын, мазут және т.б.) өздігінен жүретін (танкерлер) және өздігінен жүрмейтін (лихтирлер, биржалар) түрдегі ыдыстарда тасымалданады.
Мұнай өнімдерін автомобильден тасымалдағанда, оларды ірі мұнай базаларынан ұсақ мұнай базаларына, содан соң тұтынушаларға жеткізіледі.
Мұнай және мұнай өнімдерін құбырөткізгіштер арқылы тасымалдау – кез келген қашықтыққа көп мөлшерде мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдауға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта теміржол арқылы мұнай және мұнай өнімдерін цистернамен және оларды кішігірімс ыдыстар мен контейнерлерге тасымалдайды.
Цистерна бұл – көлденең цилиндрлі болат ыдыс болып табылады, ол теміржол арбасына біріктіріледі.
Мұнай ыдыстары металдан (бочкалар, бидондар) немесе ағаштан (бочкалар) жасалған ыдыс, бұл ыдысты толтырғаннан кейін қарапайым вагондарға тиеп, тасымалдау ережелерін сақтап тасымалдайды. Бұндай тасымалға мұнай өнімдерін берік күйінде тасымалдауды мысал етуге болады. Контейнерлер вагондардың – цистерна мен кішігірім ыдыстар арасында орташа деңгейде тұрады. Мұнай контейнерлері кішірейтілген пішіндегі цистерналар болып табылады, олар вагондарда бір-бірінен ажыратылып тасымалдана да береді. Қабылдау пункттерін де мұнай өнімдерімен толтырылған контейнерлерді платформадан кран көмегімен түсіреді.
Мұнайдың көлемсдік тасымалы теміржолда вагон-цистернамалармен жүзеге асырылады.
Бұл дипломдық жұмыста мұнай өнімдерін құю үрдісінің кешені мұнай өнімін құйып - төгуге арналған эстакадалар қарастырылды. Темір жол цистернасынан мұнай өнімін құйып - төгуді жеделдету үшін эстакадалар қолданылады. Олар: аралас (құю - төгу үшін) - төгуге арналған, жеке - құюға арналған.

1. Майлыбаева Г.Д. Мұнай және газды өндіру техникасы мен технологиясы.- Астана, 2011
2. Бишiмбaeвa Г.Қ., Бyкeтoвa A.E. Мұнaй жәнe гaз химиясы мeн
тeхнoлoгиясы: Oкy кұpaлы. - Aлмaты: «Бaстay», 2007
3. Романчик А.Л., Рудакова Л.Н. Автоматизация технологических
процессов. Учебное пособие.- Алматы: АИЭС, 1999
4. Нурсултанов Ғ.М., Абайулданов К.Н. Мұнай және газды өндіріп өңдеу.-Алматы, 1999
5. Муслимов Р.Х. Особенности разведки и разработки нефтяных месторождений в рыночной экономике. Казань: ФЭН. 2009
6. Яртиев А.Ф. Экономическая оценка проектных решений при разработке нефтяных месторождений для поздней стадии эксплуатации. – М.: ОАО «ВНИИОЭНГ», 2006
7. Халимов Э.М. Разработка нефтяных месторождений в условиях рынка: Санкт-Петербург: Недра, 2005
8. Плетнев Г.П. Автоматизация технологических процессов и
производств в теплоэнергетике. – М.: Издательство МЭИ, 2005
9. Перчик А.И. Налогообложение нефтегазодобычи. Право. Экономика. – М.: ООО «Нестор Академик Паблишерз». 2004
10. Новиков В.А. Словарь Практическая рыночная экономика. Толкование 4000 терминов, М: Флинта, 1999
11. Иванов Н.Д. Эксплуатационные и авариные потери нефтепродуктов и борьба с ними. -М: Недра, 1992
12. Под редакцией Новоселова В.Ф. Техника и технология транспортировки и хранения нефти и газа. -М:Недра, 1992
13. Янович Н.В., Бусырин Н.А. Охрана труда и противожарная защита. -М:Недра, 1992
14. Тугунов П.И., Новоселов В.Ф. Типовые расчеты при проектирований и эксплуатации нефтебазы инефтепродуктов. -М: Недра, 1991
15. Арутюнов Р.А. Эксплуатация нефтебаз. -М:Недра, 1983
16. Едигаров С.Г., Михайлов. Проектированее и эксплуатация нефтебаз. -М:Недра, 1982
17. Колос М. Охрана труда. -М:Недра, 1982
18. Колос М. Охрана окружающей среды на предприятиях нефтяной и газовой промышленности. -М:Недра, 1980
19. Смидoвич E. В. Тeхнoлoгия пepepaбoтки нeфти и гaзa. Кpeкинг
нeфтянoгo сыpья и пepepaбoткa yглeвoдopoдных гaзoв (ч. 2).- М.: Химия, 1980
20. Клюeв A.С. и дp. Пpoeктиpoвaниe систeм aвтoмaтизaции
тeхнoлoгичeских пpoцeссoв: Спpaвoчнoe пoсoбиe / Клюeв A.С., Глaзoв
Б.В., Дyбpoвский A.Х.; пoд peд. A.С. Клюeвa. – М.:Энepгия,1980

Мұнай және мұнай өнімдерін құбырөткізгіштер арқылы тасымалдау - кез келген қашықтыққа көп мөлшерде мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдауға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта теміржол арқылы мұнай және мұнай өнімдерін цистернамен және оларды кішігірімс ыдыстар мен контейнерлерге тасымалдайды.
Цистерна бұл - көлденең цилиндрлі болат ыдыс болып табылады, ол теміржол арбасына біріктіріледі.
Мұнай ыдыстары металдан (бочкалар, бидондар) немесе ағаштан (бочкалар) жасалған ыдыс, бұл ыдысты толтырғаннан кейін қарапайым вагондарға тиеп, тасымалдау ережелерін сақтап тасымалдайды. Бұндай тасымалға мұнай өнімдерін берік күйінде тасымалдауды мысал етуге болады. Контейнерлер вагондардың - цистерна мен кішігірім ыдыстар арасында орташа деңгейде тұрады. Мұнай контейнерлері кішірейтілген пішіндегі цистерналар болып табылады, олар вагондарда бір-бірінен ажыратылып тасымалдана да береді. Қабылдау пункттерін де мұнай өнімдерімен толтырылған контейнерлерді платформадан кран көмегімен түсіреді.
Мұнайдың көлемсдік тасымалы теміржолда вагон-цистернамалармен жүзеге асырылады.
Бұл дипломдық жұмыста мұнай өнімдерін құю үрдісінің кешені мұнай өнімін құйып - төгуге арналған эстакадалар қарастырылды. Темір жол цистернасынан мұнай өнімін құйып - төгуді жеделдету үшін эстакадалар қолданылады. Олар: аралас (құю - төгу үшін) - төгуге арналған, жеке - құюға арналған.
1 ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1.1 Теміржол цистерналар туралы жалпы мағлұмат
Мұнай өнімдерін және басқа да сұйық өнімдерін теміржол вагон-цистерна арқылы тасымалдайды. Олардың жүк көтергіштігі 50,60 және 120 т болып келеді. Цистерналар бетттік болаттан құрылған, олардың қалыңдығы 8-11 мм. Құйылу мұнай өнімдері цистернаның жоғарғы жағынан құйылады, ал төгілу төменгі жағынан. Цистернадан мұнай өнімдерін толықтай төгі үшін торцтан центріне дейінгі төменгі бөлігіне 20-30 мм ендік орналасады. Бұл жерде төгу приборлары орналасқан, бұл приборлар цистернадан сұйықтықтың төгілу процесін тездетеді.
Мұнай және мұнай өнімдерін теміржолмен тасымалдағанда, төрт дәне сегіз осьтік, төрт және сегіз дөңгелектері бар цистерналар қолданады. Барлық цистерналар қажетті алаңдармен жабдықталған, яғни сыртқы және ішкі баспалдақтары, төменгі төгу приборлары, тұтқыр мұнай өнімдерін бумен қыздыру үшін арналған сыртқы қабы және т.б. қажетті қондырғылармен жабдықталған. Қолданылып жүрген вагон-цистерналардың ішінде көбінесе төменгі төгі приборлары жоқ көне конструкциялы цистерналар қолданылады. Сондықтан, мұнай цистерналардан мұнай өнімдерін жоғарғы жағынан төгеді, бұл қиынырақ болады және төгу приборларымен жабдықталғңан цистерналарға қарағанда, төгу және тазалау көп уақыт алады.
Пайдаланудағы барлық цистерналар жылжымалы құрам габаритіне кіреді.
Барлық стационарлық ғимараттар жылжымалы құрам габаритіне және жақын құрылыстар габаритінен тыс орналасу керек.
Теміржол цистерналары төменде көрсетілген техникалық-экономикалық көрсеткіштермен сипатталады:
жүк көтергіштігі - цистернада тасуға шек қойылған жүк массасы;
цисерна ыдысы - бос цистернаның өз масссасы,
ыдыс коэффициенттері - ыдыс массасының жүк көтергіштікке қатынасы, Кт=0.4-0.7;
осьтігі - цистернаның дөңгелектегі осьтерінің саны;
оське түсетін жүктеме - осьтен рельске берілетін жүктеме, кН; ол 205 кН-тан аспауы керек;
жолдың 1 метріндегі жүктеме, ол 80 кН-тан аспауы керек.
Цистерна қазандары жазық беттік болаттан пісіріліп дайындалады. Қазан цилиндр тәріздес, сфералық түптері бар. Қазан қақпақпен жабдықталған, ол мұнай өнімі температурасының ауытқуына байланысты кеңейеді. Қазіргі цистерналардың қақпақтарының көлемі цистерна көлемінің 2 %-нан аспайды. Цистерна қоз,алысының жылдамдығы өзгерген кездегі гидравликалық соққыны болдырмау үшін өнім деңгейі әрқашан қақпақ негізінен жоғары болу керек.
Қазанның жоғарғы негізіне 200 мм-дей жеткізбей құйылған цистерналарды сапарға шығармау керек. Жаңа типті цистерналарда қақпақтар жасалмаған.
Цистерна қақпақтары люкермен қамтамасыз етілген, олар сфералық беті бар дөңгелек қақпақпен жабылады. Люктер жүкті құю үшін және циерна қазанының ішіне кіру үшін қызмет етеді.
Цистерна қазандары 0,4 мПа гидравикалық қысыммен сынақтан өтенді. Қалыпты пайдалану жағдайында ішкі қысым 0,15 мПа-дан аспайды.
Цистерналарды конструциясы бойынша жалпы және арнаулы цстерналар деп екіге бөледі.
Арнаулы цстерналарды сұйытылған газдарды, қышқылдарды, тұтқыр және қататын мұнай өнімдерін тасуға пайдаланады.
Тұтқыр мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған вагон- цитерналарды бу көйлектермен, жылумен оқшаулаған вагон-термос ретінде, цистерна қазанының ішіне жылтқыш аппараттар бекітілген вагондар түрінде шығарады. Битумды тасымалдау үшін 2 осьтік жәнее 4 осьтік А.А.Скорбященский жүйесіндегі бункерлік жартылай вагондар (думпкарлар) пайдаланылады. Бұл вагондар бу көйлегі бар артқа лақтырылып ашылатын бункерлерден тұрады, бұл битумды түсірер алдында оны бункер қабырғаларының жанында балқытуға мүмкіндңк береді.
Ашық түсті мұнай өнімдеріне арналған цистерна қазандарында 0,15 мПа-ға реттеліп қойылған сақтандырғыш серіппелі клапндар орнатылған.
Мұнай өнімдерінің теміржол цистерналарының жоғарыдан ағызылып құйып алуының төменгі құйып алумен салыстырғанда біраз кемшілігі бар. Жоғарыдан құйып алғанда, буланудан біршама шығын болады, толық құйып алу мүмкін емес, бұларының серпімділігі жоғары мұнапй өнімдерін құйып алғанда сораптардың жұмысы жиі бұзылады, осыған байланысты қосымша вакуум-сорапта немесе электорлар қолдану керек. Көрсетілген кемшіліктерге байланысты, жоғарыдан құйып алуды тек төгі аспаптарының ақауы бар цистерналарға қолдану қажет (Ақаусыз цистерналарды құйып алу үшін тек төменнен құйып алуды қолдану қажет).
1.2 Теміржол цистерналардың құю және құйып алу құрылғылары
Теміржолда құю мен құйып алу үшін мұнай базаларында вагон-цистерналарға маршруттың, топтың не жеке құю-құйып алуға есептелген құрылғыларды қарастыру қажет. Теміржол маршруттарының ең жоғарғы жүк көтергіштігі және әрбір маршруттағы түрлі типтегі цистерналар санын мұнай базасын салған кезде белгілейді.
Құю мен құйып алу үшін вагон-цистерналардың ең жоғары тәуліктік берілуін ең жоғарғы айлық жүк айналымы бойынша мұнай өнімінің әр сорты үшін келіп түсу мен өтуі графиктеріне сәйкес төмендегі формула бойынша есептейді:
(1.1.)
мұндағы n- цистерналардың 1 тәуліктегі есептік саны, дана;
- айлық епң жоғарғы жүк айналымы, m;
- бір цистернаның жүк көтергіштігі, Т;
30 - 1 айдағы тәуліктің есептік саны.
Құю мен құйып алуға арналған құрылғылардың санын мұнай өнімдерінің бір сортының тәуліктік берілісін қамтамасыз етуінен шығарады.
Құю мен құйып алу алаңдары бір мезгілде өңделетін цистерналардың санына қарай төмендегіше жабдықталуы керек:
а) құю мен құйып алу үшін жеке құрылғылармен - цистерналардың саны үштен аспайтын жағдайда;
б) бір жақты эстокадаларымен - үштен алтыға дейін;
в) екі жақты не бір жақты эстакадалармен (жергілікті жағдайларға байланысты) - алтыдан аса.
Құю мен құйып алу алаңының ұзындығы бір маршрут ұзындығынан арттпауы керек. I категориялы мұнай базаларында құю мен құйып алу құрылғылары жеңіл тұтынатын және жанатын сұйықтықтар үшін бөлек болуы керек. Жеңіл тұтанатын мұнай өнімдеріне арналған құрылғыларда операцияларды дизельдік отынмен жүргізуге рұқсат беріледі.
Құю мен құйып алу алаңдары цистерналардан төменгі жабық құйып алу үшін мұнай өнімдерінің I,II,III класс барлық сорттарына құрылғылармен жабдықталуы керек. IV класты мұнай өнімдері (майдан басқасы) сонымен қатар мазуттар үшін ашық құрылғыларды қолдану керек. Төменгі құйыпа алу аспаптарының ақауы бар цистерналарды құйып алу үшін жоғарғы құйып алуға арналған құрылғыларды қарастыру қажет.
Эстакада шегіндегі құйып алу мен құю құрылоғыларының орналасуы маршруттағы цистерна құрамына байланысты анықталады және 4,6 не 12 деп қабылданады. Цистерналар құрамында жүк көтергіштігі 120 т болғанда, құйып алу құрылғыларының (АСН-75 не АСн-8Б) технологиялық қадамы 4 метрге тең деп қабылданады.
Құю мен құйып алудың автобензинлдер, реактивті қозғалтқыштарға арналған отын үшін теміржол құрылғыларын цистерналарға атмосфералық ылғал түсуден сақтайтын аспаптармен жабдықтау керек.
Құю мен құйып алу алаңдарының еңбек өнімділігінің арттыруын және қызмет көрсететін құрам үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ететіндей механизациясы болу керек.
1.3 Төменгі құю мен құйып алуға арналған қондырғылар
Вагон-цистерналардан мұнай мен мұнай өнімдерін төменгі құю-құйып алуға арналған шарнирлі - біріктіріліп орындалған қондырғылар 18194 -71 МЕСТ-0а с2йкес 3 типт3 0алып дайындайды? УСН-қыздырғышсыз, УСНПп-қыздырғышпен, УСНПэ-электрқыздырғышпен. Қондырғылардың келте құбырларының шартты өту жолын 150, 175, 200, 250, 300 мм-ден таңдайды.
Қазіргі уақытта өнеркәсіп ваон-цистерналардан төменгі құю-құйып алуға арналған АСН-7Б, АСН-8Б және СПГ-200 типті қондырғылар шығарады. АСН-7Б типті қондырғы теміржол теміржол вагон-цистерналардан тұтқырлығы аз мұнай төменнен құйып алуға арналады, АСН-8Б - тұтқыр мұнай өнімдерін төменнен құйып алуға арналған. Соңғысының констуркциясы құйып алатын мұнай өнімін қыс мезгілінде қыздыру және және буландыру мүмкіндігін қарастырады.
Қазіргі уақытта құйып алу және құюға арналған қондырғылардың байланыстырғыш құрылғыларын 20772-7Б мұнай және мұнай өнімдерін айдау, құю-құйып алуға, тасымалдау және сақтаудың техникадлық құралдарына арналған байланыстырғыш құрылғылар. Жалпы техникалық талаптар МЕСТ-қа сәйкес дайындайды.
СПГ-200 қондырғысын тұтқыр мұнай өнімдерін рельс аралық науаға құйып алуға арналған. Жұмыс істемей тұрған кезде байланыстырғыш мойын құрсаудың ішінде тұрады, ол құрылыс конструкцияларына бекітіледі, ал өқұйып алу аспабына жалғаған кезде гафриленген тармақ және келте құбырмен бірге көтеріледі.
Әмбебап құйып алу аспаптары вагон-цистернанаы люгіне шығатын штангілі тұтқамен ашылып-жабылады. Осыған байланысты цистерна лютерін әркез ашу керек.
1.4 Мұнай өнімдерін құю және құйып алуға аналған қондырғылар
4609-49 МЕСТ бойынша қадауша вагон цистерналардан қол сорабының көмегімен жанар және жеңіл тұтанатын сұйықтықтарды қолмен немесе механикаландырып құйып алу үшін қызмет атқарады. 4610-49 МЕСТ бойынша дара механикаландырылған қадауша жанар және жеңіл тұтанатын сұйықтықтардың вагон-цистерналардан вакуум-сораптың көмегімен механикаландырып немесе өз бетімен сифонды құйып алу үшін, сонымен қатар базасы сораптарымен құю үшін қолданылады.
Аталған қадаушалар түрлі маркамен шығарылады: С 80 және С 100, қадаушаларының диаметрі сәйкесінше 80 және 100 болады. Оларға - 4612-72 МЕСТ бойынша Ду=80 мм қадаушалар үшін ПС-80, 100 ммүшін ПС 100 бұрылмалы сальниктерін орнатады. Шлангының шартты өту жолына байланысты қштықтың төмендегі маркалары болады: Ду=40 болғанда Н-40, 80 болғанда - Н-80, 100 болған Н-100. Шланг ұштығынан статикалық электрді бұрып жіберу үшін 1,5-2 мм мыс сымды қолданады, оны шлангыға шиыршықтап орайды да, сондай диаметрлі сым сақиналармен бекітеді.
Теміржол цистерналарына құюды автоматтандыру үшін АСН-2-3-3,14 қондырғыларын қолданады. АСН-2 қондырғысын цистернаға бензинді жартылай саңылаулап құю үшін қолданылады. Бензин буларының ауамен қоспасы жіңіщке тармақ, және отты сақтандырғыш арқылы стояктан, яғни қадаушадан резервуарға бағытталады. Құюдың шетегіші теміржол цистернасына мқұнай өнімін құюды тоқтатады да, құю аяқталғаннан кейін саңылаусыз қақпақты ажыратады, бұдан кейін қадауша автоматты түрде жылжымалы состав гаваритимен
1.5 Мұнай қоймасындағы орындалатын құю - төгу операциялары
1.5.1. Темір жол цистернасының құю - төгу жабдықтары
Темір жол цистернасының құю - төгу жабдықтары (коллекторлы құбыр тізбектері, сораптық бекеттер) мен онда жүргізетін операциялар. Құю - төгу тәсілдері, (жоғарыдан, төменнен құю-төгу, ашық және жабық құю - төгу), жоғарыдан жартылай ашық құю, төменнен жабық құю схемалары. ТҚЖ (УСН) - 175; ТҚҚЖ (УСН ПП) - 175 құрылғылары. Цистернаға төменнен, жабық рельсаралық төгу. Темір жол цистернасында мұнайдың өздігінен ашық және жабық тәсілмен құйылуы. Мұнай өнімінің вагон-цистернасынан төгілу жүйесі (өздігінен ашық, жабық төгілу). Вагон -цистернаға мұнай өнімінің құйылу жүйесі. Мұнай өнімін төменнен төгуге арналған жабдықтар (АСН-75, СПГ - 200 жабдықтары, төгу аспаптары), төгу жабдығы.
Мұнай қоймасында темір жол цистернасына құю - төгу операциясын орындау үшін құю - төгу жабдықтарымен қамтылған кіріс жолдары болу керек.
Құю - төгуде құю - төгу жабдықтары құбыр тізбегімен, коллектормен, сораптық станциялармен, басқа да кешендермен байланысады.
Мұнай қоймасында құю - төгу мынадай тәсілдермен жүргізіледі:
Төгу цистернасының мойны арқылы, (цистернадан жоғарыдан төгу)
-- Цистернадан мұнай өнімін төменгі төгу жабдықтары арқылы төгу (цистернадан төменнен төгу)
- Цистернаның мойны арқылы құю
- Өнімді цистернадан төменгі төгу құрылғысы арқылы ыдысқа төгу (рельсаралық төгу)
Жабық тәсіл - технологиялық құрылғыны және аспаптарды, цистернамен қабылдап - жіберуші құбыр тізбегімен байланыстырып отыратын, тек қана толық герметизация кезінде қолданатын тәсіл. Бұл тәсілде айдалатын өнімнің атмосферамен улануы мүмкін. Жабық тәсілде мұнай өнімінің булануынан, төгілуінен болатын шығындар мен құю - төгу кезіндегі өрт жағдайлары азайтылады.
Ашық тәсіл - бұл тәсілде толық герметизация болмайды, мұнай өнімінің шашырағанынан (бүркуінен) шығын болады. Сондықтан жеңіл тұтанғыш мұнай өнімін құю - төгу кезінде жабық тәсілді қолданады.
Жоғарыдан ашық құю цистернаның қақпағына дейінгі биіктікке, цистернаның қақпағына айналдырушы баған мен бағыттаушы құбырды әкелу үшін көтеріледі. Мұнай өнімнің күшіне байланысты, мұнай өнімінің науадан шығар жерінде шашырайды, егер бағыттаушы науа болмаса мұнай өнімі шашырап, төгілуі мүмкін, әсіресе қатты жел кезінде. Бағыттаушы науа болмаса, ашық тәсіл өртке қауіпті болып есептеледі. Өнімнің шығыны болып, топырақпен атмосфераның ластануына ықпал етеді. Сондықтан бұл жоғарыдан ашық құю әдісі болып саналады. Бұл тәсілді көбінесе қара мұнай өнімдері (мазут, май) үшін қолданады. Цистернадан төменгі ағызу тәсілінде, құйылу өздігінен науалар арқылы жүреді. Науаның жоғары ұшын цистернаның құйылу аспабының астымен әкеледі, ал төменгі ұшы атмосфералық ауамен араласады. Бұл тәсіл жоғарыдан жартылай ашық деп аталады. Бұл тәсілді түсті мұнай өнімін құюға қолданады. Темір жол цистернасына жоғарыдан жартылай ашық құю тәсілінде ойылған орын болады және мұнай қалдықтарын цистернадан максималды алуға болады.
1.1 - сурет. Темір жол цистернасына құю - төгу сұлбасы.
1 - төменнен құю қондырғысы, 2 - жоғарыдан құю қондырғысы, 3 - коллектор, 4-сорап,5-нөлдік резервуар.
1.2 - сурет. Бу қоршамасының төгу науасы.
Төгу құрылғысы механизмнің жүрісін бақылап, дұрыстап тұратын тетік. Қара жоғары тұтқырлы мұнай өнімін құю құрылғысы арқылы төгеді, ол төгуаспабы мен төгу науасының арасына орналасады. Бу қоршамасының төгу науасы (3.2 - сурет)ішкі (5) және сыртқы (4) қабырғалардан тұрады. Буды (5)түтікшемен, ал конденсат қалдығын - штуцер (2) және шланг (1) арқылы жібереді.
Екі жақты төгу науасында (1.3 - сурет) науа (6) жолдар арасына қойылған. Бірнеше сортты бөліктерге бөлінеді, олар бұрып жіберетін құбырдан (3), резервуардан (1), сүзгіштен (2) тұрады. Эстакада (4) ортасында бу өткізгіш (5) өтеді, одан таратып құюшы құбырлар шығады.
1.3 - сурет. Екі жақты төгу науасы.
1.4- сурет. Рельсаралық төгу науасы.
Рельсаралық төгу науасы (1.4 - сурет) науадан (5) мұнай өнімін жинау құдығына (4) келеді және решетка (3) арқылы өтіп (2) құбырмен нөлдік резервуарға (1) келеді.
Бу қоршамасының коллекторлы науасын (1.5 - сурет) ұтымды қолдану, мұнай өнімін коллекторда араласып қыздырудың осы заманғысы болып табылады. Қыздырылған мұнай өнімі коллектор қабырғасына қарай құлдиламайды, мұндай коллекторлардың ішкі қабырғасында (2) бұрыштамалы тіреу (1) болады. Тіреулер тұтас болмағандықтан, будың өтуіне кедергі жасамайды.
1.5 - сурет. Бу қоршамасының коллекторлы науасы.
Науаның біржақтан қапталдан орналасуына байланысты сыңар (а), ал екі жақтысын екі сыңарлы (б) етіп жасайды. Түсті мұнай өнімін құю - төгуге герметикалық коллекторларды қолданады.
Соңғы кездері құю эстакадасында телескопиялық тәсіл қолданылады. Ол булану шығынын азайтады. Телескопиялы құбырды түсіру-көтеру қолмен арқанның көмегімен жүргізеді. Бу қоршамасының коллекторлы науасын араластырылған мұнай өнімдерін қыздыруға көп қолданады. Қыздырылған жоғары тұтқырлы мұнай өнімдері коллектор қабырғасында қалмайды. Бұл коллекторлардың ішкі қабырғасында 2 бұрыштамалы тірек 1 болмайды. Тіректер тұтас болмағандықтан будың өтуіне кедергі келтірмейді.
1.6 - сурет. Цистернаның құю- құрылғысының принциптік сұлбасы.
1.7 - сурет. АСН - 7Б төгу қондырғысы.
1 - негіз, 2 - негізгі құбыры, 3 - көлденең шарнир, 4 - серпімді қондырғы, 5 - соңғы құбыр, 6 - байланыстырушы бас, 7 - тік шарнир.
Науаның бір жақты орналасуын (а) қақпақты бір доғалы етіп, ал рельсаралық және орталықтан орналастыруда - екі жақты (б) етіп жасайды.
Мұнай өнімін төменнен құюға арналған жабдықтар. ТҚЖ - 175 (төменнен құю жабдығы ТҚЖ - УСН - установка нижнего слива) жабдығын түсті мұнай өнімін құю - төгуге арналған, мұнай қоймасында, химиялық комбинаттарда қолданады. ТҚҚЖ - 175 (төменнен құятын қыздырғышты жабдық - ТҚҚЖ) тұтқыр мұнай өніміне арналған қыздырғышы бар, қыс мезгілінде қолдануға ыңғайлы.
1.8 - сурет. Бір цистерналы құю - төгу бағандары.
1 - ысырма, 2 - айналмалы нығыздама, 3 - қамыт, 4,17- бастырма, 5 - шектегіш бұранда, 6 - басы; 7 - тазарту құбыры, 8 - баған, 9 - құбырды шлангамен жалғау 10,11 - иілгіш шланга, 12 - ұштық, 13 - төменнен төгу түтікшесі, 14 - тірек бағаны, 15 - қол сорабы, 16 - құбыр, 18 - шектегіш, 19 - бағанды айналдыратын бұранда,20 - вентиль.
2 ТЕХНИКА-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
2.1 Мұнай өнімін құю - төгуге арналған эстакадалар
Құю - төгу эстакадасы. Эстакаданың түрлері, дайындалуы,өткізу қабілеті, жабдықтары. Екі жақты құю, екі жақты төгу эстакадалары. Темір жол цистернасынан мұнай өнімінің батыру эжекторымен құйылуы. Эжектордың қолданылуы.
Құю - төгу бағандары. Бір цистерналы құю - төгу бағандарын негізінен үлестіруші мұнай қоймасында қолданады. Жеке бағанның ара қашықтығы 4 м болу керек. Құю - төгу фронтында қатты жабын (темір бетонды, бетонды) болады, ол ағып кеткен мұнай өнімін жинауды, өткізуді, шығынды азайтуды, санитарлы - гигениалық жағдайды сақтауды ықпалдайды.
Мұнай өнімін құйып - төгуге арналған эстакадалар. Темір жол цистернасынан мұнай өнімін құйып - төгуді жеделдету үшін эстакадалар қолданылады. Олар: аралас (құю - төгу үшін) - төгуге арналған, жеке - құюға арналған болады. Эстакадаларды жанбайтын материалдардан жасайды. Ұзындығына байланысты қапталдарынан баспа қояды, олардың ара қашықтығы 60 м болу керек. Цистернадан эстакадаға өту үшін өтетін мостиктер орнатады. Ал қалған қондырғылар айдалатын мұнай өнімінің түріне қарап қойылады. Жоғары тұтқыр мұнай өнімін төгу үшін бу өткізгішпен жабдықтайды. Цистернадан мұнай өнімін қабылдау үшін эстакаданы құю - төгу бағандарымен байланыстыратын құбыр тізбектерді сәйкесінше арматурамен жабдықтайды.
Эстакадалар бір және екі жақты болады. Майларды құю - төгу кезінде сулануды болдырмау үшін жабық эстакадалар салынады. Мұнай өнімін мұндай эстакадаларда құю - төгу жеке цистернадағыдай жүреді, сондықтан құю - төгу фронты сәйкес құрылғымен жабдықталады. Эстакадаларды көптеген мұнай қоймасында, соның ішінде, таратушы мұнай қоймасында қолданады.
Құю - төгу құрылғылары мыналармен жабдықталуы керек.
- Өткізу қабілеті (барлық цистернаға бір мезгілде жіберу кезіндегі уақытты қамтитындай болу керек).
- Герметикалығы (барлық бөлшектерді байланыстырғанда). Өткізу қабілеті сораптың күшіне, коллектордың диаметріне байланысты болады. Құю - төгу бағанының диаметрі 100 және 150 мм болуы керек.
Темір жолдағы құю - төгу эстакадалары. Эстакаданың жабдығы мұнай өнімінің сортына байланысты болады.
Түсті мұнай өнімін құю - төгуге арналған эстакадалар бу өткізгішпен, жылытқыш құрылғымен жабдықталып жабық коллекторлар мен бағандарда жүреді. Қара мұнай өніміне арналған эстакадалар буды қыздыру жабдығына жіберетін бу өткізгішпен жабдықталады. Түсті мұнай өніміне арналған екі жақты құю эстакадасы (2.1- сурет) өздігінен, ықтиярсыз құйылады.Эстакада лақтыру мостиктерімен жабдықталған. Мұнай өніміне арналған коллекторлар эстакаданың түбінен төмен төселеді де, құю бағандарымен жалғанады.
2.1 - сурет. Түсті мұнай өніміне арналған екі жақты құю эстакадасы.
1- бүлінген цистернаның төгетін штуцері, 2- бұрылатын консоль, 3- құю қадаушасы, 4- иілмелі шлангасы, 5-мұнай өнімі үшін коллектор, 6-бүлінген цистернаның төгу коллекторы.
Тазарту коллекторлары эстакаданы бойлай орналасып, құю - төгу бағандарымен жалғанады. Майға арналған жабық эстакада (2.2 - сурет )және түсті мұнай өніміне арналған екі жақты аралас эстакада (2.3 - сурет) көрсетілген. Олар ауа - райының бұзылуы кезінде қызметкерлердің ыңғайлы жұмыс жасауына ықпал етеді. Қарлы, жаңбырлы күндері өнімнің су болмауын қамтиды.
2.2 - сурет. Майға арналған жабық эстакада.
1 - мұнай өнімінің коллекторы, 2 - тазаланған коллектор, 3 - бүлінген цистернадан төгу үшін штуцер, 4 - төгу-құю қадаушасы, 5 - тазалауыш қадауша, 6 - иілмелі шланга, 7 - бұралатын консоль.
2.3 - сурет. Түсті мұнай өніміне арналған екі жақты аралас эстакада.
2.4 - сурет. Қара мұнай өніміне арналғанекі жақты құю эстакадасы.
1- қарсы салмақ, 2- бу штуцері, 3 - бұралатын сақина, 4 - құю құбыры, 5 - телескопты құбыр, 6 - өнім коллекторы, 7 - бу коллекторы, 8 - дренаж құбыры, 9 -бу өткізгіш, 10 - конденсатты түсіру үшін құбыр, 11-дренаж конденсациясы.
Қара мұнай өнімін құюға арналған эстакадада, құю коллекторы эстакаданың жоғары жағынан өтіп, құю үшін бұру аспабымен жабдықталады. Бұру аспабының ұшына телескопиялық құбыр жалғайды, ол құйып болғаннан соң көтеріледі.
Құю жұмысы аяқталған соң оны барлық жағынан тексеріп, пломбылаймыз.
Батыру эжекторын қолданып темір жол цистернасынан мұнай өнімін төгу. Ыссы күндері темір жол цистернасы мен шикі мұнайды тартып шығару кезінде поршенді сораптардың күші және ортадан тепкіш сораптардың сору күші азаяды. Бұл қиындықтар сору құбыр тізбегіндегі будың кептеліп қалуынан болады. Сорап шығатын сұйықтың булану серпімділігі жоғары болса, құбыр тізбегіндегі кедергі де соғұрлым көп болып, сорып шығару өте жай жүреді.Сорушы құбыр тізбегіндегі вакуумды төмендету үшін эжекторлы (эжектор - қысымды арттыруға арналған аппарат) сорып шығаруды қолданады. Жұмыс істейтін сұйықтық орнына сорып шығарлатын сұйық қолданылады. Батыру эжекторының жұмысы арқасында сорушы құбыр тізбегіндегі вакуум 0 - ге дейін төмендейді. Ал кейбір жағдайларда қысым көбейіп, сораптар төзімді жұмыс жасайды.
Батыру эжекторын жоғары серпімді буларды темір жол цистернасынан қазан арқылы төгу үшін және цистернаны түсті мұнай қалдықтарынан тазарту үшін қолданады.
Эжекторды қолдану. Эжекторлы қондырғыны қолданбас бұрын шлангілердің дұрыстығын тексереміз. Резервуарды жерге қосуға (заземление) және мұнай өнімін қабылдауға тексеріп, эжекторлы цистернаға саламыз, тиек арматурасын ашып, ережеге сәйкес сораптарды қосуға дайындаймыз.
Барлық жұмысты жеңілдету, мұнай өнімінің цистернадан құйылып төгілуін қамтамасыз ету үшін эстакадаларды қолданады. Эстакаданың қысқартылған атауларын көрсетейік.
эстакаданың түрі эстакаданың сипаттамасы
НС түсті мұнай өніміне арналған екі жақты құю эстакадасы
НМ майға арналған екі жақты құю эстакадасы
НТ майға арналған екі жақты құю эстакадасы
КС түсті мұнай өніміне арналған аралас құю эстакадасы
КМ майға арналған екі жақты құю эстакадасы
2.2 Тұтқыр мұнай өнімін қыздыру тәсілдері
Тұтқыр мұнай өнімін қыздыру, қыздыру тәсілдері, өткір бумен, жабық құбырлы қыздырғышпен, электрмен қыздыру. Мұнай өнімін темір жол цистернасында қыздыру.
Тұтқыр мұнай өнімін қыздыру.Тұтқыр мұнай өнімдері төменгі температурада қатуға ыңғайлы келеді. Сондықтан оларды құю - төгуде, айдауда қыздыру керек.
1-диаметрі 5-6 мм құбырдың саңлауы,
2-майысқақ қоршама, 3-мөлшер реттегіш.
2.5 - сурет. Мазутты өткір бумен қыздыру.
Ішінде көп тараған және қарапайым қыздыру түрі - су буы, ол мұнай қоймасында кеңінен қолданылады. Практикадан көргеніміздей бумен қыздыру 4 - 6 кгссм2 қысымда да тиімді жүреді.
Сондықтан цистернадағы және ыдыстардағы, сондай - ақ құбыр тізбегіндегі мұнай өнімін қыздырамыз.
Өткір бумен темір жол цистернасында (2.5 - сурет) мазутты төгу кезінде қыздырады. Қазіргі кезде мұнай қоймасында мазутты ашық бумен қыздыру тәсілін кең қолданады. Ашық бумен қыздыру жылытқышы үш перфорилді (тиетін): орталық және екі жақтаулық штангіден тұрады. Орталық штанга тігінен тұрғызылса, жақтаулықтар - иілген ферма тәрізді, цистернаның түбіне бағытталады. Буды жіберетін штангідегі ойық саны мынаған байланысты, диаметрі
5 - 6 мм болатын ойықтық қимасының қосындысы, штангінің өзінің құбырының екі еселенген қимасына тең болуы керек. Әр штанга бу тізбегіне шлангімен, гайкалармен жалғанады.
Қазіргі кезде жылыту жүйесінің өзгеше (шлангісіз) түрі қолданылады. Мазутты бұл жүйеде қыздыру темір жол цистернасында көп қолданылады. Өйткені қыздыруға дайындауға аз уақыт кетуімен, бу шығынын азайтумен, мазуттың төгілу уақытын азайтумен ерекшеленеді. Ескеретін жай бұл тәсіл мазут температурасы 20 - 300С болғанда тиімді.
Жабық құбырлы жылытқышпен су ізі қалмайтын (майлар) мұнай өнімін қыздырады. Майларды жабық құбырлы қыздырғыщтарда немесе станционарлы иректерде қыздырады. Құбыр ирегіндегі бу мұнай өніміне жылуды қабырғасы арқылы беріп, онымен тікелей жанаспайды. Жабық иректің конструкциясы әр түрлі болады.
Ыдыстағы өнімді станционарлы жабық құбырлы жылытқышпен қыздырады. Жылытқыштың секциялы, жергілікті, жылуалмастырғыш түрлері бар. Көп тарағаны секциялық жылытқыш.
Электрмен қыздыру жану температурасы жоғары мұнай өнімін және коксты (тас көмір) қыздыруға арналады. Бұл тәсілмен қыздыру үшін мұнай өніміне (майға) грилка түсіреді. Электрмен қыздыруды жоғары санатты қызметкер жүргізу керек. Мұнай қоймасында қыздырудың бұл тәсілін де қолданады.
Мұнай өнімін темір жол цистернасында қыздыру. Тұтқыр және қатып қалатын мұнай өнімін тасымалдау кезінде оларды қыздыру қажет екенін жоғарыда келтірдік.
Жылу тасымалдағыш ретінде қаныққан бу, электрленген және жылытылған су қолданылады.
Мұнай мен мұнай өнімін тасымалдауда су буын мына қысымға есептейді:
- 4 кгссм2 - қара мұнай өнімдері мен майлар үшін, станционар секциялы қыздырғыштар үшін.
- 3 кгссм2 - тасымалдаушы қыздырғыштар үшін, темір жол цистернасы үшін.
Қыздырылған су мен электр жылытқыштар да қолданады.
Жылытудың барлық тәсілдерін қолдану барысында өрт және техникалық қауіпсіздік ережелерін орындау керек.
2.3 Судағы құю - төгу операциялары
Жалпы түсінік. Мұнай құю кемелерінің құрылғысы, жабдықтары, оны пайдалану. Жүк кемесінің (лихтер) қызметі. Баржа,өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін баржа. Мұнай айлақтарының жабдықтары мен оны пайдалану. Кемесегі құю - төгу жұмысын ұйымдастыру.
Жалпы түснік. Мұнай өнімін теңізбен, өзенмен тасымалдау - су тасымалының орасан түрі болып табылады. Су тасымалы басқа тасымалдарға қарағанда арзандау.
Мұнай өнімін сумен мұнай құю кемесінде, мұнай тарасында тасымалдайды.
Мұнай құю кемесінің құрылғысы, оны пайдалану. Мұнай құятын кемелердің теңіздік (танкер) және өзендік түрлері бар. Олар өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін болып бөлінеді. Жүрмейтін кемелерге әр түрлі қуатты буксирлер жатады.
Лихтер(теңіздік рейдтік баржалар) - мұнай өнімін алыс қашықтыққа жеткізу үшін керек. Лихтер негізінен өздігінен жүре алмайтын болып келеді. Сондықтан оны танкердегідей сораптармен жабдықтайды.
Егер лихтерде сораптар жоқ болса, ол танкердің сорабымен немесе айлақтың сорабымен (мұнай өнімін түсіру, тиеу) жүреді. Мұнай өнімін қыздыру үшін лихтерді станционар немесе тасымал түріндегі жылытқышпен жабдықтайды.
Өзендік баржалар өздігінен жүретін немесе жүрмейтін болып бөлінеді. Өздігінен жүретін өзендік баржаларда негізінен бензин тасиды.
Өздігінен жүрмейтін кемелер көлденең және көлбеу қалқаларға аралық тәрізді бөлінген. Бөліктер бір бірімен клинкеталармен байланысқан. Бөліктен кеменің үстіне шығу үшін тығыз жабылған люктер болады. Бөліктерде мұнай өнімін тексереді. Газ жіберуші құбырлар өрт өткізбейтін торлармен қорғалған.
Тұтқыр мұнай өнімін тасымалдайтын баржалар қыздырғышпен жабдықталған. Бу оларға айлақтан буксир немесе қозғалмалы сорап арқылы беріледі.
Мұнай айлақтарының жабдықтары, оны пайдалану. Мұнай өнімін танкерлерге, баржаларға құю - төгу арнайы жабдықталған айлақтарда жүреді. Мұнай өнімі өзеннің сулы бетіне төгілсе, онда суды ластап, өрт қауіпсіздігін тудырады. Мұнай айлақтарын маневрлі кемелермен жабдықтайды. Айлақты жасанды жолмен немесе жағаларды, басқа да су қоймасын пайдалану арқылы жасайды. Айлақтың тұрған жері көрсетілген нормаға сай болуы керек. 14 - суретте қазіргі заманғы айлақтың үш түрі көрсетілген.
-жеңішке тұйықталған бассейн түрінде, оның арнайы бекіту тетігі бар (а);
-жағаға қоршалған терең шұңқыр жасау, немесе акватория (су бетіндегі айлық, порт) (б);
-төгілген мұнай өнімінің қауіптілік тудырмайтын пунктін табу (в);
2.6 - сурет. Мұнай айлақтарының үш түрлі сұлбасы.
Кеменің тоқтауы үшін кемежайлар (пристани) тұрғызады. Олар сораптармен, құбыр тізбегімен, түсіру-тиеуқұрылғысымен жабдықталады.
Құю - төгу айлақтарын жанбайтын материалдан жасайды. Айлақтың ені барлық керекті құбыр тізбегінің төсемін қамтитындай, сонымен бірге өрт шараларының өтуінеыңғайлы болу керек. Құю - төгу айлақтарында жағалау жағынан қоршалған және жағалақ токтың жерге тұйықталуы (заземление) жасалған болу керек.
Танкерге құю - төгу жұмысын ұйымдастыру. Мұнай жүктерін құю - төгу сандық жағынан да, сапалық жағынан да тиімді болуы тиіс. Ол үшін мұнай қоймасы тасымалдаушы ұжымдардан хабарлама (извещение) алу керек. Кеменің келуі жөніндегі хабарламаны алған соң мұнай қоймасында дайындау жұмыстарын жүргізеді.
Мұнай жүктерін қабылдау үшін МЕСТ 1510 - 70 сәйкес етіп, пароход басшылығына тапсыру керек.
Егер сол сорттағы мұнай өнімі бар резервуарға құйылатын болса, пароход басшылығымен резервуардағы мұнай өнімінің саны мен сапасы жөнінде акт құрылады.
Мұнай қоймасына тоқтаған кемені апат болмауы үшін бекітеді. Бұл кезде аймақтағы мұнай қоймасында қызметкерлер болып, керекті жабдықтарды дайындайды. Кеменің құбыр тізбегін мұнай қоймасының құбыр тізбегіне жалғап, кеме қоймаға тоқтаған соң, одан сынақ алынып, МЕСТ 2517 - 69 бойынша тексеріліп, содан соң сапасы бекітіліп, түсіріледі.
Кемеден мұнай өнімін ыдыстарға түсіру жүзетін сораптық станциялар, сораптық жабдықтар арқылы жүреді. Түсірмес бұрын сораптарды мұқият тексеріп, жұмысқа дайындап қояды.
Мұнай жүктерінің төменгі жағы суға толы болады. Сондықтан оны тартып шығаратын арнайы резервуар болады.
Айдау кезінде құбыр тізбегінің жұмыс істеуін, резервуардың асып кетпеуін мұқият бақылау керек. Ақауы байқалса айдау тоқтатылады, өйткені мұнай өнімінің шығыны болу мүмкін. Төгіліп болған соң резервуарға жалпы құйылу тексеріледі, одан соң пароход басшылығымен резервуарды пломбылайды. Одан басқа кемедегі өлі қалдықты тексереді. Құю кемесін мұнай қоймасының айлағына жібереді де келесі құюға дайындайды.
Резервуарда тұндырылған мұнай жүгін тапсырып, қабылдау - өткізу актсін құрады.Салқын уақытта құю кемесіне тұтқыр мұнай өнімідерін қабылдайтын құбыр тізбектерді жылыту және ысырмалар мен сораптарды, техникалық жабдықтарды қыздыру үшін электрмен қыздырылған ленталар қолданылады. Беттік типтегі бұл жылытқыштар, ленталар, қыздырылатын объектіге оралып, эластикалығы арқасында жабысып, жылу бергішті жақсы реттейді.
Қыздырғыш ленталар шыныталшықтан жасалынып, жеңішке иілген жиектен тұрады.
2.4 Теңізді ластанудан сақтау
Теңізді ластанудан сақтау. Ластану көздері. Теңізді ластануды болдырмау. Оған қолданатын әлемдік тәсілдер. Тазарту жабдықтары, жүйесі, төгілген мұнай өнімін жинақтауға арналған жабдықтар. Теңіздің бетін тазарту тәсілдері,беттік белсенді заттар. Мұнай қалдықтарын жинаушы жабдық.
Қазіргі кезде әлем бойынша да, еліміз бойынша да теңізді мұнай өнімінің қалдығынан тазартуға ерекше көңіл бөлініп, іс жүзінде шаралар жасалынуда.
Су қоймасының ластануының негізгі көздері:
Балласт сулары (ұсақ тас, топырақ араласқан су), танкерді келесі партияға дайындау барысында тазалаудан алынған сулар;
Кемеге мұнай өнімін қабылдау барысында өнімінің теңіздегі шығыны;
Теңіз мұнай кәсіпшілігіндегі объектілерден (тасымалдаушы скважина, құбыр тізбектері, резервуарлар) мұнай өнімінің ағуы.
Жүктерді тиеу кезіндегі мұнай өнімінің ағуы.
Танкерге балласты (топырақ үйіндісін) қабат және екі қатар түп жасап теңіздің ластануының алдын алуға болады.
Соңғы жылдары теңіз айлақтарында танкерді жуу бекеттері мен дегазациялау (газбен тазарту) орталықтарын салды.
Станцияларды танкердің бөліктерін толық жуылатындай, тазалайтындай етіп, балластикалық сулардан арылтатындай етіп, мұнай қалдықтарын қайта пайдағы асыратындай (утилизация) етіп жасайды.
Танкерді жуып болған соң ластанған суды қабылдап, оны ары қарай өнеркәсіптің, қаланың керек жүйесіне жіберетін тазарту қондырғысына жібереді.Танкер таза суды бүріккіші бар, химиялық қоспалар қосылған қысымдағы сумен жуатыны бар арнайы жуу машинасымен жуылады.
Қазіргі заманғы жабдықтарды пайдаланғанмен, мұнай өнімінің теңізге құйылуына кедергі жасай алмайды. Сондықтан да ол негізгі өзекті мәселе болып отыр. Осы уақытта су бетін мұнай өнімінің қалдықтарынан тазартатын көптеген тәсілдер қолданылуда.
Теңізді ластанудан сақтау үшін компрессорлық (қысатын) қондырғысы бар су асты пневматикалық (ауаның қысым күшімен әрекеттесуі) бөгеттер жасалынған. Әр 25 м сайын теңіз түбіне иілгіш пластмассадан құбыр тізбектері салынады. Ауа көпіршіктері тесіктен өтіп, кейде суды қозғалтып, құбыр тізбегінің екі жағынан толқын түзеді. Ағыстың беті акватория бойынша құбыр тізбегіне жайылады. Қалыңдығы 3 см болатын пленка пневматикалық қоршауға кіре алмайды.
Төгілген мұнай қалдықтарын жинауға арнайы сору құрылғысы бар танкер, баржа, катер, цистерна түріндегі жүзетін ыдыстар жіберіледі.
Судың ластанған бетіне баржа жіберіліп, тұндырғыш бөліктерге сораппен су - мұнайлы эмульсия (ерімейтін тамшы) жіберіледі де, жоғары бетінен сорылады.
Мұнайды жинау жүзетін резервуардың көмегімен де жасалады. Ыдыстың ұшында буксирге бекітуге болатын ілгіштер болады. Ұзындығы 90 м, сыйымдылығы 10 т дейін баратын резервуарлар, суда 2,7 кмсағ жүреді. Мұнайлы эмульсия сораппен сорылып, қалқыма (поплавок) және иілгіш шланга арқылы резервуарға беріледі. Лас, ауыр заттар су түбіне жиналады да, мұнай бетіне қалқып шығады. Жиналған су арнайы қақпақтар арқылы ағып кетеді. Осыдан кейін резервуар жағаға келіп, ондағы жиналған мұнай ыдыстарға құйылады.
Тазартудың басқа тәсілдері де қолданылады. Мысалы: химиялық беттік белсенді заттармен (ПАВ- поверхностно - активные вещества) тазалау мұнайлы эмульсияны азайтады.
Мұнай қалдықтарын жинау механизирленген жинау болып табылады, жинау экипажына екі адам қатысады.
Қабылдап - тазартушы ваннаға келген мұнай тазартылып, шөмішке барады. Ваннаға жиналған мұнай қабаттары сораппен айдалып, мұнай қалдықтарын жинаушыдан шығарылып, жағалық немесе жүзетін ыдысқа беріледі. Шөміштегі қалдық тасты жағадағы кранмен түсіреді.
Салқын мезгілде мазутты жинау механикалық тәсілмен жүреді, алдымен шөмішке, содан соң самосвалға, одан кейін тасымал көліктеріне жеткізіледі.
Жаз мезгілінде оларды жинауға вакуумды-цистерна қолданады. Тұндырғыш цистерналар жиналған мұнайды қыздыратын иректермен жабдықталған.
2.5 Мұнай қоймасындағы мұнай өнімін тұтынушыға жіберу
Мұнай өнімін тұтынушыға жіберу құралдары (темір жол цистернасы, автокөлік цистернасы, танкерлер), құйғыштардың жабдықтары.
Мұнай өнімін тұтынушыға темір жолмен, автокөлікпен, ұсақ ыдыстармен жеткізеді. Ірі теңіз айлақтарында - танкермен жеткізіледі. Мұнай өнімін төгу жабдықтарын қойма қоршауының сырт жағынан салады.
Тез тұтанғыш және жанғыш мұнай өнімін бір аймақтағы жалпы ілмекпен құйып - төгуге болады.
Сыйымдылығы 25 - 75 м3 болатын майларды қыздыруға және таратуға пайдаланады.
Сыйымдылығы 300 м3 жоғары болатын майларды сақтайтын резервуарды ғимараттың жертөлесіне (подвалына) салады.
Ағын сулардың ағып кетуіне аймақтарды еңкіш етіп салып, арнайы су жинағыштар немесе канализация жасайды.
Құю нысандарын отқа тұрақталықтың ІІ-дәрежесі бойынша салады. Ал ІІ, ІІІ категориялы мұнай қоймасында жану температурасы 1200С жоғары мұнай өнімі болса, онда ІІІ-дәрежелі отқа тұрақтылықта салады.
Тез еритін және жанғыш мұнай өнімін жіберіп, тараларға салатын қондырғылар мен нысандар жеке салыну керек. Кейбір жағдайда дизельді отынды тез жанғыш мұнай өнімінің ғимаратына қосуға болады.
Массалық өткізу кең түрде қолданылса да қиын болып есептеледі. Өйткені мұнда бөшкені толтырған соң да, босатқан соң да өлшеу керек. Мұнай өнімін жаппай (массовый) құйғанда өлшеудің екі әдісін қолданады:
1. Жанар майды есептегіштің көмегімен
2. Арнайы өлшеуіштердің көмегімен
Бензин есептегішпен жабдықталған құю аппараты былай жұмыс жасайды. Бензин құбыр арқылы су - газ айырғышқа келеді, мұнда суға, газға, ауаға бөлінеді. Одан соң бензин есептігішіне түседі де кран арқылы бөшкеге келеді. Бу, ауа аралас қоспа ауа салқындатқыштан автоматты түрде ине тәріздес қақпақпен вантуз арқылы ауаға ұшып кетеді, ол су төгу құбыры арқылы жинағыш каналға төгіледі.
2.5.1 Автокөлік тасымалы
Автокөлік тасымалы. Оның маңызы. Жүктерді тасу (массалы, ұсақ, орталықтан) түрлері. Автоцистернаның түрлері.
Автокөлік тасымалы- кең қолданылатын тасымал түрі. Олар темір жол, су қатынасы жоқ жерлерге мұнай өнімін жеткізуді қамтиды.
Автокөлік тасымалының негізгі мақсаты - ұсақ партиялы өнімдерді темір жол цистернасына тиеуге жеткізу. Жүктерді әкету жаппай (массалық), ұсақ, орталықтан болуы мүмкін. Массалық жүкке бірдей көп мөлшердегі біркелкіжүктер жатады. Қазіргі кезде тасымалдың бұл түрі орталықтан басқаруға жатады. Жүктерді ұсақ түрде жеткізу келісім бойынша және арнайы тапсырыс бойынша жүргізеді. Сұйық өнімдерді (бензин, керосин, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz