Шулы технологиялық процесстерді төмендету және шу көздерін төмендетудегі қазіргі кездегі енгізулері


Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина

университеті

Студенттің өзіндік жұмысы

Мамандығы: Жалпы медицина

Дисциплина : Еңбекті қорғау

Курс: 5

Тақырыбы: Шулы технологиялық процесстерді төмендету және шу көздерін төмендетудегі қазіргі кездегі енгізулері.

Орындаған: Қарасай Арайлым

Группа : 505 А

Тексерген: Ахметова Ұ. Ж.

Ақтөбе- 2017ж

Жоспар:

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

1. Өндірістік шу түсінігі.

2. Өндірістік шулардың жіктелуі.

3. Өндірістік шулардың адам ағзасына әсері және олардың алдын алу шаралары.

III Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Өндірістік процестерді автоматтандыру және механизмдеу құралдарының дамуы жабдықтарды пайдаланумен байланысты болады, олар жұмыс барысында механикалық тербелістерді жасайды, зияндылық әсері жиілігінен, қарқындылығынан және ортадан байланысты әртүрлі болады. Бұл тербелістер шуылға және дірілге бөлінеді. Естілетін жиіліктер ауқымында таратылатын тербелістерді адам дыбыс ретінде қабылдайды.

Шу - қатты, сұйық және газ-тәрізді орталарда пайда болатын механикалық тербелістер кезіндегі әртүрлі жиіліктер мен қарқындылықты (күшті) дыбыстардың ретсіз тіркесуі. Ұзақ шуылдың әсері құлақтың есітуін және көздің көруін төмендетеді, қан қысымын көтереді, орта жүйке және жүрек-сауыт жүйелерін шаршатады, нәтижесінде жұмысшының жұмысында қателер саны көбейеді, еңбек өнімділігі төмендейді. Адамның есту органдары 16 . . . 20 000 Гц жиілікті дыбыс толқындарын қабылдайды. 20 Гц-тен төмен (инфрадыбыс) және 20 000Гц-тен жоғары (ультрадыбыс) тербелістер құлаққа әсер етпейді, бірақ толық ағзаға биологиялық әсерін тигізеді.

Шум 2 түрге бөлінеді:

1. Механикалық

2. Аэродинамикалық

а) Механикалық дыбыс - дегеніміз үзіліссіз машиналар мен жабдықтардың қоспалы дыбысы.

б) Аэродинамикалық - дегеніміз белгілі бір уақытта болатын және механикалық жабдықтарсыз жеңіл бір ноталы дыбыс. Мысалы желдеткіш, судың ағуы, т. б.

Сондықтан ең үлкен дыбыс механикалық жабдықтарда болғандықтан олардың бір-бірімен жанасатын элементтерінің арасына және қырқаяқшаларының тістерін үнемі майлап, қатты материалдың түрін қосады.

Құрал - жабдықтардың дыбысын азайту үшін сыртынан қорап кигізіледі. Қораптың түрлері өте көп: алынбалы - салынбалы, смотровые окна және қатты желдеткіш дыбыс арқылы сыртқа шығару. Жабдықтың қорап пен ара қашықтығы бекітілген нормаға сай болу керек. Қораптың ішкі қабаты 50 мм материалмен жабдықталады. Ол да жабдықтың дыбысын азайтуға күш қосады.

Өндірістік шудың жіктелуі:

Шу кез - келген жағымсыз немесе ретсіз жиынтықтағы, түрлі жиіліктегі және қарқындылықтағы дыбыстар, олар адам ағзасына жағымсыз жұмыс пен демалысқа әсер етеді. 16 Гц - 20 кГц жиіліктегі акустикалық тербелістер адам ағзасына қалыпты болып саналады, оны дыбыстық деп атайды, ал 16 Гц төмен жиілік - инфрадыбыс, 20 кГц жоғары жиілікті - ультрадыбыс деп атайды. Шу әсерінен адамда кәсіптік кереңділік пайда болады және ағзаның басқа да жүйелері зардап шегеді. Шудың гигиеналық нормативтері болады.

1. Басымдылық жиілік құрамы бойынша:

а) төмен жиілікті шулар-400Гц-ке дейін

б) орта жиілікті шулар-400Гц-тен 1000Гц-ке дейін

в) жоғары жиілікті шулар-1000Гц-тен жоғары

2. Спектр сипаты бойынша:

а) кең сызықты, барлық естілу жиілік диапазонын қамтитын (1 октавадвн үлкен кендікпен)

б) тар сызықты, энергиялық спектр салыстырмалы тар жиілік сызығында жинақталған кезде.

в) тонды шулар, олардың спектрлері 1/3 октавадан кең емес енді және көрші тондар 10дБ кем емес.

3. Жеке құрамдар арасындағы интервалдар шамасы бойынша:

а) тегіс шу, жиілікті құрамдар бір-бірінен кішкентай интервалмен үзілмей кезектескен кезде.

б) дискретті шу немесе сызықты, егер жеке құрам бөліктері бір-бірінен жиі интервалмен бөлінген кезде.

в) аралас шу, бұнда тегіс спектр фонында жеке дискретті құрамдары болады.

Егер шуда тегіс спектр болып, олардың барлық құрам бөліктерінің қарқындылығы кең диапазонында бір-біріне тең болса, оны ақ деп атайды.

4. Берілу жолдары бойынша:

а) ауалы шу, дыбыстық тербелістер ауада тербелетін кезде

б) құрылымдық (корпусты) дыбыстық тербелістер созылмалы қатты денелерде таралатын .

5. Әсер ету ұзақтығы бойынша:

а) созылмалы шу, сумарлы ұзақтығы 4 не одан да көп сағат сменасына

б) қысқа мерзімді шу, ұзақтығы 4 сағат/сменасынан кем

6. Уақытша сипаты бойынша шулар:

а) тұрақты (стабильді, стационарлы) олардың дыбыс деңгейі 8 жұмыс сағаты (жұмыс уақытында ауысуы 5дБ-ден көп емес)

б) тұрақсыз, олардың дыбыс деңгейі 8 жұмыс сағатында 5дБ-ден көпке өзгереді:

-уақытта тербелетін, дыбыс деңгейі уақытта үзіліссіз өзгеретін

-үзілетін, дыбыс деңгейі табалдырықты өзгереді (5дБ(А) -ге және одан да жоғары), сонымен бірге деңгейді бір қалыпта ұстайтын интервалдар ұзақтығы 1сек төмен

-импульсті бір немесе бірнеше дыбыс сигналдарынан тұратын (ұзақтығы 1сек)

7. Шығу тегі бойынша:

а) механикалық шулар - үйкеліс кезінде, соғулар әсерінен туатын

б) аэродинамикалық шу - сұйықтықтар қозғалыстар туатын кезде

Шудың адам ағзасына әсері.

Шудың әсерінен адам ағзасында ең алдымен есту, жүйке, жүрек тамыр жүйесінің өзгерістері дамиды. Олардың айқындылығы шудың параметрлеріне, шу жағдайындағы жұмыс ету стажына, жұмыс уақытындағы шудың ұзақтығына және ағзаның сезімталдығына байланысты.

Шумен байланысты еңбек процесі кезінде, адам денесі мәжбүрлі қалыпта болатынын, белгілі бір бұлшық еттер тобының кернелікте болуын, нервтік-эмоционалдық кернеулікті және осыған қоса дірілдің, шаңның, улы заттардың, қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың әсерін ұмытпау керек. Бұның барлығы аурудың клиникасын қиындататын факторларға жатады.

Патогенезі. шудың адам ағзасына әсерінің механизмі күрделі және толығымен зерттелмеген. Шу туралы пікірлер айтылған жағдайларда, ең алдымен есту мүшесіне аса көңіл аударылады. Сонымен қатар шу есту мүшелерінен бөлек терідегі сезімьал рецепторлар арқылы да қабылдануы мүмкін. Ол есту қабілетінен айырылған адамдарда, сипап сезу арқылы дыбыс сигналдарын анықтау мүмкіндіктерінің бар екендігімен бағаланған.

Тері жабындыларындағы дірілді сезетін рецепторлардың дыбыс толқындарын қабылдау қабілеті ағзаның дамуының ерте кезеңдерінде есту ағзасының қызметтерімен жүзеге асуымен түсіндіріледі. Кейінірек эволюциялық даму процесі кезінде, тері жабындыларынан есту ағзасы қалыптасады, ол акустикалық дыбыстарға әсер ете бастайды. Адам құлағының акустикалық тербелістерді қабылдау диапазонының жиілігі кең - 16 - 20 000 Гц. 1000-3000 Гц дыбыс жиілігін қабылдауға есту анализатор-лары өте сезімтал.

Ішкі құлақтың есту анализаторларының шеткі бөлімдерінің шудың әсерінен жарақаттануына байланысты, бірқатар зерттеушілердің тексерулері бойынша, ету ағзасындағы өзгерістердің пайда болуымен түсіндіріледі. Осымен ішкі спирал және спиралды ағзадағы (кортиев) зақымдалған клеткалардың алғашқы орналасқан жерлері түсіндіріледі. Кейбір авторлардың айтуы бойынша ұзақ шудың әсері ішкі құлақтағы тұрақты қан айналымның бұзылыстарына әкеледі, ол лабиринттегі сұйықтықтардың өзгерістерінің себептері болып табылады және спиралды ағзаның сезімтел элементтерінің дегенеративті процестерін тудырады.

Есту ағзасының зақымдануының патогенезінде ОНЖ маңызын еске алу керек. Қарқынды түрдегі ұзақ шудың әсерінен ұлудың нервтік аппаратында дамыған патологиялық өзгерістер қыртысты есту орталықтарына шамадан көп күш түсумен негізделген.

Естудің төмендеуі кейбір биохимиялық процестерге негізделген. Жануарлардың спиралды ағзасын гистохимиялық тексерулер кезінде, гликогенннің құрамындағы нуклеин қышқылдарын, сілтілі және қышқылды фосфатазаны, янтарлы дегидрогеназа және холинэстеразалық өзгерістер анықталған.

Адекватты емес өзгерістердің пайда болуы мен шудың әсерлеріне жауаптары есту анализаторларының анатомиялық физиологиялық байламдарындағы нерв жүйесінің әртүрлі бөліктерінде орналасуға байланысты. Есту анализаторларының рецепторлық аппараты арқылы әсер ететін, акустикалық тітіркендіргіштер, тек қана қыртысты бөлімде ғана емес сонымен қатар басқа ағзалардың да қызметтеріндегі рефлекторлы ығысуларды шақырады.

Кәсіби кереңдіктің клиникасы . Шулардың адам ағзасына қолайсыз жағдайларының клиникасындағы маңызды белгілерге естудің кохлеарлы тип бойынша баяу үдемелі төмендеулері жатады. Екі құлақта бір деңгейде зақымданады. Есту ағзасының профессионалды себебін анықтау үшін, науқастың шағымдарын, жұмыс орындарындағы басқа адамдардағы аурудың кездесулерін, сонымен қатар жұмыс істейтін орнының санитарлық гигиеналық жағдайларын анықтаймыз. Естудің профессионалды төмендеулері кезіндегі отоскопиялық картиналардың ерекшеліктері жоқ.

Шудың нәтижесіндегі есту ағзасының зақымданулары алғашында есту қадамының 4000 Гц жиілікке жоғарлауымен сипатталады. Бұл өзгерістер алғашында естуді қабылдауға әсер етпейді, сондықтан жұмысшылар есту қабілеттернің төмендегенін байқамайды. Естудің төмендеулерінің субьективті көріністері дыбысты қабылдау аймақтарының 500, 1000, 2000 Гц жиілікке дейін төмендеулерімен сипатталынады, ол баяу дамып, осы мамандық бойынша жұмыс істеу стажына байланысты ақырындап өседі. Аудиометриялық тексерулер кезінде жоғарғы жиіліктерді қабылдайтын аймақтарда (4000-8000 Гц), сөйлеу диапазонының жиілігі (500, 1000 және 2000 Гц), және естудің одан да төмен жиілікке дейін төмендеуімен (125-250 Гц) сипатталады.

Барлық дыбыс диапазоны бойынша дыбыстың өткізілуінің бұзылулары сүйек және ауа арқылыда бірдей. Шу және шудың вибрациясының әсерін бір уақытта алатын, «шулы» мамандықта жұмыс істейтін адамдардың есту қызметінің жағдайындағы клиникалық аудиологиялық көрнісі бірдей. Жалпы алғанда «шулы» мамандықта жұмыс істейтін жұмысшылардың барлық топтарының 4000, 6000, 8000 Гц жоғары жиіліктегі дыбысты қабылдау аймақтарының біршама төмендегенін байқаймыз. Алғашқы 5 жылыдқта осы аймақ бойынша естудің алғашқы қадамдарын жоғарлату бойынша жұмыстың нәтижесі онша жоғары емес. Олардың жоғарғы көрсеткіштері 10-40 дБ аралығында болады. Кейінірек естудің жоғарлауы 500, 1000, 2000 жиілікте таралады. Осыған қарамастан мамандық бойынша жұмыс стажының өсуіне байланысты естудің төмендеуі дыбысты қабылдайтын 4000, 6000, 8000 Гц жиіліктер деңгейінде қалады. Аз мөлшерде 500, 1000, 2000 Гц жиіліктегі дыбысты қабылдау деңгейіне төмендейді, және 125-250 Гц жиіліктегі дыбысты есту төмендейді.

1 дәрежесі - есту ағзасына шудың әсер ету белгілері. Қарқынды өндірістік жағдайында шумен жұмыс істейтін жұмысшыларда осы түрі қолданылады. Естудің бұл жағдайы сөзді қабылдау аймағында естудің босағасы 10 дейінгі дБ жоғарлауы, 4000Гц - тен 50 дБ(±20) ; сыбырлап сөйлеуді қабылдау 5м дейін (±1) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шудан сақтану жолдары
Шуылды бағалау тәсілдері
Алдын ала кернеуленген жол такталары агрегатты-ағынды әдіс бойынша өндіретін цех
Өндірістік ортаның жағымсыз әсер факторлары және олардың адамдарға әсері.
Шуды төмендетудің құрылыс – акустикалық әдісі туралы
Kәсіпорындағы еңбек қорғауды басқару жүйесі
Өндірістік шу және оны нормалау
Қоршаған ортаның шумен ластану туралы жалпы сипаттама
Кассеталық технология бойынша жылына 20 мың м3 ішкі қабырға панельдерін өндіретін цех
Конструкция бөгеттерімен ауадағы шуды оқшаулау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz