Антисептикалық заттар


Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

1. Антисептика анықтамасы

2. Антисептика тарихы

3. Антисептика түрлері

-Механикалық

-Физикалық

-Химиялық

-Биологиялық

4. Антисептикалық заттар, қолдануы

Антисептика деп - науқастың органдары мен тканьдеріндегі микробтарға қарсы бағытталған, химиялық, механикалық, физикалық және биологиялық әдістер көмегімен жүргізілетін шаралар жүйесі, хирургиялық құралдарды және түрлі жаралардағы микроағзалары құртуға бағытталған кешенді шаралар жиынтығы.

Антисептика ұғымын хирургияға 1760 ж. ағылшын әскери хирургі Pringl енгізді. Бірақ, бұл ұғым еңгізілгенге дейін де залалсыздандырудың тәсілдері бұдан бұрыңғы уақыттарда да қолданылды. Дәрігердің қолдарының және жарамен жанасатын заттардың тазалықтары ежелгі Индия мен Грецияда міндетті түрде талап етілді. Гиппократ жараларды жуу мен таңу кезінде қайнаған сумен, виноға батырылған таза және жақсы сорғыш таңушы заттарды, құралдарды пайдаланды.

Антисептикалық дәуірге дейінгі жүргізілген операциядан кейінгі өлім өте жоғары болды. Сол кездің өзінде жараның іріңдеуінің себептерін - жараға сырттан қандайда бір тірі нәрселердің түсуінен болар, - деген қозқарастар қалыптаса бастады.

Атақты хирург Бильрот жаралардың іріңдеуінің себептері қандайда бір төменгі тектес организмдерден десе, оның отандасы И. Земмельвейс жараның жазылуына хирургтің қолдарының жеткіліксіз түрде тазалануы үлкен қауіп төндіретіндігін сезіп, ұққан. Ол антисептика тәсілдерін құруға ең жақын келгендердің бірі: бірінші болып дәрігерлік тәжірибеде хлорлы суды қолданды, әсіресе аспаптарды, перзентханада босану жолдарын тазалауға жүйелі түрде пайдаланды.

Орыстың ұлы хирургі Н. И. Пирогов жаралардың ластануын ауа арқылы таралатын тірі қоздырғыштардан, - деп санады. Ол жаралыларды іріңдеуден ұқыпты түрде бөлек жағдайда ұстауын талап етіп, алғашқы болып жараланғандарға аурухана ішілік іріктеуді (сортировка) еңгізеді.

ХІХ ғасырдың 60-70 жылдары жаралардың іріңдеу себептерін ғылыми зерттеу негізге алынды. 1857 ж. белгілі француз химигі Луи Пастер спиртті және сірке қышқылдарының бөлініп алыну заңдылықтарын зерттей келе олардың қоздырғыш қасиеттерін тапты. 1860-1861 ж. Пастер тамаша тәжірибе жүргізіп, қоректік орталардың залалдануының себебі қоршаған ортадағы қоздырғыштардың әсерінен екенін дәлелдейді.

1867 ж. Джозеф Листердің тұжырымдамасы бойынша операциядан кейінгі өлімге әкелуші жаралық инфекциялардың хирургиялық бөлімдерде кең етек алуы, жараға тыстан енген қоздырғыштың немесе жұқтырылған бастаманың әсерінен, - деген көзқарасын тірек еткен жұмысы жарық көрген. Листердің еңбегінің маңызы оның жаралардың залалдануы туралы сұрақтарды Пастердің зерттеулерімен байланыстырып, бірінші болып осы құбылысқа ғылыми бағыт беріп, хирургиялы инфекциялармен күресуде теориялық жағынан негізделген іс қимылдарды ойластырды. Кейінірек бұл жаңалықтар хирургия тарихында антисептикалық әдіс, - деген атпен белгілі бола бастады. Сонымен, хирургияның Листердің енгізген әдісіне дейінгі тарихы - антисептикаға дейінгі кезеңге, ал Листердің көзқарастары мен әдістері қанат жайған шақ - антисептикалық кезеңге жатады. Листердің әдісінің негізі неде? Листер күшті химиялық ертіндінің көмегімен (карбол қышқылы) жұқтырушы бастаманы тек жараның өзінде ғана емес сонымен қатар аспаптарда, киімдерде, хирург пен операциялық бике қолдарында және операция алқабында жоюды көздеді. Операция бөлмесіндегі ауа аппарат арқылы 3% карбол қышқылын бірнеше рет бүркіп шашу арқылы тазартылатын болды. Соның арқасында мынадай жағдай қалыптаса бастады: «ешбір нәрсе тазаланбастан бұрын жарамен жанаспауы қажет». Россияның алдыңғы қатарлы дәрігерлері антисептикалық әдістің құндылығын жоғары бағалап, емдеу мекемелерінде кейіннен қолдана бастады.

Қазіргі кезде антисептика деп жарадағы қоздырғыштар санының азаюына, оның жараға еніп, өсу қауіпін төмендетуге бағытталған тәсілдер мен әдіс, іс қимылдар жүйесін айтады. Бұған инфекция қоздырғыштарының тасымалдануын төмендету, оның көбею, өсу қабілетін үзу, залалданған аймақтарды емдеу арқылы қол жеткізуге болады.

Антисептика дегеніміз инфекцияның жұғуына және жұққан инфекцияның одан әрі өршіп-өрбуіне қарсы қолданылатын кешенді шаралар. Антисептика механикалық, физикалық, химиялых және биологиялық болып бөлінеді.

Механикалық антисептикаға жататындары:

- жараны, жараның бетін, теріні іріңді эксудаттан, ұйыған қандардан тазалау. Жұмсақ тіндердің жарақаттануы кезінде, таңу қойғанда жараны тазалау міндетті түрде өткізіледі;

- жараның алғашқы хирургиялық өңдеуі (ЖАХӨ) - жара беттері мен тері тазаланады, жараға өңдеу (ревизия) өткізіледі, жараның жиектері, қабырғалары және түбі кесіліп, гематомалар, бөгде денелер және жарақаттанған тіндердің қабыну ошақтары алынып тасталынады, жараға тігіс немесе дренаж қойылады;

- оперативті шаралар - іріңдіктерді, оның қалталарын тіліп ашу, іріңдіктерге пункция жасау.

Физикалық антисептикаға жататындары:

- жараларға дренаждар қою;

C:\Users\Дана New\Downloads\74ZCAFIB0BLCADG7H2DCANE24M6CAOKVH5UCAYODFX4CAT0AOHMCAOM9LWUCAQDJO1WCAHDYG4OCAVAQ6T6CA3FRNBWCAO7OA7YCAU0I3F0CAOOMLJWCAC5M28JCA4W40S0CASOEQJRCAGK401UCANX8LPK.jpg

- жарадан сұйықтықтардың ағуын жақсарту үшін гипертониялық ерітінділерді (натрий хлоридінің 10% ерітіндісі және магний сульфатының 25% ерітіндісі) қолдану;

- дене қуыстарына түтікті дренаждар қою;

- жараға сорбиттерді пайдалану (полифелан, СМУС -1) . Олар өзіне токсиндер мен микроорганизмдерді сіңіреді;

- ультрадыбысты қолдану, ол жара қабырғаларындағы микроциркуляцияны жақсартады, некротикалық тіндердің бөлінуін тездетеді;

- қуаты аз лазерлі сәулелерді қолдану бактерицидті әсер етіп жара қабырғасындағы қабынуды жояды, іріңдіктен тазартады және науқастың ағзасындағы қорғаныс күштерін күшейтеді.

Химиялық антисептика деп химиялық дәрілік заттың көмегімен ошақтағы немесе науқас ағзасындағы микроорганизмдерді жоюды айтады. Химиялық заттардың көмегімен құрал - саймандар дезинфекцияланады, едендер тазаланып өңделеді. Теріні, қолды өңдеу үшін және жаралар мен кілегей қабаттарды жууға антисептикалық заттар қолданылады. Адам ағзасында, патологиялық ошақтарда бар бактериялардың өсуін тоқтату үшін химиотерапевтік заттар қолданылады.

Химиялық антисептиктердің негізгі топтары:

1. Альдегидтер:

- формалин - күшті дезинфекциялайтын әсері бар формальдегидтің 37% ерітіндісі. Гисталогиялық зерттеулерде препараттарды бекіту үшін қолданады. Құрғақ түрі газбен залалсыздандыру үшін қажет (оптикасы бар құрал-жабдықтарды залалсыздандырады) .

2. Өсімдік тектес антисептиктер:

- хлоофиллипт, эктерицид, календула - беткей жараларды, кілегей қабықтарды сырттан жуу үшін қолданылатын антисептикалық заттар. Қабынуға қарсы әсері бар.

3. Дегттер, смола:

- қайыңды деготь - сыртқа қолданылатын антисептикалық зат. Вишневский мазінің құрамына кіреді;

- ихтиол, нафталин - қабынуға қарсы әсерге ие, мазь түрінде қолданылады.

4. Детергенттер:

- хлоргексидин биглюконат - сыртқа қолдануға арналған антисептикалық зат. 0, 5% спирт ерітіндісі операция алдында қолды және операция аймағын өңдеу үшін пайдаланады. 0, 1 -0, 2% сулы ерітіндісі жараларды жуу үшін қажет;

- церигель - сыртқа қолдануға арналған антисептикалық зат. Қолды өңдеу үшін пайдаланады;

- дегмин - қолды және операция аймағын өңдеу үшін қолданылатын антисептикалық зат.

5. Бояушы антисептиктер:

- бриллиант жасылы - сыртқа қолданатын арнайы антисептикалық зат. 1-2% спирт немесе сулы ерітіндісі жараны, кілегей қабықтарды өңдеу үшін қолданады;

- метиллен көгі - сыртқа қолдануға арналған антисептикалық зат. 1-2 % ерітіндісі жараларды, кілегей қабықтарды өңдеу үшін пайдаланады. 0, 02% сулы ерітіндісі жараларды жуу үшін қажет.

6. Қышқылдар:

- бор қышқылы - сыртқа қолдануға арналған антисептикалық зат. 2-4% ерітіндісі іріңді жараларды жууға және емдеуге керек;

- салицил қышқылы - түйіршік түрінде қолданылатын антисептикалық зат. Ұнтақтардың, мазьдердің құрамына кіреді.

7. Сілтілер:

- мүсәтір спирті - сыртқа қолданатын антисептик.

8. Тотығушы антисептиктер:

- сутегінің асқын тотығы - сыртқа қолдануға арналған антисептик. 3% ерітіндісі іріңді және ластанған жараларды жууға және беткейлі қан кетуді тоқтату үшін пайдаланылады. Первамурдың құрамына кіреді. 6% ерітіндісі дезинфекциялайтын дәрі болып есептеледі;

- калий перманганаты - сыртқа қолдануға арналған антисептик. 2-5% ерітіндісі күйіктер мен ойықтарды емдеу үшін қолданады. 0, 02-0, 1% ерітіндісі жаралар мен кілегей қабықтарды жуу үшін пайдаланады.

9. Спирттер:

- этил спирті - жараны, қолды және операция аймағын өңдеу үшін қолданылады. 70% спирт терінің арасына сіңіп микробтарды өлтіреді, ал 96% спирт ерітіндісі тері бетін күлдіретіп, уақытша микробтардың терінің арасынан, оның бетіне шығуына кедергі жасайды.

10. Галоид топтары:

- йод - 1-5-10% спирт тұнбасы. Сыртқа қолданатын антисептик. Жараларды өңдеу үшін пайдаланады;

- йодипол - 1% ерітінді сыртқа қолдануға арналған антисептик. Жараларды өңдеуге, жараларды жууға, бадамша безін шаю үшін кең қолданады;

- йодинат, йодопирон - сыртқа қолдануға арналған антисептиктер. 1% ерітіндісі жараларды және операция аймағын өңдеу үшін қажет;

- люголь ерітіндісі - кетгутті залалсыздауға, кілегей қабықтың қабынуларын емдеу үшін, сыртқа қолданатын антисептик болып саналады;

- хлорамин Б - дезинфекциялайтын дәрілік зат 1-3% ерітіндісін күтім жасайтын заттарды, бөлмелерді дезинфекция өткізу үшін қолданады.

11. Ауыр металл тұздары:

- күміс нитраты - сыртқа қолдануға арналған антисептик. 0, 1-2% ерітіндісін конъюктиваны, кілегей қабықтарды жуу үшін пайдаланады. 5-20% ерітіндісі күйдіретін қасиетке ие;

- проторгол, колларгол - сыртқа қолдануға арналған антисептиктер. Кілегей қабықтарға жағу үшін, қуықты жууға кең қолданылады;

- цинк оксиді - сыртқа қолданатын антисептик. Көптеген ұнтақтар мен пасталардың құрамына кіреді, қабынуға қарсы әсерге ие.

12. Нитрофуран туындылары:

- фурациллин - сыртқа қолдануға арналған антисептик. 1:5000 ерітіндісін жараларды, қуыстарды жуу үшін пайдаланады;

- фуродонин, фурозолидон - ішке қолдануға арналған антисептик. Ішек және зәр шығару жолдарының инфекциясын емдеу үшін қолданылады.

13. Хиноксалин туындылары:

- диоксидин - 0, 1-1% сулы ерітіндісі іріңді жараларды, кілегей қабықтарды, қуыстарды жуу үшін қолданылатын антисептик. Сепсис кезінде көк тамырға тамшылатып енгізеді.

14. Сульфаниламидтер:

- стрептоцид - қысқа мерзімді әсері бар;

- сульфазин - орта мерзімді әсері бар;

- сульфадемитоксин - ұзақ әсерлі;

- сульфален - өте ұзақ әсерлі;

- бисептол (бактрим) - қосарланған әсері бар, антисептик. Бұл химиотерапевтік заттар бактериостатикалық әсерге ие. Ағзадағы әр түрлі инфекция ошақтарын жою үшін қолданады.

C:\Users\Дана New\Downloads\MR6CA176US8CAE1YZVQCAT9X9HXCA2OCG5VCA7G4TC2CAQPCTJRCAVP5T8HCA5XLSOMCAH2ND3PCAXI73MLCAEHWEXLCA5CK9L1CARDM88WCAAYV51SCA2CP079CA140SJ5CA3DH7DBCA2VMKIXCA0T7PHY.jpg C:\Users\Дана New\Downloads\i.jpg

Биологиялық антисептикаға жататындары:

1) Микроорганизмдерге тікелей әсер ететін дәрілік заттар:

- антибиотиктер - микроорганизмдердің өсуі мен дамуын тежейді. Хирургиялық инфекцияны емдеуге және алдын-алу мақсатында қолданылады. Антибиотиктерді пайдалану тек дәрігердің тағайындауы бойынша өткізіледі. Қан плазмасында препараттың тұрақты бактерицидті концентрациясын сақтап тұру үшін жеткілікті дозада беріледі және микрофлораның сезімталдығы мен науқастың аллергологиялық анамнезі ескеріледі;

- протеолитикалық ферменттер - трипсин, химиотрипсин, химопсин (жануар тектен шыққан препараттар) . Оларды ірі қара малдың ұйқы безінен алады. Террилитин - иістенген саңырау құлақтың өмірлік өнімі. Ол микроорганизмдерді жоймайды, тек некротикалық тінді фибринді ыдыратып, іріңді экссудатты ерітіп, қабынуға қарсы әсер етеді. Іріңді жаралар мен ойықтарды емдеуге қолданылады;

- арнайы пассивті иммунизация жасайтын препараттар - сіреспеге қарсы сары су, сіреспенің алдын-алу және емдеу үшін қолданатын α - глобулин.

- газды гангренаның алдын-алу және емдеу үшін қолданылатын гангренаға қарсы сары су іріңді жаралар мен қуыстарды жуу және емдеу мақсатында қолданылатын антистафилококты және антистрептококты бактериофрагтар, антистафилококты гипериммунды плазма, стафилококты анатоксинмен иммунизацияланған донорлардың тартылған плазмасы. Стафилококпен шақырылған әр түрлі хирургиялық инфекциялар кезінде қолданылады.

2) Микроорганизмдерге жанама әсер ететін дәрілік заттар мен әдістері.

- бейспецификалық резистенттілікті қуаттандыратын әдістер. Иммунды жүйенің қызметін кварцтау мен витаминдермен емдеу жақсартады. Қанды ультракүлгін және лазерлі сәулелендіру нәтижесінде фагоцитоздың белсенділігі артады. Оттегінің тасымалдануы мен қанның реологиялық қасиеттері оң өзгереді. Қан және оның препараттарын құю (плазма, лимфоцитарлы масса) иммунды жүйені реттеуге көмектеседі;

- бейспецификалық иммунитетті қуаттандыратын заттар. Оларға айыршық безінің препараттары: тимолин, Т-активин жатады. Бұлар Т және В лимфациттердің ара-қатынасын реттеп, фагоцитозды қуаттандырады. Продигнозон мен левамизон лимфациттердің қызметін күшейтеді. Интерферондар мен интерлейкиндер иммунды жүйеге күшті әсер етеді;

- спецификалық (арнайы) иммунитетті қуаттандыратын препараттар. Стафилококқа және сіреспеге қарсы анатоксин. Оларды науқастарға белсенді арнайы иммунитетті қуаттандыру үшін қолданады.

https://im1-tub-kz.yandex.net/i?id=be157a09ccf7aabf7a278769dd9f4b85&n=33&h=190&w=413 https://im1-tub-kz.yandex.net/i?id=be157a09ccf7aabf7a278769dd9f4b85&n=33&h=190&w=413 https://im1-tub-kz.yandex.net/i?id=be157a09ccf7aabf7a278769dd9f4b85&n=33&h=190&w=413 C:\Users\Дана New\Downloads\URUCAR1YLTOCARBOBQ7CANKU933CAWX93PUCAULYXUFCA29JM0WCAJ4WNQYCA5DLQAICAQA9GVQCAR5W63KCA9MBOGLCAZJ7RYJCAB33FM2CAKXQESCCAMBI028CAHV3W0FCA17NQOBCAJWO7GQCAZI3J2Y.jpg

Биологиялық антисептиканы биологиялық шығу тегі бар бактериологиялық және бактерицидті препараттың көмегімен іске асыралы. Бұларға микроорганизмдердің әсер етуімен пайда болатын немесе синтетикалық әдіспен ендіріп алатын антибиотик деп аталатын заттар жатады. Сол сияқты организмнің қорғау қабілетін арттыратын вакциналар, сарысулар (сывороткалар) гаммаглобулиндер деп аталатын дәрі-дәрмектер де жатады.

Антибиотиктерді ерітінді май немесе эмульсия түрінде жараларды жуу, таңу үшін, ішіп немесе теріасты көктамырға құю арқылы да пайдалануға болады.

Начало формы

технология

Конец формы

Пользовательский поиск

Антисептикалық заттардың тигізетін әсері. Қоздырғыштардың өмір сүруі үшін қоршаған ортаның температуралық, иондық тепе-теңдігі қалыпты жағдайда болуы шарт. Антисептиктердің қоздырғыштарға көрсетер механикалық әсерінің негізі: тотығу үрдістерін тежеу, белоктарды ұйытуы, қоздырғыш торшаларын жоюы (бактериоцидное), т. б. қалыптасады немесе олардың өсуі мен көбейуі тежеледі (бактериостатическое) . Антисептикалық заттар мынадай талаптарды қанағаттандыруы қажет:

1. Қоздырғышқа қарсы күшті әсер танытумен қатар денеге зиянсыз болуы қажет.

2. Сұйықтарда, іріңде, қанда - өзінің антисептикалық әсерін сақтауы қажет.

3. Ерітінді түрінде сақтау кезінде төзімділік көрсетуі қажет.

Хирургиялық тәжрибеде жиі қолданылатын антисептикалық заттар:

1. Галогендер тобы - йод, хлор өнімдері.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Антисептиалық және дезинфекциялаушы заттар
Антисептикалық және дезинфекциялаушы заттар
Асептика және антисептика. Хирургиялық инфекция
Дезинфекция және оның әдістері
Антисептикалық препараттар
Микробтарға қарсы дәрілер
Өсімдіктердің эфир майлары
Профилактикалық антисептика
Жабық жараны емдеу әдісі
Асептика, антисептика, зарарсыздандыру және залалсыздандырудың микробиологиялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz