Паразиттік жұқпалар кезіндегі жүргізілетін шаралардың стандарттары мен алгоритмдері



І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім

1. Жалпы ережелер
2. Паразиттік аурулардың алдын алуды мемлекеттік санитариялық.эпидемиологиялық қадағалау
3. Паразиттік аурулардың алдын алуды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар
4. Безгектің алдын алу
5. Трихинеллездің, тениаринхоздың және тениоздың алдын алу
6. Описторхоздың, дифиллоботриоздың алдын алу және қойылатын талаптар

ІІІ. Қорытынды.

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер
Паразиттер – басқа ағза ішінде не сыртында өмір сүретін және онымен қоректенетін ағзалар. Бұл топқа микробтардың 0,1% кіреді. Бұл микроағзалар эволюция нәтижесінде паразитті түрде өмір сүруге дағдыланған.Олар ағзадан көмірқышқыл мен аммиакты сіңіріп, күрделі көміртегі мен аминқышқылдарын синтездейді. Паразиттерге құрттар яғни гельминттер, вирустар, қарапайымдардың (саңырауқұлақтар) кейбір түрлері жатады.
Осы Санитариялық қағидалардың орындалуын мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары өз құзыреті шегінде жүзеге асырады
Осы "Паразиттік аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әзірленді және санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруды және жүргізуді айқындайды, оларды cақтамау адамның өміріне немесе денсаулығына, сондай-ақ паразиттік аурулардың пайда болу және таралу қаупін туғызады.
1. Әміреев С.Ә, Темірбеков Ж.Т. Эпидемиология – Алматы: Ғылым, 2000.
2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын шаралар алгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009
3. Жұқпалы ауруларды иммундық алдын алу. Оқу-әдістемелік құрал. Әміреев
4. С.Ә., Нажмеденова А.Ғ., Даниярова А.Б., Ғабасова М.Қ., Алматы. 2008ж.
5. Интернет желісі

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Студенттің өзіндік жұмысы
Мамандығы: Жалпы медицина
Дисциплина: Эпидемиология
Кафедрасы: Эпидемиология
Тақырыбы: Паразиттік жұқпалар кезіндегі жүргізілетін шаралардың стандарттары мен алгоритмдері

Орындаған: Оспанова А. Т.
Тобы: 310 Б
Тексерген: Нұрмағанбетова Г.Ж.

Ақтөбе 2017 жыл
Жоспары:

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім

1. Жалпы ережелер
2. Паразиттік аурулардың алдын алуды мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау
3. Паразиттік аурулардың алдын алуды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар
4. Безгектің алдын алу
5. Трихинеллездің, тениаринхоздың және тениоздың алдын алу
6. Описторхоздың, дифиллоботриоздың алдын алу және қойылатын талаптар

ІІІ. Қорытынды.

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе.
Паразиттер - басқа ағза ішінде не сыртында өмір сүретін және онымен қоректенетін ағзалар. Бұл топқа микробтардың 0,1% кіреді. Бұл микроағзалар эволюция нәтижесінде паразитті түрде өмір сүруге дағдыланған.Олар ағзадан көмірқышқыл мен аммиакты сіңіріп, күрделі көміртегі мен аминқышқылдарын синтездейді. Паразиттерге құрттар яғни гельминттер, вирустар, қарапайымдардың (саңырауқұлақтар) кейбір түрлері жатады.
Осы Санитариялық қағидалардың орындалуын мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары өз құзыреті шегінде жүзеге асырады

Жалпы ережелер
Осы "Паразиттік аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әзірленді және санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруды және жүргізуді айқындайды, оларды cақтамау адамның өміріне немесе денсаулығына, сондай-ақ паразиттік аурулардың пайда болу және таралу қаупін туғызады.
Осы Санитариялық қағидалардың орындалуын мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
2. Паразиттік аурулардың алдын алу жөніндегі іс-шаралардың
жүргізілуін мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау Қазақстан Республикасында паразиттік аурулардың алдын алу жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуін мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары (бұдан әрі - мемсанэпидқызмет органдары) жүзеге асырады.
Медсанэпидқызмет органдарының мамандары паразиттік аурулардың алдын алу бойынша мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау барысында мыналарды:
1) халықтың паразиттік сырқаттанушылығын жедел және ретроспективті эпидемиологиялық талдауды;
2) аумақты эпидемиялық қолайсыздық дәрежесі бойынша аудандастыруды, паразиттік аурулардың ошақтарының типін айқындауды;
3) паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жұқтыру қаупі бар тәуекел контингенттерін анықтауды;
4) паразиттік аурулардың факторларын және берілу жолдарын анықтауды;
5) профилактикалық іс-шаралар кешенін айқындауды, оларды іске асыру мерзімін жоспарлауды, тиімділігін бағалауды;
6) паразиттік сырқаттанушылық бойынша эпидемиялық жағдайды болжауды;
7) паразиттік аурулар қоздырғыштарының санына мониторинг жүргізуді, түр құрамын және фенологиясын зерттеуді, қансорғыш жәндіктермен және кенелермен күресуді;
8) халықты гигиеналық оқытуды жүргізеді. 3. Паразиттік аурулардың алдын алу бойынша іс-шараларды
ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар Медсанэпидқызмет органдары паразиттік аурулардың алдын алу бойынша іс-шаралар кешенін жүргізеді, ол мыналарды қамтиды:
1) науқастарды анықтау және есепке алу;
2) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектілерінде паразиттік аурулар қоздырғыштарына санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу;
3) Қазақстан Республикасының аумағына паразиттік аурулардың сырттан әкелінуінің алдын алу;
4) халықты гигиеналық оқыту.
Науқастарды және паразит тасымалдаушыларды анықтау:
1) тұрғындардың медициналық ұйымдарға жүгінуі, медициналық көмекті үйде көрсету, байланыста болғандарды ошақта медициналық бақылау; мерзімдік медициналық тексеру жүргізу; меншіктің кез келген нысанындағы клиникалық-диагностикалық зертханаларда тексеру кезінде жүзеге асырылады;
2) ведомстволық тиесілілігіне және меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлері жүргізеді;
3) паразиттік аурулардың (тасымалдаушылық) әр жағдайы анықталған жері бойынша ведомстволық тиесілілігіне және меншік нысанына қарамастан медициналық, білім беру, сауықтыру және басқа да ұйымдарда тіркелуге және есепке алуға жатады.
9. Контагиозды гельминтоздарға және ішек протозойлы ауруларға жоспарлы профилактикалық тексеру Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Міндетті медициналық тексеріп-қараулар жүргізу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
10. Паразиттік ауруларға зерттеу үшін материал жинауды медицина қызметкерлері жүргізеді.
11. Декреттелген контингенттің ішінен анықталған паразиттік науқастарды жұмыстан шеттету емдеу кезеңінде, контагиозды гельминтоз, қышыма, дерматомикоздарда - емдеу кезеңінде және емдеуден кейін зертханалық тексерулер кезінде жүргізіледі немесе инвазияланған қызметкерлер эпидемиологиялық қауіп төндірмейтін жұмысқа ауыстырылады
12. Паразиттік ауруларды зертханалық диагностикалау медициналық ұйымдардың клиникалық-диагностикалық зертханалары және санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары (бұдан әрі - санэпидқызмет ұйымдары) жүргізеді.
13. Клиникалық диагностикалау ауру анамнезі, эпидемиологиялық анамнезі, шағым, белгілер, аурудың жойылған, қалыптан тыс нысандары ескеріліп тексеру деректері негізінде жүргізіледі.
14. Эпидемиологиялық анамнез жинау кезінде науқаспен немесе тасымалдаушымен байланыстың болуы, қайнатылмаған суды, күдікті тамақ өнімдерін пайдалануы, ауру жануармен байланыста болуы немесе жануарлардан алынған шикізатты пайдалануы (орны және уақыты көрсетіле отырып) анықталады.
15. Сирек кездесетін гельминтоздар мен ішек протозойлық аурулардың диагнозын растау үшін медициналық ұйым зерттелетін материалды және зерттеу нәтижелерін аумақтық санэпидқызмет ұйымына жібереді.
16. Медициналық ұйымдар науқастарды және паразит тасымалдаушыларды анықтау нәтижелері бойынша мәліметтерді мемсанэпидқызмет органдарына жібереді.
17. Паразиттік ауру ошағында инвазия көзін, факторларын және берілу жолдарын анықтау үшін зертханалық әдістерді қолдану арқылы эпидемиологиялық зерттеу жүргізіледі.
18. Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша (ошақтарда) халықты гельминтоздарға тексеруді санэпидқызмет ұйымдарының мамандары жүргізеді.
19. Ошақта жүргізілген эпидемиологиялық тексеруден кейін Паразиттік ауру ошағын эпидемиологиялық тексеру картасы толтырылады.
20. Барлық анықталған науқастар мен паразиттік ауру қоздырғыштарын тасымалдаушылар медициналық ұйымдарда емделуі және диспансерлік бақылаудан өтуі қажет.
21. Гельминтоздарға және ішек протозооздарына зертханалық тексерілуге мыналар жатады:
1) білім беру ұйымдарына баратын балалар - қабылдау алдында және басқа топқа ауысу кезінде, кейіннен жылына бір рет тексеріледі;
2) білім беру ұйымдарының персоналы;
3) білім беру ұйымдарының 1-4-сыныптарының оқушылары - жыл сайын жазғы демалыстардан кейін, сыныптардың құрылуы кезінде тексеріледі;
4) диспансерлеу және медициналық тексеру кезінде халықтың декреттелген топтары;
5) білім беру ұйымдарына, сәбилер үйлеріне, балалар үйлеріне, санаторий-курорттық емделуге, сауықтыру лагеріне бару алдында балалар және жасөспірімдер;
6) емделуге келіп түсу кезінде балалар ауруханаларының стационарлық науқас балалары;
7) ересек адамдар емханаларындағы және ауруханалардағы амбулаториялық және стационарлық науқастар клиникалық айғақтар болғанда;
8) стационарлық емделіп жатқан балаларға күтім жасайтын адамдар;
9) патогенді ішек қарапайымдыларына этиологиясы анықталмаған жіті ішек инфекцияларымен ауыратын науқастар;
10) науқаспен (паразит тасымалдаушымен) байланыста болған адамдар;
11) судағы спорт түрі бойынша спорттық топтарына баратын адамдар спорттық секцияларға баруы кезінде және одан әрі жылына бір рет.
22. Жұқпалы-тері (қышыма, дерматомикоздар) ауруларына тексерілуге мыналар жатады:
1) балалар үйлеріндегі және сәбилер үйлеріндегі балалар, мектеп-интернаттардың оқушылары - апта сайын;
2) білім беру ұйымдарына жаңадан келетін және әртүрлі себептермен ұзақ уақыттан кейін (бір аптадан аса) оларға қайта келетін балалар;
3) сауықтыру ұйымдарына баратын балалар;
4) білім беру ұйымдарының оқушылары - тоқсан сайын;
5) диспансерлеу және профилактикалық тексеру кезінде декреттелген контингенттің адамдары;
6) стационарлық науқастар;
7) судағы спорт түрі бойынша спорттық топтарына баратын адамдар спорттық секцияларға баруы кезінде және одан әрі жылына бір рет.
23. Амбулаториялық және стационарлық емделуге келіп түсетін пациенттерді жұқпалы-тері ауруларына тексеру нәтижелерін пациенттің амбулаториялық карталарында тіркейді. Ұзақ уақыт бойы стационарлық емделу жағдайында пациенттерді тексеруді медицина персоналы 10 күнде 1 реттен сиретпей жүргізеді.
24. Халықтың декреттелген тобынан паразиттік аурулармен ауыратын науқастар емдеуден өту кезеңінде және емделуден кейінгі қорытынды тексерудің нәтижелері теріс болғанда жұмыстан шеттетіледі немесе басқа жұмысқа ауыстырылады.

4. Безгектің алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар Безгек - безгек масаларының шағуы арқылы табиғи жағдайларда берілетін Plasmodium тектес қарапайым қан-паразиттерінен болатын инфекциялық аурулардың тобы. Клиникалық-эпидемиологиялық айғақтар бойынша безгекке тексерілуге мыналар жатады:
1) безгек бойынша эндемиялық аумақтардан келген немесе эндемиялық аумақтарда соңғы үш жыл ішінде барып келген адамдар есепке тұрғызғанда және клиникалық айғақтар бойынша мына белгілердің кез-келгені пайда болған кезде: дене қызуының көтерілуі, қалшылдау, әлсіздік, бастың ауыруы, бүйрек, көкбауырдың үлкеюі, ақ қабық пен тері жабындысының сарғаюы, ұшық, қан аздық;
2) безгек бойынша эпидемиялық маусымда үш күн ішінде және жылдың басқа уақытында бес күн ішінде қызба пайда болған науқастар;
3) қойылған диагнозға сәйкес жасалған емге қарамастан, дене қызуының мезгіл-мезгіл жоғарылуы жалғасқан науқастар;
4) қан құйғаннан кейін соңғы 3 айда дене қызуы жоғарылаған реципиенттер;
5) безгек ошағында тұратын дене қызуының кез ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пәннің саясаты
Эпидемиологиялық зерттеу әдісі
Жұқпалы аурулардың ошағын эпидемиологиялық тексеру әдістемесі
Тұмау және құс тұмауы, шошқа тұмауы кезіндегі жүргізілетін шаралардың стандарттары мен алгоритмдері
ӘСКЕРИ ЭПИДЕМИОЛОГИЯ
Қазақстан Республикасының бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі
Иммунды алдын алудың құқықтық негіздері
Қызылша бөртпелері
Зоогигиена. Ауа ортасының гигиенасы
Тұрғындардың физикалық дамуымен байланысты медициналық-әлеуметтік мәселелер
Пәндер