Педиатрия даму тарихы


Студенттің өзіндік жұмысы
Мамандығы: Жалпы медицина
Дисциплина: Балалар пропедевтикасы
Кафедрасы: Балалар пропедевтикасы
Курс : 3
Тақырыбы:Педиатрия даму тарихы. Отандық педиатрияның қалыптасуы және даму кезеңдері.
Орындаған: Якина Г,
Группа: 307 А
Қабылдаған: Жилкибаева Б,
Ақтөбе қаласы, 2017 ж.
ЖОСПАРЫ:
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Отандық пелиатрияның даму тарихы
- Тәжірибелі педиаторлардың баламен жұмыс істеу тәртібі
- Мамандықтың әлеуметтік маңздылығы
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Педиатрия (грек. paіdos - бала және іatreіa - емдеу) - медицина ғылымының балалар ауруларын зерттейтін саласы. Бала организмінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін, балыҚорыттерін анықтау, емдеу, олардан сақтану, сондай-ақ, нәрестені туғанға дейін және туғаннан кейін дұрыс күту, тамақтандыру әдістерін қарастырады.
19 ғасырдың 2-жартысынан педиатрия өз алдына ғылым саласы ретінде дами бастады. Онбе8дамуына үлкен үлес қосқан ағылшын дәрігерлері У. Кадоган, Г. Армстронг, т. б. болды.
19 ғасырдың аяғында Парижде Педиатрия мектебі ашылды, ол бүкіл Еуропаға педиатрлар дайындайтын орталыққа айналды. Ресейде 1866 жылы орыс педиатры А. Н. Тольский (1832 - 1891) алғаш Педиатрия клиникасының негізін салды. Қазақстанда Педиатриялық зерттеулерді A. И. Авенирова бастады.
1933 жылы оның басшылығымен Қазақ медицина институтында (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) Педиатрия кафедрасы ашылып, мұнда туберкулез, безгек, күл, полиомиелит, т. б. аса қауіпті бала ауруларына қарсы шаралар іздестірілді. Қазір зерттеу жұмыстарымен Педиатрия және бала хирургиясы ғылыми орталығы, сондай-ақ, республикадағы медициналық академиялар мен Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтының Педиатрия кафедралары шұғылданады.
Негізгі бөлім
Қазір Қазақстанда 6 жоғары медициналық оқу орындарында Педиатрия факультеті бар.
Педиатр-дәрігерлердің саны - 6 мыңнан астам (2005) . Республикада травматология және ортопедия саласында, туа біткен аномалия, асқазан-ішек жолдарының бұзылуы, өкпе хирургиясы, реанимация және белсенді терапиямен емдеу әдістері жетілдірілді (К. Ормантаев, К. Қожақанов, т. б. ), операциядан кейінгі ішек резекциясынан сақтану жолдары табылды (З. Аханзарипов), балалардың туа біткен обструктивті уропатиясын хирурггиялық жолмен емдеу ретроспективті тұрғыдан зерттеліп, бұрыннан қолданылып жүрген хирургиялық коррекция тәсілдері жетілдірілді (І. Мәжібаев, Б. Майлыбаев) . Ревматизм мен жүре біткен жүрек ақауының (Б. Хабижанов, т. б. ) және эндокриндік сырқаттарды (Р. Базарбаева) анықтау, емдеу әдістері табылып, күнделікті дәрігерлік жұмыста қолданылатын болды. Жас нәрестелерге арналған сүт тағамдарының (“Балдырған”, “Балбөбек”, т. б. ) тұңғыш рет кешенді клиникалық-гигиеналық негіздемесі зерттелді (Ә. Машкеев, т. б. ) .
Қазір Педиатрия саласы бойынша республикада ғылыми орталықтар құрылуда. Онкогематология орталықта тұңғыш рет балалардағы жедел лейкоз, апластик анемия және қатерлі ісікқан ауруларын емдеудің жаңаша бағдарламасы енгізілді (К. Омарова, т. б. ), неонатология орталық қалыптасты (Т. Чубаков
Осыдан 5-6 жыл бұрын еліміздегі медициналық жоғары оқу орындарындағы Педиатрия факультеттерін жауып тастады. Оның дұрыс еместігін тәжірибелі дәрігерлер уақытында айтуындай айтты. Бірақ сол кезде дамыған елдердің медицинасына еліктеу болды ма, әйтеуір білікті мамандардың, тіпті Камал Ормантаев секілді ғалым дәрігерлердің де пікірі ескерілмеді. Экономикасы серпінмен дамыған озық елдердің медицинасы да алға кеткені белгілі. Олардың деңгейі мен біздің жағдайымызды тең қоюға әлі ерте екендігі қаперге алынбады. Қазір жалпы медицинаны бітіргеннен кейін жас маман екі жыл интернатурасында жүреді, одан кейін тағы екі жыл балалар дәрігері болуға резидентурада оқиды. Медицина академиялары мен университеттерінде жастарды тоғыз жыл оқытса да педиатр мамандығы сан жағынан да, сапасынан да талапқа сай дайындалмағанын уақыт көрсетті. Көрші Ресей мемлекетінде де осындай мәселе көтерілгенде дәрігерлер, мамандар педиатрия факультетінің керектігін дәлелдеп, оны жапқызбай қорғап қалды. Қай мамандыққа да, оның ішінде дәрігер мамандығына адамның жүрек қалауы болмаса, қиын. Алғашқы қанды көргеннен толқып, адам анатомиясын оқи бастағандағы қиындықтарға шыдамай, кейбір жастар оқуды тастап кетеді. Ал медицинаның өзге саласынан педиатрияның басты ерекшелігі - балалармен жұмыс істеудің қиындығында дер едім. Балалар дәрігері болғысы келетіндердің осы мамандыққа ынта-ықыласы болуы тиіс. Баланы жақсы көру керек, бала дегенде жаны ұшып тұруы тиіс. Солай бүкіл жан-жүрегін салғанда ғана ол жақсы маман болып қалыптасады. Бұл мамандықтың осындай психологиялық та жағын ескермей болмайды. Баламен жұмыс істеудің қиын екенін айттым, тағы да қайталағым келеді. Медицинаның қай саласында да ең алдымен ауруға дұрыс диагноз қойғанда ғана емнің нәтижесі болады. Педиатрияның қиындығы да осында. Мысалы, ересек адам өзінің қалай ауыратынын айтады. Оны түрлі аппарат арқылы тексермей тұрып-ақ, науқас берген ақпараттардан қойылатын диагноздың кем дегенде 50 пайызын шамалауға болады. Ал бала айта алмайды ғой? Кез келген ана да баланың ауруын жеткілікті сипаттап бере алмауы мүмкін. Жақында біздің ауруханаға үш жасар бала ауыр халде түсті. Ол тамақ ішіп болған соң жата алмайды, жүре де алмайды, төрт аяқтап тұрып қалатын болған. Үш жасар бала не айтады? Осыны ойласа келе дәрігерлер баланың іш құрылысын тексеруді ұйғардық. Баланың ұйқы безіне жылауық шыққан, көлемі тым үлкен. Тамақ ішкенде ол асқазанмен сығылысады, ал бала төрт аяқтап төмен қарап тұрғанда тамақ алға лықсып, шамалы жеңілденгендей болады. Операция жасап, әлгі паразитті сылып алып тастадық. Міне, бұл педиатр болмағандықтан уақыт ұзай берген, бала қиналған, диагноз тек облыстық балалар ауруханасында ғана қойылды. Ал медициналық жоғары оқу орындарында бұрынғы дәстүрмен педиатрия факультеті болса, болашақ дәрігер 6 жыл бойы тек бала ағзасына, ауруына қатысты дәріс алар еді. Оның үстіне студенттер 2-3 курстан бастап балалар ауруханаларында тәжірибеден өтеді. Нашарлау оқитын студенттің өзі жүрегі болса баланың қиналғанын, оның емделіп қатарға қайта қосылғанын, күлгенін көргенде сәбиді жақсы көріп кетеді, сол арқылы мамандығын да сүйетін болады. Болашақ педиатр маман баланың қай аурумен қалай ауыратынын бүге-шігесіне дейін білгенде ғана ажалмен күресіп, өмірге араша бола алады. Қазір жергілікті жерлерде жалпы тәжірибедегі дәрігер болса, бәрі түгел деген түсінік бар. Мен «жалпы медицинаны оқыту» дегенге күмәнмен қарайтынымды жасырмаймын. Бір адамның шақшадай басы бес жылда бүкіл медицинаны меңгеріп алады дегенді қалай түсінуге болады? «Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді» деп қазақ бекер айтты ма? Менің ойымша әр нәрсенің басын шалмай, бір салаға маманданған дұрыс. Қазір жасыратыны жоқ, жоғары оқу орнының түлектері медицинаның ересектерді емдейтін өзге салалары тұрғанда, педиатрияны қалай бермейді. Оның басты себебі, бұл мамандықтың өз алдына отау тікпегенінде, яғни жеткілікті, тереңдеп оқытылмағанында болып отыр. Сондықтан аудан, моноқалалар түгіл қазір облыс орталықтарындағы ауруханаларда, емханаларда педиатр жетіспейді. Біздің облыстық балалар ауруханасы да солардың қатарында. Тәжірибелі педиатрлар өмірдің заңымен жасы келген соң, зейнеткерлік демалысқа кетіп жатыр. Емханаларда ұзыннан ұзақ кезек. Мен жыл сайын Қарағанды медицина академиясындағы түлектер жәрмеңкесіне барып тұрамын. Жастармен сөйлескенде олар да осы мәселені айтады, педиатрияға баруға тайсақтай береді. Факультет қайта ашылмағанда біз бұл мамандықты жоғалтып тынар едік. Одан балалар зардап шегер еді. Педиатрияның қажеттігіне тағы бір себепті айтайын. Қазір балалар ауруы жиі асқынады, бұрын ересектер ғана ауыратын ауру түрлері балаларда да кездесіп жүр. Тіпті, жиілеп барады. Мысалы, өтінде, өт жолында тас бар 3-4 жастағы сәбилерге операция жасадық. Бала сары ауру секілді сарғайып кетеді. Мұны кәнігі, тәжірибесі мол дәрігерлеріміз бұрын кездестірдік деп айтпайды. Тағы басқа да аурулардың тым жасарып, балаға ауыз салғаны ойлантады. Педиатрия мұны зерттемесе, педиатр мамандар мұны асқындырмай анықтамаса, балалардың өлімі азаймайды. Бір жасқа дейінгі сәбилерді аман алып қала алмай жатамыз. Біздің облыс бойынша балалар өлімі республикалық көрсеткіштен төмен. Дегенмен, ол көңілді демемейді. Айналдырған 5-6 жылдық үзілісте жергілікті жерлерге педиатр мамандардың жетіспейтіндігі, одан балалар денсаулығын сақтау, оны емдеу ісінің ақсағаны белгілі болды. Қазір негізгі салмақ облыстық, Қостанай қалалық балалар ауруханаларына және Рудный қаласындағы перинаталдық орталықтарға түседі. Аудандардағы, кішігірім қалалардағы ауруханалар мен емханалар баяғыдай кәнігі педиатр мамандармен қамтамасыз етілуі тиіс. Қазақта «атамдатсаң атамдат, ботамдатпа» деген сөз бар. Баланың өлімі ата-ана, бауырлары үшін ең ауыр қайғы. Ауру, мүгедек бала өсіру ата-анаға қалай қасірет болса, оны мемлекет дәрежесінде ойлау тым ауыр. Өйткені, мемлекеттің де, ұлттың да болашағы - балалар. Педиатрия сол үшін керек.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz