ДМ-да жалпы практикалық дәрігер болашағы


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан

Мемлекеттік Медицина Университеті

Студенттің өзіндік жұмысы

Мамандығы: Жалпы медицина

Дисциплина: Дәлелді медицина негіздері

Курс: 3

Тақырыбы: ДМ-да жалпы практикалық дәрігер болашағы.

Орындаған: Темирбулатов Р.

Группа: 305 «А»

Тексерген: Кенжина Н. К.

Ақтөбе, 2017

Жоспары:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім:

а) Дәлелді медицинаны жалпы практикалық дәрігердің қолдауы

б) Дәлелді медицина қағидалары бойынша оқыту

в) Дәлелді медицинада және медициналық көмектің сапасын

жоғарылату

ІІІ. Қорытынды

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы №1113 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясындағы денсаулық сақтауды реформалау бойынша іс-шаралар өткізу клиникалық нұсқаулықтар мен клиникалық хаттамаларды әзірлеу тәртібін белгілеп отыр. Соңғы 20 жылдағы «медициналық қызмет көрсету сапасы ұғымы» едәуір өзгеріске ұшырады. Медициналық көмектің жақсаруы дегенге жалпы көзқарас осы қызметті көрсететін ұжым деңгейінен адамдар командасы деңгейіне дейін, жалпылық деңгейінен жалқылық деңгейіне дейінгі қарқынды даму бағытына айналды. Алғаш рет клиникалық нұсқаулық туралы 2000 жылдың қараша айында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Сараптамалық кеңесінің мәжілісінде сөз болды. Сол мәжілісте сарапшылар Қазақстанда да алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибелеріне негізделген клиникалық нұсқаулықтарды да әзірлеу қажеттілігі туралы сөз қозғады. Дәлелді медицина қағидалары тұрғысында сырқаттарды диагностикалау, емдеу және сауықтыру бойынша ұзақ мерзімді клиникалық нұсқаулықтарды қалыптастыруда ішкі ауруларды, балалар ауруларын, акушериялық және гинекологиялық аурулар, хирургиялық ауруларды қамтыған назологиялар таңдалды. Дәлелді медицина - әрбір науқасты тексеру мен емдеуде қазіргі заманғы жетістіктерді қолдана отырып, халықаралық және отандық стандарттар талаптарын мүлтіксіз орындау. Сондай-ақ қазіргі кезде жан-жақты ақпараттандыру мен компьютерлік технология дамуының негізінде интеграциялар жүруде. Осы орайда, Қазақстан Республикасындағы медициналық қызмет сапасын арттыруда медициналық тәжірибеге дәлелді медицинаны енгізу басым бағыттардың бірі болып табылады. Бұл бағытта дәрігерлерді, ғылыми қызметкерлері, жоо оқытушыларын, клиникалық ординаторлар мен студенттерді дәлелді медицина қағидалары бойынша оқыту жүйелі түрде жүргізілуде. Жалпы алғанда денсаулық сақтау сапасындағы қордаланған мәселелерді түрлі елдердің медициналық көмек сапасын басқару жүйесінде қалыптасқан тәжірибені қолданып шешу халықаралық кеңесшілердің күшімен зерделенуде. Клиникалық нұсқаулық - тәжірбиелі дәрігерге белгілі клиникалық жағдайларға медициналық көмек көрсету кезінде шешім қабылдауға жәрдемдесетін жүйелі түрде әзірленіп отыратын ереже. Нұсқаулық та хаттама секілді алгоритмдерге негізделеді, бірақ араласулардың әрбір кезеңін толық баяндамайды. Нұсқаулықты әзірлеуге барынша көп уақыт жұмсалғанымен, ол іргелі зерттеу болып табылады. Әзірленетін нұсқаулықтардың басты талабы - дерек көздеріне сілтемелер көрсетілген нақты ұсынымдардың дәлелділік деңгейі. Клиникалық нұсқаулықтағы әрбір арнайы алынған ұсыным қолда бар сенімді дәлелдерге негізделуі тиіс. Клиникалық нұсқаулықтарды әзірлеу мақсаты - дәлелді медицина қағидаларына негізделген медициналық көмек көрсету үдерістерін стандарттау. Клиникалық нұсқаулықтардың негізгі міндеттері:

• Клиникалық тәжірибелерге қазіргі заманғы ғылыми мәліметтерге негізделген стандарттарды енгізу;

• Шешім қабылдау барысын жеңілдету;

• Жұмыс сапасы мен кәсібилік деңгейді бағалауға қызмет ететін негіз болу;

• Денсаулық сақтаудағы шығындардың тиімділігін арттыру;

• Клиницистердің күнделікті қызметі денсаулық сақтау органдары басшыларынан өз қызметіне деген асқан жауапкершілікті талап етеді. Бұл бір жағынан тұрғындарға жаппай қызмет көрсету сапасын арттырумен қатар, клиникалық диагноз шешімін қабылдауға да барынша ықпалды.

Клиникалық нұсқаулық пен клиникалық хаттама пациенттерге медициналық көмeк көрсетуде жалпы танылған әдіснамалық құрал және қазіргі заманғы ең таңдаулы мәліметтерді пайдалана отырып әзірленеді, содан кейін заңнамалық тәртіпте бекітіледі. Хаттамалар Денсаулық сақтау министрілігінде талқылаудан өтіп, бұйрықпен бекемделеді. Біз жоғарыда құжаттардағы ақпараттардың мәліметі пациенттерді емдеуде тәжірибеленуші дәрігерлерге ең қауіпсіз және шығыны аз емдеу әдісі болып табылатынын айтқан болатынбыз. Клиникалық хаттама мен клиникалық нұсқаулық клиникаға жаңа келген жас дәрігердің пациентті емдеудегі бағасыз құнды көмекшісіне айналды. Сондай-ақ, тәжірибелі дәрігерлердің де үздіксіз кәсіби білім беруде сенімді ақпарат көзі болады және қарастыру мен толықтыру қажет болған жағдайларда жаңартылып отырады. Осы жағдайда нұсқаулық немесе хаттама күнделікті клиникалық тәжірибеден туындайтын нақты клиникалық сұрақтарға жауап бере алатын ақпарат көзінің қызметін атқарады. Медициналық көмек көрсетуде қажетті клиникалық хаттамалар және оның негізінде әзірленген алгоритмдер дәрігерлікке дейінгі жедел және шұғыл медициналық көмек көрсетудің өмірлік маңызды шешімі екені анық табылады. Кейде осы құжаттардағы ұсынымдар емдеудің ескі әдістерін қолдануға үйреніп қалған дәрігерлерге күтпеген соққы болды және олар өз тәжірибелерінде клиникалық хаттамаларды пайдалануға немқұрайлық танытады. Алайда, асылында хаттамалар көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға қабілетті және пациенттің бөлімшеде болу мерзімін қысқартады. Сондай-ақ емдеудің ұсынылған әдістерін қолданудағы беделді білім көзі екені ақиқат. Клиникалық хаттама және клиникалық нұсқаулық медициналық көмек көрсетуде базалық құжат және дәрігердің қызметі сапасын сараптау, кейбір даулы мәселелерді шешуде маңызды құрал. Себебі клиникалық хаттамалардағы ұсынымдар нақты яғни өлшенбес сипатқа ие. Жанұялық медицина кафедрасы 1996 жылдың ақпан айында Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтының базасында құрылды.

Кафедра меңгерушісі Д. С. Нұғманова Wonca Бүкіләлемдік кеңесінің мүшесі болып табылады.

2005 жылғы тамыз айында ТМД және Еуропа елдерінде алғашқы болып Әлем жанұялық дәрігері номинациясына ие болды. С. Нұғманова дәлелді медицинада және медициналық көмектің сапасын жоғарылату және алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі сарапшы ретінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Бүкіләлемдік банк, ЮСАИД, Wonca және басқа да халықаралық мекемелер жобалары арқылы Қазақстан, Орталық Азия, Монғолия, Әзірбайжан сияқты елдерде кеңес беру жұмыстарын жүргізу ісіне тартылды. Сонымен қатар халықаралық форумдарға (АҚШ, Болгария, Өзбекстан, Қырғызстан) қатысып, баяндамалар оқыды.

Кафедра 1963 жылы құрылған терапия кафедрасының қалыптасқан дәстүрлерін сақтай отырып, үнемі алға жылжуда. Кафедра қызметкерлері батыстағы алдыңғы қатарлы елдерде (АҚШ, Ұлыбритания, Австрия, Канада) Ресейде және ТМД-ң бірқатар елдерінде стажировкадан өтті. Кафедраның 1996-1998 ж. ж. аралығындағы әріптесі Ұлыбританияның Бристоль университетінің алғашқы медициналық-санитарлық көмек факультеті болды. 2000-2003 ж. ж. оқытушылардың көп бөлігі DFID және Бүкіләлемдік банк жобасымен оқытудың жаңа технологиялары және жанұялық медицина бойынша білім алды. Оқуды Лондон қаласындағы Император медициналық колледжі мен Бристоль университеті дәрігерлері өткізді. АҚШ-ң отбасылық дәрігері Дэвид Кютер 1999 жылдан бастап дәл қазіргі кезге дейін кафедраның кеңесшісі болып табылады. Ол қызметкерлерге арнап сабақ өткізеді, курсанттарға дәріс оқиды, клиникалық ординаторлармен жұмыс жүргізеді, базалық емхана дәрігерлерімен және клиникалық ординаторлармен бірге науқастарға кеңес беру жұмыстарын жүргізеді. Кафедра үлкен беделге ие. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінің отбасылық медицина кафедраларымен, Ресей Федерациясының, Украинаның, Балтық елдерінің жетекші кафедраларымен ынтымақтастықта жұмыс жасап келеді. Кафедра қызметкерлері 2003-2005 ж. ж. аралығында Қазақстанның, Қырғызстанның, Өзбекстанның, Тәжікстан мен Түркменстанның ФИМС-ң, Денсаулық сақтау министрліктерінің, жоғары оқу орындарының, ҒЗИ-ң 200-ден астам қызметкерін дәлелді медицина бойынша оқытты. Кафедра мәскеулік дәлелді медицина орталығы өткізген дәлелді медицина курсы мен Императорлық колледждің ДМ курсы негізінде стандарт ретінде «Клиникалық тәжірибедегі дәлелді медицина» атты 2 апталық курсын жасады және бекітті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәлелді тәжірибенің дамуы
Дәлелді медицина жүйесінде биостатистика тұжырымдамасы және рөлі, даму тарихы
Дәлелді медицина мамандарының қоғамдық ұйымдары туралы ұғым
Клиникалық эпидемиология әдістемелік нұсқама
Дәлелді медицина
Мәселелік дәрілер туралы түсініктеме. Қазіргі фармакотерапияның дамуындағы дәлелді медицинаның рөлі
Пән Дәлелді медицина негіздері
Эпидемиялық үрдіс туралы ұғым
Бастауыш сынып математика сабақтарында дарынды балалармен жұмыс жүргізудегі мұғалімнің қызметі
Қант диабетінің асқынулары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz