Халықтық клиникалық жетекшілік: даму тарихы, құрастыру принциптері мен енгізу проблемалары


Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина университеті
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ
Мамандығы: Жалпы медицина.
Кафедра: Дәлелді медицина курсы.
Курс: III
Тақырыбы: Халықтық клиникалық жетекшілік: даму тарихы, құрастыру принциптері мен енгізу проблемалары. Халыққа тарату үшін, оларды бағалау және нұсқауларды жетілдіру
Орындаған: Оспанова А. Т.
Тобы: 310Б Тексерген: Мукашева Р. Н.
Ақтөбе 2017 ж.
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
- Клиника қалыптасуына қажетті негізгі құрамдас бөліктері
- Негізгі талаптар
- Ұлттық клиникалық жетекшілікті дамыту
- Алға құрылған жоспар, бағдарламалар
... жалғасыIII. Қорытынды
Кіріспе
Шетелдерде, ал соңғы кезде біздің елімізде де, тұтынушылардың мүддесі мен құқығын қорғау мәселесін осы өмір сапасы тұрғысынан қарастырады. Бұл ұғым адамның қажеттілігін қамтамасыз етудің көптеген жағдайларын қамтиды: тауар мен қызмет көрсету сапасын, қоршаған ортаны қорғау, адамның денсаулығын сақтау, білім беру сапасын және басқалар. Сапаның екінші элементі - қажеттілік. Қажеттілік сатылы түрде болады. Оның төменгі сатысында тамақ өнімдерінің көмегімен қамтамасыз етілетін қауіпсіздікке қажеттілік . Доктор Э. Демингтің (сапаны жан-жақты басқарудың теориясы мен әдістемелері саласындағы ірі ғалым, «Жапон ғажайыбының» авторы) сөзімен айтқанда, «тұтынушы өзіне керегін алуы керек, қай уақытта керек болса сол уақытта және қандай түрде қаласа, сондай түрде алуы керек».
Ғылыми ізденіс және клиникалық зерттеулер методологиясының негіздері. Тәжірибеде дәрігер келесі сұрақтармен үнемі кездеседі: Пациент сау ма, әлде сырқат па? Қолданылып жатқан диагностика әдісі қаншалықты дұрыс және диагнозды қате қою мүмкіндігі бар ма, жоқ па? Аурудың дамуына не себеп болды? Пациент сырқатының соңы немен аяқталады? Белгілі бір клиникалық жағдайда қандай емдеу әдісін қолданған жөн, және жүргізілген ем сәтті бола ма, жоқ па? Осыған байланысты дәрігер әдетте келесі принциптерді ұстанады
Негізгі бөлім
Әрбір адамның денсаулығы оның толыққанды тіршілік етуін ғана емес, сонымен қатар оның мүмкіндіктерінің әлеуетін анықтайтын факторға айналып отыр. Халық денсаулығы жағдайының деңгейі өз кезегінде, елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және индустриялық даму шамасын айқындайды.
Клиникалық жетекшілік - бұл зерттеліп жатқан препараттардың және диагностиканың басқада әдістерінің профилактикалық сипатталуының адамдарға жүргізілетін, клиникалық, фармакологиялық және фармакодинамикалық нәтижесіндегі анықтау мен нақтылау барысына жасалған және зерттеудегі препараттардың кері әсерін анықтауда, организмнің қабылдауы мен сіңіруі байқауларында, таратылуында, метаболизм мен ағзадан препараттардың шығарылуында, қауіпсіздігі мен тиімділігін анықтау мақсатында ұйымдастырылған байқау.
Препараттарды тіркеуде және медициналық бағытта кең қолдануда, дұрыс бағыттарда тұтынуға байланысты клиникалық зерттеулер жасаудың кезеңдік сипатталуы бүкіл әлемде препараттар зерттемесінің құрамдас кезеңінен өту болып табылады. Жаңа препараттардың тиімділігі мен қауіпсіздігі жайлы толық нақты зерттелген мәлімет алу клиникалық зерттеу барысында жүргізіледі. Осы деректер бойынша денсаулық сақтау уәкіл органы препаратты тіркеу немесе тіркеуден бас тарту жайлы шешім шығарады.
Медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін, уақтылылығын, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге қызмет ететін бірыңғай дамыған, әлеуметтік бағдарланған жүйені білдіретін денсаулық сақтау саласы халық әл-ауқатының орнықты және тұрақты өсуі тұрғысынан алғанда республикадағы негізгі басымдықтардың бірі болып табылады.
Халықтық Клиникалық Жетекшілік зерттеулердегі нұсқаулықтардың негізгі міндеттерінің қойылуы дәлелді медицинаның негізгі тұжырымдамаларының мына бағыттарымен байланысты болады:
1) Нақтылы клиникалық ахуалдағы маман-медиктердiң әрекетін сипаттайтын клиникалық ұсыныстардың өңделуi. Мамандардың клиникалық шешiмнiң қабылдануына аурудың жеке ерекшелiктерiн ескеріп арқа сүйеуi керектігі туралы ұсыныс қойылады. Үкімет ұйымдарыда ұсыныстарды құрастырушылар кәсiби дәрiгерлiк қауымдастықтар немесе сарапшылық топ жасаушылары бола алады. Клиникалық ұсыныстардың тәжiрибеге енгiзілуі мол экономикалық эффект ретінде ең алдымен қымбат бағалы аз ақпараттандырылған диагностикалық әдістер мен емдік дәрілердің клиникалық құндылыққа ие болмайтындығын айқындап береді.
2) Мамандандырылған үйретушi программа, анықтама қағаз және электрондық журналдар, кiтаптар және интернет-қорларын шығару. Бұл бағытта көптеген еңбектер жазылып, негізге алынған.
3) Клиникалық тексерілетін зерттеулердiң жүйелi түрде шолуларына деректер қорын құрастыру. Құрылатын деректер қорында ғалымдардың халықаралық бірлестіктерімен жарияланған рандомизирленген және тексерілетін зерттеулерін айқындайтын, жүйелейтiн жалпылама нәтижелерi де кездеседі. Метаанализ көмегімен ғалымдар бұл жағдайда әр түрлi зерттеулерден мәлiметтердi талдау арқылы жинақтайды.
Зерттеулердегі айғақтықтың дәрежесi оның түріне тәуелдi болады.
Сенiмдi ғылыми негізделген нәтижелердi алу үшiн зерттеудiң құрылымының дұрыс жоспарлануы және бiрдей статистикалық талдау жасалуы маңызды болып табылады.
Президент Н. Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің дамуының жаңа кезеңіндегі мемлекеттік саясаттың бір бағыты медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту және денсаулық сақтаудың жоғары технологиялық жүйесін дамыту болуы керек деп атап көрсетті. Медициналық қызметтердің сапасы кешенді ұғым болып табылады және ол көптеген көлемді себептерге байланысты, олардың ішінде медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық жарақталуын, клиникалық мамандардың кәсіби деңгейін және оны арттыруға деген уәждемесінің болуын, медициналық көмекті ұйымдастыру мен көрсету үдерістерін басқарудың қазіргі заманғы технологияларын енгізуді, медициналық көмекке ақы төлеудің тиімді әдістерін енгізуді бөлек атап өткен жөн. Медициналық қызметтердің сапасын басқаруды жетілдіру Қазақстанның денсаулық сақтау саласын 2020 жылға дейін стратегиялық дамыту аясында маңызды орын алады. 2010 жылғы Жолдауда Президент таяу онжылдыққа нақты міндеттер қойды. Оның ішінде Нұрсұлтан Әбішұлы «Саламатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігі қағидаты - міне, осылар денсаулық сақтау саласындағы және халықтың күнделікті тұрмысындағы мемлекеттік саясаттың ең басты мәселесі болуы тиіс» екендігін атап көрсетті. . Медициналық қызметтердің және медициналық ұйымдардың арасындағы бәсекелестік қатынастардың нарығын құру көзделіп отыр. Бағдарламаны іске асыру медициналық қызмет көрсетудің шығыны аз нысандарына өту үшін жағдай жасау, саланың профилактикалық бағыттылығын қамтамасыз ету, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасының деңгейін арттыру арқылы денсаулық сақтау жүйесін қарқынды дамытуға, арнайы әлеуметтік қызметтерді енгізуге, сондай-ақ халықтың өзін-өзі сақтау мінез-құлқының дәйектемесі, медицина персоналының кәсіптік және жеке өсуі, денсаулық сақтау жүйесін қоғамның қазіргі талаптарына және нарықтық жағдайларына бейімдеу үшін жағдай жасауға ықпал ететін болады. шекараны санитариялық қорғау жүйесі қалыптасты: мемлекеттік шекарада ел аумағын аса қауіпті инфекциялық аурулардың әкелінуінен және таралуынан қорғауды қамтамасыз ететін санитариялық-карантиндік пункттер желісі кеңейтілді;
жалпы дәрігерлік практика қағидаты бойынша жұмыс істейтін бастапқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі - БМСК) қызметін реформалау жүргізілді, қанайналым жүйесі ауруларын ерте анықтау тұрғысынан балаларды, ересек халықты профилактикалық қарап-тексеру, ұрпақты болу жүйесінің онкопатологиясын ерте анықтау тұрғысынан әйелдерді скринингтік зерттеу жүргізілуде;
дәрі-дәрмекпен тегін және жеңілдікті түрде қамтамасыз ету енгізілді;
мемлекеттік медициналық ұйымдар желісін типтеу және стандарттау жүргізілді, денсаулық сақтау ұйымдары желілерінің мемлекеттік нормативі бекітілді;
денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту жөніндегі іс-шаралар жүргізілді;
тәуелсіз медициналық сараптама жүйесі құрылды;
2010 жылғы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі (бұдан әрі - БҰДЖ) кезең-кезеңмен енгізілуде, ол пациенттерге дәрігер мен медициналық ұйымды еркін таңдауды қамтамасыз етуді, медициналық қызмет көрсетудің бәсекелестік ортасын қалыптастыруды, медициналық ұйымдардың түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған жұмысын және нақты шығындар бойынша медициналық қызметтерге ақы төлеуді көздейді;
туберкулез, психикалық және инфекциялық ауруларды емдеуді қоспағанда, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсетуге арналған бюджетті облыстық деңгейде, ал 2010 жылдан бастап республикалық деңгейде шоғырландыру жүргізілді;
денсаулық сақтау менеджерлерін даярлау жүзеге асырылуда;
«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторындағы технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу» жобасы Дүниежүзілік банкпен бірлесіп іске асырылуда;
Дәрілік заттар дистрибуциясының бірыңғай жүйесі енгізілді;
денсаулық сақтау саласына ақпараттық технологиялар енгізілуде:
барлық өңірлерде филиалдары бар республикалық ақпараттық-талдау орталығы құрылды;
санитариялық-эпидемиологиялық қызметті қайта құрылымдау жүргізілді, тігінен басқару құрылды;
денсаулық сақтау саласындағы бақылау аясында тәуекелді бағалау жүйесі енгізілуде.
Медициналық қызметтерге қол жеткізудің әркелкілігі мен медициналық қызметтер сапасының нашарлығы сақталуда. Осыған байланысты өңірлік денсаулық сақтау мәселесі аса көңіл бөлуді талап етеді, сондықтан Мембағдарламаның негізгі міндеттерінің бірі қаржыландыруды, медициналық көмекті өңірлік теңестіру, қазақстандықтардың сапалы және жоғары технологиялық медициналық көмекке әділ қол жеткізуін қамтамасыз ету болып табылады.
Қазіргі таңда медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудің жеткіліксіз деңгейі проблемалы мәселе күйінде қалып отыр. Мысалы, жедел медициналық жәрдемді медициналық жабдықтармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандыру республика бойынша 51, 69%-ды құрайды. Елдің бірқатар өңірлерінде медициналық көмек көрсететін ұйымдар (жедел медициналық жәрдем станциясы, БМСК, сот-медициналық сараптама және басқалар) бейімделген үлгідегі емес үй-жайларда орналастырылған, 400-ден астам (4, 3%) денсаулық сақтау ұйымы авариялық ғимараттарда орналасқан.
Сонымен қатар, денсаулық сақтаудың бірінші буынында жалпы дәрігерлік практика және халықпен профилактикалық жұмыста денсаулықты сақтаушы технологиялар нашар дамуда.
Бұдан басқа, нормативтік талаптар қаржылық қамтамасыз етумен сәйкес келмейтіні байқалады. Бюджеттің болмауына байланысты «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы іске асырылмай отыр.
Медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу деңгейі төмен күйінде қалып отыр, олардың жұмысының түпкілікті нәтижесіне негізделген еңбекақы төлеуге сараланған тәсіл жоқ. Бұдан басқа, жер жерлерде, әсіресе ауылдық өңірлерде білікті кадрлардың тапшылығы байқалады, бұл республиканың ауыл халқын медицина қызметтерімен қамтамасыз етуді қиындатады.
БҰДЖ-ның белсенді енгізілуіне қарамастан қазіргі таңда денсаулық сақтау саласында ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның төмен деңгейі, медициналық қызметкерлердің арасындағы компьютерлік сауаттылық деңгейінің төмендігі және емдеу-профилактикалық үдерісті автоматтандырудың жоқтығы сақталуда.
Мембағдарламаны іске асыру кезеңінде денсаулық сақтау кадрларын даярлау сапасына қолжеткізу жөнінде нақты жұмыстар жүргізілді. Медициналық және фармацевтикалық білім берудің нормативтік базасы құрылды, 2007 жылдан бастап кәсіби бағытқа негізделген және әлемдік озық тәжірибеге
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz