«Перифериялық қанайналымның физиологиясы. Микроциркуляция»



І. Кіріспе
Организмдегі жалпы қан айналымы анықтамасы, түрлері
ІІ. Негізі бөлімі
А) Гемодинамикалық орталықтың құрылымы
Ә) Микроциркуляция және оның қан мен тін арасында сұйықтық,әртүрлі заттар алмасу механизміндегі рөлі
Б) Капиллярлар қызметтері,реттелуі,құрылымдық ерекшеліктері
ІІІ. Қорытынды бөлім
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер
Қан айналым жүйесі — денедегі қан немесе гемолимфаның үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ететін тамырлар мен қуыстардың жүйесі.
Қан айналымның қызметі
• тасымалдау (қан тамырларын бойлай ағып, организм үшін көптеген қызмет атқарады. Ол оттекті жасушаларға тасып, көмірқышқыл газын тыныс алу мүшелеріне жеткізеді);
• терморегуляторлық (организмдегі жылуды таратады);
• қорғаныш (қанды лейкоциттер мен нәруыз плазмасымен қамтамасыз етеді);
• гуморальды реттелу (гормондарды және басқа биологиялық заттарды тасымалдау).
Қан айналым шеңберлері
Адам денесінде қан тарататын тамырлардан екі тұйық жүйе - үлкен және кіші қанайналым шеңбері түзіледі
Үлкен қанайналым шеңбері -жүректің сол жақ қарыншасынан қолқа артериясы қантамырынан басталады. Оттекке қаныққан қан алдымен қолқаға, одан ірі және ұсақ артерия қантамырларына жеткізіледі. Қан артерия қантамырларымен ішкі мүшелерге, жүректің өзіне, бұлшықеттерге, сүйектерге барады. Мүшелерде артерия қантамырлары тарамдалып, қылтамырларға бөлінеді. Қылтамырлардың жұқа қабырғалары арқылы қан дене жасушаларына қоректік заттар мен оттекті таратады. Жасушалардан көмірқышқыл газын қажетсіз өнімдерді жинап, вена қанына айналады. Вена қаны вена қантамырлармен жүректің оң жақ жүрекшесіне құяды.
1. «Адам физиологиясы» ред. Х.Қ.Сатпаева, ж.б. Алматы . «Білім» 1995 жыл.
2. «Основы физиологии» ред. Н.Стерки, Москва «Мир» 1984 жыл
3. «Физиология человека» ред. Р.Шмидт, Р.Тевс, Москва «Мир» 1986 жыл, 4-ші том
4. «Физиология человека» ред. Н.А.Агаджанян, Н.З.Толь, ж.б. Алматы, Қазақстан. 1992 жыл
5.Ноздрачев А.Д., Орлов Р.С. Нормальная физиология: учебник + СД-диск. – М., 2006.
6.Физиология человека. Под ред. Р.Шмидта, Г. Тевса. М.,., в 3-х томах.- 2007.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
М.ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Студенттің өзіндік жұмысы

Мамандығы: Жалпы медицина
Пән: Физиология-2
Кафедра: Физиология
Тақырыбы: Перифериялық қанайналымның физиологиясы.
Микроциркуляция
Орындалу түрі: мәнжазба

Орындаған: Мұханбетшарип Фарида
Топ: 313А
Тексерген: Калдыбаева Айман Турганбаевна

Ақтөбе-2016жыл

Жоспары:
І. Кіріспе
Организмдегі жалпы қан айналымы анықтамасы, түрлері
ІІ. Негізі бөлімі
А) Гемодинамикалық орталықтың құрылымы
Ә) Микроциркуляция және оның қан мен тін арасында сұйықтық,әртүрлі заттар алмасу механизміндегі рөлі
Б) Капиллярлар қызметтері,реттелуі,құрылымдық ерекшеліктері
ІІІ. Қорытынды бөлім
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер

Тақырыптың мақсаты
* Гемодинамикалық орталықтың құрылымын түсіну,организм қызметтерін қамтамасыз етудегі перифериялық қанайналымның және капиллярлардың маңызын түсіну.

Кіріспе
Қан айналым жүйесі -- денедегі қан немесе гемолимфаның үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ететін тамырлар мен қуыстардың жүйесі.
Қан айналымның қызметі
* тасымалдау (қан тамырларын бойлай ағып, организм үшін көптеген қызмет атқарады. Ол оттекті жасушаларға тасып, көмірқышқыл газын тыныс алу мүшелеріне жеткізеді);
* терморегуляторлық (организмдегі жылуды таратады);
* қорғаныш (қанды лейкоциттер мен нәруыз плазмасымен қамтамасыз етеді);
* гуморальды реттелу (гормондарды және басқа биологиялық заттарды тасымалдау).
Қан айналым шеңберлері
Адам денесінде қан тарататын тамырлардан екі тұйық жүйе - үлкен және кіші қанайналым шеңбері түзіледі
Үлкен қанайналым шеңбері -жүректің сол жақ қарыншасынан қолқа артериясы қантамырынан басталады. Оттекке қаныққан қан алдымен қолқаға, одан ірі және ұсақ артерия қантамырларына жеткізіледі. Қан артерия қантамырларымен ішкі мүшелерге, жүректің өзіне, бұлшықеттерге, сүйектерге барады. Мүшелерде артерия қантамырлары тарамдалып, қылтамырларға бөлінеді. Қылтамырлардың жұқа қабырғалары арқылы қан дене жасушаларына қоректік заттар мен оттекті таратады. Жасушалардан көмірқышқыл газын қажетсіз өнімдерді жинап, вена қанына айналады. Вена қаны вена қантамырлармен жүректің оң жақ жүрекшесіне құяды.
Кіші қанайналым шеңбері - жүректің оң жақ қарыншасынан өкпе артериясы қантамырынан басталады.Ондағы вена қаны өкпе артериясы қантамыры арқылы өкпеге келеді. Өкпеде артерия қантамырларынан түзілген қылтамырлар торында газ алмасады. Қан оттекке қанығып, көмірқышқыл газынан тазартылады да, вена қаны артерия қанына айналады. Одан төрт өкпе вена қантамырлары арқылы артерия қаны жүректің сол жақ журекшесіне құйылады. Қан сол жақ жүрекшеден сол жақ қарыншаға өтіп, қайтадан үлкен қанайналым шеңберінің қантамырларына бағытталады.Кіші қанайналым шеңбері -- жүректің оң жақ қарыншасынан басталып -- өкпеге қан тартады -- жүректің сол жақ жүрекшесімен аяқталады.Кіші қанайналым шеңбері деп аталу себебі - қан тек өкпеге барып, оны оттегімен байытылады да қайтадан жүрекке келеді.Бұл қанайналым шеңберін кейде өкпелік шеңбер деп те атайды.

Организмдегі жалпы қан айналым:
:: Жүйелік (орталық)
:: Шеткері (агзалық, тіндік)
Жүйелік қанайналым деп жүрек пен ірі қан тамырларындағы қанайналымын айтады. Шеткері қанайналым деп ағзалар мен тіндердегі ұсақ тамырлардағы қанның айналымын және олардағы микроциркуляцияны айтады. Микроциркуляцияның нәтижесінде қан мен тіндердің арасында сумен, электролиттермен, қоректік заттармен, оттегімен, көмір қышқылы газымен жөне зат алмасу өнімдерімен алмасу болады. Сонымен бірге теріде шеткері қан айналым дене қызымын реттеуіне қатысады. Шеткері қан айналымның реттелуі жүйкелік-сұйықтық жолдармен болады. Қан тамырларын тарылтатын немесе кеңейтетін жүйкелер бар. Тарылтатын жүйкелерді вазоконстрикторлар, кеңітетін жүйкелерді вазодилятаторлар деп атайды. Қан тамырларына сұйықтық (гуморалдық) жолмен көптеген биологиялық белсенді заттар, бейорганикалық иондар (Н+, К+ т. с. с), зат алмасу өнімдері, гормондар т. б. әсер етеді. Майда тамырларға бұл заттардың әсерлері жүйкелік ықпалдардан басымырақ болады.
1 -- бас, тұлғаның жоғарғы бөлімі және қолдың капиллярлары; 2 -- сол жалпы ұйқы артериясы; 3 -- өкпе капиллярлары; 4 -- өкпе сабауы; 5 -- өкпе веналары; 6 -- жоғарғы қуыс венасы; 7 -- қолқа; 8 -- сол құлақша; 9 -- оң құлақша; 10 -- сол қарынша; 11 -- оң қарынша; 12 -- іш бағаны; 13 -- лимфа кеуде ағымы; 14 -- жалпы бауыр артериясы; 15 -- сол асқазан артериясы; 16 -- бауыр веналары; 17 -- көкбауыр артериясы; 18 -- асқазан капиллярлары; 19 -- бауыр капиллярлары; 20 -- көкбауыр капиллярлары; 21 -- қақпа венасы; 22 -- көкбауыр венасы; 23 -- бүйрек артериясы; 24 -- бүйрек венасы; 25 -- бүйрек капиллярлары; 26 -- шажырқай артериясы; 27 -- шажырқай венасы; 28 -- төменгі қуыс венасы; 29 -- ішек капиллярлары; 30 -- тұлғаның төменгі және аяқ,капиллярлары

Негізгі бөлім
Гемодинамика -- қанның қантамырлар бойымен қозғалысын зерттейтін ғылым. Қанның тұтқырлығы мен қантамырлардың қабырғасындағы қан айналымына кедергілерге байланысты. Гемодинамика қанның минуттық көлеміне де байланысты. Мысалы:адамға жүрек бір жиыралғанда 60-70 мл қан айдап шығарады. Бұл тыныштық жағдайда 4,5-5 лмин-қа тең. Жүректің 1 минутта айдайтың қан мөлшері жүрек - тамыр жүйесі қызметінің ең басты көрсеткіші болып есептеледі. Мысалы қара жұмыс кезінде ол 20-25лмин-қа жетеді. Қан тамыр жүйесі тұйық және тамырлардың ұзындығы,диаметрі, бір-біріне жалғасуы әр түрлі (тізбектеле, қатарласа) болғандықтан, канның жылжуына едәуір кедергі туады.
Пуазеиль заңы
Ол кедергінің шамасы Пуазеиль заңы бойынша анықталады. Қан тамырларының барлық белігінен бір мезгілде өтетін қан мөлшері бірдей болады. Канның тамыр бойында қозғалу жылдамдығы тамыр бөлігінің осы арадағы барлық қуыс көлеміне кері пропорционал келеді. Қанның адам қолқасындағы орташа жылд. 50 смсек, капиллярларда 0,5 ммсек, ал қуыс венеларда 20 смсек. Жүректің соғуына байланысты қолқа мен ірі артериялардан қан үздік-үздік өтеді. Артерия қабылғасының созымталдығы арқасында, артық мөлшерде келген қан сонда іркіліп қалады да, капиллярға үздіксіз ағып келіп тұрады. Мұның қан мен ткань арасындағы зат алмасу процесінде маңызы зор.
Негізгі заңдылықтар.
Қан ағысының көлемдік жылдамдығы(млмин) -- уақыт бiрлiгiнде қантамырдың көлденең қимасы арқылы ағатын қанның көлемі. Қан ағысының көлемдік жылдамдығы үлкен қанайналым шеңберінде де , кіші қанайналым шеңберінде де бірдей. Аортадағы немесе өкпелік діңгектегі қан ағысының көлемі қантамырлардағы қанайналым желiлерiнiң кез келген кесiндiсiндегі көлденең қима арқылы қан ағудың жиынтық көлеміне тең.
Қан ағудың қозғаушы күші
Проксимал және дисталдiк бөлiмшелердiң арасындағы қан қысымының айырымдарына тең.Қанның қысымы жүректiң қысымымен жасалып, қантамырлардың серпiмдi - эластиякалық қасиетіне тәуелдi болады.
Артериядағы қанайналым жүрек жұмысының фазаларымен сәйкес пульстеуші болатындықтан, оның гемодинамиякалық мiнездемесi үшiн (P орташа) орташа қысым шамасын пайдалану қабылданған. Бұл орташаланған қысым қанның қозғалысының пульстік қысымын қамтамасыз етеді. Аортадағыорташа қысым 100мм с.б тең. Өкпелік діңгектегі қан қысымы 20мм с.б. тең, өкпелік венада да 20 мм.с.б. тең, яғни кіші қанайналым шеңберіндегі қысым ұлкендегіден 5 есе аз.
Қан айналым жүйесiндегi кедергi
Ортақ шеткi кедергi -- бұл қан айналуды үлкен шеңбердiң параллел тамыр желiлерiнiң жиынтық кедергiсi. Ол қысым гадиентiне (ΔP) және қан айналудың үлкен шеңбері мен қан ағуды көлемдi жылдамдығына (Q ) тәуелдi болады. Егер қысым гадиенті 100 мм с.б. тең болса, қан ағуды көлемдi жылдамдық -- 95 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Веналық капиллярлар
Жүрек автоматиясының физиологиялық механизмдері. Балалардағы ерекшеліктері. Перифериялық қанайналымның физиологиясы. Микроциркуляция
Қанның микротамырлардағы ағу ерекшеліктері
Үсік - температураның ұзақ уақыт әсер етуінде пайда болатын патологиялық синдром
Микроциркуляцияның патофизиологиясы
Жүректің өткізгіш жүйесінің маңызы
Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстары. Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстарының негізгі түрлері
Микроцеркуляцияның патофизиологиясы
Мүшелер мен ұлпалардың реографиясы
Клиникалық практикадағы реография
Пәндер