Полиплоидия түралы түсінік



Кіріспе
Негізгі бөлім
1.1. Полиплоидия түралы түсінік.
1.2. Полиплоид түрлері жəне олардың ерекшеліктері.
1.3. Полиплоидтарды алу техникасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Өсімдік селекциясы — ауыл шаруашылықтың өсімдіктерінің жаңа сорттарын, гибридтерін шығаратын және бұларды шығару әдістерін зерттейтін ғылым, өсімдік сорттары мен гибридтерін шығару әдістері туралы ғылым. Өсімдік селекциясы ғылым ретінде агрономия ғылымы саласына жатады, бірақ егіншілікке, агрохимия, өсімдік өсіруге қарағанда селекция ғылымы өсімдіктің өз табиғатына әсер ету жолдарын іздеп, тұқым қуу қасиетін қажет бағытқа өзгертуді көздейді. Сондықтан өсімдік селекциясының теориялық негізі - генетика. Өсімдік селекциясы ботаника, цитология, өсімдік физиологиясы, өсімдік өсіру, экология т.б. ғылымдар мен тығыз байланысты. Өсімдік селекциясы жұмыстары нәтижесінде шығарылған жаңа сорттарды өндіріске енгізу - алғашқы шыққан өндірісі өнімін арттырудың ең бір тиімді әдісі.
Өсімдік селекциясы тарихи адамның егіншілікпен айналасуынан басталады. Селекцияның қарапайым түрі ерте заманда-ақ ірі дәнді келесі жылы себуге қалдырып отырудан басталады. Бұндай халық селекциясы шығарған бірқатар сорттардың маңызы әлі күнге дейін орасан зор. Өсімдік селекциясы дамуына Батыс Еуропа елдері селекционер-практиктері 1774 жылы Париж маңында құралған Вильмонер селекция фирмасы жұмыстарының қорытындысы, Ч.Дарвинның «Түрлердің пайда болуы» деген еңбегі, К.А.Тимирязевтің тұқым қуу және өзгергіштік туралы ілімі, И.В.Мичуриннің сұрыптау нәтижесінде жемістердің жаңа сорттарын шығару жұмыстары үлкен әсер етті. КСРО-да өсімдік селекциясы алым ретінде 19 ғ. аяғы мен 20 ғ-дың басында қалыптаса бастады
1.Нұрғасенов Т.Н., Қалиев Ə.Х. Генетика, селекция жəне тұқым шаруашылығы. Алматы, 2007 ж.
2. Апушев А.Қ. Егістік дақылдар селекциясы жəне тұқым шаруашылығы. Алматы, 2012 ж.
3. Нургасенов Т.Н., Сулейменова С.Е., Каракальчев А.С. и др. Сортоведение, селекция и семеноводство. Алматы, 2005 г.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.1. Полиплоидия түралы түсінік.
1.2. Полиплоид түрлері жəне олардың ерекшеліктері.
1.3. Полиплоидтарды алу техникасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Өсімдік селекциясы -- ауыл шаруашылықтың өсімдіктерінің жаңа сорттарын, гибридтерін шығаратын және бұларды шығару әдістерін зерттейтін ғылым, өсімдік сорттары мен гибридтерін шығару әдістері туралы ғылым. Өсімдік селекциясы ғылым ретінде агрономия ғылымы саласына жатады, бірақ егіншілікке, агрохимия, өсімдік өсіруге қарағанда селекция ғылымы өсімдіктің өз табиғатына әсер ету жолдарын іздеп, тұқым қуу қасиетін қажет бағытқа өзгертуді көздейді. Сондықтан өсімдік селекциясының теориялық негізі - генетика. Өсімдік селекциясы ботаника, цитология, өсімдік физиологиясы, өсімдік өсіру, экология т.б. ғылымдар мен тығыз байланысты. Өсімдік селекциясы жұмыстары нәтижесінде шығарылған жаңа сорттарды өндіріске енгізу - алғашқы шыққан өндірісі өнімін арттырудың ең бір тиімді әдісі.
Өсімдік селекциясы тарихи адамның егіншілікпен айналасуынан басталады. Селекцияның қарапайым түрі ерте заманда-ақ ірі дәнді келесі жылы себуге қалдырып отырудан басталады. Бұндай халық селекциясы шығарған бірқатар сорттардың маңызы әлі күнге дейін орасан зор. Өсімдік селекциясы дамуына Батыс Еуропа елдері селекционер-практиктері 1774 жылы Париж маңында құралған Вильмонер селекция фирмасы жұмыстарының қорытындысы, Ч.Дарвинның Түрлердің пайда болуы деген еңбегі, К.А.Тимирязевтің тұқым қуу және өзгергіштік туралы ілімі, И.В.Мичуриннің сұрыптау нәтижесінде жемістердің жаңа сорттарын шығару жұмыстары үлкен әсер етті. КСРО-да өсімдік селекциясы алым ретінде 19 ғ. аяғы мен 20 ғ-дың басында қалыптаса бастады

Полиплоидия түралы түсінік.
Хромосомалар санының өзгергіштігі жабық тұқымдылар, олар- дың ішінде мəдени өсімдіктердің дамуында өте маңызды роль атқарады. Хромосомалар жиынтығының еселенуі жасуша көлемінің ұлғаюына, демек өсімдіктер мүшелерінің өсуіне алып келетіні белгілі болғаннан кейін, хромосомалар санын өзгерту əдістері селекция тəжірибесінде қолданыла бастады. Жабайы жəне мəдени өсімдіктер дүниесінің хромосомалық құра- мын зерттеу нəтижесінде бірқатар маңызды ауылшаруашылық дақылда- рының полиплоидты қатар түзетіндігі, плоидтылығы əртүрлі ауылшару- ашылық дақылдырының көп хромосомалы формалары əдетте өнімді болып келетіні анықталды. Мысалы, гексаплоидты жұмсақ бидай жоғары өнімді жəне өте кең таралған, ол дүние жүзі бидай егісінің 45 бөлігіне егіледі. Тетра- плоидты қатты бидай өнімділігі жұмсақ бидайдан біршама төмендеу жəне дүниежүзі бидай егісінің 10-11% алып жатыр. Мəдени бір дəнді бидайдың диплоидты түрі азғантай ғана жерге егіледі. Осы мысалдан селекционерлердің жаңа сорттар шығаруда полип- лоидтарға көп қызығушылық танытатынын көруге болады. Полиплоидты мəдени өсімдіктерге: сұлы (2п=42), картоп (2п=48), мақта (2п=52), темекі (2п=48) жəне т.б. жатады. Кейбір дақылдардың табиғатта полиплоидты түрлері табылмаған. Олар: диплоидты формадағы қарабидай (2п=14), арпа (2п=14) жəне қызылша (2п=18). Өсімдіктер селекциясында қажетті полиплоидты формалар алудың тиімді əдісі табылғаннан кейін, полиплоидияны ауылшаруашылық дақылдарының сорттары мен будандарын шығарудағы тəжірибелік əдіс ретінде көптеп пайдалана бастады. Оған түрткі болған 1937 жылы А.Блексли мен А.Айвери жүргізіген зерттеулер нəтижесі болды. Олар лапыздың (Colchicum autumnale L.) тұқымы мен түйнек жуашығынан алынатын колхицин алколоидының, өсімдіктің бөліну кезеңіндегі жасу- шасына полиплоидтылық əсер ететінін анықтаған. Бұл жаңалық іс жүзінде кез келген дақыл полиплоидтарын алуға мүмкіндік тудырды. 46 Осыдан бастап колхицинді дəуір деп аталатын селекцияның жаңа дəуірі басталды. Сонымен, полиплоидия деп - организм клеткаларында хромосо- малар санының еселеніп көбею құбылысын, ал организмдердің өзін - полиплоидттар деп атады.

Полиплоид түрлері жəне олардың ерекшеліктері.
Полиплоидтар: аутополиплоидтар жəне аллополиплоидтар деп екі түрге бөлінеді. Аутополиплоидтар - хромосомдар жиынтығы санының өсуі бір түрдің есебінен (АА+АА=АААА), ал аллополиплоидтар - əр түрдің қосылуымен (АА+ВВ=F1АВ будандастырып алып, сонан соң хромосом санын еселеу арқылы ААВВ) немесе (АААА+ВВВВ=F1ААВВ аллополиплоидтарды будандастыру арқылы) алынады. Аутополиплоидтар морфологиялық белгілері бойынша ата-аналық формалармен ұқсас, ал аллополиплоидтар ата-аналық формаға тəн ара- лық белгілерін көрсетеді де, ата-аналық формадан алынған будандарға ұқсас болады. Біріншісі - фертильді аналық өсімдіктен туындаса, екін- шісі - тазаланған түраралық буданнан туындайды. Аллополиплоидтар əр түрлердің геномдарының қосылуынан пайда болатындықтан, олардың геномдарының сəйкессіздігі байқалады. Əртүрлі геномдардан құрылған, аз да болса хромосомаларының айыр- машылықтары бар, аутополиплоидтар мен аллополиплоидтар арасын- дағы аралық формалар сегменттік аллополиплоидтар деп аталады. Полиплоидия құбылысының ағзалардың белгілері мен қасиет- теріне өте терең жəне жан-жақты өзгерістер əкелетіні белгілі болды. Хромосом саны артқан сайын, жасушалардың көлемі ұлғаяды, соған байланысты, полиплоидты өсімдіктердің вегетативті жəне генеративті мүшелерінің қарқынды дамуы байқалады да, полиплоидтар ерекше алыптылығымен сипатталады. Дегенмен де, əртүрлі өсімдік түрлерінің қолайлы плоидтылық деңгейі болады, оған жеткеннен кейін əрі қарайғы хромосом санының артуынан өсімдіктің өсу қарқыны төмендейді, соның салдарынан ағза зиян шегеді. Мысалы хромосомы (2п) əр түрлі мөлшердегі атқонақ өсімдік- терінің биіктігі, хромосом санын 21-ден 70-ке дейін арттырып отыр- ғанда биіктеп отырды. Ал хромосом санын одан əрі 77-ден 91 хромосомаға дейін арттырған кезде, өсімдік биіктігінің төмендегені, тіпті алғашқы формадан да төмен болғаны байқалды (7-сурет). Жұмсақ бидай хромосомалар санының еселенуі өсімдіктің нашар өсуіне соқтырса, қарабидай хромосомалар санының еселенуі сəтті 47 тетраплоид құрады. Мəдени өсімдіктер түрлерінің полиплоидияларын пайдалануда əртүрлі əсер беретінін осылайша түсіндіруге болады.
Аутополиплоидтарды селекциялық тəжірибеде кеңінен пайдалану- дағы басты кедергілердің бірі - олардың бастапқы диплойдты форма- лармен салыстырғанда төмен өнімділігі. Полиплоидты өсімдіктердің ұрықтану дəрежесінің төмен болуына байланысты, полиплоидия əдісін көп жағдайда тауарлы өнім ретінде вегетативті мүшесі (жапырақтары, сабақтары, тамыр жемістері, пияз- шықтары жəне т.б.) пайдаланатын өсімдіктерге қолданған дұрыс.. Жасушалардағы хромосомалардың жиынтық санын еселеу арқылы болатын өзгерістер жағымды жəне жағымсыз болуы мүмкін. Жағымды өзгерістерге - өсімдіктердің жəне оның мүшелерінің көлемінің, өнімділігінің, бірқатар құнды заттар мөлшерінің өсуі, жапырылуға төзімділігінің артуы (дəнді дақылдарда) жəне т.с.с. жатады. Бұл жағымды өзгерістер селекциялық тəжірибеде кеңінен пайдала- нылады. 50 Жағымсыз өзгерістерге аутополиплоидтардың төмен өнімділігін жатқызуға болады. Олар көбіне өте кеш пісетін, өнімінде су тым көп мөлшерде болатын жəне басқа да кемшіліктермен сипатталады. Оның үстіне аутополиплоидтардың тұқым қуалау қасиеті диплоидтарға қарағанда өте күрделілеу жүреді, гомозиготалы материал алуға көп уақыт қажет етеді. Бірақ селекциялық материалдың гетерозиготалылық жағдайды ұзақ уақыт бойына ұстап тұру қабілетін гетерозистік селек- цияда пайдалануға болады. Полиплоидтарды, оның ішінде аутополиплоидтарды селекциялық тəжірибеде кеңінен пайдаланудаға басты кедергілердің бірі - олардың бастапқы диплоидты формалармен салыстырғанда төмен өнімділігі. Бірақ вегетативті көбейетін жəне тұқымсыздықты қажет ететін өсімдіктерде аутополиплоидтарды пайдаланудың болашағы өте зор. Көптеген гүлді өсімдіктердің полиплоидты сұрыптары өте құнды болып саналады. Нəркес, қызғалдақ, сүмбіл, құртқашаш, нарғызгүл, цикла мен хризантеманың аутополиплоидтары мен индукцияланған тетраплоидтарының гүлдері жақсы жетілген, үлкен көлемді болуының арқасында бастапқы диплоидты формаларды ығыстырып шығарды. Алма, жүзім, шəй бұтасының аутополиплоидты сұрыптарын көптеген елдер өсіреді. АҚШ-та жемістері жақсы сақталынатын, С дəруменінің мөлшері көп алманың өте құнды сорттарының төрттен бірі триплоидты болып келеді. Вегетативті бөліктері шаруашылық құнды болып келетін дақыл- дардың (малазықтық шалқан, қызылша, аскөк, саумалдық сияқты малазықтық жəне көкөністік) полиплоидты формаларын алу өте маңызды. Швецияда малазықтық шалқанның өнімділігі бастапқы диплоидты формадан əлдеқайда асып түсетін тетраплоидты (2n=40) Сириус сорты шығарылады. Сондай-ақ малазықтық қырыққабаттың бастапқы дипл- оидты сорттан орташа құрғақ заттары 6%, протеин 0,5% артық болып келетін аутотетраплоидты (2п=36) СВ0501 сорты алынды. Беденің жаңа тетраплоидты формаларын алуда жақсы нəтижеге қол жеткізілді. КСРО-да шалғындық беденің бірінші полиплоидты ВИК сорты 1973 жылы аудандастырылды. Ол көк балауса өнімі бойынша стандарттан 40% асып түсті. Қант қызылшасының полиплоидия негізіндегі селекциясы, 1940 жылы канадалық зерттеушілер Ф.Пето мен Д.Бойс триплоидтарының диплоидтарға қарағанда шырынындағы қант мөлшерінің көптігін, тамыр жемістерінің үлкендігін жəне өнімінің жоғары болатындығын көрсеткеннен кейін бастау алды. Нəтижесінде қант қызылшасының 51 триплоидты будандары барлық елдерде кең тарала бастады. Олардың көпшілігі жақсы диплоидты сұрыптарға қарағанда 15-20% көп қант береді жəне церкоспорозға өте төзімді болып келеді. Триплоидты будандардың қанттылық деңгейі 17-18%, тəлімі жерлерде 1 гектардан 45-50 т тамыр өнімін жəне 7,5-9 т қант береді. Кейбір аймақтарда бұл көрсеткіштер тіпті одан да жоғары болады. Соңғы жылдардағы зерт- теулер қант қызылшасының жоғары өнімді сұрыптары мен будандарын тетроплоидты деңгейде де жасауға болатындығын көрсетті. Сондай-ақ, жоңышқа, эспарцет, асқабақ жəне тағы басқа дақыл- дардың аутотетроплоидтарының оң қасиеттері анықталды. Тұқымын алу үшін өсірілетін дақылдар селекциясында аутополи- плоидтарды пайдалану, өсімдіктердің жеміс құрау қабілетінің төмен- деуінен болатын қиындықтармен байланысты. Жеміс құрау қабілетін арттыру барысындағы алғашқы жетістікке қара бидаймен қол жеткізілді. Аутотетроплоидты қара бидайды КСРО, Германия, Швеция жəне басқа елдерде бірнеше қайтара алды. 1951 жылы Швецияда қара бидайдың бірінші тетроплоидты Стил сұрыбы шығарылды. Ал КСРО бойынша 1969 жылы Белоруссия егіншілік ҒЗИ селекциясы қара бидайдың Белта сұрыбын аудандастырды. Қарақұмықтың бірінші жоғары өнімді тетроплоидты сұрыбы бұрынғы Кеңестер Одағында жасалынды. 1978 жылы қарақұмықтың Белоруссия егіншілік ҒЗИ шығарған тетроплоидты Искра сұрыбы аудандастырылды. Қазіргі кезде тары, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кері мутациялар керісінше, мутантты типтерден жабайы типтерге өтуі
Геномдық мутациялар
Саналы сұрыптау
Селекция туралы жалпы түсінік
Мутациялық өзгергіштік (8 тарау)
Өзгергіштік заңдылықтары
Цитоплазмалық мутация
Мутациялық өзгергіштіктер
Өзгергіштік, оның себептері мен зерттеу әдістері
Ағзалардың көбею
Пәндер