Карантиндік сараптау және оның жалпы ережелері



Кіріспе
2.1 Карантиндік сараптау және оның жалпы ережелері
2.2 Биологиялық сараптау және оның әдістері
а) Центрифугалық сараптау және сыртқы сараптау
ә) Физикалық.механикалық және химиялық әдіс
б) Селекциялық тұқымдық тәсіл
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Өсімдік карантині, мемлекет аумағын немесе оның жеке бір бөлігін карантинді аурулар мен зиянкестер және арамшөптердің таралуынан сақтау үшін ұйымдастырылады. Осыған байланысты ол сыртқы және ішкі карантин болып екіге бөлінеді. Сыртқы карантиннің негізгі мақсаты – еліміздің аумағын карантиндік маңызы бар нысандардан қорғау. Осы мақсат үшін шет елдермен шекаралардағы арнайы бекеттерде елімізге әкелініп жатқан өсімдік өнімдерінің (дән, жеміс-жидек, орман және жеміс ағаштары, сәндік дақылдардың көшеттері мен тұқымдары, т.б.) барлығы карантиндік тексеруден өтеді. Оларды басқа елге тасымалдау үшін арнайы карантиндік сертификат болуы қажет. Карантиндік нысандардың бірі байқалған жағдайда барлық жүк зарарсыздандырылады немесе жойылып жіберіледі, жіберілген елге кері қайтарылады. Әр мемлекет үшін карантиндік нысандардың тізімдері жасалынып, бекітіледі. Қазақстанда оларға бунақ денелілерден колорадо және капр қоңыздары, комсток құрты, қан-қызыл біте, американың ақ көбелегі; аурулардан – үнді қаракүйесі, күріштің бактериоздары, жүгерінің гельминтоспориоздары, арпаның сарғыш қуыршақтануы, қашқаргүлдің бұйралануы; ал арамшөптерден – сары шырмауық, кекіре, жабайы күнбағыс, т.б. жатады. Ішкі карантиннің негізгі мақсаты – республика аумағында кездесетін, бірақ та әлі аса кең тарала қоймаған зиянды нысандарды жою және әрі қарай таралуын шектеу. Карантин шараларын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірінің өсімдіктерді қорғау және карантин департаменті “Өсімдіктер карантині туралы” заңды басшылыққа ала отырып жүргізеді.
1. Насиев Б.Н., Габдулов М.А., Жанаталапов Н.Ж., «Өсімдіктер карантині» оқу құралы/ - Орал,Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, 2015.
2. Сагитов А.О., Камбулин В.Е., Бадаев Е.А., Динасилов А.С., Карантин растений, учебное пособие для студентов ВУЗ-ов и колледжей
3. Торыбаев Қ.Қ. Ашықбаев Н.Н.,. Өсімдік карантині, Алматы «Қонжық» 2000 жыл

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
2.1 Карантиндік сараптау және оның жалпы ережелері
2.2 Биологиялық сараптау және оның әдістері
а) Центрифугалық сараптау және сыртқы сараптау
ә) Физикалық-механикалық және химиялық әдіс
б) Селекциялық тұқымдық тәсіл
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Өсімдік карантині, мемлекет аумағын немесе оның жеке бір бөлігін карантинді аурулар мен зиянкестер және арамшөптердің таралуынан сақтау үшін ұйымдастырылады. Осыған байланысты ол сыртқы және ішкі карантин болып екіге бөлінеді. Сыртқы карантиннің негізгі мақсаты - еліміздің аумағын карантиндік маңызы бар нысандардан қорғау. Осы мақсат үшін шет елдермен шекаралардағы арнайы бекеттерде елімізге әкелініп жатқан өсімдік өнімдерінің (дән, жеміс-жидек, орман және жеміс ағаштары, сәндік дақылдардың көшеттері мен тұқымдары, т.б.) барлығы карантиндік тексеруден өтеді. Оларды басқа елге тасымалдау үшін арнайы карантиндік сертификат болуы қажет. Карантиндік нысандардың бірі байқалған жағдайда барлық жүк зарарсыздандырылады немесе жойылып жіберіледі, жіберілген елге кері қайтарылады. Әр мемлекет үшін карантиндік нысандардың тізімдері жасалынып, бекітіледі. Қазақстанда оларға бунақ денелілерден колорадо және капр қоңыздары, комсток құрты, қан-қызыл біте, американың ақ көбелегі; аурулардан - үнді қаракүйесі, күріштің бактериоздары, жүгерінің гельминтоспориоздары, арпаның сарғыш қуыршақтануы, қашқаргүлдің бұйралануы; ал арамшөптерден - сары шырмауық, кекіре, жабайы күнбағыс, т.б. жатады. Ішкі карантиннің негізгі мақсаты - республика аумағында кездесетін, бірақ та әлі аса кең тарала қоймаған зиянды нысандарды жою және әрі қарай таралуын шектеу. Карантин шараларын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірінің өсімдіктерді қорғау және карантин департаменті "Өсімдіктер карантині туралы" заңды басшылыққа ала отырып жүргізеді.
Карантиндік өнімді тексеру және сараптау әдістемелеріпәні - карантинді объекттерді, олардың зиянкестілігін, географиялық таралуын, экологиясы мен биологиясының ерекшелігін, олардың аймағымызға кіру, таралу жолдарын оқып білуге мүмкіндік береді.
Карантиндік фитопатологиялық сараптаудың негізгі мақсаты - өсіміктін карантиндік ауруларын ғана емес, сонымен қатар, біздің елде кездеспейтін аса қауіпті ауруларды анықтау болып табылады. Сондықтан фитопатологиялық сараптау кезінде өсімдіктердің барлық саңырауқұлақтық ауруларын анықтайды, сондықтан, егер қажет болған жағдайда, уақытылы карантиндік шараларды жүзеге асырады.

2.1 Карантиндік сараптау және оның жалпы ережелері
Топырақ пен өсімдік материалдарын зертханалық карантиндік сараптау - егісті, бақтарды, орманды зиянкестердің, аурулардың, арамшөптердің келіп енуінен немесе басқа елге таралуына қарсы қолданылатын карантинді шаралардың ең негізгі түрі. Оған кіреді:
-энтомологиялық, фитопатологиялық, бактериологиялық, гельминтологиялық және т.б.мақсатта зиянкестерге, ауру қоздырғыштарға және арамшөптердің қауіпті тұқымдарына талдау жасау;
-табылған нысандардың барлық түрлерін анықтау;
-табылған нысандардың шаруашылық және карантиндік негізі туралы зертхана мамандарының қорытындысы.
Жан-жақты карантиндік сараптаудан өтетін нысандар:
1. Көшеттіктер, кесінділер гүлді пиязшықтар, түйнектер, тамырсабақтар және де басқа да көшеттік материалдар, сонымен қатар ғылыми-зерттеу мекемелерне жіберілген жабайы және мәдени өсімдік тұқымдары;
2. Халықаралық ғылыми айырбастау негізінде ботанкалық баққа басқа елден келетін субтропикалық, тропикалық, дәрілік, сәндік өсімдіктердің тұқымдық үлгілерінің почталық бандеролі;
3. Біздің елдің аз зерттелетін аймағынан немесе шет елден әкелінетін ботаникалық материалдар;
4. Тексеру барысында карантинді инспектордың іріктеуімен алынған көкөніс, жеміс, орех, өндірістегі астық, өндірістік шикізат, көшеттік материалдардың орташа үлгілері;
5. Импорттық өсімдік шикізатынан алынған өндірістік үлгілер қалдығы;
6. Кейбір жүктерді тексеру барысында карантинді инспектордың іріктеуімен алынған, сонымен қатар зерттеу кезінде алынған топырақ үлгілері;
7. Карантинге жатқызылған жеке тұлғаларға арналған халықаралық азық түлік жолдамалары;
8. Карантиндік маңызы мен жай-күйін бағалау мен талдауға арналған пайдалы жыртқыш жәндіктер мен паразиттер және тірі дақылды саңырауқұлақ жолдамалары;
9. Халықаралық ғылыми алмасу мақсатында ғылыми мекемелерден шет елге жіберілетін отандық отырғызу материалдары мен экспорттық себу үлгілері.
Сонымен бірге, зертханаға түрлерін анықтау немесе тексеру және анықтамасын растау үшін карантиндік инспекторлар тексеру, сараптау және зерттеу кезінде анықтаған ауру белгілері бар жәндіктер, арамшөп тұқымдары, бүтін өсімдіктер келіп түседі.
Зертханалық сараптаманы мұқият және мақсатқа сәйкес жүргізу қажет. Зертхана мамандары тек қана карантиндік объектілердің емес, сонымен қатар кең таралған зиянкестер мен өсімдіктерді, арамшөптердің тұқымдарын, аурулардың барлық даму кезеңдерінің сыртқы белгілерін білу керек.
Тексерудің жылдам және мұқият, сапалы, ал зертхана маманы берген зерттеу қортындысы білікті болуы маңызды.
Жан-жақты сараптама нәтижелері туралы жалпы қорытынды екі-үш күннің ішінде, ал тірі өсімдік материалы (көшеттер, шыбықтар, гүл баданалары. түйнекетер) туралы - ең кем дегенде келесі күні беріледі. Күрделі және ұзақ мерзімді зерттеу (бактериологиялық, фитопатологиялық, гельминтологиялық, рентгенографиялық) жүргізу қажет болған жағдайда материалдарды және олардың карантиндік жағдайы жөніндегі қорытындыларды кешіктіру мерзімі бір айдан аспау керек.
Зертханалық сараптама барысы мүмкіндігінше көліктерді кешіктірмеуге, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен сауда ұйымдарының жұмысына кедергі жасамауға, және ең бастысы өсімдіктерді отырғызумен айналысатын компаниялардың мерзімін созбауға тиіс.
Барлық сараптама түрлерін тексерілмеген материалдардың өткізілуіне, сондай-ақ үлгілердің кездейсоқ залалдануына немесе ластануына жол бермейтіндей етіп ұйымдастырылуы керек.
Шетелден алынған кез-келген егістік және отырғызылатын материалға ұқыптылықпен қарап, оның ақысы валютамен төленгенін ұмытпау керек. Сондықтан, егер алынған пакет жыртылған немесе жіктері ажыраған болса, тұқымдардың оның ішінен шашылу қауіпі бар болса, оны жөндейді немесе жаңасына ауыстырады, ал жыртылған пакетті оған жазылған жазуларымен бірге міндетті түрде жаңа пакетке салады. Егер посылкада немесе бандерольда бірнеше жыртылған немесе дұрыс желімделмеген пакеттерден шашылып кеткен аралас және иесіз тұқымдар бар болып шықса, онда оларды жинап бөлек пакетке салады да, оған тиісті жазу жазып ортақ орауышқа салады. Оған қоса олардың залалсыздығын тексеру қажет.
Сараптама барысында заттаңбаларды (этикеткаларды) шатастыруға, әртүрлі сорт тұқымдарын, көшеттерін және басқа материалдарды араластырып алуға жол берілмеу керек. Мысалы, жұмыс барысында еденге кездейсоқ түсіп кеткен тұқымды қай пакеттен түскені белгісіз болса, басқа тұқымдармен бірге пакетке салуға болмайды. Бұл тұқымды ортасынан кесіп, ішін зиянкестермен зақымдалмағандығын тексерген соң, жою қажет.
Зертхана жұмыскерлерінің ұқыпсыздығынан бүтін үлгілердің немесе олардың бір бөлігінің жоғалуына жол бермеу керек.
Белгілі бір объекттермен қатты зақымдалған материалды қолданудан алып тасталынуы тиісті актімен рәсімделеді.
Зертханада келесі негізгі ережелер сақталу керек:
1. Орауышы шешілген өсімдіктерді және сараптау үшін төгілген тұқымдарды қараусыз қалдырмау қажет.
2. Бір үлгіні сараптау жұмысы басталғаннан кейін оны міндетті түрде аяқтап, содан кейін ғана қажет болған жағдайда жұмысты тоқтату қажет.
3. Келіп түскен бірнеше посылкаларды немесе үлгілерді бірден ашуға болмайды.
4. Талдануы келесі күнге қалдырылуы тиіс материалдардың орамын шешпей, есігі бекітілетін арнайы шкафта, ал тірі өсімдіктері (шыбықтары, көшеттері) бар қаптар мен жәшіктерді - орауыш материалдың ылғалдығын сақтай отырып, салқын жерде сақтау керек.
Сараптама жүргізілетін үстел кең, үстел әйнегімен немесе түссіз плексиглас табағымен жабылған және жеткілікті жарықтандырылған болуға тиіс.
Сараптаманы бастар алдында үстелдің үстіне жұмыс барысында қажет болуы мүмкін барлық заттарды: оптикалық және басқа да құрал-саймандарды, ыдыстарды, реактивтерді, материалдарды ыңғайлап қою керек.
Талдау жасалған, әлі талдау жасалмаған өсімдік материалдары үлгілеріне және басқа да қалдықтарға, сараптау кезінде жиналатын қалдықтарға және т.б. арнайы орын бөлінеді.
Әдетте мамандар үлкейткіші шағын 6x10 қалта лупасын пайдаланады. Жұмыс үшін БЛ типті бинокулярлық маңдай лупасы, сағаттық көз лупасы және тірегіштегі лупа ыңғайлы, себебі олар екі қолды бос қалдырады. Көптеген жағдайларда материалды зертханаларымызда және шекаралық карантиндік пункттерде қолданылатын МБС типті бинокулярдың көмегімен тексереді.
Тұқымның үлкен үлгілерін эмальданған ақ немесе терең қуысты, көлемі 20х25, 30х40см ыдыстарда анықтайды.
Тұқымның шағын үлгілерін үш жағы бекітілген тығыз ақ қағаздарда қарайды.
Жұмыс аяқталғаннан кейін щетканың көмегімен үстелдің айналасындағы өсімдік қалдықтарын, мүк бөлшектерін және т.б. қалдықтарды жинап өртеп тастайды. Үстел үстінде төселген жапқыштар мен шыны әйнектерді 96%-дық спиртпен залалсыздандырады, ал тұқымдарды қараған қағаздарды жойып жібереді.
Энтомологиялық, фитопатологиялық және т.б. сараптау нәтижесінде анықталған барлық карантиді немесе карантинді емес нысандарды жеке-жеке шыны түтіктерге салып, әрбір түтіктің ішіне тушь немесе сызбалық қаламмен жазылған заттаңба салынады.
Заттаңба мәліметтерін келесідей белгілі тәртіппен орналастырған жөн:
1. Сараптау хаттамасының нөмірі;
2. Материал шығарылған елдің атауы;
3. Табылған орны;
4. Өнімнің немесе өсімдіктің орысша немесе латынша атауы;
5. Зиянкестің, аурудың және арамшөптің қай сатыда, қандай жағдайда және ненің арасынан, немен бірге табылғаны жөнінде мәлімет;
6. Сараптау жүргізген адамның аты-жөні;
7. Сараптау жүргізілген күні.
Карантиндік экспертизаға түскен кез-келген материалды тіркеуге дейін міндетті түрде энтомолог маманы тексеруі тиіс. Жұмысшылар киімдерінезиянкестердің тарап, жан-жаққа ұшып кетпесіне кепілдік беру үшін,өсімдік материалдарының үлгілері мен жолдамаларын ашуға энтомолог маманы тікелей қатысуға міндетті.
Жолдамалар мен үлгілерді ашып тексеретін бөлмелердің терезелері мен желкөздері, әсіресе жаз кезінде жабық болуы тиіс немесе дәкемен, капрон тормен бекітілуіқажет.
Энтомолог бунақденелермен зақымдалған жолдамаларды ашу барысында, олардың белсенді күйде болуы мүмкін деген күдік туған жағдайда, олардың жан-жаққа тарап, ұшып кетпеуіне қажетті құрал жабдықтардың барлығын қамтып дайын болуы қажет. Егер жолдамада белсенді бунақденелер кездескен жағдайда тез арада қайта жауып, пленкамен орап, фумигациялауға жібереді немесе 5-10 минут тоңазытқыщқа салып қояды. Тоңазытқыштан алынған жолдаманы қайта ашып, бөжектерді теріп алып, тексеру жұмыстарын жалғастыруға болады.
Зертханада әрбір үлгінің, жолдаманың сараптамасы белгілі бір тәртіппен өтуі қажет.
Зертханалық сараптамаға келіп түскен өсімдік және жануар материалдарын ең алдымен арнайы журналға тіркейді.
Инспектордан келіп түскен әрбір жолдамаға немесе басқа да материалдарға бекітілген формада сараптау хаттамасы жазылады. Хаттама - зертхана мамандары сараптау нәтижесін жазатын және өздерінің қолдарын қоятын негізгі ресми құжат болып табылады. Хаттамалар зертханада 5 жылға дейін сақталады, содан кейін мемлекеттік архивке мәңгі сақтауға жіберіледі. Хаттаманы мыжымай, түзетусіз мұқият толтырған жөн.
Тіркеуден және хаттаманың көшірмесінен кейін барлық материалдар энтомологиялық сараптауға келіп түседі. Себебі онда тірі бунақденелілер болуы мүмкін, болған жағдайда олар фумигацияланып басқа мамандарға жіберіледі.
Әдетте, акарологиялық (кенемен зақымдалғанын анықтау) сараптаманы қамтитын энтомологиялық сараптамадан кейін зерттеліп жатқан материал хаттамамен бірге фитопатологиялық сараптамаға беріледі.
Фитопатолог маманы келіп түскен материалға карантиндік және саңырауқұлақ ауруын тудыратын қоздырғыштарға, басқа да ауруларға сараптама жасайды, сонымен қатар үлгіде топырақ кездессе оны да тексереді, содан кейін жолдаманы бактериологиялық сраптауға жібереді.
Барлық өсімдік материалдары (тұқымдар, көшеттер, баданалар, тамырсабақтар), сондай - ақ үлгідегі топырақ гельминтологиялық сараптамадан өтеді, яғни бұл карантиндік және басқа да нематодалардың зиянды түрлеріне қарсы тексеріледі.
Содан кейінүлгілер арамшөптермен айналысатын мамандарға беріледі, олар карантиндік немесе басқа да зиянды арамшөптерге қарсысараптау жұмысттарын жүргізеді.
Барлық зерттеу жұмыстары біткеннен кейін хаттамалар карантиндік зертхананың директорына немесе карантиндік инспекторға беріледі, ол сараптау нәтижелерін ескере отырып, келесі шараларды жасау үшін хаттамаға қорытынды енгізеді.
Карантиндік немесе карантиндік емес тірі зиянкестер табылған көшеттік материалдар мен тұқымдар оралған жолдамаларды герметикалық, вакуумдық немесе жай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зертханалық сараптама жүргізу ережелері
Өсімдік карантині жайлы
Карантиндік тексерулер
Өсімдік карантині бойынша халықаралық ынтымақтастық
Ұшадан теріні сыпыру
Ветеринария саласындағы мемлекеттік реттеу
Халықаралық почтамтардағы карантинге жатқызылған материалдарды тексеру
Қазақстандағы ветеринария қызметі және ҚР «Ветеринария туралы» заңы туралы мәлімет
Евразиялық экономикалық қауымдастығына мүше мемлекеттердің аумағына жануарлар, жануар текті шикізаттарға қойылатын ветеринариялық талаптар. Жануарларды айдап жеткізу кезіндегі ветеринариялық-санитариялық қадағалау
Қазақстандағы ветеринариялық қызметтің құрлымы
Пәндер