Ақтөбе қаласының химиялық өндірістерінің өнімдері


Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. Ақтөбе қаласының химиялық өндірісі туралы жалпы сипаттама; . . . 4

2. Ақтөбе қаласының химиялық өндірістерінің өнімдерінің сипаттамасы, олардың қолдану салалары; . . . 7

3. Ақтөбе қаласының 2020 жылға дейін химиялық өндірістерін дамыту жоспары; . . . 10

Қорытынды . . . 12

Қолданылған әдебиеттер . . . 13

Кіріспе

Ақтөбе облысы теңдессіз минералды-шикізат базасын иеленіп жатыр. Оның территориясында көмірсутекті шикізатының, (мұнай, газ және газ конденсаты) Қазақстан территориясындағы барланған қорының 10% және болжамды ресурстарының 30%, сондай-ақ, республикадағы жалпы қордан отандық хромның барлық қоры, никель - 55%, титан - 40%, фосфор - 34%, мырыш - 4, 7%, мыс - 3, 6%, алюминий - 2%, көмірдің 1, 4% жинақталған. Облыс әлемде хром рудасы қорының - 400 млн тн. шамасымен бірінші орынды, Қазақстанда мыс рудасынан - 100 млн тн. (құрамында таза мыс-1, 5 млн. тн. ) және өндірістік мұнай қоры - 900 млн. тоннасымен үшінші орынды иеленді. Мұндағы жер қойнауында алтын, күміс, кобальт, калий тұздары, асбест, каолин, әйнектік және түсті тастық шикізаттар, табиғи әшекей материалдары, минералды сулар, құрылыс материалдарына қажетті шикізаттар, өзге де табиғи байлықтар бар.

«Ақтөбе қаласының химиялық өндірістері» тақырыбын зерттеудің міндеттері мен мақсаттары:

  • Зерттеудің міндеттері:

-Тақырыпты ашуға тырысу;

-Студенттерде Ақтөбе қаласының химиялық өндірістері жөнінде жалпы түсінік қалыптастыру;

  • Зерттеудің мақсаттары:

-Ақтөбе қаласының химиялық өндірістерімен;

- Өндіретін өнімдерімен танысу;

- Қаланың химиялық өндірістерін дамыту жоспарларын танып білу.

1. Ақтөбе қаласының химиялық өндірісі туралы жалпы сипаттама

Ақтөбе қаласында импорттаушы ірі зауыттарға тоқталып кетсем:

ЖШС « Стройдеталь »1998 жылы ТББ зауытынң базасында тұрғызылды.
Қазіргі таңда ЖШС «Стройдеталь» Қазақстанның ірі темір-бетон зауыттарының қатарына кіретін көпсалалы кәсіпорын. Темір-бетон бұйымдар, түйіршікті тастар, әкті Батыс Қазақстанның құрылыс объектілеріне жеткізетін негізгі зауыт болып табылады.
Мыңнан астам бетондық және темір-бетондық бұйымдардың атауын және басқа да құрылыс материалдардың тізімін оның ішінде:ұсақ тастар, флюсті және құрылыстық әк, тауарлы бетон, тауарлы арматура, жиһаз және т. б. шығарады.
Жинақты темір-бетон барлық құрылыс түрлеріне -автомобильді жолдардың көпірлері, жол және аэродромдық жабынды, энергетикалық, мұнайгаз шаруашылығына және инженерлік құрылыстарына арналып шығарылады
Темір-бетондық бұйымдардың өндірісі европалық заманауи технологиялар бойынша европалық фирмалардың құрылғыларына жасалынады. Олар «Tensyland» (Испания), « Weiller» (Германия), «Pedershaab» (Дания), «Compakta-3000» (Россия-Испания) .

Ақтөбе Ферроқорытпа Зауыты , “Феррохром” акционерлік қоғамы - химиялық тәсілдермен сапалы, аса берік шойын өндіруге қажетті ферроқоспалар шығаруға мамандандырылған металлургиялық кәсіпорын, Қазақстан қара металлургиясының тұңғышы.

1996 ж. наурызда акционерлік қоғамға айналды. Зауыт құрылысы 1940 ж. хромит кендері кенішінің маңында (Хромтау қ. ) басталып, оны екі кезекпен бітіру көзделді. 1943 ж. 20 қаңтарда зауыттың 1-балқыту цехының 1-пеші тұңғыш рет металл берді. Құрылыстың қалған кезеңдері соғыс кезінде жүргізілді. 1951 ж. балқыту цехында ферротитан өндірісі басталды. 1958 ж. орта көміртекті феррохромды конвертерде оттегімен үрлеу технологиясы игерілді. Бұдан кейінгі жылдары феррохромды вакуумтермиялық әдіспен шығару, кешенді модификаторлар өндірісі игеріліп, аса берік шойын өндіруге арналған магнитті сперация тәсілімен ферроқорытпа қоқыстарын өңдеу цехының құрылысы іске қосылды. 1997 ж. зауыттың барлық балқыту пештерін газбен тазартатын аса тиімді қондырғылардың құрылысы толық аяқталды. Сол жылы Қазақстанда тұңғыш рет металл хром мен көміртегінсіз феррохром өндірісінің технол-сы игерілді. Қазір ферроқорытпа өндіру көлемі жылына 200 мың т. Зауыт төмен көміртекті, орта көміртекті, жоғары көміртекті феррохром, 48% ферросиликохром, металл хром, металл қоспасы, ферроқоспаларымен қоса кальций карбидін, силикат кірпішін, қоқыс қиыршағын, технологиялық және медициналық оттегін, отқа төзімді бұйымдарды, әк және басқа да өнімдер шығарады. Зауыт құрамында ферроқорытпа өндіретін үш негізгі балқыту цехы, шихта әзірлеу цехы, механикалық және энергетикалық жабдықтарды жөндеу цехы, темір жол цехы, әк өртеу цехы, оттегі учаскесі және өндіріс қалдықтарынан қосымша өнім шығаратын цехтар жұмыс істейді. Зауыттың мемлекеттік және Еуроодақ елдерінің стандарттары бойынша шығарған сапалы ферроқоспалар мен басқа да өнімдері Еуропа елдеріне, Жапонияға, АҚШ-қа жөнелтіледі. Қазақстанда зауыт өнімі машина құрылысы саласында пайдаланылады. Қазақстан үкіметінің хром өнеркәсібі кәсіпорындарының бір тобын шетел компанияларының басқаруына беру туралы шешіміне сәйкес бұл зауытты басқару “Джапан хром корпорейшн” компаниясына тапсырылды. Кәсіпорын акциясының 10%-ін кәсіпорын ұжымы, 90%-ін “Казхром” ұлттық компаниясы, соның ішінде 55%-ін “Джапан хром корпорейшн” компаниясы алады.

Шығарылатын өнімнің сапасы халықаралық талаптарға сай болғандықтан, сұраныс азаймаған. Сондықтан өнім көлемін азайту мәселесі де туындамайды. Жарты ғасырдан астам тарихы бар алып зауытта жылына 100 мың тонна хром өңделеді.

Ақтөбелік ферроқорытпа зауытында (АкФЗ) бірінші рет магний термиялық əдісті қолданып ферротитанды шығаруда, оның құрамында 75% Ti бар, металлургияда жəне машина жасайтын зауыттарда, аэрокосмостық өнеркəсіптерінде жəне сирконий балқымасында жоғарғы сқраныс бар деп есептелінеді. Осы проектіні іске асыру үшін, төменгі ильменитті кен орындарын пайдалануға тиісті боламыз; Шоқаш Актөбе облысында, Обухов жəне Кокшетау облысында, Қараөткел, Шығыс-Казахстан облыстарында. Жоғарыдағы көрсетілген кен орындарын байыту арқылы алынған селективті өнім концентратты: ильменит, рутил жəне цирконий.

Ақтөбе ферроқорыту зауыты (АкФЗ) көмірқышқылды феррохром (ФХ800, ФХ900) - 93850т/жылына, тазаланған деген феррохром маркасын - 33900т/жылына өндіреді, хромды Донның кен орнынан алғызады, олар жылына 296700т/жылына өндіреді, оның ішінде 30% ұсақ-түйек болады (89000т) . Дегенмен өнеркесіптің ары қарай дамуына конъюнктурлы сауда бағасына байланысты өзгеріп тұрғандықтан хромның қорытпасын алу үшін АкФЗ осы уақыт ішінде төмендегі шаралар қаралуда, шығаратын қорытпаның түрін көбейтуге жəне хром қорытпасының өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді: титан кен орнын байыту арқылы оның нəтижесінен ильменитті концентрат алып, кесектендіреді, ферротитан маркасы ФТ75 өндірісіне пайдаланады; тазаланған феррохром сортын балқыту технологиясының тиімді түрін пайдалану; металды хромның қорытуының технологиясын игеру мен оның оптимазциясы; хромды кен орнында жайылып қалған ұсақтарын кесектендіру; ферроқорытпаның кіші бөлігін қазу технологиясын жəне өндірісте кең түрде қолдану, бұрын Қазахстанда шығарылмаған (ферровольфрам, ферромолибден, құмында магний бар лигатур, ферроцирконий жəне т. б. ) .

Ақтөбе Хром Қосындылары Зауыты - хром қосындыларын өндіруге мамандандырылған кәсіпорын. Ақтөбеде орналасқан. 1995 жылдан “Ақтөбе хром қосындылары зауыты” акционерлік қоғамы (АҚ) . Зауыттың бірінші кезегі 1957 ж. іске қосылды. Толық жобалық қуаты 1960 ж. игерілді. 1963 ж. екінші кезегі (монохромат және бихромат өндірісі) іске қосылып, кәсіпорынның қуаты үш есе артты. 1965 ж. хром ангидридін өндіретін бөлімше мен күкіртті натрий цехы пайдалануға берілді. 1966 ж. мемлекеттік комиссия реактивті тұздар цехын қабылдап алды. Оның өндірістік алаңында 1974 ж. алюмо-хромфосфат қоспасы өндірісі ұйымдастырылды. Бұдан соң да өндірістің өзекті буындарында технологияны жетілдіру, еңбек жағдайын жақсарту, өндірісті автоматтандыру мен механикаландыру, өндіріс қалдықтарын пайдалану саласында жарақтандыру жұмыстары атқарылды. Зауытта натрий монохроматы және натрий бихроматы, хром ангидриді, хром тотығы, хром малмасы және күкіртті натрий өндірістері жұмыс істейді. Хром кені барабанды айналмалы пештерде доломит және кальциленген содамен бірге тотықтыра күйдіру жолымен өңделеді. Хром қосындылары халық шаруашылығының сан алуан саласында: тоқыма, былғары және тері өңдеу өнеркәсібінде тері илеуге, авиация, машина және приборлар жасау, газ, мұнай және мұнай өңдеу өнеркәсібінде катализатор ретінде, лак-бояу, парфюмерия, дәрі жасау және химия өнеркәсібінде тотықтырғыш әрі бояу ретінде, жол құрылысы және басқа да өндірістерде қолданылады. 1997 ж. 83418 т хром тұздары өндірілді. Зауыттың өнімдері 31 шетелге (АҚШ, Жапония, Англия, Бельгия, Франция, Германия т. б. ) шығарылады. Кәсіпорынның жылдық қаржы айналымы 3003, 9 млн. теңге. Жеке меншік түрінде басқарылады. Акциясының 31%-і мемлекет қолында АХҚЗ-да 10 цех орналасқан. Цехтардың арасы белгілі бір ретпен, алгоритммен орналасқан. Себебі бір цехтан шыққан өнім келесі цехқа барып жаңа бір хром қосылысы түзіледі.

Зауыт цехтары:

-натрий монохроматы цехы

-натрий бихромат цехы

-күкіртті натрий цехы

-металлургиялық хром тотығы цехы

-пигменнті және абразивті хром тотықтарының цехы

-калий бихроматы цехы

-натрий тиосульфаты цехы

-хром илегіштері цехы

-хром реактивтері және аз тоннажды өнімдер цехы

2. Ақтөбе қаласының химиялық өндірістерінің өнімдері, олардың қолдану салалары.

Ақтөбе металл емес құбырлар зауыты:

"Ақтөбе металл емес құбырлар зауыты" ЖШС - бұл жас, тез дамып келе жатқан кәсіпорын. Зауыт мұнай газ өнеркәсібі үшін шыны пластикалық құбырларды және фитингтерді, соның ішінде ағатын, қысымды мұнай және су құбыр желілерін, сондай-ақ сорғы-компрессорлық және шеген құбыраларды шығаруына мамандандырылады.

Шыныпластикалық құбырлардың болат құбырлармен салыстырғанда бір қатар маңызды артықшылықтары бар екен:

-биік беріктік, қоспаланған болаттардың беріктігіне жету;

-ұқсас тағайындаудың болат құбырлардан салмағы төрт есе азырақ;

- биік коррозиялық беріктік;

- агрессиялық сұйықтықтарға биік химиялық беріктік;

-бөлініп шығатын тұздардың болмау жəне бөлініп шығатын парафиннің төмендеуі;

-динамикалық жүктемелерге биік беріктік;

-кəдімгі болат құбырлармен салыстырған- да 3-4 есеге гидравликалық кедергі коэффициентінің азаюы;

-ұзақ қызмет мезгілі (50жыл) ;

-эксплуатациялық шығынның азаюы.

Ақтөбе Хром Қосындылары Зауыты:

Хром рудасы -құрамы күрделі табиғи минерал. Құрамында хром, темір, алюминий, кремний, магний, кальцийдың және тағы да басқа элементтердің қосылыстары бар. Бұл құрам басқа да табиғи материалдар сияқты тұрақты емес, яғни өзгеріске ұшырауы мүмкін. Оған себеп хром рудасының кен орнында біртекті массивпен орналаспай, бос қабаттарымен болуы. Әдетте хром қосылыстарын өндіретін зауыттар құрамында хром тотығы- 45-52 %, кремний тотығы -6-12 %, алюминий тотығы -6-10 %, темір тотығы -12-17%, магний тотығы-10-14%, су -5% дейін бар руданы алады. Руда ірі ұнталған масса түрінде беріледі, арасында тастар болуы мүмкін.

Руда сапасына қойылатын талаптар техникалық шарттармен келісілген. Оның ең негізгісі-максимальді мүмкін хром тотығының құрамы(49 % кем емес Cr 2 O 3 ), минимальді мүмкін кремний тотығының құрамы. Құнарсыз рудамен жұмыс істеу-тәжірибеде қыздыру процесінің нашарлауын туғызды. Сол себептен рудадан хромды алу проценті төмендейді, және де алюминий, кремний, темір қосылыстарымен монохромат ерітінділері өте көп мөлшерде ластанады. Сонымен қатар, процесстің техникалық-экономикалық көрсеткіштер нашарлайды. Яғни, пештің өнімділігі құлдырайды, соданың шығымы көбейеді және т. б.

Хромның негізгі бөлігі (никелмен бірге) тат баспайтын ыстыққа төзім болат 11 өңдірісіне кетеді. Легирленген хроммен болаттарды подшивник, автомабиль бөлшектерін, торактор, локомотив, турбин жасау үшін қолданады. Хромды сонымен қатар металл (металл емес) заттарды əдемі жəне төзімді болу үшін бетін электролитиялық қаптама үшін қолданады. Магнезитті жəне хромдалған кірпіш - жоғарғы сапалы жəне отқа төзімді материал болып келеді. Хромның химиялық қосылыстарын əйнек, кеманика, талшықты өнеркəсіптерінде краска ретінде қолданады. Рубин кристалдарының құрамында лазерлі қондырғыны орнату үшін аз мөлшерде хром оксидін қосады

Ақтөбе ферроқорытпа зауыты:

Ферроқорытпалар - бұл темір кремниймен, марганцпен, хроммен, вольфраммем жəне басқа да элементер қорытпалары, өндірісте оларды болаттық лигерлеу жəне қасиетін арттыру үшін қолданады. Таза болат металынан қарағанда темір қосылған болат қорытпасы төменгі температурада тез ериді жəне пайдалы. Себебі таза техникалық металлға қарағанда болат қоспасы арзан болады. Ферроқорытпа алу үшін шикізатта кендер немесе концентраттар болу керек. Негізгі болат өндірісі - ферросилиций, ферромарганц; силикомарганц жəне феррохром - кендерді пайдаланады, сонымен бірге ондағы тотық элементтерде тотықсыздану жоғары. Ферровольфрамды, ферромолибденді, феррованадиді, ферротитанды жəне басқада кендерді өндіру кезінде болат қорытпаларын немесе аз концентрациямен оған қоса пайдалы элементтермен байытады, құрамында жоғарғы негізгі сілтілік элементті ала отырып. Ферроқорытпаларды сəйкес металдардың тотықтарын тотықсыздау нəтижесінде алады. Əрбір қорытпаны алу үшін сəйкес келетін қайта өңдеу мен жағдайды жасауды, өңделіп жатқан жетекші элементтен жоғары көлемде қамтамассыз ету үшін таңдау қажет.

ЖШС «Стройдеталь» :

Бетон (фр: bton, лат. bіtumen - тау шайыры), құйматас - жасанды тас материал; байластырғыш заттар (цемент, гипс, алебастр, әктас, т. б. ), су (кейде сусыз) және толтырғыш материалдар (құм, малтатас, қиыршықтас, т. б. ), кейде арнайы үстеме заттар қоспасының қатаюы нәтижесінде алынады; маңызды құрылыс материалы. Қоспа қалыпқа құйылғанға дейін бетон қоспасы деп аталады.

Бетон құрамындағы байластырғыш түріне қарай: органикалық емес байластырғыштармен алынған бетон (цементті бетон, гипсбетон, силикатты бетон, т. б. арнайы бетондар) және органикалық байластырғыш заттармен алынған бетон (асфальтбетон, полимербетон) болып жіктеледі. Орташа тығыздығына (көлемі бойынша) байланысты аса ауыр (2500 кг/м3-ден жоғары), ауыр (1800 - 2500 кг/м3), жеңіл (1800 - 500 кг/м3), өте жеңіл (500 кг/м3-ден төмен) болып бөлінеді.

Қолдану түріне қарай құралымдық, құралымдық-жылу оқшаулағыш, жылу оқшаулағыш және арнайы жасалған бетондар (отқа төзімді, қышқылға төзімді, жолға төсеуге арналған, т. б. ) болып ажыратылады.

Бетонның ең басты қасиеті оның беріктілігінде. Беріктілігі негізінен байластырғыш материалдардың түрі мен сапасына, бетонның орташа тығыздығына байланысты. Сондай-ақ, ол бетон бұйымдарының маркасымен (сығымға беріктілік шегімен, осьтік созылуымен немесе иілу кезіндегі созылуымен) сипатталады

Ақтөбе қаласының 2020 жылға дейін химиялық өндірістерін дамыту жоспары

Облыста ірі компаниялардың мынадай ілеспе өндірістерді дамытудағы рөлін күшейту қажет:
-каустик содасы, хлорлы газды, тұз қышқылы, синтетикалық каучук;
-тұз қышқылы, синтетикалық каучук, фасонды профиль, ферроқорытпа пештер, вулканды резеңкеге және әктасқа арналған электродты масса өндірісі.
Тау кенін өндіру өнеркәсібін дамыту. «Юбилейное» кен орнында хром кенін, алтын рудасын одан әрі өндіруді және өңдеуді дамыту, 2, 6 мың жұмыс орнын құра отырып, мыс қорыту зауытын, өнімділігі жылына 10 мың тоннаны құрайтын никель штейнін өндіретін зауыт салу қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Атырау облысының экономикалық потенциялы
Алматы қаласының физика-географиялық сипаттамасы
Қорғасын шаңынан таллийдi алу үрдiсiнiң технологиясы
Қазақстан өнеркәсібін әртараптандыру және одан әрі жаңартудың негізгі бағыттары
Судың ластануы
Қазақстан Республикасының өнеркәсібі мұнай­химия саласының қазіргі жай-күйін талдау
Қазақстан Республикасының өнеркәсібі мұнай-химия саласы
Химия өнеркәсібі
Қазақстан аймақтарының әлеуметтік - экономикалық дамуын реттеу жүйесін қалыптастыру
Қазіргі қаланың экологиялық проблемалары және халықтың денсаулығына әсер ететін факторлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz