Қазақстандағы тіл саясатын Қазақстан халқының рухани негізгі принциптерін жүзеге асыру құралы ретінде кешенді түрде зерттеу


Мазмұны
Кіріспе 3
1 Қазақстан Республикасының тіл саясаты - мемлекеттің
ұлт саясатының ажырамас бөлігі 5
- Тіл саясаты - ұлтаралық қарым-қатынас мəдениетінің негізі 5
- Тілдің құқықтық мәртебелері және тіл саясатындағы орны 10
- Қазақстандағы тіл саясатының қазіргі жағдайын талдау 14
- Қазақстандағы тіл саясаты - Қазақстан халқының
рухани негізгі принциптерін жүзеге асыру құралы ретінде 18
- Мемлекеттік тіл және оның қоғамдағы рөлі 18
- Қазақстандағы мультилингвизм: тіл саясаты және мемлекеттік
тілді жаңғырту мәселесі 25
- Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың
2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы 29
3 Үш тұғырлы тіл саясаты 47
3. 1 Денешынықтыру және спорт саласы мамандарының үш тілді
меңгеруінің маңыздылығы 47
3. 2 Үш тұғырлы тілдің болашағы жарқын 53
Қорытынды 59
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 61
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Кез келген қоғамның дамуындағы күрделі құбылыстардың бірі - тіл мәселесі болып табылады. Қай уақытта болмасын тіл құрылысының қоғамдық және мемлекеттік маңызы жоғары болған. Соған сәйкес, тіл - халықтың тұтастығының негізі. Тілдің адам өмірінің философиясы мен ойлау жүйесін қалыптастыратындығы белгілі.
Кеңестік жылдардағы саясат бойынша коммунизмге жету үшін барлық халықтың бір тілді болуы басты шартқа айналып, соның нәтижесінде орыс тіліне ерекше мүмкіндік беріліп, оны игерудің маңыздылығы жоғары тұрды. Нәтижесінде, сол дәуірдегі қазақ қоғамында халықтың дүниетанымы өзгерістерге ұшырап, қазақтардың өз тіліне, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына немқұрайлы қарау құбылысы байқалды. Кеңестік дәуірдегі Қазақстанда жүргізілген тіл саясатының теріс салдары әлі де жойылған жоқ. Сондықтан, тіл саясаты тарихын зерттеу, оның мән-мағынасын түсіну бүгінгі күні қоғамда туындап отырған мәселелердің шешімін табуда бағыт-бағдар беретіндігі анық.
Ұлттың дамуындағы аталған ауытқушылықтар бүгінгі таңда мемлекеттің алдында ұлт және тіл саясаты бойынша ауқымды міндеттердің жүзеге асырылуын талап етеді. 2014 жылдың 17 қаңтарында Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында «Қазақ тілі мәселесіне келетін болсақ, бүгінде біздің тіліміз ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды. Қазақ тілінде білім алатындардың саны жыл өткен сайын артып келеді. Еліміз бойынша мемлекеттік тілді оқытатын 57 орталық жұмыс істейді. Одан мыңдаған азаматтар қазақ тілін үйреніп шықты және әлі де үйренеді. Былтырға қарағанда биыл қазақ тілін білемін деген өзге ұлт өкілдерінің саны 10 пайызы өсті. Бұл да біраз жайттан бізге хабар береді», - деп тоқталды. Президенттің сөзіне қарағанда, тек соңғы үш жылда мемлекеттік тілді дамытуға республика бойынша 10 миллиард теңге жұмсалған. «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік Тіл болды. Бұл мәселені даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн. Біздің тіліміз мемлекеттің барлық жүйесінде қолданылуы үшін, барлық жерде керек болуы үшін біз өзімізді өзіміз қамшылауымыз керек және осыған өзіміз атсалысуымыз қажет», - деді Елбасы Н. Ә. Назарбаев.
Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ бөліміне жатады және шамамен 8-8, 3 миллион адамның ана тілі болып табылады. Қазақстанда 2009 жылы жүргізілген санақ бойынша 9 982 276 адам ана тілі ретінде қазақ тілін белгілеген. Сонымен қатар, республикада тұратын 1, 8 миллионға жуық басқа халықтар да қазақ тілін белгілі бір деңгейде меңгерген.
Зерттеу жұмысының нысаны - Қазақстандағы тіл саясаты.
Зерттеу жұмысының мақсаты - Қазақстандағы тіл саясатын Қазақстан халқының рухани негізгі принциптерін жүзеге асыру құралы ретінде кешенді түрде зерттеу болып табылады.
Аталған мақсатты жүзеге асыруда мынадай міндеттерді шешу талап етіледі:
- тіл саясатын ұлтаралық қарым-қатынас мəдениетінің негізі ретінде қарастыру;
- Қазақстандағы тіл саясатының қазіргі жағдайын талдау;
- Қазақстандағы мультилингвизм: тіл саясаты және мемлекеттік тілді жаңғырту мәселесін саралау.
Зерттеу жұмысының теориялық негізі: Тақырыптың мазмұнын ашу үшін бірнеше авторлық ғылыми жұмыстар, баспасөз беттерінде жарияланған ғылыми мақалалар, сонымен қатар интернет желілеріндегі берілген мәліметтер қолданылды. Атап айтқанда, С. С. Кунанбаева «Современное иноязычное образование: методологии и теории», Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі, Ф. Оразбаева «Тілдік қатынас» сияқты отандық ғалымдардың еңбектері басшылыққа алынды.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс үш тараудан, тарау өз ішінде бөлімдерден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- Қазақстан Республикасының тіл саясаты - мемлекеттің ұлт саясатының ажырамас бөлігіТіл саясаты - ұлтаралық қарым-қатынас мəдениетінің негізі
Тіл саясаты - тіл тағдырын белгілейтін мемлекеттік шаралар жүйесі. "Тіл саясаты" ұғымы алғашында "ұлттық саясат", "шаруашылық саясат" терминдерімен қатар пайда болып, өзінің мазмұны жағынан партиялық және мемлекеттік саясаттың ұлт мәселесіндегі тілге қатысты жағын білдірген. Ал, кейінірек бұл терминнің мазмұны кеңейтіліп, әлеуметтік сөйлеу дәстүрін саналы бағытта басқару деп түсіндірілді. Басқаша айтқанда, тілдік даму процесін және оны басқарудың стихиялығына жол бермеуді көздеген саясат болды.
Тіл саясаты - тілдік дамуға қоғамның саналы ықпал етуінің теориясы мен тәжірибесі, яғни, қолданыстағы тілдерді белгілі бір мақсатта және ғылыми негізде басқару және тілдік жаңа қарым-қатынас құралдарын жасау болып табылады. Қазіргі кезде ұлт тілдері мәселесі өзекті мәселе болып отыр. Адамзат тарихында жүздеген тілдер жойылып, "өлі тілдерге" айналып кетті. Бәрінің де жойылу себебі - одан зор тілдің шығуы. Ал, оның өзі әділетсіз тіл саясатының салдары болып табылады.
Адамзат тарихының сандаған ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесі көрсеткендей қоғам мен мемлекет құрылымындағы күрделі құбылыс - тіл мәселесі болып табылады. Тіл ұлттың негізгі белгісі ретінде халықтың болмыс-бітімінің сақталуында шешуші рөл атқарады, оның рухани мәдениетінің бір бөлігі болып табылады, сондықтан да тіл өзіне деген құрметті талап етеді. «Тіл тағдыры - ұрпақ тағдыры, ұрпақ тағдыры - ел тағдыры» деген ұранды ұстанған қазақ халқы ғасырлар бойы елі мен жерін, діні мен тілін сақтап қалу жолында талай қиын-қыстау кезеңдерді басынан кешірді. Өйткені ана тілі мәселесі - сол тілде жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені мен бүгінгісін таразылай отырып, болашағын танытатын, сол халықтың мәңгілігінің мәселесі. [1]
Елдіктің негізгі шарттары, түптеп келгенде мемлекет тілінің, ұлт рухының көтерілген биігімен өлшенеді. Ата-бабамыз мұраға қалдырған ана тіліміздің мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілу жолын сөз еткенде, тарихты айналып өтуге болмайды. Елімізді ХХ ғасырда жетпіс жыл бойы билеген әкімшіл-әміршіл жүйенің ұстанған ұлт саясаты республикамызды мекендеген халықтардың табиғи даму заңдылықтарына ықпал етіп, туған тілінен, тарихы мен мәдениетінен айрылудың қатерлі жағдайына душар етті.
Мемлекеттік тілге мәртебе берілуі саяси жүйедегі маңызды мәселелердің бірі. Мемлекеттік тілмен бірге әрбір этностың ана тілінің бір деңгейде дамуы басты назарда болуы тиіс. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев мемлекеттік тіл туралы былай деп атап көрсетті: “Қазақстан азаматтары елдің мемлекеттік тілін құрметтеуге және оны оқып үйренуге, білуге тиіс. Бұл орайда, бұл тіл ел халқының басым көпшілігінің туған тілі екенін және болашақта оның мемлекеттік тіл ретінде болатынын ескеру орынды”. [2]
Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік тіл саясаты.
Біріншіден, империкалық өктемдік тіл саясатынан мүлдем ерекше. Екіншіден, ол тәтті қиялға емес, халық өмірімен тығыз байланысты,
қазіргі кездегі ахуалға сәйкес жасалған.
Үшіншіден, негізінен тілдік саясатта батыл да нақты мақсат қоя алған.
Төртіншіден, тілдік қатынастардың саяси-құқықтық негіздері одан әрі
жетілдіруді қажет етеді.
Мемлекеттік тіл мемлекеттік және қоғамдық өмірдегі неғұрлым маңызды функциялар атқарады. Бұл, ең алдымен, мемлекеттің барлық заң актілері қабылданатын тіл. Мемлекеттік тіл ресми шараларда, қызметтік хат-хабарларда, іскерлік қарым-қатынастарда қолданылатын тіл. Азаматтардың өтінішіне жауаптар да мемлекеттік тілде беріледі.
Мемлекеттік тілде барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдар, Қарулы Күштер жұмыс істейді. Есеп-санақ, қаржылық және техникалық құжаттар мемлекеттік тілде жүргізіледі. Және де мемлекеттік тіл елімізде сот ісін жүргізудің негізгі тілі болып табылады, сондай-ақ, бұл тілде елдің дипломатиялық өкілдерінің қызметі жүзеге асырылады, халықаралық шарттар жасалады, ресми қабылдаулар өткізіледі.
Мемлекеттік тіл төлқұжат, тууы туралы куәліктерді, білім жөніндегі құжаттады бергенде, тағы басқа ресми ұйымдардың атауларын жазғанда, оладың мөрлерінде, сонымен қатар маңдайша жазуларда, хабарландырулар мен көріністі ақпаратта міндетті түрде қолданылады.
Мемлекеттік тілдің қолданылуы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат және коммуникация құралдарында міндетті болып табылады.
Қазақстанның тіл саясатын даму эволюциясын соңғы жүз жылдықтағы төрт кезеңге бөліп қарастыруға болады:
- 1920-1938 жылдар - қазақ-орыс қостілділік кезең;
- 1938-1987 жыдар - орыс тілінің басым болуы, қолданыс аясының шектен тыс кеңейтілуі мен қазақ тілінің бәсеңдеуі;
- 1987-1995 жылдар -әкімшілік шаралар негізінде қазақ тілінің формальді түрде мәртебесінің көтерілу кезеңі;
- 1995 жылдан осы күнге дейін - қостілділіктің саяси жүйеге толыққанды енуі, қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілуі және әлеуметтік өмірдегі орыс тіліне ресми мәртебесі берілуі. Қазақ тілін өркендеуін жүйелі мемлекеттік шараларының іске асырыла бастауы.
Мемлекеттік тіл саясатынынң негізгі міндеті республика ауқымында қазақ тілінің тұтастығын сақтау болып табылады. Оның мәнісі мынада: мемлекеттік тіл бір аймақта үстемдік етіп, ал екінші бір аймақта толық іске қосылмай қалуына жол бермеу. Оңтүстік аймақта өзбек тілі, солтүстік аймақта орыс тілі қолданыста басым болып жатса не болмақ? Ал, екінші мәселе - қазақ тілінің өмірдің барлығы салаларында қолданылу қажеттілігі. Бірақ ол әліде болса азаматтарымыздың және мемлекеттік ұйымдарының қарым-қатынастарында тиісті дәрежеде қолданыс таппай келеді.
Мемлекеттік тіл саясатының басты бағыттарының бірі - мемлекеттік тілді барлық азаматтардың арнайы белгіленген көлемде меңгеру үшін жағдай туғызу болып табылады. Осы мақсатта халық топтарының этикалық, демографиялық, кәсіби ерекшеліктеріне сәйкес ақысыз оқыту орталықтарын құру қажет т. б. іс-шараларды жүзеге асыру қолға алынуда. [3]
Корпаративтік әдіс саяси - құқықтық тәжірибеде әр елде тілдің дамуын және тіл саясатының бірнеше варианттарын көрсетеді. Тіл саясатын жүргізуге шетелдік озық тәжірибелерге көңіл қойып, зер салған жөн. Қазақ тілінің құқықтық негіздері қолданыстағы республика Конституциясынан бұрын жүзеге асырыла бастады.
ХХ ғасырдың 80- жылдарындағы қайта құру саясаты тұсындағы республикамыздың зиялы қауымы қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беру туралы мәселе көтерді. Бұл жер - жерде қолдау тапты. 1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесі «Тіл туралы» Заң қабылдап, оның 1 - бабында «Қазақ тілі - Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады » - деп атап көрсетті. Бұл біздің рухани өмірімізде ерекше оқиға болды және жыл сайын 22 қыркүйекті Тіл мерекесі деп тойлайтынымыздың түпкі тарихы осы күннен бастау алады.
1997 жылы 11 шілдеде қабылданған «Қазақстан Республикасының Тіл туралы» Заңы туған тіліміздің мәртебесін тағы бір сатыға көтерді. Тілдердің мәртебелері анықталды: қазақ тілі мемлекеттік тіл, орыс тілі ұлтаралық қарым- қатынас тілі болып бекітілді. Заңның 27 бабының 12-сінде орыс тілінің мәселелері қарастырылып, 5-інші бабында «мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» деп жазылады.
Бұл заңдық нормалар жайдан-жай қабылданған жоқ. Орыс тілі бүгінгі қоғамымызда маңызды рөл атқарылып отыр. Республика халқының 55, 8% пайызын құрайтын қазақтардан кейінгі орында - орыс халқы (28, 3%) . Оның үстіне Қазақстан халқының 75 пайызы орыс тілін меңгерген. Бұл көрсеткіш қалалық жерлерде 84, 2 пайызды құрайды. Бүгін елімізде 2069 орыс мектебі бар. Онда оқушылардың 26, 1 пайызы оқиды. Арнаулы және жоғарғы оқу орындарында оқитындардың 45, 2 пайыздан астам білімді орыс тілінде алуда.
Осыдан бір ғасыр бұрын ұлы Абай «Орыстың ғылымы, өнері - дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі» - деген еді. Рухани атамыздың бұл өсиетінің маңызы бүгінде жойылған жоқ. Орыс тілінің қызмет аясының сақталуы Қазақстанның интеграциялық процестерге бет алуымен, ТМД елдерімен біртұтас мәдени және білім беру кеңістігін сақтауы арқылы қамтамасыз етіледі. [4]
Еліміздің тіл Заңынын ең басты қасиеттерінің бірі, оның демократиялық сипатында. Оның «Осы Заңын реттейтін мәселесі» деп аталатын екінші бап айқын дәлелдеп тұр. Онда былай делінген: «мемлекеттік, мемлекеттік емес ұйымдар мен жергілікті өзін -өзі басқару органдарының қызметінде тілдерді қолдануға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар осы Заң реттейтін мәселе болып табылады. Осы Заң жеке адамдар арсындағы қатынастарда және діни бірлестіктерде тілдердің қолданылуын реттемейді». Басқаша айтқанда, мемлекеттік тіл барлық уақыттта әрбір азаматқа зорлықпен таныла бермейді. Азаматтардың жеке қатынастарында және діни уағыздарда тілдің еркіндігі сақталады. Заңның демократиялығы, міне, осында.
Заңда Қазақстан Республикасында тілдердің қолдануының құқықтық негіздері, мемлекеттік олардың оқып - үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттері белгенген, сондай - ақ заң еліміздегі барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз етеді.
Қазіргі заман талабына сай ұлтаралық қарым қатынасты дамыту бүкілəлемдік ұйымдардың, үкімет пен парламент, саяси жəне мемлекеттік қайраткерлердің назар аударуына ықпал етуде. Ұлтаралық қатынас бұл қоғамдық қарым қатынасты өрбітудің бір түрі. Ұлтаралық қатынас мемлекеттік жағдайда негізгі екі мағынаға ие. Біріншіден, мемлекеттік қарым-қатынасты байланыстыратын, екіншіден, əр ұлт өкілдерінің қоғамдық байланысының бөлінбейтін бөлшегі.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 7 бабында:
- Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк тiл - қазақ тiлi.
- Мемлекеттiк ұйымдарда жəне жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады.
- Мемлекет Қазақстан халқының тiлдерiн үйрену мен дамыту үшiн жағдай туғызуға қамқорлық жасайды деп жазылған.
Тіл саясаты бүгінгі таңда мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігіне айналып, еліміздің қауіпсіздігіне, оның мемлекеттілігінің нығаюына тікелей қатысты мəселелер болып табылады.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев мемлекеттік тілдің өткені мен бүгінгісін ескере отырып, тілдің даму стратегиясының іргетасын қалап берді. «Үш тұғырлы тіл саясаты» негізінде қазақ, ағылшын, орыс тілдерін дамыту мəселесі көтерілгелі, мемлекеттік тілдің дамуына нұқсан келетін болды деп уайымдайтындар да баршылық. Дегенмен, Елбасымыздың өзі: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді» - деп ескертті. Ал, көпұлтты мемлекет ретінде орыс тілінің дамуы Қазақстанды мекендеген əр ұлт өкілдерінің арасындағы қарым-қатынас тілі ретінде, сыртқы саясатта, көршілермен байланыста аса маңызға ие. [5]
Мемлекеттік тілді барша қазақстандықтарды біріктіруші факторға айналдыру өзге ұлт тілінің есебінен болмайды, өзге ұлттар өз тілімен қатар мемлекеттік тілді меңгеріп, қостілді болуы шарт. Бұл - əлеуметтік сұраныс, өзге ұлт өкілдері осыны сезінуі қажет. Ғаламдандыру жағдайында мемлекеттік, ағылшын, орыс тілдерінен тұратын үштілділікті дамытудың қажеттігі айдан анық. Жалпы ана тілін еркін меңгеру жəне оны қоғамның түрлі салаларындағы қолданылуын кеңейту шаралары бірінші кезекте отбасынан, одан кейін биліктен бастау алады. Отбасы мен билікке дейін (балабақша, мектеп, жоғары білім ордасы, қызмет) ана тілінің жүйелі арқауы тартылған. Отбасынан бастау алмаған тіл жарытымсыз, салалық деңгейде ғана қызмет етеді. Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте жұмыс бабында қолданылатын тілге, басшының сөйлеу тіліне айналуы үшін кəсіби талап қойылу керек. Мысалы, тиісті құжатың болмаса, көлік рөліне отыра алмайсың. Оны талап ету кəсіби талап қою екені белгілі.
Қазақстан қазір өзіндік саяси жəне экономикалық жүйесі бар, көптеген əлем елдері мойындаған егеменді, тəуелсіз мемлекетке айналды. Тəуелсіздік жағдайдағы сол жылдардың маңызды жетістігі - Қазақстан Республикасы өзін бүкіл əлемге егеменді ел ретінде мойындатып, қазақ ұлтын, сондай-ақ, көпұлтты мемлекетімізді халықаралық деңгейде танытып бере алды. Мұнда бүгінгі таңда өзара татулық пен келісімде жүзден астам ұлттар мен этностар, этникалық топтар өкілдері тұрады. [6]
Дамыған, өркениетті қоғам құру, құқықтық мемлекет пен толыққанды азаматтық қоғам қалыптастыру қай елде болмасын, сол мемлекетте ұлттар мен халықтардың татулығынсыз мүмкін емес. Қазіргі кезде əлемде 3000-ға жуық ұлттар мен ұлыстар өмір сүріп отыр. Олар екі жүзден астам мемлекетке біріккен. Əлемдегі мемлекеттердің басым көпшілігі бірыңғай бірұлтты емес, көп ұлтты. Əлемнің аймақтарының халқы барған сайын этностық құрамы, мəдениеті мен өмір салты бойынша əр түрлі бола түсуде. Бұл шаруашылық пен қоғамдық өмірдің , халықаралық жəне ішкі мемлекеттік көші-қонның өсуі мен некенің санының артуының нəтижесі. Бұл заңды процесс болып табылғанымен, өкінішке орай көп жағдайда ұлтаралық шиеліністің күшеюіне, кейде тіпті қан-төгіске əкеленетін ашық дау-жанжалдарға да алып келіп ұрындыруда. Соған байланысты, ұлтаралық келісім мен татулық қазіргі таңда қоғамдағы көкейтесті мəселенің біріне айналып отыр.
«Біздің ортақ отанымыз - Қазақстанның қазіргідей қарыштап дамып отырғаны - елімізді мекендеуші барлық этностардың ынтымағы мен бірлігінің арқасы. Тəуелсіздігімізді тұғырлы ететін де, елімізді жаңа белестерге шығаратын да біздің осы қоғамдық татулығымыз. Бірліксіз ел тозады, бірлікті ел озады дейтін даналықтың шындығына бүгінде бəріміздің көзіміз жетіп отыр», - деп Елбасы Н. Ə. Назарбаев айтқандай бүгінде мемлекетімізде ұлттар достығы берік сақталып отыр.
Қоғамдағы ұлтаралық келісім мен татулыққа ықпал негізгі факторлардың бірі - тіл жағдайы. Кез келген халықтың тілі - оның салт-дəстүрін, əдет-ғұрпын, əдебиеті мен мəдениетін сақтауының негізі болып табылады. Соған сəйкес біздің елімізде де тіл саясатына мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп отыр. Тіл саясаты Қазақстандағы ұлт саясатының маңызды тармақтарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының бүгінгі таңда жүргізіп отырған тіл саясаты ең алдымен елдің əлеуметтік-саяси тұрақтылығына, қоғамдағы ұлтаралық, этносаралық келісімдерді нығайтуға бағытталған. Себебі, əр ұлттың тілі мен мəдениеті, даму жағдайлары белгілі бір мөлшерде халықтар арасындағы қарым-қатынастарға, байланыстарға да өзіндік əсерін тигізеді.
Қазақстан халықтарын біріктірудің шешуші факторы болып саналатын мемлекеттік тілді дамыту мəселесін ең алдымен қазақ тілін оқытатын курстарды, үйірме жұмыстарын кеңейту, мемлекеттік тілге жетік өзге ұлт өкілдерін жиі насихаттау, тіл, салт-дəстүр, əдепке байланысты іс-шаралар ұйымдастыру жəне осылардың бəрін заң жүзінде өзге ұлт өкілдерінің құқықтарын кемітпей орындау секілді мəселелер қояды.
Қорытындылай келе, кез келген мемлекет өз шекарасы шеңберінде көпэтносты мəдениеттің əр текті сипатына қарамай, өзінің ұлттық мəдениетін қалыптастыруды бірінші кезекке қояды. Өйткені, жергілікті ұлт жалпы халық үшін ұйымдастырушылық, топтастырушылық рөл атқарады. Ал ұлттық мəдениеттің өзегі - ұлттық тіл. Осы тіл қоғамдық қатынастың барлық салаларында қолданыс тауып, мемлекеттің ұлтаралық қарым-қатынас тіліне айналғанда ғана қоғамда демократия, азаматтық қалыптардың толық қалыптасуына қолайлы əлеуметтік жағдай туатыны даусыз. Осындай жағдайда ғана Қазақстанда тəуелсіздік өзінің шынайы рухани тұғырына да қона алады. [7. 8]
1. 2 Тілдің құқықтық мәртебелері және тіл саясатындағы орны
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz