Қысқарған атаулардың қазіргі жасалу ерекшеліктері мен қолданысы



Кіріспе 4
1 Қысқарған сөздердің жасалу жолдары, ерекшеліктері 6
1.1 Қысқарған сөздердің тілдік табиғаты, түрлері 6
1.2 Қысқарған сөздердің қолданысының жайы, ғылым тіліндегі қолданысы 18
1.3 Қысқарған сөздердің қолданысындағы кемшіліктер 21
2 Қазақ аббревиатураларының орыс тіліне аударылуы 26
2.1Қысқарған сөздердің қазіргі қазақ баспасөздегі қолданысы 26
2.2Аббревиатуралардың тілдік артықшылығы
2.3Орталық атқарушы мемлекеттiк органдары мен Қазақстан жоғары оқу орындарының қазақша.орысшақысқарған жəне толық атаулары 30
3 Шет тілдеріндегі қысқартылуы бойынша өзгеріссіз қолданылып жүрген атаулар 36
3.1Орыс тіліндегі қысқартылуы бойынша өзгеріссіз қолданылып жүрген атаулар 36
3.2Шет тілдеріндегі (латынша) қысқартылуы бойынша өзгеріссіз қолданылып жүрген атаулар 38
Қорытынды 41
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қазақ тіл білімінің қазіргі үлкен жетістігінің бірі – тілді танымдық парадигма тұрғысынан қарастыра бастауы. Тілдің ішкі жүйелік талдаудан антропоөзектілік талдауға көшуі XX ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басындағы тіл білімінің ғылыми ерекшелігінің бірі болып табылады. Бірақ тіл туралы зерттеу жүрген жерде адамтану (антропоөзектілік) мəселесі өзінен өзі алға тартылады. Ендеше антропоөзектілікмəселесін ХХ-ХХІ ғасыр аралығында ғана қаралды, зерттеуге түсті деу – шарттылық. Бұл мəселе тілдік зерттеу басталған кезеңнен бастап қатар жүреді.
Тіл білімінің ішкі жүйелік талдауы, фонетикалық, морфологиялық, солардың ішінде салыстырмалы зерттеу жеткілікті, толық жүргізілді деп толыққанды шешім ешқашан айтылмайтыны да сөзсіз. Керісінше, қазіргі уақытта тіл мамандарының алдында зерттеп-зерделенуі тиіс тың тақырыптар мен күрмеуі тоқсан даулы мəселе жетерлік. Солардың бірі қысқарған сөздердің лингвистикадағы орны мен оның сөзжасамға, түрленімдік жүйеге қатысын теориялық негізден шығарып көрсете білу болып табылмақ.Сөз болып отырған тақырып осы күнге дейін көп зерттелмеген. Тек тіл білімінің ішінде жалпылама түрде ғана айтылып келген. Лингвистикада сөз өзінің құрамына қарай дара жəне күрделі болып екіге бөліп қаратырған. Жалаң сөз негізгі жəне туынды түбірден тұрады. Ал күрделі сөз кемінде екі түбірден құралып бір ғана зат пен құбылыстың атауы бола алады. Қысқарған сөздерді зерттеу де осы күрделі сөздер классификациясын танып-білуден басталған.
1 Маманов Ы. Сөз құрамын оқыту жөнінде. “Қазақстанмектебі”, 1962 . №2. 73-75-бб.
2 Қысқарған cөздер.//Құжат тілінің қазақша-орысша,орысша-қазақша сөздігі. Екінші бөлім. (Құрастырғандар – Тұрлыбекова Ж.А., Шанаи Н.Ы., КаюповаҰ., Төлепбергенова Л.Т., Əріпбекова). -Астана, 2008. 222-275 беттер.
3 Құрманбайұлы Ш. Қазіргі қазақ тіліндегі жаңа атаулар менқысқарған сөздер. – Алматы, 2009. – 256.
4 Алдашев Н.М. Қазіргі қазақ тіліндегі қысқарған сөздер.ФҒК авторефераты. – Алматы,1996. - 26 б.
5 Қысқарған cөздер.//Əбуханов Ғ.Қазақ тілі.Лексика,фонетика жəне морфология мен синтаксис. 3-басылуы. -Алматы, 1982. 71-72 б.
6 Қысқарған сөздерді пайдаланудың арнайы тəртібін енгізу керек пе? Сұхбат берушілер:Құрманбайұлы Ш.,ҚодарƏ. «Алаш айнасы», 7 қараша 2009 жыл. № 198(198).
7 Қысқарған күрделі зат есімдер.//Қазақ грамматикасы.-Алматы, 2002. 337-339 б.
8 Қысқарған күрделі зат есімдер.//Қазіргі қазақ тілініңсөзжасам жүйесі. -Алматы, 1989. 221-224 б.
9 Қысқарған күрделі сөздер.//Қазақ грамматикасы. -Астана,2002. 261-262 б.
10 Аббревиатура.//Лингвистический энциклопедический словарь. -Москва, 1990. -685 с.
11 Алексеев Д.И., Гозман И.Г., Сахаров Г.В. Словарь сокращений русского языка. Под редакцией Д.И.Алексеева. -Москва, 1984. -487 с.
12 Гвишиани Н.Б. Язык научного общения. -М.,1986. -280. Қайдар Ə. Қысқарғанcөз.//Қазақ тілі.Энциклопедия.-Алматы, 1998. -509 б.
13 Құрманбайұлы Ш. Қысқарған сөздеріміздің ғұмыры қысқаболмасын десек.// “Жас Алаш”, 14 ақпан 2004 жыл.
14 Құрманбайұлы Ш. Қысқарған сөздер туралы.//Тіл білімі.Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың ғылыми мақалалар жинағы. -Астана, 2004. 132-136 беттер.
15 Cыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы(емле,тыныс белгілері,сөз сазы). -Астана, 2000 жыл.
16 Қысқарған күрделі сөздер.//Қазақ грамматикасы. -Астана,2002. 284-287 б.
17 Невченко В.Н. Введение в языкознание. -Москва: Дрофа., 2008.
18 Исаев С. Қазақ тіл білімінің мәселелері.// Вопросы казахского языкознания .- Алматы, 2011
19 Попова З.Д.Общее языкознание. -Москва: Восток-Запад, 2007
20 Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. -Алматы: Өлке, 2010.
21 Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі.- Алматы, 2001
22 Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. -Алматы., 2004
23 Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту.-Алматы,1985 жыл
24 Қордабаев Т.Р. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. -Алматы., 2004
25 Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Лингвистика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. ISBN 9965-08-235-9
26 Аббревиатура.//Лингвистический энциклопедический словарь. -Москва, 1990. -685 с.
27 Құрманбайұлы Ш. Қысқарған сөздеріміздің ғұмыры қысқаболмасын десек. “Жас Алаш”, 14 ақпан 2004 жыл.
28 Құрманбайұлы Ш. Қысқарған сөздер туралы.//Тіл білімі.Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың ғылыми мақалалар жинағы. – Астана, 2004. 132-136 беттер.
29 Құрманбайұлы Ш. Қазіргі қазақ тіліндегі жаңа атаулар мен қысқарған сөздер. -Алматы, 2009. – 256.
30 Қысқарған күрделі зат есімдер.//Қазіргі қазақ тілініңсөзжасам жүйесі. -, 1989. 221-224 б.
31 Қысқарған күрделі зат есімдер.//Қазақ грамматикасы.-Алматы, 2002. 337-339 б.
32 Қысқарған күрделі сөздер.//Қазақ грамматикасы. -Астана,2002. 261-262 б.
33 Қысқарған cөздер.//Əбуханов Ғ.Қазақ тілі. Лексика, фонетика жəне морфология мен синтаксис. 3-басылуы. -Алматы, 1982. 71-72 б.
34 Қысқарған cөздер.//Құжат тілінің қазақша-орысша,орысша-қазақша сөздігі. Екінші бөлім. (Құрастырғандар – Тұрлыбекова Ж.А., Шанаи Н.Ы., КаюповаҰ., Төлепбергенова Л.Т., Əріпбекова). -Астана, 2008. 222-275 беттер.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 4
1 Қысқарған сөздердің жасалу жолдары, ерекшеліктері 6
1.1 Қысқарған сөздердің тілдік табиғаты, түрлері 6
1.2 Қысқарған сөздердің қолданысының жайы, ғылым тіліндегі қолданысы 18
1.3 Қысқарған сөздердің қолданысындағы кемшіліктер 21
2 Қазақ аббревиатураларының орыс тіліне аударылуы 26
2.1Қысқарған сөздердің қазіргі қазақ баспасөздегі қолданысы 26
2.2Аббревиатуралардың тілдік артықшылығы 27
2.3Орталық атқарушы мемлекеттiк органдары мен Қазақстан жоғары оқу орындарының қазақша-орысшақысқарған жəне толық атаулары 30
3 Шет тілдеріндегі қысқартылуы бойынша өзгеріссіз қолданылып жүрген атаулар 36
3.1Орыс тіліндегі қысқартылуы бойынша өзгеріссіз қолданылып жүрген атаулар 36
3.2Шет тілдеріндегі (латынша) қысқартылуы бойынша өзгеріссіз қолданылып жүрген атаулар 38
Қорытынды 41
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 44

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазақ тіл білімінің қазіргі үлкен жетістігінің бірі - тілді танымдық парадигма тұрғысынан қарастыра бастауы. Тілдің ішкі жүйелік талдаудан антропоөзектілік талдауға көшуі XX ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басындағы тіл білімінің ғылыми ерекшелігінің бірі болып табылады. Бірақ тіл туралы зерттеу жүрген жерде адамтану (антропоөзектілік) мəселесі өзінен өзі алға тартылады. Ендеше антропоөзектілікмəселесін ХХ-ХХІ ғасыр аралығында ғана қаралды, зерттеуге түсті деу - шарттылық. Бұл мəселе тілдік зерттеу басталған кезеңнен бастап қатар жүреді.
Тіл білімінің ішкі жүйелік талдауы, фонетикалық, морфологиялық, солардың ішінде салыстырмалы зерттеу жеткілікті, толық жүргізілді деп толыққанды шешім ешқашан айтылмайтыны да сөзсіз. Керісінше, қазіргі уақытта тіл мамандарының алдында зерттеп-зерделенуі тиіс тың тақырыптар мен күрмеуі тоқсан даулы мəселе жетерлік. Солардың бірі қысқарған сөздердің лингвистикадағы орны мен оның сөзжасамға, түрленімдік жүйеге қатысын теориялық негізден шығарып көрсете білу болып табылмақ.Сөз болып отырған тақырып осы күнге дейін көп зерттелмеген. Тек тіл білімінің ішінде жалпылама түрде ғана айтылып келген. Лингвистикада сөз өзінің құрамына қарай дара жəне күрделі болып екіге бөліп қаратырған. Жалаң сөз негізгі жəне туынды түбірден тұрады. Ал күрделі сөз кемінде екі түбірден құралып бір ғана зат пен құбылыстың атауы бола алады. Қысқарған сөздерді зерттеу де осы күрделі сөздер классификациясын танып-білуден басталған.
Қысқарған сөздер - күрделі тіркесті қолданыстардың ықшамдалған түрі, шоғыры деп атауға болады. Қысқарған сөздер көне заманнан келе жатқан аббревиатура емес екендігі анық. Оның тілімізде көрініс тапқанына бір ғасыр да уақыт өткен жоқ. Түркітанушы ғалым Н.А.Баскаков сөзжасамның негізгі үш түрлі тəсілі бар екендігін сөз ету негізінде ХХ ғасырдың алғашқы кезеңдерінен бастап түркі тілдерінде қысқарған сөздердің алғашқы нышандары байқала бастағанына назар аудартады. Төл тілдің өз мүмкіндіктері арқылы жаңа сөз жасаудың жолдарын санамалап көрсетеді. Олардың қатарына сөз қысқарту амалын да жатқызған.Өз тілімізге енген қысқарған сөздерді қолданудағы дағдарыс осы жерден бастау алған[1, 339].
Қазақ тілі заңдылығына да, халқымыздың дүниетанымдық түсінігіне де келмейтін құбылысты тіл білімінің сөзжасам саласында қарастыру тілімізге қайшы заңдылық тудырып отыр. Сол үшін де қазақ ғалымдары бұл салада жаңа бағыт ұстанбайды. Керісінше, орыс ғалымдары ұсынған пікір жетегінде зерттеу жүргізуді жалғастыра беруіне негіз болып отыр.Өз тіліміздегі қысқарған сөздердің қаншалықты орын алатынын толық тану үшін оның зерттеулік нысанға түсу деңгейін ажыратуы жағдайын қолдану керек.Яғни зерттеудің өзектілігі де сол, қазақ тіліндегі қысқарған сөздердің рөлін анықтау болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: қазақ сөзжасамының бір түрі ретінде қысқарған атаулардың қазіргі жасалу ерекшеліктері мен қолданысын, жетістігі мен кемшіліктерін айқындау, олардың орыс тіліндегі аудармасын саралау.
Дипломдық жұмыстың міндеттері: қойылған мақсатқа сәйкес мынадай негізгі міндеттерді нысана еттік:
қысқарған сөздердің тілдік табиғаты, түрлерін талдау;
қысқарған сөздердің қолданысының жайы, ондағы кемшіліктерді айқындау;
қазақ аббревиатураларының орыс тіліне аударылуын қарастыру.
Зерттеудің әдістері: Дипломдық жұмыстың міндеттеріне сәйкес ғылыми
зерттеу әдіснің келесі түрлері жіктеледі: омонимік қысқарымдар; тарихи қысқарымдар; әріптік қысқарымдар; авторлық қысқарымдар
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы: Оқушыларға білім беру мақсатында қазақ тіліндегі қысқарған сөздер туралы түсініктерін қалыптасытырып, білімдерін жетілдіру. Алдашев Н.М Қазіргі қазақ тіліндегі қысқарған сөздер еңбегінде ықшамдалған сөздердің дұрыс қолданылуы және айтуға ыңғайлы, үйлесімді болуы қарастырылған. Мектеп оқулықтарында қысқарған сөздердің дұрыс қолданылуы, практикалық сабақтарда тиімді пайдаланылуын атап көрсеткен.
Дипломдық жұмыстың теориялық және практикалық маңызы: Тақырыптың мазмұнын ашу үшін бірнеше авторлық ғылыми жұмыстар, баспасөз беттерінде жарияланған ғылыми мақалалар, сонымен қатар интернет желілеріндегі берілген мәліметтер қолданылды. Атап айтқанда, Алдашев Н.М. Қазірі қазақ тіліндегі қысқараған сөздер, Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы, Құрманбайұлы Ш. Қазіргі қазақ тіліндегі жаңа атаулар мен қысқараған сөздер Қазақ тіліндегі қысқарған сөздерсияқты отандық ғалымдардың еңбектері басшылыққа алынды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, тарау өз ішінде бөлімдерден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Қысқарған сөздердің жасалу жолдары, ерекшеліктері

1.1 Қысқарған сөздердің тілдік табиғаты, түрлері

Тілдегі үнемдеу, ықшамдау заңдылығы əлем тілдерінің барлығына да тəн құбылыс. Бұл заңдылық əр тілде түрліше көрініс тауып, тілдің түрлі салаларына қатысты болып жатқандығы айқын. Қысқарған сөздердің пайда болуы да осы ықшамдау заңдылығымен тікелей байланысты деп қарастыруға негіз бар. Қысқарған сөздер тілдегі үнемділікті қамтамасыз етудің бір тəсілі екені көпшілікке белгілі. Көпбуынды немесе бірнеше сыңардан құралған күрделі сөздерді қысқартып, айтуға, жазуға икемдеп қолдану тілде ертеден бар заңдылық.
Аббревиатура ежелден жазба тілі бар барлық халықтың жазба материалдарында қолданылып келеді. Қысқартудағы басты мақсат мәтіндік ақпаратты тасымалдаушыларда орынды үнемдеумен және жиі қолданылатын сөздер мен сөз оралымдарын жазуда шапшаңдық танытумен байланысты. Алғашқы деген қысқартулар қатарында антикалық жазбалар танылады, кейіннен қолжазбаларда да таралды. Ал соңғы римдік әріптерде қысқарған сөздердің барлық түрі дерлік кездесіп отырған. Орта ғасырларда өз жалғасын заң, медицина және діни мәтіндерде таба бастады.Әріптік аббревиатура - негізгі тіркестеріне енетін сөздердің бастапқы әріптер әліпбилік атауларынан жасалған аббревиатура. Мысалы, ҚР - Қазақстан Республикасы, ГФР - Герман Федеративтік Республикасы.Әріптік - дыбыстық аббревиатура - негізгі сөз тіркестеріне енетін жартылай сөздердің бастапқы дыбыстарынан жасалған қысқарған сөз. Дыбыстық аббревиатура - негізгі сөз тіркестеріне енетін сөздердің бастапқы дыбыстарынан құрылған.
Тіліміздегі сөздердің белгілі бір тобы - қысқарған сөздер. Сөздердің қысқарып барып бірігу жолы орыс тілінің ықпалынан келіп дами бастады.
Орыс тілінің де, соған орай казақ тілінін де сөйлеу, жазу дағдысында жиі қолданылатын суреттеме атауларды қысқартып айту және қысқартып жазу -- дәстүрге айналған. Осының нәтижесінде, қысқарған сөздер әдеби тілде жаңадан сөз тудырудың белгілі бір тәсілі болып қалыптасты. Мысалы: колхоз, совхоз, ҚМҰУ -- Қазақтың мемлекеттік ұлттық университеті,
Қысқарған сөздер деп - ұйым, мекеме аттарын білдіретін күрделі атауларды айтамыз. Күрделі атаулар сөйлеу тілімізде де, жазу тілімізде де бірде толық, бірде қысқартылып қолданылады. Қысқарған сөздерді тіл ғылымыңда аббревиатура деп аталады. Жазуда қолданылатын дм (дециметр), мм (миллиметр), гб (гигабайт) секілді шартты белгілер де қысқарған сөздер тобына жатады.
Сөз табына қатысы тұрғысынан қысқарған сөздер негізінен заттық немесе абстракті ұғымдарды білдіретін зат есімдер. Қысқарған сөздер екі, үш немесе одан да көп сыңарлардан тұратын күрделі атаулардың ықшамдалған шоғыры. Бірнеше сөзден құралып, сөздердің тіркесуі арқылы жасалған түрлі ұғымдардың атаулары қысқарымдарға негіз болады. Олардың құрылымы ықшамдалып, өзгеріске ұшырауы мүмкін. Күрделі ұғым атаулары фразеологиялық тіркестер сынды бастапқы қалпын сақтаймай, ықшам нұсқада жұмсалуға көше бастайды. Мұны басқа зат есімдерге қарағанда, қысқарымдардың өзіне тəн сипаты, ерекшелігі деп қарастыра аламыз.
Əдетте, сөзжасам үдерісі кезінде пайда болған жаңа сөзбен бірге жаңа мағына да туындауы шарт. Мысалы, əкімдік,жасуша, кеденші, қаржыгер, хаттама т.б.Қысқарған сөздер жасалғанда жаңа мағына пайда болмайды. Соған қарамастан қысқарған сөздер сөзжасам аясында қарастырыла береді. Неге бұлай болуы керек? деген сұрақтың жауабын қарастырған жағдайда, оның ең басты себептерінің бірі ретінде - қысқарған сөздер күрделі толық атаулардың бір нұсқасы ретінде дербес сөз қызметін атқара алатындығы. Яғни, қысқарған сөздердің де сөзге қойылатын талаптардың барлығына жауап беру мүмкіндігінің молшылығы. Тіл білімінде сөздердің белгілі бір мағынасыда болуы, дайын күйінде қолданылуы, сөйлемге дайын сөз ретінде енуі, сөйлемде бір ғана сұраққа жауап бере алуы, сөйлемнің бір мүшесі қызметін атқара алатындығы, тұрақты бір құрамда жұмсалуы, біртұтас қалыпта жазылып-айтылуы жағдайы, бір екпінге бағынуы - сөзге қойылатын негізгі талаптар болып есептеледі. Мұның бəрі сөзге тəн негізгі белгілер деп көрсетер болсақ, осы сипаттардың барлығы да қысқарған сөздерге де тəн. Олар тілдегі лексикалық бірліктер тобынан жеке сөз ретінде орын иелене алады. Яғни, сөзжасамның бір амалы ретінде қалыптасқан қысқарымдар лексикалық бірлік болып танылып жатқандығы.
Қысқарған сөздер қолданыстағы күрделі атаулар негізінде туындайды, жасалады. Ғ.Әбуханов Қысқарған сөздер еңбегінде: -Лексикалық мағынаның болуы - туынды сөз жасауға қатысатын лексикалық бірліктерге қойылатын негізгі талап болады. Олардың тұлғасы мен құрамына ешқандай шек қойылмайды. Туынды сөздің жасалуына негіз болатын сөздің қызметін негізгі түбір сөз де, біріккен сөз де, қысқарған сөз де атқара беретіндігі белгілі.Қазақ тіліндегі қысқарған атаулардың көпшілігі орыс тілі үлгісімен жасалып келгендігіне қарамастан, өзіндік ерекшеліктері де жоқ емес, - деп атап көрсеткен [1,72]. Сондай ерекшеліктердің бірі жөнінде белгілі тілші ғалым Ы.Мамановтың төмендегі пікіріне назар аударар болса, "Қысқарған сөздер де қазақ тілінде сөз негізі болып қолданылады. Орыс тілі мен қазақ тілдерінде қысқарған сөздердің кейбіреулері ғана болмаса[буыннан қысқарған], негізінен олар өзгере бермейді. Ал қазақ тілінде қысқарған сөздердің барлығы да грамматикалық өзгеріске түседі. Сөздің негізі ретінде қолданылып, оған түрлі қосымшалар жалғана алады. Мысалы, КазГУ-ге, РТС-тан, ВЛКСМ-ның т.б. - деп жазады ғалым[2,75].Тілші ғалым қысқарған сөздердің сөз негізі болатындығын жəне олардың грамматикалық өзгеріске түсетін ерекшелігін атап көрсеткен.
Тіліміздегі қысқарған сөздердің табиғатын тану бағытында жасалған мамандардың мұндай тұжырымдары жинақталған, қорытылып, алдағы уақытта олар жаңа зерттеулермен толыға беруі керек.Негіз сөздің немесе сөз тіркесінің мағынасымен сөзжасам үдерісі кезінде пайда болған туынды сөздің лексикалықмағынасы тең болуы да кездестіреміз. Бұл сөзжасамның дəл осы қысқарту тəсілі арқылы жасалатын сөз түрлеріне тəн сипат деуге негіз бар. Мысалы, Бұқаралық ақпарат құралдары ═ БАҚ, Дүниежүзіліксауда ұйымы ═ ДСҰ, Еуразия экономикалық қоғамдастығы ═ ЕурАзЭҚ, Жабық акционерлік қоғам ═ ЖАҚ, Ұлттық бірыңғайтестілеу ═ ҰБТ, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы ═ ҚР ҰҒА, Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясы ═ТүркПА т.б.Бұл сөздердің толық нұсқасы мен қысқартылған нұсқаларының арасына тепе-теңдік белгісін қоя аламыз. Өйткені мұндай сөздердің екі нұсқасының арасында мағына теңдігі сақталған. Яғни, ауызша сөйлеу барысында немесе жазба тілде БАҚ қысқарымы қолданылған болса, оны тілді тұтынушылар бұқаралық ақпарат құралдары деп түсінген болар еді. Қысқарған сөздердің тілдегі қолданысы тұрақтап, жалпыға бірдей танымал болатын деңгейге жеткенде, оның толық нұсқасымен мағыналық жəне қолданыстық тепе-теңдігі де орнай бастайды.
Қазақ тіліндегі қысқарған сөздерді тақырыптық жəне семантикалық топтарға қатысына қарай негізінен халықаралық ұйымдардың атаулары [БҰҰ, ШЫҰ, НАТО т.б.], жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінің, орталықтардың атаулары [ҚазҰУ, ТарМУ, ТБИ т.б.] кездестіреміз. Географиялық жəне əкімшілік [мемлекетер мен облыстар] атаулары [АҚШ, ГФР, ҚХР жəне ШҚО, ОҚО, БҚО, СҚО т.б.], орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті мемлекеттік жəне өзін-өзі басқару органдарының [ПƏ, БҒМ, ТЖМ, СІМ, ІІМ т.б.], қоғамдық, саяси, əскери, жастар, спорт ұйымдары мен бірлестіктердің, одақтардың, қорлардың атаулары [ЖСДП, ҚСА, КО т.б.], ғылыми, техникалық, əскери терминология [ДНҚ, БЖБ, ШТƏ, ЖМ, ТШ т.б] жиірек байқауға болады. Көптеген тілдерде өте жиі ұшырасатын кəсіпорындар мен өндіріс орындарының, ауылшаруашылық кəсіпорындарының, зауыттар мен фабрикалардың, машиналар мен аспаптардың, əскери техникалардың қазақша қысқарған атаулары елімізде олардың өзі сирек болғандықтан немесе өндірілмейтіндіктен өте аз кездесіп жатады. Ж.А.Тұрлыбекова құжат тілінің орысша - қазақша сөздігінде: Ең жиі ұшырасатын қысқарымдар - жоғары оқу орындары мен орталық мемлекеттік органдар атаулары. Бірігіп, қосылып, қайта құрылып жататындықтан, олардың толық атаулары да, қысқарған атауларды да жиі өзгеріске ұшырап жатады. Мысалы, БАМ (Байланыс жəне ақпарат министрлігі), ҚазМемҚызПИ (Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалықинституты), ҚазҰМА (Қазақ ұлттық музыка академиясы) сияқты атаулар қазір басқаша аталады - деп атап көрсеткен [3,225] .
Тіл мамандарының арасында қысқарған сөздің бізге қажеті жоқ, бұл қазақ тіліне жат нəрсе деген пікірді ұстанатындары да бар. Алайда бұл пікірмен келісудің негізі бар дей алмаймыз. Егер қазақ тіліне қысқарған сөз қажет болмаса, оның шынымен-ақбіздің тіліміз үшін жат құбылыс екендігі рас болған болса, онда қазіргі қолданыстағы жүздеген қысқарған атаулар пайда болмас еді. Оны басқа тілдің ықпалымен немесе жекелеген адамдардың қалауымен туындаған құбылыс ретінде дəлелдеу қисынсыз. Тіл үнемділікті, аз сөзбен көп ойды жеткізуді ұнатады. Бірнеше сөздің тізбегінен тұратын күрделі атауларды мəтін ішінде қайта-қайта шұбалтып қолдана бермей, ықшамдап беру арқылы ақпаратты мол қамтып, аз сөзбен көп ой айтуға əрі басылым бетінде орын үнемдеуге болатыны белгілі. Бұл жалпы баспасөз тіліне де, ғылым тіліне де тəн нəрсе.
Қысқарған сөздерді тілде толық мағынасы бар күрделі атаулардың орынбасары немесе алмастырушысы деп қабылдаған күннің өзінде тіл үшін мұндай орынбасар сөздер өте қажет екендігіне дау жоқ. Сол себептен де біздің тілімізге тəн емес деп қысқарған сөздерден негізсіз бас тартуға да, қысқарған сөз де сөз болып па деп оларды жасауға жауапсыз қарауға да, олардың қолданысын бетімен жіберуге де болмайды, - деп Қысқарған сөздерді пайдаланудың арнайы тәртібі атты Ала айнасы газетіне берген сұхбатында Ә.Қодар қысқарған сөздердің бірнеше тәртібін көрсеткен болатын [2009 жыл, №198]. Керісінше, оларды жасауға да, тіліміздегі толық мағыналы атауларды жасағандай талғаммен, кəсіби біліктілікпен, үлкен жауапкершілікпен қарағанымыз жөн.
Қазіргі қазақ тіліндегі қысқарған зат есімдер жасалу жолына қарай төрт топқа бөлінеді.
1 Əріптік қысқарымдар.Екі немесе одан да көп сөздер тіркесімінен
құралған күрделі атаулар құрамындағы сыңарлардың басқы дыбыстарынан құралған қысқарымдар.Мысалы, АҚ (акционерлік қоғам), АҚШ (Америка құрамаштаттары), ЕК (Еуропалық Кеңес)дегенімізбен, кейбір тілдердегідей туынды сөздердің жасалуына негіз сөз ретінде көп пайдалана бермейміз. Мəселен, орыс тілінде қысқарған сөздер негізінде сөз туындату дəстүрі бар. Мысалы, вузовец,КВНовец,спецовка,чекист,эсе ровский т.б. сөздер қысқарған сөздер негізінде туындаған атаулар. Ал бізде негізінен сөйлеу тілінде ҚазМУлықтар, АлМУлықтар, ТЖМдіктер деген сияқты жекелеген қолданыстар кездескенімен, олар жаппай тілдік қолданысымызға ене қоймаған. Қысқарған сөздердің жаңа сөздердің туындауына негіз сөз ретінде жиі пайдаланылмауы, ең алдымен, олардың өздерінің кең тарап, тіл тұтынушылардың бəріне таныс, бірдей ұғынылып, дайын сөз қалпында қолданыла бермейтіндігімен байланысты деп пайымдай аламыз. Сондай-ақ олардың баспасөзде, ғылым тілінде жиі жазылып, қолданылып жүрген көпшілікке біршама танымалдарының елеулі бөлігінің құрамы қатар тұрған бірнеше дауыссыз дыбыстан немесе екі-үш дауыстыдан келуі де олардың тілде жаппай қолданылуына жол ашып, сөз туғызуға да икемділігін арттырмайды. Мысалы, БКТ, АШҚҚҚ, ЖҚКҚ, ЖММК, МЖЗҚ, РЖҚБ тəрізді бірнеше дауыссыз дыбыс қатар келген немесе ААА, АЭА, ЕАƏК, ОАӨАҮО, ОАӨЭЫА, ҮЕҰ бірыңғай дауыстылардан тұратын сөздердің негізінде жаңа сөз туғызу қиын. Бұл қысқарымдар дайын сөз ретінде айтуға, қолдануға икемсіз. Осы тұрған қалпында сөз ретінде қолдану қиындық туғызып жатса, олардың негізінде өрбітіп сөз туғызу мүмкіндігі туралы айтудың өзі артық. Қазақ тіліндегі дыбыстардың бір-бірімен тіркесу заңдылығы бар. Кез келген дыбыс қатар келіп сөз құрай алмайды, бұл дауысты дыбыстарға да, дауыссыздарға бірдей қатысты. Бір сөздің құрамында қ мен ө-нің, к мен ұ-ның, о мен ə-нің немесе үмен қ-ның қатар тұруы қазақ тілі үшін қалыпты құбылыс емес, бұл дыбыстар бір-бірімен тіркесе алмайды. Тіліміздің үндестік заңы, дыбыс үндестігі, буын үндестігі бұзылып, дыбыстар тіркесімі заңдылықтары сақталмаса, сөзіміз сөз болудан қалады. Сондықтан не бірыңғай дауыссыздан, не бірыңғай дауыстылардан құралғандарын ғана емес, АӨҚО, АІІБ, ƏЫК, ЕҚЫҰ, ЕҰЕБ, ЖҮЕҚ, ҰӨК сынды дауысты-дауыссызы араласып келген, алайда дыбыстар тіркесімі бұзылып, үйлесім таппай тұрған қысқарымдарды да сəтті жасалған дей алмаймыз. Бұл көрсетілген қысқарымдарды немесе осылар іспеттес бірқатар қысқарған сөздерді сөз негізі ретінде алып, олардан жаңа сөз туғызу мүмкіндігі жоқ деуге болады. Түбірі, негізі сəтсіз жасалған мұндай сөздер арқылы тіліміздің лексикалық қорын байытатын жаңа сөз жасауға болмайды.
Сөздің жағымсыз ассоциация туғызып, дөрекі дыбысталмай, эстетикалық талғамға сай, құлаққа жағымды естілуі, айтуға ыңғайлы болуы да өте маңызды. Бұл тұрғыдан қарағанда АМҰ, АМЛ, БЖƏ, БӨҚжА, ҚӨТ, МЖƏ, ӨСЕҚ деген сияқты қысқарған сөздер аталған талапқа жауап береді дей алмасақ керек. Естір құлаққа ерсі əрі дыбыстар тіркесімі тұрғысынан үйлесімсіздік орын алған мұндай атауларды қолдануға ешкім құштар болмасы анық.Кеңестік кезеңде қысқарған атаулардың денін орыс тілінен дайын қалпында өзгеріссіз қабылдау дəстүрі қалыптасқан еді. Тілімізге енген ондай кірме қысқарған сөздердің көпшілігі ұзақ жылдар қолданылып, жаппай жұмсалатын дəрежеге жетіп, тілде орнығып та қалған болатын.
Қазақ тілі мемлекеттік мəртебеге ие болып, ұлт тіліндегі сөзжасам, терминжасам үдерісі жандана бастағанда тілдік қолданысымызда орныққан сондай күрделі атаулардың бірқатарының толық нұсқасы да, қысқарған нұсқасы да қазақша қайта жасалды. Мəселен, колхоз - ұжымшар,совхоз - кеңшар, СССР - КСРО, КПСС - КОКП, ЦК - ОК сынды атаулар сол қатарға жатқызуға болады. Қазір осы тарихи кезең туралы сөз қозғалғанда жоғарыда мысалға келтірілген атаулардың кейінгі жылдары жасалған қазақ тіліндегі нұсқалары жаппай қолданылып жүр. Бұдан қысқарған сөздерді өзге тілдерден қабылдау мен олардың жасалуына қатысты бүгінгі күннің кешегіден өзгеше өз талабы бар екендігін байқауға болады.
Қысқарған сөздер жасалуына, мағынасына, құрамы мен қолданысына қарай бірнеше түрге бөлініп, іштей жіктеледі. Қазақ тіл білімінде қысқарған атаулардың түрлерін ажыратып, ғылыми əдебиеттерде негіздеп бірізді беру мен мектеп, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтарда оларды іштей жіктеп-жіліктеп оқыту жағы əлі кемшін түсіп отыр. Бұл да қысқарған сөздер мəселесінің бізде жан-жақты зерттеліп, оларға жеткілікті көңіл бөлінбей келе жатқандығын айғақтайтын факторлардың бірі. Жасалу сапасының əркелкі екендігіне қарамастан, жинақталған материалдар көлемі бүгінгі таңда қазақ тілінде қолданылып жүрген қысқарған атауларды жан-жақты зерттеп, олардың пайда болу, қолданылу үдерісін үнемі назарда ұстап отыру қажеттігін анық көрсетті.
Ш.Құрманбайұлы Қазақ тіл білімінде қысқарған сөздер түрлері ажыратылып, олардың аты мен заты анықталып, бір жүйеге түсе қоймағанымен, өзге тілдерде оларды іштей жіктеу біршама орныққан деуге болады. Біз тілдік қолданысымыздағы қысқарған атаулардың дені олардың өзге тілдердегі сəйкес баламаларының үлгілерібойынша жасалғандықтан, қысқарымдарымызды сол тілдердің тəжірибесін негізге ала отырып, жіктеу қисынға келеді [4, 256].
Əр түрлі ұғымдарды білдіретін күрделі атауларды қысқартқан кезде олардың қысқартылған нұсқалары бірдей болып шығып жатады. Бұндай жағдайларды көптеген тілдерден кездестіруге болады. Осындай білдіретін ұғымдары басқа-басқа, ал қысқартылған нұсқалары бірдей дыбысталатын қысқарымдар - омоним-қысқарымдардеп аталады.Мұндай омоним-қысқарымдардың мейлінше аз, ең дұрысы тілдік қолданыста болмағаны дұрыс, бірақ бұл талап үнемі орындала бермейді.
Қысқарған сөздер күрделі атауларды шұбыртпай сөзқолданыстағы ықшамдылық, икемділік үшін, мақсатты түрде жасалатын екінші аталым нəтижесі екегі анық. Сондықтан оларды саналы түрде жасау, қалыптастыру үдерісінде ыждағаттылық танытып, бірдей дыбысталатын қысқарған атаулардың қолданысқа еніп кетпеуін жолға қоюға болады. Əрине, ол үшін тілдегі сөзжасам үдерісін үнемі қадағалап, жаңа туындап жатқан атаулар мен қолданыстардың бəрін дер кезінде тіркеп, жиып-теріп, лингвистикалық сараптан өткізіп отыру ісі кəсіби деңгейде жүзеге асып жатуы тиіс. Егер мұндай жұмыс өз деңгейінде жүзеге асырылатын болса, тіліміздің сөзжасам жүйесінен орын алып, кейінгі жиырма жыл көлемінде қарқын ала бастаған қысқарған сөз жасау үдерісіндегі омонимияның көп орын алмауына, басқа да кемшіліктерге жол берілмеуіне негіз қаланады. Мысалы, қазір тілімізде Еуропалықодақ таЕО, Еуразиялық одақ та - ЕОтүрінде қысқартылыпқолданылып жүр. Сондықтан ЕО қысқарған атауын оқыған адамда "Бұл қай одақ?" деген сұрақ туындауы табиғи нəрсе. Ендеше, жұртшылық бірден түсінетін қысқарым қалыптастырамыз десек, Еуроазиялық одақты - ЕО деп қалдырып, ал Еуропалықодақты - Еуроодақтүрінде қолданысқа енгізген жөн. Біздің тілімізде қысқарған сөздердің жасалып, қалыптаса бастағанына бір ғасырға жуық қана уақыт болғандықтан, ағылшын, неміс, орыс т.б. тілдерімен салыстырғанда олардың қоры соншалықты бай емес. Мысалы, орыс тілі қысқарған сөздерге өте бай тілдердің бірі деп атауға болады. Айталық 1984 жылы жарық көрген Словарь сокращений русского языка сөздігінің 4-ші басылымында 18 000 мыңға жуық қысқарған атау қамтылды. Бірақ бұдан біз де қысқарған сөздер қорын мақсаттытүрде орыс тіліндегідей көбейтіп, омоним-қысқарымдарды да көптеп қалыптастыра беруден қашпайық деген түсінік туындамауы тиіс [5, 665]. Əр тілдің өзіндік ерекшелігі, төл табиғаты бар. Соған сəйкес қажеттілігіне қарай жасалған қысқарған сөздерімізді жазу мен айтуға қолайлы, тілдік нормаға сай қалыптастыру маңызды міндет деп есептеу керек.
Қазір транслитерацияланбаған қысқарымдардың тілдік қолданысымызға ене бастағанын көптеп байқап жүрміз. Кеңестік кезеңде тілімізде ТУ - 134, ТУ - 144, ТУ - 154, МИ - 8, ДТ - 75, ГАЗ - 53, ЗИЛ - 130, ЮМЗ - 70, К - 700 сияқты əріп пен санның немесе сөзбен санның қосындысынан құралған əріп-сан қысқарымдар (инициально - цифровые аббревиатуры) баспасөзде, жалпыхалықтық тілде жиі қолданылып, көпшілікке түсінікті болып келсе, қазір қысқарымның бұл түрі арнаулы сала əдебиеттерінде болмаса, өте сирек кездестіреміз. Баспасөзде А - 20, АН - 24, ЯК - 42 тəрізді бірді-екілі қысқарымдар ғана ұшырасуы мүмкін. Бірреттік немесе жекелеген мəтін ішінде ғана қолданылатын қысқарған сөздер түрін окказионал қысқарымдар, мəтіндік қысқарымдар (окказиональные, текстовые сокращения) деп жіктеу бар. Баспасөз беттерінен мұндай қысқарымдар түрі көп ұшырасады. Қолданушылардан басқаларға мүлде таныс емес, толық нұсқасын қоса көрсетпесе түсініксіз мұндай атауларға мысал келтіру қажеттілігі бола қояр деп ойламауға негіз жоқ.
Қысқарған сөздерді тілде белсенді немесе өте сирек қолданылуына байланысты да жіктеуші ғалымдар кездеседі. Н.М.Алдашев Қысқарған сөздер де тілдегі лексикалық мағынасы бар сөздер сияқты қоғам өміріндегі тарихи өзгерістерге байланысты қолданыстан шығып немесе өте сирек қолданылатын көнерген сөздер қатарына енеді[6, 26]. Белсенді қолданыстан шығып кеткен, пассив сөздер қатарына енген ондай қысқарған сөздерді - тарихиқысқарымдар [сокращения-историзмы] деп атаймыз. Сондай-ақ күрделі атауларды құрайтын сөздердің төл сөз немесе кірме сөз болуына байланысты қысқарту кезінде солардың негізінде туындаған қысқарған атаулар да құрамына қарай будан (гибрид) болып шығады. Біздіңше, оларды будан қысқарымдар деп атауға болады. Мысалы, ҚазБытХим(Казахстанскаябытовая химия, ҚазМұнайГаз, ҚазТрансГаз, Мемтерминком, Мемономком, Санпедқадағалау (санпеднадзор) жəне т.б. Қысқарған сөздердің мұндай түрі қазіргі қолданысымызда жиі ұшырасатын болды. Сол себепті бұл секілді қысқарымдарды өзінше бөліп қарауға негіз бар.
Тілімізді кірме сөздер мен терминдер өте көп ұшырасатындықтан, кейінгі жылдары солардың қатысуыменжасалған будан терминдер мен осындай будан қысқарымдар саны күрт көбейіп келеді. Мұндай үдеріс үздіксіз жалғасып, кірме дыбыстар мен кірме сөздерді өз тілімізге икемдемей, түпнұсқа тілдегі қалпында өзгеріссіз қабылдай берсек, соған сəйкес қазақ сөз құрамының елеулі өзгеріске ұшырайтынын болжау қиын емес.
Қысқарған сөздердің осы аталған түрлерімен қатар окказионал қысқарымдар, мəтіндік қысқарымдардан кейбір авторлық қысқарымдарды бөліп қараған жөн деп санаймыз. Авторлыққысқарымдароның авторы тарапынан белгілі бір мақсатты көздей отырып жасалады. Бір емес, бірнеше рет арнайы қолданатындығы тұрғысынан ерекшелене алады.
Қазіргі баспасөз бен көркем шығармаларда кейбір авторлық қысқартулар кездеседі. Авторлық қысқартуларды жиі қолданытындардың бірі - ақын Мұхтар Шаханов. Белгілі ақын өзінің ауызша сөйлеген сөздерінде, сұхбаттары мен мақалаларында, өлеңдерінде ТЖ - туфли жалағыштар қысқарымын, жағымпаздар, жарамсақтар деген мағынада қолданады. ШҚ - шала қазақтар, МҒ, МҒҚ - мор-диясы ғана қазақтар. Автор осы қысқарымдарды бірнеше мақалаларында, ауызша сөйлеген сөздерінде, өлеңдерінде мақсатты қолданады.
Ж.Кеттебектің Қарағаш əңгімесіндегі мына қысқарымдар да мақсатты қолданыстар.ТҚ-ларға жаққан нəрсе ҚҚ-ларға жақпай, ҚҚ-ларға жаққан нəрсе ТҚ-ларға жақпай, екі тайпа бір-бірімен аңдысып, қырық пышақ қырқысып жататын (Жəлел Кеттебек. Қарағаш. Жас Алаш, 14 мамыр 2013 жыл. № 37). Мұндағы ТҚ - Түзу Қалпақтылар, ҚҚ - Қисық Қалпақтылар. Бұл іспетті қысқарған сөздердің поэзия мен прозада, көркем шығармалар тілінде қолданылуын да арнайы қарастырған жөн [7, 9].
Жалпы қысқарымдардың жасалуына негіз - сөз тіркестері. Оның табиғаты екі жақты: бір жағынан, грамматикалық көрсеткіштері бар, басқа туындылардың жасалуына негіз болатын жаңа лексема, екіншіден, шығу төркіні сөз тіркесіне сәйкес, байланысты, сол толық реалийлердің қысқарған түрі. Сондықтан толық реалийлердің аты қысқарғанда, мағыналық жағынан өзгеріске түспей, толық ұғымның атауы сақталады. Оны тіл деректері де дәлелдейді. Қысқарымдардың негізінде ономастикалық, топонимикалық жасалымдардың тууына негіз болды. Негіз сөздің уәжі туынды сөзде әр кез сақталып отырған. Бұндай үрдіс бүгінгі тілдік қолданыста да кездеседі.
Ы.Мамановтың көрсетуі бойынша қысқарған сөздер де қазақ тілінде сөз негізі болады деп көрсеткенмен, Шерубай Құрманбайұлы қысқарған сөздер кейбір тілдердегідей туынды сөздердің жасалуына негіз сөз ретінде көп пайдалана бермейтіндігімізді атап өтеді: Мәселен, орыс тілінде қысқарған сөздер негізінде сөз туындату дәстүрі бар. Мысалы, вузовец,КВНовец,спецовка,чекист,эсе ровский т.б. сөздер қысқарған сөздер негізінде туындаған атаулар. Ал бізде негізінен сөйлеу тілінде ҚазМУлықтар, АлМУлықтар, ТЖМдіктер деген сияқты жекелеген қолданыстаркездескенімен, олар жаппай тілдік қолданысымызға ене қоймаған [8, 8 б.]. Яғни қысқарған сөздердің жаңа сөздердің туындауына негіз сөз ретінде жиі пайдаланылмауы, ең алдымен, олардың өздерінің кең тарап, тіл тұтынушылардың бәріне таныс, бірдей ұғынылып, дайын сөз қалпында қолданыла бермейтіндігімен байланысты деп пайымдауға болады. Сондай-ақ олардың баспасөзде, ғылым тілінде жиі жазылып, қолданылып жүрген көпшілікке біршама танымалдарының елеулі бөлігінің құрамы қатар тұрған бірнеше дауыссыз дыбыстан немесе екі-үш дауыстыдан келуі де олардың тілде жаппай қолданылуына жол ашып, сөз туғызуға да икемділігін арттырмайды. Мысалы, БКТ (Бірыңғай кеден тарифі), АШҚҚҚ (Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры), ЖҚКҚ (Жедел іс-қимыл күштік құрылымы) тәрізді бірнеше дауыссыз дыбыс қатар келген немесе АЭА (арнайы экономикалық аймақ), ЕАӘК (Еуро-Атлантикалық әріптестік кеңесі), ОАӨАҮО (Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы), бірыңғай дауыстылардан тұратын сөздердің негізінде жаңа сөз туғызу қиын. Тіліміздің үндестік заңы, дыбыс үндестігі, буын үндестігі бұзылып, дыбыстар тіркесімі заңдылықтары сақталмаса, сөзіміз сөз болудан қалады. Сондықтан не бірыңғай дауыссыздан, не бірыңғай дауыстылардан құралғандарын ғана емес, АӨҚО (Алматы өңірлік қаржы орталығы), АІІБ (Аудандық ішкі істер бөлімі),ӘЫК (Әрiптестiк пен ынтымақтастық туралы келiсiм) сынды дауысты-дауыссызы араласып келген, алайда дыбыстар тіркесімі бұзылып, үйлесім таппай тұрған қысқарымдарды да сәтті жасалған дей алмаймыз.
Негіз сөздің немесе сөз тіркесінің мағынасымен сөзжасам үдерісі кезінде пайда болған туынды сөздің лексикалық мағынасы тең болуы да кездеседі. Бұл сөзжасамның дәл осы қысқарту тәсілі арқылы жасалатын сөз түрлеріне тән сипат. Мысалы, Бұқаралық ақпарат құралдары - БАҚ, Дүниежүзілік сауда ұйымы - ДСҰ, Еуразия экономикалық қоғамдастығы - ЕурАзЭқ, Ұлттық бірыңғай тестілеу - ҰБТ, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы - ҚР ҰҒА, Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясы - ТүркПА т.б [9,8]. Ғалым Н.Алдашев қысқарымдарды мынадай топтарға бөледі:
Сыртқы тұлғасы бойынша топтасқан қысқарымдар:
Бірнеше сөздердің тіркесімінен тұратын күрделі атаулардың ықшамдалған қазақы тұлғалары. Бұл қатарға екі әріптің бас қосуынан жасалатындар (АБ, АҚ, ҚР, ӨБ); үш немесе одан да көп әріптердің жиынтығынан тұратындар (БҰҰ, ТМД, ҚҰБ, МАИ, ІІМ, ЕҚЫҰ); буындық, аралас қысқарту үлгілері (меммүлік, мемқадағалау, Еуразия, Қармет, ҚазМҰУ) бар. Сонымен қатар қазіргі кезде акронимдер жиі кездесуде. Акронимдер - күрделі атаулар сыңарларының, әсіресе кісі есімдерінің алғашқы буындарын құрастыру арқылы сазды-образды, экспрессивті мазмұнда жасалған қысқарымдар. Мысалы, Алтеба - Алматы телефон байланысы, Кабиско - Казақстан-американ бисквит компаниясы, мекеме, фирма, кәсіпорын атаулары жатады. Бұндай акронимдердің алғашқы нұсқалары 50-60 жылдарда да ұшырасады. Мысалы: Марлен, Рената, Досмұқасан.
- Тұлғалануы жағынан ерекшеленетін қы сқарымдар келесі қатары -
транскрипцияланбайтын, халықаралық стандартқа ие, интернационалдық қысқарымдар. Олар - ЮНЕСКО, НАТО, ДНК, ЮСАИД тәрізді аталымдар. Сондай-ақ 70 жылдық дамуында норма болып танылып келген ГАЗ, КамАЗ, ЗИЛ, ГРЭС, МТС сияқты қолданыстардың байырғы қалпында игерілуі басым.
Күрделі атаулар тобына құрамындағы компоненттердің бірі немесе екеуі буындық тұрғыдан ықшамдалған, келесі сыңары толық алынған, тұтас бір сөз болып жазылатын тұлғалар жатады. Олар - Ақмолаагромашқұрылыс, Жөндеумехзауыт және т.б.
Жазба тілде, сондай-ақ криптонимдер, таңбалар көмегі арқылы тұлғаланған қысқарымдар да кездеседі. Криптонимдер - кісі есімдерінің бастапқы дыбысын нүкте белгісі арқылы тұйықтап қысқарту - көркем әдебиет жанрларында, криминалды хроникада, ал таңбалар арқылы жасалғандар (еш- есепшот, аш-ауыл шаруашылығы) жарнама подстилінде қолданылады.
2) Жасалу жолдары бойынша топтасқан қысқарымдар. Қысқартудың негізгітөрт жолымен бірге басқа типтері де көзге түседі.
Бірнеше сөздердің тіркесімінен тұратын күрделі атаулардың ықшамдалуынан жасалған бастапқы дыбыстық я әріптік қысқарымдар: АҚ, ҚР, ААҚ АЭС, БҰҰ, БАҚ, ЖШС, ЖАҚ, ЕҚЫҰ, КИМЭП, ЮНЕСКО т.6. (Қысқарымдардың құрамындағы сыңарлар екіден басталып, бірнеше сыңарларға дейін кетеді) жасалымдар жатады. Бұрын бұл қысқарымдардың орыс тілінде қалыптасқан үлгісін алатын болса, бүгінгі таңда қазақша баламасы басым. Осы қысқарымдардың кейбіреуі таратылып айтылса, кейбіреуі тілде жеке сөз сияқты қолданыс тапқан. Жоғарыда келтірілген мысалдар жазба тілде де, ауызекі тілде де айтылатын, түсінікті, көпшілікке танымал қысқарымдар. Сонымен қатар тілімізде түсініксіздік тудыратын қысқарымдардың да кездесетіні белгілі. Оларды жақша ішінде толық тіркесімдерінің анықтамасын беріп отырған жөн: ҰҚК (Ұлттық қауіпсіздік комитеті), ІІМ (Ішкі істер министрлігі), ҚТП (қалааралық телефон пункті), ПМЗ (Павлодар мұнай зауыты) т.б.
Буындық қысқарымдар: ұжымшар, кеңшар, военком, Кармет, Сеймар, Санұр, Ономком, терминком, Алтеба, санбат, басбух т.б.
Аралас (біріншісінің әріптік, екішісінің буындык немесе буындық әріптік қысқартуға ұшыраған компонентке, үшіншісі компоненттің толық қалпында жалғануы ҚазМҰУ, меммүлік, Әділетмин).
Контракциялық қысқарту - жалпы есімдердің, терминнің құрамындағы екі дауыссыз дыбыстардың селбесуі арқылы жасалған қысқарымдар. М, тг - теңге, дн - дүйсенбі. Қазақ тіліндегі іс қағаздарын жүргізу үшін де контракциялық қысқартулар ұсынылады. М, НК - нүкте, ҚН - қос нүкте, ТР -
тырнақша, ҮТ - үтір.
Суспенсиялар - жоғары жиілікпен қолданылатын кейбір аталымдарды осы тәсілмен ықшамдау - орыс тіліне өте-мөте тән құбылыс, түркі тілдерінде де байқалады. Суспенсия - жеке сөздің алғашқы бірнеше дыбысының кесіліп алынуы, мұнда, әдетте, соңғы дыбыс дауыссыз болуға тиіс. М, ауд. - аудан, обл. - облыс, даңғ. - даңғыл, көш. - көше, шығ. - шығармалары.

Қазіргі жазба тілінде, сондай-ақ таңбалардың көмегі арқылы ықшамдалған қысқарымдар ұшырасады. Криптонимдер - кісі есімдерінің бастапқы дыбысының нүктемен ажыратылып алынуы белгілі бір функционалдық қызметте (кісі есімдерін құпияландыру максатында) 1920-ыншы жылдарда да көрініс береді. Қазір бұл әдіс ішінара көсемсөзде, көбіне - көп криминалды хроника жанрында пайдаланылады (М. деген жазушы, В. деген азамат). Нүкте белгісінің, қисық сызықтың, дефистің көмегі арқылы тұйықталып қысқарымдар анықтамалық ақпарат құралдарында, жарнама стилінде кең қолданылады.
3Әдеби тілдегі орны бойынша топтасқан қысқарымдар.Қазіргі жазба тілдегіжұмсалу мүмкіндігіне қарай қысқарған сөздерді екі ыңғайда қарастыруға болады.
- Кең қолданыстағы қысқарған сөздер. Бұлар - қоғамдық-саяси ұйымдардың, ірі мемлекеттердің, халық арасындағы қызметі танымал, мекемелер мен кәсіпорындардың күрделі атауларының қысқартылған үлгілері, бұндай қысқарымдар ақпаратты, ойды қабылдау барысында түсініксіздік туғызбайды. Мысалы, БҰҰ, ҚХР, ТМД, ҚР, АҚШ, СҚМУ; терминдерге жаңаша көзқарастың қалыптасуына орай бұрынғы орыс тіліндегі түпнұсқасынан (қысқартылған үлгісінен) аударылып жасалған үлгілер - кеңшар, ұжымшар, медбике, меммүлік т.б.
- Пассив қолданыстағы қысқарымдар қатарына арнаулы салаларда мәліметтердің тақырыптық, мазмұндық сипаттарына қарай сирек қолданылатын әріптік, буындық және аралас қысқартулар жатады. Функционалдық стильдер, әсіресе баспасөз тілі мұндай қысқарған сөздерді бергенде техникалық әдістерді пайдаланады, яғни жақша ішінде күрделі атауды қоса көрсетеді. Мысалы, ПҮАЖ - (Президент пен Үкіметтің актілер жинағы), ЕҚЫҰ - (Еуропалык қауіпсіздік және ынтымақтастык, ұйымы) .
Тілші ғалым Ш.Құрманбайұлы қысқарған сөздерді жасалуына қарай төрт топқа бөледі. Олар:
1) Әріптік қысқарымдар - екі немесе одан да көп сөздер тікесімінен құралған күрделі атулар құрамындағы сыңарлардың бастапқы дыбыстарынан құралған қысқарымдар. Мысалы, АҚ (акционерлік қоғам), АҚШ (Америка құрама штаттары), ЕК (Еуропалық Кеңес), ЕКПА (Еуропа Кеңесі Парламентік Ассамблеясы), ҚТЖ (Қазақстан темір жолы) т.б.
2) Буындық қысқарымдар - күрделі атаулар сыңарларының негізінен бастапқы буындарынан құралған қысқарымдар. Мысалы, кеңшар, ұжымшар, Ономком, Терминком т.б.
3) Аралас қысқарымдар - күрделі атауларды құрайтын сыңарларының бастапқы буындары мен бастапқы дыбыстарынан құралатын қысқарымдар. Яғни, сөз тудырудың мұндай жағдайында қысқарған сөз жасаудың екі түрлі тәсілі де, әріптік және буындық қысқарту да пайдаланылады. Мысалы, ҚазТАГ, ҚазҰУ, АлМУ т.б.
4) Жартылай немесе ішінара қысқарымдар - буындық қысқарымдар мен толық сөздердің бірігуінен жасалған сөздер. Күрделі атауды құрайтын сөздердің бәрі буындық қысқарымға ұшырамай, жартылай немесе ішінара қысқартылып, өзгелері сол қалпында қысқарған сөз құрамына енетін қысқарым түрі. Мысалы, Қазбаспасөз, мембағдарлама, мемқызмет, меммүлік, Мемхатшы, мемсыйлық, мемсату, т.б. Орыс тілінде қысқарымның бұл түрін частичносокращенные слова (пединститут, госбанк, сельхозотдел) деп атап жүр. Күрделі атауларды құрайтын сөздердің бірі қысқартылып алынып, екіншісі тұлғасын өзгертпей алынатындығын ескере отырып біз қысқарған сөздердің бұл түрін жартылай немесе орыс тіліндегідей ішінара қысқарту деп атаған дұрыс болар еді.
ХІХ ғасырға дейінгі Қазақ даласында оқу-ағарту ісінің қалыптасқан белгілі жүйесі болғаны туралы нақты тарихи дерек жоқтың қасы болып келген. Дегенмен, қалалы жерлерде оқу ісінің белгілі сипаты болғанын ешкім жоққа шығара алмайды. Әбу Насыр әл-Фараби мен Әбу Әли ибн Синалардың, М. Қашқари мен Ж. Баласағунидың, А.Югнеки мен А. Яссауидың алғашқы білім алған жерлері осы түркілік топырақ екені баршаға анық. Тақыр жерге шөп шықпайды дегендей, бұл ғұламалардың өнген, өскен ортасында білім ошақтары болғаны рас. Мұның үлкен айғағы А. Яссауидың даналық мектебінің болуы, оның шәкірттерінің даналық жолды жалғастыруы дер атап көрсетуге болады.
Екі ғалымның қысқарымдарды жасалуына қарай топтастырғанда ұқсастықтары мен айырмашылықтарын бірден байқауға болады. Алғашқы үш түрі екі ғалымда да сәйкес келеді, яғни әріптік қысқарымдар, буындық қысқарымдар және аралас қысқарымдар. Ш.Құрманбайұлы қысқарған сөздердің жасалуының төртінші түрін жартылай немесе ішінара қысқарымдар деп алған. Осы төртінші түрін ғалым Н.Алдашев сыртқы тұлғасы бойынша топтасқан күрделі атаулар тобының құрамындағы компоненттердің бірі немесе екеуі буындық тұрғыдан ықшамдалған, келесі сыңары толық алынған, тұтас бір сөз болып жазылатын тұлғалар деп алады. Р.Қадырқұлова Қазақ тіліндегі қысқарған сөздер және олардың жаңа үлгілері деген мақаласында қысқарған сөздердің жасалуының дәстүрлі 4 түрін көрсетеді және қысқарған сөздердің жасалу жолдарына тоқтала отырып, оларды ықшамдаудың шартын ұсынып өтеді:
АҚ - Акционерлік қоғам, ҚР - Қазақстан Республикасы, ҒА - Ғылым Академиясы деген ұғымды білдіретінін мектеп қабырғасынан оқытып-үйретеді. Бұл күрделі атауларды қысқартудың бірінші тәсілі болып саналады. Алайда осы қысқарту тәсілі қолданыста жеке айтылғанда күрделі атаудың мәнін иелене аламайды. Себебі, бұларды қысқартылған үлгі тұлғасында қосымша жалғап, басқа сөздермен байланысқа түсіру қиынға соғады (ҚР-дың азаматы, ҒА-ның қызметкері, АҚ-тың мүшесі емес). Бастапқы әріптерін алу үшін күрделі сөздің құрамындағы компоненттерінің саны кемінде нешеу болуға тиіс? Егер БҚО, СҚО, ШҚО, ОҚО түріндегі қысқартулар болса, олардың қай облыс екендіктерін білеміз. Ал Алматы, Атырау, Ақмола, Ақтөбе облыстарын бір ғана АО тұлғасында бере алмас едік. Сонымен, күрделі атауларды ықшамдаудың бірінші тәсілі, яғни сөздердің бастапқы әріптерін алу үшін олардың құрамындағы компоненттерінің саны үшеуден кем болмауы шарт.
Бірінші сөздің бастапқы буыны мен қалған сөздердің бастапқы дыбыстарының алынуы. Екінші тәсіл бойынша күрделі атауларды ықшамдау құрамындағы компоненттерінің саны үшеуге толмаса, жүзеге аспайды.Бұл тәсілдің бірінші сөзі, негізінен, Мемлекет немесе қала атауларының алғашқы шартты бөлігі буын болуы міндетті емес болады да, қалған құрамдарының бастапқы әріптері алынады. Осы тұста ескере кететін жайт - Қазақ және Қазақстан сөздерінің ықшамдалу ерекшеліктері. Қолданыс жиілігі жағынан Қазақ сөзі - Қаз., ал Қазақстан сөзі Қ түрінде ықшамдалады: ҚазҰПУ, Қазмұнайгаз, ҚазБелАз, ҚБТУ (Қазақстан - Британтехникалық университеті), ҚР ҰҒА, ҚР Ұлттық Банкі.
Күрделі атауларды ықшамдаудың дәстүрлі үшінші, төртінші тәсілдері айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған жоқ. Керісінше, бұл тәсілдердің қатары жаңа ықшамдалулармен толықты. Олар:
- бірінші сөздің бастапқы бөлшегі мен қалған сөздердің толық берілуі: Қазмұнайгаз (Қазақ мұнай және газ), Қазатомөнеркәсіп (Қазақстанның ұлттық атом өнеркәсібі), Қазэкспортастық;
- бірінші, екінші сөз толық, қалған сөздердің бастапқы бөлшегін алу:Жезқазғантүстімет (Жезқазған түсті металлургия), Қазақтеміртранс;
- бірінші, екінші сөздің бастапқы бөлшегі мен келесі сөздің толық берілуі: Қазагроинновациялар, Еурохимтыңайтқыш, ҚазкоммерцБанк.
Белгілі тілші ғалымдарымыздың аталмыш төрт тәсілдің соңғы үшеуінде де бастапқы буындардардың қысқартылып алынуы деген ереже бар. Шын мәнінде буынның қысқартылатыны мысалдармен дәлелденбейді. Қазақ сөзінің (ҚазҰТУ) бастапқы буыны - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қысқарған сөздер түрлері
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚЫСҚАРҒАН СӨЗДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫСЫ
Қысқарған сөздердің түрлері
Қысқарған сөздердің жасалу ерекшеліктері
Қазақ тіліндегі қысқарған сөздер
Қазақ тіліндегі терминдердің қалыптасуы
Қысқартулардың қазіргі қазақ баспасөзінде қолданылуы
Күрделі қимыл атауларының қазақ тілінде қолданылуы
Жалпы туынды сөз қазақ тілінің бір үлкен саласына айналуы заңды
Қысқарған сөздер аббревиатураларды талдау
Пәндер