Латын әліпбиіне көшу қазаққа не береді?



1 Латын жазуына негізделген қазақ әліпбиі: лингвистикалық фактор
2 Латын негізді қазақ әліпбиінің жобалары және олардың графикалық тиімділігі
«Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз. Қазақ алфавитін 2025 жылға қарай латын графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпараттың тіліне айналдырады»
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауынан
Қазақстанда қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру туралы мәселе кешелі-бүгін ғана көтерілген жоқ. Қазақстан өз тәуелсіздігін алып, дербес мемлекет болғалы бүгінгі күнге дейін өзекті күйінде талқыланып келеді. Бұл туралы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та жиі айтады.
Бүгінгі таңда қоғамда әліпбиді ауыстыруға байланысты түрлі пікірлер айтылуда. Біреулер латын әліпбиінің оңтайлы тұстарын алға тартса, енді басқалары бұл істе асығыстық жасамайық деп сақтандырады. Мұндай пікірлердің орын алуы өте заңды. Соның арқасында көпшілік осы бір күрделі мәселеге орай өзінің көзқарасын қалыптастырады. Алайда анық болатын бір мәселе бар. Ол – қазақ тілі бүгін бе, ертең бе міндетті түрде латын әліпбиіне көшеді. Оны Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Жолдауында анық айтты. Яғни бір сұрақтың басы айқындалды. Президенттің «Қазақстан-2050» стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында тілге тиек етіліп және биылғы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында латын әліпбиіне көшу туралы идеяға қайта тоқталып, осы идеяны жүзеге асыруға қатысты нақты жоспарларды айтады. «2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керек. 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажет» – деп атап көрсеткен-ді Елбасымыз аталмыш мақаласында.
1. Хасанова С. Қазақ жазуы мен оқуының бастаулары (көне түркі және араб, латын жазбалары). – Алматы: 2007. -264 бет
2. Н.Уәли. Лингвистикалық және мәдени-әлеуметтік түрткіжайттардың басымдығы// Латыын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиі: тарихы, тағылымы және болашағы. – Алматы: «Арыс», 2007. – 410 бет
3. Латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиі: тарихы, тағылымы және болашағы. – Алматы: «Арыс», 2007. – 410 бет
4. Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992. – 446 б.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
латын әліпбиіне көшу қазаққа не береді?
Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз. Қазақ алфавитін 2025 жылға қарай латын графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпараттың тіліне айналдырады
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауынан
Қазақстанда қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру туралы мәселе кешелі-бүгін ғана көтерілген жоқ. Қазақстан өз тәуелсіздігін алып, дербес мемлекет болғалы бүгінгі күнге дейін өзекті күйінде талқыланып келеді. Бұл туралы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та жиі айтады.
Бүгінгі таңда қоғамда әліпбиді ауыстыруға байланысты түрлі пікірлер айтылуда. Біреулер латын әліпбиінің оңтайлы тұстарын алға тартса, енді басқалары бұл істе асығыстық жасамайық деп сақтандырады. Мұндай пікірлердің орын алуы өте заңды. Соның арқасында көпшілік осы бір күрделі мәселеге орай өзінің көзқарасын қалыптастырады. Алайда анық болатын бір мәселе бар. Ол - қазақ тілі бүгін бе, ертең бе міндетті түрде латын әліпбиіне көшеді. Оны Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Жолдауында анық айтты. Яғни бір сұрақтың басы айқындалды. Президенттің Қазақстан-2050 стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында тілге тиек етіліп және биылғы Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласында латын әліпбиіне көшу туралы идеяға қайта тоқталып, осы идеяны жүзеге асыруға қатысты нақты жоспарларды айтады. 2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керек. 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажет - деп атап көрсеткен-ді Елбасымыз аталмыш мақаласында.
Біз қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру туралы пікірлерді ғаламтор беттерінен іздестіріп, жинақтаған едік. Солардың бір парасын назарларыңызға ұсынуды жөн көріп отырмыз:
Саясаттанушы, Қазақстан Ұлттық арнасының директоры Ерлан Карин:
Латын әліпбиіне көшу -- жай әліпбиді ауыстыра салу емес, ол біз үшін өркениетті шешім. Бұл біздің ашық әлемнің бір бөлігі болуға талпынуымызды, алға жылғымыз келетінін растайды және бұл осыған дейін Қазақстандағы білім беру жүйесін жетілдіру туралы идеялармен байланысты болып тұр.

Шәкір ЫБЫРАЕВ, ҚР Білім және ғылым министрлігі Түркі академиясының президенті: Алдымен бүгінгі компьютер заманында интернет жүйесінде үстемдік ететін латын әліпбиі екендігін мойындауымыз керек. Бәріміздің электрондық поштамыз бар. Ол поштамыз кирил, араб, немесе басқа емес, латынмен жазылған. Астымыздағы көлігіміздің нөміріндегі әріптер латынмен берілген. Куәлігіміз бен паспортымызда латын әліпбиі тұр. Осындай мысалдарды көптеп келтіре беруге болады. Яғни латын әліпбиі бізге таңсық емес. Ол біздің қоғамға еніп кеткен. Оны еліміздегі кез келген сауатты адам белгілі дәрежеде біледі. Ал латынның бізге берері дегенде толып жатқан тиімді тұстарын көрсетуге болады. Латынға көшкенімізде ұтатын тұстарымыз төмендегідей: Біріншіден, тіл тазалығы мәселесі. Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Уақыт та, қаржы да үнемделеді. Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу - қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады. Төртіншіден, түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латынды қолданады. Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуіміз керек. Ол да табиғи іс екендігін айтқым келеді.

Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Нұрбол Сәдуақас:
Алаңдаудың реті жоқ...
Қазіргі қазақ жазуында қолданылып жүрген әліпбиді латын әріптерімен ауыстыру мәселесіне алаңдаушылық тудырып отырғандар бар. Бірақ бұл болашаққа батыл қадам жасап, елімізді төрткүл дүниеге танытып келе жатқан Елбасының тағы бір маңызды бастамаларының бірі және дер кезінде қозғалған тіліміздің болашағы үшін жасалған ғылыми маңызды шара деп білеміз. Тәуелсіз елдің негізгі белгілерінің бірі ретінде жазудың маңызы өте зор. Сондықтан да болар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың біз орыс тіліне қарсы емеспіз, біз оның қазақтар арасына қалай енгізілгеніне келіспейміз деген сөзі көңілге көп ой салады. Себебі бұл сөз тілінің болашағын ойлаған тіл мамандары мен тілге жанашыр зиялы қауымның көкейіндегі ойды дөп басқандай. Мұны қазіргі кирилл-қазақ әліпбиіне немесе орыс тіліне теріс қарау деп емес, қайта қазіргі әліпбиіміз бен жазуымыздағы халықтың өз еркімен қалап алмаған, кешегі кеудемсоқ жүйенің өктем саясатының әмірімен күшпен таңылған кейбір кірме әріптерден арылып, таза қазақ әліпбиін жасау бағытындағы игілікті қадам деп түсінеміз. Латын әліпбиіне көшу, сайып келгенде, ана тіліміздің болашағын ойлап, қолданыс аясын одан әрі кеңейте түсуге мүмкіндік жасап, тіліміздің ішкі табиғи әліпбиіміз арқылы жазудың айтуға жасап келе жатқан қиянатын болдырмай, қазақы айтылым (орфоэпия) мен жазылым (орфография) талаптарын жүйеге түсіру деп түсіну керек.

А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек:
- Бұл - біздің ұлттық мүддеге арналған керемет бағдарлама. Дегенмен, жалпы алғанда, жұртшылық кирилл, яғни орыс әліпбиіне үйреніп кеткен. Бірақ біз маңызды бір мәселеге көңіл бөлмей келеміз. Ол - сауатты, қате жібермей жазу мәселесі. Ал, қазіргі газет-журналдарды алсаңыз, орфографиялық нормалардың сақталмауы, қателер деген өріп жүр - оны мойындау керек. Мысалы, Айқын шекара деп жазса, Егемен шегара деп жазады. Осы сынды қателер өте көп. Біздің мемлекеттегі классикалық үлкен басылымдар осындай қателіктерді жібереді, тіпті, әр журналистің өзіндік жазу принциптері бар. Ғылым бекіткен ережелер бөлек, ал әр ақынның, әр журналистің, әр жазушының жазу тілі мүлдем бөлек. Бұл дұрыс емес, белгілі бір жүйе қалыптасу керек, бірдей орфографиялық норма болуы тиіс және ол сақталуы шарт. Бұл - өте үлкен мәселе. Шетелде бір газетті алып, кез келген мақаласын оқысаңыз және сол жерден бір қате табылса, оны бүкіл ел болып талқылайды, сол қатені үлкен мін етіп көрсетеді. Ал, бізде сауатсыз жазу, ережелерді сақтамау әдетке айналған. Неге? Себебі, біздің әліпбиіміз мал қора секілді. Мені қатты айтты дерсіздер, дегенмен мұны да мойындау керек. Тіліміздегі төл дыбыстардың саны 26-28, ал әріптеріміздің саны 42, екі есе көп. Кириллицаны 30 жылдардың аяғы мен 40 жылдардың басында қабылдаған кезінде еліміз өте қиын жағдайда болған. Орфографияға да, орфоэпияға да сауатты бүкіл адамдарды құртып, жоғары жақтан кириллицаны бұйрықпен күштеп енгізген болатын. Қазақ тіліне еш қатысы жоқ, біздің табиғатымызға жат әріптерді кіргізе салды. Сол бір орыс әліпбиінің негізінде қазақ тілі әліпбиінің 20-30 шақты нұсқасын жасап берді. Мысалы, біз башқұртпен, ноғайлармен сөйлескенде тілімізде ешқандай да айырмашылық жоқ, бір-бірімізді оңай түсінісе аламыз, бірақ бір-біріміздің кітаптарымызды оқи алмаймыз. Себебі, біздің әліпби орыс әліпбиі негізінде жасалған. Қазақ тілінде бір ғана дыбысты беретін әріптер кириллицада екі-үш таңбамен таңбаланады.

Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық орта - ның, ком - муникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасыр - дағы ғылы - ми және білім беру үрдісінің ерекше - лік - теріне байланысты, -- деп Елбасы айтқандай латын әліпбиіне көшу - заман талабы. Ал ғалымдарымыз осы қаріпті қолдану арқылы әлемдегі ең дамыған өркениетті елдермен тереземізді теңестіре аламыз деген пікір айтып, оның тиімді тұстарын дәлелдеп бағуда.
Ендігі кезекте Мемлекет басшысы атап өткендей ғалымдардың көмегімен қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасы қабылданып, әдістемелік жұмыстар жүргізілуі тиіс. Сондай-ақ, жаңа әліпбиді үйрететін сапалы мамандар қатарын көбейтіп, мектептерге арналған оқулықтар дайындалуы қажет.
Міне, осы мақсатқа қол жеткізіп, соның жеміс көру үшін қаймақ бетінде жүрген білікті тіл мамандары мен оқытушы-профессорлар аянбай тер төгуі керек.
Жоғарыдағы пікірлерден осындай ой түйдік. Латын әліпбиіне көшу керек пе, жоқ па? -- деген сұрақ өз актуальдығын жойған бүгінде. Бұл сұрақты көкейден сызып тастап, ғалымдар әліпбиді жасауға тез арада кірісуі керек деп санаймыз. Латын әліпбиіне көшу - заман талабы

"ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ - УАҚЫТ ТАЛАБЫ" АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

Латын әрпіне көшу - қазақ тілін дамыту мен жаңғыртудағы ішкі қажеттілік
Нұрсұлтан Назарбаев
Қазіргі уақытта латын әрпін қолдану, ең алдымен, уақыт талабы болып отыр. Сондықтан да заманауи технологияларға тәуелді екенімізді мойындап, кез келген жаңа дүниелермен санасуымыз керек. Бұл үдеріс жақсы дайындықты және ойластырылып жүргізілуді қажет етеді. Осы орайда, XX ғасырда кириллица негізінде қазақ тіліндегі әдеби және ғылыми мұралардың ауқымды қоры әзірленгенін есте сақтағанымыз жөн ... . - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Біз қазақ тілінің мәртебесін, қазақ тілінің тазалығын ойлауымыз қажет! Негізі қазақтың тілі жұмсақ, үнді, мәдениетті тіл. Кейбір әріптердің ана тіліміздің әуезін бере алмауына байланысты тіліміз өзінің бастапқы қалпын жоғалтып жатыр. Осы орайда біз латын әліпбиіне көшуіміз керек.
Латын әліпбиіне көшу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында Таран ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы "Латын әліпбиіне көшу - уақыт талабы" атты дөңгелек үстел 2017 жылғы 28 маусым күні өткізілді. Іс-шара барысында Латын әліпбиіне көшудің ең басты қажеттілігі, қазақ тіліндегі сөздердің айтылуындағы өзгерістер, ұтатын және ұтылатын тұстары талқыланды. Дөңгелек үстелді А.О.Кафизова қорытындылап, пікірсайыс еркін әрі өзара түсіністік жағдайында өткенін, қатысушыларға ойларын ашық айтуға толық мүмкіндік берілгенін атап көрсетті.
Ұсынылған мәселе төңірегінде өз пікірлерін ортаға салды. Пікірталасқа ұласқан дөңгелек үстелдің жұмысы қорытындыланып, келген қонақтар сауалнама арқылы өткізілген іс- шараға өз бағасын берді

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ МӘСЕЛЕСІ 13 Қыркүйек 2017 23484 0 Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласында: Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық деп айтқан еді. 1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Президиумы латындандырылған жаңа әліпби - Біртұтас түркі алфавитін енгізу туралы қаулы қабылдады. Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылды. 1940 жылғы 13 қарашада Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы заң қабылданды. Сондай-ақ, Елбасымыз өзінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан - 2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында: Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек. Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл - ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы - қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады - деп латын әліпбиіне көшудің қажеттілігін атап өтті. Біздің қазіргі кирилл әліпбиіндегі қазақ тіліміз - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, сонымен қатар Ресей, Өзбекстан, Қытай, Моңғолия жəне т.б. елдерде тұратын қазақтардың ана тілі. Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына, соның ішінде қарақалпақ, ноғай, қарашай тілдерімен бірге қыпшақ-ноғай тармағына жатады. Сонымен қатар қырғыз, татар, башқұрт, қарашай-балқар, қырым, құмық, татар тілдеріне жақын. Қазақ жазуы бірнеше рет өзгеріске ұшырады. жазу тарихында қазақ тілінің әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізіп, ұлттық әліпби деңгейіне жеткен. 1929 жылға дейін Қазақстанда араб жазуы пайдаланылды. ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы ұсынысымен қазақ фонетикасының ерекшеліктері ескеріліп жасалған, араб графикасына негізделген төте жазу пайдаланылған. 1929-40 жылдар аралығында латын графикасына негізделген әліпбиді жазу жүйесіне енгізіп, 1940 жылдан бері қарай кирилл графикасы әліпбиін қолданып келеді. Мысалы, айта кетсек, Қазақ тілі үшін әр кезеңдерде және әр аймақтарда келесі жүйелер Қазақстан Республикасында - кирилл жазуы негізінде, ресми түрде Қазақстанның бүкіл жерінде және Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында пайдаланылған. Тағы да көршілес Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан және Өзбекстан елдерін бірыңғай мекендеген қазақ жұрты пайдаланады, сонымен бірге басқа ыдыраған КСРО республикаларында да пайдаланылады. Сонымен қатар Түркия, Германия, АҚШ т.б. батыс елдерінде қазақ диаспорасы әртүрлі қалыпты емес латын жазуын пайдаланады. Осылайша, қазақ тілінің әліпбиін өзгерту тарихы негізінен нақты саяси себептермен айқындалып келді. Латынға Түркия 1928 жылы көшсе, Өзбекстан, Әзірбайжан КСРО ыдырағаннан кейін ауысты. Cол елдердің тәжірибесіне қарасақ, мысалы, Өзбекстан 1928 жылға дейін өзбек тілі араб әліпбиін қолданған. 1928-40 жылдар аралағында жазулары латын әліпбиі негізінде болған. 1940-1992 жж. кириллица қолданылып. 1993 жылы өзбек тілі қайта латын тіліне көшіп, қазіргі кезге дейін қолданып келеді. Өзбек латын тілінің ерекшелігі - арнайы символдар мен диакритикалық белгілердің жоқтығы (тек апострофтар бар). Классикалық латын кириллицамен салыстырғанда 7 әріпке кем, сондықтан арнайы белгілер мен символдардың жоқ болу есебінен кейбір әріптерді екі еселеуге тура келеді. Нәтижесінде апострофпен қосқанда 29 әріптен тұратын өзбек латын әліпбиі құрылған. Сол сияқты Әзірбайжанда 1925 жылдарға дейін ресми әліпби рөлін араб тілі атқарды. 1926-39 жылдары латын әліпбиін қолданса, 1940-2001 жылдары кириллица, одан кейін 2001 жылы қайта латын әліпбиіне көшті. Еліміздің латын әліпбиіне көшу ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі. Ұлы Дала елінің тарихына көз жүгіртсек, бірінші тұғыры байлық - жер, екіншісі - тіл, үшіншісі - мемлекет және оның тарихы болуы керектігі айқындалады. Ағартушы-педагог ғалым Ахмет Байтұрсынұлы айтып кеткендей, Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы - тілі деген. Алаш қайраткерлері де латын әліпбиін жазу-сызуда қолданды. Бұл бізге таңсық дүние емес. Латын әліпбиі әлемде кеңінен қолданылады. Латын әліпбиі б.з.б. VII ғасырда Римде грек және этрус әліпбиінің тармағы ретінде пайда болып, б.з. I ғасырда қалыптасқан. Орта ғасырда латын әліпбиі Еуропаға тарады. Африка, Америка және Азия халықтары пайдаланды. Қазіргі латын әліпбиінде 25 әріп бар. Дауысты дыбыстар е әрпі созылыңқы және қысқа айтылуына байланысты мысалы: Liber - тәуелсіз, Liber - кітап сөздердің мағыналары өзгереді. Түркияның ғалымы Әбдіуақап Қара өзінің Латын әліпби қазақ тілін еркіндікке шығарады атты мақаласында Түркия халқы латынға 1928 жылы өткенімен онда бар-жоғы 29 әріп бар. Олардан бірқатар дауыстылар ескерілмегенін бүгінгі ғалымдар айтып отыр. Негізі түркі тілдерін 34 таңбамен белгілеуге болады. Бүгін түрік латын әліпбиінде 5 әріп кем болып отырғанын айтады. Тіл ғалымдары, солардың ішінде ең ұтымды алфавиттің Қазақстан қолданған кирилл әліпбиі екенін айтуда. Мәселен, түрік ғалымы Хатиже Ширин Ұсер қазақ-кирилл әліпбиі өзге түркі-кирилл алфавитіне қарағанда, таңбаның графикалық және фонетикалық тұрғыдан бір-бірімен байланысты болуы және бір дыбысқа бірден көп таңба берудің болмауына байланысты мұқият дайындалғанын айтады. Бұл тұрғыда қазақ-кирилл әліпбиін дайындаған тіл ғалымы С.А. Аманжоловтың рөлінің зор екендігін атап өтеді. Бүгінгі күнге дейін Тіл саласының білікті мамандары латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің жобаларын жасауда қызу талқылауда ойларын да айтып бөлісті. Айта кетсек, солардың бірі - филология ғылымдарының докторы, профессор Әлімхан Жүнісбектің пікірі: Латын әліпбиіне көшудің қиыншылығы қазіргі біздің қолданып жүрген әліпбиіміз қазақтың төл әліпбиі емес, орыс тілімен араласып кеткені, бізге өзге тілден енген дыбыстар араласып кетсе онда кедергілер туындайтынын, латын әліпбиіне төл дыбыстарымызды баптап, соның аясында көшуін және қазақ жазуына тек әліпби ауыстыру ғана емес, түбегейлі реформа керек екенін, ол реформа үш мәселені дыбыс, әліпби және емле ережені бірдей қамтиды - деп айтты. Әрине, ұлт үшін маңызды өзекті мәселелердің оңды шешілуіне қосып отырған кәсіби білікті мамандардың пікірлері ескеріліп, латын қарпіндегі қазақ әліпбиін жасалу жолдарына қатысты өрбісе және басқа жоғарыда аталған елдердің тәжірибесіне қарап салыстыра отырып жасалса құба-құп болар еді. Қазіргі уақытта ұялы телефондарда жарнамалар, хабарламалар латын әліпбиімен жазылуда. Сонымен қатар, интернет желісінде де латын әліпбиіне аударатын транскрипция орнатылған, бірақ орыс графикасында ғана жасалған, болашақта қазақ графикасында жасалады деген ойдамыз. Латын әліпбиіне көшуде осындай бастапқы жұмыстар атқарылып отыр. Қорыта келгенде, латын әліпбиіне көшу - ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады демекпін.

Источник: http:e-history.kzkzcontentsvie w6807
(C) e-history.kz

Латын әліпбиіне көшудің 5 пайдасы Соңғы кезде жаңалықтар лентасын шулатқан тақырыптың бірі - латын әліпбиіне көшу. Бұл ұсыныс алғаш 5 жыл бұрын сөз етілгенде, алынбас қамалдай көрінгені рас. Енді, міне, жаңа әліпбидің бірнеше нұсқасы ұсынылып, халық арасында кең талқылану үстінде. Өз басым, бұл ұсынысты толықтай қолдаймын. Себебі: 1. Латын әліпбиі әлемдік өркениетке аяқ басуымызға септігін тигізеді. Кириллица жазуын әлемнің 12 мемлекеті ғана пайдаланады екен. Ал дүниежүзі халықтарының 80%-ы осы әліпбиге көшкен. 2. Осының есебінен басқа тілдерді үйренуге мүмкіндігіміз артады. Әрбір жаңа тіл - жаңа әлем. Оның үстіне, латын тілі - жаңа технология тілі, ғаламтор тілі. 3. 1929-1940 жылдары латын әліпбиінде жаздық. Сол замандағы ұлы тұлғаларымыздың шығармалары мен қолжазбаларын келер ұрпақ қиындықсыз оқи алуы керек. 4. Бүгінде әлемнің әр түкпірінде 5 миллионға жуық қазақ тұрады. Оның 80 пайызы латын әліпбиін қолданады. Қандастарымызбен жақындасудың маңызы айтпаса да түсінікті. 5. Әліпби өзгерту төл сөздерімізді жазуда кеткен олқылықтарды жөнге келтіруге көмектесіп, қазақ сөздерінің дұрыс айтылуына ықпал етеді. Бүгінде латын әліпбиі сәнге айналып үлгерді десем, артық айтқандық емес. Әлеуметтік желілерде латын қаріптерімен жазатын жастар жетіп артылады. Осы уақытқа дейін ұсынылған әліпбидің бірнеше нұсқасы қазір біршама реттеліп, жөнге келді. Әлі де қосып-алуды, толықтыруды қажет етеді, әрине. Бастысы, халық болып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жаңашылдыққа қолдау көрсетуіміз қажет деп ойлаймын.

Толығырақ: https:massaget.kzblogs23144
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз

Латын жазуына негізделген қазақ әліпбиі: лингвистикалық фактор
Жазу - ойды, пікірді алыс арақашықтыққа (кеңістіктік, уақыттық) жеткізу мақсатында жұмсалатын тілдік қарым-қатынастың белгілі бір дәрежеде фиксацияға түскен таңбалық түрі. Жазу - белгілі бір халықтың, өркениеттің мәдени құндылығы. Адамзат өркениеті даму сатысына қарай жазудың бірнеше түрлерін басынан өткергені белгілі. Жазудың қалыптасу процесі адамзат танымының, айналаны, қоршаған ортаны тану процесінің, оның бағалау мен қайта суреттеудің жемісі. Демек алғашқы қауымдасып өмір сүре бастаған адам танымы көрген оқиғалары мен айтпақ ойларын қарабайыр графикалық немесе суреттік белгілермен беруін бүгінде өнердің тарихы ретінде де, жазудың тарихы ретінде қарастыра алатынымыз сондықтан. Шын мәнінде, ежелгі адамның палеолит дәуірінің тас үңгірлерінде әртүрлі пішіндегі геометриялық фигуралар, жануарлар мен заттардың сұлбасын салуы наным-сенімге негізделген әрекеттен туындаса да, бүгінгі күндегі ақпарат пен ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан білімнің тасымалдаушысы болған жазуға негізгі түрткі болды. Жалпы жазудың пайда болуы адамзат өркениетінің жетістіктерінің бірінен саналады. Бүгінде әлемдік жазу тарихында жазудың негізгі төрт түрінің болғанын білеміз. Олар: пиктографиялық жазу (суретті жазу, семаникалық таңба), идеографиялық жазу (иероглифтермен таңбалау, жекелеген сөздерді, ұғымдарды тұтас таңбалау түрі), силлабикалық жазу (буынды таңбалауға негізделген фонематикалық таңба), және жеке дыбыстарды таңбалауға негізделген фонематикалық жазу түрі. Әлемдік жазуда ойды хатқа түсірудің фоноидеографиялық (ежелгі қытай тілі), логографиялық (қытай, жапон, вьетнам тілдері), морфемдік, абигида (эфиоп жазуы), консонатты сияқты түрлері белгілі. Осы жазу түрлерінің ішінде бүгінгі күнде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Ана тілі» газетіндегі қазақ әліпбиінің жазылуы бітіру жұмысы
Қазақстанның латын әліпбиіне көшуі ─ заман талабы туралы ақпарат
Қазақстанның латын әліпбиіне көшуі заман талабы
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕГЕ ШЫҒУЫНА ЖОЛ АШАДЫ
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕНУГЕ ЫҚПАЛЫ
Латын әліпбиі негізіндегі қазақ жазуының тарихы
Қазақ тілі әліпбиінің латын графикасына көшу үдерісі
Латын әліпбиіне көшу – тіл реформасының бір сатысы
ХХ ғ. басында Қазақстанда латын алфавитіне көшу идеясы
Нәзір Төреқұлұлы және терминжасам мәселесі
Пәндер