Маркс пен Энгельс философиясы


Маркс пен Энгельс философиясы
Жоспар:
- Маркс пен Энгельс көзқарастарының қалыптасуының алғышарттары.
- Карл Маркстың жеке басының және дүнетамының қылыптасуы.
- Фринрих Энгельстың жеке басының және дүнетамының қылыптасуы.
1. Маркс пен Энгельс көзқарастарының қалыптасуының алғышарттары.
Маркс пен Энгельс философиясы жайлы айтатын болсақ . Жумысшы табын азат ету ici жолындары Маркс пен Энгельс ұлы күрескерлер Карл Маркс пен Фридрих Энгельс XIX ғасырдың 10-20-жылдары белесінде, Ресейдің жағалауындағы шағын қалаларда, Батыс Европаньң орталығында туды. Ал бұл кандай уакыт еді? Сол заманнын сипатты белгілерін кандай окиғалар мен кандай идеялар аныкталған еді?
XVIII ғасырдың аяғы - XIX ғасырдың басы континенттік Европада бұрын болмаған әлеуметтік сілкіністерге толы болды. Феодалдық қоғамның орнына келетін жаңа, буржуазиялық қоғамдық құрылыс туды. Ескі, крепостниктік тәртіптердің быт-шыты шықты, абсолюттік монархтардың - «құдай маңдайын майлағандардың» тақтары шайқалып, құлап жатты. Миллиондаған халық бұқарасы қанауға қарсы, өз праволары жолындағы күреске көтеріліп, үстемдік етуші таптарға өз күшін көрсетті.
Мұның бәрінің бастамасын салған Ұлы француз буржуазия-лық революциясы. Париждің көтеріліске шыққан халқынын 1789 жылы Бастилияны алуы, адам мен азамат праволары Де-кларациясының жариялануы, республиканың орнауы және ко-рольдің дарға асылуы - міне, осы оқиғалар Францияның өзін ға-на дүр сілкіндіріп қойған жоқ, сонымен бірге ескі, феодалдык Европаның барлық түкпірін қатты дүрліктірді. Алайда буржуазия халық бұқарасына революция жеңістерінің жемістерін пайдалануға мүмкіндік бермеді. Буржуазия бұларды тұтас өз пайдасына жаратып, емін-еркін кәсіпкерлікке және еңбекшілер-ді қанауға өз правосын экономикалық, заңдық және саяси тұр-ғыдан дәйектеді. Сондықтан сол кездегі дамыған капиталистік елдерде, ең алдымен ірі машиналы өндіріс орныққан Англияда, ал содан кейін Францняда пролетариат өз праволарын қорғап пәрмеиді қимыл жасау үшін ұйымдаса бастады. Ол нығайып, күш жн-нады, революциялық күреске аттанды. Бұдан аз деқгейде бол-ғанмен, Германияда да тап осылай болды.
Егер XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың бас кезіндегі Германияның экономикалық және саяси дамуы біршама баяу, әрі сылбыр жүрсе, ал оның рухани дамуында - философия, идеология, әдебиет саласында - істің жайы басқаша болды.
Француз революциясының алдында ұлы ағартушылар: Воль-тердің, Дидроның, Руссоның, Гольбахтық, Гельвецийдің қызме-тінің гүлденген заманы болғанын еске түсірейік. Олардың дін мен феодалдық тәртіптерді сынауы, олардың «Ақыл-ойдың та-лаптарына» сәйкес қоғамды өзгерту туралы идеялары, олардыц ерікті болып туатын, әйтсе де «жағдайлар» құл жасайтын адам туралы ілімі - міне, осының бәрі елдің қоғамдық пікірін фео-далдық монархияны революциялық жолмен құлату қажеттігіне, Бостандық, Теңдік және Туысқандық мұраттарының салтанат құруы жолындағы күреске әзірледі.
Бірақ бұл мұраттар сол кездегі жағдайларда жүзеге асырыл-ран жоқ және жүзеге асырылуы мүмкін де емес еді. XVIII ға-сырдын аяғында - XIX ғасырдың басында француздың ағар-тушылық ой-пікірі әбден сарқылып болғандай еді. Міне, тап сол дәуірде көрші Германияның ойшылдары барған сайын ездерін соншалыкты кәміл көрсете бастады.
Француз буржуазиялық революциясына олар философия жасаумен үн қосты, ал мұның өзі феодалдық қоғамға тән дінидогмалық дүниетанымға соққы берді. Канттың, Фихтенің, Шеллинг пен Гегельдің есімдерімен мәлім болған бұл философия өрлеп келе жатқан жас буржуазияның философиясы болды. Өзі-нің жартыкештігіне, өрісі тарлығына қарамастан, бұл философия акылға сенімді арқау етіп, жеке-дара инициативаға, ғылыми танымға кеңшілік берді. Ол адамның интеллект және парасат жағынан өзін өзі жетілдіруіне (әлбетте, борыш, право және адам парызы жөніндегі буржуазиялық түсініктер, жеке меншік пен адамды адам қанауы правосының бұлжымастығы жөніндегі түсініктер шеңберінде) өріс ашты. Германия тек өзінің философиясымен ғана емес, сонымен бірге Гете, Шиллер және Гейне сияқты кемеңгер ақындарды берген әдебиетімен де мақтана алатын еді. Олардың творчествосы сол кездегі Европаның рухани ахуалына күшті ықпал етті.
XIX ғасырдың бірінші отыз жылында Францияның да рухани өмірінде жаңа өрлеу байқалды. Сен-Симон мен Фурьенің утопиялық социализм идеялары кең тарады. Қейбір тарих-шылар (Тьерри, Гизо, Минье, Тьер) қоғам дамуын жаңаша ұғуға түйін іздеп, тап күресіне назар аударды. Асқан ірі сөз зергерлерінің: Стендальдің, Бальзактың, Жорж Сандтың, Ме-рименің шығармалары жарық көрді.
Рейн облысы екі мәдениеттің - неміс және француз мәде-ниеттерінің тоғысқан ықпалында болды. Мұнда көрші Фран-цияны дүрліктірген революциялық дауылдардың сарыны өте-мөте айқын сезілді. Рейн облысы арқылы Германияға бостан-дық сүйгіш, ағартушылық, материалистік идеялардың дүмпуі өтіп жатты. Мұнда немістің классикалық философиясы мен француздың утопиялық социализмінің идеялары әбден орынды түрде тартысып жатты. Мұнда француздардың көңілді, тапқыр, мысқыл өнерінің рухы немістерге тән түбегейлі, тиянақты ойлауға бейімділікпен ұштасты.
Сонымен бірге Рейн обдысында фабрика өндірісінің дамуы Германияныц қалған өңіріне қарағанда ерте басталды, сауда ісішапшаң еркендеді, жумысшы табы пайда болып, нығая түсті. Міне, осының бәрі болашақ данышгіандар - Маркс пен Эн-гельстің шыцдалып-жетілуіне қолайлы жағдай жасады.
2. Карл Маркстың жеке басының және дүнетамының қылыптасуы.
Маркс пен Энгельс философиясы, және оның ішінде Карл Маркстың дүниетанымы . Карл Маркс 1818 жылғы 5 майда оңтүстік Карл Маркстің Рейниің Трир деген ескі шағын каласындатуды. Оның әкесі, Генрих Маркс, адвокат қалыптасуы болатын. Кәсіби талант, жоғары білімдарлық, мінсіз адалдық және басына іс түскен адамға көмекке келуге әзір тұру оны қатар-кұрбыларының үлкен сый-құрметіне бөледі.
Оның семьясы көп балалы, бірақ ауқатты еді. Генрих Маркс балаларын ағартушылардың: Вольтердің, Руссоның, Лессингтің озық идеялары негізінде тәрбиелеуге тырысты. Карл кітап окуға ерте машықтанды.
1830 жылы Карл Трир гимназиясына түсті, онда бес жыл оқыды. Ол ыждағатты оқыды, әйтсе де жаттампаздыққа және діни текстерді қалай болса солай жаттап алуға құмар болмады, ал гимназистерден ең әуелі осы жағы талап етілетін еді. Оның рухани өмірі көбінесе дербес және толассыз ақыл-ой үстінде, азғантай дос-жарандарымен, әкесімеи араласу арқылы қалып-тасты.
Жас Марксті өз әкесінің адвокат ретінде басынан өткізген проблемалары: еңбекшілердің қайыршылық жағдайы, жантүр-шігерлік әлеуметтік әділетсіздік фактілері, қолында билігі бар-лардың кедейлерді қорлауы, өкімет орындарына оппозициялық ннеттегі қайраткерлерге жасалған саяси процестер толғандыр-май қойған жоқ. Жас жігіт әкесінің кейбір достарының Пруссия әміршісіне қарсы айтқан «шайпау» сөздерін құмарта ойына түйеді. Ол өзі өмірін халық игілігі үшін, әділеттік үшін күреске ба-ғыттауды ерте ойлай бастайды. Бұл ойлар мен көңіл ауандары оның гкмназия бітірерде жазған «Жас жігіттің мамандық таң-даудағы ойлары» деген шығармасында бейнеленді.
Тап осында жас Маркстің ақыл-парасатында оның кемел жасында толық, әрі айқын жетілген ойлар «жылт етіп көрінді». «… Біз өзіміз ұнатқан мамандықты, - деп жазды ол, - өнебойы таңдап ала алмаймыз; қоғамдағы біздің қатынастарымыз өзіміз оларға шешуші әсер ететіндей болғанға дейін-ақ белгілі дәреже-де орнатыла бастайды». Өзінің дербес жолының табалдырығын аттарда Маркс шын мәнісінде кейін өз өмірінің ұранына айнал-ған: «Адамзат үшін еңбек ету керек» деген ойын тұжырымдады. Ол бұл жолдың даңғыл емес екенін, қайта кедергі-соқпақтары мол екенін, бірақ өзінің бұдан қорықпайтынын кәміл ұға білді. Ол өзі таңдаған жолдағы «ұлы жауапкершіліктің» бар ауыртпа-лығын түсінді: «Егер біз адамзат үшін өзіміз бәрінен де көбірек еңбек ете алатын мамандықты таңдап алатын болсақ, оның ауыртпалығын да мойымай көтеретін боламыз…».
Мамандық таңдап алу туралы гимназиядағы шығармасында Маркстің саяси пікірінің оянуы жөнінде әлі пәлендей ештеңе жоқ. Алайда оның реакцияшыл атаулыны жеккөруі пісіп-жетіл-ген. Біздің байқағанымыздай, бұл жеккөру оның бойына тек кітаптардан ғана емес, сонымен бірге айналасындағы өмір болмысынан сіңген.
Студенттік жылдарда, Берлин университетінде оқыған жылдарда, Карл Маркс озық әдебиетшілермен танысады, либерал профессорлардың лекцияларын тыңдайды, студенттердің айтыстарына қатысады, өнермен, әдебиетпен шұғылданады. Оның ынта қойған мәселелері кең: тарих (әсіресе көне тарих) және драматургия, эстетика мен поэзия, философия мен право.
Оның ынтасы бірте-бірте философия саласына қарай көбірек ойысады. Ол ғылымның нақты саласында, мысалы, заң ғылымы саласында, философияны меңгермейінше, бірде-бір сәтті қадам жасау мумкін емес деген қорытындыға келеді. Шынында да, кейін Энгельстің жазғанындай, теориялық ойлауға қабілетті дамытып, жетілдіру үшіи «бұрынғы өткен бүкіл философияны зерттеуден басқа осы уақытқа дейін ешқандай бөтен құрал бол-ған емес»3.
Маркс I егель философпясыпа сын көзімен ой жүгіртуге ұмтшіады, ал ол кезде Берлин университетінде Гегельдің ізбасарлары көп болатын. Гегсль Марксті әрі өзіне тартты да, әрі өзінен аулактатты да. Гегельдің диалсктикасы, оның дүниені дану, козғалыс, карама-қарсы негіздердің күресі үстінде түсінуге ұмтылуы зор әсер етті. Маркс Гегельді біртұтас философиялық жүне аркылы барлық ғалам, барлық ғылым мен өнер даму-ІВ варсетуге бекем бел байлаған «алып ойшыл» деп таныды. Бірақ бұл жүйе идеалистік жүйе болды, өйткені Гегель үшін табиғатты жасаушы «әлемдік рух», ал табиғи, материалдык нәрселерге келгенде идеялар бастапқы болды. Гегельдің дұрыстығына Маркс күмән туғызды, сөйтіп, бұларды шешу үшін ол философиянын бастау бұлағына - көне заманғы, көне грек ойшылдарына жүгінді.
Қөне заманнын философиялық ағымдарының күллі алуан түрінен Маркс екі философтың - Демокрит пен Эпикурдің көз-қарасына назар аударды. Бұл екеуі де материал-истер болды, сонымен бірге материя бөлінбейтін ең қарапайым элементтер-ден - атомдардан тұрады деген ілімді дамытты. Аса ірі көне грек материалистерінің іліміне, міне, осылай назар аударудың өзі жаңа дүниетаным ізденістерінің қандай бағытта жүргізілге-нін дәлелдейді. Гегель жүйесін идеализм шеңберінде жоюға болмайтын еді. Бұл жөнінде бірде-бір идеалистік ілім көмектесе алмас еді. Мұнда тек сан ғасырлық материалистік дәстүр ғана жәрдем бере алады.
Демокрит пен Эпикурдың философиялық көзқарастары Маркстің докторлық диссертапиясының тақырыбына айналды. Оның 1841 жылы ойдағыдай бітірген диссертацияеы Маркстің материализм позицняларына көшкенін әлі дәлелдемесе де, бірақ оның идеализмді місе тұтпағанын көрсетті. Бұл еңбекте, сондай-ақ оған әзірлік қолжазбаларында Гегельді және оның оншыл гегельшілер деп аталатын реакцияшыл ізбасарларын терен сынау бар. Маркс діннің теориялық негіздерін, атап ащқаіиа^ құдай бар және жан мәңгі деп дәлелдеу приншштерін өткір сынайды.
Студенттік соңғы үш жылында Маркс діни екі жузділікке және. діни моральға қарсы күрестен дінді батыл теріске шыға-руға ойысады. Дінді сынау ол жылдарда Пруссияның ресми шіркеу қолдаған феодалдық-монархиялық тәртіптеріне қарсы наразылықтың бір формасы еді. Маркстің Гегель ізбасарлары-ның солшыл, неғұрлым прогресшіл қанатындағы достары (жас гегелыпілер дейтіндер) дін мен құдайшылдықты құлшына сынады.
Университетті бітіріп, докторлық диплом алған кезде Маркс өзінің рухани дамуы жағынан олардан әлдеқайда шоқтығы биік тұрды. Ол бірде-бір ғылыми еңбек жарияламаған, әлі де беймәлім жас ғалым болса да, оның интеллектісінің артықшы-лығын тіпті жас гегелыиілер қозғалысының аса көрнекті қай* раткерлері мойындады. Әсіресе бұл жөнінде солардың бірі, Мозес Гесстің дәлелі қызықты. Өзінің досы Ауэрбахқа жолдаған хатында 1941 жылғы 2 сентябрьде ол былай деп жазады: «…қа-зір тірі жүргендердің ішіндегі асқан ұлы, мүмкін бірден-бір нағыз философпен танысуға дайын тұрғайсың… Доктор Маркс, - менің пірімнің есімі осындай - әлі уыздай жас адам (ол 24-тен аса қойды ма екен) ; ол орта ғасырлық дін мен сая-сатка ең соңғы соққыны беретін болады, оның тұлғасында аса терең философиялық байсалдылық пен ең нәзік тапқырлық ұш-тасқан; Руссо, Вольтер, Гольбах, Лессинг, Гейне мен Гегель бір адам боп біріккен екен деп бір сәт ойлап көрші; мен олардың беталды қосыла салған күйін емес, бір адам іспетті бірігуін айтып отырмын - сонда сенің көз алдыңда доктор Маркс тұрады».
Бірыңғай теориямен шұғылдану философияның жас док-торын қанағаттандырмады. Ол «философияны өмір болмысы-мен ұштастыруға», яғни саяСи қызметке белсене араласуға ұм-тылды. Журналистика мен публицистика бұл үшін зор мүмкін-діктер берді. Маркс 1842 жылдан «Рейн газетінің» қызметкері, кейін басшысы болды.
Маркстің «Рейн газетіндегі» тамаша, стилі жағынан айқын, ой-пікірі жағынан терең, саяси өткір мақалалары жұртшылықтың назарын өзіне аудармауы мүмкін емес еді. Сол сияқты бұлар Пруссия өкімет орындарының да өшпенділігін туғызды. 1843 жылдың басында газетке тыйым салынды.
Газет жабылғаннан кейін Маркс Германиядан кетуге бел байлайды. Өз өмірінің жаңа кезеңін ол Женни фон Вёстфален-мен бірге бастайды, екеуінің неке қиғанына жеті жылдан асып, Женни оны осы жылдарда үлкен сабырлылықпен күтіп отырды. Карл Маркс Женниден өзінің өмірліік айнымас адал серігін тапты. Ол, Энгельстің сөзімен айтсақ, «күйеуінің тағдырына, еңбегіне, күресіне ортақтасып қана қойған жоқ, сонымен бірге езі де аскан санальілықпен және асқаи жалынды жігермен бұ-рая атсалыстм».
Жас жұбайлар Европа мәдениеті мен ғылымынын сол кездегі орталығы, революцнялық қозғалыстын аса ірі ошағы Парижге көшіп келеді. Мұнда әртүрлі елдерден саяси куғынсүргін көргендер ағылып келіп жатты. Асылы, бостандықтын, теядіктін және туысқандықтың биік мұраттарынан өздерінін яжДдакүвемдік пиғылын артық көрген буржуазиялық тәртіп терге наразылық Парижден басқа еш жерде тап осындай өткір сезілмеген шығар. Мұнда алғашқы жұмысшы ұйымдары туды. Мұяда соцналистік ой-пікір пайда болып, күш жинады: ұлы утсетвстер Сен-Симон мен Фурьеден кейін олардың ізбасарларының тұтас тобы шықты. Францияның астанасы тап қайшылықтары мен қақтығыстардың, өткір саяси күрестің неғүрлым анархия көрінісін білдірді. Сондықтан да нақ Парнжде Маркстін підымя, коммунистік дүниетаным жолына түсуі табиғи нәрсе.
Революциялык теорияны жасап, күрестің шынайы ұранын табу үшін бұрынғы және қазіргі таптық шайқастардың тәжірибесін қорыту керек болды. Бүл тәжірибені Маркс бір кезде Германияда зерттей бастаған еді, ал Францияда оған бұл үшін әлдеқайда қолайлы жағдай туды.
Адамды азат ету, деп пайымдайды Маркс осы мақаласын-да, «құлдық атаулыны» жоймайынша мүмкін емес, ал пролетариат - нағыз правосыз және езілген жағдайда тұрған таптың нақ өзі. Пролетариат қоғамның барлық топтарын азат етпе-пейінше өзін азат ете алмайды.
Жаңа қоғам қандай болады? Осы сұраққа жауап бере келіп, Маркс «1844 жылғы зкономикалық-философиялық қолжазбаларында» коммунизмді өзінің барлық мүшелеріне жан-жақты даму үшін мүмкіндік беретін шын мәнісіндегі, жетілген гуманизм қоғамы ретінде сипаттайды. Сөйтіп, Маркс алға қарай шешуші қадам жасайды: ол күрестің ақиқат ұранын да (коммунизм мұраттары . жолындағы күрес), бұл мұраттарды жүзеге асыруға қабілетті «материалдық күшті» де (жұмысшы табы) табады. Сонымен жиырма алты жасар Маркс әлемге, қоғам өміріне жаңа, шынайы ғылыми көзқарасқа келді. Мұның өзі орасан зор творчестволық жұмыстан кейін мүмкін болды. Ол философия саласындағы, қоғамдық ой-пікірдің басқа да саласындағы европалық мәдениеттің барлық мұрасын меңгеріп, сын тұрғысынан қайта өңдеді. Бірақ ең бастысы, Маркс езілген бұқараның, ең алдымен пролетариаттың, барлық замандағы ең революцияшыл таптың позициялары жағына саналы түрде шықты.
В. И. Ленин Маркстің коммунизмге өтуі 1844 жылы «біржола іске асты» деп санады. Нақ сол кезде ғылыми коммунистік дүниетаным да пайда болады, Әйтсе де оны барлық бағыт-та: философияда, саяси экономияда ғылыми социализмде да-тік дүниетаным да пайда болады, Әйтсе де оны барлық бағыт-та: философияда, саяси экономияда ғылыми социализмде дамыту үшін керемет зерттеу жұмысының, приндиптік күрестің ондаған жылдары алда тұрды. Бұл жұмысты Маркс енді Энгельспен бірлесіп атқарды.
3. Фринрих Энгельстың жеке басының және дүнетамының қылыптасуы.
Фридрих Энгельс 1820 жылғы 28 ноябрьде Германияның Рейн провинциясының солтүстік бөлігінде орналасқан Бармен қаласында туды. Оның әкесі, Фридрих Энгельс, - тоқыма фабриканты, консервативтік саяси және діни сенімдердің адамы. Ол өз балаларын да, осындай рухта тәрбиелеуге тырысты. Кішкентай Фридрих өзінің аға-інілері мен апа қарындастарынан мүлдем өзгеше еді. Бала көңілді, жайдары, албырт болып өсті. Оның тілдерге, тарихқа, әдебиетке, музыкаға, сурет салуға жан-жақты қабілеті ерте көрінді. Ол бәріне де: жаратылыстану ғылымдарына да, гуманитарлық ғылымдарға да, математикаға да, поэзияға да қабілетті еді.
1837 жылы Энгельс әкесінің талаіп етуімен әуелі өзі туған Барменде, содан ікейін үлкен порттық қала Бременде сауда-саттықпен айналыса бастайды. Сауда-саттыққа Энгельстің он-ша құлқы жоқ еді, сондықтан ол өздітінен оқып білім алуға әдебиетті, тарихты, тілдерді үйренуге, музыкамен шұғылдануға көбірек уақыт табуға тырысты.
Он тоғыз жасар Энгельс өзінің досы Ф. Греберге хаттар жазып, пруссиялық деспотизмді өлтіре айыптайды, саяси бостандьщ идеялары туралы армандайды: «Осы бір замана идеяларыныц мені қатты мазалайтыны соншалық, - деп жазды ол сод хаттарының бірінде, - кейде түні бойы көз ілмей шыға-шн; почтаға барғанымда ондағы Пруссняның мемлекеттік гербіне көзім түсіп кетсе болғаны, тұла бойымды еркіндік рухы билеп әкетеді; қайсыбір журнал бетіне көз салған сайын да сол еркіндіктің жетістіктерін қадағалай қараймын, осы идеялар менің поэмаларыма қыбын тауып еніп алып, құндыз бөрік, қасқыр ішік киген обскуранттарды (реакционерлерді, топастарды) келемеж кылады».
1941 жылы Энгельс әскери борышын өтеу үшін Берлинге барады. Артиллерия бригадасында қызмет ете жүріп, ол Берлин университетінде лекциялар тыңдайды, әдеби және философиялық үйірмелерге белсене қатысады. Энгельс Берлинде небары бір жыл болды. Бірақ ол жаңа дүниетаным бағытында қаншама алға кетті десеңізші! Идеологиялық күрестің бел ортасында жүріп, утопиялық социализм идеяларынық дамуына мұқият зер сала отырып, ол тек коммунизм ғана толғағы жеткен әлеуметтік проблемаларды толық шеше алады деген қорытындыға келеді. Алайда тапсыз қоғамға жету жолдары мен құралдарын ұғынып алу қалған еді. Бұл жылдары Энгельс тағдырында тағы да өзгерістер болды. Әкесі оны фирма істері жөнінде Англияға жІбереді, өйткені әкесі фирма иелерінің бірі еді. Англияға барар жолда Энгельс Қельнге соғып, «Рейн газетінің» редакциясында өзі бұрын сырттай кеп естіген Маркспен алғаш рет кездеседі. Бірақ әңгіме ресми түрде болады да, бұл жолы олар шындап таныса алмайды. Маркс одан газет үшін мақалалар жіберіп тұруды сұрайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz