Аудит даму кезеңдері



1 Аудит даму тарихы
2 Аудиттің пайда болуы.
5 Әлемдік аудит пайда болу кезеңдері.
6 Батыс Еуропа елдеріндегі аудит даму тарихы
11 АҚШ пен Жапониядағы аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы
Аудит бұл қызмет түрінің қазіргі заманғы түсінігі Англияда туындаған, онда IX ғасырда римдіктердердің бухгалтерлік амалдарымен экономикалық құбылыстарды есепке алуда қолданыла бастағанда кадастр Вильгельм Жаулап алушымен «британдық шаруашылық өміріндегі есебіне және шамасына» қарқын берілді. Сол кездің өзінде бухгалтердің (accountant) жалпы түсінігіне жақын аудитор (auditor) түсінігі ерекшеленеді. Лондондық іскерліктер аясында аудит 1200 жылдары қолданылды. Аудит туралы алғашқы жазбалардың кездесуі XIII—XIV ғасырларға жатады.
Таяу Шығыстың ежелгі өркениетінің өзінде (б.з.д шамамен 4000 ж.) мемлекеттер құрылған және шаруашылық қызметтері іске қойылған. Өз кірістерін және шығыстарын есепке алу үшін олар есептер жасауы керек еді. Бұл аудитті ұйымдастыру қажеттілігін тудырды, оның негізгі мақсаты шенеуліктер тарапынан қателерді және асыра пайдалануды азарту болды. Біздің з.д.д. V ғасырда Афинада мемлекеттің барлық кірістері мен шығыстарын құрамына аудиторлар кірген халықтық жиынның қаржы жүйесі бақылаған. Рим Республикасында мемлекеттік қаржы Сенатпен бақыланды, ал аудиторлар қазынашының бақылауымен мемлекеттік бюджетті тексерген. Римдіктерде күрделі тексеру және салықты жинау үшін жауапкершілік жүктелген лауазымды тұлғалар арасында өзара тексеру жүйесі құрастырылған.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
1 деңгей

1 Аудит даму тарихы
Таяу Шығыс Еуропа елдерінде

2 Аудиттің пайда болуы.
Аудит бұл қызмет түрінің қазіргі заманғы түсінігі Англияда туындаған, онда IX ғасырда римдіктердердің бухгалтерлік амалдарымен экономикалық құбылыстарды есепке алуда қолданыла бастағанда кадастр Вильгельм Жаулап алушымен британдық шаруашылық өміріндегі есебіне және шамасына қарқын берілді. Сол кездің өзінде бухгалтердің (accountant) жалпы түсінігіне жақын аудитор (auditor) түсінігі ерекшеленеді. Лондондық іскерліктер аясында аудит 1200 жылдары қолданылды. Аудит туралы алғашқы жазбалардың кездесуі XIII -- XIV ғасырларға жатады.

3 Аудит даму кезеңдері.
Аудиттің даму тарихында бірнеше кезеңдерді бөліп көрсетуге болады:
1)1500 ж. дейін;
2)1500 - 1830 (1860) ж.;
3)1830 (1860) - 1905 ж.;
4)1905 - 1933 ж.;
5)1933 - 1940 ж.;
6) 1940 ж. бастап қазіргі уақытқа дейін.

4 Ежелгі әлемдегі аудит тарихы.
Таяу Шығыстың ежелгі өркениетінің өзінде (б.з.д шамамен 4000 ж.) мемлекеттер құрылған және шаруашылық қызметтері іске қойылған. Өз кірістерін және шығыстарын есепке алу үшін олар есептер жасауы керек еді. Бұл аудитті ұйымдастыру қажеттілігін тудырды, оның негізгі мақсаты шенеуліктер тарапынан қателерді және асыра пайдалануды азарту болды. Біздің з.д.д. V ғасырда Афинада мемлекеттің барлық кірістері мен шығыстарын құрамына аудиторлар кірген халықтық жиынның қаржы жүйесі бақылаған. Рим Республикасында мемлекеттік қаржы Сенатпен бақыланды, ал аудиторлар қазынашының бақылауымен мемлекеттік бюджетті тексерген. Римдіктерде күрделі тексеру және салықты жинау үшін жауапкершілік жүктелген лауазымды тұлғалар арасында өзара тексеру жүйесі құрастырылған.

5 Әлемдік аудит пайда болу кезеңдері.
Қайта әзірленген аудит амалдарының бірі - табылған қателерге қатысты қатал бағытты болды. 1961 ж. Аудиторлық тәртіп туралы №30 ережеде аудитордың қатені анықтайтындығы анықталды, және егер ол материальдық болған жағдайда, ол оның ұсынылған қаржы есебінің дұрыстығы және көпшілікпен қабылданған аудиторлық стандарттарға сәйкес тексеріс жүргізу туралы оның пікіріне кері әсерін тигізуі мүмкін, ол оның ықтималдылық деңгейін бағалау керек.
70-ші жж. басында халықаралық аудиторлық стандарттарды әзірлеу басталды. Аудит тарихында нақты беталыстарды көруге болады:
* аудиттің негізгі мақсаты барлық уақытта ұсынылған есептің дұрыстығын анықтау болды;
* ішкі бақылау сенімділігінің артқаны және мақсаттарды тәтпіштеу төмендегені байқалады.

6 Батыс Еуропа елдеріндегі аудит даму тарихы
Ұлыбританияда
Германияда
Францияда
Италияда

7 Ұлыбританияда аудит қалыптасуы.
Бухгалтер - аудиторлардың пайда болуы туралы XVIII ғасырдан басталды деп айтуға болады, ол кезде Джордж Уотсон (1645 -- 1723) -- алғашқыкәсіби бухгалтер -- шотландық бірқатар кәсіпкерлерге олардың бухгалтерлік есебін тексеруді ұсынды. Тексеріс жоғарғы нәтижелерді көрсетті, және шотландықтармұндай тексерісті жиі қолдана бастады. Осы аралықта қаржылық-шаруашылық үрдістердің дамуы және күрделенуі кәсіби бухгалтер-аудиторлардың пайда болуын шарттады. 1773 ж. Эдинбургтің мекенжай кітабында жеті аудиторлардың есімдері жазылған, ал 1805 жылы жарыққа шыққан Эдинбург бойынша алғашқы жеке аудиторлық анықтамалықта 17 аудиторлардың есімдері келтірілген. Алғашқы кәсіби аудиторлардың қатарына Уильям Велш Дейлотты жатқызады. Ол аудиторлық тексерістерде өзін көрсете білген маман ретінде танылды. Денлот ағылшын теміржолының, қонақүй бизнесінің қарылық есебінің жүйесін ойлап тапты, оның негізі отаны Англияда әлі күнге дейін қолданылады. 1905 ж. әлемдегі барлық аудиторлардың саны 11 мыңға жетті, олардың жартысысы Ұлыбританиядан шыққандар болды.

8 Германияда аудит даму.
XIX ғасырдың соңындаГерманияда капитализм қарқынды дамыған елдердің қатарында болды және бұл қарқынды дамудың бастамасы герман мемлекеттерінің темір канцлері Отто фон Бисмарктың барынша тырысуы арқасында бір ел болып бірігуінен басталады.

9 Франциядағы аудиторлық қызмет.
Францияда аудиторлар қызметіне ұқсас қызметті шоттар жөніндегі комиссарлар орындайды. Шоттар жөніндегі комиссарлар туралы алғашқы түсінік 1863 ж. пайда болды, бірақ мамандықтың өзі тек 1867 ж. 27 шілдедегі Заңмен Ұлы индустриалды революция дәуірінде институтталған.
1935 ж. шоттар жөніндегі комиссарлар құзыры кеңейтілді. Оларға барлық анықталған құқықбұзушылықтар туралы Республика прокурорына баяндау міндеті жүктелген.

10 Италияда аудиторлық қызмет тарихы.
Италия аудитті мемлекеттік реттеу аса күшті дамыған мемлекеттердің қатарына жатады. 1992 ж. қаңтар айының соңында Италияда үкіметтік қаулы қабылданды, оған сәйкес заңды аудиторлық қызметті тек әділет министрінің бақылауындағы атаулы тізімге енген тұлғалар ғана жүзеге асыра алады.
Аудитор атағын ізденушілер экономикалық, құқық, коммерциялық жоғарғы білім немесе үш жылдан кем емес тәжірибелік стажы болған жағдайда орта бухгалтерлік білім туралы дипломы болуы керек.

11 АҚШ пен Жапониядағы аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы
АҚШ-да аудиторлық іс британдық аудит тәжірибесінің ықпалымен туындады. XX ғасырдың басына дейін АҚШ-да аудит балансқа қатысы бар бөлшектерді жете зерттеуді қарастыратын ағылшындық үлгіге негізделген. 1886 ж. АҚШ-да бухгалтерлер алқабиі туралы алғашқы заң қабылданды, ол аудиторлық фирмалардың құрылу үрдісінің негізін қалады. 1887 ж. Америка аудиторлар ассоциациясы құрылды, ал 1896 ж. Нью-Йорк штатында заңды жолмен аудиторлық қызметі реттелді. Атап айтқанда, аудитор лауазымына Нью-Йорк университетінде мамандығы бойынша емтиханды сәтті тапсырған және аудиторлық қызметпен айналысуға құқы бар арнайы лицензия алған дипломы бар бухгалтер тағайындалды.
Екінші бухгалерия жүргізу Еуропалық стилі Жапонияда XIX ғасырдың ортасына дейін мүлдем белгісіз болды, бұл аралдық мемлекет АҚШ қысымымен XVII ғасырдан бастап жүргізіліп келген өзін-өзі оқшаулау саясатынан ақыры бас тартты. Қосарлы бухгалтерия Жапонияда 1865 жылы Эдо Дәуірінде алғаш рет ұсынылған деп есептеледі. Тәжірибеде ол Жапонияның ұлттық банкінің сәйкес нұсқаулығы (1872 ж.) және Ginko Boki Seiko (Банктегі амалдарды бухгалтерлік есепке алу әдісі) деп аталатын Қаржы министрінің нормативтік құжаты жарық көргеннен кейін пайда болған.

12 АҚШ аудит дамуы. Жапониядағы аудит даму тарихы.

13 Ежелгі әлем мен орта ғасырдағы аудиттің пайда болуы мен дамуы
Арнайы әдебиеттерде аудиттің туындау кезеңдері әртүрлі анықталған. Осылай, С.М. Бычков, М.В. Райхман, В.Я. Соколов, А.А. Терехов және З.Л. Шнейдман аудит бақылаудың бөлігі ретінде 6000 жыл бұрын пайда болған деп жазады, экономика ғылымдарының докторы, профессор Р.П. Булыганың басшылық етуімен жазылған "Аудит негіздері" оқу құралының авторлары, аудит шамамен 5000 жыл бұрын пайда болған деп есептейді, ал танымал Монтгомеря аудиті кітабының аудиттің шығуын шамамен б.з.д. 4000 жылға жатқызады. Авторлардың аудит жөніндегі осы көзқарастарынан аудиттің қалыптасуы және дамуы ғасырлар тереңіне кететінін көруге болады. Олардың барлығы аудиттің пайда болуын, қаржылық-шаруашылық бақылау түрі ретінде Ніл, Тигр және Ефрат өзендерін бойлай орналасқан Таяу Шығыс өркениетті елдердегі есепке алудың туындауымен байланыстырады, есепке алу папируста, ал алдағы уақытта кейіннен - қағазда жүргізілген.

14 Ежелгі Египетте аудиттің пайда болу тарихы.
Ежелгі Египтте (б.з.д. 3400 - 2980 жылдар), әрбір екі жыл сайын жылжитын және жылжымайтын мүлікті түгендеу жүргізілді, ал содан кейін мерзімдік түгендеу ағымдық түгендеумен алмастырылды (перманентті).
Оның мақсаты нан және басқа да азық-түліктің нақты бөлінуін тексеру болды. Шаруашылық амалдарын бақылау үш тұлғамен іске асырылды -- бірі жіберілуге жататын құнды заттар санын папирусқа белгіледі; екіншісі нақты босатылған санын жазды, ал үшіншісі босатылған өнім санын ауытқуларды көрсете отырып нормамен салыстырды. Шаруашылық үрдістеріне бақылау жүргізу қалыптасу басталған кездің өзінде тікелей орындаушылардан тәуелсіз үрдіс ретінде қалыптасты және шаруашылық үрдістерін құжаттауға негізделген. Сол б.з.д. 2500-2400 жж. есепке алғанда шығындар сметасын жасады және шаруашылық субъектілерінің оларды сақтауын бақылай бастады. Атап айтқанда, ішкі аудит құрылыс, ауыл шаруашылық және басқа да жұмыстарға жүргізілді. Жұмыс жетекшісі жұмыс күнінің соңында есеп жасайды. Жұмысты қабылдап алу және олардың санына бақылау арнайы комиссиямен жүргізілді.

15 Вавилон қаласында аудиттің пайда болу тарихы.
Есеп жүргізу жөнінде арнайы заң пайда болған алғашқы мемлекет Вавилония болып табылады, қала есімі Евфрат жағалауындағы Өзенаралығының солтүстік бөлігінде орналасқан (қазіргі Иран аумағында) бас қала Вавилоннан алынған. Хаммурап патшасы кезінде Вавилонияның дамуы біршама деңгейге жетті, тауарлық-ақша қарым-қатынасы кеңейді, орталықтандырылған ірі құлиеленушілік мемлекет құрылды, (шамамен б.з.д. 1760 жж.), ежелгі шығыс құлиеленушік құқықтың маңызды ескерткіші болған Хаммурап Заңдарының ( б.з.д. 2200 -- 2150 жж.) заңдар жинағы жасалды, онда: көпестерге -- ерікті есепке алу; храмдарға -- мемлекеттік есепке алу; қолхатсыз ақша беру заңды күші жоқ деп жазылған.

16 Иудее қаласында аудиттің даму тарихы.
Иудада (Оңтүстік Палестиндегі ежелгі мемлекет, астанасы - Иерусалим) есепке тәуелсіз бақылаумен үйлесті. Пасхаға Ирусалим храмының дін жолындағы адамдар Иуда бас бухгалтер барлық шоттарды жаппағанша және есепбін беріп, ол есеп бақылау органдарының санкциясын алмағанға дейін өз қызметтерін бастамаған.

17 Ежелгі Грек еліндегі аудитті бақылау тарихы.
Ежелгі Грецияда меншіктің сақталуын бақылауға ерекше назар аударылды. Осылай, Афинада (Греция астанасы) арнайы монахтар және бақылаушылар болды, олардың міндеттеріне мемлекеттің кірісі және шығыны туралы есепті жасау және оларды бақылау кірді.
Грацияның үлкен философтары есепке қою және бақылауға тиісті көңіл бөлді. Осылай, Аристотель Саясат туралы шығармашылығында есепке қою және бақылау қызметтін нақты айқындады, сонымен қатар ревизияны бақылаудың бір бөлігі ретінде қарастырды. Бұл жаңа әдіс: ревизор бас бухгалтермен тең және оған бағынбайды. Көріп отырғанымыздай аудитордың тәуелсіздігі ежелгі заманнан бастау алады.

18 Ежелгі Рим мен ежелгі Қытайдағы аудитті бақылау тарихы.
Ежелгі Римде есепке алудың мақсаты негізінен шаруашылық қызметке, салықтың төленуіне бақылау жүргізу болды. Ұрлық-қарлық немесе шаруашылықты жүргізе алмаушылық нәтижесінде туындайтын шығындарды алдын ала ескертуі керек ревизорлар және бақылаушылардың күрделі аппараты жасалды.
Ежелгі Қытайда Чжоу әулеті билік еткен уақытта (б.з.д. 1122-256 жж.) мемлекеттік есепке алу жүйесі жұмыс істеген, сонымен қатарбарлық өкіметтік департаменттерде мұқият әзірленген бюджет және аудит болды. Одан кейін б.з.д 700 ж. бұл елде Бас аудитор шені болды, оның негізгі міндеті өз қызметтік міндеттеріне сәйкес мемлекеттік қаржы және мүлікпен пайдалану құқы болған себепті үкімет шенеуліктерінің адалдығына кепілдік беру болды. Міндеттері салдарынан үкіметтік аудиторлық органдар құқығы және формасы бір әулеттен екінші әулетке өтті, бірақ аудитор жұмысының мазмұны бұрынғысынша қалды, яғни ол шаруашылық субъектілерінің, мемлекеттік және қоғамдық қаржыларды бөлуде шенеуліктердің қызметіне объективті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есеп және аудит
Аудиттің мәні және оның нарықтық экономика жағдайындағы ролі
Сапа менеджмент жүйесінің мазмұны
Аудит: мәні, пайда болуы, қалыптасуы
Классикалық ұғымда аудит - кәсіпорында жұмыс істемейтін маманданған тәуелсіз аудитор жүзеге асыратын ешкімге тәуелсіз сырттай қаржылық бақылау
Қазақстанда аудиттің алғашқы адымы
Практикалық аудит
Мейіргерлік үрдіс кезеңдері
Континенттік Еуропа елдеріндегі кәсіби аудит ұйымдары (Англия)
Аудит: әдістемелік маңызы, түрлері
Пәндер