ЖАН ЖАК РУССОНЫҢ САЯСИ ҚҰҚЫҚТЫҚ ІЛІМДЕРІ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК КӨЗҚАРАСТАРЫ



КІРІСПЕ ... ... ... .3
І. Жан Жак Руссоның саяси.құқықтық ілімдері және әлуметтік саяси көзқарастары ... ... ... ..6
1.1 Жан Жак Руссоның әлеуметтік саяси көзқарастары ... ... ... ... ...6
1.2 Руссоның педагогикалық теориясының мәні ... ... ... ... ... ... ... 10
IІ. Жан Жак Руссо . қоғамдық келісім, халық егемендігі және кепілдігі туралы ... ... ... .16
2.1 Жан Жак Руссо: Қоғамдық келісім.шарт немесе саяси құқық принциптері ... ... ... ... 16
2.2 Еркін тәрбие теориясы ... ... ... 18

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ...21

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Руссоның “Қоғамдық шарт туралы, немесе саяси құқық принциптері” трактаттырадикализммен және үстем тапқа, теңсіздікке, қанауға өшпенділікпен суарылған. Ол өзінің “халық пен билуші арасындағы шынайы шарт ретінде саяси организм құру” тұжырымдамасын одан әрі дамытты. Қоғамдық шарттың Руссо негіздеген тұжырымдамасы жалпы алғанды оның мемлекет пен құқық жөніндегі идеалистік түсініктерін аңғартады. Негізгі ой мынадай – оның қоғамдық шарт тұжырымдамасына сәйкес келетін мемлекет, саяси қатынастар мен заңдарды орнату ғана парасат, әділет һәм құқық тұрғысынан жаратылыстық ахуалдан азаматтық ахуалға көшуді ақтай алады.
Руссоның пікірі бойынша оның тұсындағы феодалдық құрылыс қоғамдық шарттың буржуазиялық-демократиялық принциптерімен сыни тұрғыдан салыстырғанда өзінің легитимдігінен, әділеттідік һәм заңдылық сипатынан, қысқасы, өмір сүру құқығынан айырылады: ол құқыққа емес, күшке сүйенеді. Руссо феодалдық тәртіпті зорлықпен, революциялық жолмен құлатуды жақтайды.
1. Педагогика тарихы. Ж.Әбиев Алматы, 2006 ж.
Бастауыш мектеп 2007 – 1
2. Педагогика. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев, Алматы, 2000 ж.
3. Жалпы бастауыш білім беру педагогикасы. Р.М.Қоянбаев, Қ.Т.Ыбырайымжанов, Түркістан, 2005 ж.
4. Тәрбие теориясы. Р.М.Қоянбаев, Алматы, 1991 ж. Бастауыш мектеп 2005 – 12
5. Саяси құқықтық ілімдер тарихы. Мұхамедов М., Сатершинов Б., Сырымбетұлы Б., Оқу құралы, - Алматы, 2007ж.
6. Қоғамдық келісім-шарт немесе саяси құқық принциптері. Ж. Ж. Руссо. Аударған Ж. Смағамбет. Алматы,2004ж.
7. Әлемдік саясаттану антологиясы. Мәдени мұра бағдарламасы. 6-том
8. Ғабитов Т.Х., Құлсариева А.Т. Философия және мәдениеттану. А, 2002.
9. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Ойлау тарихының белестері. – Алматы, 2004.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ...3

І. Жан Жак Руссоның саяси-құқықтық ілімдері және әлуметтік саяси
көзқарастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...6
1.1 Жан Жак Руссоның әлеуметтік саяси көзқарастары ... ... ... ... ...6
1.2 Руссоның педагогикалық теориясының
мәні ... ... ... ... ... ... ... 10

IІ. Жан Жак Руссо – қоғамдық келісім, халық егемендігі және кепілдігі
туралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 16
2.1 Жан Жак Руссо: Қоғамдық келісім-шарт немесе саяси құқық
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..1 6
2.2 Еркін тәрбие
теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ...21

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..24

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: XVIII ғасырдағы Франция саяси ойының радикалдық
тенденциялары: теңдік, әлеуметтік әділет, халық егемендігі, тиранияға қарсы
күрестің заңдылығы идеялары Жан Жак Руссо есімімен байланысты. Қоғам,
мемлекет, құқық проблемалары Руссо ілімінде халық егемендігі принциптері
мен идеяларын негіздеу және қорғау тұрғысынан көрсетіледі.
Пәленің басы байлар мен кедейлер арасындағы қайшылықта жатқандығын
аңғарған Руссо ағартушылар арасында бірінші болып әлеуметтік проблеманы
алға тартты. Бастауын қоғамдық шарттан алатын мемлекет, Руссоның
пайымдауынша, парасат салтанаты емес, алдау нәтижесі. Ол мемлекетті
байлардың үстемдігі мен кедейлерді езуінің бейнесі мен құралы ретінде
қарастырып, анық әлуметтік сипаттамала береді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Руссоның “Қоғамдық шарт туралы, немесе
саяси құқық принциптері” трактаттырадикализммен және үстем тапқа,
теңсіздікке, қанауға өшпенділікпен суарылған. Ол өзінің “халық пен билуші
арасындағы шынайы шарт ретінде саяси организм құру” тұжырымдамасын одан әрі
дамытты. Қоғамдық шарттың Руссо негіздеген тұжырымдамасы жалпы алғанды оның
мемлекет пен құқық жөніндегі идеалистік түсініктерін аңғартады. Негізгі ой
мынадай – оның қоғамдық шарт тұжырымдамасына сәйкес келетін мемлекет, саяси
қатынастар мен заңдарды орнату ғана парасат, әділет һәм құқық тұрғысынан
жаратылыстық ахуалдан азаматтық ахуалға көшуді ақтай алады.
Руссоның пікірі бойынша оның тұсындағы феодалдық құрылыс қоғамдық
шарттың буржуазиялық-демократиялық принциптерімен сыни тұрғыдан
салыстырғанда өзінің легитимдігінен, әділеттідік һәм заңдылық сипатынан,
қысқасы, өмір сүру құқығынан айырылады: ол құқыққа емес, күшке сүйенеді.
Руссо феодалдық тәртіпті зорлықпен, революциялық жолмен құлатуды жақтайды.
Руссо халық егемендігінің иманы кәміл жақтаушысы. Алайда, бұл ол
барлық жағдайда үкіметтің демократиялық бейнесін жақтайды деген сөз емес.
Руссоның айтуынша, тек халық қана егемен, ал қандайда болсын ұкімет
өкіметті соның қолынан ғана алады. Халық егемендігі – қоғамдық келісімнің
өзегі. Ал басқару халық еркінде. Басқаруды белгілеуге аумақ, халық, климат
секілдіфакторлар ықпал етеді. Руссо үкіметтің аристократиялық билігін дұрыс
көреді. Руссо үшін мемлекет – демократиялық, үкімет – аристократиялық.
Тақырыптың мақсаты: Руссоның саяси теориға қосқан баға жетпес үлесі
халық егемендігі тұжырымдамасымен қатар әлуметтік мәселені көтеру, заң
жүзіндегі ғана емес, әлеуметтік теңдікті талап ету. Бұл мәселе Руссо
заманынан да кейін қалып қойды. Капитализм салтанат құрар дәір жақындап
келе жатты, экономикалық либерализм принциптері талданылып әзірлене
басталды. Ал Руссо болса капитализмге анық қарсы бағыт ұстанды. Ол меншікті
теңестіруге, бұл мақсатта мемлекет пен заң беделін пайдалануға шақырды.
Оның мұраты – эгалитаризм, мүліктік теңгермешілдікке, байлар мен кедейлер
арасындағыайырмашылдықты жоюға ұмтылыс. Дегенмен, көптеген социалистік
теориялар Руссоның теңсіздікпен қарама-қайшылық негізі меншік деген
түсінігінен қанаттанған. Мемлекет туралы ол байлардың кедейлерге тықпалаған
алдауы деген ойдың Т. Мор секілді ізашары болғанымен, Руссо замандастары
үшін көп жағынан жаналық еді. Руссо өз шығармаларында дербестікке,
теңдікке, қоғамдық істерді басқаруға тікелей қатысуға ұмтылған
еңбеккерлердің, қолөнерщілер мен шаруалардың арман-тілегін білдірді.
Жұмысты зерттеудің міндеттері: Жұмыстың міндетіне келетін болсақ, ең
бастысы – ағартушылардың көбінен оның айырмашылығы, ол тек әлеуметтік
мәселені көтеріп қана қойған жоқ, сондай-ақ табиғатқа қайта оралу, дәулетті
тірлігінің жасандылығы мен даңғазасынан бас тарту сарынын білдірді, діни
сезім күшті болды. Руссо адамзат баласының алдына осынау өркениет көлденен
тартатын проблемаларды күні бұрын көре білді. Айтылған айырмашылықтар
Руссоның замандастарының көпшілігімен саяси теорияға көзқарасында ортақ
болуына бөгет жасаған жоқ. Бірқатар идеяларының жаңашылдығы, өзінен кейінгі
теорияларға, қайшылықты болса да тигізген қуатты ықпалы, баяндаудың тамаша,
қызу қанды бейнесімен ұштасып келіп, Руссоны әлемдік саяси ойдың аса ірі
өкілдерінің қатарына көтерді. Руссоның саяси тұжырымдамасы Ұлы Француз
революциясы кезеңінде қоғамдық санаға да, оқиғалардың барысына да зор ықпал
етті. Руссоның әлеуметтік-саяси көзқарастарын теориялық доктринаға
айналдыру XVIII ғасырдың саяси ой тарихында бетбұрыстық оқиға болды.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі
бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Негізгі бөлім 2 тараудан тұрады.

ЖАН ЖАК РУССОНЫҢ САЯСИ ҚҰҚЫҚТЫҚ
ІЛІМДЕРІ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК КӨЗҚАРАСТАРЫ
Жан Жак Руссоның әлеуметтік саяси көзқарастары

Жан Жак Руссо саяси және құқықтық ілімдер тарихындағы жарық
жұлдыздардың бірі. Оның саяси-құқықтық және әлеуметтік көзқарастары
“Адамдар арасындағы теңсіздіктің пайда болуы мен негіздемесі туралы ойлар”,
“Саяси экономя туралы ”, “Мәңгі әлем туралы ойлар” және “Қоғамдық келісім
немесе саяси құқық принциптері туралы” шығармаларында көрініс тапқан. Оның
қоғам, мемлекет, құқық мәселелері туралы ілімі халықтың егемендік идеясы
мен принципін қорғауға негізделген . Сол кездегі кең тараған табиғи жағдай
ұғымын Руссо адамзаттың әлеуметтік, саяси-құқықтық және рухани өмірінің
қалыптасуы мен дамуы туралы көзқарастарын дәлелдеуге пайдаланады.
Табиғи жағдайда, Руссоның ілімі бойынша, жеке меншік болмайды, барлық
адам еркін және тең. Ал алғашқы теңсіздік адамдардың табиғи әрқилылығынан,
яғни дене қабілеттерінен ғана. Жеке меншіктің және әлеуметтік теңсіздіктің
пайда болу себебінен табиғи теңдік бұзылып, кедейлер мен байлар арасында
күрес басталған. Руссо бұл туралы “теңдіктің жойылуына адамдар тарихындағы
ең бір ауыр кезең – күштілердің әлсіздерді, байлардың жарлылардың ұрып-
соғуы мен тонауы басталды, ауыр кұнәға батқан адамзат ұрпағы кейін қайтар
жолды да таба алмады және дәулеттілер бұл мүмкіндіктен қайта айрылғысы да
келмеді ” деп жазды. Байлар үшін өз мүдделерінің заңдылығын бұзбастан
мұндай жағдайдан шығудың бірден-бір жолы барлық адамдар бағынышты болатын
мемлекеттік билік пен заң орнат туралы келісім жасау болды.
Шарт арқылы жасалған мемлекет пен заңдар “әлсіздерге жаңа жол салды,
байларға жаңа күш берді, табиғи бостандықты қайта келместей етіп жойды,
меншік пен теңсіздік туралы мәңгілік заң шығарды”. Жеке меншіктегі
теңсіздікке саяси теңсіздіктің қосылуы Руссо ілімі бойынша, деспотизмдегі
абсолюттік теңсіздікке алып келді, ал деспот алдында өзінің құлдығы мен
теңсіздігі жағынан барлық адам тең.
Қоғам мен мемлекет дамуының адамзат үшін теріс, зиянды және қате
бағытына қарама-қарсы Руссо өзінің “халықтар мен билеушілер арасындағы
нағыз келісім – саяси организм” құру концепциясын ұсынады. Бұл концепция
бойынша әркім өзінің жеке мүддесі мен тұлғасын, өзінің барлық күшін жалпы
игілік пен жалпы ерікке бере отырып, тұтастың бөлінбес бөлігіне айналды.
Жекелеген адамдардың келісімдік қатынастарға кіруі шартты ұжымдық бүтінді
құрайды.
Руссоның қоғамдық шарт концепциясындағы басты идеясы оның осы
концепцияға сай құрылған мемлекеті. Осы мемлекеттің саяси қатынастары мен
заңдары ғана табиғи жағдайдан азаматтық жағдайға ауысуын әділдік пен
құқықтық және сана тұрғысынан ақтай алады. Руссо қоғамдық шарт
концепциясында теңдік пен меншік мәселелеріндегі қайшылықтарды шешудің
жолдарын іздестірді. Феодалдық қоғамда өмір сүру құқығы заңға емес,
күштілікке негізделгенін және әлсіздердің өз құқықтарын қайтаруға кез-
келген уақытта құқылы екендігін айтады. Мемлекет пен оның заңдарындағы
жалпы ерік үстемдігін қолдаған Руссо әртүрлі жеке ассоциацияларды,
партиялпрды, топтарды аяусыз сынға алады. Өйткені олардың еркі өз мүшелері
бойынша жалпы, ал мемлекет бойынша жеке ерікті білдіреді. Бұл азаматтардың
нағыз жалпы еркіндігін қалыптастыру процесіне қайшы келеді, яғни “дауыс
берушілер қанша адам болса сонша емес, қанша ұйым болса соншалықты”.
Руссоның ойынша егемен (“Егемен” сөзі бұл жерде “билік” мағынасында
қолданылып отыр) өзі шығарған заңдарға бағынышты емес. Халық үшін міндетті
заңдар, тіпті қоғамдық шарт та егемен үшін міндетті болып табылмайды.
Егемен “судьядан да, заінан да жоғары” тұрады. Егеменнің адамдарға кешірім
жасау,жазадан босату туралы құқықтарын айта келіп, Руссо оның ролің тым
жоғары бағалайды. Яғни егеменнің билігі адамдардың өмір және өлім туралы
тағдырын да шеше алады. Егер билеуші “сенің өлімің мемлекет үшін қажет деп
тапса, ол өлуі тиіс”.
Руссоның сөзімен айтсақ, қоғамдық шарт мемлекет құзырына оның барлық
мүшелерінің үстінен шексіз билік береді.Жалпы ерік бойынша бағытталған бұл
билікті Руссо егемендік деп атайды. Бұл оның жалғыз ғана иесі халықтар
егемендігін білдіреді. Халық ретінде бұнда қоғамдық шарттың барлық
мүшелері,(қоғамның ерекше әлеуметтік топтары емес) ересек ер адамдар
айтылады. Жалпы еріктің нағыз көрінісі, иесі, егемені халық болып табылады.
Сондықтан да Руссоның айтуынша “адам еркі емес, билік қана қолдан қолға
көшеді”. Осы сөзінің негізінде Руссо биліктің өкілдік формасын және
мемлекеттік биліктің бөлінуі туралы принцип пен идеяны теріске шығарады.
Атқарушы билікті кімнің атқаратынына қарай Руссо басқарудың
демократия, аристократия және монархиялық түрлерін қарастырады. Оның барлық
формаларында егемендік пен заң шығару билігі халықтың қолында болады. Руссо
демократиялық басқару шағын мемлекеттер үшін, ал монархиялық билікті ірі
мемлекеттер үшін тиімді екендігін ескертті. Оның ойы бойынша халық басқару
формасын өзгертуге ғана емес, қоғамдық келісімді тоқтатуға және өздеріне
табиғи бостандықтарын қайтаруға да құқылы.
Руссо заңдарды төрт түрге – саяси, азаматты., қылмыстық және салт-
дәстүрлер мен қоғамдық пікірге бөледі. Қоғамдық шарт тақырыбына атек саяси
заңдар жүйесінің кіретіңдігін атап көрсетеді. Кез келген заңдар жүйесінің
басты мақсаты – бостандық пен теңдік. Бостандықтың өзі де теңдіксіз өмір
сүре алмайды. “Сондықтан да,- деп жазды Руссо, материалдық зат күші әрдайым
теңдікті жоюға ұмтылады, ал заң күші әрдайым теңдікті оны қорғауға тырысуы
тиіс”.
Заңдардың күші мен ықпалы сол елдің географиялық жағдайы мен
табиғатына, тұрмысына, халықтың әдет ғұрпына да байланыста. Сондықтан да
халықтың қажетті даму деңгейіне жетпеген заңдарды ұсына беруге болмайды.
“Ерте қабылданған заңдар барлық еңбекті зая кетірді”. Руссо I Петрдің
реформаларын асығыс қабылданған әрекеттер ретінде сынға алады.
Заңдар жүйесін жасау – ұлы да, мәртебелі және терең білімді, көп күшті
қажет ететін ауыр еңбек. Заң жасау үшін мемлекет пен халықтың бар тынысы,
оның мүмкін болар қажеттіліктері мен ықтимал зардаптары, әрбір тұлғаның
жалпы құқығы терең ойластырылуы тиіс. Руссо ұлы заң жасаушылар мемлекеттін
негізін салушы қайраткерлер, саясат және құқық саласындағы рефрматорлар деп
біледі. Ол мұндай ұлы заң жасаушыларды егемен немесе магистратура емес
мемлекетті құрушылар деп түсіндіреді және шығарушы билікті “мемлекеттің
жүрегі” ретінде сипаттайды.
Мемлекеттік құрылыс пен отанға қауіп төнген төтенше жағдайда “заңның
қасиетті күшін тоқтатуға” және “қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді
диктаторға ерекше акті арқылы міндеттеуге” болады. Бірақ диктаторлық
биліктің мұндай мерзімін Руссо қысқа мерзімге ғана беруге болатындығын
қатан ескертеді.
Жан Жак Руссоның мемлекетті ұйымдастыру принциптері мен қоғамдық шарт
туралы концепциясы және жалпы ерікті білдіретін заң мен заң шығару билігі
туралы ілімі мемлекеттік-құқықтық ойдың және әлеуметтік-саяси тәжірибенің
одан кейінгі дамуына терең ықпалын тигізді. Оның саяси-құқықтық қағидалары
мен тұрымдамалары ұлы француз революциясын дайындау мен өткізу оның идеялық
қызметін атқарды.

Руссоның педагогикалық теориясының мәні

Өз өмірінде гуманистік бағытты берік ұстаған ағартушы-педагог Руссо
жаңа қоғамды аңсауына байланысты феодалдық салт-сананы түбірімен жою үшін,
жаңа қоғамды орнату үшін кімді қалай тәрбиелеу қажет деген сұрақпен
тәрбиенің міндеті мен өзгешеліктері жөніндегі мәселені зор педагогикалық
проблема ретінде ұсынды. Бұл мәселелер негізінен адам еңбек арқылы өмір
сүреді, еңбексіз өмір жоқ деген пікірлерге саяды. Ал азғындаған феодалдық
қоғамда мықтылар басқа адамдар еңбегін пайдалануда, нағыз ерікті адам - өз
еңбегімен өмір сүрушілер ғана. Мұнан шығатын қорытынды - өз еңбегінің
жемісімен өмір сүретін, ешкімге тәуелсіз, бостандықты қадірлей де қорғай да
білетін адамдарды тәрбиелеу.
Демек, Руссоның педагогикалық концепсиясының негізіне феодалдық әдет-
ғұрыптардан арылған, бостандықтағы, толық адамгершілігі бар адамды өсіру
талабы жатады. Әрине, Руссоның педагогикалық теориясының шеңберінің кеңдігі
терең адамшылығы осыңдай жаңа адамды тәрбиелеу талабын ұсынуында болды.
Осындай келелі міндеттерді шешудің жолдарын қарастыра келе феодалдық
қоғамдағы бала тәрбиесі табиғатқа қарсы қойылған. сондықтан дамуын ескеріп,
оның жас ерекшеліктеріне лайықтап жүргізілуге тиіс. "Табиғат балалардың
кәмелетке жеткенше болуын талап етеді", - дейді Руссо. [1]
Тәрбие бағыты жөніндегі Руссоның негізгі педагогикалық талаптары –
баланы қадірлей отыра, оның қызығушылықтары мен тікелей талаптарын зерттеу.
Еріктілік, баланың табиғатына айналуға тиіс. Ал тәрбиеші баланың дамуын
ұқыпты түрде дұрыс бағыттайтындай, ойланып, толғануына жөн сілтейтіндей
жағдайлар жасай білуі ғана тиіс. Сөйтіп, Руссо жаңа тәрбиені балаға
үстемдік етуге оның еркінің дамуына тез зәбірлік жасауға тырысатын
феодалдық ескі тәрбиеге тікелей қарсы қойды.
Баланың өсу кезеңдері және әр кезеңдегі тәрбие ерекшеліктері. Руссо
баланың өмірін 4 кезеңге бөледі:
1- кезең - баланың туған күнінен 2 жасқа дейінгі;
2- кезең - 2 ден 12 жасқа дейінгі;
3- кезең - 12 ден 15 жасқа дейінгі;
4- қезең - 15 жастан ер жетуіне дейінгі өсу дәуірлері.
Баланың осындай жетілу дәуірінің әрқайсысына тәрбиенің негізгі бір
саласын кеңінен және негізгі түрде жүргізуді ұсынды.
Баланың жетілуінің әр дәуірін Руссо өзінің саяси және философиялық
пікірлерімен тығыз байланысты қарастырды.
Екі жасқа дейінгі бала тәрбиесінің негізі дене тәрбиесі болуға тиіс.
Бұл дәуірде тәрбиешілердің баланы табиғат кеңшілігінен тым алшақ ұстауға
тырысатындығына, табиғи жетілуіне кедергі жасайтындығына қарсы болды.
Руссо: "Қаршадайынан-ақ баланың еркіне қиянат келеді, ал оған сол
еркіндікті беру қажет. Оның денесінің өсуіне мүмкіндік беріңдер, табиғатқа
кедергі жасамандар",- деген талап ұсынады. Келесі дәуірде де (2-ден 12
жасқа дейін) баланың денсаулығын шынықтыруды жедел түрде жүргізе беру
қажет, бірақ бұл кезде тәрбиешінің негізгі міндеті - баланың сыртқы сезім
мүшелерін жетілдіру. Руссоның кеңесі бойынша, бала өзінің керегінше, өз
бетінше әр нәрсенің көлемі мен салмағын өлшесін, санаумен де айналысып,
нәрселерді өзара салыстырсын. Бірақ, оның дәлелінше, бұл кезеңде баланы
оқуға баулудың, жаттаудың, ойлантып, оған талқылаудың керегі жоқ. Бұл кезде
бала ешбір адамгершілік, ешбір абстрактылық ұғымдарға да түсінбейді деп
есептеді ол. Бірақ, Руссоның ойынша, бала өте маңызды бір идеяны - жеке
меншік идеясын толық меңгере алады деді. Әрине, бұл жерде Руссо
педагогикасының буржуазиялық ерекшелігі айқын байқалады.
Романда 12 жастағы тәрбиеленуші Эмильдің денесі шынығып, өзін-өзі
билеу дәрежесіне де жеткен, маңызды оқиғаларды байқай алады, сыртқы
сезімдері арқылы өзін қоршап тұрған дүниені де түсінеді, сондықтан оның (12-
15 жастар аралығында) ақыл-ой және еңбек тәрбиесі басталады.[2]
Ақыл-ой тәрбиесі мен білім беру мәселелерінде Руссо ең алдымен дінге
негізделген шіркеулік мектептермен күресе отыра, білім мазмұнының
түпкілікті жаңаруын талап етті. Оқу пәндерін іріктеп таңдауда негіз болатын
нәрсе - баланың қызығушылығы, талабының болуы. Бала "Бұл не үшін қажет?"
деген сұрақтарға жауап бере алатындай болуы тиіс. Бала психологиясына жетік
Руссоның көрсетуінше, баланың ынтасы, қызығушылығы ең алдымен өзінің
айналасын қоршаған дүниеге байқағанына бағытталады, сондықтан ең алғашқы
пәндер география, астрономия, табиғаттану болуы керск. Мұнан кейін Руссо
осы пәндерді оқытудың ерекше бір әдістемесін бағдарлап, түсіне білуіне
негізделді. Руссо шығармаларында оқушыларды ғылыми шындықты ашушы, тіптен
компасты ойлап шығарушы т. б. осы сияқты зерттеуші ретінде суреттеді. Бұл
жерде Руссоның осындай бала табиғатын тым асыра дәріптеушілігін
ескермегенде, бала дербестігін дамыту әдісі арқылы схоластикалық мектептің
методикасына оның күшті тойтарыс бергенін көреміз. Оның ойынша оқу ештеңені
де жаттатпау, бүкіл білімді баланың өз бетінше бақылап, ой таразысына салуы
арқылы меңгерту деген мәселенің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шарль Луи Монтескьенің мемлекет және құқық туралы ілімдері
Ежелгі және орта ғасырдағы саяси және құқықтық ілімдер тарихы
Франциядағы XVIII – XIX ғасырдың басындағы ағартушылық ілімдер
Орта ғасыр мен қайта өрлеу жылдарындағы, жаңа замандағы саяси ой-пікірлер
ХVІІІ ғасырдағы Француз материализмі
Ж. -Ж. Руссоның қысқаша өміртарихы және шығармашылық мұрасы
Жан Жак Руссоның саяси – құқықтық ілімі
Ағартушылық ғасыры және француз материализмі
Батыс Еуропа мен Шығыстық Араб елдеріндегі саяси ілімдер
Социология ғылымының қалыптасуы және дамуы
Пәндер