Еңбектің ғылыми ұйымдастырылуы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Осы тақырыпты көп іздедім табылған жоқ !!! өзім жасадым ерінбей ! бағасы 1300 тенге болсын рахмет !!

ЖОСПАРЫ

КІРІСПЕ3

І-БӨЛІМ. ЕҢБЕКТІҢ ҒЫЛЫМИ ҰЙЫМДАСТЫРУ4

1. 1. Еңбектің ғылыми ұйымдастырылуы және оның даму тарихы4

1. 2. Еңбекті қалыпты етуді ұйымдастыру10

ІІ-БӨЛІМ. ЕҢБЕКТІ ҒЫЛЫМИ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МІНДЕТТЕРІ14

2. 1. Еңбек өнімділігінің экономикалық мәні және ұйымдастырылуы14

2. 2. Еңбек өнімділігі және оны анықтайтың факторлар жүйесін Қазақстанда пайдалану қажеттілігі16

2. 3. Еңбектің капиталмен қарулану деңгейі17

ІІІ-БӨЛІМ. КӘСІПОРЫНДА ЕҢБЕКТІ НОРМАЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАУ23

3. 1. Еңбекті нормалауға арналған нормативтік материалдарды әзірлеу. 23

3. 2. Нормаларды жобалауға дайындау және бастапқы деректерді жинау25

ҚОРЫТЫНДЫ29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:30

КІРІСПЕ

Еңбек - адамның мақсатқа құрылған саналы қоғамдық- пайдалы қызметі нәтижесінде шығарылған материалды адамдық қажеттілікке қолайлы ету болып табылады. Осы негізде тұтынушылық баға жасалады.

Нақты еңбекті ұйымдастыру келесідей міндеттерді шешу мақсатына ие болады: экономикалық, психофизиологиялық, техникалық және әлеуметтік.

Еңбектің нормалануы мен ұйымдастырылуының ғылыми негіздемесін келесідей үш топқа бөлуге болады: әлеуметтік- экономикалық, техника-техникалық және психофизиологиялық.

Еңбекті ғылыми ұйымдастыруды(ЕҒҰ) ендіруде пайда болуы ғылыми-техникалық дамумен шарттас келген, еңбек психологиясы мен физиологиясымен тығыз байланысты жаңа ғылыми пәндердің қорытындылары мен жетістіктері ескерілуі керек. Бұлар: биомеханика, эргономика, инженерлік психология, өндірістік эстетика және басқалар.

Жұмысқа қабілеттілік - еңбектің жеке өнімділігінің физиологиялық негізі. Физиологиялық және экономикалық көзқарас жағынан «жұмысқа қабілеттілік» ұғымымен «еңбек тиімділігі» ұғымы байланысты. Адамның жұмысқа қабілеттілігіне еңбектің ауырлығы мен бір сарындылығы әсер етеді.

Еңбектің нормалануы - арнайы жұмысты орындау үшін қажетті тірі еңбектің санын анықтау. Жұмысшылардың уақыт нормасы - өнім бірліктерін орындауға бекітілген уақыт саны.

Еңбек шығыны нормасы - өнім бірліктерін орындауға бекітілген еңбек шығыны саны.

Шығарылу нормасы - уақыт бірліктерінде өндірілуі қажет өнім саны. Машинаның уақыт нормасы - өнім бірліктеріне бекітілген машиналарды қолдану ұзақтығы.

Машина өнімділігінің нормасы - уақыт бірліктерінде машина өндіретін өнімдер саны. Норма элементарлы және іріленген болып келуі мүмкін. Еңбектің тура нормалануы уақыт нормасы негізінде жүргізілмеген жағдайда жиынтық санның нормативтері мен қызмет көрсетілу нормалары белгіленеді. Қызмет көрсету нормасы -арнайы ұйымдастырушылық- технологиялық жағдайында ауысым ағымында біліктілігі сәйкес қызметкермен қызмет етілетін құралдар бірліктерінің шартты саны. Қызмет көрсету уақытының нормасы - арнайы өндірістік жағдайлардағы құралдар бірліктерінің ауысым (бір айда) ағымында қызмет көрсетуіне қажет уақыт саны. Жұмыс істейтіндердің сандық нормативтері - арнайы ұйымдастырушылық-технологиялық жағдайлардағы персоналдар санының бұл жұмысты орындау үшін қажет персонал еңбегі шығынының жиынтық өлшемі.

Өнеркәсіптің әртүрлі салаларында нормалар мен бағалаудың түрлі жүйесі әрекетте болады. Құрылыста орындалатын жұмыстарда көбінесе бірыңғай, ведомствалық, жергілікті және типтік нормалар мен бағалаулар болады.

І-БӨЛІМ. ЕҢБЕКТІҢ ҒЫЛЫМИ ҰЙЫМДАСТЫРУ

1. 1. Еңбектің ғылыми ұйымдастырылуы және оның даму тарихы

Еңбектің ғылыми ұйымдастырылуы(ЕҒҰ) - бұл техника мен адамдарды бірыңғай өндірістік процесте мейлінше тиімді байланыстыратын және еңбек өнімділігін жоғарылату мен адам денсаулығын қамтамасыз ететін өндіріске жүйелі ендірілген ғылым жетістігі мен тәжірибе алмасу негізіндегі еңбектің ұйымдастырылуы.

Еңбек туралы ғылымның даму тарихы Деля-Гир, Амонтон, Бернулли, Эйлер, Де-Камюс және т. б. француз оқымыстыларының атымен тығыз байланысты ХVІІ ғасырдың екінші жартысында басталады.

ХІХ ғасырдың соңында АҚШ-та Тейлор жүйесі деп аталатын жұмыс процесін рациональды ұйымдастыру жүйесі пайда болды. Франк Джильберт осы бағыттағы жұмысты жалғастырушы болып табылды.

Еңбекті ғылыми ұйымдастыру - өндіріске жүйелі тірде үздіксіз енгізілетін ғылым мен озат тәжірибе жетістіктері негізінде материалдық еңбек ресурстарының тиімді пайдаланылуын, еңбек өнімділігнің үздіксіз артуын, адамның денсаулығын сақтауды, еңбекті бірте-бірте ең бірінші өмірлік қажетке айналдыруды қамтамасыз етеін шаралардың жиынтығы. Еңбекті ғылми ұйымдастырудың негізінде кәсіпорында, оның бөлімшелерінде және жұмыс орындарында жұмыс күші мен еңбек құралдарын мейлінше тиімді пайдалану қамтамасыз етіледі. Еңбекті ғылми ұйымдастыру әрбір кәсіпорында өндіріс мәдениетінің жоғары болуын, ауыр еңбектің жойылуын, кңбек жағдайының мықтап жақсаруын, санитарлық-гигиеналық және эстетикалық жағынан қолайлы жағдай жасалуын талап етеді.

Ғылми-техникалық революция жағдайында жаңа жұмыс орындарын ұйымдастыруға және маман жұмысшыларды даярлауға жұмсалатын шығын үздіксіз артып отырады. Сондықтан еңбекті ғылми негізінде ұйымдастырудың маңызы артады.

Социалист кәсіпорындарда Еңбекті ғылми ұйымдастыру В. И. Ленин белгілеген принциптік теориялық қағидалар негізінде дамытып отырды. Еңбекті ғылми ұйымдастырудың міндеттерін тұжырымдай келіп: « . . . біздің Тейлор системасын және еңбек өнімділігін арттырудың американдық ғылми системасын бүкіл Ресейге таныстырумыз тиіс, бұл системаны жұмыс уақытын қысқартумен ұштастыруымыз қажет, еңбекші халықтың жұмыс күшіне ешқандай нұқсан келтірместен [[өндірістің және еңбек ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін пайдалануымыз керек», - деді.

Еңбекті ғылыми ұйымдастыру - комплексті, сан қырлы процесс. Ол өндірістің барлық сатысын - жұмыс орнынан бастап тұтасынан алғанда, кәсіпорынға дейінгі бүкіл аралық буындарды қамтиды. Мұндағы Еңбекті ғылми ұйымдастыруқамтитын мәселелрді негізінен техника-экономикалық және әлеуметтік мәселелер деп екі топқа біріктіруге болады. Техника-экономикалық міндеттер еңбек өнімділігін арттыру, техниканы тиімді пайдалану, материал мен еңбекті барынша үнемдеп, жұмыстың көлемі мен түрлерін ұлғайту, атқарылатын жұмыстың санын арттыру, еңбектің үрдіс қарқындылығын қамтамасыз ету мәселелерін қамтиды. Ал әлеуметтік міндеттерге еңбекті ең бірінші өмірлік қажеттілікке айналдыру, жеке адамды жан-жақты жетілдіру, еңбектің мән-мағынасын және тартымдылығын арттыру, қолайлы еңбек жағдайын жасау және оның мәдениетін көтеру, адамдарды еңбекке деген саналы көзқараста тәрбиелеу және творчестволық инициативаны кең өрістеу мәселелері кіреді.

Еңбекті ғылыми ұйымдастырудың басты бағыты - кәсіпорындарда өніс жасаумен тікелей шұғылданатын негізгі жұмысшылар мен негізгі өндірістің бірқалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеін көмекші жұмысшылардың арасында дұрыс арақатынас орнатудың маңызы зор. Әдетте көмекші жұмысшылардың еңбегін механикаландырудың негізінде бұл жұмысшылардың үлесі азайып отыруға тиіс. Еңбекті ғылыми ұйымдастырудың нәтижесінде көмекші жұмысшылар жоғары мамандықты талап етпейтін операциялардан негізгі жұмысшыларды бастуға мүмкіндік береді.

Негізгі жұмысшылардың арасында да еңбекті операция бойынша бөлу тәсілі қолданылып жүрді. Мұның өзі әр адамға жұмысты тезірек меңгеруіне мүмкіндік беріп, бір операцияданекінші операцияға ауысқан кезде сөзсіз орын алатын уақыт шығындарын болдырмайды.

Сондықтан кәсіпорындарда еңбек бөлудің ақылға қонымды шегін іөздеуге, ал кейбір жағдайларда операцияларды біріктіруге немесе оларды кезектестіруге жұмысшылардың жапсарлас бірнеше мамандықты меңгеруіне қамқорлық жасалынып отырады.

Еңбекті кооперациялаудың тиімді формаларының бірі - жұмыстың алуан түрін орындауды қамтамасыз ететін комплексті бригадаларға біріктіру. Бұл форма әсіресе металлургияда, мұнай өндіруде, машиналарды жөндеуде немесе құрастыруда, ауыл шаруашылығында т. б. кеңінен қолданылып жүр.

Еңбекті ғылыми ұйымдастырудың келесі бағыты - жұмыс орындарын неғұрлым ұйымдастыру. Жұмыс орны - жұмысшының немесе жұмысшылар тобыныңеңбек ету аймағы, жұмыс орнын неғұрлым тиімді ұйымдастыру жұмысшының еңбек нәтижелігін, оның еңбек өнімділігін арттыруға, жұмыс уақытының өнімсіз шығынын азайтуға жағдай жасайды. Еңбекті ғылыми ұйымдастыру жөніндегі шаралар жүйесінже жұмыс орындарында қызмет етуді жетілдіру маңызды рөл атқарады. Кәсіпорындары мен дала жұмыстарында жұмыс уақытының смена ішіндегі шағынының кемінде үштен бірі материалдар, аспаптар құралсаймандардың жұмыс орнына уақытында жеткізілмеуінде, сондай-ақ жабдықты жөндеуді және реттеуді күтуге байланысты. Бұл ретте жұмысшыларды материалдармен қамтамасыз ету, оларға сменалық тапсырма беру, жабдықты реттеу және жөндеу, қалдықтарды жинау және дайын өнімді қабылдау - осының бәрі жұмысшыны бос тұрмайтындай немесе негізгі жұмысшынан алаңдамайтындай етіп тиімді ұйымдастырылуы тиіс.

Еңбекті ғылыми ұйымдастыру мұнан соң ең тиімді еңбек тәсілдерін іріктеуді, зерттеуді, қорытуды және таратуды кездейді.

Еңбекті ғылыми ұйымдастыру проблемаларының комплексінде жұмыс істейтіндер үшін қолайлы еңбек жағдайын туғызу маңызды орын алады. Бұған ең алдымен өндіріс процестерін механикаландыру мен автоматтандыру, адамның еңбегін жеңілдететін және оның өнімділігін арттыратын осы заманғы алуан түрлі техникалық құралдарын еңгізу арқылы жетуге болады. Алайда техниканың әрбір тиісті дәрежесінде қаржыны аз жұмсай отырып қызметкерлерге жемісті еңбек ету үшін ең қолайлы санитарлық гигиеналық және эстетикалық жағдайлар туғызуға болады. [2]

Өндіріс шуын азайту, жарықты жақсарту, ауа тазалығын сақтау, бір қалыпты ылғалдық пен температураны қамтамасыз ету әрбір жұмысшыға бүкіл смена бойына ең жоғарғы өнімділікпен еңбек етуіне, сөйтіп өнім мөлшерін арттыруға мүмкіндік береді. Ғылым мен практикалық тәжірибе адамдардың көңіл-күйі, демек жұмыс қабілеті тіпті машиналардың, аспаптардың, мебельдің, қабырғаның, төбенің сыртқы түрі мен бояуы сияқты ұсақ түйек болып көрінетін нәрселерге де байланысты екенін дәлелдеді.
Кәсіпорындарда басқа шаралар мен ұштастырылған өндірістік эстетиканы енгізу өндіріс мәдениетін өрге бастыруға көмектеседі.

Кейбір жағдайларда Еңбекті ғылми ұйымдастырудың еңбек пен демалыс тәртіптерін рационалдандыру сияқты бағыты да едәуір нәтиже береді. Еңбекті ғылми ұйымдастырудың қарапайым талабы - кәсіпорындардағы барлық қызметкерлердің жұмыс күнінің ортасында емін-еркін тамақтануына, сыртқа шығып тиісті уақытта дем алуына мүмкіндік туғызу. Сменада жұмыс пен демалыс тәртібін жақсарту еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бүкіл жұмыс күні (смена) бойына еңбек пен демалыс тәртібін жақсы жолға қою үшін ұзілістің қаншаға, қай уақытта жасалуын. оларды тиімді пайдалану жолдарын дұрыстап ойластырудың маңызы бар. Адамның жұмыс қабілеті мен еңбек өнімділігінің артуына гимнастика жасау да игі тигізеді.

Еңбекті ғылми ұйымдастыру неғұрлым кең мағынада, еңбек нормалауды жетілдіру, еңбек тәртібін нығайту сияқты проблемаларды да қамтиды. Өндірісте Еңбекті ғылми ұйымдастыру үшін оның жоспарын жасап, жүзеге асыру қажет. Бұл жоспар жұмыс орындарында бригадаларда, учаскелерде, цехтарда, бүтіндей кәсіпорындарда жүзеге асырылатын еңбекті ұйымдастыруды жақсарту жөніндегі шаралар комплексін қамтиды. Еңбекті ғылми ұйымдастыру жоспарын жасамас бұрын өндірістік процестің барлық буындарында еңбекті ұйымдастырудың жайы зерттеліп оған талдау жасалады. Мұнда еңбектің озық әдістері мен тәсілдерін енгізу жағдайларын, өндіріс озаттарының тәжірибесін зерттеу маңызды орын алады. Еңбекті ұйымдастыру жайын зерттеп, талдау негізінде оны жақсарту үшін ұсыныстар даярланады. Мұның өзі еңбекті ғылми ұйымдастыру жоспары болып табылады. Еңбекті ғылми ұйымдастыру жоспарындағы белгіленген шараларды орындау - жұмыстың ақырғы және ең жауапты кезеңі. Нақты алынған экономикалық пайданың мөлшері жоспардың қаншалықты сапалы болғанын, оның қалай орындалғанын толық бейнелейтін көрсеткіш табылады.

КОКП 24-съезінің шешімдерінде еңбекті ұйымдастыруды жетілдірудың, жұмыс уақытының әрбір минутын өнімді пайдаланудың қажеттігі атап көрсетілді, қоғамдық өндірістің тиімділігін арттырудың шешуші факторларының бірі ретінде еңбекті ғылми ұйымдастыру әдісін кеңінен енгізуді қамтамасыз ету міндеті алға қойылған

Еңбек туралы ғылымның дамуы кеңес кезеңінің басында яғни ХХ ғасырдың 20-жылдармен сәйкес келеді. Ол уақыттағы ең атақты мекемелердің ішінде «Время» Лигасы, Орталық еңбек институты (ОЕИ) болды. «Время» журналы шығып тұрды. НОТ бойынша 1- Бүкілресейлік және 2-Бүкілодақтық конференциялары өткізіледі. 1966 жылы Бүкілодақтық Ғылыми-зерттеу және еңбекті жобалау институты(БҒИЖИ) құрылады.

Қазіргі жағдайдағы НОТ жетілдірілуі келесідей негізгі бағыттар бойынша өтеді: Еңбектің кооперативтенуі мен бөлінуінің рациональды формаларын ендіру.

1. Кадрларды дайындау және біліктілігін жоғарлату.

2. Еңбек процесін ұйымдастыру.

3. Жұмыс орындарына қызмет көрсету және ұйымдастыру.

4. Еңбек пен демалыстың рациональды күн тәртібін, қолайлы жағдаймен қамтамасыз ету.

5. Еңбекті жоспарлауды жетілдіру.

Еңбектің бөлінуі - бірлескен еңбек процесінде жұмыс істей тін жұмысшылар қызметінің шектелуі. Еңбек бөлінісі жалпы, жеке және дербес болып бөлінеді. Мұнымен бірге, еңбек бөлінісі келесідей түрлерге бөлінеді: қызметтік, кәсіби-технологиялық, біліктіліктік. Еңбек қызметінің бөлінісі (дифференциациясы) профессия (кәсіп) мамандық, біліктілік сияқты ұғымдардың туындауын анықтайды. Профессия(Кәсіп) жұмысшының қандай да бір еңбек қызметін анықтайды.

Мамандық кәсіп аймағындағы қызметтің нақты көлемін көрсетеді. Біліктілік - жалпы және арнайы дайындықтың, сол сияқты қандай да бір күрделі жұмыстардың орындалуына қажетті практикалық тәжірибенің жиынтығы. Еңбектің рациональды бөлінуі - орындаушылар арасындағы еңбек процестері мен операцияларының мейлінше мақсатты бөлінісі. Еңбек бөлінісінің рациональды түрлерін жасауда экономикалық, физиологиялық және әлеуметтік-психологиялық аспектілерін ескеру қажет. Еңбектің бөлінісі оның кооперацияларымен үзіліссіз байланысты.

Еңбек кооперациясы - өндіріс процесіндегі жұмысшылардың бірлескен қатысуының рациональды формаларының бекітілуі. Жұмысшы еңбегі кооперациясы келесідей түрлерге бөлінеді: өндірістік, цехтық, бригада ішілік және звеналық. Бригада-жұмысшы еңбегі кооперациясының негізгі формасы. Ол өндірістік тапсырмаларды бірлесіп орындау үшін біріккен бір немесе бірнеше кәсіптің түрліше біліктілігіндегі жұмысшылардың ұйымдасып ресімделген еңбек ұжымы.

Өндірістік тәжірибеде бригадалардың екі негізгі типі- мамандандырылған және кешендік түрлері қалыптасты.

Жұмыс орны деп жұмыс орындаушының еңбек қызметі жүргізілетін қажетті техникалық құралдармен қамтылған аймақты атайды. Жұмыс аймағы-өндіріс процесіндегі арнайы технологиялық тізбелікке сәйкес келетін жұмыс өндірісіне арналған өндіріс алаңы немесе құрылымдар, ғимараттардың бір бөлігі. Жұмыс майданы -арнайы жұмыс түріндегі өндіріске дайындалған жұмыс аймағы. Жұмыс орны өндірістік операцияларға сәйкес орындалу үшін қажетті жарықпен қамтылуы қажет.

Жұмыс орындарына рациональды қызмет көрсетуді қамтамасыз етудің маңызды бағыттары:

1) Жұмыс орындарын материалдармен, бөлшектермен және конструкциялармен кешенді және өз уақытында қамтамасыз ету.

2) Механизацияның құралдары мен құрал-жабдықтарына профилактикалық қызмет көрсету, сол сияқты құралдарды, оның қосымшаларын, инвентарлы құрылымын ауыстыру және түзету, жөндеу.

3) Жұмыс орындарына энергияны, суды, басқа ресурстарды және шығыс материалдарды үзіліссіз беру.

4) Жұмыс орындарында еңбектің қауіпсіз жағдайын жасау.

5) Жұмысшыларға санитарлы-гигиеналық қызмет көрсету.

6) Жұмысты орындаушыларға тапсырмалар мен техникалық құжаттарды уақытылы жеткізу.

7) Жұмыс сапасына бақылау жасау.

8) Еңбек эстетикасы(әсемдігі) талаптарын сақтау.

Жұмыс орындарының аттестациясы мен рационализациясы - еңбек ресурстары бар жұмыс орындарын баланстауды қамтамасыз ететін және еңбек өнімділігін жоғарылататын өндірістік әлеуетті тиімді қолдану бойынша резервтар әрекетіне бағытталған мерзімді ұйымдастырушылық іс-шаралардың жүргізілу жүйесі.

Жинақтау яғни еңбек процесінің рационализациясы мен оны үйрену (еңбек тәсілдері мен олардың қозғалысын құрайтын операциялар), сол сияқты олардың әдістерінің орындалуы ЕҒҰ негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Еңбектің озық әдістерін анықтауда келесідей талаптар басшылыққа алынады: Табиғи өлшенімдегі жоғары шығарылым жиынтығы мен оның тұрақтылығы.

Жұмыс орындары мен жұмыс аймағында санитарлық- гигиениалық жағдайлар мен техникалық қауіпсіздіктің сақталуы.

Орындаушының жоғары жұмыс қабілеттілігін сақтау және еңбекте сырқатты болдыртпау. Конструкциялар мен деталдар, материалдар шығындарының бекітілген нормаларын сақтау. Жұмысшылардың келесі оқытылуы үшін жобаланған және нұсқаулық-ақпараттық материалдарда (технологиялық карталарда, еңбек процестері карталарында, диафильмдерде(слайдтарда), кино және бейнефилмдерде) рационалданған еңбек процесі белгіленеді.

Жұмыс кадрларын дайындау мен біліктілігін жоғарылату процестерін шешетін негізгі міндеттер: Еңбек процестерін орындаудың қауіпсіз әдістері мен экономикасы, ұйымдастырылуы, технология аумағында қажетті практикалық тәжірибелер мен теориялық білімдер алу. Аз шаршататын мейлінше жоғары еңбек өнімділігін қамтамасыз ететін қарқын мен қалыпты өңдеу, тиімсіз және артық қозғалыстарды болдыртпау. Өндірістегі және кәсіби-техникалық білім жүйесіндегі жұмысшы кадрларды дайындаудың негізгі екі тәсілі кездеседі. Өндірістегі жұмысшыларды дайындауды негізгі формалары - жеке, бригадалық және курстық.

Жұмысшылардың біліктілігін жоғарлатудың негізгі формаларына өндірістік-техникалық курстар, жұмысшыларды екінші және араласқан кәсіптерге оқыту бойынша курстар, мақсатты курстар, сол сияқты озық тәжірибелі мектептер жатады. Ұсынылатын кәсіптегі жұмысшының талаптарындағы психофизиологиялық сапаға сәйкес жүргізілу үшін ЕҒҰ Кәсіп таңдау және кәсіпке бағыттау әдістері қолданылады. Арнайы біліктілігі бар кадрлардың талаптарын қамтамасыз ету үшін еңбек ресурстарының баланстық есебі қолданылады, кадрларды қайта дайындау және олардың біліктілігін жоғарылату жоспарланады.

Еңбек жағдайлары - еңбек процесіндегі адамдардың жұмыс қабілеттілігі мен денсаулығына әсер ететін өндіріс ортасындағы факторлар жиынтығы.

Еңбек жағдайларын реттейтін нормативті құжаттар мен заңдар жүйесі келесідей құрылымдық бөліктерді құрайды:

Үкімет және кәсіподақтың қаулылары.

Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі (ЕҚСЖ) .

«Адам-машина» жүйесінің стандарттары (АМЖС) .

Санитарлық нормалар мен ережелер.

Құрылыстық нормалар мен ережелер (ҚНжЕ) .

Жұмыс қауіпсіздігін бақылайтын ұйымдар шығарған ережелер.

Салалық стандарттар және нормативті материалдар.

Адамдар өндіріс жағдайларында түрліше факторлардың әсеріне ие болады. Бұлар келесідей біріккен топтардан құралады:

психофизиологиялық, санитарлық-гигиеналық, эстетикалық және әлеуметтік психологиялық.

Санитарлық-гигиеналық жағдайлардың маңыздыларының бірі өндіріс ортасының элементтері - жарық, өндірістік шу және діріл болып табылады.

үш жүйесі қолданылады: жалпы, жергілікті және араласқан. Өндірістік жарық табиғи және жасанды болуы мүмкін. Шу - тегіс ортаның толқын түріндегі механикалық айналатын қозғалыс бөлігі. Шудың зиянды және шаршататын әсері оның жиілігімен пропорциялы болып келеді. Организмге тиетін зиян әсер есту органдарының өзіндік зақымдануы түрінде, сол сияқты көптеген басқа да органдар мен жүйелердің қызметтерінің бұзылуына, бірінші кезекте орталық нерв жүйесінің бұзылуымен көрінеді.

Шуды оның туындау көзінде әлсіреті және жою. Өте шулы құралдарды жекелеген бокстарға орналастыру. Дыбыс естіртпейтін және дыбыс шығармайтын материалдар қолдану. Діріл өндіріс жағдайларының зиянды факторы ретінде бұлшық еттер мен буындардың ауруына, ба қозғалыс аппаратының бұзылуына, орталық нерв жүйесінің бұзылуына әкеледі. Діріл жұмыс істеушінің организміне әсер ету мінездемесіне қарай жалпы және жергілікті болып бөлінеді.

Дірілмен күрес шаралары:

Құралдар мен құрал-жабдықтардың техникалық рационализациясы. Жұмыс істеушілердің дірілдемейтіндей құралдар қолдануына әрекет ету. Жеке қорғауыш құралдарын қолдану. Еңбек тәртібінің маңызды көрсеткіштері өз ретінде еңбек ауырлығына және физикалық жүкке байланысты ауырлық болып табылады. Физикалық жүк өндірістік процестегі жұмыс істеушінің жұмсаған күшінің өлшемімен анықталады. Еңбек қысымы жұмыстың орындалу уақытындағы нервтік- психологиялық қысымның дәрежесіне байланысты болады.

1. 2. Еңбекті қалыпты етуді ұйымдастыру

Еңбекті техникалық қалыпты ету - жұмыс уақыттын қолдануды жақсарту бойынша іс-шаралар мен еңбек шығындары нормаларын жобалау мақсаттары бар уақыт шығынын зерттеудің ғылыми жүйесі. Нормативті қадағалау төмендегідей жұмыстардан құралатын өндіріс процесін бір реттік (ұзақтығы жарты ауысымнан аспайтын) үйрену: Машинаны қолдану уақытын немесе жұмысшының жұмыс уақытын өлшеу(есептеу) . Қадағалау уақытында өндірілген өнімдерді өлшеу(есептеу) . Қадағалау нәтижелерін алғашқы өңдеу.

Техникалық нормалау жұмыс уақыты шығынын зерттеудің дәстүрлі әдістерін тарату:фотолық есепке алу, хронометраж, техноесеп. Фотоесеп - өндірістік процестерді жүргізудегі уақыт шығынының барлық түрлерінің тұтастай өлшемі(ағымдағы уақыт бойынша) үшінқолданылатын нормативті қадағалау түрі. Фотоесеп - қадағалау тәсілі және ағымдағы уақыттың жазбасы бойынша Графикалық, араласқан және цифрлық болып бөлінеді, ал мінездемесіне қарай қадағалау жеке және топтық болады.

Техникалық негізделген нормалардың жобалануы процесс нормаларының құрастырылуында еңбек шығынын нормаландыратын түрлі элементтердің есебінен (оперативті және дайындықтық-аяқталудағы жұмыста), жұмысшы звенолары құрамының жобалануы мен еңбек шығынының толық көлемінен, жұмыстағы шектелген үзілістің нормаларының анықталуынан құралады. Тұтастай алғанда барлық жұмыс процесі бойынша еңбек шығыны көлемі элемент өнімдерінің өлшенуіндегі еңбек шығынын жұмыс процесіндегі өнімнің басты өлшеміне әкелетін және еңбек шығынына қосылуымен анықталады. Зерттелінетін процестің басты өлшеміндегі еңбек шығынына әкеленуі норма синтезі деп аталады және К өткізгіші коэффициентін қолдану арқылы жүргізіледі:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек процесін ұйымдастыру
Еңбек – адам әрекетінің басты сферасы
Экономиканы дамытудағы еңбекті ғылыми ұйымдастырудың ролі
Еңбекті ұйымдастыру,қалыпты ету және еңбекті төлеу
Басқарудың ғылыми мектебінің негізгі жетістіктері
Жұмыс орнының шаңдануы, газдануы оның адам ағзасына әсері
Еңбек нарығын экономикалық - құқықтық реттеу
Станция жұмысының сапалы және аумақты көрсеткішінің есебі
Еңбек – қоғам өндірісінің негізі
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz