Сиырлардың желінсау ауруы


КІРІСПЕ
Сүт өнімділігінің төмендеуі мен сүттің санитариялық-технологиялық сапасын төмендеуіне әкеліп соғатын көптеген аурулар ішінде желінсаудың алатын орны ерекше. Бір мерзім аралығында желінсаумен 15-30 дан 50- 70% дейін жануарлар ауыруы ықтимал. Желінсауға шалдыққан сиырлардан қабыну үдерісінің ағымдық сипаты мен оның алдын алу жұмыстарының жасалмауына орай жылдық сүт өнімінің 15-20% одан да көп шамасын алынбай жатады. Зақымдалған сүт безі бөліктерінің сүтінде (секретінде) соматикалық жасушалар санының (басым түрде лейкоциттердің), ақуыздардың, хлоридтердің мөлшері ұлғаяды, сілтілігі, сүттің тығыздығы, бактериямен ластану деңгейі жоғарылайды, сүт майының, лактозаның, құрғақ майсызданған заттектерінің мөлшері азаяды, оның бактерицидтік белсенділігі төмендейді. Мұндай сүт тағамдық құндылығынан арылады, сүт қышқылды өнімдер мен ірімшіктер дайындауы үшін қажетті технологиялық қасиеттерін жоғалтады. Мұндай сүтті тұтыну жаңа туған бұзаулар арасында аурулардың көбеюіне, өлуіне және аллергиялық реакциялар дамуы мен адамдар арасында тағамдық токсикоздар байқалуына әкеліп соқтыруы әбден мүмкін. Еліміздің ауыл шаруашылық кәсіпорындарында жоғары сападағы, құнды санитарлық тұрғыдан талаптарға жауап беретін сүтті жеткілікті мөлшерде алу үшін Мемлекеттік стандарт пен Санитариялық Ережелер мен нормаларда қарастырылған талаптар ұсталынады, сонымен қатар азықтық базаны нығайтып, сүт фермаларын заманауи сауын аппараттарымен, тоңазыту қондырғыларымен жабдықтау, сауын аппаратымен саууға бейім, желінсау ауруына төзімді сиырлардың жарамдылығын арттыруға бағытталатын сұрыптау-асылдандыру жұмыстарын өткізу керек, мұнымен қатара, сүт безі ауруларын ерте диагностикалау мен алдын алуға, уақытында әрі тиімді емдеуге, зақымдалған желін бөліктерінің физиологиялық функцияларын қалпына келтіру мен сиырлардың жоғары сүт өнімділігін сақтауға бағытталған жұмыстарды жандандыру қажет.
Сиырлардың желінсау ауруы кең тараған және сүт өндірушілерге үлкен экономикалық нұқсан келтіретін залал, бұл нұқсан негізінен қажетті сүт мөлшерінің алынбауынан, оның сапасының төмендеуінен, сиырлардың уақытынан бұрын жарамсыз деп танылуынан, жаңа туылған бұзаулардың ауруларға жиі шалдығуынан және оларды емдеуге жұмсалатын шығындардан т. с. с. жинақталады. Сиырлар арасында желінсаудың кең таралуы мен оның малшаруашылығына тигізетін зор экономикалық кесірі қазіргі ветеринариялық ғылым алдына аталған мәселені шешу мен бірқатар маңызды мәселелердің шешімін табуды міндеттейді.
Желінсауға шалдыққан сиырларда лактация кезеңінде сауын деңгейі 150- 200 килограммға төмендейді. Желінсаумен ауру сиырлардың сүтінде патогенді микроорганизмдер мен метаболизмнің уыттық өнімдері болады, әрине бұл оның адамдар тағамы мен бұзаулар азығы ретінде қолданылуын жарамсыз етеді. Желінсаумен ауырып шығу өзге акушерлік-гинекологиялық аурулар мен бедеулік пайда болуының себепші факторы болатыны мәлім.
Желінсау сүт безінің әртүрлі функционалдық кезеңдерінде байқалуы ықтимал, дегенмен лактация кезеңінде ауруға шалдығу пайызы жоғары да қауіпті болатындығы дәлелденген.
Желінсауларды диагностикалау мақсатында каталаза, редуктаза мен лизоцимды анықтау жиі қолданылып жатады. Алайда сиырлардың өзге аурулары кезінде сүттің ферменттік белсенділігі зерттелмеген деп айтуға толық негіз бар.
Ауру сиырлардың организмінде ферменттік реакциялар өзгерісін зерттеу маңызды себебі олардың көмегімен клиникалық белгілерді уақытынан бұрын аңғарып, клиникалық желінсауды дәлелдеу мүмкіндігі туындалады.
Желінсаудың байқалуында басты рөл патогенді және шартты патогенді микрофлора үлесіне келеді.
Қазіргі уақытта желінсаудың тиімді терапиясы ретінде антимикробтық препараттарды интрацистерналды енгізуге, оның мөлшерлемесі, енгізу мерзімдері, ретіне қатысты біркелкі тұщымды ой пікір қалыптаспаған.
Қазіргі уақытта отандық дәрі-дәрмек өндірушілері мен көршілес Ресейде жоғары тиімді, ыңғайлы дайын дәрілік заттар шығарылмайтыны қынжылтады.
Осы аталған мәліметтерге орай сиырлардың сірі желінсауының этиологиясын, диагностикасын, емдік әдістерін құру олардын салыстырмалы түріндегі тиімділігін анықтау аса өзекті мәселе екендігін тағы бір баса атағымыз келеді, аталған патологияны емдеу үшін жаңа кешенді құрамында пролангирленген диоксидин, липосомалды гентамицин, нитокс-200, мамифорт, мастисепт сықпамайы енгізелген кешенді ем қолдану болашағы бар тәрізді болап көрінді.
Өзіндік қорғаныс факторларымен қатар көптеген өзіндік емес факторлар да организмнің қорғаныс реакцияларына белсенді түрде қатынасатыны мәлім.
Мұнымен қатар, организмдегі иммунологиялық өзгерістерді зерттеу, желінсауларды алдын алуға бағытталатын шаралардың жалпы организмнің иммунологиялық күйіне тигізетін әсерін зерттеу де үлкен қызығушылық тудырады.
Сонымен, біз өз алдымызға сиырлардың сірі желінсауын диагностикалаудың жаңа әдістерімен қарастыра отырып, аталған кеселдің алдын алу бойынша жасалатын шараларға сараптау жасап, тиімді жолын таңдап, шаруашылыққа нақтылы ұсыныстар жасау бойынша зерттеу жұмыстарын өткізуді мақсат етіп, мәселелер қойдық [1] .
І. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1. 1 Желіннің жалпы құрылым принципі
Желін - сүттің түзілуін және бөлінін қамтамасыз ететін көпіршікті-түтікше безді орган. Сырт жағынан ол жұқа серпімді терімен қапталған. Желін май және тер бздері болмайтын, түгі жоқ терімен қапталған емдермен бітеді. Терінің астынан желінді құрсақтың сыртқы шандырының жалғасы болып табылатын беткей шандыр (фасция) қаптайды да, желіннің төменгі жағында ол терең шандырға (дәнекер ұлпалы жұқа қабыққа) айналады. Желіннің оң және сол бөліктерінің арасында серпімді дәнекер ұлпаның екі қабат қатпарынан тұратын аралық аспа байлам болады. желіннің астыңғы жағында ол ішкі фасцияға айналып, желіннің бүйіріне қарай тарамданады. Желіннің бүйір фасцияларын аралық аспа байламмен көптеген дәнекер ұлпалық перделер жалғастырады. Бұл перделер желінді белгілі бір пішінде ұстайды. Аралық аспа байлам желінді көтере демеп тұрады.
Сурет 1 - Сиыр желінінің көлденең қиындысының бейнесі
А - желіннің көлденең қиындысының бейнесі; Б - безді артқы бөлігі; В - ірі шығару өзегі; 1-тері; 2 - сытрқы фасция; 3-терең фасция; 4 - іліп тұратын байлам; 5-строма; 6 - соңғы бөліктер; 7 - ұсақ шығару өзектері; 8 - сүт жолдары; 9 - паренхима; 10 - сүт цистернасы; 11-үрпі арнасы; 12 - үрпі төңірегіндегі тегіс бұлшық ет торшалары; 13- сақиналы бұлшық еттер; 14 - тегіс бұлышқ ет байламдары; 15 - соңғы бөлімнің шығару өзектері миоэпителийі; 16 - жүйкелер; 16а - жүйке талшықтары; 17 - артерия және оның тармағы, бездің соңғы бөлігінде; 18 - желін венасы; 18а - үрпінің веналық өрімі; 19 - сүт элементтері; 20 - миоэпителий; 21 - шығу өзектері эпителийі.
Барлық малда желіннің құрылым принципі бірдей. Желіннің безді ұлпасы алвеолалар жиынтығынан құралған. Пішіні жағынан олар сопақша құрылым. Алвеолалар негіздік мембрана бетінде орналасқан безді эпителийдің бір қабат торшаларынан құралған. Олардың іші қуыс, сыртынан дәнекер ұлпалы қабықпен қапталған [2] .
Альвеолалар топтаса келіп бөлімдер, ал олар өз кезегінде біріге отырып бөліктер құрайды. Аталған құрылымдар нәзік дәнекер ұлпамен қапталады. Альвеолалардан жалпақ эпителиймен астарланған жіңішке бірінші реттік өзекшелер басталады. Бұл өзекшелер тоғыса келе желін бөліктерінің өзектерін, олар - желін бөліктерінің арнасын (сүт арнасын) құрайды. Олардың диаметрі бірте-бірте кеңейе береді. Сүт арналарынаң бірігуі нәтижесінде сүт жолдары пайда болады. 5-20 сүт жолдары желінні төменгі жағында орналасқан қуысқа - желін цистернасына ашылады.
Қуыс желіндік және емдік бөлімдерге бөлінеді. Сиырдың желіндік қуысының сыйымдылығы 2 литрге, ал ем қуысының мөлшері емнің көлеміне байланысты ауытқып отырады да, кейде 50 мл жетеді. Ем қуысы желін қуысынан көлденең қатпармен бөлінеді. Сүт жолдары мен желін қуысы екі қабат цилиндр пішінді эпителийден құралған кілегейлі қабықпен астарланған. Қуыстың кілегейлі қабығында көптеген қатпарлар болады.
Ем қуысы көп қабатты жалпақ эпителиймен астарланған ем арнасымен жалғасады. Оның ұзындығы сиырда 0, 5-1, 4 см шамасында. Бұл арнаның ем ұшында ашылған жерін үрпі деп атайды. Ем арнасы кілегейлі қабық қатпарымен жабылып жатады.
Желін альвеолалары сырт жағынан моэпителийлік торшалармен қапталған. Миоэпителийлік торшалар сүт өзектерінің бойында да орналасады. Жіңішке өзектер қабырғасында бойлай орналасқан бірыңғай салалы ет талшықтары, ал кеңірек өзектер қабырғасында бойлай және көлденең орналасқан ет талшықтары болады. Сүт өзектері сағасында көлденең бағытта орналасқан бірыңғай салалы ет талшықтары қысқыш (сфинктер) тәрізді буылтық құрайды.
Ем бойында да көлденең, сәулелі және аралас бағытта орналасқан бірыңғай салалы ет қабаттары болады. Көлденең бағытта орналасқан ет талшықтары ем арнасы тұссында жақсы дамиды да, сфинктер құрайды.
Жалқы немесе егіз төлдейтін жануарларда (сиыр, қой, ешкі, түйе, бие) шапта орналасқан 1-2 жұп без ғана дамиды. Ал көп төлді жануарларда (шошқа, ит, мысық, кеміргіштер) 10-16 без дамиды да, олар жұп құрап үйектің екі жағын ала тізбектеле орналасады.
Ем саны без санымен сәкес болады. мысалы: сиырда 4 без және соған сәйкес 4 ем болады; қой мен ешкіде 2 без, 2 ем; мегежінде 12-16 без дәл сонша ем. Дегенмен, бұл ережеден ауытқұлар да кездеседі. Мәселен, биеде 4 без дамығанымен 2 ем болады, бірақ әр без өзектері сол емдерге жеке-жеке ашылады да, әр емде екіден үрпі болады.
Сурет - 2 Желін құрылысының айырмашылықтары
А - ұсақ күйіс қайыратын малдар, Б - ІҚМ, В - жылқы 1 - безді бөлігі; 2- шығару өзектері; 3 - сүт цистернасы; 4 - үрпі өзегі.
Сиыр желіні үш жұп бездің бірігуі нәтижесінде пайда болады. Ол бездердің тек алдыңғы екеуі ғана өсіп-жетіледі де, артқы жұбы дамымай қалады. Желіннің артқы екі бөлігінің сыйымдылығынан көбірек болады. желінде сүт ем түбінде орналасқан мықты қысқыш ет көмегімен сақталады. Сүттің желінде сақталуына сүт өзектерінің құрылым ерекшеліктері, олардың желін бөліктері мен бөлімшелерін бөліп тұратын дәнекер ұлпалы перделердің жағдайына байланысты кеңейіп-тарылып отыруы, мүмкіндік береді [4] .
Желінде сыртқы жыныстық және аралықтық артериялар көптеген қан тамырлар тармағын түзеді. Желін альвеолалары мен жіңішке өзекшелер сыртында артериолалар, капиллярлар және лимфа капиллярларының торы орналасады. Желін ертерияларымен қатарласа веналар орын тебеді де, олар өзара көпіршелермен жалғасады. Ем веналарында тұйық өсінділер кездеседі.
Вена қаны желіннен екі жолмен - сыртқы жыныстық және құрсақтың тері астылық венасы арқылы, ағып шығады. Желін ұлпасынан сөл ішкі лимфа тамырлары, ал желін терісі мен емдерден - беткейлік лимфа тамырлары арқылы ағады. Сүтті сиырларда вена жүйесі өте жақсы дамыған.
Желіннің безді ұлпасы сыртқы ұрықтық және мықын-шаптық жүййкелермен жүйкеленеді. Орталыққа бағытталған тітіркеністің көпшілігі сезімтал түйіндерге осы сыртқы ұрықтық жүйке арқылы өтеді. Желінге баратын симпатикалық жүйкелер бел мен құйымшақтық түйіндерден шығады. Олар аталған сыртқы ұрықтық және мықын-шаптық жүйкелер құрамына енеді.
Ем түбінде сезімтал жүйке талшықтары үлкен өрімдер түзеді және осы аймақта көтеген биологиялық белсенді нүктелер (ББН) пайда болады. Соңғы құрылымдардың маңызы әлі анықталған жо. Биологиялық белсенді нүктелер қан тамырлары мен жүйке ұштарынан құралған. ББН-г ауырсыну әсеріне сезімталдық, оттегіні көп сіңіргіштік, жақсы электр өткізгіштік қасиеттері тән. ББН-лер аймағында гомеостазды реттеуде маңызды рөл атқаратын шырлы торшалар топтасады. Бұл торшалар гепарин, гистамин, гиолурон қышқылы, серотонин түзу нәтижесінде зат алмасу процесіне, синапстар өткізгіштіген ықпал етіп, биологиялық реттегіш қызметін атқарады. ББН-дің бұл қасиеттерін желіннің түрлі ауруларын, соның ішінде желінсауды емдеуге пайдалануға болады (М. Г. Якубов) .
Сурет 3 - Желін жүйкелері
1 - сезімтал жүйке ұштары; 2 - сыртқы ұрықтық жүйкенің төменгі тармақтары; 3 - шап асты жүйке; 4 - сыртқы ұрықтық жүйке; 5 - бірінші белл омыртқа; 6 - құйымшақ омыртқалар.
Желін қызметі ас қорыту, қан және лимфа айналым, тыныс алу жүйелері мен көптеген ішкі секреция бздерінің жұмысымен тығыз байланысты. Сүттің алғы заттары ас қорыту жүйесінде пайда болып, қан арқылы бүкіл ағзаға таралады да, желінге жеткізіледі. Күйісті малдар үшін сүт түзу процесінде мес қарында түзілетін ыдырау өнімдерінің маңызы зор. Қарында микробиологиялық процесстер нәтижесінде пайда болған ұшпалы май қышқылдары тек энергия көзі ретінде ғана емес, сүт майын түзу үшін пайдаланылады.
Мес қарын қабырғасыда ұшпалы май қышқылдарының алмасуы нәтижесінде сірке және майлы қышқылдардың біраз мөлшері кетонды заттарға (ацетон, ацетон-сірке, бета-оксимай қышқылы) айналады. Кетонды заттар негізінен бауырда түзіледі. Желін мен бүйрек ұлпаларына да кетонды заттар түзу қабілеті тән. Кетонды заттар қалыпты алмасу өнімдері ретінде дененің бауырдан басқа ұлпаларының барлығында энергия көзі болып пайдаланылады. Бета-май қышқылы сүт майының алғы затының бірі болып табылады.
Сау мал қанының құрамында 2-9 мг/%, сүтнде 3-8, ал зәрінде 9-18 мг/% кетонды заттар болады. қандағы кетонды заттардың 60-85 пайызын бета-оксимай қышқылы құрайды. Сүт пен зәр құрамында ацетон және ацетон-сірке қышқылының концентрациясы көбейіп, олардың бета-оксимай қышқылына қатынасы тиісінше, 1:2 және 1:1 шамасында сақталады [15] .
1. 2 Желінсау классификациясы
Желінсау - Mastitis - желіннің қабынуы, көбінесе жаңа туған малда, сиырларды суалтқан кезде, қойды қозысынан айырған кезде кездеседі.
Себептері. Желінсауды тудыратын себептер өте көп, кейде оның қайсысы негізгі себеп, қайсысы қосалқы себеп екендігін ажырату қиын болады. ғалымдар желінсаудың пайда болуына 80%жағдайда микробтар кінәлі деп есептейді. Микробтардың желінге келіп түсуі әр түрлі:
- Желін үрпісі арқылы (галоктогенді жол) жатқан жері лас болса, желінді жуып-сүртетін шүберектер кір болса, сауыншының қолы және сауын агрегаты таза болмаса;
- Қан арқылы - гематогенді жол (гастроэнтерит, ретикулоперитонит, эндометрит, вагинит т. б. ) ауырған органдардың микробы желінге келіп түседі;
- Желіннің терісі арқылы (лимфогенді жол) - тері жарақаттанғанда микроб сол жарадан ары қарай лимфа тамырлары арқылы тарайды.
Бірақ микроб барлық уақытта міндетті түрде ауру тудырады деуге болмайды, ол организмнің жалпы резистенттілігіе байланысты: организм резистенттілгін төмендетін факторларға, малдың күтімінің, азықтандырудың нашарлауы, сауу ережесінің бұзылуы, желін гигиенасының сақталмауы жатады.
Желінсаудың пайда болуына желіннің зақымдалуы тікелей себепкер фактор, яғни сыртқы жарақат (ұрылып-соғылуы, сырылып езілуі, жыртылып тесілуі), немесе ішкі жарақат (альвеолалар мен сүт жолдарының жыртылуы) микробтар ену үшшн ашық қақпа болып саналады. Ішкі жарақаттар сауу агрегаттарын дұрыс пайдаланбаудан немесе желінге ауа үрлеген кезде қысымның көбеюінен болуы мүмкін.
Сауылып жүрген сиырда дұрыстап суалтудың да желінсаудың алдын алу үшін маңызы бар. Туар алдындадағы желінде пайда болған ісіктер суыққа ұрынып немесе зақымданатын болса, тез желінсауға ұшыратады.
Көктемдегі кезде бірден көк шөпке шығып кеткен малда желінсау орыын алады. Желінсау көбінесе, сүтті сиырларда кездеседі, оны желін қызметінің, зат алмасу құбылыстары мен лактация процессінің өте қарқынды жүруімен түсіндіруге болады [5] .
Желінсауды жіктеу. Организмнің резистенттілгіне байланысты желіндегі қабыну үрдісі әр түрлі деңгейде өтуі мүмкін.
А. П. Студенцов қабыну үдірістерін сипаттай келіп желінсауды былай жіктейді:
1. Серозды желінсау;
2. Катаральді желінсау:
- Цистерна мен сүт жолдарының катары;
- Альвеола катары.
3. Фибринозды желінсау;
4. Іріңді желінсау:
- Іріңді-катаральді желінсау;
- Желін абсцессі;
- Желін флегмонасы.
5. Геморрагиялық желінсау;
6. Кейбір ауруларға тән желінсаулар:
- Желін аусылы;
- Желін актиномикозы;
- Желін туберкулезі.
7. Желінсаудың асқынулары:
- Желін индурациясы;
- Желін гангренасы.
Клиникалық өтуіне қарай желінсауды жіті (acuto) - 10 тәулікке дейінгі; созылмалы (chronica) - 2-3 аптадан асып кеткенде; жасырын (latentus) - субклиникалық деп бөледі.
Бұл жіктеудің негізіне келесі факторлар жатқызылады:
- Сүт безіндегі қабыну процессі жергілікті реакция ғана емес, сонымен қатар ағзаның жалпы жауап реакциясы болып табылады;
- Індетті аурулар (аусыл, актиномикоз, туберкулез, шешек, ботриомикоз, микоздар) себебінен болатын желіннің қабыну процесстері желінсаудың сецификалық формаларына жатады;
- Морфологиялық жағынан бір топқа жататын қоздырғыштар, сүт безі ұлпасының патогендігіне және реактивтілігіне байланысты желінсаудың әр түрлі формаларын туғызуы мүмкін.
Кесте 1 - Желінсауды басқа аурулардан ажырату
1. 3 Іріңді-катаральды желінсаудың этиологиясы, патогенезі
Іріңді-катаральды желінсау деп - іріңдеткіш микрофлораның қатынасуымен өтетін, желіннің сүтті жолдары мен алвеолдардың қабынуын айтады.
Іріңді-катаральды мастит, желінге сыртқы ортадан сүтті канал арқылы немесе енетін патогенді микрофлораның ықпалымен немесе сүтті қойма мен өзектердегі вирулентті микробтардың күшеюінің нәтижесінде пайда болады. Айрықша жиі маститті стрептококкалар пайда болғыздырады. Жекелеген сиыр отарларында стрептококкалы маститтің этиологиясы жоғарыөнімдік сиырлардың 62-64%-ын қамтып, кең етек алады. Іріңді-катаральді мастит стафилоккалар, іріңді және ішек таяқшаларының ықпалымен де жиі пайда болады.
Маститтің қоздырғыш-бактериялармен қатар туберкулез, бруцеллез, аусыл, шешек секілді арнаулы инфекциялар мен Аткиномицет, Аспергиллюс, Мукор, Кандид және тағы да басқа тұқымына жататын қарапайым саңырауқұлақшалар да болуы мүмкін.
Мал шаруашылығы мен ветеринариядағы антибиотикатарды зерттеудегі микозды шығу тегіндегі маститтердің таралуы.
Ауру қоздырушылар сыртқы ортадан үрпі каналы арқылы енетін галактогенді жол негізгі рөлді атқарады. Бұған желін терісінің микроорганизмдерге бай болуы қолайлы жағдай жасайды. Микрофлораның негізгі көзі болып, ластанған төсеме, еден, ағынды астау, желінді жуған кездегі су мен оны сүртуге қолданатын сүлгі, сауушылардың кір қолдары, нашар күйдегі сауу аппараттары және де үрпі терісі мен үрпі каналының тесігімен тікелей жанасатын басқа да заттар болуы мүмкін [6] .
Үрпі арқыла желіннің инфекциялану еден мен төсеменің үстіне қағанақтың кідіруі, эндометриттар, жатырдың субинволюциясы, жыныс органдарынан шыққан патологиялық бөлінулер түсуі кезінде, мастит кезіндегі экссудаттар, алғашқы сүт сауу жерге бағыттылған кезде, ашылған абцесстердің жаралары мен тілімдерінде іріңнің болуы әсіресе жоғары болады.
Үрпі каналы арқылы микробтардың ішке енуіне үрпі қысқыштарының босауы, тұрақсыз сауу, тас желіндік кезінде катетерді үрпіде ұзақ уақытқа қалдыру арқылы катетеризация ережелерінің бұзылуы, сонымен қатар үрпі каналының тарылуы мен бітелуі, туғаннан кейінгі талықсу кезіндегі асептика мен антисептика ережелерін бұзу арқылы жеоінге көп мөлшерде ауаның өткізілуі, сауу кезіндегі желінді қатты тарту секілді әрекеттер жақсы жағдай жасайды. Сауу кезінде үрпі ұшында болған бактериялардың желінге механикалық тасымалдау жүзеге асуы мүмкін. Бұл сауу аппарты дұрыс орнатылмаған кезде болады. Сүт безіне микробтардың галактогенді түрде енуі кезінде бір ширек қана зақымданады.
Микрофлораның патогенді ерекшеліктерінің қалыптасуы мен жұқпалы маститтің пайда болуы үшін итермелеуші шарттар қажет. Бұл шарттар жануарларды толымсыз азықтандыру, күтім мен асыраудың нашар болуы, желінді аса суытып жіберу, толымсыз және тұрақсыз сауу, сиырларды дұрыс кіргізбеу, мал тұратын және мал жайылатын жерлердегі санитарлық нормалардың сақталмауы, саууға арналған стақандардың кір болуы, желінді жуу процесі салқын және кір сумен өткізілу секілді жағдайлар мен жануар ағзасының және желін тіндерінің қорғаныш факторларын және сүттің бактериостатикалық қасиеттерін төмендететін жағдайлар орын алған кезде болады [14] .
Патогенезі. Желінсауды қоздырғыш микробтар қан арқылы басқа органдардан келіп түскенде қабыну үрдісі желінді түгелдей қамтуы мүмкін, әрі өте ауыр өтеді. Егер де инфекция лимфогенді жолмен тараған болса, патологиялық үрдіс тері асты ұлпасы мен альвеола аралық дәнекер ұлпадан серозды желінсау ретінде басталып, кейіннен желінсаудан флегмонаға ауысады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz