Жылқының жұқпалы анемиясы ауруын зерттеу



КІРІСПЕ
І СОЙЫП АШУ ХАТТАМАСЫ
1.1 Хаттаманың кіріспе бөлімі
1.2 Сыртқы көрінісін зерттеу
1.3 Ішкі көрінісін зерттеу
1.4 Хаттаманың қорытынды бөлімі
ІІ ӘДЕБИ ШОЛУ
2.1 Ауру анықтамасы
2.2 Аурудың клиникалық белгілері
2.3 Балау және алдын алу
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Малдың жұқпалы аурулары туралы ғылым ветеринарияда өзекті мәселе және арнаулы бағыт болып табылады.
Адамзат ерте заманнан бері мал мен адам арасында жоғары өнім тудыратын жаппай аурулардың себебін анықтауға тырысты.
Жұқпалы ауруларды зерттеу адамзаттың өркендеуінде ұзақ мерзімді орын алады. Жұқпалы ауруларды болдырмау үшін оның таралуын, қоздырғышын, клиникалық белгілерін, эпизоотологиялық мәліметтерін, аурудың дамуын, өлексенің патолого - анатомиялық өзгерістерін, диагностикалық және дифференциальды балауын, иммунитетін және емдеу әдістерін, алдын алу және күресу шараларын білу керек.
Жұқпалы аурулардың өзінің табиғатына қарай жұқпалы емес аурудан кәдімгідей айырмашылығы бар, сондықтан жануарлар патологиясында ерекше орын алады.
Ет, сүт, жұмыртқа және басқа тамақ және шикізат өнімдерін өндіру мал шаруашылығы қызметкерлерінің алдына қойылған өзекті мәселенің бірі.
Мал басын көбейту, оның өнімділігін арттыру және интенсификациялау – мал шаруашылығында негізгі бағыт болып белгіленген.
Осыған байланысты, еліміздің ветеринарлық қызметінің міндеті – малдың және құстың өлімін және ауруын төмендету үшін, ветеринарлық – санитарлық шаралардың жүйесін іске асыру болып табылады.
Ветеринарлық мамандардың жұмысының үлкен экономикалық және социальды маңызы бар, өйткені олар адамдарды мал мен адамға ортақ аурулардан сақтайды.
Нақты жұқпалы ауру кезіндегі індет процесін зерттегенде, оның биологиялық құбылыстармен ғана емес, табиғи – географиялық, әлеуметтік – экономикалық жағдайлармен де байланысты екенін ескеру қажет.
Сондықтан да, жұқпалы ауруларды зерттегенде басқа да ғылымдардың үрдістері мен әдістерін кеңінен пайдаланады.
Ауыл шаруашылығы малдарының жұқпалы ауруларымен күресудің басты шаралары жоспарлы түрде жүргізілгенде ғана, оның тиімділігін арттыруға болады.
Індетті анемиямен жылқы, қашыр, есек және түйе ауырады. Оған шошқа да шалдығуы мүмкін, бірақ бұл түлікте осы ауруға тән белгілер білінбейді, кейін ол шошқа вирус тасушы күйінде қалады.
1. Х.С. Жұмабеков, К.Ю. Дербышев “Жануарлардың патологиялық анатомиясы” – Алматы 2011.
2. Т. Сайдуллин “Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары” – Алматы 2009.
3. Ө. Ығылманұлы “Ветеринариялық патологиялық анатомия” – Алматы 2010.
4. А.А. Конопаткин. Эпизоотология и инфекционные болезни сельскохозяйсвенных животных. – М.: “Колос”, 1984.
5. А.В.Жаров, И.В. Иванова, А.П. Срельников “Вскрытие и патоморфологическая диагностика болезней животных”. – М.: “Колос”, 2000.
6. Методические указания к оформлению патологоанатомических диагнозов инфекционных боезней сельскохозяйственных животных. – Семипалатинск, 1989 г.
7. Қасымов Е. Індеттану. Бірнеше түлікке ортақ жұқпалы ауруларды балау және күресу шаралары. Оқу құралы. – Алматы 1992.
8. А.В. Жаров, В.П. Шишков и др. Патологическая анатомия с-х животных. – М.: «Колос», 1999.
9. Сидорчук А.А., Воронин Е.С., Глушков А.А. Общая эпизоотология. – М.: Колос, 2004.
10. Бессарабов Б.Ф. Инфекционные болезни животных. – М.: Колос, 2007.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Малдың жұқпалы аурулары туралы ғылым ветеринарияда өзекті мәселе және арнаулы бағыт болып табылады.
Адамзат ерте заманнан бері мал мен адам арасында жоғары өнім тудыратын жаппай аурулардың себебін анықтауға тырысты.
Жұқпалы ауруларды зерттеу адамзаттың өркендеуінде ұзақ мерзімді орын алады. Жұқпалы ауруларды болдырмау үшін оның таралуын, қоздырғышын, клиникалық белгілерін, эпизоотологиялық мәліметтерін, аурудың дамуын, өлексенің патолого - анатомиялық өзгерістерін, диагностикалық және дифференциальды балауын, иммунитетін және емдеу әдістерін, алдын алу және күресу шараларын білу керек.
Жұқпалы аурулардың өзінің табиғатына қарай жұқпалы емес аурудан кәдімгідей айырмашылығы бар, сондықтан жануарлар патологиясында ерекше орын алады.
Ет, сүт, жұмыртқа және басқа тамақ және шикізат өнімдерін өндіру мал шаруашылығы қызметкерлерінің алдына қойылған өзекті мәселенің бірі.
Мал басын көбейту, оның өнімділігін арттыру және интенсификациялау - мал шаруашылығында негізгі бағыт болып белгіленген.
Осыған байланысты, еліміздің ветеринарлық қызметінің міндеті - малдың және құстың өлімін және ауруын төмендету үшін, ветеринарлық - санитарлық шаралардың жүйесін іске асыру болып табылады.
Ветеринарлық мамандардың жұмысының үлкен экономикалық және социальды маңызы бар, өйткені олар адамдарды мал мен адамға ортақ аурулардан сақтайды.
Нақты жұқпалы ауру кезіндегі індет процесін зерттегенде, оның биологиялық құбылыстармен ғана емес, табиғи - географиялық, әлеуметтік - экономикалық жағдайлармен де байланысты екенін ескеру қажет.
Сондықтан да, жұқпалы ауруларды зерттегенде басқа да ғылымдардың үрдістері мен әдістерін кеңінен пайдаланады.
Ауыл шаруашылығы малдарының жұқпалы ауруларымен күресудің басты шаралары жоспарлы түрде жүргізілгенде ғана, оның тиімділігін арттыруға болады.
Індетті анемиямен жылқы, қашыр, есек және түйе ауырады. Оған шошқа да шалдығуы мүмкін, бірақ бұл түлікте осы ауруға тән белгілер білінбейді, кейін ол шошқа вирус тасушы күйінде қалады.
Вирус мал денесінен әсіресе аурудың жіті түрінде нәжіспен, несеппен бірге сыртқа шығып отырады. Індет ауру мал, өлексе, сондай-ақ ауру қоздырғышы түскен жайылым, суат, ат әбзелі, күтім кұралдары арқылы таралады. Малға ауру азық пен су арқылы, ауру мал мен сау малдың тікелей жанасуынан, денесін вирус жайлаған қан сорғыш насекомдар арқылы жұғады.
Жасырын кезеңі 10 -- 30 күн, кейде 87 -- 90 күн. Инфекциялық анемияның клиникалық белгілері аурудың барысына қарай түрліше болады.
Індетті анемияның барысы көбіне малдың ауруға төтеп беру қабілетіне байланысты. Ал малдың бұл қасиетіне азығы мен күтімі, сондай-ақ жұмысқа жегілу тәртібі әсер етеді. Олар неғұрлым нашар, организмі неғұрлым әлсіз болса, ауру соғұрлым жіті өтеді, індет жылқы арасында тез тарайды. Әдетте инфекциялық анемия өте жіті, жітілеу, созылмалы және жасырын түрде өтеді.
Індетті анемияны анықтағанда оның жаз аяғында, күз басында жіті энзоотия ретінде пайда болатынын ескереді. Ауру белгілеріне қарай анықталады, бірақ қан зерттеу нәтижелерімен толықтырылады. Инфекциялық анемия кезінде эритроцит шөгу реакциясы (РОЭ) өте шапшаңдаған. Аурудың жіті түрінде РОЭ бір сағат ішінде эритроседиометрдің 70 -- 75 бөлігіне, созылмалы түрінде 50 бөлікке теңеледі, тіпті одан да төмендейді. Жіті анемия кезінде эритроцит саны 1,5 -- 2 миллионнан, созылмалы анемия кезінде 4 миллионнан аспайды, тіпті одан да азайып кетеді. Аурудың жіті түрінде гемоглобин 15 -- 20 процентке, созылмалы түрінде -- 30 процентке дейін азаяды, кейде одан да төмендейді. Лейкоцит саны көп азаймайды, бірақ аурудың созылмалы түрінде лимфоцитоз (50 -- 70 процент) болуы ықтимал. Қандағы өзгерістер әсіресе қайталау кезінің аяқ шенінде айқын байқалады.
Курстық жұмыстың мақсаты - жылқының жұқпалы анемиясы ауруын зерттеу.

І СОЙЫП АШУ ХАТТАМАСЫ

1.1 Хаттаманың кіріспе бөлімі

* Мал түрі - жылқы
* Малдың жынысы - ер
* Лақап аты - Құлагер
* Жасы - 3 жыл
* Түсі - қоңыр
* Салмағы - 270 кг
* Өлген күні - 12.09.2017
* Мал иесінің аты - Сеитов О.Д.
* Мал иесінің мекен-жайы - Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Затобол ауылы,
* Союшы: Игликова Асем
* Өлексені союға қатысқандар: Абдилдин Б.К., Макашев А.С., Балгужинов А.К.

Анамнез.
Өмірлік анамнез. Жануар қолда өсірілген, қазіргі уақытқа дейін жеке адамның қолында ұсталды. Дамуында ақаулықтар байқалмаған.
Азықтандыру режимі күніне 3 рет. Азық қолмен беріледі. Рацион құрамына ірі азықтар (түрлі шөп, бұршақ пішені), концентірленген азықтар (сұлы, қарабидай, арпа,ұсатылған бидай, қоректендіру алдында ыстық сумен бұрқатылады), тамыр-түйнекті жемістер (жемдік қызылша, картоп, сәбіз), бақша дақылдары (асқабақ,кәді). Минералды азықтандыру ретінде ас тұзын қолданады. Жылдың жылы маусымдарында жануар өрісте жайылады. Суды әр малға тәулігіне орта есеппен 60 л қолданады.
Жылқы ұсталатын бөлме таза, құрғақ, едені ағаштан, қабырғалары силикат кірпішінен жасалған. Есіктері жылытылған, ағаштан жасалған. Өтпе желдері жоқ. Табиғи және жасанды жарықтандырылған.
Бөлмені жинау күнделікті, қолмен жасалады. Бөлме температурасы қалыпты. Жалпы бөлменің санитариялық жағдайы қанағаттандырылған.
Жануар инфециялық аурулармен ауырмаған.

Ауру туралы анамнез. Мал иесінің айтуы бойынша, жылқы дене температурасы 42С көтеріліп кетті. Көздің, танаудың, ауыздың кілегей қабықтары бозарған. Тамыр соғуы жиіліген. Іші өтіп, нәжісіне қан араласқан. Жылқы басын төмен салып, күйзеліс жағдайында болды. Тәбеті төмендеген. Жылқы 10 күн аралығында өлді.
Емі жүргізілмеді.
Сойып ашу жұмыстары 2017 жылдың 12 қыркүйек сағат 14.00 де, Қостанай ауданының ветеринарлық зертханасында жүргізілді.
Клиникалық болжамды диагнозы - жұқпалы анемия ауруы.

1.2 Сыртқы көрінісін зерттеу
Кеңістіктегі дененің жатысы: өлексе оң жағында жатыр.
Дене бітімі - арық.
Қондылығы - төмен.
Өлексе белгілері: өлексенің дене температурасы қоршаған орта температурасынан төмен. Өлексенің іріп-шіруі байқалмайды. Көздің қасан қабығы аздап қарауытқан.
Тері мен тері асты шелі домбыққан.
Көз, танау, ауыз кілегей қабықтары бозарған. Қызыл иектің тіссіз ернеуі, танау желбіршегі, тілдің асты қанталаған.
Бастың және дененің кейбір бөліктерінде зақымданулар кездеседі: сызаттар, жаралар.
Жүні үрпиіп кеткен.
Мойын, жақ асты, шап асты лимфа бездері ұлғайған.

1.3 Ішкі көрінісін зерттеу

Ауыз қуысы: кілегейлі қабықтары зақымданған, геморрагиялық диатез айқын емес, сарғыш тартқан.
Жұтқыншық сөл түйіндері қанға толып, ұлғайған. Беті қабыршақтанған.
Өнеш: кілегей қабықтары домбыққан.
Көмей мен кеңірдек: кілегейлі қабығы қызарып, қанталаған.
Көкірек қуысы: сұйықтық жоқ. Көкірек қуысы пердесінде геморрагиялық диатез.
Өкпесі, бронхылары, бездері: кілегей қабықтарында ақшыл қанды геморрагиялық диатез, сұр тартқан. Бронхылардың сөл түйіндері қанға толып, ұлғайған. Өкпе ісінген.
Жүрек кілегей қабықтары қанталаған. Ұлғайған, қаны сұйылған.
Қан тамырлары: ақшыл-қызыл түсті, сұйық қанмен кернелген.
Құрсақ қуысы: ішіндегі заттары дұрыс орналасқан, ішперде жұмсақ.
Көкет: жұмсақ, жылтыр, тегіс.
Қарыны: кілегейлі қабығында геморрагиялық диатез, сарғыш тартқан.
Аш ішек және оның бөліктері: кілегейлі қабықтары қызарған..
Тік ішек - кілегейлі қабығы қызарған, ісінген, нүктелі қанталаған.
Бауыр, бездері: кілегей қабығында геморрагиялық диатез. Ұлғайған, шеті кернелген. Қызғылт-қоңыр түсті.
Ұйқы безі: өзгерістер жоқ, қызыл-бозғылт түсті.
Талақ: ісінген, ұлғайған, жұмсақ емес. Тіліп көргенде ақшыл-сұрғылт бүртіктер табылды.
Бүйректер: қан іркілген, домбыққан, сұр түсті. Кілегейлі қабықтары ашық қызыл түсті, нүктелі қан құйылулар көрінеді.
Қуық: несепке толы.
Жыныс мүшелері: кілегей қабықтары қанталаған, ісінген.
Ми тамырлары мен жұлыны: қан кернелген және домбыққан.

1.4 Хаттаманың қорытынды бөлімі

Паталогиялық-анатомиялық диагноз:

* Өлексе арық;
* Өкпеде ісінген, сұрт тартқан;
* Барлық кілегейлі қабықтарда геморрагиялық диатез;
* Көз, танау, ауыз қуысы кілегей қабықтары бозарған;
* Қаны ақшыл-қызыл түсті, сұйылған.қ
Қосымша зертханалық зерттеулер.
Зертханаға 10% формалин ерітіндісіне салып, қалыңдығы 2 см аспайтын бауырдың, көк бауырдың, жүректің, бүйректің кесінділері жіберіледі.
Гистологиялық зерттеу. Барлық мүшелерде мононуклеарлық фагоциттер жүйесінің белсенділік реакциясы байқалады. Бұл клеткаларда гемосидерин қорданылады. Әсіресе, бауыр мен көк бауырдағы өзгерістер өзгеше болады, бауырдың капиллярларында гистиоциттер, макрофагтар, лимфоидты торшалар шоғырланған. Макрофагтар мен Купфер клеткаларында гемосидерин болады. Жіті анемия кезінде көк бауырдың қызыл пульпасы қанға толы болды, гемосидериннің мөлшері қалыпты жағдайда. Бүйрек пен жүректің қан тамырларының айналасында гистиоциттер мен лимфоидты торшалар шоғырланған.
Серлогиялық зерттеу. Диффузды преципитация реакциясы (ДПР) жүргізілді. Антиденелер анықталды. Нәтиже - оң.

Гемотологиялық тексеру. Жылқының қаны тексерілді.

Кесте 1 - Жылқы қанының гемотологиялық өзгерістері

Қан элементтері
Саны
Эритроциттер
3 млн.
Лейкоциттер
7 мың
Гемоглобин
25 бірлік
Лимфоциттер
60

Қорытынды.
Патологиялық-анатомиялық сою және зертханалық зерттеу нәтижелеріне қарап қойдың өлім себебі - жұқпалы анемия ауруынан деп айтуға негіз бар.

ІІ ӘДЕБИ ШОЛУ

2.1 Ауру анықтамасы

Жылқының жұқпалы анемиясы (Anemia infectiosa equorum, инфекционная анемия лошадей) - қан түзу мүшелерінің зақымдануы салдарынан қандыққа ұшырап, дененің қызуы тұракты немесе аумалы-төкпелі көтеріліп, дене қызынған кезде кілегейлі қабықтардың қанталап, жүрек-қан тамыр жүйесі қызметінің бүзылуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру.
Тарихи деректер. Жұқпалы анемияны алғаш рет 1841 ж Францияда Линье сипаттады. Оның қоздырушысының вирус екенін Карре мен Валле (1904) дәлелдеді. Ауру 19-ғасырдың соңы мен 20-ғасырдың басында көптеген Еуропа, Азия, Африка елдерінде бар екендігі анықталды, ал 1 дүниежүзілік соғыс кезінде Франция, Германия, Ресей сияқты мемлекеттерде жаппай етек алды. Ол кездегі армиядағы жылқының маңыздылығына сәйкес бұрынғы Кеңес Одағының қызыл әскерін аурудан сау жылқымен қамтамасыз ету үшін жан-жақты ғылыми зерттеулер жүргізіліп, оны Я.Е. Коляков басқарып, ғылымның бұл саласына зор үлес қосты. Соңғы жылдары жұқпалы анемия Батыс Еуропада, Оңтүстік Америка елдерінде, АҚШ, Канада, Жапоңияда тіркелді [1].
Қоздырушысы - Equine infectious anemia retrovirus аталатын Retroviridae тұкымдастығының Lentivirinae тұқымдас тармағына жататын РНҚ геномды вирус. Оның басты ерекшеліктері кері транскриптаза белсенділігі және организмге енген соң бастапқы 4-6 сағат ішінде ДНҚ түзілуін тежеуші себепкерлерге сезімталдығы (бұл қезде провирустың екі орамды ДНҚ-сы түзіледі).

Сурет 1 - Ауру қоздырғышы
Вирус трипсиннің, РНҚ-аза және ДНҚ-азаның әсеріне төзімді, термолабильді, 60°С-та уыттылығын 30 мин. ішінде жояды. Қайнатқанда 1-2 мин., күн сэулесі әсерінен 1-3 сағат ішінде белсенділігін жоғалтады. 0С минус 2°С-та 2 жылға дейін, глицеринде 7 ай, несеп пен садырада 2,5 айға дейін сақталады. Зардаптанған шөп пен жайылым 9 айдан соң қауіпсіз болады. Күз-қыс мезгілінде сұлыдағы вирус 8,5 ай өткен соң ғана зардаптылығын жоғалтады.
Қоздырушы кептіру мен шіруге төзімді. Вирус химиялық зардаптардың әсеріне біршама төзімді, 2-3% калий перманганатының 20% сөндірілген және сөндірілмеген әк ерітінділері вирусты бейтараптай алмайды. Күйдіргіш натрий мен формалиннің 2% ерітінділері 5 мин ішінде оның белсенділігін жояды, бірақ 5 мин өтісімен аммиак ерітіндісімен қайтадан белсенділігін қалпына келтіруге болады [2].
Індеттік ерекшеліктері. Табиғи жағдайда жұқпалы анемиямен жылқы жасына, тұқымына қарамай ауырады. Ауруға шалдыққан құлындар көбінесе өліп қалады. Сонымен қатар, пони, есек пен қашыр шалдығады. Есек пен қашыр жылқы мен пониға қарағанда төзімдірек келеді де, әдетте жітіден төмен немесе созылмалы түрде ауырады.
Ауру малдан сау малға вирус әдетте қан сорушы жәндіктер арқылы беріледі. Вирустың берілуі бірқатар себептерге байланысты. Ауру жіті өткен жағдайда жануардың қанында вирустың титрі өте жоғары болады. Мұндай малдың қанын 0,01 мл мөлшерде тері астына немесе көк тамырға жіберсе жылқы, әсіресе, құлын, жұқпалы анемияға шалдығады. Ремиссия кезінде қанда вирустың титрі өте төмен болады немесе мүлде болмайды.
Ауру қоздырушысының негізгі тасымалдаушысы сона болып есептеледі. Бұл жәндік вирустың механикалық тасымалдаушысына жатады. Маса мен шіркейдің амения вирусын тасымалдаудағы маңызы оншама емес.
Жұқпалы анемияның жіті өткен кезінде вирус сыртқы ортаға жануарлардың әр түрлі экскременттерімен бөлінеді. Сондықтан ауру және сау жылқыларды бірге ұстағанда вирус қажалған немесе сызаттанған тері арқылы жұғуы мүмкін. Әйтсе де аурудың жанасу арқылы берілу қаупі оншама емес.
Жұқпалы анемия негізінен жаздың күні қан сорушы жәндіктер шыққан мезгілде байқалады. Ал аурудың қысты күні байқалуы созылмалы өткен дерттің асқынуынан немесе қан құю, вакцина егу сияқты әрекеттердің нәтижесінде болады. Бұл індет көбінесе тұрақтанған инфекция ретінде балшықты сазды жерлерде, орманды далаларда, өзенді, нулы, қан сорушы жәндіктері көп алқаптарда кездеседі. Бастапқыда бірер малда ғана байқалған ауру біраздан кейін жалпы білінуі мүмкін. Әдетте індет басталған соң 20-30 күннен кейін ауруға шалдығу көрсеткіші ең жоғары деңгейге жетеді. Жұқпалы анемияның таралу қарқыны жоғары да, өшуі баяу өтеді.
Далалы және шөлейт аймақтарда жұқпалы анемия әдетте кең таралмайды. Мұндай жерде індеттің шығуы ауру жылқыны әкелуден болады. Жылқылардың арасында симптомсыз анемия вирусын алып жүру кең таралған. Ондай жануарлардың қанынан биопрепараттар (гипериммунды қан сарысуы, буаз биенің қан сарысуы) даярлап, пайдалану індетті таратуға себеп болады.
Дертенуі. Денеге енген инан вирусы макрофаг торшаларында көбейеді де көп мөлшерде вириондар мен вирустың антигендері түзіледі. Оған жауап ретінде антиденелері түзіледі. Дерт процесі нәтижесінде макрофагтар және бірқатар басқа да торшалар зақымданады. Вирустың тікелей торшаға әсер ететін цитолиздік белсенділігі төмен, ал зақымдану қан айналымында ұзақ уақыт болатын антиген-антидене иммундық кешенінің әсерінен болады. Эритроциттерге жабысқан вирус пен антиденелер қосылып, бұл иммундық кешендер комплемент жүйесін іске қосып, гемолизге әкеп соқтырады. Нәтижесінде аурудың негізгі клиникалық көрінісі анемия пайда болады. Анемияның бұдан басқа да себебі бар. Ол дене қызуының салдарынан және макрофагтарда вирустың көбейуіне байланысты гемопоэздің бәсендеуі. Сұйек майының гипофункциясы, сонымен қатар, темірдің жетімсіздігінен де туындайды. Сонымен, бұл инфекция кезіндегі анемия тамырдың ішіндегі және сыртындағы эритроциттердің гемолизге ұшырауының және сұйек майының қан түзу қызметінің нашарлауының салдары [3].

2.2 Аурудың клиникалық белгілері

Өтуі мен симптомдары. Аурудың жасырын кезеңі орта есеппен 10-30 күн, кейде 5 күннен аспауы немесе 3 айға дейін созылуы мүмкін. Жұқпалы анемияның негізгі белгілері: дененің қызынуы, гастроэнтерит, жүректің әлсіреуі және тыныстың тарылуы. Белгілердің біліну ерекшеліктеріне және қарқынына қарай аурудың аса жіті, жіті, жітіден төмен, созылмалы және жасырын түрлері болады.
Аса жіті өтуі сирек байқалады. Аурудың бұл түріне диагноз қою қиынға соғады ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жылқының індетті анемиясы
Жылқының жұқпалы анемиясы
Жылқының инфекциалық анемиясы
Жылқының сақау ауруы
Аноплоцефалидиоз - жабайы күлденген таспалы гельминттерінің жұқа ішектерінде паразиттеуден туындаған аурулар
Вирустардың жіктелуі принциптері. Олардың номенклатурасы
Қысқартулар мен белгілер
Құс шаруашылығы өнімдерін инфекциялық аурулар кезінде ветеринариялық - санитариялық сараптау
Торайлардың ауески ауруының диагностикасы мен сауықтыру шаралары
Сібір жарасын балау және дауалау шаралары
Пәндер