Үй қояндарының қолда өсіру



Кіріспе
І Әдебиетке шолу
1.1 Үй қоянының шығу тегі
2.2 Үй қояндарының қолда өсіру ерекшеліктері, өсімталдығы көбею жолдары
2.2.1 Өсімталдығы
2.2.2 Көбею жолдарының ерекшеліктері
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Үй қояндарды азықтандыру, азықтандырудың құрамындағы негізгі қажетті заттар
2.2 Қояндарды жыныстармен жыл мезгіліне байланысты азықтандыру нормасы
2.2.1 Буаз үй қояндарын азықтандыру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Өз қажетіне жарату үшін қоянды колда өсірумен халық өте ерте айналысқан. Үй кояндары басқа қолда өсірілетін хайуанаттармен салыстырғанда әлдеқайда өсімтал. Ересек ұрғашы қоян бір жазда 6-9 рет (30 күнде бір рет) көжектеп, жылына 40-қа дейін көжек береді. Демек, әр туғанда 6-дан 9-ға, кейде 14-ке дейін көжек табады. Көжектері тез жетіліп, 4-5 айлықта шағылысады. Сөйтіп, жақсы бір ұрғашы қояннан жылына 60-70 килограмм ет алуға болады. Қоянның еті дәмді, олар тез қорытылатын ет ретінде балаларға, жасы келген адамдарға, сол сияқты асқазан, бауыры ауыратын адамдарға өте пайдалы. Қоян етінің, құрамында белок көп те, ал су шошқа етімен салыстырғанда әлдеқайда аз болады. Адам ірі қара мал етінін 62 процентін сіңірсе, қоян етінің 90 пайызын сіңіреді. Қоян еті майының сапасы мен ерігіштік қасиеті, ірі қара мал мен қойдың майларын былай койғанда, шошқаныкінен де асып түседі. Қоян етінде тауық етіне қарағанда натрийдің мөлшері аз, ал холестериннің мөлшері 2,7 есе кем кездеседі. Үй қояны етінен тамақтың бірнеше түрін жасайды. Олардың еті қақтап кептіргенде де, консерві жасағанда да сапасын жоймайды. Үй қояның өсірудің тағы бір тиімділігі олардан сәнді тері мен түбіт алынады, Терісі жылы, жеңіл, әдемі. Бұл өнеркәсіпте кең пайдаланылады. Тері өнеркәсібінде қоянның терісі (натуралді) боялмай, сол табиғи калпында, кейде бұлғыннын, кабыланның-терісіне ұқсатылып бояп пайдаланады. Олардың иленген терілерінен арзан, жеңіл және сәнді галантерея бұйымдары, әйелдерге манто, жакеттер, балаларға ішік, ерлерге жаға және құлақшын тігіледі. Түбітті қояндардан жұмсақ түбіт алынады. Ол жылу өткізгіштігі жағынан меринос қойының ең жақсы жүнінен кем түспейді, одан әр түрлі тоқыма бұйымдар дайындайды.
1. Бердоңғаров Қ., Махмүтов С. Қоянды қолда өсіру. - Алматы: Қайнар,1988.
2. Минина И.С., Майоров А.И. Все о кроликах. - М.: 1988.
3. Әкімбеков Б.Р., Махмүтов С. Қолда мал өсіру. - Алматы: Қайнар, 1995.
4. Омаркожаев Н. Дербес шаруашылық малын азықтандыру. Алматы: Қайнар, 1989.
5. Сысоев В.С., Александров В.Н. Приусадебное кролиководство. - М.: 1985.
6. Уткин П.Г. Справочник кроликовода. - М.: 1987.
7. А.А. Загришев. Интенсификация откорма молодняка /– М.: Московский рабочий, 1972. 88 с.
8. А.П. Солдатов., Л.П. Табакова.Технология производства молока и говядины / – М.: Колос, 1995.
9. А. П. Калашников, Н.И. Клейменов, В. Н. Баканов и др.Нормы и рационы кормления сельскохозяйственных животных: Справочное пособие/ – М.: Агропромиздат, 1985. 352 с.
10. Аликаев В.А., Петухова Е.А., Халенова Л.Д. Руководство по контролю качества кормов и полноценности кормления сельскхозяйственных животных. –М.:Колос, 1967.
11. Баканов В.Н., Менькин В.К. Кормление сельскохозяйственных животных. – М.:В.О.Агропромиздат, 1989.
12. Богданов Г.А. Кормление сельскохозяйственных животных. – М.:Колос, 1990.
13. Георгиевский В.И., Анненков Б.Н.,Самохин В.Т. Минеральное питание животных. – М.:Колос, 1979.
14. Дмитриченко А.П., Пшеничный П.Д. Кормление сельскохозяйственных животных. –Л.:Колос, 1975.
15. Менькин В.К. Кормление сельскохозяйственных животных. – М.:Колос, 1977.
16. Нормы и рационы кормление сельскохозяйственных животных: Справочное пособие. –М.:Агропромиздат,1985.
17. А.П.Калашникова, В.И. Фисинина, В.В.Щеглова, Н.Н.Клейменова. Нормы и рационы кормление сельскохозяйственных животных. Справочное пособие 3-е издание переработанное и дополненное/ Подред.–Москва, 2003.394
18. Н.И. Востриков. Технология производства говядины на промышленной основе /– М.: ВО «Агропромиздат», 1988.
19. Н.И. Клейменов. Системы выращивания крупного рогатого скота /– М.: Росагропррромиздат, 1989.
20. / Н.И.Нусов., Г.Г.Игнатенко Скотоводство. – М.: Колос, 1974. 328 с. Скотоводство / Е.А.Арзуманян. – М.: Колос, 1984. 528 с.
21. Б.П.Мохов., А.Н.Шаронин. Производство продукции животноводства /– Ульяновск, ГСХА, 2005.
22. Л.К. Эрнст. Скотоводство /– М.: ВО «Агропромиздат», 1992.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Өз қажетіне жарату үшін қоянды колда өсірумен халық өте ерте айналысқан. Үй кояндары басқа қолда өсірілетін хайуанаттармен салыстырғанда әлдеқайда өсімтал. Ересек ұрғашы қоян бір жазда 6-9 рет (30 күнде бір рет) көжектеп, жылына 40-қа дейін көжек береді. Демек, әр туғанда 6-дан 9-ға, кейде 14-ке дейін көжек табады. Көжектері тез жетіліп, 4-5 айлықта шағылысады. Сөйтіп, жақсы бір ұрғашы қояннан жылына 60-70 килограмм ет алуға болады. Қоянның еті дәмді, олар тез қорытылатын ет ретінде балаларға, жасы келген адамдарға, сол сияқты асқазан, бауыры ауыратын адамдарға өте пайдалы. Қоян етінің, құрамында белок көп те, ал су шошқа етімен салыстырғанда әлдеқайда аз болады. Адам ірі қара мал етінін 62 процентін сіңірсе, қоян етінің 90 пайызын сіңіреді. Қоян еті майының сапасы мен ерігіштік қасиеті, ірі қара мал мен қойдың майларын былай койғанда, шошқаныкінен де асып түседі. Қоян етінде тауық етіне қарағанда натрийдің мөлшері аз, ал холестериннің мөлшері 2,7 есе кем кездеседі. Үй қояны етінен тамақтың бірнеше түрін жасайды. Олардың еті қақтап кептіргенде де, консерві жасағанда да сапасын жоймайды. Үй қояның өсірудің тағы бір тиімділігі олардан сәнді тері мен түбіт алынады, Терісі жылы, жеңіл, әдемі. Бұл өнеркәсіпте кең пайдаланылады. Тері өнеркәсібінде қоянның терісі (натуралді) боялмай, сол табиғи калпында, кейде бұлғыннын, кабыланның-терісіне ұқсатылып бояп пайдаланады. Олардың иленген терілерінен арзан, жеңіл және сәнді галантерея бұйымдары, әйелдерге манто, жакеттер, балаларға ішік, ерлерге жаға және құлақшын тігіледі. Түбітті қояндардан жұмсақ түбіт алынады. Ол жылу өткізгіштігі жағынан меринос қойының ең жақсы жүнінен кем түспейді, одан әр түрлі тоқыма бұйымдар дайындайды. Халықтың тұрмыс қажеті жақсарған сайын, олардың терілерінен тігілетін киімдерге сұраным да өсе түсуде. Ал, қоянның үлпілдек жүнді терісі фетр өнеркәсібінде өте қажет. Түбіті әр алуан трикотаж бұйымдар: свитерлер, орамалдар, қолғаптар т.б. тоқуға қолданылады. Мысалы, бір ұрғашы қоян жылдық, төлімен, жылына 1-1,5 килограмм түбіт береді. Ол түбіттен көптеген тұрмысқа қажетті бұйымдар алынады. Үй қояндарын өсіру басқа ауыл шаруашылык малы сияқты күрделі құрылысты қажет етпейді. Олар күй талғамайды, ауа райының өзгерістеріне тез көңдігіп, азықты жақсы сіңіріп, тез өседі. Міне, жоғарыда келтірілген деректер үй қояндарын қолда өсірудің тиімді екендігін көрсетеді.

І Әдебиетке шолу

0.1 Үй қоянының шығу тегі

Үй қояндарын зоологиялық тәртіппеп жіктегенде (классификация) олар сүт қоректілер класына, қоян тәрізділер отрядына жатады. Көп уакытқа дейін үй кояндарының биологиясын жеке түсінбей, үй қояндарын дала қояндарымен бірге қосып, кеміргіштер отрядына жаткызып келді. Алайда, үй кояны мен дала қоянының сыртқы пішінінің, ұқсастығына қарамастан, олардан гибридтер алуға болмайды. Мұның, өзі, олардың биологиялық ерекшелігі бар қояндардың екі түрлі туысына жататындығын көрсетеді. Үй қояндары сыртқы пішіні ұқсас жабайы қояндарға туыстас. Дегенмен, үй кояндары мен жабайы қояндардың арасында үлкен айырмашылық бар. Үй қояндары 1 еш уақытта да жабайы қояндармен 2 шағылыспайды. Жабайы қояндар 50-52 күннен кейін көжектесе, үй қояндары 28-30 күнде көжектейді. Жабайы қоян көжектері көзі ашық, үлпілдек жүнді болып туып, анасының сүтін бірнеше күн ғана еміп, өз бетінше тіршілік ете бастайды. Ол көжектеріне ін казбайды. Ал, үй қояндарының көжектері соқыр, қызылшақа, әлсіз болып туады. 18-20 күн тек анасының сүтімен ғана коректенеді. Үй қояны мен тағы үй қояны (дикий кролик) шағылысқанда табиғи ортаға жақсы бейімделғен және өсімтал ұрпақ береді. Ұзақ жылдар бойғы жүйелі сұрыптаудың нәтижесінде үй қояндарынан, өздерінің ата-тегі тағы қояндардан ірі, көжекті көбірек табатын, өсімтал, түбіті мен терісі өте сапалы тұқым алуға мүмкіндік берді. Тағы үй қояндары үйдікінен әлдеқайда кіші, дене тұрқы 40-50 см, тірілей салмағы 1,5-2 кг болса, үй қояндарінікі 80 см де, салмағы 5-6 кг. Тағы үй қояндарының түсі мекендеген аймақтарына байланысты (арқасы мен бүйірі қоңыр-күлгін, құйрықтың асты, аяқтарының, ішкі жағы, мойнының төменгі жақ сүйегінің асты ақшылдау түсті) болады. Үй қояндарының түсі әр түрлі болып келеді: қара, қара ала, коңыр, сары, көкшіл, күміс тәрізді, ақ, т. б. Үлпілдек жүнді терісі де ерекше болады. Қысқа жүнді үй қояндары тұқымы жүнінің ұзындығы 15-20 мм, ұзын жүнділерінікі 60-70 мм, ал түбітті тұқымдікі 85-100 мм. Қолда өсірілген үй қояндарының құндылығы - олар жыл бойына, ал тағы қоян тек жазда ғана көжектейді. Үй қояндары орташа есеппен 8 көжек туады, тағы қоян 5-ке дейін ғана көжектейді.
1. Үй кояны - кролики.
2. Жабайы қоян - заяц.
Қазіргі үй қояндарының отаны - Оңтүстік Европа (Испания, Оңтүстік Франция) деп саналады. Сол жерден Европаға, Солтүстік Америкаға, Африкаға, сол сияқты шығыс елдеріне, оның ішінде Жапонияға, Қытайға, Жаңа Зеландияға, Австралияға тараған. Соңғы кезде Австралияда жабайы қояндар шамадан тыс көбейіп кетіп, ауыл шаруашылығына, әсіресе, жайылымға үлкен зиян келтіріп жүр. Тағы үй қояндарының екі түрі белгілі: кәдімгі және майқұйрық үй қояны. Кәдімгі үй қояны дүние жүзінде кең таралған. Оның себебі ол үй жағдайында өсіруге жақсы бейімделген. Майқұйрықты үй қояны Оңтүстік Африканын, кейбір аудандарында, онда да табиғатта тағы түрінде кездеседі. Зерттеу мәліметтеріне қарағанда үй қояндарының барлық тұқымы осыдан 2 мың жыл бұрын оңтүстік европалық тағы үй қояндарынан шыққан. Қазіргі уақытта үй қояны дүние жүзінің барлық елдерінде өсіріледі. ТМД қоян өсіру жаңа шаруашылық саласы ретінде калыптасып дамыды. Елімізде осы жылдары шаруашылықтарда және әуесқой қоян өсірушілерді жоғары сапалы асыл тұқымды көжектермен камтамасыз ету үшін, асыл тұқымды қоян өсіретін арнайы шаруашылықтар ұйымдастырылу қажет. 1927 жылы елімізге шет елдерден 15 мың үй қояндарының өнімді тұқымы әкелінді. Олар: Вена көгілдір үй қояны (венский голубой), шин-шилла, Бена ақ үй қояны (венский белый), шампань, фландр, ақ үй қояны (белый великан) және басқалары. Елімізде үй қояны шаруашылығының дамуына осы тұқымдар себепші болды. Елімізде қоян өсіруші жұмысшыларға, қызметкерлерге және шаруашылықтарға жасалынған жеңілдіктің арқасында, үй қояндарының, саны жылдам өсті. Үй қояндары тұқымдарының санын көбейтіп, қолдағы бар тұқымды жақсартып және жергілікті жоғары өнімді жаңа тұқымдар шығару үшін 50-жылдары 171 ірі асыл тұқымды үй қояндарын өсіретін шаруашылық ұйымдастырылады. Соңғы кезде елімізде үй қояндарынын, шиншилла, вена көгілдір үй қояны, ақ үй қояны, сұр үй қояны, қара-қоңыр үй қояны, аңғор күміс-күлгін түсті үй қояны, күміс түсті үй қояны сияқты тұқымдары барлық жерде өсіріледі. Қазіргі қоян өсіретін фермалардың көпшілігінде олар ет-тері бағытында өсірілсе, жеке үй шаруашылығында етті, ал кейбіреулерінде түбітті үй қояндары өсіріледі. Өндірістік фермаларда және жеке шаруашылықта ет-тері
бағытында ұсталған әр аналық үй қоян жылына төрт рет көжектейді, олардан орташа есеппен 8-10 көжек алуға болады. Демек, бір ұрғашы қоян өзінің көжектерімен 20 килограмға тарта ет береді. Егер түбітті қоянды өсірсек, онда әрбір үлкен қояннан жылына 350-400 грамм түбіт алынады. Міне, үй қояндарының тұқымдарын қолда өсіру қай жағынан болсын тиімді. Асыл тұқымды үй қояндарын өсіретін фермаларда олардың дене бітіміне, өнімділігіне, терісінің құндылығына қарай бонитировка жұмысы жыл сайын жүргізіледі және оларды элита, бірінші, екінші, үшінші кластарға бөледі. Сайып келгенде, өсімтал қояндарды тұқымдық сапасын жақсарту үшін алып қалады да, қалғандарын мемлекетке өткізіп жібереді. Асыл тұқымды үй қояны шаруашылықтарында жоғары сапалы жаңа тұкымдарды шығару үшін неше түрлі ғылыми әдістер пайдаланылады. Мысалы, әр түрлі тұқымдарды будандастыру арқылы өнімді жаңа қоян алу т. б. Тұқымның жаңа өнімді бағыттарын шығару мәселесі әлі де зерттеліп келеді, алдағы уақытта да үй қояндарының жаңа тұқымдары көбейе бермек.

2.2 Үй қояндарының қолда өсіру ерекшеліктері, өсімталдығы көбею жолдары

Қоянның организмі басқа жануарлардың организмі сияқты, әрқайсысы белгілі бір тіршілік әрекетін орындайтын сыртқы ортамен байланыстыратын органдардан, тканьдардан, клеткалардан тұрады. Енді осылардың басты-
бастыларының ерекшеліктеріне тоқталайық. Дене қозғалу органдары. Сүйек, шеміршек және буын байланыстары-пассивті қозғалу органдарына, ал бұлшық еттер қозғалу органдарына жатады. Ет жиырылуы мен босансуы арқылы сүйектерді қозғайды, нәтижесінде денені, оның жеке бөліктерін козғалысқа келтіреді. Үй қояндарының қаңқасы 212 сүйектен тұрады. Жаңа туған көжектің, қаңқасы дене салмағының 15 пайызын, есейгендерінікі шамамен 10 пайызын алады. Әлбетте, етті бағыттағы қояндардың қаңқасы жеңіл келеді, өйткені, олардың сүйегі өте жұқа болады. Сүйектерінің бірқалыпты дамуына тікелей әсер ететін фактор құнарлы азықпен қоректендіру.

2.2.1 Өсімталдығы

Өсімталдық деп организмнің, тез өсіп, жынысы ерте жетілуіне қабілеттілігін айтады. Өсімтал үй қояны азықтық-қоректік заттарды бойына жақсы сіңіреді. Өсімталдық қоянның тұқымдық, оның жеке ерекшеліктеріне және азықтандыру, күтіп-бағу жағдайларына байланысты болады. Өнімділігі, дене бітімі орташа үй қояны тұқымдарының жыныс мүшелері 4-5 айлығында жетіледі, ал дене бітімі ірілерінікі одан 1-1,5 ай кешірек жетіледі. Ірі тұқымды үй қояндарының салмағы, орташа үй қояндарының салмағынан 1-1,5 килограмм артық болады. Қояндарды азықтандыру мен күтіп-бағу жағдайлары олардың өсу қарқынын үдетуге қандай әсер етсе, жыныс мүшесінің жетілуі де сондай зор ықпалын тигізеді. Әр-бір тұқымнық өсу карқынын толық байқау үшін, оған тиісті азық мөлшері берілуі керек, ол азық өсімтал тұқымның қоректік заттарды керек толық қанағаттандыруға тиіс. Тұқымы ірі үй қояндарының азығы жеткіліксіз болса, оның ұрпағы ұсақтала бастайтыны тәжірибеден белгілі болып отыр. Азықты мол беру нәтижесінде қоян организмі қоректік заттарды көп мөлшерде қабылдап, секіруге икемделеді, ал мұның өзі өсу қарқының үдете түседі. Мысалы, советтік шиншилла үй қоянының іріленуіне оның бұрыңғы бірнеше ұрпақтарын жақсы азықтандырып, күтіп-бағу нәтижелері себепші болған. Үй қояндарының тез жетілуі үшін олардың, жеке ерекшеліктерінің де үлкен маңызы бар. Тіпті тұқымдық ерекшелігі қалыптасқан үй қояндарының ішінде өсіп-жетілу жағынан түрліше болатыны әрдайым кездеседі. Сондықтан өсімтал үй қояндарын сұрыптап, олардың азықтануы мен күтім жағдайларын жақсарту, үй қоянының бұл қасиетін баянды етіп, одан әрі жетілдірудің бірден-бір кепілі болып табылады. Мысалы, сынап көргенде фландр тұқымына жататын үй қоянының бірінші жылы салмағы 4,5 кг, ал ақ үй қоянының салмағы 6,3 кг, ал үй қоянынікі 6,1 кг жетті. Үй қояндарының өсу қарқынын күшейту, тірілей салмағын арттыру қоян өсірушілердің игілікті міндеттерінің бірі.

2.2.2 Көбею жолдарының ерекшеліктері

Үй қояндары басқа үй жануарларымен салыстырғанда жыныстық жағынан тез жетіледі. Олар жыныстық жолмен көбейеді. Үй қоянының аналық ұрық клеткасы (овуляциясы) тек шағылысқаннан кейін, шамамен 10-12 сағат өтісімен аналық безден бөліне бастайды. Аналық жыныс безінен ұрық клеткалары бөлініп шығып ұрық түтігінің қуысына барып түседі, содан кейін олар аналық ұрық түтігіне енеді, осы арада аналық ұрық клеткалары аталык, ұрық клеткаларымен (сперматозоидтармен) тоғысады. Сперматозоидтарының әрбіреуі бас және құйрық деп аталатын екі бөліктен тұрады. Олар еркек үй қоянының жыныс безінің ұрық өзектерінде жыл бойы пайда болады. Жиі шағылысып жүдемеген сақа еркек үй қояны бір шағылысқанда 1-2 текше сантиметр ұрық сұйығын шығарады. Ұрық сұйығы дегеніміз-сперматозоидттар мен қосымша жыныс бездерінен шығатын сұйық заттардың қоспасы. Аналық ұрығы клеткасының протоплазмасына бір ғана сперматозоид кіреді, мұнан кейін оның қабықтары ширайды. Ұрық клеткасына енген сперматозоидтың ядросы аналық ұрық клеткасының ядросымен қосылады. Мұның нәтижесінде пайда болған зигота (ұрықтанған аналық ұрық клеткасы) басқа сперматозоидтармен қоректенеді. Күйлеген ұрғашы үй қояның бірден екі еркек үй қоянымен шағылыстырса, олардың ұрпактары өмірге бейімді болатыны және ұрғашылары өте ұрықты, өсімтал келетіні анықталып отыр. Шағылысқан ұрғашы және еркек үй қояндарының арасындағы нәсілдік айырмашылықтар неғұрлым көп болса, ұрғашы үй қояны соғұрлым тез ұрықтанады, олардың көжегі өмірге бейімдірек болады. Бұл айырмашылықтар организмдегі зат алмасу өзгешелігінен туады және
олардың күтімі мен азықтану жағдайларына байланысты болады. Сондықтан
тұқымаралық будандар өмірге бейімдірек, яғни салмағы ауыр, анағұрлым
өсімтал болады, азық шығының жақсы өтейді. Олардың өнімі молырақ, ауруға төзімді келеді. Қояндардың жыныстық жағынан жетілуі әдетте 3-8,5 айлығында басталады. Бірақ мұндай жаста оларды көбеюге жібермейді. Ұрғашы қояндарды 4-6 айлығында ғана шағылысуға жібереді, ал еркектері
ұрғашыларынан 2-3 ай үлкен болу керек. Осындай жастағы шағылысқан ұрғашы қояндар жылдың қай мезгілінде болмасын ұрықтана береді. Ұрғашы
қояндарда күйіне келу жыл бойына үздік-үздік пайда болып отырады. Мысалы, жаз айларында 5-6 тәуліктен кейін болса, қыста 8-9 тәуліктен кейін.
Үй қояндарының қолайлы шағылысу уақыты қыста сағат 11-ден 16-ға денін,
жазда таңертең ертемен және кешке қарай. Бір күнде бір еркегі 4 аналық қоянмен шағылысуға қабілеті жетеді. Әрбі екі күнде еркек коянға демалыс
беру қажет. Үй қояны буаздығының ұзақтығы 1-2 тәулік ауытқуды есептемегенде 31 тәулік. Құрсағындағы көжектердің саны көп болса, жүктілік мерзімі анағұрлым қысқа болады, Әрбір қоян 6-9, кейде 14-ке дейін көжек туады. Әдетте қояндар түнде көжектейді. Босану 15-2 минутқа созылады және оңай туады. Қөжектеп болғаннан кейін, жаңа туған көжектерін жалап емізеді, содан кейін түбітпен жауып, шуын жеп, су ішеді.
Көжектегеннен кейін ұрғашы үй қояны тез бұрыңғы бойдақ қалпына келеді
де, бір-екі күн өткен соң тағы да шағылысқа түсе алады. Үй коянының мұндай биологиялық ерекшелігі буаз кезінде көжектерін сутімен қоректендіре алатындығы бір жылда 6-8 рет көжектеуге мүмкіндік береді. Кейбір қоян жаңа туған көжектерін жеп қояды. Ондай қоянды келешек ұрпақ
таратуға болдырмайды. Әрине, оның себебі буаз кезінде қояндарды құнарлы азықпен азықтандырмағандықтан, азықтың құрамында витаминдер, минералды тұздар, т. б. жетіспегендіктен болады. Көжектер туғанда соқыр, суықтан қорғана алмайды жаланаш болып дүниеге келеді.
Қоян көжектеген кезде оны мұқият қадағалаған жөн. Өйткені кейбір қояндар көжектеріне қамқорлық жасамай, уақытында емізбей олар өліп те қалады. Қоян көжектерін жарыта алама, соны бірінші күннен қадалаған жөн. Ұрғашы қоян тәулігіне орташа есеппен 200 г (50-ден 270 грамға дейін) сүт береді. Енесінін сүт өте құнарлы: оның құрамында 13-17 пайыз май, 10-15 пайыз белок, 1,8-12,1 пайыз сүт қанты, 2,6 пайыз минералды заттар бар. Көжектегеннен кейін алғашқы 2-3 күн ішінде қоян көптеген қоректік және минералдық заттары, витаминдері, неше түрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұратын қорғаныш әсері бар, уыз бөледі. Көжектер туғаннан кейін міндетті түрде анасының уызына тоюы қажет. Сонда ғана жақсы дами алады. Көжектердің өсуі және 1 кг салмақ қосуы үшін жұмсалатын шығын екінші және үшінші кестеде көрсетілген.
Жаңа туған көжектерде 16 сүт тістері болады, олар құрсақта жатқанда-ақ
шығады. 18-20 күнінен кейін басталып, бір айдың шамасында сүт тістерінің
орнына басқа тіс шығады. Осы уақыттан бастап көжектер шөп жеуге кіріседі. Жаңа туған көжектердің тұқымдық нәсілі мен өсіп-өну айырмашылықтарына қарай салмағы 47-50 г болады. Әр түрлі тұқымның бір айлық көжектерінін, калыпты өсуі жағдайында салмағы төмендегідей болады: ақ қоян (белый великан) мен сұр қоян (серый великан) 600-700 г, вена көк қояны (венский голубой) мен күміс түсті қоян (серебристый) 450-550 г; советтік шиншилла (советская шиншилла) 450-550 г; ақ түбітті қоян (белый пуховый) 400-450 г.
Қыста немесе ерте көктемде туған көжектер, жазда немесе күзде туған көжектерден әлдеқайда ірірек болатынын айта кеткен орынды. Көжектер анасымен бірге жүргенде, тордағы (клетка) кез-келген шөптерді, азықтарды
жеп, іші бұзылады. Сондықтан ондай жағдайға душар болмас үшін, көжектер
ұядан шыққан сәттен бастап, ұрғашы қоянды жұмсақ, қоректік заты мол азықпен қоректендіру шарт. Атап аитқанда ұсақ шөп, қызыл сәбіз, ұнтақталған немесе бөккен, суға бөктірілген бидай, ал жазда (жаңа ғана шабылған) көк шөп беру керек (1-2-кестелерде). Енесінің сүті қоректі болуының арқасында көжектер тез өсіп, тез жетіледі. 5-7 күнде денесіне жүн шығады. 10-14 күн дегенде көзі ашылады, 17-20 күннен кейін ұядан шығады. Үй қоянын өсіруде ғалымдардың тәжірибесі мынаны көрсетіп отыр; бір енеден бір жолы саны көп болып туған көжектердің сапасы, бір енеден аз болып туған көжектердің сапасынан кем болмайды.
Кесте 1 - Көжектердің жасына байланысты өсуі
Көрсеткіштер
Жасы, айы

1
2
3
4
5
Тірі салмағы, г
Тәулігіне қосатын
орташа салмағы, г
640,0
19,7
1260,0
20,0
2050,0
26,2
2660,0
20,3
3180,0
17,4

Кесте 2 - Үй қояндарына жасына байланысты кететін азық шығыны

Жасы (күн есебімен)
1 кг салмақ косу үшін кететін азық өлшемі
Жасы (күн есебімен)
1 кг салмақ қосу үшін кететін азық өлшемі

Бір айға
Туғаннан семіргенге дейін

бір айға
Туған нан семіргенге дейін
30-60
61-90
91- 120
4,0
5,2
7,6
3,1
4,1
5,4
121-150
151- 180
9,6
12,4
6.0
6,8

Бір туғанда көжекті көп табу физиологиялық жайынның жақсы екенін
көрсетеді. Бұл жас көжектердің өмірге беймділігін арттырады. Сондықтан
тұқымдық төлді сұрыптағанда оның енесі бір туғанда неше көжек тапқаны
ескеріледі, бір енеден көп болып туған көжектер жоғары бағаланады. Жоғарыда айтылғандай, бір анадан туған көжектердің салмағы бірдей болмайды. Салматы болып туған көжектер жақсы өсіп, жетіледі. Көжектердің өсуіне үй қояндарын буаз және суалмаған кезенінде азықтандырып жағдайлары, сондай-ақ көжектердің өздерін азықтандырып
күтіп-бағу жағдайлары ықпалын тигізеді. Көктем мен жазда, жылы бірақ ыстық емес күндері және құнарлы азық берілсе, көжектер әсіресе жақсы өсіп
жетіледі.

ІІ Негізгі бөлім

2.1 Үй қояндарды азықтандыру, азықтандырудың құрамындағы негізгі қажетті заттар

Организмнің тіршілік әрекетінің бір қалыпта болуы, органдар мен тканьдардың өсіп жетілу қарқыны, жануарлардың ауруларға төзімділігі үй
қояндарының дұрыс азықтандырылуына байланысты. Үй жануарларының
өнімділігін арттырудың, қолда бар тұқымдарды жақсартып, жаңа тұқымдар
шығарудың негізі азықтар мен бағу жағдайлары болып табылады. Малды құнарлы азықтан мол азықтандырып, оның салмағын арттыру ғана емес, сондай-ақ дене құрылысын да өзгертуге болады. Азықтандыру жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін организмде керекті қоректік заттардың мөлшерін, олардың азық құрамындағы мөлшерін, олардың денеге сіңу дәрежесін. Сондай-ақ жануарлардың өсіп жегілуі мен өнімділігін әрбір қоректік заттың қандай ықпал тигізетіндігін жақсы білу керек. Азық құрамында жануарларға керекті заттар: протеин, майлар, көмір сутегі, минералды заттар, витаминдер, сондай-ақ су болады. Бұл заттардың мөлшері минаралдық қатынастары түрлі азықта әртүрлі болады, ал мұның азықтың құнарлы не құнарсыз екенін көрстеді.
Белоктар. Бұл - азық құрамының ең коректі бөлігі. Ас қорыту кезінде
белоктар амин қышқылдары деп аталатын қарапайым заттарға бөлініп ажырайды. Қазіргі уақытта небәрі 20-дан астам амин қышқылы табылды. Өздерінің организмдегі маңызына қарай амин қышқылдары бірнеше түрге
бөлінеді: олардың кейбіреулері сүт пайда болу үшін (цистин), ал кейбіреулері бүкіл организмнің дұрыс өсуіне (триптофан, лизин, т.б.), керек болады. Демек, үй қоянына берілетін азықтарда организмге керекті амин қышқылдары жок, болса. Бұл организмнің тіршілік қалпын бұзып, оның өсуін тоқтатады, үй қоянының өнімділігін азайтады. Сондықтан белоктық сапасы оның құрамындағы амин қышқылдарының сапасына қарай
анықталады. Құрамында аса маңызды амин қышқылдары кездеспейтін белоктар құнсыз белоктар деп аталады. Құрамындағы амин қышқылдары мал денесінің құрамына жақын белоктар өте құнды болады. Белок неғұрлым құнды болса, оның қоректік қасиетіде неғұрлым күшті болады. Құнды белоктар малдан өндірілетін азықтарда, яғни сүтте, балық майы мен ет-суйек майында, сондай-ақ көк шөппен сапалы пішенде көп кездеседі. Жоңышқа пішені мен күнжарада организімнің, өсіп жетілуіне өте керекті амин қышқылдары көп болады. Егер құрамында құнды белоктар көп азық құнарсыз азықпен бірге берілсе, құндылығы онша емес азық жақсарып кетеді. Бүкіл организмде қан арқылы тараған амин қышқылдарынан және басқа қоректік заттардан мал денесінде және клеткалары мен орган клеткалары құралады.
Малдың, денесі негізінде азық белоктарынан құралады. Белоктар қан
мен дене шырындарының құрамына кіреді, басқа қоректік заттар олардың
орнын баса алмайды. Рацион жасағанда азық құрамындағы белоктардың мөлшеріне ерекше көңіл аударады. Белок малдан өндірілетін азықтарда, атап
айтқанда - қан, ет, балық ұнтақтарында әсіресе көп болады. Ол, сондай-ақ, күнжарада (30-45 пайыз), бұршақ дақылдарда (25-30 пайызға жуық), бұршақ
пішенінде (15 пайызға жуық) көп кездеседі. Дәнді дақылдарда (8-12 пайыз)
және тамыр жеміс өсімдіктерде (0,5-1 пайыз) белок аз болады. Құрамьнда белогі аз рационмен азықтандынрылған үй қоянының жыныстық шабыты әлсірейді немесе мүлде жоғалады. Сондықтан, құрамында белогі көп азықтарды белогі аз азықтармен араластырып, оларды тиімді рационмен
азықтандыру керек. Белоктар азотты заттар тобына жатады, өйткені олардың құрамында азот болады. Азық құрамында азотты заттармен қатар азотсыз (азоты жоқ) қоректік заттар да бар. Олардың қатарына майлар және су көміртегі жатады.
Майлар. Майлар организімде жылылық пен энергияның көзі болып табылады. Басқа қоректік заттармен салыстырғанда энергия майлардан 2 жарым есе дерлік көп пайда болады. Үй қоянында берілетін азықтардың көпшлігінде май аз кездеседі. Майлы өсімдіктердің ұрықтары өте майлы болады, мысалы, зығыр мен күнбағыс ұрықтарында май 30-40 процентке жетеді. Бидай мен қарабидайда 1-2 пайыз, жүгері мен сұлыда 5-6 пайыз, тамыр түйнек жемістерде 0-1 пайыз болады, өте майлы азықтар әсіресе үй қояндарын семіртуге қолайлы келеді. Рационға өте майлы азықтар қосылса, үй қоянының жүні жылтырап, ішек терінің сапасы жақсарады.
Су көміртегі. Қөміртегі заттар да жылу энергиясының көзі болып табылады. Организмде олар майға айналады. Өсімдік азықтарда тәтті заттар
көп болады. Олардың ішінде крахмал мен қанттың ерекше маңызы бар. Крахмал әсіресе ұрықтарда, жемістерде және түйнектерде көп болады, мысалы, картоптың құрғақ қалдьғын 20 процент, сұлыда 70 процентке жуық
крахмал бар. Қант тамыржемісті өсімдіктер мен жемістерде де көп болады.
Ол әсіресе қант қызылшасында өте көп болады. Қант сәбізде де, қарбызда да,
асқабақта да, шырынды жемістерде де аз емес. Су көміртегі үй қоянының денесінде де кездеседі, мысалы, қанында жүзім канті бауырында гликоген
бар. Өсімдік кұрамында қорытылуы өте қыйын клетчатка дейтін зат болады.
Сабақ клеткаларының қабықтар тұтас дерлік клетчаткадан құралған. Клетчатка жапырақ клетчаткаларының, қабықтарында бұдан анағүрлым аз
кездеседі. Дәнді дақылдардың сабағында 40-45 процент, пішенде 20-30
процент, дәнді дақылдарда 0,2-12 процент, тамыр түйнекжемістерде 0,4-2
процент клетчатка болады. Үй қояны клетчатканы жақсылап қорыта алмайды, сондықтан оған сабан мен топан берілмейді. Ұзақ уақыт далада қалып қураған пішенінің құрамында клетчатка көп болады, сондықтан мұндай пішеннің азықтык, қасиеті де төмендейді. Азық құрамында клетчатканың, көп болуы, рационның жалпы қоректік қасиетін төмендетеді. Демек, көжектердің, әсіресе 2,5-3 айлық көжектердің рационына құрамында клетчаткасы көп азықтарды қосуға болмайды.
Әлемдік барлық тірі жәндіктер сусыз өмір сүре алмайды. Су азық құрамындағы қоректік заттарды ерітіп денеге сіңіреді, денедегі шырындар да
сусыз пайда болмайды. Үй қоянының денесінің 70 пайызға жуығы судан тұрады. Азық заттарының ішінде тамыр жемісті өсімдіктер (70-90 пайыз) мен
шөпте (80-85 пайыз) су көп болады.
Минералды заттар. Организмнің дұрыс жұмыс істеуіне, мұнымен қатар, минералды заттар керек. Олар мал денесіндегі клеткалардың құрамына
кіріп, ондағы физиологиялық процестерде маңызды роль атқарады. Минералды заттардың ішінде фосфор мен калыцийдің ерекше маңызы бар. Ауылшаруашылык малдардың денесіндегі барлық минералды заттардың 75 процентке жуығы осы айтылған заттардан тұрады, фосфор мен кальцийдің 90 процентке жуығы сүйеікте болады. Кальций мен фосфор жеткіліксіз болса, сүйек дүрыс өспейді, сондықтан бұлар өсіп келе жаткан көжектерге әсіресе көп керек болады. Тәжірибе мынаны анықтады. Егер рационда кальций мен фосфор жеткіліксіз болса, көжектердің өсу қарқыны төмендейді. Егер кальций мен фосфор жеткіліксіз болса, тіпті құрамында белогі көп рациондардың өзі де онша құнды болмайды. Бұл минералды заттар буаз үй қоянының рационында аз болады, эмбриондар да дұрыс өспейді. Қыста берілетін азықтар көжектерін емізіп жүрген енелерді, әсіресе көп көжекті енелерді кальциймен қамтамасыз ете алмайды, сондықтан қыста рационға (әсіресе сапасыз, нашар пішен бергенде) минералды заттар қосу керек. Қысқы азығына кальций жеткіліксіз болғандықтан, жануарлар, әсіресе мол өнімді жануарлар, өздерінің денесіндегі кальцийді жұмсай бастайды. Бұған мынадай дәлел келтіруге болады. Қысыр ұрғашы үй қоянымен салыстырғанда көжектерін емізіп жүрген үй қоянының қанында кальций аз
болады. Жазғы рациондар, ұрғашы үй қояны қанша сүтті болса да, жануарларды кальциймен және фосформен толық қамтамасыз етеді. Кальций мен фосфор денеге сіңімді болу үшін олардың аралық қатынасы да белгілі мөлшерде болуға тиіс. Қолайлы рационда қальций мен фосфордың аралық қатынасы (Са: Р) 1:1 не 2:1 болады, яғни кальций мен фосфордың мөлшері тең немесе кальций фосфордан екі есе көп болады. Фосфор мен кальций әсіресе жануарлардан өндірілетін азықтарда, мысалы, балық сүйегінің және ет пен сүйектің ұнында көп болады. Өсімдіктердің ішінде кальций бұршақ дақылдарында бедеде, жоңышқада, бұршақта, сыйыржоңышқада, сераделлада, люпинде көп кездеседі. Минералды заттардың ішінде астұзының да (хлорлы натрийдың да) үлкен маңызы бар. Ол қанның, дене шырындарының, клетчаткалардың және тканьдердің құрамына кіреді. Рационда астұзы жеткіліксіз болса, организімде зат алмасу процесі бұзылып, асқорыту шырындары аз шығады (бөлінеді), көжектердің өсуі тоқтайды.
Үй қоянының әсіресе көжектердің организімінде темір үлкен роль атқарады. Ол гемоглобиннің (қызыл қантүйіршіктерінің) негізгі құрамы болып табылады. Сондықтан өсіңкі көжектердің сондай-ақ жүкті және көжектерін емізіп жүрген енелерінің рационында темір жеткілікті болуға тиіс. Темір қан және балық ұнында, ал өсімдіктерден қалақайда, салатта көп
кездеседі. Жүннің өсуіне күкірттің әсері бар екені жалпыға мәлім. Демек, құрамында күкірт көп азықтардың үй қояны үшін маңызы бар. Цистин, метионин деп аталатын аминқышқылдары жүннің пайда болуында, оның өсуіне үлкен роль атқарады. Олардың құрамында түрлі күкірт қоспалары болады. Кейбір өсімдіктерде (тамырда, азық капустасында) елеулі мөлшерде
күкірт кездеседі. Соңғы уақытта микроэлементтер (өте аз мөлшерде дене тіршілігіне керекті заттар) деп аталатын минералды заттардың үлкен маңызы бар екені анықталды. Мысалы, микроэлементтер кобальт түбітті үй қоянының жүн өсімін шапшандатады.
Витаминдер. Азықтардың құрамында организмнің өсіп жетілуііне керекті ерекше заттар болады. Олар витаминдер деп аталады. Қазіргі уақытта
латын әріптерімен белгіленетін бірқатар витаминдер, яғни А, В, С, Д, Е, К
витаминдері бар. Әрбір витамин организмде жеке өзіне тән роль атқарады. Үй қоянының өскелендігі, сүттілігі, көжектердің өсіп, жетілуі, ауруларға төзімділігі елеулі дәрежеде азық құрамындағы витаминдердің мөлшеріне
және олардың денедегі қорына байланысты.
А витамині. Рационда А витамині жеткіліксіз болса, организм ауруға
шалдыққыш келеді. Азық құрамында А витамині аз болса, кіліегей қабықтарының эпителиі мүйізденіп кетеді, мұның нәтижесінде көз, жыныс органдары, несеп шығаратын органдар, тері түрліше ауруларға ұшырайды. А витаминнің жетікіліксіздігі, сондай-ақ, ұрғашы үй қояндарының қысыр қалуына, көжектердің аз тууына әкеліп соғады. Пішеннің сапасы нашар болса, сондай-ақ құрамында витамин көп басқа азықтар жок, болса, көжектердің өсу қарқыны баяулап, асқазаны бұзылады, сөйтіп олар жаппай ауруға шалдығып, өлім-жітімге көп ұшырайды. Өсімдіктерде А провитамині немесе каротин болады; мал денесінде ол А витаминіне айналады. Каротин әсіресе көк шөпте көп болады, сондықтан жазда А витамині жетікілікті болады. Ол сондай-ақ, өсімідіктің гүлі мен жапырағында көп болады, ал сабағында аз кездеседі. Өсімдік ескірген сайын оның каротині де қауырт азая түседі. Гүлденбеген не гүлдене бастаған өсімдіктерде каротин өте көп бодады. Шөпті кептірігенде, әсіресе күнге кептіргенде каротиннің едәуір бөлігі бұзылады. Сондықтан шөпті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоян шаруашылығын дамыту
Үдемелі өсіру технологиясы бойынша әр түрлі қоян тұқымдарының өнімділігі
Қояндардың азықтануы
Қоян етінің биологиялық және тағамдық құндылығы
Еттің тағамдық және биологиялық құндылығы, қоян етінің адам денсаулығына тигізетін пайдалы әсерлері, және халықтың күнделікті тағамдық тұтынысына қоян етін енгізуге ұсыныс
Қоян өсіруге арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық- санитариялық гигиеналық талаптар, қояндарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары
Қоян өсіру, қоян шаруашылығы мал шаруашылығының бір саласы
Қояндарды нормалап азықтандыру жəне азық қажеттілігін есептеу
Көжек азықтандыру нормасы
«Үй қояндарының овуляциясы және фолликулалардың пісіп жетілуі»
Пәндер