Тұтыну нарығы және экономикалық мазмұны
КІРІСПЕ 3
І.БӨЛІМ. НАРЫҚ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1. Нарық механизмінің мәні және ерекшеліктері 6
1.2. Нарықтың атқаратын қызметтері, шарттары және түрлері 8
ІІ.БӨЛІМ. ТҰТЫНУ НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ 18
2.1. Тұтынушылар рыноктағы сұранысты қалыптастырушы және олардың қалауы 18
2.2. Бюджеттiң шектеулiгi тұтынушылар дәрменсіздігіне және мiнез.құлығына әсер етушi негiзгi фактор ретiнде 20
2.3. Қазақстан республикасындағы тұтыну рыногы және оны дамыту мәселелерi 22
ҚОРЫТЫНДЫ 26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 27

Бүгінгі таңдағы ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда. Сол себепті қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып, экономикалық-әлеуметтік және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам құруға сай экономиканы нарықтық қатынастарға көшіру міндеті тұр. Осы негізде әлеуметтік, рухани және тағы басқа күрделі мәселелерді шешу – бүгінгі күннің басты талабы. Сөйтіп бұл мәселелерді дәйекті түрде жүзеге асыру бүкіл қоғам мүшелерінің жаңаша көзқарасына, нақты іс-қимылына және олардың экономикалық біліміне тікелей байланысты. Экономикалық тәрбие – қоғамды дамытудың пәрменді күші. Сондықтан бүгінгі таңда жаңа шаруашылықты жүргізу тәсілдеріне негізделген экономиканы басқаруға тартылатын мамандардың экономикалық білім дәрежесі де жоғары болуы қажет.
Біріншіден, экономикалық проблемаларды белсенді түрде талдай білуге, әсіресе, нарықты экономикаға байланысты дұрыс көзқарастар қалыптастыруға көмектеседі.
Екіншіден, әрбір болашақ маман өз елінің тұлғасы дерлік біліктілікке қол жеткізумен бірге, болашақ тағдырын да шеше алатын асыл қасиеттерді өз бойына дарыта білуі тиіс.
Үшіншіден, басқарудың бұрынғы әкімшіл-әміршілдік әдісінен экономиканы нарық механизмі арқылы дамытуға көшу ісі – болашақ мамандардың экономикалық теорияның мәні мен мазмұнын жете меңгеруін талап етеді.
Қазақстан Рсепубликасындағы нарықтық экономикаға өтуiне байланысты нарықтық қатынастар күрделенiп, олардың қызметтерiнiң сан-салалы бағыттары пайда бола бастады. Нарық экономикасының қызмет етуiндегi бiрiншi және өте маңызды элемент - өндiрушiлер мен тұтынушылар болып табылады.

1. Я.Әубәкіров, К.Нәрібаев, М.Есқалиев, Е.Жатқанбаев, Е.Жәйшібеков.-Экономикалық теория негіздері. Оқулық.-Алматы, «Санат».
2. Жүнісов Б.А., Мәмбетов Ұ.Е., Байжомартов Ү.С. – Нарықты кономиканың негіздері – Ақтөбе, 1993ж., 1-бөлім, 127бет.
3. Жүнісов Б.А., Мәмбетов Ұ.Е., Байжомартов Ү.С. – Нарықты кономиканың негіздері – Ақтөбе, 1993ж., 2-бөлім, 108бет.
4. Б.Мәдешев – Нарықты экономика теориясына кіріспе, Алматы, «Экономика», 1995ж., 130бет.
5. Нарықты кономика мен менеджменттің негізі – Орынбор, 1992ж.
6. Крымова В. – Экономикалық теория, Алматы, 2002ж.
7. Питер Ф. Друкер – Нарық: топ жарып, алға шығу, Алматы, «Білім», 1994ж., 320 бет.
8. С.Әкімбеков, А.С.Баймұхаметова, У.А.Жанайдаров – Экономикалық теория, Астана, 2002ж., 464 бет

ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ 3
І-БӨЛІМ. НАРЫҚ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК 4
1.1. Нарық механизмінің мәні және ерекшеліктері 6
1.2. Нарықтың атқаратын қызметтері, шарттары және түрлері 8
ІІ-БӨЛІМ. ТҰТЫНУ НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ 18
2.1. Тұтынушылар рыноктағы сұранысты қалыптастырушы және олардың қалауы 18
2.2. Бюджеттiң шектеулiгi тұтынушылар дәрменсіздігіне және мiнез-құлығына әсер етушi негiзгi фактор ретiнде 20
2.3. Қазақстан республикасындағы тұтыну рыногы және оны дамыту мәселелерi 22
ҚОРЫТЫНДЫ 26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 27
КІРІСПЕ
Бүгінгі таңдағы ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда. Сол себепті қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып, экономикалық-әлеуметтік және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам құруға сай экономиканы нарықтық қатынастарға көшіру міндеті тұр. Осы негізде әлеуметтік, рухани және тағы басқа күрделі мәселелерді шешу - бүгінгі күннің басты талабы. Сөйтіп бұл мәселелерді дәйекті түрде жүзеге асыру бүкіл қоғам мүшелерінің жаңаша көзқарасына, нақты іс-қимылына және олардың экономикалық біліміне тікелей байланысты. Экономикалық тәрбие - қоғамды дамытудың пәрменді күші. Сондықтан бүгінгі таңда жаңа шаруашылықты жүргізу тәсілдеріне негізделген экономиканы басқаруға тартылатын мамандардың экономикалық білім дәрежесі де жоғары болуы қажет.
Біріншіден, экономикалық проблемаларды белсенді түрде талдай білуге, әсіресе, нарықты экономикаға байланысты дұрыс көзқарастар қалыптастыруға көмектеседі.
Екіншіден, әрбір болашақ маман өз елінің тұлғасы дерлік біліктілікке қол жеткізумен бірге, болашақ тағдырын да шеше алатын асыл қасиеттерді өз бойына дарыта білуі тиіс.
Үшіншіден, басқарудың бұрынғы әкімшіл-әміршілдік әдісінен экономиканы нарық механизмі арқылы дамытуға көшу ісі - болашақ мамандардың экономикалық теорияның мәні мен мазмұнын жете меңгеруін талап етеді.
Қазақстан Рсепубликасындағы нарықтық экономикаға өтуiне байланысты нарықтық қатынастар күрделенiп, олардың қызметтерiнiң сан-салалы бағыттары пайда бола бастады. Нарық экономикасының қызмет етуiндегi бiрiншi және өте маңызды элемент - өндiрушiлер мен тұтынушылар болып табылады.
Нарық механизмiнiң қызмет етуiнiң негiзi сұраныс пен ұсыныс болса, ал сол сұранысты тудыратын басты фактор тұтынушылар iс-әрекетi болып табылады. Нарықтық экономиканың ерекшелiгi де сол, онда сұраныс бiрiншi орында тұрады, ал ұсыныстың қызметi сұранысты қанағаттандыру болып табылады.
Кез келген тұтынушы нарықта ұнатымдылығымен артық көруiне сүйену және өзiнiң табысы мен бағаға сүйенуi арқылы анық айқын тұтыну жоспарын жасайды. Осы жоспарды iске асырса ол тұтынушы өзiнiң қажетiн ең жоғарғы деңгейде қанағаттандырады деп есептелiнедi.
І-БӨЛІМ. НАРЫҚ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Адамзаттың өмір сүру тарихында экономиканы ұйымдастырудың екі негізгі әдістері белгілі: әміршілдік және нарықтық. Шаруашылықты басқарудың бұл әдістері бір өндіріс тәсілдері шеңберінде бірге өмір сүре алмайды. Егер шаруашылықты басқару таза нарық құралына негізделсе, онда ол орталықтан жоспарлауды қажет етпейді, және керісінше, орталықтан жоспарлау нарықты қабылдамайды. Соңғы кездері экономиканы ұйымдастырудың үшінші әдісі деп әкімшілдік әдіспен нарықтық әдістің аралас болуын айтады. Бұл әлі аз зерттелген, дегенмен әкімшілдік әдістен нарықтық әдіске көшу жолын жеңілдету деп есептеуге болады.
Шаруашылықты әміршілдік - әкімшілдік әдіспен ұйымдастыру өндірушінің үстемдігіне негізделеді. Бұндай жағдайда, әрине, нарықтық механизм қажет емес. Тауар өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы шаруашылық байланыстар орталық органдардың шешімі арқылы анықталады. Әміршілдік әдісте барлығы алдын - ала баланс құру арқылы есептеледі. Орталық органдар өздерінің қарамағындағы шаруашылықтарға не өндіру, кімге өндіру және қандай бағамен өндіру керек деген сұрақтарды бұйрық - нұсқау түрінде беріп отырады. Бұндай модельдің негізгі жұмыс істеу қағидасы: неге мүмкіндігіміз бар, соны өндіреміз, бізде не бар, соны ал. Орталықтан бекітілген қорлар бойынша жоспарлап бөлу - экономиканы мұндай моделінің негізі болып табылады. Шаруашылықты әміршілдік әдіспен ұйымдастырудың бірнеше кемшіліктері бар. Біріншіден, экономиканы мұндай әдіспен ұйымдастыру күрделі халық шаруашылығының егжей - тегжейіне жете алмайды. Бұған уақыт факторы өте қатты әсер етеді. Себебі барлық шаруашылық мәселелерді орталықтан шешетін болсақ, шаруашылыққа байланысты сұрақтар кәсіпорыннан жоғары органдарға жеткенше, одан шешімін тауып қайтып келгенше жағдай қайта өзгеріп кетуі мүмкін, ал ол проблемаларды шешуді қиындатады. Екіншіден, жоспарлы тұтыну және өнімге бекітілген жоспарлы баға ғылыми - техникалық прогресстің жетістіктерін өндіруге, ресурсты үнемдеуге жүзеге асыруға, өнімнің сапасын арттыруға, өндіріс шығындарын төмендетуге мүмкіндік туғызбайды. Үшіншіден, тауар өндірушілерді материалдық ресурстар мен өнімдерден оқшаулау - қоғамдық өндірістің тиімділігінің төмендеуіне, оның даму қарқыны мен деңгейінің құлдырауына әкеліп соқтырады.
Нарықтық механизм бұған қарама - қарсы принципке негізделген, онда шаруашылық субъектілерінің ешқайсысы шаруашылық сұрақтарды алдын - ала, саналы түрде шешумен айналыспайды. Бұл сұрақтар өте қарапайым түрде шешіледі: тауар өндірушілер мен тауар тұтынушылар нарықта кездеседі, сөйтіп өндірістің көлемі мен бағасы анықтайды. Басқаша айтқанда, нарықтық әдіске негізделген экономикада өндірушілдер мен тұтынушылар нарық арқылы экономиканың өзекті үш мәселесін шешу мақсатында әрекет етеді.
Тұтынушы бір немесе басқа тауарды сатып алуды таңдау арқылы өз белсенділігін білдіреді. Егер тұтынушы белгілі бір тауарлар түрін көп сатып алса, онда оған баға өседі. Бағаның артуы тауар өндірудің көбейюін ынталандырады. Бұндай механизм біз бұрын ойлағандай экономикадағы бассыздық пен бұлдырлық емес, керісінше оның сынаудан өткен тәртібі болып табылады. Шаруашылықтың нарықтық механизммен әрекет етуі, бейнелеп айтқанда, автоматтандырылған сипатта болады: тауарға сұраным артса, баға өседі, онда тауар - өндірушілер өндіріс көлемін ұлғайтады және керісінше сұраным азайып баға төмендесе оны азайтады.
Ол тауар өндірушілердің арасында болатын бәсеке күресімен анықталады. Тауар өндірушілер үшін бір-ақ жол бар, ол белгілі бір баға саясатын ұстану арқылы бәсекелесін ұту және белгілі бір пайда табу. Ол үшін аз шығынды қажет ететін арзан және сапалы өнім шығару керек. Ал ондай өнім қандай тауар өндірушілерде болады? Әрине, ол өндірісте ҒТР элементтерін кең түрде жүзеге асырған, жоғары білікті кадрлары бар кәсіпкерлерде болады. Қысқасы, нарық ҒТР жетістіктерін өндіруді, тұтынушыға қажетті өнім өндіруді ынталандыратын факторларды іздестіруге мәжбүр етеді.
Бұл сұрақ, сұраным мен ұсынымның ара қатынасына байланысты. Бұл жағдайда нарықты өндірушілердің саны мен құрамы, олардың табыс деңгейі және т.б. көрсеткіштеріне
қарай зерттеу қажет.
Жоғарыда көрсетілген шаруашылықты ұйымдастырудың барлық экономикалық жүйелерге тән өзекті мәселелер болып табылады, бірақ олар әртүрлі шешіледі.
Шетелдік мамандардың пікірінше экономиканы ұйымдастырудың әміршілдік немесе нарықтық әдістері таза күйінде өмір сүрмейді. Олардың тұжырымдауынша, нарықты экономикасы дамыған елдерде экономиканы ұйымдастырудың аралас моделі қалыптасқан, онда жеке және қоғамдық институттар экономикалық бақылау жасайды: жеке жүйе көрінбейтін қолмен нарықтық механизмге бағыт - бағдар беріп отырады, ал қоғамдық институттар - әкімшілдік жолмен реттеу және салық стимулдары арқылы.
1.1. Нарық механизмінің мәні және ерекшеліктері
Нарық, қоғамдық тұтынушылар мен өндірушілерді байланыстырудың тиімді механизмі ретінде әлемдік өркениеттің ұлы жетістіктерінің бірі деп есептеледі, оны математикамен, ген инженериясымен, электроникамен және адамзаттың басқа ұжымдық даналығының шыңымен теңеуге болады. Бірақ нарық механизмі кәсіпкерлік пен бәсекелестікті дамытпайынша өмір сүре алмайды. Ал бұл меншіктің алуан түрлі формалары және әр түрлі тауарлар өндірушілер болғанда ғана мүмкін, бұнда өндіріс экономикалық жағынан әлсіз, өмір сүруге қабілеті жоқ шаруашылықтардан тазарады, оның есесіне олардың тиімді жұмыс жасайтын болашағынан үміт күттіретініне қолайлы жағдай жасайды. Бұдан біз нарықтың қоғамға қажет шаруашылық бірліктерін іріктеудің демократиялық механизмі және ең әділетті төрешісі екенін көріп отырмыз.
Сонымен бірге нарықтық механизм идеалды емес, оның елеулі қайшылықтары да бар. Оның жағымсыз жақтарына әлеуметтік жіктелу, әлсіздерге, әсіресе банкротқа ұшырағандарға деген мейірімсіздік, жұмыссыздықтың болуы жатады. Экономиканы бірыңғай сұранымға ғана бағдарлап, нарық орны толмайтын табиғат ресурстарын және қоршаған ортаны сактауды қамтамасыз етпейді. Сондықтан мемлекет қоғам атынан адамдардың дұрыс экологиялық жағдайда құқығын реттеп отыратын шараларды жүзеге асыру қажет.
Реттелмейтін таза нарықты экономика адамның еңбек ету, білім
алу, жеке басының қауіпсіздігі, табыс табу сияқты әлеуметтік - экономикалық құқықтарына кепілдік бермейді. Бұл салалар мемлекеттің белсенді түрде араласып реттеуін қажет етеді. Мемлекет бағаны реттеу, салық жүйесінің негізінде табысты қайта бөлу, бюджет шығындарының есебінен жұмысшыларды қайта мамандандыру, оларға жәрдем ақша бөлу және халықты әлеуметтік қамту жүйесі арқылы нарықты экономиканың қысымын жұмсартады. Бұндай шараларды жүзеге асырмайынша қоғамда тұрақты саяси әлеуметтік ахуалды ұстап тұру мүмкін емес.
Нарық механизмі ғылым мен техника жетістіктерін, еңбек ресурстарын, еңбекті ұйымдасырудың жаңа әдістерін кеңінен пайдалануды көздейді. Бірақ көп қаржы мен уақытты қажет ететін оның жаңа бағыттарында стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыруды, өндірісте терең құрылымдық өзгерістер жасауды қамтамасыз ете алмайды. Бұл жерде мемлекеттің стртегиялық ғылыми - техникалық саясаты мен экономикалық көмегінсіз, ірі кәсіпорындар мен бірлестіктердің қаржы қуатынсыз жақсы нәтижеге жету мүмкін емес.
Енді нарық дегеніміз не? Ең алдымен осыны анықтап алайық. Нарық бұрын - соңды біздің елде терең зерттелмеген, сондықтан оның мәнін қате түсіну қазіргі әдебиеттерде жиі кездеседі. Себебі нұсқау - бөлу әдістеріне негізделген, басқару жүйесі жағдайында нарық проблемалары тиісті ғылыми зерттеу пәні бола алмады. Ұзақ жылдар бойы әкімшіл-әміршіл жүйенің идеологиялық тұтқынында болып келген экономикалық ғылымдарда нарықтың маңызы мен орны туралы даурықпалық көзқарас басым болды.
Нарық мәселелерінің, қоғамды қайта құру теориясы мен практикасында алатын зор мәніне қарамастан, ТМД - ға кіретін мемлекеттердің және Қазақстан ғалым - экономистерінің арасында нарық туралы бірыңғай пікір жоқ. Осыған байланысты нарықтың бірнеше анықтамасын келтірейік.
Нарық - бұл өндіріс факторларын немесе оның нәтижелері мен шарттарын айырбастауға байланысты болатын өндірістік қатынастардың белгілі бір бөлігі немесе жүйесі.Кулигин П. Социалистік экономикадағы нарық. - Вопросы экономики, 1990ж. №1, 143б.
Нарық - бұл сатушылар мен сатып алушылар арасындағы экономикалық қатынастардың белгілі бір жүйесімен сипатталатын тауар айырбасының саласы.Чалбаев К.К. Өндірісті интенсификациялау және нарықтық қатынастар. М., 1990ж. 204б.
Нарық - тауарларды сатып алу - сату мен байланысты орын алатын экономикалық қатынастар жиынтығы. Саяси экономия - Алматы, Ана тілі, 1991ж., 169б.
Нарық - бұл тауарды өткізуге байланысты айырбас саласында қалыптасқан экономикалық қатынастардың жиынтығы.Нарықты экономика мен менеджменттің негізі - Орынбор, 1992ж., 169б.
Келтірілген көзқарастардың қай - қайсысы да жеткілікті түрде дәлелді, бірақ проблеманың бір жағын ғана қамтиды. Бұл анықтамаларға ортақ нәрсе - ол нарықты өндірістік емес, айырбастың категориясы, нарықтық қатынастардың субъектісі - өндірушілер мен тұтынушылар емес, сатушылар және сатып алушылар деп көрсетілуі. Шын мәнінде тауар - ақша, нарықтық байланыстар сату - сатып алумен шектелмейді. Бұл жерде, басымдылық айырбас пен айналыс саласындағы қатынастарға емес, өндірісте болатын қатынастарға тиісті болуы керек, себебі тек осы жерде ғана өнім жасалады және оның тауарға айналуын сипаттайтын, тауар - ақша қатынастарын қандай нақты нысандарда болатынын көрсететін экономикалық байланыстар пайда болады.
Нарық қызметін тек қана айырбас саласымен шектеу - оны бәсеке, ең аз шығынға ұмтылу, өзара тиімді өндірістік байланыстарды жасау сияқты маңызды қасиеттерінен айырады. Сонымен бірге, нарықты жай ғана тауар айырбасы емес, тауар өндірушілер мен тұтынушылардың қарым - қатынастарына тән қайтарымдылық, эквиваленттілік, бәсекелестік болатын айырбастың экономикалық өткізілуі ретінде қарау керек.
Осы тұрғыдан алғанда, нарықты әртүрлі тауар өндірушілер мен тұтынушылардың арасында болатын экономикалық байланыстар мен қатынастар жүйесі деп сипаттауға болады.
Берілген анықтамада әңгіме, біріншіден, тек өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы жеке байланыс пен қатынас қана емес, сонымен қатар өндірушілердің, өндірушілер мен сатып алушы - тұтынушылардың, тұтынушылардың өздері арасындағы байланыстар мен қатынастар туралы болып отыр. Екіншіден, бұл қатынастар мен байланыстар қайтарымдылықты, тепе - теңдікті, объективті түрде алдын - ала анықтайды, яғни шаруашылық серіктестерінің қатынас субъектісі ретіндегі тең құқылығын бейнелейді. Бұдан серіктестердің
шаруашылық қызметтердің варианттарын және оңтайлы өткізу бағасын таңдаудағы, табыстарды иемденудегі дербестігі мен тәуелсіздігі туындайды. Үшіншіден, алғашқы екі жағдайдың шүбәсіз салдары - бәсеке - өндіріс процесінде де болатын шаруашылық байланыстардың өзгеруіне себебін тигізуі мүмкін. Себебі нарық бәсекесіз өмір сүре алмайды. Ал бұл, сан алуан меншік формалары мен әртүрлі тауар өндірушілер болған жағдайда ғана мүмкін. Соның нәтижесінде, өндіріс экономикалық жағынан әлсіз, өмір сүруге қабілетсіз шаруашылық бірліктерінен тазарады, ал басқа жағынан, тиімділігі жоғары және болашағы зор шаруашылық субъектілеріне жол ашады.
Біздің ойымызша, нарықты бұлай түсіну, оның мүмкіндік сипатын толық қамтиды. Сатушы не сатса да пайдасына сатадыЖ. Баласағұни
1.2. Нарықтың атқаратын қызметтері, шарттары және түрлері
Жалпылама тұрғыдан алғанда нарықтың мәні оның атқаратын қызметтері арқылы алынады. Ең алдымен нарық экономикалық тұрғыдан бөлектенген материалдық игіліктерді және қызметтерді өндірушілер мен тұтынушыларды байланыстыратын буын түрінде көрінеді. Нарықсыз, іс жүзінде қоғамдық өндірістің екі нақты қатысушыларының арасындағы қандай да болмасын технологиялық байланыстың қаншалықты өзара тиімді болатынын анықтау мүмкін емес.
Нарықтың маңызды атқаратын қызметтерінің бірі-оның ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігін және тиімділігін қамтамасыз етудегі реттеуші ролі. Нарықтың зерттеуші ролінің тікелей әкімшілікпен алмастырылуы экономикалық жүйенің тоқырауына, өндіріс құрылымдарының үйлеспеуіне, тапшылықтың пайда болуына, адамдардың экономикалық өсудің қозғушы күші ретіндегі ролінің жоғалуына әкеліп соқтырады.
Нарықтың басқа бір атқаратын қызметі-ақпараттық. Нарық тауарлар бағасы мен қызмет ақыларының, несие және банк депозитінің салымына проценттік нарқының ставка т.б. үздіксіз өзгеріп отыруы арқылы өндіріске қатысушыларға олар сататын немесе сатып алатын тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын қоғамдық қажетті өндіріс шығарады, қоғамдық-қажетті сапа және ассортимент туралы объективті ақпар беріп отырады.
1-кесте
Экономикалық игіліктерді және қызметерді, өндірушілер мен тұтынушыларды байланыстыратын буын.
Ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігін және тиімділігін қамтамасыз етудегі реттеуші ролі.
Экономиканың жағдайы туралы объективті ақпараттың қайнар көзі.
Бәсеке арқылы экономиканы тиімсіз шаруашылық бірліктерінен тазарту.
Тауардық қоғамдық мағыналығын мойындау.
НАРЫҚТЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ
Еңбекке деген материалдық стимулдарды экономикалық жағынан қамтамасыз ету.
Өндірістік шығындарды азайтуды экономикалық ынталандыру.
Сонымен бірге нарық механизмі мынадай қызметте атқарады-бәсеке күресінің жәрдемімен қоғамдық өндірісті тиімсіз шаруашылық бірліктерінен тазартады және керісінше олардың даму болашағы барларына тиімді жағдай жасайды.
Біздің нарық терең монополияландырылған, сондықтан нарықты ортаны қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін біздің алдымызда бәсекелестер әлемін құру міндеті тұр. Бұл нарықтық қатынастардың табиғи болмысы, бұндай жағдайда тауар өндірушілер өнім өндіру мен сатуға байланысты кәсіпкерлікпен белсенді түрде айналысуға мүдделі болады.
Осылармен қатар, маңыздылығы жағынан басқалардан кем түспейтін нарықтың атқаратын қызметтеріне мыналар жатады: өндірістік шығындарды азайтуды экономикалық ынталандыру; еңбекке деген материалдық стимулдарды экономикалық жағынан қамтамасыз ету.
Нарық күрделі экономикалық категория ретінде өз бетінше емес, әр-түрлі факторларға байланысты белгілі бір нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайларда өмір сүреді. Дүниежүзілік тәжірибе нарықтық механизмнің мынандай жағдайлар мен шарттар орындалғанда ғана тиімді қалыптасатынын және өмір сүруін дәлелдеп берді:
шаруашылық субъектілердің дербестігі мен тәуелсіздігі;
меншік қатынастарының алуан түрлі нысандары;
өндіріс қуатының белгілі бір резерві мен бос жұмыскерлердің болуы;
нарық инфрақұрылымын жасау;
тауар өндірушілердің сан алуан түрлерінің болуы;
контрагенттер өздерінің өнімдеріне баға белгілеу құқы.
2-кесте
Шаруашылық субъектілердің дербестігі мен тәуелсіздігі.
Меншік қатынастарының алуан түрлі формалары
Өндіріс қуатының белгілі бір резерві мен бос жұмыскерлердің болуы
НАРЫҚТЫ ЭКОНОМИКАНЫҢ ШАРТТАРЫ
Тауар өндірушілердің және сауда делдалдарының бәсекесі
Контрагенттер өздерінің өнімдеріне баға белгілеу құқы
Нарық инфрақұрылымы жасау
Енді осы шарттарға толығырақ тоқталайық.
Біріншіден, экономикалық субъектілердің дербестігі мен тәуелсіздігі, олардың келісім - шартқа отыруға және өздерінің тапқан табыстарына иелік етуге толық құқылы.
Екіншіден, меншіктік қатынастардың алуан түрлі нысандарының болуы, олардың өндірістегі тең құқылығы. Меншіктің әр түрлі нысандарын пайдалану тауарлы өндіріс және айналыс қатынастарының алуан түрлі агенттерінің пайда болуына, олардың еркіндігіне, бәсеке күресіне, былайша айтқанда тиімді қызмет жасайтын нарықтың құрылуына жеткізеді. Дегенмен, бұл процесс әкімшілдік - әміршілдік басқару жүйесін қайта құруда кездесіп отырған қайшылықтар мен қарсылықтардың нәтижесінде өте баяу жүзеге асуда. Бірсыпыра ғалымдар, саясаткерлер, журналист - публицистер осы жағдайдан шығудың жолын меншікті жаппай мемлекет иелігінен алу және өндірісті жекешелендірумен байланыстырады. Біздіңше бұл ұшқары пікір. Қазіргі кезеңде жаппай национализациялау және ауыл шаруашылығын жаппай коллективтендіру сияқты экономиканың үстінен жасалған зорлық
болар еді. Бүкіл дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, қазіргі заманғы өндіріс белгілі бір мөлшердегі мемлекеттік меншіксіз және мемлекеттің реттеуінсіз сәтті дами алмайды. Бүгінде - қай жерде күшті мемлекет бар, сонда қуатты экономика.
Нарықты экономикаға көшу кезінде ескеретін маңызды жәйт - ол өндіріс құрал-жабдықтарына жеке меншік және кәсіпкерліктің толық еркіндігін заң жүзінде бекіту. Онсыз шын мәніндегі нарықты экономикаға көшудің экономикалық мәні болмайды.
Үшіншіден, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, нарықтың тиімді жұмыс істеу шарттарының бірі - өндіріс қуатының белгілі бір резерві мен бос жұмыскерлердің болуы. Нарықты экономика жағдайында өндіріс қуатының және жұмыскерлердің 100 пайыз қамтылуы мақтаныш арқауы бола алмайды, керісінше ол алаңдатушылық туғызуы қажет. Бұндай жағдай экономиканы маневр жасау кеңістігінен айырады, оның сұранымға икемділігін баяулатады. Сайып келгенде, ондай экономика тауардың жетіспеушілігіне, материалдық игіліктерді қайта бөлуде әкімшілдік әдістердің басым болуына жол береді.
Төртіншіден, нарық механизмінің үзіліссіз қызмет істеуі үшін оның инфрақұрылымын жасау қажет. Оған тауар және қор биржалары, еңбек биржасы, коммерциялық банктер, кәсіпкерлердің ерікті бірлестіктері жатады. Мысалы, капитал нарығының басты институты болып табылатын қор биржасында акцияларды, мемлекеттік облигацияларды, басқа да бағалы қағаздарды сатып алу және сату, валюталық келісім-шартқа отыру, акциялар мен валюталардың нарықтық курсын белгілеу сияқты операциялар жасалады. Сөйтіп, кәсіпкерлік үшін аса қажет қаржы ресурстарының үздіксіз қозғалысын, оларды кәсіпкерлердің шапшаң пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Нарықты экономика жалпылама негіздегі ерекше инфрақұрылым - несие жүйесінсіз жұмыс істей алмайды. Оны коммерциялық, мемлекеттік, инновациялық ( ғылыми-техникалық жаңалықтарды жүзеге асыру үшін берілетін қарыз), ипотекалық жылжымайтын мүліктердің жер, құрылыс кепілдігіне ақшалай қарыз беруші банкілер, сақтық компаниялары, әртүрлі қоғам, ұйымдардың қоры құрайды. Нарық жағдайындағы банк жүйесінің елеулі ерекшелігі - атқарушы әкімшіліктен тәуелсіздігі. Онсыз олар қаржы және салалық министрліктердің қолшоқпарына айналар еді, ал бұндай жағдай үкіметті өзінің бюджет проблемаларын ақшаның эммисиясын көбейту арқылы шешуге мүдделі қылады.
Бесіншіден, нарық механизмінде мемлекеттік қаржы жүйесінің, оның негізін құрайтын орталық және жергілікті бюджеттердің алатын орны зор. Оның ерекшелігі неде? Біріншіден, бюджеттің мөлшері нарықтың қабілеті жетпейтін, сондықтан да мемлекеттің нарық қатынастарына араласуын талап ететін қажетті шекте ғана болуы керек. Әрине, мемлекеттің экономикаға орынсыз араласуына жол бермеу керек, бюджет құралдарын күрделі қаржыға айналдыру тек қана ерекше жағдайда ғана жасалады, және де заң шығаратын органдардың қатаң бақылауында болады.
Екіншіден, нарықты экономикада мемелекеттік бюджеттің шығынын болдырмауды қамтамасыз ету аса маңызды міндет. Егер де мемлекет бюджеттің кірісімен шығысын теңестіруге қолы жетсе, ол экономиканың жоғары тиімділікпен жұмыс жасауының көрсеткіші болар еді.
Алтыншыдан, өндірушілердің өнім өндірудегі және оны сатудағы монополиясына жол бермеу. Нарықты экономиканы бәсеке күресінсіз көзге елестету мүмкін емес. Бәсекені, латын сөзі - конкурро - бәсекелесу нарықтың тең құқылы субъектілерінің арасында тауарларды барынша тиімді өткізу, немесе капиталды белгілі бір өндіріс саласына пайдалы түрде орналастыруға байланысты болатын экономикалық сайыс деп түсіну керек. Бәсекенің болмауы монополизмге әкеліп соқтырады, яғни нарықта кейбір кәсіпорындардың, банктердің, мемлекеттің өздерінің қойған шартына көндіруге тырысқан үстемдігіне жол береді. Нарық субъектілері неғұрлым көп болған сайын бәсекенің тиімділігі де соғұрлым жоғары болады. Батыс елдері мамандарының бағалауынша бір тауар түрінің сатушыларының саны 4-5-тен, ал барынша тиімдірегі 8-15- тен кем болмауы керек. Егер 4 фирма белгілі бір тауар түрінің 80 пайызын өндіретін болса, онда нарық монополияландырылған деп есептеледі. Нарықты экономика және оған көшу жолдры- Орал, 1992, 5 бет..
Нарық жағдайында бәсеке күресінің бірнеше түрлері болады: а таза бәсеке; ә монополиялық бәсеке; б олигополиялық бәсеке; в таза монополия. Нарықтық қатынастар дамыған елдерде жетілген бәсеке ол нарықтық бағаға қарсыластардың ешқайсысы да әсер ете алмайтын жағдайда болады және жетілмеген бәсеке ол егер белгілі
бір тауардың негізгі массасын тек қана бірнеше ірі фирмалар өндіретін жағдайда болады деп те бөледі. Енді жоғарыда көрсетілген бәсеке түрлеріне кеңірек тоқталайық.
Таза бәсеке нарығын бір - біріне ұқсас тауарлардың көптеген сатушылары және сатып алушылары құрайды, олардың бірде - біреуі жеке дара сұранымға бақылау орнатуға, нарыққа тауар жеткізу немесе оған баға қоюда үстемдік жасай алмайды. Сатып алушылар өздеріне қажетті тауарларды нарықтық бағамен еркін сатып ала алатын болғандықтан, сатушылар бағаны нарықтық бағадан жоғары қоя алмайды. Бұндай нарықта пайда болу қалай оңай болса, оны тастап кетуде сондай оңай. Мысалы, АҚШ - тағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің нарығы дәлел бола алады.
Монополистік \грекше монос - жалғыз, полсо - сатамын\ бәсеке нарығын бағаның кең өрісінде сауда жасайтын көптеген сатушылар құрайды. Мұндай мүмкіндік сатушылардың сатып алушыларға алуан түрлі тауарларды ұсыну қабілетімен байланысты болады. Бұйымдар бір - бірімен сапасы, қасиеттері сыртқы безендірілуі, сонымен бірге ілесе жүретін қызметтердің жиынтығы бойынша ерекшеленеді. Сатып алушылар осындай ерекшеліктерді ескере отырып, ондай тауарлар үшін нарықта тіркелген ең жоғары бағаға дейін төлеуге дайын болады. Мұндай нарыққа киімдер нарығы, аяқ - киімдер нарығы, бөшек сауда саласы жақын тұрады.
Олигополияық \грекше олигос - көп емес, полео - сатамын\ нарықты баға белгілеу саясаты мен маркетингтік стратегияға аса сезімтал аз ғана сатушылар тобы құрайды. Олигополиялық нарықтың қатысушыларының көп болмауы көбінесе ондай нарыққа ену жағдайының қиындығымен байланысты. Мұндай нарықтың елеулі белгілерінің бірі - оның қатысушыларының бағаны өсірудің ұзақ мерзімді тиімді нәтижесіне қол жеткізе алмайтындықтарында, себебі бәсекелестері оларды бағаны төмендетуге мәжбүр етеді. Олигополиялық бәсеке жағдайында өнімдер стандартталады немесе дифференцияланады.
Таза монополия жағдайында, жеке кәсіпорындар бәсекелестердің болмауына байланысты өздерінің дара үстемдігін орнықтыруға тырысады. Монополист кәсіпорындар өздерінің экономикалық үстемдігін шаруашылық шарт жасасу, сапасыз өнім шығара отырып оны жоғары бағамен сату арқылы жүзеге асырады. Сөйтіп, көп еңбек сіңірмей - ақ монополиялық жоғары пайда табады. Монополиялық үстемдік ақша - қаржы жүйесінің дағдарысы, жалпылама тауар ашаршылығы кезінде экономиканың ауыр жағдайын мейлінше шиеленістіреді. Көп жағдайда монополист кәсіорындар орасан зор жетіспеушілікті саналы түрде қоздырады, ал ол ақшаның құнсыздануына, оның сатып алу қабілетінің нашарлауына, сөйтіп тікелей зат айырбасының өріс алуына әкеліп соқтырады.
Монополизммен күресу үшін бір - бірімен байланысты екі мақсатты жүзеге асыру керек: экономиканың монополиялық құрылымын жою; заң жүзінде монополияға қарсы саясатты белсенді түрде іске асыру. Бұл арада ескеретін жәйт - монополияға қарсы заңдылық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz