Басқарудың негізгі принциптері, әдістері. Еңбек ұжымының жетекшісі


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАРЫ

КІРІСПЕ3

1-БӨЛІМ. БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ5

1. 1. Мемлекетті басқару түсінігі, функциялары мен ерекшелігі5

1. 2. Мемлекетті басқарудың негізгі әдістері, түрлері мен қағидалары10

ІІ-БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БАСҚАРУ14

2. 1. Қазақстан Республикасының әлеуметтік және экономика салаларын басқару14

2. 2. Шетел тәжірбиесіндегі мемлекеттік басқарудың үлгілері18

ІІІ-БӨЛІМ. ЕҢБЕК ҰЖЫМЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ21

3. 1. Еңбек құқығының ұғымы, пәні, әдісі21

3. 2. Еңбек ұжымдары еңбек құқығының субъектілері ретінде24

ҚОРЫТЫНДЫ26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ28

КІРІСПЕ

Менің курстық жұмысымның тақырыбы - «Басқарудың негізгі принциптері, әдістері. Еңбек ұжымының жетекшісі». Бұл тақырыпты қазіргі таңда нарықтық қатынастар жағдайында кез-келген мемлекеттің ұстанатын саясаты, басқару әдістері мен тәсілдері экономикаға тікелей әсер ететін болғандықтан таңдап алдым. Басқару ұғымы жер бетінде адамзат алғаш пайда болған кезеңде пайда болған. Тарихқа көз жүгіртсек алғашқы қауымдық кезеңнің өзінде-ақ адамдар мен тайпалар арасындағы, рулар арасындағы талас-тартыс, дау-дамайды шешу үшін ақсақалдар билігі болған және сол кезеңде адамдар бір-бірінің жауларынан қорғану үшін, бірге аң аулап, тамақтану үшін біріге бастаған. Осылайша адамдар тобынан тобыр, тобырдан - ру, рудан - тайпа, тайпадан - мемлекет пайда болған. Алайда басқару мемлекет құрылмастан бұрын пайда болған. Сондықтан басқару түсінігі мемлекет түсінігінен де кең әрі тарихы тереңде жатыр.

Алғаш рет мемлекет түсінігін, билік және басқаруды жіктеуді қарастырған Аристотель болатын. Ол Герадот мен Платонның жазбаларына сүйене отырып басқарудың монархиялық, аристократиялық және демократиялық деген түрлерге бөлді. Қазіргі уақытта Ата Заңымыз бойынша Қазақстан - демократиялық, біртұтас, тәуелсіз, зайырлы мемлекет деп жариялап, басқарудың президенттік-парламенттік түрін таңдап алды. Қазақстан тәуелсіз, құқықтық, дербес мемлекет болып өз алдына отау тігіп, өз саясатын жүргізіп жатқан кезде ел билеудің, басқаруды жүзеге асырудың мүмкіндіктерін жан-жақты ойластырып жатқан кезде жастарымыздың басқарудың, басқарудың негізгі қағидалары мен әдістерінің қыр-сырымен танысуының маңызы зор деп ойлаймын.

Курстық жұмыстың өзектілігі: қазіргі нарықтық заман жағдайында басқару өте күрделі әрі ең қажетті ұғымдардың бірі. Себебі басқару болмаған жерде тәртіп болмайды, тәртіп орнамаған жерде мемлекет те бәсекеге қабілетті болмайды, экономикасы әліреп, әлеуметтік жағдайы төмендейді, елде жұмыссыздық жайлайды, қылмыс жасау артады, басқару қолға алынбаған жағдайда мемлекет мүлдем жоғалады немесе басқа елдің жетегінде кетеді деп айтуға болады. Сондықтан еліміздің егемендігін сақтап, тәуелсіз, азат елде өмір сүруіміз үшін, экономикасы жоғары дамыған, бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған елде өмір сүруіміз үшін, басқа елдердің алдында еңсемізді түсірмей, қазақтың көк туын жоғары көтеріп мақтанышпен «Мен - Қазақпын!» деп айта алуымыз үшін басқару түсінігі өте өзекті деп айта алар едім. Кез-келген адамның жақсы өмір сүргісі келеді: әдемі үй, қымбат машина, әлемге әйгілі озық техникаға қол жеткізу немесе Стив Джобстың таңдамалы туындысы - Apple өнімдерін күнделікті өмірде қолдану барлық адамдардың арманы екені сөзсіз. Ал егер басқару жүйесі нашар, артта қалған елде өмір сүретін болсаңыз сіз бұлардың ешқайсысына қол жеткізе алмайсыз. Сондықтан басқару- бұл ең қажетті, маңызды тақырыптардың бірі!

Курстық жұмыстың мақсаты: басқарудың ұғымын кең мағынада қарастырып, мемлекетті басқарудың негізгі қағидаларын ашып көрсету болып табылады. Мемлекетті басқаруда қандай әдістерді қолдану керек, қандай саясатты ұстану керек, нарықтық жағдайдағы экономиканы басқарудың әдіс-тәсілдерін қарастыру мақсаты қойылған.

Курстық жұмыс құрылымы үш бөлімнен құралады. Бірінші бөлімде басқарудың теориялық аспектілері қарастырылған, яғни бұл бөлімде басқарудың пайда болу кезеңінен бастап қандай әдістер, қағидалар қолданылғаны, қандай функция атқаратыны туралы айтылады.

Екінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару туралы қарастырылады, соның ішінде ең маңыздысы - экономиканы және әлеуметті басқару туралы кеңінен айтылады.

Өмір бір орында тұрмайды және көштен қалып қоймас үшін, әрқашан экономиканы жетілдіріп отыру үшін, халықтың әл-ауқатын арттыру үшін басқарудың ескі әдістеріне сүйеніп, бір саясатты қолдану тиімсіз болып табылады. Сондықтан басқаруды үнемі жетілдіріп отыру қажет, шетел мемлекеттерінің тәжірбиесінен сабақ алып, басқару әдістерін жетілдіру жолдарында ұтымды ұсыныстар жасалынып, құқықтық базасы қабылдануы керек деп ойлаймын. Осы туралы толығырақ ақпаратты үшінші бөлімнен көруге болады.

1-БӨЛІМ. БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1. Мемлекетті басқару түсінігі, функциялары мен ерекшелігі

Мемлекетті басқару дегеніміз белгілі бір шекарада қалыптасқан халықты басқару, сол мемлекеттің өзінің құқықтық базасын қалыптастыру, мемлекетті басқаратын органдар мен аппаратты құру болып табылады. Мемлекеттік басқару туралы ғалымдардың еңбектерінде әр түрлі көзқарастар жазылған.

Мемлекеттік құрылыс және құқық салассының белгілі ғалымы Г. В. Атаманчук мемлекеттік басқарудың мынадай анықтамасын береді: мемлекеттік басқару - мемлекеттің ұйымдарға, адамдардың тәртіптері мен іс-қимылдарына, олардың ұжымдарына біртұтас қоғамға тікелей ықпал етуге бағытталған, ғылыми негізделген, жоспарланған, ұдайы және құқықтық нысанда жүзеге асырылатын қызмет.

Мемлекеттік басқару заңға сәйкес және заңның орындалуы негізінде жүзеге асырылады. Қандай да мемлекеттік басқару қызметінің түрі болмасын тек заңдарды орындау, тікелей бұлжытпай орындау арқылы атқарылады. Ал қажет болған жағдайда мемлекеттік басқару органдары қабылданған заңдар негізінде және сол заңдарды нақтыландырып іс жүзінде жүзеге асыруға арнап өз нормативтік актілерін шығарады. Бұл заңға сәйкес нормативтік актілерін өз аялары бойынша орындауға міндетті болады. Кейбір кездерде мемлекеттік басқару органдары заңмен реттелмеген қоғамдық қатынастарды өз өкілеттіліктерінің шегінде шығарылған актілерімен реттей алады. Сонымен қорыта айтсақ, мемлекеттік басқару дегеніміз мемлекеттің міндеттері мен функцияларын орындау барысында арнайы өкілетті мемлекеттік басқару органдарының заңға сәйкестендіріліп және сол заңдардың негізінде жүргізілетін ұйымдастыру және атқару- өкім ету қызметтері.

Мемлекет және құқық теориясы, құқықтану саласының көрнекті ғалымы Алексеев С. С. Өз еңбегінде мемлекеттік басқару жөнінде былай деп айтқан болатын: мемлекеттік басқару мемлекеттің, оның органдары мен мекемелерінің қоғам жүйесіне немесе оның аяларына мақсатты бағытта ықпал етуі. Сондықтан биліксіз әлеуметтік басқару болмайды деген тұжырымның негізі бар екенін көреміз. Мемлекеттік басқарудың мына келесідегідей өзіне тән ерекшеліктері бар:

мемлекеттік басқару саяси сипатта болғандықтан басқару жөніндегі негізгі салмақ мемлекетке түседі. Мемлекет мемлекеттік-құқықтық, техникалық- ұйымдастырушылық және тағы басқа да басқару құралдарына арқа сүйей отырып қоғамды басқаруды орындайды;

мемлекеттік басқару құқықтық нысанда жүзеге асырылады;

мемлекеттік басқару ғылыми негізге сүйенеді.

Алексеев С. С. мемлекеттік басқару өзара тығыз байланысқан басқару сатыларынан тұратын ұдайы процесс деп айта келіп, сондай-ақ осы саладағы органдардың басқару қызметтерінің ерекшеліктерін ескере отырып, төмендегі басқару сатыларын бөліп шығарған:

басқару шешімін қабылдауға қажетті ақпараттарды жинау, өңдеу және талдау;

басқару шешімін дайындау және қабылдау;

шешімді атқаруды ұйымдастыру;

есептеу және бақылау.

Басқару қоғамдағы адамдар өмірінің маңызды жағы ретінде көрініс табады. Себебі ол әлеуметтік сипатта болады

Сондықтан басқаруға әлеуметтік процесс тұрғысынан қарасақ, оның маңызы өте терең, ерікті және саналы бастамасы бар екенін байқаймыз.

Алғашқылардың бірі болып басқару ісіне жеткілікті деңгейде көңіл бөлген К. Маркс болатын. Қоғамдық өндіріс процестерін талдау барысында К. Маркс басқару дегеніміз «еңбектің қоғамдық прпоцесінен туындайтын айрықша функция» деген қорытындыға келген.

Осыған орай ол адамдар айтарлықтай рөл атқаратын әлеуметтік басқаруды дұрыс түсіну негіздерін қалыптастырды.

«Кез-келген қоғамдық немесе бірігіп атқарылатын жұмыс, бірігіп жұміс атқаратын адамдар тобы азды-көпті басқаруды қажет етеді. Жеке скрипкашы өзін-өзі басқара алады, ал оркестр дирижердың басқаруын қажет етеді» деген жолдардан басқарудың қажеттілігінің анық мысалын көре аламыз.

Адамдардың бірігіп жасаған әрекеттері, іс-қимылдары ұйымдастыруға әкеліп саяды. Ұйымдастыру бірінші кезекте, адамдардың бірігіп жұмыс істеулеріне қажетті бірлесу болып табылады. Басқаша көзқараспен сипаттағанда басқаруды біріккен адамдардың өздеріне тиісті жұмыс, қызметтерін атқаруларымен байланыстырамыз. Демек, ұйымдастыру (басқару) тек адамдардың бірігуімен ғана шектеліп қоймай, сонымен қатар олардың өз қызметтерін жүзеге асыру тәртібін де қамтиды. Басқарудың негізгі міндеттері адамдардың бірлескен қызметтерін ұйымдастырумен байланысты болғандықтан, олардың өзара іс-қимылдарын әртүрлі бірлестіктермен және қызметтерінің бағыттарымен нысаналай отырып қамтамасыз ету мәселелері туындайды. Осы жайында К. Маркс «администрация есть организующая деятелность государства» деп айтқан болатын 7 . Сонымен басқаруға әлеуметтік функция ретінде ұйымдастырушы сипат тән болады. Ұйымдастырудың бұл маңызды көрінісі бірлесіп қызмет атқарушылардың өз функцияларын орындаумен қатар дербес жұмыстардың арасындағы ауыз бірліктен, келісімнен тұрады.

Іс жүзінде басқару өзінің мәні бойынша жұмыс істеу бағдарламасын жасау, оны қажетті материалдармен қамтамасыз ету, бірлесіп еңбек етушілердің арасында жалпы міндеттерді бөлу, ұжымдардың әрекеттері мен күштерін біріктіруге ат салысу және олардың күнделікті қызметтерін реттеп отыру, сондай- ақ барлық атқарылатын қызметтердің алға қойған міндеттерге сай болуына қадағалау жүргізу болып табылады. Осы бағыттар бойынша барлық бірлескен қызметке қатысушыларды жалпы нысаналы мақсатқа жетуді көздеп бағындыруды қамтамасыз ету жүзеге асырылады.

Басқару функциясын атқару үшін басқару субъектісі қажетті билікке ие болуға тиісті. Сондықтан бұл жерде «билік ету- бағыну» қатынастары туындайды.

Билік жүргізу басқарудың белгісі ретінде әртүрлі нысанда болады. Үкімет билігі әлеуметтік процестерді реттеу құралы болып табылады. Козлов Ю. М. басқаруды әлеуметтік функция деп қарастырсақ, онда оны былайша сипаттауға болады дейді:

басқару тек адамдардың бірлескен іс- қимылдарын жүзеге асыратын жерден орын алады;

басқару адамдардың бірлескен іс- қимылдарын біріктіру және олардың жүріс- тұрыстары мен іс- қимылдарын келістіру арқылы нысаналы мақсатқа бағыттап қамтамасыз етуге ат салысады;

басқару бірлескен қызметке қатысушыларды басқарушының бірыңғай еркіне бағындыру бастамасы ретінде жүзеге асырылады.

Сонда басқару деп өктем- ұйымдастырушы функцияларды жүзеге асыруды айтамыз. Әлеуметтік басқару негізінде екі бағытта жүзеге асырылады: мемлекеттік басқару және қоғамдық басқару. Демек, мелекеттік басқару әлеуметтік басқарудың айрықша түрі болып табылады. Басқару саяси сипатта болады, сондықтан ол мемлекеттің мүдделері мен міндеттеріне қызмет етеді. Мемлекеттік сипаты мына жайлардан көрініс табады:

басқаруды жүзеге асыру кезінде мемлекет мүддесі көзделеді;

басқару функцияларын мемлекет еркіне сай қалыптастырылған арнайы субъектілер жүзеге асырады;

осы субъектілер мемлекет атынан қызмет атқарады;

оларға қажетті мемлекеттік- өктем сипаттағы өкілеттілік беріледі.

Кейде барлық мемлекеттік органдардың қызметі, барлық мемлекеттік қызмет басқару деп саналады. Мемлекет ауқымындағы және мемлекет атынан жүзеге асрылатын басқарушылық функцияларының өзіне тән белгілері мен ерекшеліктері мыналар:

Мемлекттің Конституциясында белгіленген мемлекеттік маңызы бар басқару сипатындағы мәселелер шеңбері;

Мемлекет аумағында басқару функцияларын жүзеге асыратын арнайы аппаратты, яғни мемлекеттік басқару органдарын қалыптастыру. Осыған орай мемлекеттік басқаруды кез- келген мемлекеттік орган емес, тек қана арнайы құрылатын атқару және жарлық беру органдары жүзеге асырады;

Мемлекеттік басқарудың дербес мақсаты-атқару қызметін жүзеге асыру. Атқару дегеніміз заңдар мен заңға сәйкес актілердің күнделкті және басқа жағдайларда іске асырылуы;

Мемлекеттік басқарудың белгілі бір материалдық базасы болады. (Бұл жерде айта кететін жай атқару билігіоргандарының бәрінде материалдық база бола бермейдіі. Мысалы: сот билігінде және т. б. )

Мемлекеттік басқару тек кәсіпорындар мен ұйымдарды басқару ғана емес, сонымен қатар мемлекет аумағының барлық түкпірінде, яғни заң талаптарына бағындыруға қажеттілік туындаған жерлерде атқарылатын қызмет;

Мемлекеттік басқару дегеніміз ұйымдастырушы қызмет. Басқару процесінде адамдардың қызметі ұйымдастырылады, олардың арасында қатынастар құрылады.

Мемлекеттік басқару тар мағынада заңды- өктем сипаттағы қызмет болып табылады. Өйткені бұл қызмет- әкімшілік қызмет.

Мемлекеттік басқару заңға сәйкес қызмет болып табылады. Атқару қызметтерінің бағытын, бағдарын тек заң белгілейді, яғни заң нормалары нақты жағдайларда қолдланылады. Заңға сәйкестіктің бір көрінісі мемлекеттік басқару аясында, мемлекеттік басқару органдары қабылдайтын нормативті актілердің негізінде және соларды орындау мақсатында шығарылады.

Қорыта келіп айтсақ, мелекеттік басқару дегеніміз шаруашылық, әлеуметтік- мәдени және әкімшілік- саяси құрылыстарды тікелей және күнделікті басқару процесінде заңдарды орындау жөніндегі заңға сәйкес, мемлекеттік - өктем ұйымдастырушы қызмет.

Мемлекеттік басқарудың функцияларына тоқталсақ, бұл жөнінде пікірталастар өте көп. Көптеген ғалымдардың айтуы бойынша, олардың ішінде Афанасьев В. Г., Козлов Ю. М., Бачило И. Л., көбінесе басқару процесіне тән функцияларды бірқатар жағдайларда лауазымды адамдар мен нақты басқару органдары атқаратын функцияларымен шатастырады.

Функциялардың көмегімен қандайда болмасын басқару органдарына тән қызметтері жүзеге асырылады. Олар: 1. болжалдау; 2. жоспарлау; 3. ұйымдастыру; 4. басшылық ету; 5. реттеу; 6. бақылау. Осы функциялар жалпы басқару қызметінің бәріне тән болса, бұлардан басқа арнайы функциялар болуы мүмкін. Олар басқару органдарының ерекшеліктеріне байланысты белгіленеді. Мысалы, әдістемелік және техникалық басшылық ету, техниканы бақылау, іс жүргізу, заң кеңесін беру, т. б.

Басқару функциялары негізгі және қосалқы функциялар болып топтастырылады. Негізгі функциялар мемлекеттік басқарудың мәні, маңызымен тығыз байланысқан басқарушы қызметтің түрлері болып табылады және олар тиісті объектілерге мақсатты, бағдарлы түрдегі басқарушы ықпал етуді жүзеге асырады. Негізгі функциялар жалпы және мамандандырылған болып екіге бөлінеді.

Жалпы функциялар объективті түрде қандай да болмасын басқару процесінде болады. Жалпы функцияларсыз басқару процесі жүргізілмейтіні белгілі. Осы функцияларға мыналар жатады:

жоспарлау;

ұйымдастыру;

басқару; басшылық ету;

жарлық беру;

бақылау.

Ал мамандандырылған функциялар объектінің өзіне тән айрықша ерекшеліктерін және оған ықпал ететін басқарушы қызметті көрсетеді.

Басқарудың қосалқы функциясы жалпы және мамандандырылған функциялар шегінен шықпай басқару процесіне қызмет етуге арналған. Мысалы: іс жүргізу, заңды кеңес беру, шаруашылық қызмет көрсету, т. б.

Басқару функциялары іс жүзінде басқару органдарының тиісті іс- қимылдарына жүргізіледі. Басқару функцияларына байланысты басқару теориясы басқарушы ықпал жасау әдістерін алға шығарады. Мемлекеттік басқару процесінде бұл әдістер мемлекет атынан, оның тапсырмасы мен мүддесін көздей отырып пайдаланылады.

Бұл әдістерден мемлекеттік басқару органдарының мемлекеттік- өктем өкілеттіктері көрініс табады. Мемлекеттік басқарудың мақсаттары мен функциялары өзара шарттас. Мемлекеттік басқару функциялары мемлекеттің қоғамдық функцияларымен тығыз байланысты және олар мемлекеттің қоғамдық функцияларының жүзеге асу жолдарын көрсетеді. Егер мемлекеттің қоғамдық функциялары мемлекеттің қоғамдық табиғаты мен оның ролі неде екенін ашып берсе, мемлекеттік басқару функциялары оның қалай және қандай жолдармен іске асатындығын көрсетеді. Мемлекеттік басқару функциялары басқарудың тұтас субъектісі ретінде мемлекеттің өзара байланыстарын сипаттайды және ашып береді. Мемлекеттік басқару функциялары:

ішкі функциялар, бұл мемлекеттік басқарушы жүйенің ішіндегі басқаруды білдіретін функция. Олардың болуы мемлекеттің көпдеңгейлілігімен, түрлі компоненттілігімен байланысты. Басқарудың бұл функциясының мақсатты бағдарлануы әрбір мемлекеттік органға динамикалылық пен заңдылықты берумен байланысты;

сыртқы функциялар бұл мемлекеттік органдардың қоғамдық процестерге ықпал ету процесі.

жалпы функциялар ( ішкі және сыртқы), бұлар мемлекеттік басқарудың негізгі объективті қажетті өзара байланыстарын білдіреді. Жалпы функциялар ішінде түрлі функцияларды бөліп көрсетуге болады. Р. М. Фалмер жоспарлау, ұйымдастыру, орындау, бақылау туралы жазады

К. Киллен жоспарлау, ұйымдастыру, жетекшілік, ынталандыру, бақылауды бөледі 1 ; Г. Кунц, С. О , Доннел - жоспарлау, Ұйымдастыру, жетекшілік пен лидерлікті көрсетеді 2 . Әрекеттердің тізбектілігі мен сипаты бойынша басқарудың жалпы функцияларына келесілерді енгізуге болады: ұйымдастыру, жоспарлау, реттеу, кадрлық қамтамасыз ету мен бақылау.

мемлекеттік басқарудың арнайы функциялары жеке ықпалдың ерекше мазмұнын білдіреді. Ол басқаруда өзара әрекеттесуші компоненттердің көп түрлілігімен шарттас. Олар әдетте жеке салаларда, сфераларда, мемлекеттік басқарудың бөліктерінде іске асырылады. Арнайы функциялар басқарылатын объектілердің түрлері бойынша бөлуге болады. Мысалы: қаржыландыру, инвестициялау, лицензиялау, еңбек пен жалақыны реттеу т. б.

Әкімшілік құқық саласының белгілі ғалымы Бахрах Д. Н өз еңбегінде мемлекеттік басқару жөніндегі жаңа тұрғыдан қалыптасқан көзқарастарын былайша түсіндірген: мемлекеттік билік әлеуметтік биліктің бір түрі болып табылатындықтан оның өзіне тән ерекшеліктері болады:

әлеуметтік басқарудың құралы болып табылады;

ол адамдардың арасындағы, олардың өз еріктерімен сана сзімдері бар адам немесе ұжым болып табылатын субьектілері мен обьектілері арасындағы қатынастарды көрсетеді;

бұл өктем ерік білдіру үстемдігін қамтамасыз ететін қатынас болғандықтан субьектінің басқа адамның еркіне, тәәртібіне тигізетін қабылетімен байланысты болады;

Билік әртүрлі ерекше құралдар мен әдістердің жүйесінің күшімен жүзеге асырылады.

Мемлекеттік басқарудың өзіне тән тағы мынадай ерекшеліктері бар. Олар:

Мемлекеттік басқару - осы аядағы басқару органдарының, яғни тек басқару жөніндегі мемлекет тарапынан уәкілдік берілген өкілетті мемлекеттік органдардың күшімен жүзеге асырылады.

Мемлекеттік басқарудың негізгі бағдар- бағыты, басқару ісінің негізгі мән- маңызы - атқару-жарлық беру қызметтері. Бұл қызметтер мемлекеттің алға қойған міндет- мақсаттарын орындау үшін шығарылған заңдарды іс жүзінде іске асыру, сол заңдардың орындалуын көздеп және солардың негізінде (белгіленген шеңберден шықпай) атқарылатын іс- қимылдары болып табылады. Атқару мемлекеттік басқарудың басты және өзіне тән белгісі ретінде көрініс табады. Сонда атқару дегеніміз мемлекеттік басқару қызметін мемлекет тарапынан қабылдаған заңдарға немесе басқа да заң күші бар нормативтік актілерге сай, соларға негіздеп іс жүзінде іске асыру;

Мемлекеттік басқару мемлекеттік- өктем сипаттағы қызмет болып табылады. Басқару істері өздеріне бағынышты салалар мен объектілерді басқарушылардың өз өкілеттіктері шеңберінен шықпай өктем- бұйрық беру, яғни жарлық ету арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік- өктем, яғни өктем- ұйымдастыру түрінде жүргізілетін биліктің көрінісі болып табылады;

1. 2. Мемлекетті басқарудың негізгі әдістері, түрлері мен қағидалары

Мемлекеттік басқарудың нақты әдістері екі топқа бөлінеді:

экономикадан тыс ықпал ету әдістері, яғни басқарылушы объектілерге міндетті шешімдерді қабылдау арқылы басқару функциясын іске асыру;

экономикалық ықпал жасау әдістері- бақылаушы объектілердің материалдық жағдайларына тиісті мөлшерде әсер ету арқылы басқару функциясын жүзеге асыру.

Мемлекеттік басқару, оның функциялары мен әдістері өздерінің объектісі ретінде адамдардың іс- қимылдары мен тәртіптерін білдіреді. Осыған байланысты басқарушы қатынастарда тұрақты қатысатын мына ұйымдық - құқықтық категорияларды бөліп шығаруға болады:

адамдардың әртүрлі ұжымдары;

өндірістік- техникалық және басқа да кешендер- бірлестіктер, кәсіпорындар т. б.

мемлекеттік басқару салалары;

мемлекеттік басқару аялары;

мемлекеттік басқару облыстары.

Мемлекеттік басқару функциялары мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға, сондай- ақ азаматтарға байланысты жүзеге асырылады.

Осыған орай басқарушы сипаттағы қоғамдық қатынастарға әсер ететін жалпы механизм ішінен мына қызметтерді бөліп көрсетуге болады:

мемлекеттік заңды тұлғаларға басшылық ету жөніндегі қызмет;

мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жұмыстарын мемлекеттік реттеу және олармен байланыстарды дамыту жөніндегі қызмет;

азаматтардың заңды мүдделері мен мұқтаждықтарын қанағаттандыру және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі қызмет.

Мемлекеттік заңды тұлғалар тұрғысында орталықтандырылған басшылық және тікелей басқару жүзеге асырылады. Орталықтандырылған басшылық тікелей емес өзара қатынастар туындатады. Бұл жерде басшылық ортадағы звенолар арқылы жүргізіледі. Ал тікелей басқару кезінде басқару органы заңды тұлғалар - басқарушылармен тығыз, тікелей байланыста болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп мұғалімінің тәрбие жұмысы
Менеджмент әдістерін қалыптастырудың жалпы ғылыми принциптері
Ұжымдық рефлекция
Кәсіптік педагогика пәнінен дәрістер жинағы
Кітапхана ұжымының әлеуметгік-психологиялық сипаттамасы
Ұжымның даму кезеңдері
Тәрбиенің инновациялық, интерактивті әдістері және тәрбие технологиясы
Ұжым және тұлға
Кітапхана ұжымын басқарудың психологиялық негіздері
Кітапхана ұжымын басқарудың психологиялық ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz