Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің қалыптасуы


ЖОСПАРЫ
КIРIСПЕ3
І-БӨЛІМ. САЛЫҚТЫҢ МӘНI, ФУНКЦИЯСЫ5
1. 1. Салық ұғымы, тарихы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні5
1. 2. Салықтың элементтерi, қызметi9
ІІ-БӨЛІМ. ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУ ҚҰРАЛЫ12
2. 1. Салық- экономиканы реттеу құралы12
2. 2. Салық салудың принциптері мен түрлері13
ІІІ-БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЛЫҚ РЕФОРМАЛАРЫ16
3. 1. Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің қалыптасу кезеңдері16
3. 2. Салық алуды ұйымдастыру20
3. 3. Қазақстан Республикасының салық түрлері. 22
3. 4. Қазақстан салық жүйесіндегі кейбір мәселелер және оны шешу жолдары. 25
ҚОРЫТЫНДЫ29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР31
КIРIСПЕ
Қазiргi заманда кез - келген экономикалық жүйенiң қалыпты жағдайы да жұмыс iстеуiне жағдай жасауда мемлекеттiң маңызы зор. Мемлекет құралғаннан бергi тарихы барысында тәртiптi, заңды сақтау, ұлттық қауiпсiздiктi ұйымдастыру мiндеттерiмен қатар, нарыққа өту жағдайында экономикалық салықтық реформалардың негiзгi мақсаты елiмiзде тиiмдi салық жүйесiн құру. Елiмiз тәуелсiздiк алғаннан берi мемлекетiмiз әртүрлi реформаларды басынан өткердi. Салық жүйесiнде айналып өткен жоқпыз. Өз салық жүйемiздi қазiргi кезде ретке келтiрiп, аяғынан тiк тұрғыздық, бiрақ әлiде көптеген кемшiлiктерi бар.
Салықтар нарықты экономиканы реттеудiң ең тиiмдi нысаны болып табылады. Салық негiзiнде құрылатын мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне қарай, мемлекеттiң кәсiпкерлiкпен айналысуының және әлеуметтiк - кепiлдiк қызметiнiң мүмкiндiгi белгiлi болады. Салық мөлшерiмен заңды құқығы бар мекемелер мен жеке адамдардың кәсiпкерлiк белсендiлiгi, төлем қабiлетi бар сұраныс көлемi реттеледi.
Салық саясаты аса нәзiк және күрделi аспап, ол жеңiлдiктер мен жазалау шаралары арқылы шаруашылық қызметтiң барлық жақтарына нысаналы түрде әсер етедi. Нарықтың экономикасы дамыған елдерде салықтардың тiзiмi бiрнеше бетке сыйып кете алады, ал жеңiлдiктер мен жазалау шаралары, оларды пайдалануға түсiнiктемелер тұтас томдарды алып жатады.
Нарық қатынастары дамыған елдерде салық мемлекет қазынасын толтыруға қызмет ете түседi. Экономикалық мазмұны жағынан салықтар - бұл заңды белгiленген ретпен тұрғындардан, кәсiпорындар мен мекемелерден алынатын мiндеттi төлемдер жүйесi.
Салықтар мемлекеттік бюджеттің ең мол түсім көздері болғандықтан олар қандай да болмасын мемлекеттің өсіп өркендеуінің материалдық негізі болып есептелінеді. Сондықтан салықтар мақсатының басты бағыты бюджетке кірістерді тарту арқылы мемлекеттің қазынасын қалыптастыру және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, сондай-ақ саяси құрылыс бағдарламаларын ақшалай қамтамасыз ету болып табылады.
Бұл жерде мемлекетті қоғамның саяси жүйесінің субъектісі екенін ескерсек, оның қызмет аясы тек қана өз ақшалай мәселілерін шешіп қоймай, сонымен қатар қоғамның да ақшалай инфрақұрлымын құруға бағытталған. Сонымен салықтық қызметті жүзеге асыру кезінде, мемлекет бір уақытта екі сипатта болады: саяси жүйенің субъектісі ретінде және мемлекеттік бюджетке жұмылдырылған ақша қаражаттарының меншік иесі ретінде.
Мемлекеттің салықтық қызметі мемлекеттің фискалдық саясатын жүзеге асыру құралы ретінде және түбегейлі реформаларға байланысты алдыңғы қатарға шығып отыр. Мемлекеттің салықтық қызметінің өзекті бағыты салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеу екенін қабылданып жатқан салық заңдары айғақтайды. Салықтық қызметтің құқықтық негіздері болып табылатын салық заңдарының дәстүрлі қалыптасқан ұтымды көрінісі салық міндеттемелерін мұқият айқындау болып саналады және осы салық міндеттемесінің нысанына үш іс-қимыл жатады:
1. Салық төлеушінің өзінде салық субъектісі бар екенін хабарлау;
2. Мемлекет қарамағына өтетін салықтардың сомасын есептеп шығару;
3. Тиісті салықтарды төлеу. Бұл жерде ескеретін бір жәйт, нарықтық экономиканың жеке меншікке негізделіп қалыптасуына орай, салықтық заңдарды, салықтық қызметтің басты әдістері мен бағыттарын жете білу және осы аядағы өздерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау тәсілдерін меңгеру меншік иесі болып табылатын салық төлеушілерге пайдалы әрі тиімді.
І-БӨЛІМ. САЛЫҚТЫҢ МӘНI, ФУНКЦИЯСЫ
1. 1. Салық ұғымы, тарихы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні
Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар - бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер. Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады. Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі - ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік -экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцйяларымен айқындалады. Белгілі философ Френсис Бэкон салықтарды төлеу - әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-ші бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, - деп жазылған.
Салықтарды ежелден салық жүктемесін (салық ауыртпалығын ) бөлудің екі қағидаты қалыптасқан:
пайда (алынған игіліктер ) қағидаты;
«қайыр көрсету» (төмен қабілеттілігі ) қағидаты.
Алынған игіліктерге және төлем қабілеттілігіне салық салудың қағидаттарын пайдалану салық мөлшерлемелерін белгілеуге және табыстың өсуіне қарай олардың өзгеруіне саяды.
Салықтың Ұтымды ұйымдастырудың классикалық қағидаттарын бұрын Адам Смит ұсынған еді. Олар мынаған саяды:
салық салық төлеушінің әрқайсысының табысына сәйкес алынуы тиіс (әділеттілік қағидаты) ;
салықтың мөлшері мен оны төлеу мерзімі алдын ала және дәл анықталуы керек (анықталық қағидаты) ;
әрбір салық салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және әдіспен алынуы тиіс (қолайлылық қағидаты) ;
салықты алудың шығындары өте аз юолуы тиіс (үнем қағмдаты) .
Бұл қағидаттарды пайдалану салық салудағы зорлық-зомбылықты жоқ етті, бұл процеске реттемелеуді енгізді және Адам Смитке «салықтар - оны төлейтіндерге құлшылықтың нышаны емес, бостандықтың нышаны» деп қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Салық салудың кейінгі даму барысында қағидаттардың тұжырымдамалары дәлденді, толықтырылды.
Салық төлеуші салық заңнамасына сәйкес салықтың міндеттемелерін толық көлемінде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті. Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төламдер айқын болуға тиіс. Салық салудың айқындығы салық төлеушінің салықтың міндеттемелері туындауының, орындалуынынң және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін салық заңнамасында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.
Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер ресми басылымдарды міндетті түрде жариялануға жатады.
Салықтардың әлеуметтік- экономикалық мәні мен мазмұны олар атқаратын функцияларда толық ашыла түседі. Жалпы қаржы категориясы тұрғысынан салықтар қосалқы категория болып табылатындығын есте ұстаған жөн, сондықтан қаржыға қатысты салықтардың функцияларын қаржының бөлгіштік функциясының құрамдас қосалқы функциясы ретінде қарастырған жөн. Қазіргі кезде салықтар фискалдық, реттеуші және қайта бөлу сияқты негізгі үш функция орындайды. Бұлардың әрқайсысы осы қаржы категориясының ішкі белгілері мен өзіндік ерешеліктерін білдіреді.
Фискалдық функция - барлық мемлекеттерге тән негізгі функция. Оның көмегімен бюджеттің кірістерін толтыра отырып, экономиканы, әлеуметтік- мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамассыз етеді.
Салықтардың реттеуші функциясы мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюымен байланысты пайда болады. Ол ұлттық шаруашылықтың дамуына қабылданатын бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді. Бұл орайда салықтардың нысандарын таңдау, олардың мөлшерлемелерінің, алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктер мен шегерімдер пайдаланылады. Бұл реттеуіштер қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымы мен үйлесісіміне, қорлану мен тұтыну көлеміне ықпал етеді.
Қайта бөлу функциясы арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекеттің қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс- әрекетінің ауқымы жалпы ішкі өнімде салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады; ол ұлттық табыстың мемлекеттендірілу дәрежесін көрсетеді: бұл үлес 1997 жылы - 19, 7%, 1998 жылы - 16, 6%, 1999 жылы-17, 4%, 2000 жылы- 22, 6%, 2001 жылы-22, 2% болды (салыстыру үшін: Украйнада-29%, Ресейде -33 %) . (Қ. Қ. Ілиясов, С. Құлпыбаев // Қаржы // Алматы, 2003, бет 214) .
Мемлекет салық саясатын - салық саласындағы шаралар жүйесін қоғамның оның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізіледі.
Нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайындағы салық саясатының негізгі бағыты тұтынудың орталықтандырылған қоғамдық қорлары арқылы халықтың нақты табыстарының едәуір бөлігін қалыптастырудың өзін ақтамаған қағидатынан бас тарту болып табылады. Бұл еңбек белсенділігінің күшеюіндегі экономикалық ынталылықтың уәждемелік механизмі арқылы халықтың еңбекке жарамды бөлігінің табыстарын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік жасайды. Салық жүйесі арқылы қоғамның еңбекке жарамсыз мүшелерінің неғұрлым тиімді және берік әлеуметтік қорғалуы қамтамасыз етіледі.
Салықтың мәнiн түсiну үшiн олардың болу мағынасы және салық төлемдерiнiң негiзгi түйiнiн бiлу қажет. Салықтардың пайда болуының саяси және әлеументтiк - экономикалық себептерiн қарастырған кезде олар мемлекет тарапынан туындағанын байқау қиын емес. Олардың негiзгi мақсаты: мемлекетке қажеттi қаражатты алу. Олар өз кезiнде осы мемлекеттiң өмiр сүруiнiң және қызмет етуiнiң материалдық негiзi болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, салық төлемдерiнiң қойылған негiзгi мақсаты - мемлекеттiң табыстар құрылуындағы өз қажеттiлiктерiн қанағаттандыру. Салықтың пайда болуының үш кезеңi бар :
1991-1995 жж. Бұл аралықта салық реформасы және негiзгi салық заңын құрылды. Олар : жер салығы туралы заң 1991 жылы қаңтардың 17, бағалы қағаздар салығы туралы заң 1991 қаңтардың 24, Қазақстан республикасының салық жүйесi туралы заң 1991 жылы қаңтардың 25, кәсiпорынға салық салудағы кәрәстер мен шығыстер туралы заң 1994 жылдың 12 ақпанында салық жүйесiнiн құрылуында маңызды атқарды ;
Қақастан Республикасының Президентiнiң қаулы бойынша, бюджетке төленетiн салық және басқа да мiндеттi төлемдер 24. 04. 95;
Қазақстан Рспубликасының Кодексiнде бюджетке төленетiн салық және т. б мiндеттi төлемдер 26. 06. 01.
Салықтың қаржылық мақсатына келетiн болсақ, ол негiзiнен мемлекеттiң шығышдарын жабу үшiн арналған - бұл оның қаржылық мақсаты, сонымен қатар салықтың басқа да мақсаттары болуы мүмкiн, мысалы: экономикалық және әлеуметтiк. Салық - бұл төлем, яғни бiр адамның екiншi адамға қаражаттың қозғалысы. Салықтың бұл қасиетi төлем кезiнде мемлекетпен қойылған мақсата жеткiзуге әсерiн тигiзедi. Дәлiрек айтқанда, ұлттық табыстың динамикалық турде қалыптастырады. Бұл нәтижесiнде мемлекет қосалқы ақша ресурстардың иесi болады.
Салық - бұл ақшамен байланысты белгiлi бiр iс - әрекет. Ол әр - қашанда анықталған болу қажет. Яғни төлем сомасы мен салық мiндеттiлiгiнiң көлемi ертеден-ақ белгiлi және тұрақты болуының маңызы зор.
Салық - бұл тең құқылы төлем. Салықты төлеу мiндетi конституцияда белгiленген, бұл оның айыппұлдан айырмашылығы. Қазақстан Республикасында салықты төлеу мiндетi конституциялық түрде жарияланған. Қазақстан Республикасы конституциясының 35-шi бабының бекiтуi бойынша заңмен белгiленген салық төлемдерi елдегi әр азаматтың мiндетi болып табылады.
Салық - бұл анықталған төлем. Салықты төлейтiн адамға төлеу сомасын есептеп, оны салық заңдарындағы методикасы бойынша анықтауға құқық берiледi. Салық төлемдерiнiң анықталуы адамның жеке басын мемлекеттен немесе оның бөлек органдардан негiзделмеген айыптардан қорғайтын құқықтық гарантиясы болып саналады.
Салық - бұл мiндеттi төлем. Бұл салық төлемдер мемлекетке төленетiн еркiн төлемдер арасындағы айырмашылығы болады. Ел азаматтарымен төленетiн салық мiндеттiлiгi мемлекеттiк бюджетке ақша ресурстардың бiрқалыпты және тұрақты әкелiнуiн қамтамасыз етедi.
Салық - бұл қайта оралмайтын төлем. Яғни салықты төлейтiн адам, ақшаның қайта берiлмейтiнiн ескере отырып төлеуi керек. Бұл адам салықты ақша ретiнде төлегенде, ақшасы ешқашан қайта берiлмейдi және бұл ақшаны мемлекеттен қайта қажет етуi болмайды. Салық толықтырмалы төлем болып есептелiнедi. Яғни адамның салықты төлегенi үшiн бұған ешқандай көмек немесе орнына тауар, әр түрлi қызметтер қолданылмайды. Салық үнемi әкелiнетiн ақша ресурстарды қажет етедi. Сондақтан мемлекет салықты үнемi бiрқалыпты төлейтiн объектiлерге көз салады. Салық мемлекеттiң табысын тудырады. Салық түрiндегi төлем, мемлекеттiк бюджеттi арқашанда толықтырады. Салықтар - бұл орнатылған төлем. Олар әрқашанда тек құқықтық формада болады және жоғары заң күшiнiң нормативтiк актiлерiмен орнатылады.
Салық салудың мынандай негiзгi принциптерi бар :
а) азаматтар салықты мемлекеттен алатын игiлiктерге пропорционалдi төлеу керек,
б) салықтар табыстың мөлшерiнен, салық төлеушiлердiң тұрмыс халiнiң дәрежесiнен тәуелдi болуы керек. Салық төлеу кезiнде, меншiктiң формасы мемлекеттiк болып өзгередi.
Салықтың аталған барлық қасиеттерi оны төлегендегi мемлекетпен қойылған барлық мақсаттарына жетуге зор мүмкiндiк бередi.
Салықтардың қазiргi теориясында олардың көп түрлерi кездеседi. Салық салу жүйесiнде формасы және өндiрiп алу көздерiне қарай ерекшеленетiн әр түрлi салық түрлерi пайдаланылады. Олар, әдетте үдемелi (прогрессивтi), пропорциональдi және регрессивтi (керi үдемелi) болып бөлiнедi. Үдемелi салықта, табыстың көбею шамасына қарай оның орташа нарығы да өседi. Пропорционалды салықта, оның орташа нарығы өзгерiссiз қалады, яғни табыстың шамасына қарамастан салық салудың берiлген бiр мөлшерi (бiрыңғай нарығы) пайдаланылады. Керi үдемелi салықта, табыс өсе түскен сайын салықтың орташа нарығы азаяды. әдетте бұндай салықтар табыс көбейе түскен сайын, оның бiрте - бiрте азая түскен бөлiгiн талап етедi.
Қазақстан Республикасында қабылданған салық жүйесi туралы заңға сәйкес салықтың мынандай түрлерi қолданылады:
а) жалпы мемлекеттiк салықтар;
б) жалпыға бiрдей мiндеттi жергiлiктi салықтар мен алымдар;
в) жергiлiктi салықтар мен алымдар.
1. 2. Салықтың элементтерi, қызметi
Салықтың күрделi iшкi құрылымы бар. Ол бiрнеше элементтерден тұрады:
Салықтың құқықтық негiзi,
Салықтың субъектiсi,
Салықтың объектiсi,
Салықтың нормасы,
Салық төлеу тәртiбi.
Әрбiр салық айтылған элементтердiң кешендерiнен ұсынылады. Егер элементтердiң кез келген бiрi анықталмаған болса, онда салықты бекiтiлген деп есептеуге болмайды. Кейбiр кезде осы элементтердi, өйткенi, бiрiншiден салық тек заңмен ғана бекiтiлмейдi, сонымен қатар ол заңдылық форманың басқа да құқықтық актiлерiмен бекiтiлуi мүмкiн. Екiншiден, элемент - бұл құрылымның бөлiгi, ал құқықтық норманың құрылымына дәстүрдегiдей: гипотеза, диспозиция, санкция кiредi. Салық теориясында “ салық туралы заңдарының элементтерi” ұғымы “салық механизмiнiң элементтерi” ұғымына ауыстырылды. Бұл механизмде, салықтар тек заңдық актiлер мен ғана емес заң асты актiлерiмен енгiзiледi. Салық механизмiнiң элементтердiң өзiне келетiн болсақ, олар екi топқа бөлiнедi:негiзгi және қосымша элементтер. Негiзгi элементтерге:салықты төлеушi, салықты сату объектi, салықтың ставкасы кiредi. Ал қосымша элементтерге. Салық салудағы жеңiлдiктер, объектiнi санау ерекшелiктерi, салықтың төлемдерi түсетiн бюджет пен қор, салықты аударудың уақыты мен периодтығы. Салықтың механизмiнiң қосымша элементтерi маңызды рөл атқарады. Олар салық төлемдерiн реттейдi. Ендi әр элементке қысқышы тоқталып кетейiк. Салық субъектiсi - бұл салықты төлейтiн адам. Заң жоспарында салық субъектiсi салықты төлеушi болып есептелiнедi. Бұған мемлекетке салықты төлеу мiндеттiлiгi салынған. Салықтың екiншi элементi - салық объектiсi. Бұл салықтың төлеу себебi немесе мағынасы. Салықтың объектiсi кез келген нәрсе болуы мүмкiн. Мысалы: табыс, меншiк, белгiлi бiр тауардың сатуы немесе сатып алынуы және адамның өзi. Келесi элемент - ол салық нормасы - бұл салық салудың заңмен бекiтiлегн мөлшерi. Салық салу бiрлiгi - бұл салық объектiсiн өлшеудiң бiрлiгi. Салық салу ставкасы - салық салу бiрлiгiндегi салықтың мөлшерi. Салық жеңiлдiктерi - бұл салық төлеушiнiң салықтан босатылуы немесе оның ауыртпалын жеңiлдету. Салық төлеу тәртiбi - салық заңымен бекiтiлген ережелер. Оларға сәйкес слық төлемдерi төлеушiден мемлекетке дұрыс өтедi. Салық төлеу тәртiбi үш негiзгi элементтерден тұрады. Субъектен мемлекетке көшкен салық сомасының: әдiсi, уақыты және формасы. Салық төлеу әдiсi - бұл салық төлеушiнiң мемлекетке салық заңымен бекiтiлген төлеу әрекетi. Қазiргi уақыттағы Қазақстанда тәртiп бойынша мынадай негiзгi салық төлеу әдiстерi жұмыс iстейдi: салықты декларация бойынша төлеу, салықты патенттi сатып алу жолымен төлеу, салықты салық төлемiн кiрiстiру арқылы төлеу. Салықты декларация негiзiнде төлеу, салықтың бiрнеше түрлерiнде қолданылады. Бiрақ оның негiзгi мақсаты - пайдаға салынатын салықты төлеу.
Салықтың элементтерiн қарастырған кезде, салықтың орнатудың шектеушiсi ретiнде азаматтардың “төлеу мүмкiндiктерi” категориясы енгiзiледi. Оның үш қажеттiлiгi бар:
салықтың субъектiсiне қарағанда - салық бүкiл азаматтарды қамтуы керек;
салықтың объектiсiне қарағанда - азаматтардың төлеу мүмкiндiктерiн ашатын жалпы табысты таңдау керек;
салықтың ставкасына карағанда - салық ставкасы салық төлеушiнiң меншiктiк жағдайына ықпал ететiн барлығын анықтау керек. Салық ставкасын орнатқан кезде осының барлығы есепке алынуы қажет. Салықтың негiзгi құқықтық мiндеттемесi болып, салық төлеушi салықты мемлекетке берудi жүктейтiн мiндет табылады. Салық төлеудiң екi тәсiлi бар:
Өз бетiмен,
Мемлекет күшпен алу.
Қазiргi кезде тәртiпке сәйкес салықты өз бетiмен төлеудiң төмендегiдей әдiстерi бар:
- декларация бойынша салық төлеу;
потент сатып алу немесе белгiлi сома енгiзу арқылы салық төлеу;
салықтық төлемдi өз бетiнше қолма-қол төлеу.
Салықты күшпен алу әдiсi:
кiрiстi төлеу кезiнен салықты ұстап қалу;
салықтық хабарландыру немесе салықтық ескеру негiзiнде салық төлеу;
салық төлеуден қашатын тұлғалардан салықты күшпен алу.
Нарық жағдайында салықтар үш қызмет атқарады:
а) фискальды (мемлекеттiк табыстарды жинау) ;
б) қайта бөлу;
в) реттеушi.
Салықтардың фискальдық қызметi - мемлекеттiк салық саясаты тұтқаларының көмегiмен нарық конъюктурасының жағдайына әсер етуде, экономикалық өсудi тұрақтандыру және ынталандыруға тырысуында тұр. Бiр сөзбен айтқанда, салық түсiмi арқылы алынатын қаражаттар, мемлекеттiң саяси - шаруашылық қызметiн атқарудың қаржы негiзi болып табылады. Салық қаражаттары ең алдымен ғылыми - техникалық прогрестi ынталандыру, прогрессивтi технология мен өнiм түрлерiн игерү, экономикада құрылымдық өзгерiстер жасау, табиғат қорғау шараларын жүзеге асыру, әлеументтiк саланың объектiлерiн ұстау үшiн белсендi түрде пайдаланылады. Салықтың фискальды қызметi - қаражатты мемлекеттiк бюджетке түсуiн қамтамасыз етедi. Бұл қызмет, өндiрiстiң тауар - ақша қатынастар даму кезiндегi мемлекетке ұлғайтып түскен ақша табыстарын анықтайды.
Салықтың қайта бөлу қызметi - салық механизмi арқылы мемлекеттiк бюджетке жалпы ұлттық өнiмнiң едәуiр бөлiгiн жұмылдыруда тұр. Батыста және бiздiң елiмiзде мемлекеттiк бюджет арқылы жалпы ұлттық өнiмнiң 30 пайздан 50 пайызға дейiнгiсi қайта бөлiнедi. Салық түсiмi есебiнен мемлекет әскери бағдарламаларды қаржыландырады. Бұдан басқа, айтарлықтай қаржы ағарту саласына, денсаулық сақтауға, ғылымға, басқару апараттарын ұстауға, экологияға, зейнет ақымен қамтуға жұмсалады. Қаржының бұндай мақсаттарға жұмсалуы, әлеументтiк саладағы мезгiл-мезгiл шиеленесiп тұратын қайшылықтарды басуға, азаматтардың кедей топтарының мүддесiн ескере отырып жеке табыстарды барынша бiркелкi бөлуге мүмкiндiк бередi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz