Кәсіптік мектептерде электротехника курсын оқытудың әдіс- тәсілдері


Пән: Электротехника
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 82 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК

УНИВЕРСИТЕТІ

Мейрбек Гүлбану Сейфуллақызы

Кәсіптік мектептерде электротехника курсын оқытудың әдіс-

тәсілдері

ДИПЛОМДЫҚ Ж¥МЫС
5В012000-«Кәсіптік оқыту» мамандығы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК

УНИВЕРСИТЕТІ

«Қорғауға жіберілді»

«Кәсіптік оқыту технологиясы» кафедрасының меңгерушісі

п. ғ. к., доцент м. а . Күнпейіс Ж. Қ.

ДИПЛОМДЫҚ Ж¥МЫС

Тақырыбы: Кәсіптік мектептерде электротехника курсын оқытудың

әдіс-тәсілдері
5В012000-«Кәсіптік оқыту» мамандығы

Орындаған:

тобының студенті

Ғылыми жетекшісі:

п. ғ. д., профессор

Аннотация

В дипломной работе рассматриваются методы и приемы обучения курсу электротехники в профессиональных школах.

Дается анализ содержания программы обучения электротехнике в профессиональных школах, предлагаются методы и приемы обучения курсу электротехники в профессиональных школах.

Как результат этих методов и приемов, предлагается учебно - методическое пособие «Методы и приемы обучения основ электротехники в профессиональной школе»

Мазмұны

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР 3

АНЫҚТАМАЛАР 4

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 5

КІРІСПЕ 6

КӘСІПТІК МЕКТЕПТЕРДЕ ЭЛЕКТРОТЕХНИКА КУРСЫН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІКәсіптік мектептерде электротехника курсының мазмұны 9Тұрақты тоқтың электр тізбектері туралы жалпы мағлұматтар 14Электротехниканы кәсіптік мектептерде қолдануда қауіпсіздіктехникасын сақтау ережелері 31

КӘСІПТІК МЕКТЕПТЕРДЕ ЭЛЕКТРОТЕХНИКА КУРСЫН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ2. 1 Кәсіптік мектептерде техникалық электр өлшеуіш құралдарды оқыту

әдіс-тәсілдері 35

2. 2. Кәсіптік мектептерде трансформаторларды оқыту жолдары 44

Кәсіптік мектептерде электротехниканы оқытудың әдіс-тәсілдері 55Қорытынды 67

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 69

Қосымша 71

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

1 . Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы

  1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
  2. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту

АНЫҚТАМАЛАР

Электротехника бұл - энергияны түрлендіру, заттардың түрленуі, информацияны өңделу үшін электрлік және магниттік құбылыстарды қолданылатын ғылым мен техниканың саласы.

Электр тоғы - электрмен зарядталған бөлшектердің бағытталған қозғалысы.

Тұрақты тоқ - Металлдарда - электрондар, ал сұйықтарда - иондар тоқтың жүруіне негіз болады. Уақыт аралығында шамасымен бағыты өзгермейтін тоқ.

Электр тізбегі - бір-бірімен жалғастырылған электр энергиясы көздерінен және оның қабылдағыштарынан тұратын тізбек.

Электр схемасы - электр тізбегін график түрінде көрсету.

Тармақ - бойымен бір ғана тоқ жүретін электр тізбегінің бөлігі.

Түйін - үш немесе оданда көп тармақтар тоғысатын электр тізбегінің нүктесі.

Контур - құрамына бір-бірден тармақпен түйін кіретін тұйық тізбек контурлардың тәуелді және тәуелсіз түрлері болады.

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ЖОО -жоғары оқу орны

ХҚТУ - Халықаралық қазақ-түрік университеті

АТИФ - Ақпараттық технологиялар және инженерлік факультеті

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Елімізде оқушыларды тәрбиелеуде, оларды еңбекке баулуда, өмірге бейімдеуде тың жолдарды, тиімді шығармашылық жұмыстарды іздестіру қажеттілігі бүгінгі күн тәртібінде тұрған негізгі мәселе.

Дамыған елімізде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияның қолданылуына байланысты жаңа технологиялық революция басталды. Сондықтан адамдардың алдына жаңа функцияналдық талаптар қойыла бастады. Жұмыскер өндірістік міндеттерді жақсы атқарып қана қоймай, оған қосымша жобалай алуы, шешім қабылдай білуі және шығармашылық жұмыстарды да орындай білуі керек. Осы қасиеттер баланың жас кезеңнен қалыптасып, оқу және еңбек әрекеттерін орындау кездерінде әрі қарай дамиды.

Бүгінгі таңда мектеп қабырғасында және жоғары оқу орындарында оқып білім алып жатқан жас ұрпақ алдында «Қазақстан-2030» бағдарламасында көрсетілген «Барлық қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі мен әлауқатының артуы» сияқты ұзақ мерзімдік стратегиясын үшінші мыңжылдықта жүзеге асыру міндеті тұр [1] . Демек, бұл қоғамдық саладағы өзгерістерге сай жоғары талаптар қоя отырып, экономикалық бәсекелестік жағдайында сапалы мамандар даярлау қажеттігін алға тартады.

Қазіргі ғылым мен техниканың кең қанат жайған кезеңінде ғылыми- таным әдіснамасы өте зор маңызға ие. Білім ауқымы адам айтқысыз кеңейді, технология дамып, ақпаратты таңдай білу мәселесі алдыңғы қатарға шықты. Ендеше мұғалім алдында «Жаңа технологияны ғылыми негізде меңгеру және терең білімді, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу» мәселесі тұр. Міне осы мәселені өз жұмысына арқау еткен мұғалімнің мақсаты мына төмендегідей болуы тиіс:

  • озық тәжірибелерді, түрлі педагогикалық әдістерді, жаңа педагогикалық технологияны ұтымды пайдаланудың соңғы нәтижелерін дамыту;
  • білімін жетілдіру негізінде оқутттының жеке тұлға болуына ықпал ету;
  • оқушының маңызды мәселелерді өздері талдап, қорытындылауына жол ашу;
  • оқушы өзінің ғылыми-таным әдістерін саралай отырып, ойлауын дамыту және бүгінгі көзқарастың қалыптасуына негіз салу, т. б.

Білім беру мақсаты, оның ұйымдастырушылық құрылымы, технологиялық жағынан жабдықталуы, оқыту әдістемесі қоғамның әлеуметтік сұранысынан туындайды. Солардың ішінде кәсіптік мектептерде электротехника курсын оқытудың маңызы зор.

«Электротехника, электроника және автоматика негіздері» курсы базалық пәндердің бірі болып табылады. Сонымен қатар электроника электр тізбектерінің теориясы, электрлік тізбектер мен сигналдар, мағлұматты

8

тасымалдау теориясы секілді көптеген басқа пәндермен де тығыз сабақтастықта болып келеді. Кәсіптік мектеп білімгерінің электроникадан тыңғылықты білім алуы басқа физика-математикалық пәндерден терең білімнің болуына да тікелей байланысты.

Электротехника, электроника және автоматика жетістіктерінің ғылым және өндірістің және тұрмыстың барлық салаларына жан-жақты қолданыс табуы оқушылардың электрондық құралдарға, олардың тізбегіндегі физикалық процестермен танысуға деген қызығушылығын арттыруы заңды нәрсе. Білімгерлердің осы курсты толық меңгеруге бағытталған қабілетін ашу, оны армен қарай дамыту және алған білімін іс жүзінде қолдана білуге үйрету мәселесі қойылады.

Кәсіптік мектеп білімгерлерін еңбекке баулу міндеттері еліміздің қоғамдық - экономикалық дамуын онан әрі арттыру мүдделерімен және адамды қалыптастырудың жалпы мақсатымен анықталады. Бұл міндеттер, негізінен оларды еңбекті сүйюге тәрбиелеу, қоғам игілігі үшін еңбек ету, халық дәулетін көздің қарашығындай сақтау болып табылады. Мұның бәрі, сайып келгенде жеке адамның жан-жақты дамуына игі ықпалын тигізеді. Біздің диплом жұмыстың аясында мына ғалымдардың еңбектеріне тоқталдық:

С. Б. Балабатыровтың «Электр техникасының теориялық негіздері», «Таралған параметрлі тізбектер», «Жиілікті электр сүзгілері», » Электр техникасының теориялық негіздері» [2-5], С. К. Андриевский, А. Л. Бартновский «Электротехникалық практикум» [6], В. А. Поляков «Электротехникалық практикум» [7], «Тұрғындарға электр қауіпсіздігінен ескерткіш» [8], В. А. Галактионов «Абайлаңыз электричество» [9], А. С. Касаткин «Электротехника негіздері» [10], Е. А. Каминский «Жұлдызша, үшбұрыш және ирек», «Сызбаларды оқудың тәжірибелік тәсілдері», «Пәтерлік электр сымдары» [11-13], В. П. Бакалов, Игнатов, Крук «Основы теории электрических цепей и электроники» [14], Л. Р. Неймон, К. С. Демирчан «Теоретические основы электротехники» [15], Г. И. Атабеков «Теоретические основы электротехники» [16], П. А. Ионкин «Теоретические основы электротехники» [17], Л. А. Бессонов «Теоретические основы электротехники. Электрические цепи» [18], Қ. Қосыбаев «Өндіріс мекемелерінің электр жабдықтарын жөндеу және құрастыру» [19], Ө. Өтешов «Село электригінің серігі» [20], В. Е. Китаев, А. С. Шляпинтох «Электротехника және өнеркәсіптік элетроника негіздері» [21] және де басқа еңбектер. Бірақ бұл еңбектерде элеткротехниканы кәсіптік мектептерде оқытудың әдіс-тәсілдері қарастырылмаған.

Осы аталған ғылыми, зерттеу және арнайы әдебиеттерді зерделеу нәтижесінде біз өз тақырыбымызды көкейтесті дей келе: « Кәсіптік

мектептерде электротехника курсын оқытудың әдіс-тәсілдері » деп

таңдап алдық.

Зерттеу мақсаты: кәсіптік мектепте электротехника курсын оқытудың әдіс-тәсілдері

Зерттеу пәні: «Электротехника» пәні

Зерттеу нысаны: Электротехника пәнін оқыту процессі.

Зерттеу міндеттері:

  • Кәсіптік мектептерде техникалық электротехниканы оқытудың теориялық негіздерін белгілеу;
  • Кәсіптік мектептерде трансформаторларды оқыту жолдарын айқындау;
  • Кәсіптік мектептерде электротехниканы оқытудың әдіс-тәсілдері.

Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен,

қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

1 Кәсіптік мектептерде электротехника курсын оқытудың теориялық негіздері

  1. Кәсіптік мектептердегі электротехника курсының мазмұны

Бұл пәннің бағдарламасы білімгерлерге электротехника, электроника және автоматиканың бүгінгі күнгі даму дәрежесіне лайықты терең және жан- жақты білім беруге негізделген. Соған байланысты пәнді оқыту әдістемесі электрондық техниканың сапалы жаңа деңгейі мен бұрын-соңды қолданыста болмаған аяларын іздестіруге бағытталыпқұрылуы тиіс. Электротехника, электроника және автоматика - үздіксіз даму үстіндегі ғылым болғандықтан, білімгерлермен қарастырылатын әрбір мәселе шығармашылық, жаңашылдық және тапқырлық тұрғыдан талданып баяндалуы қажет. Электротехника, электроника және автоматиканы оқыту ісі оларға барлығы жаппай, бір мезгілде, жақсы жабдықталған материалдық-техникалық базаға негізделіп құралса, зертханалық жұмыстарды орындау барысында әрбір құрылғының жұмыс істеу принципін үйреніп қана қоймай, оның барлық режимдерін әртүрлі жағдайда тексеріліп, өлшеу нәтижелерін терең саралап, теориялық қағидалардан ауытқу себебін анықтап және оны зерттеу әдістерімен ұштастыра отырып қана жақсы нәтиже береді. Дегенменде, зертқаналық сабақтар теориялық қағидаларды тексерудің құралы болып емес, олардың ақиқатына жетудің бірден бір сара жолы түрінде өткізілуі міндет.

«Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты //Ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2012 жыл 14-желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауында Ел басшымыз өнеркәсіптің дамуына, оның ішінде электротехниканың дамуына үлкен мән берген [22] .

Электротехника, электроника және автоматикада талданатын барлық физикалық құбылыстар аналогты немесе цифрлық процестер түрінде бейнеленетін мағлұматтар. Аналогты мағлұмат дара бір процесті ғана өңдеп, суреттеумен шектеледі. Цифрлы мағлұмат үшін мұндай шек қойылмайды. Сондықтан көп жағдайда аналогты процесс алдымен цифрлы мағлұматқа тасымалданады, тек содан кейін ғана сандық мағлұмат түрінде өңдеуден өткізіледі. Цифрлы электрондық техника өңдеу әрекетін жоғарғы дәлдікпен және үлкен жылдамдықпен орындайды. Оның тағы бір ерекшелігі өңдеу нәтижесі сыртқы теріс әсерге тәуелсіз болып келеді. Сондықтан электроника пәнінің бағдарламасы аналогты электрониканың негіздерімен басталып, біртіндеп сандық электроникаға логикалық түрде жалғаса отырып ауысатындай болып құрылды.

«Электротехника, электроника және автоматика негіздері» пәні студенттердің математика және физика пәндері бойынша алған білімдеріне негізделеді. Атап айтқанда, физиканың электростатика, электромагнетизм, электромагниттік тербелістер және толқындар тарауларына, математиканың

11

матрицалық есептеулер тақырыбы, векторлық алгебра, комплекстік айнымалы функциялар теориясы, дифференциалды және интегралды есептеу тарауларына негізделген.

Кәсіптік мектептің студенттері осы пән бойынша электр қуатын өндіру, түрлендіру, тарату және қолдануды білу, автоматтандыру және басқару жүйелерінде қолданылатын электрондық және электрлік қондырғылар мен аспаптарда пайда болатын құбылыстарды теориялық тұрғыдан білу, практикада кездесетін электротехникалық проблемаларды ғылыми тұрғыдан түсіну, дұрыс шешімдерін таба білуі керек[23] .

Студенттерге электромагнит өрісін және осы өрістің нәтижесінде автоматтандыру және басқару жүйелерінде қолданылатын электрондық және электрлік қондырғылар мен аспаптарда пайда болатын құбылыстарды теориялық тұрғыдан түсіндіру, оларда жүріп жататын электромагниттік үрдістерді модельдеуге, талдауға және есептеуге үйрету нәтижесінде болашақ мамандардың электротехника саласы бойынша ғылыми көзқарастарының қалыптасып, жетілуіне мүмкіншілік тудыру, практикада кездесетін электротехникалық проблемаларды ғылыми тұрғыдан түсініп, дұрыс шешімдерін таба білуге дағдыландыру.

Электрлік және электрондық қондырғылардағы электромагниттік толқындар мен тербелістерді оқып үйрену. Студенттер «Электротехниканың теориялық негіздері» курсын оқып-үйрену нәтижесінде электр тізбектеріне тұрақталған және өтпелі режимдер кезінде есептеу мен талдау тәсілдерін білулері тиіс[24] . Сонымен қатар, студенттер төртұштықтардың, электр сүзгіштер және тартылған параметрлі электр желілерінің негізгі түрлері мен әлпілерін, теңдеулері мен қасиеттерін, сипаттамалары мен есептеу жолдарын білулері, электромагнит өрісінің теориясын меңгерулері қажет. Студенттер әр түрлі электр тізбектер мен типтік электрлік қондырғылардың параметрлері мен сипаттамаларын тәжірибелік жолмен анықтауға, электр өлшеу аспаптарын дұрыс пайдалану мен қауіпсіздік техникасын сақтауға дағдылануы қажет.

Электротехника курсын кәсіптік мектепте оқитын білімгерлер мынадай нәтижеге жетеді:

  • білімі -Электротехника, электроника және автоматика негіздерін білу нәтижесінде тізбектерге қатысты негізгі ұғымдар мен түсініктемелерді, негізгі заңдардың орнықтылығын және өтпелі үрдістерді талдау әдістерін, тізбектерді синтездеуді білу арқылы электр құрылғыларын жұмыс істеу принциптерін меңгереді.
  • іскерлігі -Электротехника, электроника және автоматика негіздерінің негізгі заңдарын қолдана отырып электр және магнит құбылыстарының, электр құрылғылардағы сипаттамаларын анықтауда есептер шығаруда қолдана біледі.
  • дағдысы -алған білімдеріне сүйене отырып, электр және магниттік құбылыстарды тәжірибе жүзінде көрсете алу, осы құбылыс заңдылықтарын практикалық тұрғыда шығара білуге дағдыландыру.
  • құзыреттілігі -Студенттер «Электротехника, электроника және автоматика негіздері» курсын оқып-үйрену нәтижесінде тізбектерге қатысты негізгі ұғымдар мен түсініктемелерді, негізгі заңдарды орнықталған және өтпелі үрдістерді талдау әдістерін, тізбектерді синтезін білуі қажет. Тізбектің күйін сипаттайтын теңдеулерді құрастыру, тармақтардың тоғын, элементтердің кернеулерін есебін, синусоидалы, бейсинусоидалы ток тізбектерінің, өтпелі үрдістердің есебін жүргізе алу қажет. Дербес есептерді жүргізуде, яғни төртұштықтылардың негізгі әлпілерін, фильтрлардың синтезін, информация және сигналдарды бұрмаланбаған желі арқылы жеткізуде дағды керек.

Кәсіптік мектептерде электротехника курсының мазмұнынын талдайық.

Кәсіптік мектептерде электротехника курсына 15 сағат лекция, 30 сағат практика сабақтары қарастырылған.

Кәсіптік мектептерде электротехника курсының мазмүнын мына кесте ретінде беріп отырмыз[25] .

Кесте №1. Кәсіптік мектептерде электротехника курсының мазмүны

ЛЕКЦИЯНЫҢ ЖОСПАРЫ

Лекция тақырыбы және оның жоспары

сағат

саны

:
Лекция тақырыбы және оның жоспары: Кіріспе. Электр қондырғыларын түр-түрге бөлу. Электр қүатын өндіру, беру және тарату. Электр стансаларының түрлері. Шекті кернеу, қуат және ток.
сағатсаны:

1

:
Лекция тақырыбы және оның жоспары:

Электрдегі кауіпсіздік техникасы. Электрден

зақымданудың себептері. Электрден зақымданудан сақтау. Электр тогы соққан кездегі алғашқы көмек көрсету тәртібі.

сағатсаны:

1

:
Лекция тақырыбы және оның жоспары:

Техникалык электр өлшеуіш құралдар.

Техникалық электр өлшеуіш қүралдарды түр-түрге жіктеу. Ток күшін өлшеу, қуатты өлшеу, кернеуді өлшеу. Токтың жүмысын өлшеу.

сағатсаны:

1

:
Лекция тақырыбы және оның жоспары: Айнымалы ток жөніндегі ұгым. Айналушы магнит өрісі. Бір фазалы айнымалы ток қозғалтқышының жүмыс істеуі.
сағатсаны:

1

Бір фазалы ток қозғалтқышын тексеру, электр тізбегі.

1

:
Бір фазалы ток қозғалтқышын тексеру, электр тізбегі.:

Үш фазалы асинхронды қозғалтқыштардың

құрылысы мен жұмыс істеуі.

1:

1

:
Бір фазалы ток қозғалтқышын тексеру, электр тізбегі.: Трансформаторлар. Бір фазалы трансформатор- ларды тексеру. Электр тізбегінің сипаттамасы.
1:

1

:
Бір фазалы ток қозғалтқышын тексеру, электр тізбегі.: Электр кондыргыларын баскару
1:
:

аспаптары. Электр аспаптарының түрлері. Автоматтық айырғыштар. Магниттік жүргізгіштер. Электр

сақтандырғыштар.

:
Бір фазалы ток қозғалтқышын тексеру, электр тізбегі.: Сымдар мен кабельдер. Сымдар мен кабельдер түрлері. Сымдарды есептеу.
1:

1

:
Бір фазалы ток қозғалтқышын тексеру, электр тізбегі.: Сызыкты тұракты ток тізбегі. Электр тізбектерінің негізгі ұғымдары. Электр тізбектерінің жіктелуі және олардың эксперименттері.
1:

1

:
Бір фазалы ток қозғалтқышын тексеру, электр тізбегі.: Сызыкты тұракты ток тізбектерінің негізгі
1:

1

: заңдары. Ом заңы. Кирхгофтың бірініші және екінші заңдары. Кедергілерді бірізді, параллель және аралас жалғанған тізбектерді баламалы түрлендіру және есептеу.
:
Бір фазалы ток қозғалтқышын тексеру, электр тізбегі.: Сызыкты синусоидалы ток тізбектері.
1:

1

: Синусоидалы ток. Синусоидалы ток генераторы. Синусоидалы шамалардың мәндері.
:
Бір фазалы ток қозғалтқышын тексеру, электр тізбегі.: Үш фазалы электр тізбектері. Үш фазалы симметриялы ЭҚК-тер жүктер жүйесін алу. Үш фазалы генератор құрылысы және жұмыс істеу принципі. Үш фазалы тізбектер.
1:

1

:
Бір фазалы ток қозғалтқышын тексеру, электр тізбегі.: Сызыкты электр тізбектеріндегі өтпелі урдістер.
1:

1

: Өтпелі үрдістер туралы ұғымдар. Коммутация заңдары. Электр тізбегіндегі өтпелі, еріксіз және еркін үрдістер.
:
Бір фазалы ток қозғалтқышын тексеру, электр тізбегі.: Барлығы
1:

15 сағат

Практикалық (семинарлық) сабақтардың жоспары

Сабақтың тақырыбы мен жоспары

сағат

саны

Тапсырмаларды тексеру түрі
:
Сабақтың тақырыбы мен жоспары:

Кіріспе. Қауіпсіздік техникасы бойынша қысқаша мәліметтер. Уіспаптардың жұмыстары мен танысу. Электр өлшеуіш

құралдарды түр-түрге жіктеу.

сағатсаны: 5
Тапсырмаларды тексеру түрі:

Жүмысты қабылдау,

бақылау сүрақтарына

ауызша жауап беру

:
Сабақтың тақырыбы мен жоспары: Ток күшін, кернеуді, қуатты және токтың жүмысын өлшеу. Есептегішті тексеруге арналған тізбектің сипаттамасы.
сағатсаны: 5
Тапсырмаларды тексеру түрі:

Жүмысты қабылдау, бақылау сүрақтарына жазбаша

жауап беру

:
Сабақтың тақырыбы мен жоспары:

Айналушы магнит өрісі. Бір фазалы айнымалы ток

қозғалтқышының жүмыс істеуін зерттеу

сағатсаны: 5
Тапсырмаларды тексеру түрі:

Жүмысты қабылдау, бақылау сүрақтарына жазбаша

жауап беру

:
Сабақтың тақырыбы мен жоспары:

Үш фазалы асинхронды

қозғалтқыштардың қүрылысы мен жүмыс істеуі. Айнымалы ток қозғалтқыштарының қуат

коэффиценті

сағатсаны: 5
Тапсырмаларды тексеру түрі:

Жүмысты қабылдау, бақылау сүрақтарына жазбаша

жауап беру

:
Сабақтың тақырыбы мен жоспары: Сымдар мен кабельдердің түрлерін есептеу. Бір фазалы ток қозғалтқышын тексеру. Электр тізбегі. Шамдарды үш фазалы ток көзіне жалғау. Электр тізбегінің сипаттамасы
сағатсаны: 5
Тапсырмаларды тексеру түрі:

Жүмысты қабылдау, бақылау сүрақтарына жазбаша

жауап беру

:
Сабақтың тақырыбы мен жоспары:

Асинхронды ток

қозғалтқышын тексеру. Электр тізбегінің сипаттамасы. Бір

фазалы трансформаторды тексеру.

сағатсаны: 5
Тапсырмаларды тексеру түрі:

Жүмысты қабылдау,

бақылау сүрақтарына

жазбаша жауап беру

:
Сабақтың тақырыбы мен жоспары: Барлыгы:
сағатсаны: 30
Тапсырмаларды тексеру түрі:

Сонымен, кәсіптік мектептерде электротехника курсының мазмұнын таладау барысында біздің байқағанымыз: курстың мазмұнын келесі

таақырыптар қамтиды: электрдегі қауіпсіздік техникасы; техникалық электр өлшеуіш құралдар; айнымалы ток жөніндегі ұғым; трансформаторлар; электр қондырғыларын басқару аспаптары; сымдар мен кабельдер; сызықты тұрақты ток тізбегі; сызықты тұрақты ток тізбектерінің негізгі заңдары; сызықты синусоидалы ток тізбектері; үш фазалы электр тізбектері; сызықты электр тізбектеріндегі өтпелі үрдістер.

Кәсіптік мектептерде электротехника курсы лекциялар мен практика сабақтардан тұрады.

  1. 2Тұрақты тоқтың электр тізбектері туралы жалпы мағлүматтар

Электрмен зарядталған бөлшектердің бағытталған қозғалысы электр тоғы деп аталады. Металлдарда - электрондар, ал сұйықтарда - иондар тоқтың жүруіне негіз болады. Уақыт аралығында шамасымен бағыты өзгермейтін тоқты тұрақты тоқ деп атайды[26] .

Электр тізбегі деп бір-бірімен жалғастырылған электр энергиясы көздерінен және оның қабылдағыштарынан тұратын тізбекті айтады. Сол сияқты, электр энергиясын энергия көздерінен қабылдағыштарға беру үшін арналған коммутациялық тетіктері, өлшеуіш аспаптар және жалғаушы сымдар электр тізбегіне жатады.

Электрэнергиясы көздерінде басқа энергия түрлері электрэнергиясына айналады.

Тұтынушыларда электрэнергиясы энергияның басқа (жылу, жарық, механикалықт. б. ) түрлеріне айналады.

Электр тізбегін график түрінде көрсету - электр схемасы деп. аталады.

Шартты белгілер арқылы бейнеленген электр схемасы - принцип тік электрсхемасы депаталады.

Электр тізбегі тармақ, түйін және контур деген ұғымдар мен сипатталады.

Тармақ деп бойымен бір ғана тоқ жүретін электр тізбегінің бөлігін атайды.

Түйін деп үш немесе оданда көп тармақтар тоғысатын электр тізбегінің нүктесін атайды.

Контур деп құрамына бір-бірден тармақ пен түйін кіретін тұйық тізбекті айтады. Контурлардың тәуелді және тәуелсіз түрлері болады.

Тәуелсіз контурна басқа контурлар құрамына кірмейтін кем дегенде бір тармақ болады.

Энергия көздерінде энергияның электрлі емес түрін электрлі түріне айналдыру процесінен электр қозғаушы күші (ЭҚК) Е пайда болады. Осы ЭҚК-і тұйық тізбекте электр тоғын тудырады .

1. 1-а, б суретте ЭҚК - тің схемаларда шартты белгіленуі көрсетілген.

Энергияны өзгерту кезінде энергия көздерінде шығындар болады. Осы шығындар ішкі кедергілермен К о анықталады.

Тоқ күші деп - уақыт бірлігінде өткізгіштің көлденең қимасы арқылы өтетін электр энергиясының мөлшеріне тең скалярлық шаманы атйды:

I

I

мұндағы <2 - электрдің мөлшері; і - уақыт.

Тоқ ампермен өлшенеді, (А) .

Электр тоғының бағыты үшін оң зарядтардың реттелген қозғалысы қабылданған.

Электр тоғының бағыты схемаларда жебемен (стрелкамен) көрсетіледі (1. 2 сурет) .

I

1 -2

-сп -+-

к

  1. сурет
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ОРТА МЕКТЕПТЕ ЭЛЕКТРОДИНАМИКА бөлімің ОҚЫТУ ЖАҒДАЙЫ
Орта мектептердегі радиоэлектроника үйірме жұмыстарын жүргізу жолдары
Орта мектепте факультатив курстарында электротехниканы оқыту
1941-1970 жж. кеңес мектебі мен педагогикасы
Арнайы пән сабақтарында ойында оқыту әдістерін қолдану тәжірибелері
Электрондық оқулықтардың маңыздылығы
1941-1991 кеңес мектебі мен педагогикасы
Кеңес мектебінде тәрбиеленген көптеген біздің түлек
Қашықтықтан оқыту жүйесін дамыту жолдары
Жалпыға бірдей орта білім берудің мазмұнын жетілдіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz