Мектеп оқушыларын өзін-өзі тану арқылы еңбек іс- әрекетінің қүндылық бағдарын дамыту (Электротехника негізінде)


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК
УНИВЕРСИТЕТІ
Наурызбаева Дина
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ АРҚЫЛЫ ЕҢБЕК ІС-
ӘРЕКЕТІНІҢ ҚҮНДЫЛЫҚ БАҒДАРЫН ДАМЫТУ
(ЭЛЕКТРОТЕХНИКА НЕГІЗІНДЕ) .
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В012000 «Кәсіптік оқыту» мамандығы
1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
«Қорғауға жіберілді»
«Кәсіптік оқыту технологиясы» кафедрасының меңгерушісі
п. ғ. к., доцент м. а .
ДИПЛОМДЫҚ Ж¥МЫС
Тақырыбы: Мектеп оқушыларын өзін-өзі тану арқылы еңбек іс-
әрекетінің қүндылық бағдарын дамыту (электротехника негізінде)
5В012000-«Кәсіптік оқыту» мамандығы
Орындаған:
тобының студенті
Ғылыми жетекшісі:
П. ғ. д., профессор
Аннотация
В дипломной работе рассматриваются развитие трудовой ценностной направленности учащихся через самопознание (на основе электротехники) .
Дается анализ содержания программы обучения электротехнике в общеобразовательных школах, анализируется понятие «самопознание», предлагаются методы и приемы обучения курсу электротехники в общеобразовательных школах.
Как результат этих методов и приемов, предлагается учебно-методическое пособие «Развитие трудовой ценностной направленности учащихся через самопознание (на основе электротехники) ».
Мазмұны
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР 3
АНЫҚТАМАЛАР 4
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 5
КІРІСПЕ 6
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ АРҚЫЛЫ ЕҢБЕК ІС- ӘРЕКЕТІНІҢ ҚУНДЫЛЫҚ БАҒДАРЫН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ«Өзін-өзі тану» ұғымның сипаттамасы 10Еңбек іс-әрекетінде құндылық бағдардың атқыратын орны 30«Технология» сабағы мазмүнындағы электротехникалық жұмыстардыоқытудың ерекшеліктері 36
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ АРҚЫЛЫ ЕҢБЕК ІС- ӘРЕКЕТІНІҢ ҚУНДЫЛЫҚ БАҒДАРЫН ЭЛЕКТРОТЕХНИКА НЕГІЗІНДЕ ДАМЫТУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ2. 1 Оқыту мазмұнының психологиялық-педагогикалық негіздері 41
2. 2. Оқыту мазмұнының конструкторлық-технологиялық бағыты 51
Электротехниканы оқытудың әдіс-тәсілдері 54Қорытынды 69
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 71
Қосымша 73
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
1 . Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы
- Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 -2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
- Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы
АНЫҚТАМАЛАР
Тоңазытқыш - автоматтық қондырғы,
Жылу релесі - басқарушы бөлік (элемент),
Басқарушы болік - компрессор.
Электротехника бұл - энергияны түрлендіру, заттардың түрленуі, информацияны өңделу үшін электрлік және магниттік құбылыстарды қолданылатын ғылым мен техниканың саласы.
Электр тоғы - электрмен зарядталған бөлшектердің бағытталған қозғалысы.
Тұрақты тоқ - Металлдарда - электрондар, ал сұйықтарда - иондар тоқтың жүруіне негіз болады. Уақыт аралығында шамасы мен бағыты өзгермейтін тоқ.
Электр тізбегі - бір-бірімен жалғастырылған электр энергиясы көздерінен және оның қабылдағыштарынан тұратын тізбек.
Сигналдар - АРЖ-не тигізілетін барлық әсерлер, тек бір ғана бағытта беріледі.
Реттелетін параметрлер - тұрландыруларға тиісті сигналдар.
Күшейткіш - салыстырушы органнан шығатын айырма сигналды күшейту.
Орындаушы элемент - реттегіш қадағаланатын шаманы белгілі бір мөлщерде ұстап тұру.
Басқарушы әсер - бұл реттегіштен шығатын, реттелетін нысанды басқару үшін қажетті бір мөлшерде ұстап тұру.
Кері байланыс сигналы - бұл реттелуге тиісті нысанның қайыра реттегіштің өзіне тигізетін әсері.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ЖОО -жоғары оқу орны
ХҚТУ - Халықаралық қазақ-түрік университеті
АТИФ - Ақпараттық технологиялар және инженерлік факультеті
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. ҚР «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу», - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді [1] .
Қазіргі кездегі біздің басты мақсатымыз - ана тіліміздің табиғи тазалығы, мектепте оқытылатын түрлі ғылым негіздерінің ұлттық болмысымызға үйлесуі, мектептегі оқу-тәрбие үрдісін халкыімыздың озық салт-дәстүріне және әдет-ғұрпына негіздеу болып табылады.
Ұлттық мектеп - әрбір ұлттың ұлттық ерекшеліктеріне сәйкес ашылған мектеп, ұлттық тәрбие мәселелерін жүзеге асыратын, оқу-тәрбие мекемесі, халық ағарту жүйесінің негізгі буыны болып отыр.
ҚР білім беру жүйесі ұлттық өнеріміздегі мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан мол қазыналар, идеялар мен бастамалар негізінде құрылып, қазақ халқының мәдени және рухани дәстүрін, өнер мен шығармашылық күш-қуатын, әлемдік өркениет жасаған қазыналарды тұғыр етуі тиіс. Аталған мәселелерді жүзеге асырудың негізгі шарттары мыналар:
- білім беру мекемелерінде ұлттық қайнар көздерін нығайту;
- ұлттық өнеріміз бен төл мәдениеттің күмәнсіз басымдылығын мойындау және ұлттық өнермен, мәдениетпен қамтамасыз ету;
- ұлттық білім беру жүйесінің әлемдік тәрбиедегі сала-салаға қатысты бүкіл жетістігін қабылдау;
- жеке адам мен қоғамның мәдени-эстетикалық мүдделерін жүзеге асыруға бағытталған ағартушылық қызметтің жүйелілігі;
- мемлекеттік бірыңғай бағдарламалар негізінде аталған мәселелер бойынша аймақтық бағдарламалардың болуы.
Елімізде оқушыларды тәрбиелеуде, оларды еңбекке баулуда, өмірге бейімдеуде тың жолдарды, тиімді шығармашылық жұмыстарды іздестіру қажеттілігі бүгінгі күн тәртібінде тұрған негізгі мәселе.
Дамыған елімізде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияның қолданылуына байланысты жаңа технологиялық революция басталды. Сондықтан адамдардың алдына жаңа функционалдық талаптар қойыла бастады. Жұмыскер өндірістік міндеттерді жақсы атқарып қана қоймай, оған қосымша жобалай алуы, шешім қабылдай білуі және шығармашылық жұмыстарды да орындай білуі керек. Осы қасиеттер баланың жас кезеңнен қалыптасып, оқу және еңбек әрекеттерін орындау кездерінде әрі қарай дамиды.
Бүгінгі таңда мектеп қабырғасында және жоғары оқу орындарында оқып білім алып жатқан жас ұрпақ алдында «Қазақстан-2030» бағдарламасында көрсетілген «Барлық қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі мен әлауқатының артуы» сияқты ұзақ мерзімдік стратегиясын үшінші мыңжылдықта жүзеге асыру міндеті тұр[2] . Демек, бұл қоғамдық саладағы өзгерістерге сай жоғары талаптар қоя отырып, экономикалық бәсекелестік жағдайында сапалы мамандар даярдау қажеттігін алға тартады.
Қазіргі ғылым мен техниканың кең қанат жайған кезеңінде ғылыми- таным әдіснамасы өте зор маңызға ие. Білім ауқымы адам айтқысыз кеңейді, технология дамып, ақпаратты таңдай білу мәселесі алдыңғы қатарға шықты. Ендеше мұғалім алдында «Жаңа технологияны ғылыми негізде меңгеру және терең білімді, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу» мәселесі тұр. Міне осы мәселені өз жұмысына арқау еткен мұғалімнің мақсаты мына төмендегідей болуы тиіс;
- озық тәжірибелерді, түрлі педагогикалық әдістерді, жаңа педагогикалық технологияны ұтымды пайдаланудың соңғы нәтижелерін дамыту;
- білімін жетілдіру негізінде оқушының жеке тұлға болуына ықпал ету;
- оқушының маңызды мәселелерді өздері талдап, қорытындылауына жол ашу;
- оқушы өзінің ғылыми-таным әдістерін саралай отырып, ойлауын дамыту және бүгінгі көзқарастың қалыптасуына негіз салу, т. б.
Білім берудің жүйесінде жалпы білім беретін мектептердің өзіндік орны бар. Жалпы орта білім беру жалпы білім беретін мектептердің негізгі мақсаттарының бірі жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзат мәдени мұрасы сабақтастығын сақтай отырып оқыту, тәрбиелеу және әрбір шәкірітті жеке тұлға деп санап, оны жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау болып табылады. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін жалпы білім беретін мектептерде бір қатар міндеттерді шешу керек екендігі айқын. Жалпы білім беретін мектептің мақсат, міндеттері шешуде мектеп көлемінде оқытылып отырған оқу пәндерінің, еңбекке баулу пәнінің өзіндік орны ерекшеліктері бар.
Технология пәні оқушылардың талғамы мен еңбектік ептіліктері мен дағдыларының қалыптасуына ықпал ететін пән болып табылады. Мектеп оқушыларын еңбекке баулу міндеттері еліміздің қоғамдық - экономикалық дамуын онан әрі арттыру мүдделерімен және адамды қалыптастырудың жалпы мақсатымен анықталады. Бұл міндеттер, негізінен балаларды еңбекті сүюге тәрбиелеу, қоғам игілігі үшін еңбек ету, халық дәулетін көздің қарашығындай сақтау болып табылады. Мұның бәрі сайып келгенде жеке адамның жан-жақты дамуына игі ықпалын тигізеді.
Кез келген материалдық өндіріс үшін еңбек құралдармен жұмыс жасаушы маман керек. Осындай мамандар мектеп қабырғасынан бастап дайындық сатыларынан өтеді. Еңбек тәрбиесінде, политехникалық оқытуға және мектеп оқушыларын болашақ еңбек жолына жан-жақты әзірлеудің ролі айрықша және барынша жан-жақты мектеп ісіндегі жетілдіру бойынша айтылып келген.
«Технология» пәнінің басты мақсаты - окушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру болып табылады. Осы себепті оқушылар сабақ барысында күнделікті тұрмыста, жалпы бірдей қажеттіліктен туындаған еңбек мазмұндарымен танысады. Солардың бірі тұрмыстық техникамен
танысу, соның ішінде электротехникалық жұмыстарды орындауға байланысты материалдарды оқып үйрену алға тартылады.
Жалпы оқушыларды еңбекке баулу барысында тәрбиелеу мәселелері бір қатар педагог - ғалымдардың еңбектерінде де қарастырылады. Атап айтқанда: М. Қоянбаев, С. Әбдіғаппарова, Қ. Қожахметова [3-5] . Жастар тәрбиесін негізгі орын алады. Оқытудың жаңа технологиялар бойынша Қ. Қабдықайырұлы, кәсіпке оқыту Б. Ортаев және т. б. [6-7] .
Оқушыларды еңбек сабағында оқыту әдістемесіне оқу процесін ұйымдастыруда Бейсенбаева С., Мельникованың «Еңбекке баулу әдістемесі» [8] .
Білім беру жүйесінің негізін оқушылардың рухани-адамгершілік тұрғысынан кемелденуге назар аудару керек. Жақсылыққа ұмтылып, жағымды істермен айналысатын адамның айналасындағыларға көрсетер үлгісі берер тәлім-тәрбиесі мол болмақ. . Ал оның бәрі адамның бойында жас кезінен бастап қаланса тұрақты қалыптаспақ. Сонда ғана дұрыс бағыт алып, бағдарды ерте айқындаған баланың бойында бұл құндылықтардың қатары көбейіп саны арта түседі.
Тәлім-тәрбие баланың даму кезеңдерінде адамның рухани өзін қоректеуші болып, білімнен бұрын жеткізілуі тиіс. «Тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне опат әкеледі» деген Аль-Фараби [12] . Оқушылардың құлықтық тәрбиесін дамыту - адам бойындағы жағымды қасиеттер мен жағымсыз ойлар бала мен ішкі сезімдік байланыс орнатқанда ғана бір-біріне ауысады. Нәтижесінде өзіндік түсіндік пайда болып, қимастық сезім туатындай жағдай туындауы мүмкін.
Диплом жұмыстың аясында мына ғалымдардың еңбектерін пайдаландық: С. Б. Балабатыровтың «Электр техникасының теориялық негіздері», «Таралған параметрлі тізбектер», «Жиілікті электр сүзгілері», » Электр техникасының теориялық негіздері»; С. К. Андриевский, А. Л. Бартновский. «Электротехникалық практикум», В. А. Поляков. «Электротехникалық практикум», «Тұрғындарға электр қауіпсіздігінен ескерткіш»; В. А. Галактионов. «Абайлаңыз электричество»; А. С. Касаткин. «Электротехника негіздері» және де басқа еңбектер [13-20] . Бірақ бұл еңбектерде электротехниканы жалпы білім беретін мектептерде өтудің әдіс-тәсілдері қарастырылмаған.
Осы аталған ғылыми, зерттеу және арнайы әдебиеттерді зерделеу нәтижесінде біз өз тақырыбымызды көкейтесті дей келе: « Мектеп оқушыларын озін-озі тану арқылы еңбек іс-әрекетінің құндылық бағдарын дамыту (электротехника негізінде) » деп таңдап алдық.
Зерттеудің мақсаты: жалпы мектепте технология сабақтарында
электротехниканы оқытудың әдіс-тәсілдері.
Зерттеу нысаны: Жалпы орта білім мектептеріндегі оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні: Электротехника негізідерін оқыту негіздері пәні.
Зерттеу міндеттері:
- электротехниканы оқыту мазмұнының психологиялық-педагогикалық негіздерін айқындау;
- электротехниканы оқыту мазмұнының конструкторлық-технологиялық бағытын анықтау;
- электротехникалық ұғымдарды кезеңдеп қалыптастырудың жолдарын көрсету.
Зерттеу әдістері: зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда теориялық (модельдеу, аналитикалық-синтетикалық, салыстырмалы, индуктивті- дедуктивті талдау), эмпирикалық (сұрау, бақылау, педагогикалық эксперимент, педагогикалық озық іс-тәжірибелер) ; әлеуметтану (сауалнама) ; білім беру жүйесі субъектілерінің тәжірибесін талдау, салыстыру, зерделеу, жинақтау, тәжірибелік-әдістемелік жұмыстарды жүргізу, математикалық статистикалық өңдеу әдістері қолданылды.
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
- Мектеп оқушыларын озін-озі тану арқылы еңбек іс-әрекетінің құндылық бағдарын дамытудың теориялық негіздері«Өзін-өзі тану» ұғымның сипаттамасы
Қазіргі білім беру ісі жаңаша бағытта, адам санасын тазарту, оны жоғары деңгейге көтеру үшін жұмыс істеуі тиіс. Ұлы адамдар, данышпандар, ағартушылар, ғалымдар мен жазушылардың барлығы дерлік осы ыңғайда іс атқарған.
«Болашақ бүгіннен басталады», - дегендей еліміздің болашағы біздің жастарымыз. Ал, сол жастардың тәрбиесі біздің қолымызда. Еліміздің жоғары оқу орындарында (сонымен қатар -жалпы орта мектептерде де) Сара Алпысқызы Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» бағдарламасы енгізілген. «Өзін- өзі тану» бағдарламасының алатын орны ерекше. Себебі қазіргі бүлдіршіндердің болашақта еліміздің елеулі азаматтары болу үшін, ең алдымен өзін-өзі танулары қажет. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты - адамның қоршаған ортаны, өзінің ішкі жан дүниесін танытып, өзін-өзі басқару негізінде адамгершілік - рухани потенциалын дамыту. Сол себепті қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі басты мәселе тұлғаны рухани адамгершілік тұрғысынан дамыту, ар-ұятымызды молайтып, адамгершілік қасиетімізді жетілдіру арқылы ізгілікке, инабаттылыққа, парасаттылыққа үйрету. Жалпы адамзаттық құндылықтар болып саналатын адамгершілік мұраларды, рухани ағартушылық қасиеттерді бүгінгі ұрпақтың меншігіне айналдыру, ата- бабаларымыздың дәстүрлері мен тәжірибелерін үйрену аса маңызды.
«Өзін-өзі тану» негізінің бір бағыты халық педагогикасы болып табылады. Ұлттық тамырдан нәр алған, өскелең жас ұрпаққа ғасырлар бойы қазақ этносын, жалпы салт дәстүрді насихаттайтын қазақ менталитеті, басқа ұлттар мен бейбітшілік тұрғыда өмір сүре алатын болашақтың мектебі болуы керек. Жеке тұлға өмірі үшін маңызды -қоршаған орта, табиғат, жер, қарым- қатынас, еңбек, адамгершілік қатынастармен негізделген.
«Өзін-өзі тану»- бұл тек өзі туралы біліп қою емес, қоғамдық
қатынастар жүйесіндегі, адамдар арасындағы өз орнын таба білу, өзін тұлға ретінде сезіне білу болып табылады.
Осы мәселелердің барлығы «Өзін-өзі тану» сабақтары адамгершілік- рухани білім беру бағдарламасында көрініс тапқанын көрсетеді. «Өзін-өзі тану» сабақтарында оқушылар өздерін еркін сезініп, бір-біріне өздерінің отбасындағы адамдар жөнінде, олардың қандай ыстық екенін жеткізе алады. Сабақтарда көзделетін мақсат - әрбір баланы өз бойындағы шығармашылық әлеуметін тани және аша білуге, өзінің эмоциональдық көңіл-күйі мен мінез- құлық мотивтерін ұғына білуге, өз әдет- қылығы мен тәртібін басқара және бағалай білуге үйренуіне мүмкіндік туғызу. Сабақтың басында сәлемдесу рәсімі балалардың бір-біріне деген жылы сезімін ашып, көңілін көтереді. Жалпы бағдарламадағы бөлімдер мағыналы баланың тәрбиесіндегі мәселелерді жан-жағынан қарастыруды қамтыған. «Мен адаммын» түсінігін, өмірге келген соң мен осы дүниенің бір бөлшегі екенмін дегенді ойына елейді. Отбасындағы бір-біріне деген сыйластық, сүйіспеншілік, қамқорлық сезімін дамытады. Жауапкершілік, әдептілікті оятады. Баланың болашағы отбасындағы өзара қарым-қатынасқа ата-ана тірлігі мен еңбек әрекетіне тікелей байланысты екеніне сезіндіреді. Халқыімыздың дана қағидалары арқылы ізгілікке, жақсылыққа тәрбиелейді. Өзін-өзі тану пәнінің негізгі мазмұнында балалардың танымдылық қызығушылықтарын қалыптастыру мен қанағаттандыруға, әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға арналған алуан түрлі ойындар мен жаттығулар қолданылады. Негізгі тәсілдердің бірі ретінде - дос туралы әңгімелер мен ертегілер қолданылады. Мысалы; «Досы көпті - жау алмас» сабағын өткізгенде балардың бір-біріне деген қарым- қатынасы, достыққа, сыйластыққа баулыта отырып тәрбиелеу. Әңгіме өрбітуде көркем шығармалар, өмірдегі жағдаяттар, балалардың күнделікті өмірдегі әрекет-қылықтары арқау болады. Сабақтардың соңын ала жүргізілетін қорытындылар тәрбиешіге сабақтардың негізгі мазмұнының балаға әсерін тексеру және әрбір баланың көңіл-күйіне бақылау жасауға көмектеседі.
Кемеңгер Абай «Қара сөздерінің» бірінде: «Қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады. Сонан соң ғана Алла тағаланы танымақтық, өзін танымақтық, дүниені танымақтық, өз адамдығын бұзбай ғана ғылым-білімді үйренсе, білсе деп үміт қылмаққа болады», - деген.
Көптеген елдерде адамның дамуы, жетілуі, тұлға ретінде қалыптасуы жөніндегі маманданған институттар құрылып, ғалымдар білім беру мен тәрбиелеудің жаңа теориясын қалыптастырып, білім беру саласын адамгершілік құндылықтар тұрғысынан оқытуды қолға алуда. Қазақстан да бұл істен бейтарап қалып отырған жоқ, керісінше оқ бойы озып тұр десек те болады. «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызы тұлғаның дамуы мен адамгершілік педагогика мәселесін мемлекеттік деңгейге көтеріп, жас ұрпаққа жалпы адамзаттық құндылық негізінде тәрбие беру мазмүнын байытып отыр.
Өзін-өзі тану пәні біздің күнделікті өміріміздегі көкейкесті мәселелерді шешуімізге, қарым-қатынас жасауымызға көп көмек көрсетеді. Мінез-қүлқы, көңіл-күйі, мақсаты, өмірлік бағыты, болмысы әр түрлі адамдарды түсіне білгенде, олардың жақсы қасиеттерін аша білгенде ғана өмір қызықты да мәнді болады. Қоғамда қалыпты өмір сүруді өзгеден үйрене алмайсың, ол әрбір адамның жеке тәжірибесінен алынады. Өзгелермен қарым-қатынас барысында қайталанбас түлға ретінде қалыптасамыз. Өмірде алуан түрлі тағдырлы, мінезді адамдар кездеседі. Олармен дүрыс қарым-қатынас жасай білу - баға жетпес байлық. Осы байлыққа ие адам қоғамда өз орнын тауып, үйлесімді өмір сүре алады. өмірді сол қалпында қабылдап қадірлей біледі. Өзімен де, басқамен де жарасымды өмір сүре алатындай түлға ретінде қалай қалыптасуға болады? Оған жету жолы сан түрлі. Соның бірі - өзін-өзі тану. Өзін-өзі тану пәні адамгершілік тақырыптарын қамтитын материалдар жинағынан түрады. Ол оқушылардың өз ойын жинақтап жеткізуге ғана емес өзін танып, тексеруге мүмкіндік береді. Өзін-өзі тану курсы бір күндік емес, ғұмыр ұзақтығындай жол. Сондықтан бұл пәнде берілген даналардан шыққан ұлы сөздер, би-шешендердің айтқандары біздің өмірімізге бағыт-бағдар береді.
Мектеп тәрбиесі жайында сөз қозғағанда ғылыми дүниетаным, оның тереңдігі, толықтығы, кеңдігі негізге алынады. Бұл жағдайда дүниетаным сөзін қалай түсінуге болады? Ж. Б. Қоянбаев және Р. М. Қоянбаевалардың «Педагогика» атты еңбегінде дүниетанымға келесідей анықтама береді: «Дүниетаным дегеніміз объективті дүниеге және ондағы адамның алатын орнына, адамның өзін қоршаған шындыққа және өзіне қатынасы туралы көзқарастар жүйесі, сонымен қатар осы көзқарастарға тәуелді адамдардың өмірлік позициясын, олардың сенімдері, мұраттары таным және іс-әрекет принциптері, құндылық бағдарламалары» [3] . Ал, «Қазақстан ұлттық энциклопедиясында»: «қоғамдық сана мен жеке адам санасының ең жоғарғы деңгейі», - деген. Ол өзінің қызметі мен мәдени міндеті бойынша адамның біртұтас дүниедегі бағдарларының кешені болып табылады.
Оқушының ойын дамыту интелектуалды және эмоционалды жағынан жетілдірудің негізгі жолы табиғат жайында жүйелі білім беру керектігін ескерсек. Балаға табиғат құбылыстарын бақылату, көргенін ой елегінен өткізіп қабылдауын, ойын, тілін дамытуды басшылыққа алып отыру әрбір ата-ананың, ұстаздың мақсаты. Заттардың, құбылыстардың өзгеруі, өлі және тірі табиғаттың, жануарлар мен өсімдіктердің, олардың сыртқы ортаға бейімделуін, мекендеуін, көбеюін жүйелі түрде ұғындыра отырып, негізгі көңіл: бірінші - әр объектінің өзгеруі, екін ттт і - қимыл-қозғалысы, пішіні, үшінші - өсіп, дамуына бөледі. Егер бала осы негізгі қасиеттеді меңгерсе, жыл мезгілдеріне байланысты оның ерекшеліктерін көріп, байқап, сезіп, көрнекі-бейнелік ойы жетіліп, сөздік-логикалық ойының дамуына жол ашылады. Ол үшін біз балалардың есте сақтауын, көргенінің дұрыс немесе дұрыс емес екендігін ажыратып, айтып отыратындай танымдық қабілетін, дамытатын, жұмыс жүйесін жасадық.
Электротехника сабақтарының бірінде біз «Өмірді алдын- ала болжауға бола ма?» деген тақырыпты талқыладық. Сол сабақты ұсынып отырмыз.
Тақырып: Өмірді алдын ала болжауға бола ма?
Өмір адамға алланың берген қарызы, осы өмірдің мәніне жеткен адам ғана алланың қарызын қайтара алады. Өмірді адамға алла сыйласа, мәнді өмір сүре білу адамның өз қолында.
Жүсіп Баласағұн.
Сабақ мақсаты:
Өмірдің мәні туралы пікірлердің алуан түрлілігін көрсету, өмір жолын жоспарлаудың факторлары мен шарттарының маңызын түсіндіру, өмірдің мәнін анықтайтын құндылықтарды айқындау.
Әдістер: әңгіме, мәтінге түсініктеме, пікірталас, ойын.
Әдістемемен қамтамасыз ету: хрестоматия, дәптер, доп.
Сабақ барысы
Кіріспе сөз
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz