Орта мектептердегі радиоэлектроника үйірме жұмыстарын жүргізу жолдары


Пән: Электротехника
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Орта мектептердегі радиоэлектроника үйірме жұмыстарын жүргізу

жолдары

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В012000 - «Кәсіптік оқыту» мамандығы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

«Қорғауға жіберілді» кафедра меңгерушісі

п. ғ. к., доцент м. а.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Орта мектептердегі радиоэлектроника үйірме жұмыстарын

жүргізу жолдары
5В012000 - «Кәсіптік оқыту» мамандығы

Ғылыми жетекшісі, магистр-оқытушы

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер 3

Анықтамалар 4

Белгілеулер мен қысқартулар 5

Кіріспе 6

Орта мектептерде радиоэлектроникадан үйірме жұмыстарын 8 ұйымдастырудың теориялық негіздеріСыныптан және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру 8формалары

Техникалық үйірмелерді ұйымдастыру негіздері 12Радиоэлектроникадан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстардың 21мазмұны

Радиоэлектроникадан үйірме жұмыстарын орта мектепте25ұйымдастыру әдістемесі

Орта мектепте радиоэлектрониканы оқыту мазмұны 25Орта мектептегі радиоэлектроникадан үйірме жұмыстарын оқыту 30 үйірме жұмыстарындағы оқыту әдістері 41Радиоэлектроника үйірмесінде қарастырылатын радио 53 бөлшектерРадио бөлшектер 53Радиоқабылдағыш 57Қорытынды 68

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 69

Қосымша 71

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Дипломдық жұмыста келесі нормативтік құжаттарға сілтеме жасалған:

  • Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» заңы;
  • Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы ғ 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, «Технология» оқу пәні бағдарламасы;
  • Университеттің ішкі нормативтік ережесі:
  • УЕ-ХҚТУ-015-2014 Дипломдық жұмысты (жобаны) әзірлеу мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар;
  • УЕ-ХҚТУ-027-2014 Қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру мен өткізу ережесі.

АНЫҚТАМАЛАР

Дипломдық жұмыс (жоба) - тиісті саланың нақты мамандығының өзекті проблемасын студенттің өз бетінше зерттеуінің нәтижелерін жинақтауы болып табылатын бітіру жұмысы;

Әңгімелеу - оқу материалын тыңдарманға сипаттама не баян формасында монологты, бірізді сөйлеп жеткізу.

Түсіндіру - бұл игеруге қажет обьект, құбылыс, кейбір ұғымдар заңдылықтары мен мәнді қасиеттерін талқы, талдау, мысал келтіру жолымен дәлелдеп, оқушы санасына енгізу.

Әдістеме - педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы.

Оқу әдісі - білім игеру мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған оқытушы мен оқушының бірлікті іс -әрекеттік қимыл - тәсілдері.

Оқу тәсілдері - оқу әдісінің құрамды бөлігі немесе бір қыры, яғни жалпы «әдіс» түсінігіне байланысты жалқы ұғым.

Проблемді оқу әдісі - оқу процесіндегі орындаушылық қызметтен шығармашыл іс-әрекетке өту құралы ретінде танылады.

Оқу ережелері (дидактикалық ережелер) - оқу процесінің қалыпты педагогикалық жағдайларында қандай және қайтіп әрекет жасау қажеттігін көрсететін нақты ұсыныс.

Радиоэлектроника - ғылым мен техниканың ақпарат тарату, қабылдау және түрлендіру үшін электрмагниттік өріс энергиясын пайдалану мәселелерін қарастыратын саласы.

Электроника - ғылым мен техниканың вакуумда, газда, сұйықта, қатты дене мен плазмада, сондай-ақ олардың бір-бірімен жанасу шекарасында байқалатын электрондық және иондық құбылыстарды зерттеуге және оларды қолдануға арналған саласы.

Резистор - электр тізбегінің әр түрлі тармақтарындағы ток күшін, не кернеуді шектеу немесе реттеу үшін қолданылатын радиотехникалық немесе электртехникалық бөлшек.

Шығар қуат дегеніміз - дыбыс күшейткіштің дауыс зорайтқышқа мүлтіксіз жеткізетін қуаты, ол қабылдағыштың күшею және қабылданған сигнал шамасына тәуелді; бұл қуат дыбыс қаттылығын реттеуіш арқылы өзгертіледі және күшейтуді автоматты реттеу құрылысымен қажетті деңгейде бір қалыпты ұсталады.

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

Технология мұғалімі - мектеп технология пәнін оқытатын мұғалім; ЭЕМ - Электронды есептегіш машина ОҒҚ - Оқушылардың ғылыми қоғамы ТОҚ - техникалық оқыту құралдары

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Халық шаруашылығында тиімді пайдаланылатын энергия түрлеріндегі табиғи ресурстардың потенциалдық энергиясын қайта өзгерту мәселерімен, энергияны қайта өзгертудің жаңа құралдарын жасаумен және қолданылып жүрген құралдарын жетілдірумен энергетикалық білім алған білікті маман шұғылданады. Ал, мамандыққа қажетті білім негіздері мектеп қабырғасында білім беру ісінен басталады.

Қазіргі уақытта аудандарда, қалаларда және ауыл шаруашылығының электр-энергетикалық жүйелері мен желілерінің қуат жабдықтарын, қорғау және автоматика қондырғыларын іске қосу, монтаждау, ретке келтіру және сынау жұмыстарымен айналысуды қажет ететін мамандықтарды қоғам өмірі талап етуде. Ғылым мен техниканың энергияны өзгерту, заттың химиялық құрамын алу мен өзгерту, материалдар өндіру мен өңдеу, хабар беру үшін электр және магнит құбылыстарының қолданылуын зерттейтін қызметінде пайдалану мәселелерін қамтитын саласы - электр энергиясын алу, өзгерту және адамның практикалық қызметінде пайдаланудың мәселелерін қамтитын - электр-техникасының дамытылуымен тікелей немесе жанама байланысты қызметпен шүғылданатын маман иелері керек. Электр техникасының дамуы бірінші кезеңде өнеркәсіп өндірісінің, ауыл шаруашылығының және транспорттың қалыптасуы мен дамуына орасан зор ықпал еткен электр машинасының жасалуына қол жеткізді. Космос кеңістігін және мұхит тұңғиығын бүгінгі алғашқы игерушілер қарапайым да сенімді электр машиналарын осы күнге дейін пайдалануда [1, 2] .

Ғылым мен техниканың дамуына сәйкес автоматтандырылған электр жетегімен транспорт құралдарын, сондай-ақ оларды электр энергиясымен жабдықтау құрылғыларын зерттеу, конструкциялау, жасау және пайдалану үшін қажетті кешенді даярлықты қоғам жастардан талап ететіні белгілі. Оның үстіне ғылым мен техниканың барлық салаларындағы ғылыми-техникалық прогресті қазіргі кезде электронды техниканың приборлары мен бұйымдары айқындайды. Олар іргелі және қолданбалы физикалық зерттеулер жүргізу кезіндегі негізгі аспап, осы заманғы есептеу техникасын, радиоэлектрониканы, байланыс құралдарын, автоматика мен техникалық кибернетиканы дамытудың негізі болып табылады, халық шаруашылығының көптеген салаларында кеңінен пайдаланылады.

Электронды техникалардың, құрылғылардың бәрі, хабарды немесе энергияны өзгертуге арналғанына, техниканың қандай салаларында қолданылатынына қарамастан, электронды приборлар негізінде жасалған. Мүнын өзі оқуды бітірушілерден жартылай өткізгіш приборлар физикасы, электронды схемалар мен микропроцессорлы құрылғылар қолдану әдістері және басқа пәндер саласында білімінің терең болуын қажет етеді.

Радиотехника - хабарлар алу, өңдеу, сақтау және беру үшін қолданылатын электр-магнитті толқындар, электр және электрон қүрылғылары туралы ғылым. Электр энергиясы мен магнетизм туралы ілім дүниеге осыдан төрт жүз жыл бұрын, У. Гильберттің «Магнит, магнитті денелер және үлкен магнит - Жер туралы деген іргелі еңбегі жарық көрген (1600) кезде келген болатын. 1895 жылы А. С. Попов электр магнитті толқындардың көмегімен байланыс жасауды тарихта тұңғыш асырды. Радиобайланыстың ашылуы техникадағы терең өзгерістердің бастамасы болды. Радиотехникалық әдістер мен құрылғылар космос жүйелерінде, автоматикада, радиолокация мен радионавигацияда, астрономияда, геологиялық барлауда, биологияда, медицинада және тағы басқа салаларда қолданылады.

Халық шаруашылығының бүгінде біздің елімізде түрлі хабарлар беру мен қабылдауды қамтамасыз ететін саласында ондаған мың байланыс кәсіпорындары бар. Өткен ғасырдың 60-шы жылдардың орта тұсынан бастап бірыңғай автоматтандырылған байланыс жүйесі жасалып, енгізілуде. Байланыс кәсіпорындары мен мекемелеріне жыл сайын ең жаңа аппаратура берілуде, оларды радиотехника мен байланыс саласында арнаулы әзірлігі бар инженерлер әзірлейді, конструкциялайды және пайдаланады [3- 9] .

Жоғарыда айтылған мәселелерді, оның ішінде электротехника, радиотехниканың негіздерін мектепте оқыту мәселесі қазіргі уақыттарда төмен деңгейде деп айтылып жүргені белгілі. Оның себептеріне бірнеше факторларды жатқызады, олар бағдарламаның практикалық мәнінің болмауы, яғни оқу процесінде толық пайдалану мүмкіндігінің жоқтығы; оқулықтардың қазақ тілінде жеткілікті мөлшерде болмауы; мұғалімдердің арнайы даярлығының төмендігі; әсіресе, оқу-материалдық базаның жабдықталуының төмен болуы. Осыған байланысты біздер зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Орта мектептердегі радиоэлектроника үйірме жұмыстарын жүргізу жолдары» деп алдық.

Зерттеу мақсаты : Орта мектептерде радиоэлектроника бойынша үйірме жұмыстарын ұйымдастыруды анықтау және әдістемелік ұсыныс әзірлеу.

Зерттеу нысаны : жоғары сыныптардағы технология пән сабақтары.

Зерттеу пәні : технология оқу пәні бойынша радиоэлектроника бағытынан үйірме жұмыстарын ұйымдастыру барысы.

Зерттеу міндеттері:

  • зерттеу тақыбыры бойынша әдебиеттерді, ғылыми зерттеу жұмыстарын зерделеу және талдау;
  • орта сынып оқушыларына радиоэлектроникадан үйірме жұмыстарын ұйымдастырудың теориялық негіздерін анықтау;
  • радиоэлектроникадан үйірме жұмыстарын орта мектепте ұйымдастыру әдістемесін мазмұндау;
  • радиоэлектроника бағыты бойынша орта мектепте үйірме жұмыстарында қарастырылатын радио бөлшектер мен бұйымдарды сипаттау.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. Орта мектептерде радиоэлектроникадан үйірме жұмыстарын ұйымдастырудың теориялық негіздеріСыныптан және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру формалары

Сыныптан тыс уақытта техника саласы бойынша мектеп оқушыларының техникалық қызығушылығын және техникалық шығармашылығын ұйымдастырудың негізгі формасы техникалық үйірме болып табылады. Ол техниканың нақты саласына жалпы қызығушылықты тудыратын және осы салада практикалық іс-әрекетпен шұғылдануға ұмтылатын ерікті оқушыларды біріктіреді. Бұндай жұмыстың негізін техника, техникалық объектілер және технология, моделдерді, құралдарды және басқа да құрылғыларды конструкциялау мен тұрғызу, ұтымды іс-әрекеттер, эксперимент жасау, ғылыми және техникалық ізденіс мәселелерін бірге зерделеу құрады.

Техникалық үйірме - бұл тек қана оқушылардың күштерін және шығармашылық ойлауды дамыту, бейімділік пен қабілеттілікті сынау орны ғана емес, болашақ өндіріс жаңашылдарын, ұсынысшылары мен өнертабысшыларын, ғалымдарды және инженерлерді ұжымда ұтымды тәрбиелейтін орын. Әрбір үйірмедегі сабақтарда реттілік, ұзақтық мерзімі және белгілі сала жұмыстары сипатталады.

Мектеп және мектептен тыс балалар мекемелерінде іс-әрекетінің практикасында қазіргі уақытқа дейін оқушылардың төмендегідей техникалық шығармашылығы үйірмелерінің түрлері қалыптасқан:

  1. Дайындық техникалық үйірмесі (бұл бастауыш мектептің оқушылары үшін) . Мұндай үйірмелер оқушылардың тұрғын орны бойынша мектептерде (ұзартылған күн тәртібі топтарында) және көптеген мектептен тыс балалар мекемелерінде құрылады. Мүнда. мектептің бастауыш сынып оқушылары шамасы келетін формада техника элементтерімен және қарапайым технологиялық процестермен танысады, қағаздармен, қаңылтырмен жүмыс жасайды, еңбек сабақтарында алған алғашқы ептіліктерін ағашты, пластмассаларды, металды және т. б. материалдарды өңдеу бойынша дамытады. Оқушылар техникалық ойыншықтарды, машиналар мен механизмдерді күрделі емес моделдері, қарапайым автоматты қүрылғыларды, оқу-көрнекі қүралдарды, мектеп және үйге керекті заттарды дайындайды. Бүл типтегі үйірменің іс - әрекетіндегі мәнді орынды қарапайым ойыншықтар мен моделдерден түрғызылған ойын және жарыстар алады. Соңғы уақыттарда осындай үйірмелердің жетекшілері оқушыларды қарапайым электротехника және электроника саласындағы жүмыстарға тартуда. Дайындық техникалық үйірме жүмыстарында сабақтардың тәжірибелері болашақтағы барлық формалар үшін мектеп оқушыларының орта және жоғары сыныптарын-дағы жас техниктеріне бастама болуда. Бастауыш мектеп оқушылары үшін бәрінен бүрын бастауыш техникалық модельдеу үйірмелері, механикалық ойыншықтар үйірмелері, көркем конструкциялау элементтері мен бастауыш техникалық модельдеу үйірмелері үйымдастырылады.
  2. Заттық (ғылыми-техникалық) үйірме. Бұл үйірмелер мектептерде, кәсіптік-техникалық мектептерде, оқу-өндірістік комбинаттардың мектеп оқушыларының орта және жоғары жастағылары үшін оқу кабинеттері мен шеберханаларының базасында құрылады. Мектептерде физика-техникалық, химия-технологиялық, агрохимиялық, астрономиялық үйірмелер, ауылшаруашылық машиналары үйірмелері; кәсіптік-техникалық мектептерде (училищелерде) - электро- және радиотехникалық, автоматика, электроника және есептеу техникасы, токарлық және құрылыс нысандары және т. б. үйірмелер. Мұндай үйірмелердің мақсаттары - оқу жоспарындағы әртүрлі пәндер бойынша оқушылардың білімдерін кеңейту және тереңдету, практикалық ептіліктерін бекіту. Үйірмеде шұғылданумен оның мүшелері ғылым мен техниканың тарихы және қол жеткен жаңа жетістіктері бойына баяндамалар және рефераттар дайындайды, ғылыми-техникалық бюллетендер шығарады, тәжірибелер жүргізеді, міндетті оқу бағдарламаларынан тыс есептер шығарады. Осымен қатар көрнекі құралдарды, приборларды және т. б. жөндеу, конструкциялау және дайындау бойынша практикалық жұмыстарға үлкен мән бөлінеді.
  3. Спорттық-техникалық үйірмелер. Бұл үйірмелер әртүрлі мектептен тыс мекемелерде, сондай-ақ кәсіптік-техникалық мектептерде құрылады. Оларды көбіне “жалпытехникалық” немесе “қызығушылық” деп те атайды. Бұл үйірмеге жататындар: авиамоделдеу, ракеталық-космостық модельдеу, авто- және кемемоделистер, теміржол моделдеу, радиобасқару, сумоторлы спорт және т. б. Оларда спорттық модельдеуге, спорттық техникалық түріне қызығатын ІУ-ХІ сыныптың оқушылары шұғылданады. Спорттық-техникалық үйірмелерде оқушылар арнайы технологияны оқып-үйренеді, ұшатын аппараттардың, автомобильдің, кеме, локоматив және т. б. спорттық жарыстарға немесе көрмелерде демонстрациялайтын көлік құралдарының қабырғалық және функциональдық моделдерін конструкциялайды және дайындайды. Бұл жұмыстар ерекшелігі жарыс үшін дайындалатын модельдер. Бірыңғай таптастыру талаптарына сәйкестікте болып табылады. Екінші-үшінші оқу жылындағы сабақтарда оқушылардың белгілі спорттық нәтижелерге жеткені, модельдің жеке бөлшектері үшін жаңа конструкциялық материалдарды таңдаумен байланысты экспериментті-іздеу жұмыстарына, оларды дайындау үшін жабдықтарды жетілдіруге қатыстырылады. Моделмен жұмыс кезінде, олардың жүрістерін дайындауда және жарысқа қатынасуда мектеп оқушылары техниканың сәйкес саласының тарихымен, жетістіктерімен және олардың одан әрі даму перспективасының жоспарымен танысады.
  4. Өндірістік-техникалық үйірмелер қажетті материалдық құралдары бар кәсіптік-техникалық мектептерде, оқу-өндірістік комбинаттарда және мәдени - ағарту мекемелерінде, мектептің оқу шеберханаларында құрылады, әрі нәтижелі жұмыс жасайды. Бұл үйірмелер техниканың және өндірістің белігілі саласына қызығатын мектептің орта және жоғары сынып оқушыларын біріктіреді. Кеңінен таралған үйірмелерге жас дизаинерлер, столяр конструкторлар, металлистер, технологтар-рационализаторлар, электрондық автоматика, техникалық кибернетика, құлтемір техника, кіші өлшемді ауылшаруашылық техникаларын конструкциялау, аспап құрылысы және өлшеу техникалары үйірмелері болады. Ірі өнеркәсіп базаларында өнеркәсіптің саласының профилі бойынша мамандандырылған үйірмелер жұмыс жасауы мүмкін болды. Өндірістік-техникалық үйірмелердің жұмыстарының басты сипаты - бұл машиналарды, агрегаттарды, өнеркәсіптік қондырғаларды модельдеу, сондай-ақ таңдаған ғылым, техника және өндіріс саласындағы шығармашылық конструкторлық және тиімді ұсыныстар іс-әрекеттері.

Өндірістік-техникалық үйірмелердің ерекше категориясын мектеп оқушыларының төмендегідей бірлестіктері түзеді, олар кеңінен қолданатын машиналар, аппаратттар, немесе басқа да техникалық объектілердің (автомобильдер, мотоциклдер, комбайндар, және т. с. с. ) . Оқушылар мұнда олардың құрылысымен және жұмысымен танысады, оларды басқарудағы, күтім жасаудағы және қызмет көрсетудегі ептіліктерді игереді. Мұндай үйірмелер кейде оқу-техникалық деп аталады және жеке топтарға бөлінеді. Олар негізінен оқу сипатында болып табылып, тікелей шығармашылық конструкторлық және ұтымды ұсыныс жұмыстарымен байланыста болмайды. Оқушылар осындай үйірмеде оқу курсынан өтіп оның арнайы бағдарламасын орындайды, шын мәнінде нақты кәсіпті: жүргізуші, комбайнер, киномеханик, т. с. с игеруге оңай белгілі білімдер мен ептіліктерді (және соған сәйкес арнайы құжат - куәлік) алады. Мұндай үйірмелердегі сабақтар мамандар дайындауға жауапты ведомостволар бекіткен бағдарламалар бойынша жұмыс жүргізіледі.

  1. Көркем-қолданбалы шығармашылық үйірмесі. Бұл үйірмелер мектептерде, кәсіптік-техникалық мектептерде (үйірмелерде), оқушылардың барлық жастары үшін әртүрлі мектептен тыс балалар мекемелерінде құрылуы мүмкін. Бұлар ағашты (ағашты ою бойынша), металды (шекімелеу) көркем өңдеу, инкрустация, макраме, ілмекпен тоқу, мозаика және т. б. Оларда мектеп оқушыларының эстетикалық талғамы қалыптасады, көркем-қолданбалы шығармашылыққа жеке-дара қызығушылығы дамиды.

Мектептегі, кәсіптік-техникалық мектептердегі, оқу-өндірістік комбинаттардағы немесе мектептен тыс балалар мекемелеріндегі техникалық үйірмелер жүйесінде даму, олардың белсенділігінің өсуі ғылыми және техникалық шығармашылық үшін үйірмелерді оқушыларға беруі мүмкін. Өнертабыстар мен тиімді ұсынысшылардың алғашқы ұйымы, оқушылардың шығармашылық бірлестіктері: конструкторлық бюро, топтар және бригадалар, жастардың тиімді ұсынысшылар мектебі, оқушылардың ғылыми қоғамы пайда болуы туындайды.

Оқушылардық конструкторлық бюросы оқу орнының, базалық мекеменің өндірістік тақырыбы бойынша шығармашылық іс-әрекеттерде белсенді қатынасу немесе қандайда бір техникалық проблеманы шешу мақсатында оқушылардың жоғары сыныптарынан түзіледі. Мұнда оқушылармен біргелікте: мекеменің инженерлері, ғалымдар, техника және басқа да саланың мамандары жұмыс жасай алады. Конструкторлық бюро жұмысының негізгі бағыты: тәжірибелі үлгілерді және оқу орындарында өнім шығару үшін технологиялық жабдықтарды түзу, өндірістің ұтымды ұсынысшылары сияқты еңбек құралдарында күрделі емес конструкторлық өзгертулерді енгізу, өндірістік технологиялық процестерді жеңілдету және жақсарту үшін құралдардың даярламасын жасау және оны дайындау, көлік құралдарын конструкциялау және дайындау.

Оқушылар конструкторлық бюрода тапсырманың және жобаның даярламасын түзу кезінде мектепте, кәсіптік-техникалық мектептерде, оқу- өндірістік комбинаттарда таныса қоймаған әртүрлі есептеулерді, графикалық тұрғызуларды орындауына тура келеді. Сондықтаң да мұнда оқу жас конструкторларға сәйкес ұйымдастырылады: көптеген сұрақтарды

оқушылардың өздері арнайы әдебиеттердің көмегімен өзбетінше жинақтайды, мамандармен кеңеседі.

Оқушылардың ғылыми қоғамын (ОҒҚ) мектептің, кәсіптік-техникалық мектептің, оқу-өндірістік комбинаттың кабинетінің базасында, т. б. ұйымдастыруға болады.

ОҒҚ-дағы жұмыстың міндеті, мазмұны және ұйымдастырылуы, сондай-ақ олардың мүшелерінің міндеттері «оқушылардың ғылыми қоғамы туралы ережесі» бойынша анықталады.

ОҒҚ негізі болып алғашқы бірлестіктер табылады, олар: мектепте, ОӨК, КТМ, мектептен тыс мекемелерде, жоғары оқу орындарында, ғылыми зерттеу институттарында құрылатын үйірмелер, конструкторлық бюролар, клубтар және т. б. Мектептік ОҒҚ математика, физика, химия, геология, техника бөлімдері болады. Техникалық секция әртүрлі техникалық үйірмелердің жұмыстарын біріктіреді. ОҒҚ алғашқы ұйымдары ғылымның, техниканың әртүрлі салалары бойынша аудандарда, қалаларда, облыстарда және республикаларда біріктіріледі.

Елімізде оқушылардың техникалық шығармашылығы бойынша кеңес үкіметі орнағаннан бері көптеген тәжірибелер жинақталды. Қазіргі кездегі халыққа білім беру саласының әртүрлі құрылымдық деңгейлерінің алдында, тарихи кезеңдердегі оқушылардың техникалық шығармашығының даму тарихын ескере отырып, оны қайта жаңғырту мәселесі тұр.

Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруга қойылатын негізгі талаптар.

Сыныптан тыс сабақтардың тәрбиелік құндылығы, олардың тиімділігі көбіне бірқатар талаптарды сақтауға байланысты.

Ең алдымен олардың қазіргі заман нысаналылығы мен саяси бағыттылығын қамтамасыз етудің маңызы зор. Бұл талапты сыныптан тыс жұмыстың формалары мен әдістерін таңдаған кезде, оны жоспарлау және ұйымдастыру процесінде, қорытынды шығарған кезде сақтау қажет.

Сыныптан тыс жұмысқа қойылатын талаптардың ең маңыз-дыларының бірі - оның өмірмен тығыз байланыстылығы. Кез келген үйірменің, ғылыми қоғамның жұмысы айнала қоршаған өмірмен танысуға және оны гүлдендіруге белсене қатысуға себепші болуы тиіс.

Сыныптан тыс сабақтардың мазмұны мен ұйымдаетырылуын мектептің оқу-тәрбие міндеттеріне бағындыру қажет. Үйірмелік және бұқаралық сыныптан тыс жұмыс үшін жалпы білімді және политехникалық дүниетанымды кеңейтуге, адамгершілік және еңбек тәрбиесін беруге, саяси сананы, эстетикалық талғамды және дене қуатын дамытуға септігін тигізетін материалдар іріктеудің маңызы үлкен.

Сыныптан тыс сабақтардың тиімділігі, егер олар анда-санда емес, жүйелі, үнемі өткізілетін жағдайда едәуір артады. Бұған тыңғылықты жоспарлаудың және нәтижелерді есепке алудың көмегімен қол жетеді. Мектептерде оқылатын ғана емес, сыныптан тыс сабақтардың кестесі де болуы пайдалы. Онда үйірмелік және басқа сабақтан тыс жұмыстың кұндері және сағаттары көрсетіледі.

Сыныптан тыс сабақтарды ұйымдастыруға қойылатын маңызды талап - олардың қолдан келерліктей, шама жетерліктей болуы. Шама жетпейтін сабақтар қажетті нәтиже бере алмайды. Олар оқушылар ұшін қызықты емес, оларды еліктірмейді. Олардың жоғары сыныптарда қолдан келерліктей болуын қамтамасыз ету ерекше қажет. Бұл сыныптардағы үйірмелік және бұқаралық жұмыстарда әр түрлі ойындар мен ермектер, романтика элементтері үлкен орын алады. Мұнда қарапайым қол жұмысымен айналысу, сыныппен немесе оқушылардың топтарымен жүргізілетін жалпылама жұмыс формалары басым болады. Сыныптан тыс жұмыс мазмұнының, формалары мен әдістерінің оқушылардың даму деңгейіне сәйкес келуі - педагогикалық талаптардың бірі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі мектенптерде білім беру мазмұны
Мектеп жасына дейінгі тәрбие
Қазіргі кезеңде шағын жинақталған мектептердегі тәрбиелік жұмыстардың өзекті мәселелері
Математикадан бастауыш мектепте сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар
Математиканы оқыту әдістері
Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары
Еңбек технология пәні шеберханасындағы құрал-жабдықтарды пайдалануда физикалық заңдылықтардың алатын орыны
ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН СЫНЫПТАН ТЫС ОҚЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ
Музыка сабағында оқушының шығармашылық белсенділіктерін үйірмелер арқылы дамытудың түрі мен әдіс-тәсілдері
Математиканы тереңдетип окыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz