Технология пәнін жоғары сыныпта оқыту барысында интербелсенді оқыту әдістерін пайдалану мүмкіндіктері


Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК
УНИВЕРСИТЕТІ
ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН ЖОҒАРЫ СЫНЫПТА ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ПАЙДАЛАНУ
МҮМКІНДІКТЕРІ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В012000 «Кәсіптік оқыту» мамандығы
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК
УНИВЕРСИТЕТІ
Кафедра меңгерушісі
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ: ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН ЖОҒАРЫ СЫНЫПТА
ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ
5В012000 «Кәсіптік оқыту» мамандығы
Орындаған:
Ғылыми жетекшісі
магистр-оқытушы:
Аннотация
Дипломная работа посвящена возможносям использования интерактивных методов при обучении технологии учащихся старших классов.
В работе рассматриваются психолого-педагогические аспекты использования интерактивных методов при обучении технологии учащихся старших классов, дается анализ типовой программы с учетом использования интерактивных методов при обучении технологии учащихся старших классов, предлагаются пути использования интерактивных методов при обучении технологии учащихся старших классов
Мазмұны
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР 3
АНЫҚТ АМАЛАР
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
КІРІСПЕ
- Технология пәнін жоғары сыныпта оқыту барысында интербелсенді оқыту әдістерін пайдаланудың теориялық негіздері
1. 1«Интербелсенді оқыту әдістері» ұғымның мәні мен маңызы
- Технология пәнін жоғары сыныпта оқыту барысында интербелсенді оқыту әдістерін пайдалануда психологиялық-педагогикалық жағдайды есепке алу
- Технология сабақтарында интербелсенді оқыту әдістерін пайдаланудың ма. змуны
- Технология пәнін жоғары сыныпта оқыту барысында интербелсенді оқыту әдістерін пайдаланудың жолдары
- Технология пәнін жоғары сыныпта оқыту барысында интербелсенді оқыту әдістерінің ерекшеліктері
- Технология пәнін жоғары сыныпта оқыту барысында интербелсенді оқыту әдістерін пайдаланудың мүмкіндіктері
- Технология пәнін жоғары сыныпта оқыту барысында интербелсенді оқыту әдістерін пайдаланудың жолдары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
1 . Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы
- Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 -2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
- Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы
АНЫҚТАМАЛАР
- Әдіс - гректің «теіоёоз» - белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары
- Әдіс - білім беру, тәрбиелеу жэне дамыту барысында белгіленген мақсатка
жетуді қамтамасыз етуге, ғылымда зерттеуді жүзеге асыруға көмектесетін
тэсіл, алға қойған міндеттерді шешу үшін ұйымдастырылған адамдардың, ұжымдардың іс - әрекетінің бір жолы.
З. Окыту әдістері деп оқу - тәрбие мақсаттарына жетуге бағытталған мұғалім мен оқушылардың өзара байланысты іс - әрекеттерінің тәсілдері.
- Әдістеме - әдістер жиынтығы
5. Іс - әрекет - бұл қарапайым ағымдағы мэселелерді шешуге бағытталған қимыл элементі.
6. Интерактивті сөзі - ағылшын тілінен аударғанда, іпіег - аралық, бірнеше, аеііоп- әрекет дегенді білдіреді.
Педагогикалық технология дегеніміз - тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс-тәсілдер - оның бөлігі ғана»
Инновация (латын сөзі іп - в, ШШ - жаңа ) жаңа, жаңалық, жаңарту
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ЖОО -жоғары оқу орны
ХҚТУ - Халықаралық қазақ-түрік университеті
АТИФ - Ақпараттық технологиялар және инженерлік факультеті
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі Әлемдегі жүргізіліп жатқан білім беру жүйесіндегі ізгілендіру үдерістері білім беру мекемелеріне қойылатын жаңа талаптарды да нақтылуда. Өйткені бүгінгі ғылыми техникалық прогрестің дамуна орай техника мен ғылым көлемінің ұлғая түсуі мектептегі білім беру мазмұнын қайта құру және оқу - тәрбие орындарының іс - әрекет қағидаларын қайта қарауға, әсіресе мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен тұлғасына, бүкіл педагогикалық үдерістің тұлғалық бағдарлануына қойылатын талаптардын сөзсіз арта түсуіне алып келді. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: "Білім беру жүйесінің басты міңдеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; . . . оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге ш ығу"-деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді деп атап өтілген [1] .
Осы міндеттерді шешу ү ш ін, мектеп ұжымдарының, әрбір мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.
Қазіргі кезде бүқіл дүниежүзілік білім әлеміне ену мақсатында Қазақстан Республикасында берілетін білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үдеріс педагогика теориясы мен оку-тәрбие үдерісіне нақты өзгерістер енгізумен катар жүргізілуде. Ендеше елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытудың, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Тәуелсіз елде қызмет жасау үшін жас мемлекетіміздің әлем кеңістігінде өркениентті ел ретіндс танымал болып, экономиканы өркендетіп, халықтың әлеуметтік жағдайын білімі мен ғылымы, өнері мен мәдениеті өркендеп, халықтың әлеуметтіі жағдайы дүние жүзі мемлекеттерімен теңесуі үшін ел мүддесі жолында аянбай тер төгіп, мағыналы да, маңызды жұмыстар атқару - Республикамыздың әр азаматының парызы. Сондықтан бүгінгі таңда өмірдің жалғастырушысы - ертеңгі болашағымыз ел мен жердің иесі - жас ұрпағымызды лайықты тәрбиелеі отырып, сапалы білім беру қажеттіліг туындайды.
Сондай-ақ қазіргі қоғамымызда әр мұғалім өз іс-әрекетінде қажетті өзгерістерді әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды жаңа әдіс тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек. Сонымен қатар мектептегі оқу-тәрбие жүйесі, мұғалім - оқушы арасындағы қарым-қатынас жалпы оқытуды ұйымдастыру талапқа сай елеулі өзгерістерді қажет етіп отыр.
Оқушыларды еңбекке тәрбиелеу мәселесі Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін мектептер білім мазмұнының тұжырымдамасында орын тапқан [2] .
Қазіргі ғылым мен техниканың кең қанат жайған кезеңінде ғылыми-таным әдіснамасы өте зор маңызға ие. Білім ауқымы адам айтқысыз кеңейді, технология дамып, ақпаратты таңдай білу мәселесі алдыңғы қатарға шықты. Ендеше мұғалім алдында «Жаңа технологияны ғылыми негізде меңгеру және терең білімді, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу» мәселесі тұр. Міне осы мәселені өз жұмысына арқау еткен мұғалімнің мақсаты мына төмендегідей болуы тиіс;
- озық тәжірибелерді, түрлі педагогикалық әдістерді, жаңа педагогикалық технологияны ұтымды пайдаланудың соңғы нәтижелерін дамыту;
- білімін жетілдіру негізінде оқутттының жеке тұлға болуына ықпал ету;
- оқушының маңызды мәселелерді өздері талдап, қорытындылауына жол ашу;
- оқушы өзінің ғылыми-таным әдістерін саралай отырып, ойлауын дамыту және бүгінгі көзқарастың қалыптасуына негіз салу, т. б.
Білім беру мақсаты, оның ұйымдастырушылық құрылымы, технологиялық жағынан жабдықталуы, оқыту әдістемесі қоғамның әлеуметтік сұранысынан туындайды.
Бүгінде бүқіл дүниежүзілік білім әлеміне ену мақсатында қазіргі кезде Қазақстан Республикасында берілетін білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үдеріс педагогика теориясы мен оку-тәрбие үдерісіне нақты өзгерістер енгізумен катар жүргізілуде. Ендеше елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытудың, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Тәуелсіз ел болып, өз алдына дербес мемлекет алғанымызға бүгінгі күн 20 жылдан асты, бұл үлкен жетістік. Ендігі жерде жас мемлекетіміздің әлем кеңістігінде өркениентті ел ретіндс танымал болып, экономиканы өркендетіп, халықтың әлеуметтік жағдайын білімі мен ғылымы, өнері мен мәдениеті өркендеп, халықтың әлеуметтіі жағдайы дүние жүзі мемлекеттерімен теңесуі үшін ел мүддесі жолында аянбай тер төгіп, мағыналы да, маңызды жұмыстар атқару - Республикамыздың әр азаматының парызы. Сондықтан бүгінгі таңда өмірдің жалғастырушысы - ертеңгі болашағымыз ел мен жердің иесі - жас ұрпағымызды лайықты тәрбиелеі отырып, сапалы білім беру қажеттіліг туындайды.
Сондай-ақ қазіргі қоғамымызда әр мұғалім өз іс-әрекетінде қажетті өзгерістерді әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды жаңа әдіс тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек. Сонымен қатар мектептегі оқу-тәрбие жүйесі, мұғалім - оқушы арасындағы қарым-қатынас жалпы оқытуды ұйымдастыру талапқа сай елеулі өзгерістерді қажет етіп отыр.
Мектеп - тәжірибесінде жаңаша жұмыс істеп, жаңашыл технологияларды пайдаланып жүрген озық тәжірибелі мұғалімдер аз емес. Бірақ олардың пікірінше жаңашыл әдіс -тәсілдерді іс жүзінде нәтижелі қолдану жолдарын, инновациялық үдерістерді бір жүйеге келтіріп оның педагогикалық негіздерін анықтау, оларды білім беруді дамытудың негізгі факторларына айналдыру мәселелерін шешу қиындық тудыруда.
Сондықтан келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі деп түсіндіреді.
Инновациялық үдерісті зерттеу барысында жүйенің бір жағдайдан екінші бір жағдайға көшуі және жаңалықты енгізу процесіне басшылық жасау мәселелерін зерттеу маңыздылығы В. П. Беспалько, К. Ангеловски, Ш. Т. Таубаева, В. Д. Лушников, Г. П. Щедровицкий, И. А. Романова, С. А. Смирнов, А. Пригожин, В. Розин, А. М. Воронин, В. И. Загвязинский, А. Г. Пинский, С. Д. Поляков, Ю. К. Бабанский, Е. Комраков пен А. Черняковская және т. б. зерттеулерінде қарастырылған [3; 4; 5 ; 6; 7; 8; 9; 10; 11; 12; 13; 14; 15; 16; 17] .
Белсенді әдістер мәселесі төменгі еңбектерде орын тапқан: А. Әлімов »Интербелсенді әдістерді жоғарғы оқу орындарында қолдану»; А. К. Мынбаева,
З. М. Садвокасова «Инновационные методы обучения, или как интересно преподавать: учебное пособие»; А. П. Панфилова «Игровое моделирование в деятельности педагога» [18; 19; 20] . Бірақ, бұл еңбектерде мектеп
мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың және оқу-тәрбие үдерісінде инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдаланудың педагогикалық жүйелері ғылыми тұрғыда кеңінен қарастырылып жеке мәселе ретінде зерттелмегендігі байқалады. Осы мәселе төңірегіндегі білім беру жүйесін және оның құрамының өзгеруін қажет ететін "ескі" мен "жаңаның" арасындағы әлеуметтік педагогикалық қайшылықтарын және педагогикалық қауымның оқу-тәрбие барысында жаңаны игерудегі мүмкіндіктері арасындағы қарама -қайшылықтарды анықтауға мүмкіншілік тудырады.
Сондықтан біз зерттеп отырған диплом жұмысының мақсатына орай оқу- тәрбие үдерісінде инновациялық әдіс-тәсілдерді Технология пәнін өту барысында пайдаланудың жолдарын қарастырып, көтеріліп отырған мәселенің көкейкестілігі біздің зерттеу тақырыбымызды "Технология пәнін жоғары сыныпта оқыту барысында интербелсенді оқыту әдістерін пайдалану мүмкіндіктері " деп таңдап алуға себепші болды.
Зерттеу жұмысының мақсаты - технология сабақтарында интербелсенді әдістерді қолданудың педагогикалық негіздердің тигізетін ықпалын анықтау.
Зерттеудің нысаны:
Мектептің оқу- тәрбие үдерісі.
Зерттеудің пәні: Жоғары сынып оқушыларының оқу белсенділіктері мен іскерлік қабілеттерін техология пәнінде дамыту.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Оқытудағы интербелсенді әдістерді зерделеу;
- Жоғары сыныпта технология сабақтарында интербелсенді әдістерді қолданудың ерекшеліктерін айқындау;
- Технология пәнін жоғары сыныпта оқыту барысында интербелсенді оқыту әдістерін пайдаланудың мүмкіндіктерін белгілеу;
- Технология пәнін жоғары сыныпта оқыту барысында интербелсенді оқыту әдістерін пайдаланудың жолдарын анықтау.
Зерттеудің әдістері:
- теориялық (модельдеу, аналитикалық-синтетикалық, салыстырмалы, индуктивті-дедуктивті талдау), т. б.
- эмпирикалық (сұрау, бақылау, педагогикалық эксперимент, педагогикалық іс-тәжірбиелер) ;
- әлеуметтанулық (сауалнама) ;
- қосымша білім беру жүйесі субъектілерінің тәжірбиесін талдау, салыстыру, зерделеу, жинақтау, тәжірбиелік-әдістемелік жұмыстарды жүргізу, математикалық статистикалық есептеу әдістері қолданылды.
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, 2 бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
1 Технология пәнін жоғары сыныпта оқыту барысында интербелсенді оқыту әдістерін пайдаланудың теориялық негіздері
- 1«Интербелсенді оқыту әдістері» ұғымның мәні мен маңызы
Қазақ халқының ұрпақ тәрбиесі, оның ішінде білім беру ісіндегі өзгерістер елімізде өт іп жатқан реформалармен ғылыми-техникалық прогрестің алғы шарттарының бірі. Оның үстіне бүкіл әлемдік білім беру кеңістігінде ену мақсатында Қазақстан Республикасында білім берудің жаңаша жүйесі құрылуда. Аталған өзгерістер оқу-тәрбие үрдісіндегі болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіндегі жаңаша қаруды, қол жеткізген табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың оку белсенділіктерін дамытуды және мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Осы мақсатта педагогика ғылымын дамытуда үлес қосқан ірі тұлғалы ғалымдар, философтар, педогогтар ертеден-ақ өз үлестерін қоса білді. Мысалы, М. Данилов пен Б. Есиповтың «Дидактика» кітабында «Оқыту әдістері оқушылардың оқыпгүйренушілерге көмектесу тәсілдері, осы тәсіл арқылы таным күштерін дамытады», - деп жазған [18, 3] .
Авторлар әдістерді ғылыми және дидактикалық деп топтай келе, педагогикалық дидактикалық әдістер психологиялық басымдық көрсететін көзқарас деп тұжырымдайды. Кез-келген құбылыс элементі сияқты оқыту әдісінің субъективті және объективті бөлімі бар. Ресей халқының ағарту ісінің білгір қайраткері К. Д. Ушинский «Ана тілін» оқытуға басшылық еңбегінде, В. А. Сухомлинский «Балаларға жүрек жылуы» еңбегінде, В. Ф. Шаталов, Н. А. Менчинская, П. П. Блонский, Я. А. Пономаров т. б өздерінің еңбектерінде атап көрсетеді [19; 20; 21; 22; 23; 24] .
Қазак халқының түлғыш ағартушысы Ы. Алтынсариннің «Таңдамалы педагогика мұралары» және М. Жұмабаев өзінің «Педагогика» т. б. еңбектерінде жастарға білім беру саласында өскелең өмір жағдайында оқу белсенділігін дамытудың маңыздылығына көп тоқталады. Бала психологиясЫн жан-жақты зерттеп оны терең білу, оның даралық ерекшеліктері мен үнемі санасып отыру мектеппен мұғалімдердің жауапты да құрметті міндеті деп түсіндіреді. Сондықтан бірін ш і кезекте л мектеп мү- ғалімдері алдын ала оқытудың әдістеме негіздерін жан-жақты менгерумен қатар мектеп жасындағы балалардың жасына сэйкес әрі жекелей физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін, сондай-ақ жас жеткіншектердің қалыптасуындағы психологиялық заңдылықтарды терең білу міндеті қойылуда[25; 26] .
Окушылардың оку белсенділігін дамытуда бірінші кезекте мотивациялық компанентерді жүзеге асыратын оқытудың әдістері мен тәсілдерін қолдану және білім алуға өз бетінше ізденуін, оқушылардың бағдарлық іс-әрекеттерін қалыптастыруын Ресейдің педагог ғалымдары И. Я. Лернер, А. М. Матюшкина, М. И. Махмутов өз еңбектерінде қарастырған [27; 28; 29] .
Баланың бойында даму процесі өмір бойы. жүріп отырады, сол даму процесінде баланың оқу белсенділігі артады. Балалар бастауыш сынып кезінде-ақ өмір процесіндегі шындықты, болмыстағы құбылыстар мен заттарды анықтап білуге, адамзаттың тарихи тәжірибесін менгеруге талпынады. Ал, балалардың әр нәрсені білуге құмартуынан таным ынтасы оянатындығы мәлім. Осы жаста балалар қарым-қатынас шеберлігі кеңеюінің маңызы артады. Оқушылар бойындағы өзгерістер мұғалімдерден оқу тәрбие жұмысын нақты мақсатқа бағытталуды талап етеді. Оқу белсенділіктің негізгі жетекші" түрі оқу болғандықтан, оқу арқылы олардың таным процесі яғни қабылдау, қиял, ес, зейін, ойлау қабілеттері дамиды.
Педагог-ғалым Сабит Бабаевтың «Жалпы педагогика» атты оқу құралында «Белсенділік» (акивность) - оқушының оқып-үйренуге болған қатынасы, оның құрлымдық элементтері:
- оқу тапсырмаларын орындауға әрдайым дайын болу;
- дербес іс - әрекетке құлшыныс;
- тапсырма орындауға саналық;
- оқу жүйелілігі;
- білім деңгейін көтеруге қызығу, - деп түсініктеме береді [30] .
Балардың оқуға деген қатынасын мұғалімдер әдетте олардың
белсенділігі мен сипаттайды. Демек, белсенділік оқушылардың іс-әрекет аясына ену дәрежесімен анықталады.
Белсенділіқ құрылшы біз жоғары да атап өткен бірліктерден тұратынын анықтадық. Оқушылардың танымдық белсенділігі мен дербестігі өзара байланысты: белсенділігі күшті оқушылар, әдетте, дербес жұмыс істеуге қабілетті келеді. Белсенділік арттырудағы басты мақсат - оқушылардың оқуға деген құштарлығына нәр беріп, оқу-тәрбие жұмысының сапасын көтеру. Педагогикалық тәжірибелерде белсенділік арттырудың әртүрлі жолдары пайдаланылады. Олардың ішінде оқытудың әртүрлі формалары, әдістері, құрал-жабдықтары, оларды әрқилы жағдайлардың туындауына сәйкес бір - бірімен ұштастырылып, оқушылардың белсенділігімен дербестіне дем беру. Сабақ жағдайланында оқушылардың белсенділігін арттыруға келесі әрекеттер тиімді:
- өз пікірін қорғап қалу;
- талқылау мен пікір сайыстарға қатынасу;
- жолдастарымен мұғалімдерге сұрақ қоя білу;
- жолдастарының жауаптарына пікір білдіру;
- сыныптастарының жауаптарымен жазба жұмыстарын тексеру және бағалау;
- үлгерімі төмен оқушыларға көмек беру;
- қойылған мәселелерді шешудің әрқилы жолдарын іздестіру;
-өзіне белгілі тәсілдерді білікті қолдану жолымен танымдық мәселелерді шеше білу.
Елде болып жатқан саяси, әлеуметтік, экономикалық және т. б. өзгерістер білім беру жүйесіне де әсер етуде. Бұл өзгерістер оқыту әдістемесінде жаңартулар ғана емес, мектептерде жаңа пәндер, ендіруге қажеттілік тудырды.
Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі парадигмасы білім беруде нәтижеге бағдарлану, оқытуды оқушының жеке тұлғасына бағытталу, ал оқыту әдістерін тұлғааралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып отыр. Демек, оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық "жаңалық” ашуы шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әр түрлі өнімдер жасауы тиіс. Нәтижесінде оқушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасуы керек.
Біздің ел дамудың демократиялық жолын таңдауына байланысты, бүгінгі таңда қоғамды шешім қабылдауға тартудың маңызы арта түсті. Осы бағытта оқушылардың белсенділігін арттыруға мүмкіндік беретін әдістемелік тәсілдер и н т е р а к т и в т і деп аталып жүр. Бұл әдістерді қолдану сырттай өте жеңіл көрінгенімен, өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да бар.
Интерактив - ағылшынның "өзара әрекет” деген сөзі. Демек, интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым - қатынасқа негізделе отырып, "жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын” қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.
Интерактивті оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. Дегенмен, интерактивті оқыту қажетті ақпаратты игеруге уақытты көбірек бөлуді, бағалауда жаңа, күрделі өлшемдерді қолдануды қажет етеді және оқушылардың танымдық іс -әрекетін басқаруда тәжірибесі аз мұғалімдерге көптеген қиындықтар туғызады.
Интерактивті оқыту әдістерін тиімді пайдаланып, алға қойған мақсатқа жету үшін, белсенді оқытудың өзіндік талаптарын есепке алып, алғышарттарын қанағаттандыру керек.
- Технология пәнін жоғары сыныпта оқыту барысында интербелсенді оқыту әдістерін пайдалануда психологиялық-педагогикалық жағдайды
есепке алу
Әр адамның меңгерген білім деңгейімен мазмұнына байланысты жүзеге асырылады. Қоршаған дүниені білу танымдыққа байланысты. Таным- адам санасының дамуының негізі және ол арқылы адам өзін қоршаған ортаны игеруді де үйренеді.
Білімнің қалыптасып дамуының жалпы шарттары, философияның негізгі мәселесі - рухани материалдарға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттейтін" ілім - таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориядан түрлі айырмашылығы бар. Ол білімнің қалыптасуы мен негізделуінің жалпы ұстанымдарын, оның ақиқаттылығының жалпы шарттарын, объективті қатынастарды қалыптастыру. Сондықтан Аристотель: «Сыртқы дүние заттары алғашқы, көзқарастармен, танымдық белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше білім алу дағдыларының дамуына негіз салу болып табылады».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz