Бастауыш сыныпта математика сабақтарында оқушылардың білім деңгейін арттырудағы мұғалімнің іс-әрекеттері
1 Білім негізі . бастауыш мектеп
2 Сабақ . оқытудың негізгі түрі
3 Дамыта оқыту жүйесінде сабақты талдау үлгісі
4 Бастауыш сынып мұғалімдерінің МОДЕЛІ

«Еңбек пен жаңалықтар ашудың байтақ және көз жеткіліксіз қиырларына апаратын кең жол мектеп берген математикалық білімдер арқылы өтеді» - деп мектеп математикасына баға берген әйгілі ғалым Маркушевич А.И.
Адамның жеке басын қалыптастыру негізі бастауышта қаланатыны бәрімізге белгілі. «Бастауыш мектептің негізгі міндеттері – баланың жеке басының алғашқы қалыптасуын қамтамассыз ету; олардың қабілеттерін ашып, дамыту, оқуға деген ынтымақтастық тәжірибесінің берік дағдыларын меңгерту»,- делінген Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасында. Осы міндетті ойдағыдай орындау үшін, әрбір жас балаға, оқыту, тәрбиелеу, дамыту жұмыстарын ұштастыра жүргізіп, оқушыны жан-жақты қамтамасыз етуге дайын болуымыз керек,- дейді көптеген педагогтарымыз (С. Рахметова, Ж. Адамбаева).
Оқушыларға математика білімінің қыр-сырын жетік таныту, қабілеттерін шыңдау, кез-келген ортада өзін еркін ұстауға, Қазақстан Республикасының азаматы деген атқа лайық болатындай етіп тәрбиелеу – біздің міндетіміз болмақ. Осы орайда оқушылардың білім деңгейін арттыру – маңызды іс. Бұл мәселе көптеген жылдар бойы қарастырылып келе жатыр. «Математика, оқыту әдісіне сан алуан жетілдірулері болатындығына қарамастан, шәкірттер үшін әрдайым қиын жұмыс болып қала береді» - деген атақты ғалым Писарев Д.И. Сондықтан, матеметиканың қиындығына, күрделілігіне қарамастан, болашақ ұрпақты осы пәнге қызықтыру, білім деңгейін көтеру біз үшін орасан зор жауапкершілікті қажет ететін оқыту әдісі болуы тиіс. Бұл бастауыш сыныпта оқытуда орындалады.
Бүгінгі бөбек – ертеңгі азамат – қоғам иесі. Балғын бөбектерге ең алғаш жол көрсетуші, бағыт беруші – бастауыш мектеп мұғалімдері. Ақ жүрек балғын бөбектерге білім мен тәрбие есігін ашу бастауыш мектеп мұғалімдеріне абыройлы да жауапты жұмыс жүктейді.
Ұстаздың әрбір қылығы оқушыға әсер қалдырып, оның ары қарай жетілуіне ықпал ететіні бәрімізге белгілі. Мұғалім – оқушы атаулыға үлгі болатын өмірінің сан алуан жолынан адаспай өтуде оған бағыт беріп, жөн сілтеуші, баланы адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, адалдыққа және басқа да сол сияқты ізгі қасиеттерге баулитын жан.
Қазіргі заманымызда оқушының білім деңгейін көтеру мәселесі ең басты мәселелердің бірі болып отыр. Оқушының білім деңгейін көтерудегі басты тұлға – ұстаз екені бәрімізге белгілі.
Оқушының білім деңгейін көтеру дегеніміз – оқушыны жан-жақты тәрбиелеп, ғылым негіздерінен берік білім беру, болашақ қоғамға пайдалы қызмет ететін азамат етіп шығару. Оқушының бойындағы білімін ары қарай тереңдетіп, жетілдіре түсу.
Оқушының білім деңгейін көтерудегі мұғалімнің іс-әрекеті деген не?- деген сұраққа жауап іздеп көрейік.

1. Аймағамбетова Б. Көңілге қонған көрнекілік / Б. Аймағанбетова // Бастауыш мектеп. - 1989. - № 8.-14-17 бет.
2. Бантова М.А. Бастауыш кластарда математиканы оқыту методикасы / М.А. Бантова .- Алматы: Мектеп, 1978.
3. Баржықпаева С. Көрнекілікті тиімді пайдалану / С.Баржықпаева // Бастауыш мектеп.- 1991.-№ 8.- 46-48 бет.
4. Бидосов Ә. Математиканы оқыту методикасы / Ә. Бидосов.-Алматы: Мектеп, 1981.-221 бет.
5. Гоноболин Ф.Н. Психология / Ф.Н. Гоноболин.- Алматы: Мектеп, 1976.
6. Дарменова Қ. Көрнекілік арқылы ойлау қабілетін арттыру / Қ. Дарменова // Бастауыш мектеп.- 1991.- № 4.- 12-14 бет.
7. Корпешова Г. Оқушылардың қызығушылығын арттырудағы көрнекіліктің рөлі / Г.Корпешова // Қазақстан мектебі. - 1986.- № 4.- 20-21 бет.
8. Қаниева Г. Оқушының ойлау қабілетін дамыту / Г.Қаниева // Қазақстан мектебі.- 1991.-№ 5.- 3-10 бет.
9. Ушинский К.Д. Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі пікірлері / К.Д. Ушинский .-Алматы: Мектеп, 1951.

Бастауыш сыныпта математика сабақтарында оқушылардың білім деңгейін
арттырудағы мұғалімнің іс-әрекеті
К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2005
Автор: Тютебаева Г.Н.
Еңбек пен жаңалықтар ашудың байтақ және көз жеткіліксіз қиырларына
апаратын кең жол мектеп берген математикалық білімдер арқылы өтеді - деп
мектеп математикасына баға берген әйгілі ғалым Маркушевич А.И.
Адамның жеке басын қалыптастыру негізі бастауышта қаланатыны бәрімізге
белгілі. Бастауыш мектептің негізгі міндеттері – баланың жеке басының
алғашқы қалыптасуын қамтамассыз ету; олардың қабілеттерін ашып, дамыту,
оқуға деген ынтымақтастық тәжірибесінің берік дағдыларын меңгерту,-
делінген Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасында.
Осы міндетті ойдағыдай орындау үшін, әрбір жас балаға, оқыту, тәрбиелеу,
дамыту жұмыстарын ұштастыра жүргізіп, оқушыны жан-жақты қамтамасыз етуге
дайын болуымыз керек,- дейді көптеген педагогтарымыз (С. Рахметова, Ж.
Адамбаева).
Оқушыларға математика білімінің қыр-сырын жетік таныту, қабілеттерін
шыңдау, кез-келген ортада өзін еркін ұстауға, Қазақстан Республикасының
азаматы деген атқа лайық болатындай етіп тәрбиелеу – біздің міндетіміз
болмақ. Осы орайда оқушылардың білім деңгейін арттыру – маңызды іс. Бұл
мәселе көптеген жылдар бойы қарастырылып келе жатыр. Математика, оқыту
әдісіне сан алуан жетілдірулері болатындығына қарамастан, шәкірттер үшін
әрдайым қиын жұмыс болып қала береді - деген атақты ғалым Писарев Д.И.
Сондықтан, матеметиканың қиындығына, күрделілігіне қарамастан, болашақ
ұрпақты осы пәнге қызықтыру, білім деңгейін көтеру біз үшін орасан зор
жауапкершілікті қажет ететін оқыту әдісі болуы тиіс. Бұл бастауыш сыныпта
оқытуда орындалады.
Бүгінгі бөбек – ертеңгі азамат – қоғам иесі. Балғын бөбектерге ең алғаш
жол көрсетуші, бағыт беруші – бастауыш мектеп мұғалімдері. Ақ жүрек балғын
бөбектерге білім мен тәрбие есігін ашу бастауыш мектеп мұғалімдеріне
абыройлы да жауапты жұмыс жүктейді.
Ұстаздың әрбір қылығы оқушыға әсер қалдырып, оның ары қарай жетілуіне
ықпал ететіні бәрімізге белгілі. Мұғалім – оқушы атаулыға үлгі болатын
өмірінің сан алуан жолынан адаспай өтуде оған бағыт беріп, жөн сілтеуші,
баланы адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, адалдыққа және басқа да сол
сияқты ізгі қасиеттерге баулитын жан.
Қазіргі заманымызда оқушының білім деңгейін көтеру мәселесі ең басты
мәселелердің бірі болып отыр. Оқушының білім деңгейін көтерудегі басты
тұлға – ұстаз екені бәрімізге белгілі.
Оқушының білім деңгейін көтеру дегеніміз – оқушыны жан-жақты тәрбиелеп,
ғылым негіздерінен берік білім беру, болашақ қоғамға пайдалы қызмет ететін
азамат етіп шығару. Оқушының бойындағы білімін ары қарай тереңдетіп,
жетілдіре түсу.
Оқушының білім деңгейін көтерудегі мұғалімнің іс-әрекеті деген не?-
деген сұраққа жауап іздеп көрейік.
Ғылыми-педагогикалық және психологиялық әдебиеттерді зерттеу барысында
біз ең алдымен іс-әрекет дегеніміз не деген сұраққа жауап іздедік.
Адамның психикалық өмірінің жан-жақты дамуы белгілі әрекетпен айналысуына
байланысты болады. Адам өмір сүру барысында өз психикасын түрлі жолмен
жарыққа шығарады.
Психология ғылымының докторы, профессор Қ. Жарықпаевтың пікірінше:
Әрекет дегеніміз түрлі қасиеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа
жетуге бағытталған процесс.
Бір мақсатқа біріккен әрекеттердің жиынтығын ғана іс-әрекет деп,-
анықтама берді психолог Ф.Н. Гоноболин. Ол белгілі бір ұзақ уақытқа
созылуымен сипатталады. Педагогикалық іс-әрекет туралы айтқанда біз
мұғалімнің бір рет жасаған әрекетін емес, ұзақ уақыт бойы педагогтік толып
жатқан қылықтары мен әрекеттерінен тұратын оның мектепке жасаған күнделікті
жүйелі еңбегін айтамыз.
Сонымен, оқушылардың білім деңгейін арттырудағы мұғалімнің іс-әрекеті
дегеніміз – оқушының білімін жетілдірудегі, түрлі қажеттерді өтеуге
байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процессті айтамыз. Яғни
мұғалімнің сабақ үстінде оқушыға білім беру мақсатымен жүргізілетін жұмыс
түрлері. Оқушылардың білім деңгейін арттырудың жолдарына тоқтала кетейік.
Ауызша есептеуге үйрету тәсілдері.
Бастауыш сынып математикасын оқыту үрдісінде есепті шығара білу
шеберлігін қалыптастыру, жетілдіру және дамытудың шешуші бағыттарына
тоқталайық.
1. Есеп шығаруға үйрету – математиканы оқытудағы ең қиын әрі күрделі
мәселелердің бірі. Бұл балалардың шама-шарқына, психологиялық жас
ерекшелігіне сәйкес салыстыру, жан-жақты талдау жасау, қарама-қарсы қою.
Жалпылау, түрлендіру, зерттеу, әр алуан категорияларға біріктіру,
қорытындылау, абстрактциялау сияқты түрліше меңгеруіне байланысты бірдей
дәрежеде орындала бермейді.
2. Балалардың топтық, өзіндік ерекшеліктері қабілет деңгейлерінің әр
түрлілігіне байланысты, олардың бәрінен де бір тарақтың жүзінен шыққандай
есепті шығара білуге біркелкі үйренеді деуге болмайды.
3. Есеп шығаруға үйрету алғашқы сабақтардың өзінде-ақ басталып, сынып
ілгерілген сайын бірте-бірте сәйкес шеберлік те қалыптаса бастайды.
Ауызша есептеуге үйрету бастауыш сыныптан басталатыны бәрімізге мәлім.
Ол уақыт үнемдеу тұрғысынан тиімді. Бір ғана мысалдың нәтижесін бірнеше
тәсілмен есептегенде берілетін түсіндірмелер, аралық нәтижелердің қалай
шығатыны, ақтық нәтижеде не болатыны ауызша айтылады да, оларды жазуға
уақыт жұмсалмайды. Оған қоса қай тәсілді қолдану оқушының өз еркінде
болғанымен, олардың барынша тиімдісін іріктеп алуды үйретуге де мүмкіндік
мол.
Математика сабағында ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру жұмыстарын
жүргізудің маңызы зор. Сабақта оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін есеп
шығарғанда орындайтын амалдарды ойша шешіп алуды дағдыландырған жөн.
Бастауыш сыныпта математиканы оқыту тек математикалық білімді берумен
шектелмейді. Бұл пән оқушылардың логикалық ойлауын дамытуда маңызы өте зор.
Оқушылардың ойлау процесінің нақтылығын, тереңдігін анықтау үшін олардың
белсенді іс-әрекетімен бірге өз бетінше жұмысын ұйымдастыру керек.
Ауызша есептеуге үйретуде оқушылардың білімі мен дағдысын тексеру
кезінде арифметикалық диктант ретінде қолдануды ескеру қажет. Диктанттан
кейін тексеруді ауызша жүргізген қолайлы.
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту мектепке сабақ және сабақтан тыс
жүргізілетін сабақтар формасында жүзеге асырылады. Сабақтарда балалардың
математикаға деген ынтасын арттыруға,олардың өз бетінше жұмыс істей білу
дағдысын тәрбиелеуге ерекше назар аударылады. Пәнге деген ынтасы мен өз
бетінше ойлай білу өзара тығыз байланысты. Сабақ балалар үшін қызықты
өткенде, олардың оқу жұмысында да белсенділігі артып, өз бетінше жұмыс
жасап, белсенділігін арттырғандығынан олардың пәнге деген ынтасы өседі.
Оқушыларды өз бетімен ойлауға тәрбиелеп, математикаға деген ынтасын арттыру
үшін оқыту әдістерін дұрыс таңдап алудың маңызы зор. Оқудың белсенді
әдістерінің бірі – оқушыларға өз бетімен жұмыс істете білу.
Барлық сабақтың елеулі бөлігінде өз бетімен жұмыс істегенде оқушы
жұмыстың мақсатын айқын түсіне білуі, оны орындауы, тексеруі және
қателіктерді түзетуі сияқты өз бетімен істелетін жұмыстың жалпы әдістерін
бірте-бірте игеріп алуы тиіс.
Оқушылардың сабақта өздігінен орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру
үшін математика кабинеттерінде дидактикалық материалды, үлестірмелі
материалдар, баспа негіздегі дәптерлер, тағы басқа оқу құралдары
жинастырылуы қажет. Дегенмен оқушыларға оқулықпен жұмыс істеуді үйретудің
орны ерекше. Барлық ғылыми-техникалық білімнің көзі – кітапқа, оның ішінде
оқулыққа оқушылардың сүйіспеншілігі мен құрметін арттыру, олармен өздігінен
жұмыс істеуді үйрету мұғалімнің басты міндетінің бірі. Әр сынып оқулықтары
қажетіне орай орындалуға тиісті жаттығулармен, есептермен, практикалық
тапсырмалармен, суреттермен қамтамассыз етілген. Өздігінен жұмыс істеуді
оқушылардың сабақ үстіндегі қызметіне енгізу сабақтың құрылымына да,
элементтеріне де әсерін тигізеді.
Өзіндік жұмыс үшін оқулықтан берілген жаттығулармен қатар көбінесе
тақтаға жазылған, сондай-ақ қалталы полотноға белгіленген тапсырмалар
ұсынылады. Өзіндік жұмыс үшін кейде тапсырма әрбір оқушыға жеке түрде
беріледі. Бұл жағдайда тапсырмаларды әр оқушының шама-шарқын ескере отырып,
сораптауға болады. Сонда жұмыстың өз бетімен орындалу дәрежесінің жоғары
болуы қамтамасыз етіледі. Өзіндік жұмысты сыныпта жүргізу оқушыларға
дағдыларын игертеді және олардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Өзіндік
жұмыстарды жүргізгенде тапсырмаларды карточкалар бойынша ұсынған тиімді.
Мұнда оқушылардың жеке дара ерекшеліктері және үлгерім деңгейлерін барынша
ескеру мүмкін болады. Оқушыларды жалықтырып жібермес үшін, өзіндік жұмыс
түрлерінің өзгермелі болғаны жөн.
Балалардың сабақта өз бетімен орындаған жұмысы сыныпта қандай формада
болса да ескерілуі тиіс. Мұғалім тапсырманың орындалуын қарап шығуға уақыт
бөлуі және өз бағасын айтып, жақсы жұмыстарды атап көрсетіп, қатесін табуға
көмектесуі тиіс.
Көрнекті қоғам қайраткерінің бірі Н.К. Крупская: Балаларды өздігінен
жұмыс істеуге үйретудің төтенше қажет нәрсе екендігін, техниканың ғылымның
алға басып өркендеуі, жаңадан пайда болған проблемаларды ойланып шеше
білудің қажеттігі адамның өздігінен үйреніп, білімін толықтырып отыруын
талап ететіндігін, жасөспірім ұрпағымызды өздігінен жұмыс істеуге үйрете
білуіміз керектігін - көрсеткен болатын.
Мектеп оқушыларының өз бетінше жұмыстарын ұйымдастырудың басты формасы
– жұмыстарды орындау, ептілік, іскерлік, шеберлік дағдысын дамыту. Бұл үшін
төмендегідей тиісті талаптарды орындауға тура келеді:
1. Өз бетінше істелетін кез-келген жұмыстың нақты мақсаты болу керек.
Әрбір оқушы жұмыстың орындалу тәртібін жетік білу керек.
2. Өз бетінше жұмыс оқушылардың бойындағы танымдық қабілетін,
творчестволық ойлау жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
3. Жұмыстың мазмұны оқушының қызығуын, талпынысын оята білуі тиіс. Яғни
оның тілегі жұмыстың соңына дейін бәсендемейтіндей болуы керек.
4. Өз бетінше жұмысты оқушылар еңбек дағдылары мен әдістерін жетік
игеріп түсетіндей етіп ұйымдастыру қажет.
Қорыта келгенде, оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстары:
карьочкалар, өздік жұмыстар, есептер шығарту, кестелер толтыру арқылы
жүзеге асады. Тоқсандық бақылау, өздік 5-10 минуттық бақылау жұмыстары
жүргізіледі.
Өз бетімен орындайтын жұмыстары біріншіден, олардың ақыл-ойын таным
белсенділігін, екіншіден сабаққа ынталарын, қызығушылығын, үшіншіден
ешкімнің көмегінсіз дербес жұмыс істеу қабілеттерін дамытады.
Математика сабақтарында білім берудің барлық негізгі принциптері бір
бірімен байланысты жүзеге асады. Мысалы: Саналық, көрнекілік, жүйелілік,
беріктік, шамаға лайықтылық және тағы басқалар. Бастауыш сыныпта
математикадан оқушылардың білім деңгейін көтеруде көрнекілік принциптерінің
рөлі ерекше.
Көрнекі түрде оқыту – оқушылардың тиісті бақылауларына сүйеніп оқыту,
бірақ көрнекі оқыту дегенді тек көрнекі құралдарды пайдаланып отыру деп
түсінбеу керек. Алдыңғы айтқандай көрнекілікпен оқыту арқылы білім сапасын
артттырамыз, материалды жетік терең әрі тез, жеңіл түсінуіне ықпал
жасаймыз. Көрнекі құралдар оларды қалай пайдалану керектігі туралы бірқатар
педагогикалық-психологиялық зерттеулерге тоқталып өтуге болады.
Көрнекілік принципін теориялық жағынан бірінші болып негіздеген Я.А.
Коменский (1592-1670) болса, орыс педагогтары ең алдымен ұлы педагог К.Д.
Ушинский (1824-1870) көрнекілік мәнін психологиялық жағынан қоса алып
көрсетті.
Көрнекілік әдісімен оқу – оқушыларды өз бетінше байқауға үйретуге
негізделеді. К.Д. Ушинский көрнекілік әдіске психологиялық анализ жасай
келе, көрнекілік тек көру сезіміне ғана байланысты деген бір жақты пікірді
сынады. Себебі қандай нәрсені болса да қабылдағанда сезім мүшелеріміз
неғұрлым көбірек қатынасса зат және құбылыс жөніндегі қабылданбаған ұғым,
түсінік есіңізге соғұрлым берік, тиянақты есте сақталады.
Сондықтан сабақта көзбен көру, дыбыс органымен айту, қолмен жазу, тағы
басқа сезім мүшелерінің белсенді қатысуы тиіс. Егер де педагог баланың
есінде бірдеңені берік қалдыруды көздейтін болса, ал көз, құлақ, дауыс,
бұлшық ет сияқты сезім органдарының, тіпті мүмкін болса, иіс және дәм
сезімдерін де есте сақтап қалу актісіне көбірек қарастыруға тырысуы керек
деген К.Д. Ушинский.
Көрнекілікті қолдану оқушылардың білім сапасын арттырады, көрнекі
құралды пайдалана отырып, мұғалімнің жетегімен, оқушылар өздігінен оңай
қорытындылар жасай алады.
Оқылатын материалды көрнекі құралдармен иллюстрациялау арифметикалық
оқытудың бірінші күнінен бастап барлық оқу жылдарында қолданылып отырады.
Баланың санды үйренудегі бірінші адымы сурет қараудан басталады. Баланың
көз алдынан құстың, қоянның, мысықтың, тағы сол сияқты суреттері өтеді. Бұл
суреттер белгілі жолмен құралып, бірінші ондық сандарының әрқайсысын
кескіндейді.
Көрнекі құралдар арқылы балалар амалдың идеясын да түсінетін болады,
мысалы, тәрелкедегі сүтті жалап жатқан екі мысыққа үшінші бір мысық жүгіріп
келе жатқанын көргенде, бала барлығы неше мысық деген сұрауға жауап беру
үшін, 2+1 керек деген ой келеді.
Көрнекі құралдарды әр-түрлі тәсілмен пайдаланудың маңыздылығы оны
жеткілікті және қажетті пайдалануды көрсету керек. Берекесіз пайдаланған
көрнекілік өзінің сапасын жоғалтады. Мұнда оқу процесінің білімділігі де
кемиді. Оқушылардың сабаққа ынта-жігері, қызығушылықтары жоғалады.
Сондықтан көрнекіліктерді тиімді тәсілмен қолдану керек.
Көрнекілік қолдану тәсілдерін таңдау үшін көрнекі құралдарды
оқушылардың оқу процесіндегі ролін білуіміз керек. Көрнекіліктің оқу
процесіндегі роліне қарай екі үлкен топқа бөліпқараймыз. Заттың-бейнелік
көрнекі құралдармен таңбалы көрнекілікке бөлуге болады. Бірінші топтың
құралдары: суреттер, фотосуреттер, диафильмдер, кино үзінділері, табиғи
объектілер және тағы басқалар. Осылар міне мұғалімге түсініктер мен
ұғымдарды қалыптастыру кезінде сезімдік қабылдауына оқушыларға өзара жәрдем
беріп отырады. Екінші жағдайдағы көрнекі құралдар: схемалық көлемді
объектілердің күрделі байланыстарын, өзара тиімділігін және нақты бейнеде
қабылдауға байланысты пайдалану керек. Көрнекі құралдарды қолданудың
осындай тәсілдерін білу мұғалімнің оларды дұрыс таңдап алуына және оқытуды
тиімді түрде жүргізуге, сондай-ақ сабақтың сапасын арттыруға, оқушылардың
зейінін бір мақсатқа бағындыруға көмектеседі. Сабақта көрнекі құралдарды
тек қана бір тәсілмен қолдану дұрыс емес. Олар бір-бірімен араласып , біте
қайнасып жатады.
Көрнекіліік математика сабағында білім көзі ретінде қолданылған, ол
елеулі мәселеде берілетін білімдерді нақтылау мақсатында көрнекі құралдар
да түрлі тәсілдермен қолданылады.
Жоғарыда айтылып өткендей оқыту процесінде бір-бірімен тығыз байланысты
оқулықтардың, көрнекі құралдардың және оқытудың техникалық құралдарының
тұтас жиынтығы пайдаланылады. Олардың ішінде ең маңыздылардың бірі - әр
сыныпқа арналып жеке-жеке басылатын Дидактикалық материалдар.
Дидактикалық материалдар ең алдымен курс бойынша орындалатын жаттығулар
мен сабақтарда орындалатын әр түрлі жұмыстарды ұйымдастыруда мұғалімге
елеулі көмек көрсетеді. Сонымен бірге, сабақ үстінде топтық немесе жеке-
дара жұмыстар орындағанда, үлгерімі төмен немесе жақсы оқитын оқушылармен
жеке жұмыс жүргізгенде, бақылау жұмысын ұйымдастырғанда; сондай-ақ
оқушылардың әр алуан категорияларымен жұмыс істегенде дидактикалық
материалдар кеңінен пайдаланылады.
Оқушылар сабақта, ойын үстінде, ойлау, өлшеу, есептеу, табу, зерттеу
жұмыстарымен шұғылданады. Оларды ұштап, жетілдіріп отыру мұғалімнің міндеті
деп білеміз. Бастауыш сыныптарда математика пәнін оқытуда баланың ой-өрісін
дамытып, бағдарламада өтілген негізгі материалдарды практикада қолдана
білуіне, оқушылардың сабаққа деген ынта-ықыласын арттыруына, өткен
материалды өз мәнінде толық игеруіне мүмкіндік жасайтын тәсілдердің ішінде
дидактикалық ойынның мәні зор. Сабақта өтілген метериалға сәйкес дұрыс
жүргізілген дидактикалық ойындар оқушылардың сабаққа қызығушылығын,
белсенділігін арттырып, тақырыпты дұрыс меңгеруіне ықпал тигізеді.
Математика – ұлы ғылым, адам ақылының ең бір асыл қабілеттерінің тамаша
жемісі. Шәкірттерді білім нәрімен сусындататын, өмірдің асулары мен
шыңдарына қажымай-талмай шығуына алғашқы жол нұсқаушысы – ұстазы.
Оқушылардың ұлы ғылым саласынан сапалы білім алуы тікелей мұғалімге
байланысты. Яғни, мұғалімнің сабақ барысында оқушыларға білім беру
мақсатымен жүргізілетін жұмыс түрлеріне. Бұл жұмыс түрлері әр сабақта
қолданылып отырса оқушының білім сапасының ойдағыдай деңгейде нәтиже
беретініне үлкен үміт артуымызға болады. Бастауыш сыныпта математикадан
оқушылардың білім деңгейін арттырудың жолдарын қарастырдық. Онда ауызша
есептеуге үйрету тәсілдеріне; өз бетімен жұмыс істеу машықтарын
қалыптастыруға; көрнекі құралдарды пайдалану жүйесіне; дидактикалық
материалдарды орынды ретпен қолдануға тоқталып өттік. Осылардың барлығы
оқушы санасына жеткізе білу мұғалімнің профессионалдық шеберлігімен,
іскерлігімен тікелей байланысты, ана - өмір тұтқасы болса, ұстаз –
мектеп тұтқасы десек артық айтпаймыз.
Оқушыларға математика негіздерінен білім беру, басқа ғылым салаларымен
ұштастыру ұстаздардың басты міндеті екенін әрдайым есте тұтқанымыз жөн.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Аймағамбетова Б. Көңілге қонған көрнекілік Б. Аймағанбетова
Бастауыш мектеп. - 1989. - № 8.-14-17 бет.
2. Бантова М.А. Бастауыш кластарда математиканы оқыту методикасы М.А.
Бантова .- Алматы: Мектеп, 1978.
3. Баржықпаева С. Көрнекілікті тиімді пайдалану С.Баржықпаева Бастауыш
мектеп.- 1991.-№ 8.- 46-48 бет.
4. Бидосов Ә. Математиканы оқыту методикасы Ә. Бидосов.-Алматы: Мектеп,
1981.-221 бет.
5. Гоноболин Ф.Н. Психология Ф.Н. Гоноболин.- Алматы: Мектеп, 1976.
6. Дарменова Қ. Көрнекілік арқылы ойлау қабілетін арттыру Қ. Дарменова
Бастауыш мектеп.- 1991.- № 4.- 12-14 бет.
7. Корпешова Г. Оқушылардың қызығушылығын арттырудағы көрнекіліктің рөлі
Г.Корпешова Қазақстан мектебі. - 1986.- № 4.- 20-21 бет.
8. Қаниева Г. Оқушының ойлау қабілетін дамыту Г.Қаниева Қазақстан
мектебі.- 1991.-№ 5.- 3-10 бет.
9. Ушинский К.Д. Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі пікірлері К.Д.
Ушинский .-Алматы: Мектеп, 1951.
БІЛІМ НЕГІЗІ – БАСТАУЫШ МЕКТЕП
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де
батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс
қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп
қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп
өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына
негіз салады.
Тәрбиенің сан салалы, күрделі мәселе-леріне терең бойлауға бастайтын,
күнде-лікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер
ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы – бастауыш мектеп. Бастауыш
саты – білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады.
Келешекте жалпы білім алу мен кез келген арнаулы мамандықтарға талпынудың
іргетасы осы бастауышта қаланбақ. Сондықтан, оның сипаты мен мазмұны,
оқытудың әдістері мен формалары қазіргі жағдайда жан-жақты талданып отыр.
Өйткені, баланың жеке бас қасиеттері, оның адамгершілі-гінің,
белсенділігінің қалыптасуы мектеп-ке дейінгі тәрбие мен бастауыш сынып-
тарда жүзеге аспақ. Оқушының рухани күш-қуаты мен ерік-жігерінің, шығарма-
шылық қабілетінің, жалпы мүмкіндікте-рінің ашылар кезі. Бастауыш мектептің
негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз
ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптас-
тыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады.
Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға – Ұстаз. Тек мықты
ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады.
Халқымыз әрқашан да ұстаз мәртебесін көтеріп, аса жоғары қастерлеп,
бағалаған. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға, Адамның адамшы-
лығы жақсы ұстаздан болады деп айтқан ұлы Абай. Ал чехтің педагогы
Я.А.Коменский: Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл
әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жалын иесі деп ұстаздар
қауымын жоғары бағалаған.
Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы десек, оларды
парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеу – әрбір ұстаздың борышы. Бүгінгі
мұғалім кіші мектеп оқушыларына тек білім беріп қана қоймай, оларды
халықтық педагоги-каның нәрлі қайнарымен сусындату, әрбір оқушы бойында
ұлттық мінез-құлық, адамгершілік, сыпайылық пен кішіпейіл-ділік қасиеттерін
қалыптастыруға, бала-ның жан дүниесін рухани қазыналармен байытуға, қазақ
халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін меңгертуге тиіс.
Алдыңғы қатарлы тәжірибені жетіл-діре отырып, оқу үрдісіне жаңа әдіс-
тәсілдерді, оқытудың жаңа технология-ларын енгізіп, оқушылардың жалпы
дамуын қамтамасыз етуі керек. Бала жаны жаңалыққа құмар, білмегенін білгісі
келіп, белгісіз нәрсені ашуға тырысатын болған-дықтан, бастауыш сынып
мұғалімі олардың осы талпынысын дамытуға көңіл бөлуі тиіс. Оқушылардың
сүйіспеншілігін арттыру мақсатында сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді
енгізіп, оны ұйым-дастыру формасын түрлендіріп отыру – мұғалімнің басты
міндеті екені белгілі. Мұндай жағдайда мұғалімнің шеберлігі,
ұйымдастырушылық қабілеті үлкен рөл атқарады.
Кіші мектеп оқушылары үшін мұғалім олар еліктейтін, үлгі ететін абыройлы
жан. Олар ұстазының бүкіл іс-қимылына, жү-ріс-тұрысына, сөйлеу мәнеріне,
адаммен қарым-қатынасына еліктейді. Сондықтан да, жауапкершілігі мол, адал
да мейірімді, әділ де парасатты, рухани дүниесі бай педагогтар ғана балаға
білім мен тәрбие беріп, оның жан дүниесіне әсер ете алады.
Сабақ түрлері және оның құрылымы
Түсіндіру сабақтары: жаңа, біріккен, панорамалық, зерттеу т.б.
Пысықтау сабақтары: бекіту, саяхат, семинар, қайталау, жарыс,
конференция, талқылау т.б.
Сынау сабақтары: сынақ, диспут, ойын, сахналау, жұмбақ т.б.
Жаңа сабақ – жаңа білім беру мақсатында.
Біріккен сабақ – жаңа білім мен өткенді және пәндер арасындағы
байланысты көрсету мақсатында.
Зерттеу сабағы – іздендіру мақсатында.
Панорамалық сабақ – сабақ элементтерінің көрінісін іске асыру
мақсатында.
Бекіту сабағы – білімді меңгеру деңгейін байқау.
Саяхат сабақ – танымдық қабілетін дамыту.
Семинар сабақ – оқушының білімін тереңдету.
Қайталау сабағы – пәндерден алған білімді толық қалыптастыру.
Жарыс сабақ – оқушылар ойларының жетіктігін байқау.
Конференция сабақ – іскерлігі мен танымдық белсенділігін
қалыптастыру.
Сынақ сабақ – білім мен дағдысын бір жүйеге келтіру.
Диспут сабақ – білімі мен дағдысын қалыптастыру.
Ойын, жұмбақ – оқушылар зейінін дамыту.
Сахналау сабағы – оқушылар шығармашылығын дамыту.
Талқылау сабағы – ауызекі тілдегі, жұмыстағы жіберген қателерін
арнайы талдау.
Сабақ жоспарын жасаудағы талаптар
1. Тақырыбы:
2. Мақсаты:
а) дамытушылық
ә) тәрбиелік
б) жалпы білімділік
3. Күнделікті жоспарды жасаудағы градация – күрделендіру.
а) ұйымдастыру кезеңі
ә) тіл дамыту
б) жаңа тақырыпты енгізу, сол бойынша жұмыс
в) бекіту
г) үй тапсырмасы (үйге берілген тапсырма, өтілген сабақтың 30
пайызынан көп не аз болмауы керек)
д) балалардың жұмысын бағалау
4. Дидактикалық принциптер:
1. Жай және күрделі
2. Жүйелілігі
3. Белсенділігі
4. Білімділігі
5. Көрнекілігі
6. Коммуникативті бағдары
7. Даралап оқыту
8. Ана тіліндегі оқытылуы
9. Жеке дара оқыту
Сабақ беру кезеңіндегі талаптар
1. Тақырыпты жоспарлау
2. Сабақ жоспары
3. Өз білімін көтеру жоспары
4. Жаңа бағдарламаның мазмұнын меңгеру жоспары
5. Сабақтың мақсатын айқындай білуі
6. Сабақ мақсатына қарай мазмұндай білу қабілеті
7. Түрлі әдіс қолдана білу қабілеті
8. Бағдарлама бойынша тәжірибе жұмыстарының өтілу барысы.
9. Сабаққа қызығушылығын тудыру қабілеті
10. Пән аралық байланыс
11. Сабақ кезіндегі тәртібі
12. Мақсатына қарай бағалай білуі
13. Үлгермеушілік себебін анықтай білу қабілеті
14. Кабинет жабдықтарына қосқан үлесі
15. Көрнекілікті пайдалана білу дәрежесі
Сабақтың құрылымдық сәттері
1. Ұйымдастыру кезеңі – 2-3 мин.
2. Үй тапсырмасын сұрау – 10-15 мин.
Әдістері: сұрақ-жауап, жазба жұмысы арқылы, әңгімелесу, жаттау, оқу,
талдау, тест.
3. Үй тапсырмасын пысықтау, қорыту – 1-2 мин.
4. Жаңа сабаққа кіріспе – 1-2 мин.
5. Жаңа сабақ – 15-20 мин.
Әдістері: әңгіме, баяндау, көрнекі, техникалық құралдар, өткенмен
байланыс т.б.
6. Жаңа сабақты пысықтау, қорыту – 1-2 мин.
7. Үй тапсырмасына даярлық – 2-3 мин.
Әдістері: сыныптағы жұмысқа ұқсас, нормаға сай 13 бөлік, түсіндіру,
жас, жеке ерекшелікті ескеру.
8. Үйге тапсырма беру.
Сабаққа қойылатын негізгі талаптар
І. Сабақ мазмұнының халықтығы.
ІІ. Оқу материалының ғылымилығы.
Сабақ барысында берілетін мәліметтерді айрықша тексеріп барып
пайдалану. Материал сенімді, дәлелді болуы керек. Негізгі
айтылар ой алдын ала саралану керек.
ІІІ. Сабақтың тәрбиелік мәні төмендегі тәрбие түрлерінің біреуін немесе
бірнешеуін қамтиды.
1. Ақыл-ой тәрбиесі.
2. Адамгершілік тәрбиесі:
а) ұлтжандылық;
ә) ұлтаралық қатынас сыйластығы;
б) мейірімділік, ізгілік, имандылық.
3. Саяси-идеялық тәрбие.
4. Еңбек тәрбиесі.
5. Әсемдік тәрбиесі.
6. Дене тәрбиесі.
7. Құқық тәрбиесі.
8. Экологиялық тәрбие.
9. Экономикалық тәрбие.
10. Отбасы тәрбиесі.
ІV. Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар.
Бұл талаптар негізгі сабақ жұмыстарында көрсетіледі. Сабақ
мерзімі, тақырыбы, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мақсат,
көрнекілік, қолданылатын әдістер жүйесі.
Өткен сабақпен байланыс, проблемалық жағдайларды шешу жолдары да
көрсетіледі.
V. Сабаққа қойылатын психологиялық талаптар.
Мұғалімнің өзін-өзі ұстауы, дұрыс көңіл-күйі, балалармен ұстаздық
этикаға сай қатынаста болуы.
VI. Сабаққа қойылатын гигиеналық талаптар.
Бұл балалардың артық шаршамауы, физкультминут, ойын элементтерін
дұрыс қолдану. Сынып бөлмесі, кабинеттердің, ойын алаңдарының талапқа
сай болуы.
Мұғалімнің сабаққа дайындалуы
Мұғалімнің сабаққа дайындығы 2 бөлімнен тұрады – пәнді оқытуға жалпы
дайындық және әрбір сабаққа дайындық.
Пәнді оқытуға жалпы дайындық оқу жоспарын, бағдарламасын оқып-үйреніп,
күнпарақтық-тақырыптық жоспар жасаудан және сабақтың материалдық-
техникалық базасын – оқу бөлмесін, көрнекі құралдар, ОТҚ, құрал-
саймандарды, приборларды т.б. реттеуден тұрады (құралады). Бұл дайындық,
әрине, оқу жылы басталмай тұрып жасалады.
Мұғалімнің әрбір сабаққа дайындығы күрделі де жауапты жұмыс. Оқу
материалының мазмұнын ойластыру дайындықтың алғашқы бөлігі болып табылады.
Мұғалім бағдарламаның өткен, алдағы және одан кейінгі сабақтарға қатысты
бөлігін, олардың арасындағы байланыс пен дәйектілікті орнату үшін талдау
керек. Осы сабақта алдына қойып отырған нақты педагогикалық міндеттер мен
мақсаттарды жақсылап ойластыру – сабаққа дайындықтың өте маңызды бөлігі
болып табылады. Содан кейін оқулықтағы (немесе бірнеше) оқу материалының
жазылуын – қандай тезистер мен негіздемелер берілгенін, материалдың
оқушыларға түсінікті болуын, мысалдардың тақырыпқа сай болуын,
тақырыптардың жүйелілігін мұқият оқып-үйрену қажет. Сұрақтар мен
тапсырмалардың оқушыларға түсініктілігін, олардың орындалу жүйелілігін,
маңызын талдау қажет. Еске түсерлік сұрақтарды танымдық сұрақтармен,
үйреншікті тапсырмаларды ізденісті қажет ететін, келелі тапсырмаларға
алмастыру қажет. Жеке және ұжымдық ойлану қызметін ұйымдастыруға ықпал
ететін іскер ойынның элементтерін (немесе толығымен сценарийін),
өндірістік жағдайлардан мысал келтіре отырып, сүйеніш білімнің
белсенділігін арттыратын сұрақтарды ерекше ойланып, дайындауы қажет.
Мұғалім сабақ үстінде оқушылардың дүниетанымының, білімге құштарлығының,
қисынды ойлауларының азаматтық тұрғыдан қалыптасуы – тәрбиелеуге өте көп
көңіл бөлуі қажет.
Оқу материалдарын талдау қорытындысында туындайтын сабақтың
мақсаттары, мұғалімге оқу әдісін, мұғалім мен оқушының іс-әрекетінің түрін
оқыту әдістері, олардың ең қолайлы түрін таңдау Арнаулы орта білім
журналының 1990 ж. №4 санында жарияланған педагогикалық ғылымдар кандидаты
П.Б.Олейниктің мақаласында кеңінен қамтылған.
Сабаққа дайындық негізгі оқулықпен танысып қоюмен шектелмеуі тиіс.
Мұғалім материалды білуі, кеңінен, тереңінен түсінуі қажет. Бұл оған
сабақты басқаруға, материалды оқулықтағыдан басқаша түсіндіруге,
оқушылардың танымдық және ақыл қабілеттерін белсендетіп, өз беттерімен
шығармашылық жұмыс істеуге үйретуге, тапсырманы ілгерілеу әдісімен беруге
мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде сабақта қолданылған әдістемелердің
нәтижелілігі туралы тұжырымдауға мүмкіндік береді.
Мұғалімнің шеберлігі, біріншіден, сабаққа дайындығы мен жаңашыл
әріптестерінің тәжірибесін пайдалана алуымен тікелей байланысты. Ол үнемі
және мақсатты түрде өз білімін, өз тәжірибесін жұмыстың жаңа тәсілдерімен
толықтырып отыруы керек.
Мұғалімнің сабаққа дайындалуы, педагогикалық еңбегін Ю.А.Львова нақты
сипаттап көрсеткен. Ол мұғалімнің сабаққа дайындалуына көмектесетін,
педагогтың шығармашылық жұмысын ұйымдастыратын ұтымды ұсыныстар жасады:
1. Бағдарламаның осы сабаққа қатысты бөлімін ұғына оқы.
2. Осы бөлімнің материалдарын, тақырыптарын, сұрақтарын оқып біл.
3. Осы сабақта неге жетуім қажет деген сұраққа жауап бере отырып,
сабақ мақсатын жаз.
4. Осы топтық ұжымды көз алдына елестетіп, жеке оқушыларды еске ал.
Олардың психологиясын ойша еске түсіріп, педагогикалық түрлену
өнерін қолдана отырып, олардың алға қойған мақсатқа жету жолдарын
белгілеуге тырыс.
5. Осы материалға және осы оқушыларға тиімді әдістемелік тәсілді
таңдап ал.
6. Таңдалған әдісті өз мүмкіншілігіңмен салыстыр, сабақтағы өз іс-
әрекетіңді ойша салмақта.
7. Сабақ құрылымын ойластырып, тапқаныңның барлығын жоспар-
конспектіге жаз.
8. Көрнекі және оқу құралдарын дайында, тексеріп, реттеп, әзірлеп
қоюды ұмытпа, приборлар мен жабдықтарды, есептеу техникаларының
дұрыстығын жұмыс үстінде тексер. Көрнекі құралдарды көрсету
тәртібін ойластыр.
9. Қойылған мақсатқа жетуге көмектесетін көрнекіліктерді көзбен шолу
құралдарын ғана қолдану қажет. Егер олар көп болса, оқушылардың
назары соған ауады.
10. Жоспардың негізгі тұстарын қайтала (оқу материалының).
11. Өзіңнен сұра:
- Сен сабаққа дайынсың ба?
Бұл ұсыныстардағы педагогикалық іс-әрекеттер тиімді, өйткені осылардан
сабақ туындайды, сабақты ойластырудың үлкен шығармашылық еңбек екендігі
айқындалады. Ал осыған сабақтың тиімділігі мен нәтижелілігі байланысты.
Сабақты талдау
Көбіне сабақты талдау алға қойылған мақсаттардың дұрыстығын,
оқушыларды қорыту және тәрбиелеу тәсілдерінің тиімділігін, олардың
кеңестік дидактика көзқарасына, мазмұны мен мақсаттарына, оқушылардың жас
ерекшеліктеріне сай болуын бағалаудан басталады. Сосын идеялық және
оқытылатын пәннің ғылыми-теориялық (немесе материалдық) деңгейі, пәнаралық
байланыстардың қолданылуы, ғылыми-техникалық өрлеудің заманға сай деңгейін
ашып көрсету, өмірмен байланысы қаралады. Содан соң сабақ құрылымы, оның
ұйымдастырылуы, уақыттың ұтымды қолданылуы қаралады. Мұғалім әр түрлі
білім көздерін (оқулық, үкімет, ғылыми құжаттар, саяси-қоғамдық,
техникалық, анықтамалық әдебиет, тізбелер, үлгілер, кестелер, оқытудың
техникалық құралдары т.б.) қолдана отырып, өтілген материалдың терең де
мықты ұғынылуына қол жеткізуі керек, оқушылардың ой-санасын оятып,
ынталандырып, оларды өз беттерімен жұмыс істеуге үйретуіне ерекше көңіл
бөлу қажет. Сабақта қолданылған оқу-көрнекі, есептеу құралдарының тек
көрсетуге пайдаланылғанын немесе оқушылардың өз беттерімен жаңа тұжырымға
келіп, білімді алу көзі болғандығын талқылау да маңызды болып табылады.
Сабақты талқылауды келесі үлгімен жүргізуге болады:
1. Сабақ туралы жалпы мәлімет: күні, топ, мұғалімнің аты-жөні,
оқытылған пән, сабақтың өткізілу орны, мұғалімнің оқушыларға сабақ
мақсаттарын хабарлауы, қатысу мақсаты.
2. Сабақтың құрылымы мен түрі: бағдарламаның мазмұнына және ғылымның
даму деңгейіне сай келуі, оқушылар дүниетанымының және идеялық-
саяси бағдарламаларының қалыптасуы, оқу материалының заманмен,
жергілікті материалдармен, оқушылардың өмірлік тәжірибесімен сай
келуі, пәнаралық байланыстардың қолданылуы, оқушылардың ой-өрісін
қалыптастыру және дамыту, дидактикалық материалдарды қолдану,
білімді жалпылау және жүйелеу, оқу процесін педагогикалық басқару
тәсілдері.
3. Оқыту тәсілдері мен әдістері: қолданылған әдістер жүйесі, олардың
үйлесімділігі, материалдық мазмұнына, сабақ түріне, оқушылардың жас
ерекшеліктеріне сай келуі, оқыту және тәрбиелеу мақсаттарының
орындалуына қолданылған әдістердің сәйкестігі, сабаққа қойылатын
негізгі талаптардың орындалуы (тәрбиелік, дидактикалық,
психологиялық, санитарлық-гигиеналық), көрнекі құралдар мен ток
пайдаланудың қажеттілігі; оқушылардың өз бетінше танымдық және
шығармашылық белсенділіктерін арттыру жолдары; оқушылардың қисынды
ойлау, байқағыштық қасиеттерін дамыту; өздік жұмыстардың түрлері
мен алатын орны; ұғыну процесін басқару үшін кері байланыс орнату
тәсілдері, өз-өзін бақылау әдістерін қалыптастыру; оқушыларға
тапсырмаларды өз ерекшеліктері мен дайындық деңгейіне қарай
жекешелеп беру; оқушылардың білімін бағалау; үй тапсырмасының
көлемі.
4. Оқушылардың іс-әрекеттері: оқытылатын материалды белсенді
шығармашылық ұғыну үшін оларды қызықтыру, ынталандыру және тәртіп
сақтаулары.
5. Мұғалімнің іс-әрекеттері: жұмыс кезіндегі педагогикалық ұстамы,
сарын, стиль, байқаушылық, тапқырлық, тіл мәдениеті, мұғалімнің
оқушылар алдындағы беделі.
6. Сабақ қорытындысы, тұжырымдар мен ұсыныстар. Мақсатқа жетуі,
жоспардың орындалуы, оқытудың белсенді түрлері мен әдістерін
қолдануы, оқушылардың ұжымдық ойлану қызметін ұйымдастыру, білімнің
көлемі мен сапасы, сабақтың тәрбиелік, оқыту, дамыту мәндері, басқа
мұғалімдердің тәжірибесіне енгізуге болатын жаңалықтар.
Оқушылар тәжірибелік дағды алатын сабақтарды талдау үшін жоғарыда
айтылғандарға қоса келесі жағдайлар ескерілуі қажет:
1. Берілген жұмысты орындау үшін оқушылардың жұмыс орнының дайындығы
(қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілуі).
2. Кіріспе нұсқаулықтың сапасы және толықтығы, оны оқушылардың
қабылдауы. Оқушылардың теориядан алған біліміне сүйену.
3. Мұғалімнің сабақтағы іс-әрекеті (нұсқауды талдау, тәжірибені өткізу
тәртібі мен жүйелілігінің нұсқауға сай келуі, тәжірибелік әдістерге
жаттығулар орындау, нақты бұйымдар жасау, оқушылардың орындалатын
жұмысты түсігніп орындауы, техника қауіпсіздігінің сақталуы, байқау
қорытындыларын жазу, әдеттегі қателерді жөндеу, оқушылармен жеке
жұмыс істеу, қорытындылау және т.б.).
4. Оқушылардың іс-әрекеттері (белсенділігі, тәртіп және жұмысты
орындау жүйелілігі жөніндегі нұсқаудың сақталуы, техника
қауіпсіздігі ережелерінің сақталуы және т.б.).
5. Мұғалімнің қорытындылау нұсқаулығы, оқушы өз бетінше орындаған
жұмыстар, қателіктерді көре білуі, олардың себебі, олардың алдын
алу және жөндеу жолдары.
Кез келген сабақты талдау кезінде оның танымдық мағынасын ғана емес,
сонымен бірге тәрбиелік жағын да көрсету қажет, өйткені болашақ маман
бойында келесі қасиеттерді тәрбиелеу керек: жұмыста ұқыпты болу, нақтылық,
жылдамдық, жұмыс орнындағы жинақтық, жабдықтарға жанашырлық.
Сабақты талдаудың бұл үлгісін толығымен немесе жартылай, түрін
өзгертіп те қолдануға болады.
Сабақ – оқытудың негізгі түрі
Оқыту жүйелері
І. Сыныптық-сабақтық жүйе
Сабақ түрлері:
1. Жаңа білім беру сабағы.
2. Құрастырылған сабақ
3. Білімді, дағдыны, ептілікті жүйелеу (қорытындылау) және қайталау
сабағы.
4. Бақылау – есепке алу сабағы.
5. Тәжірибелік сабақ.
6. Кино сабақ.
7. Саяхат сабақ.
8. Конференция сабақ.
9. Пікірталас сабақ.
10. Іскерлік ойын сабағы.
11. Жарыс сабақ.
12. Не? Қайда? Қашан? Интеллектуалды ойын түріндегі сабақ.
13. Емтихан - іскерлік ойын сабағы.
14. Өндіріс орнында өткізілетін сабақ.
ІІ. Лекциялық-семинарлық жүйе
Сабақ түрлері:
1. Лекция.
2. Семинарлық сабақ.
Оқыту әдістері:
1. Репродуктивтік әдіске сай көрнекі түсіндіру.
2. Проблемалық жағдай, оқушылардың өзіндік жұмысы арқылы.
3. Студенттердің өзіндік жұмысы. Келелі мәселелерді қозғай отырып,
әңгімеге тарту арқылы лекция өткізу.
4. Проблемалық мәселе тудыра отырып, әңгіме өткізу, репродуктивтік
және тәжірибелік әдістерге сүйене отырып түсіндіру.
5. Сараптау, синтез, салыстыру арқылы жалқыдан жалпыға және
жалпыдан жалқыға өту әдістерін қолдану.
6. Мұғалім ерекше орын алатын ақпараттық-өткендеу әдістері (кеңес,
әңгіме, лекция, түсіндіру).
Бастауыш сынып мұғалімдерінің шығармашылық
ТАҚЫРЫБЫ:
1. Оқушыны жетілдіру.
2. Ұлттық тәлім-тәрбие беру жағдайы.
3. Оқушыларды сауаттылыққа үйретуде ұлттық ойынның рөлі.
4. Математика сабағын литерациялау әдісімен оқыту.
5. Оқытуда экологиялық білім берудің ерекшеліктері.
6. Сабақтарда халықтық педагогика элементтерін қолдану.
7. Оқушылардың шығармашылығын дамыту.
8. Ана тілі сабағында оқушының тілін дамыту.
9. Балалардың сөздік қорын дамыту.
10. Сабақта ойын элементтерін қолдану.
11. Мәтінді түсініп оқуға үйрету жолдары.
12. Оқушы деңгейіне қарай дамыта оқыту.
13. Жаңа технологияларды енгізе отырып, оқу әрекеттері арқылы балалардың
ойын дамыту.
14. Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру.
15. Оқушылардың жазба тілдерін дамыту.
16. Бастауыш сыныпта дамыта оқыту қағидаларын пайдалана отырып,
балалардың танымдық қабілеттерін арттыру.
Сабақты талдау
1. Сабақтың үш мақсатының орындалуы.
а) білімдік мақсат – нақты тақырып бойынша.
ә) тәрбиелік мақсат – тәрбиенің кешенді берілуі немесе
бір тәрбиенің ерекше көрінуі.
б) дамытушылық мақсат – баланың іс-әрекетте
белсенділігінің артуы.
2. Сабаққа қойылатын 6 талаптың орындалуы.
3. Сабақтың түріне қарай құрылымдық сәттердің жүзеге
асуы.
4. Сабаққа қатысушының арнайы тақырыбын бақылауы.
Дамыта оқыту жүйесінде
сабақты талдау үлгісі
1. Сабақтың дидактикалық түйіні – оқушының жаңаны ашу әрекеті. Олар
бақылайды, талдайды, салыстырады, топтайды, үйлестіреді.
2. Балалар сабақта не істеді, шын ниетімен еңбектенеді ме? Жұмысқа барлық
оқушының тартылуы.
3. Жаңа білімді меңгерту жұмысы мен баланы дамыту жұмысының біріктіріле
жүргізілуі қалай жүзеге асты? Бала ойына шектеу қойылмады ма?
4. Сұрақтардың қойылуы, мазмұны.
5. Іздену, бірге іздену әрекетінің ұйымдастырылу жайы. Өзара түсіністік,
сөйлесу, тілдесу жайы.
6. Балалардың сабақтағы жай-күйі:
- танымдық сипаты қызығушылықпен, білімді баға үшін емес, қажеттілігін
түсіне меңгеруі;
- сабаққа ақыл-ой ғана емес, сезімінің де қатысуы. Қабылданған білімге
сену, көзін жеткізу.
- Танымның сезіммен бірігуі. Сезімге әсер еткен дүние жақсы
қабылданатынын ескеру.
7. Қайталау қалай жүрді? Қайталанған сайын жаңа білім қосылып отырды ма?
8. Сабақтың икемді түрі. Жоспармен емес, балалар арқылы жұмыс істеу.
9. Мөлшерді сақтай отырып, жоғарғы қиындықта оқыту.
10. Оқушының бұрынғы біліміне сүйену.
11. Мұғалімнің бүкіл жұмысының баланың білімді жете түсінуіне бағытталуы.
12. Білімді меңгеру жағдайын үнемі ескеріп отыру.
13. Оқушы мен оқушының, мұғалім мен оқушының пікірлесуі. Пікірлесу
мазмұны үшін баланы кемсітпеу.
14. Тәрбиенің білінбей, жанама жүруі. Білім, даму және тәрбиенің бірлігі.
15. Сабақтағы мұғалімнің тұлғасы. Мұғалімнің таңдану сезімін оятуы,
жетістікке қуануы, сананың алғашқы өсу қадамын мадақтауы т.б.
16. Мұғалімнің сырт бейнесі.
Қазіргі білім беру технологиясы
1. Педагогикалық процестің жеке бағдар негіздері педагогикалық
технологиясы.
Ынтымақтастық педагогика, ізгілікті тұлғалық технология. Ш.Амоношвили
– Е.Н.Ильин жүйесі: адамды қалыптастыру пәні ретінде әдебиетті оқыту.
2. Оқушылар қызметін қарқындату, интенсивтендіру және белсенділігін
арттыру негізіндегі педагогикалық технология.
Ойын технологиясы: проблемалық оқыту, шет тілі, мәдениетті оқытудағы
коммуникативті технология (Е.И.Пассов). Оқу материалының белгілеу
моделі мен сызбасы негізінде оқытудың интенсивтендіру технологиясы.
3. Қазіргі дәстүрлі оқыту.
4. Оқыту процесін ұйымдастыру және нәтижелі басқаруға негізделген
педагогикалық технология.
Түсіндірмелік басқарудағы тірек сызбасын пайдалану арқылы
перспективалық оқыту (С.Н.Лысенкова).
- деңгейлік зерделеу технологиясы.
- міндетті нәтиже негізінде деңгейлік зерделеп оқыту (В.В.Фирсов).
- ұжымдық оқыту әдісі.
- топтық технология.
- компьютерлік (жаңа ақпаратты)
- бағдарламалы оқыту технологиясы
- жекелеп оқыту технологиясы (А.С.Границкая)
- баланың қызығушылығы бойынша жеке ыңғайда оқытуды мәдениетке
тәрбиелеу технологиясы (И.Н.Закатова).
5. Мәліметтерді қайта жаңарту және дидактикалық жетілдіруге негізделген,
педагогикалық жетілдіруге негізделген педагогикалық технология.
- экология және дидактика (А.В.Тарасов)
- мәдениет диалогы
- дидактикалық біліктердің күрделенуі (П.М.Эрдниев)
- ой қызметін кезең бойынша қалыптастыру теориясының іске асуы
(М.В.Волович).
6. Жеке пәндік педагогикалық технология.
- салауаттылыққа оқытудың ерте және интенсивті технологиясы
(В.Н.Зайцев)
- бастауыш мектепте жалпы оқытуды жетілдіру технологиясы
(В.Н.Зайцев)
- есеп шығару негізінде математиканы оқыту технологиясы
(Р.Г.Хазанкин)
- нәтижелі сабақ жүйесі негізіндегі технология (Н.Н.Палтышев)
7. Балама технология.
- Вальдорфстік педагогика (Р.Штейнер)
- еркін еңбек технологиясы (С.Френс)
- ықтималдық білім беру технологиясы (А.М.Любок)
8. Табиғи тектестік технология
- салауаттылыққа табиғи тектес тәрбие (А.М.Кушнир)
- өзіндік даму теориясы (М.Монтессори)
9. Дамыта оқыту технологиясы
- дамыта оқыту жүйесі (Л.В.Занков)
- дамыта оқыту технологиясы (Д.Б.Эльконин-В.В.Давыдов)
- тұлғаның шығармашылық қасиетін дамытуға бағытталған дамыта оқыту
жүйесі (И.П.Волков, С.С.Альтшулер)
- жеке адамға бағытталған дамыта оқыту (И.С.Якиманская)
- өзіндік дамыта оқыту технологиясы (Г.К.Селевко)
10. Авторлық мектеп педагогикалық технологиясы
- бейімделген педагогика мектебі (Е.А.Ямбург, Б.А.Бройде)
- орыс мектебі үлгісі
- өзін анықтау авторлық мектебі технологиясы (А.А.Тубельский)
- саябақ мектебі (М.А.Балабан)
- астромектеп (А.А.Католиков)
- ертеңгі күн мектебі (Д.Ховард)
Бастауыш сынып мұғалімдерінің
Моделі
- Ізденімпаз ғалым.
- Нәзік психолог.
- Жан-жақты шебер.
- Тынымпаз еңбеккер.
- Сұлулықпен сусындаған білімпаз.
- Рухани бай гуманист.
- Идеал адамның мүсіншісі.
- Терең қазыналы білімпаз.
- Кез-келген ортаның ұйытқысы.
- Адамгершілік пен патриотизмнің жаршысы.
Кабинет безендіру ережесі
І
Кабинет құжаты
1. Кабинетті дамыту жоспары.
2. Паспорт – инвентаризация кабинеті.
3. Каталог, көрнекі құрал тізімі.
ІІ
Оқу бағдарламасына қосымша
1. Дидактикалық материалдар тізімі.
2. Мұғалімнің құжаты.
3. Қосымша тест, тақырып, суреттер тақырып бойынша.
ІІІ
Жаңа технология
1. Жаңа технология бойынша жасалынған жоспарлар.
2. Тақырыпқа байланысты материалдар газет қиындысы, мамандық, адамдар,
халық шаруашылығы туралы материалдар.
ІV
Дидактикалық материалдар
1. Таратпа материалдар, әр баланың қабілетіне қарай.
2. Өткен тақырыпты үлгере алмайтын оқушыларға қосымша таратпа
материалдар.
3. Аралас сабақ материалы, үй тапсырмалары, ұзартылған күн тобының
тапсырмалары.
4. Бақылау жұмыстары.
V
Шығармашылық жұмыстар
1. Оқушылардың өз бетінше шығармашылық жұмыстары.
2. Оқушылардың шығармашылық жұмыстары.
3. Оқушылардың шығармашылық жұмысына берілетін бағыт-бағдар.
4. Энциклопедия, анықтама, сөздік.
5. Шығармашылық жұмыстың үлгісі.
VІ
Пән бойынша сабақтан тыс жұмыстардың материалдары
1. Үйірме, факультатив, олимпиада материалдары.
VІI
Практикалық жұмыс материалдары
1. Практикалық жұмыстың тақырыбы.
2. Практикалық жұмыстың мәтіні кесте, қалай жасау керектігі туралы үлгі
және жұмысты безендіру.
3. Саяхатқа шығудың алдын ала дайындығы.
VІII
ТСО
1. ТСО-ға дидактикалық материалдар.
IX
Көрнекті құрал
1. Кесте, тақырып бойынша сурет.
X
Кабинет кітапханасы
1. Кітаптар тізімі.
2. Тақырыптар ертегі, әңгіме, жазушылар, энциклопедия).
3. Кітаппен жұмыс жасау ескертпесі.
XІ
Әдістемелік бөлім
1. Мұғалімнің іс-тәжірибесінен материалдар.
2. Методикалық әдістеме.
3. Оқушылардың ең жақсы жұмыстары.
XIІ
Бүгінгі сабақтар бұрышы
1. Тақырыпқа байланысты материалдар, көрнекі құралдар.
XIIІ
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz