Еліміздегі тарихи-мәдени және археологиялық ескерткіштердің туризмдегі рөлі



Кіріспе ... ... ... ... 2
Негізгі бөлім
1.1 Тарихи және мәдени ескерткіштер ... ..3.6
1.2 Археологиялық ескерткіштер ... ... ... ...7.12
1.3.Қазақстан Республикасының тарихи.мәдени және археологиялық ескерткіштерді қорғау қоғамы ... ... ... 12.13
1.4.Еліміздегі тарихи.мәдени және археологиялық ескерткіштердің туризмдегі рөлі ... ... ... ... ... ... ... 14.15
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақ жері өзінің бай тарихымен ерекшеленеді. Оның ұлттық тарихы аса ерте замандардан бастау алады. Ел мен жерді қорғау ең алдымен сол ел мен сол жердің тарихын білуден басталады. Ел мен жердің тарихын білу тарихта өткен қасиетті ата-бабалар әруағына тағзым етіп, олардың игілікті істерін еске алудан бастау алады. Ұлт тарихынан білімді болудың басты мақсаты-өткеннен тағылым алу. Осыған орай еліміздегі тарихи-мәдени ескерткіштері білу-біздің тарих алдындағы міндетіміз.
Әлемдегі әр ұлттың өз тарихында кие тұтатын мекендері бар. Ол жерлердің киелілігі сол халықтардың шығу ошағы немесе ұлттық мәдениетінің ошағы, елдіктің ошағы болуына байланысты болса керек. Қазақ халқының тарихында осындай жерлер өте көп. Алтай мен Жетісу, Ұлытау мен Қаратау, Еділ мен Жайық, Ертіс пен Сыр, Маңғыстау, Түркістан мен Отырар –міне, қазақтың төл бесігі болған киелі мекендер. Бұл аймақтардың өз ішінде және кішігірім киелі орындары бар. Мысалы, айтар болсақ, оларға түркі әлеміндегі қасиетті Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесі, Арыстанбаб кесенесі, Қарашаш ана кесенесі, Гауһар ана зираты, Әли Қожа бейіті, шығыстағы Алтай ескерткіштері мен Жидебайдағы Абай мұражайы, Қарағандыдағы Беғазы кешені, Жамбыл облысындағы –Айша бибі кесенесі мен Қарахан кесенесі, Маңғыстау өңіріндегі Шопан-Ата жер асты мешіті және тағы басқа да тарихи-мәдени ескерткіштерді жатқызуға болады.
Тарихи ескерткіштер жалпы түркі халықтарының мұралары болып табылатындықтан түркі өркениет дамуымен сәйкес келеді. Түркі халықтарының жазба ескерткіш мұраларына әл – Фарабидің, Қожа Ахмет Яссауидің, Жүсіпбек Баласағұнның, Махмуд Қашқаридің, т.б. еңбектері жатады.
Қазіргі кезде туризмнің өте қарқынды дамуына байланысты жоғарыда аталған тарихи-мәдени ескерткіштер арқылы біз елімізді дүниежүзіне таныта аламыз.
Осы құндылықтарымызды қорғау және оны қайта қалпына келтіріп отыру кезек күттірмейтін мәселелердің бірі.
1. Марғұлан А. Архитектурные памятники долины реки Кенгир. Вестник АНКазССР 1948 №4/119
2. Жолдасбеков М. Егемен Қазақстан. 2005 мамыр
3. Жолдасбеков М. Алтын арқалы асыл мұра. Егемен Қазақстан. 2005 мамыр
4. Мәдени мұра. Тарихи орналасқан ескерткіш – Алтын адам, Арыстан баб, Айша бибі кесенесі. Жас алаш, 2003 желтоқсан
5. Ердавлетов С.Р. География туризма.
6. Қазақ Ұлттық энциклопедиясы. 1,2,3,5,8
7. Шәймерденов К. Тарихи ескерткіштер рухани қазына байлықтары. Шымкент, 1981
8. Ердавлетов С, Р. Достопримечательные места Казахстана.- Алма-Ата:Знание,1988
9. Ердавлетов С.Р. География туризма: история, теория, методы, практика – А.: «Атамура»,2000.- 336с
10. Соколова М.В. История туризма – М.: Мастерство, 2002.- 350б.
11. www.madenimura.kz

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
Негізгі бөлім
1.1 Тарихи және мәдени ескерткіштер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 -6
1.2 Археологиялық ескерткіштер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7-12
1.3.Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени және археологиялық ескерткіштерді қорғау қоғамы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12-13
1.4.Еліміздегі тарихи-мәдени және археологиялық ескерткіштердің туризмдегі рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14-15
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17

Кіріспе
Қазақ жері өзінің бай тарихымен ерекшеленеді. Оның ұлттық тарихы аса ерте замандардан бастау алады. Ел мен жерді қорғау ең алдымен сол ел мен сол жердің тарихын білуден басталады. Ел мен жердің тарихын білу тарихта өткен қасиетті ата-бабалар әруағына тағзым етіп, олардың игілікті істерін еске алудан бастау алады. Ұлт тарихынан білімді болудың басты мақсаты-өткеннен тағылым алу. Осыған орай еліміздегі тарихи-мәдени ескерткіштері білу-біздің тарих алдындағы міндетіміз.
Әлемдегі әр ұлттың өз тарихында кие тұтатын мекендері бар. Ол жерлердің киелілігі сол халықтардың шығу ошағы немесе ұлттық мәдениетінің ошағы, елдіктің ошағы болуына байланысты болса керек. Қазақ халқының тарихында осындай жерлер өте көп. Алтай мен Жетісу, Ұлытау мен Қаратау, Еділ мен Жайық, Ертіс пен Сыр, Маңғыстау, Түркістан мен Отырар - міне, қазақтың төл бесігі болған киелі мекендер. Бұл аймақтардың өз ішінде және кішігірім киелі орындары бар. Мысалы, айтар болсақ, оларға түркі әлеміндегі қасиетті Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесі, Арыстанбаб кесенесі, Қарашаш ана кесенесі, Гауһар ана зираты, Әли Қожа бейіті, шығыстағы Алтай ескерткіштері мен Жидебайдағы Абай мұражайы, Қарағандыдағы Беғазы кешені, Жамбыл облысындағы - Айша бибі кесенесі мен Қарахан кесенесі, Маңғыстау өңіріндегі Шопан-Ата жер асты мешіті және тағы басқа да тарихи-мәдени ескерткіштерді жатқызуға болады.
Тарихи ескерткіштер жалпы түркі халықтарының мұралары болып табылатындықтан түркі өркениет дамуымен сәйкес келеді. Түркі халықтарының жазба ескерткіш мұраларына әл - Фарабидің, Қожа Ахмет Яссауидің, Жүсіпбек Баласағұнның, Махмуд Қашқаридің, т.б. еңбектері жатады.
Қазіргі кезде туризмнің өте қарқынды дамуына байланысты жоғарыда аталған тарихи-мәдени ескерткіштер арқылы біз елімізді дүниежүзіне таныта аламыз.
Осы құндылықтарымызды қорғау және оны қайта қалпына келтіріп отыру кезек күттірмейтін мәселелердің бірі.

0.1 Қазақстандағы тарихи-мәдени ескерткіштерге сипаттама

Ескерткіш - кең мағынасында - елдің, халықтың мәдени мұрасының жалпылама атауы. Тарихи және мәдени ескерткіштерінің жиынтығы мұражайлы, көрмелік маңызы бар заттар мен жылжымайтын ескерткіштерді қамтиды[1].
Ескерткіш

монументтік
сәулет өнері
тарихи
археологиялық

Сурет 1 Ескерткіш түрлері
Ескерту: [1] мәлімет негізінде автормен құрастырылған.

Сондай-ақ, ескерткіштерге тарихи-танымдық немесе тарихи-көркем құндылығы бар жазбаларды да жатқызуға болады. Яғни, адамзаттың көне заманнан күні бүгінге дейінгі дамуы жолындағы түрлі саладағы аса маңызды жетістіктерінің ерекше, қайталанбас заттық-рухани үлгі-нұсқаларын; адам өміріндегі оқиғаларды; белгілі бір елдің, халықтың басынан кешкен тарихи кезеңін еске түсіретін құндылықтарды, қастерлі мұраларды ескерткіш деп атау қалыптасқан[2].

Сурет 2 Ескерткіштердің жіктелімі
Ескерту: [2] мәлімет негізінде автормен құрастырылған.

Мәселен, адам қабірінің басындағы қорған, оба, сондай-ақ, сақ дәуірінен, көне түркі, қыпшақ кезеңінен жеткен тас мүсіндер, сынтас, құлпытас, сртас, қойтас, үштас, бестас, сағана, т.б. археологиялық және сәулет ескерткіштері - ең алғашқы ескерткіштер түрлері қатарына жатады.
Ал ескерткіштердің кең тараған түрі - көлемі нақты тұрпаттан үлкендеу мүсіндік бейнелер. Олар, әдетте, көрнекті жерге (қала алаңына, саябаққа, тарихи орындарға, тарихи адамдардың туған жерлеріне, ұрыс даласына) орнатылады.
Өлген адамға ескерткіш орнату дәстүрі ерте заманнан-ақ пайда болған. Мысалы, ежелгі Грекияда аса көрнекті қолбасшылар мен қоғам қайраткерлерінің құрметіне. Римде императорларға ескерткіштер қойылған. Қайта өркендеу дәуірінде Италияда Микеланджело, Францияда Т.Бонтан, т.б. сияқты мүсін өнері шеберлерінің аты әйгілі болды. XIX ғасырда Еуропа мен Америкада әр түрлі оқиғаларға, XX ғасырда ұлт - азаттық қозғалысы қайраткерлеріне, жазушы, суретші, музыкашыларға ескерткіштер жасау үрдісі кең етек алды. Ресейде XVIII ғ-да және XIX ғасырдың бірінші жартысында мүсіншілер К.Б Растрелли, М.И Козловский, Б.И Орловский, И.П Мартостың жобасы бойынша Санкт - Петербург пен Мәскеуде Петр І-ге, А.В Суворовқа, М.И Кутузовқа, К.Минин мен Д.Пожароскийге ескерткіштер орнатылды. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарынан бастап Н.А. Андреев, Н.В. Томский, В.И. Мухина, К.М. Мерашвили, т.б. мүсіншілер көптеген қалаларда даңқты адамдарға тұлғалы ескерткіштер орнатылуына үлес қосты.
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің ерлігін мәңгі есте қалдыруға арналған ескерткіштер өте көп. Солардың ішіндегі ең күрделісі - Берлиндегі кеңес әскері жауынгерлері құрметіне тұрғызылған тарихи - мемориялдық ескерткіш. Қазақстанда ескерткіш орнату 1940 жылдан кейін кең өріс алды.
Алғашқы ескерткіштердің бірі - Алматыдағы Амангелді Иманов ескерткіші (Мүсінші Х.Б. Асқар-Сарыджа, сәулетші Т.Бәсенов; 1947). Белгілі мүсінші Х.Наурызбаевтың Абай (1960), Шоқан Уәлиханов (1969, екеуі де Алматыда), Жамбыл Жабаев (1964, Тараз), Амангелді Иманов, (1959, Қостанай обл. Амангелді ауд.), Т.Досмағамбетовтің Шоқан Уәлиханов (1972, Көкшетау), Ю.Г. Былыктың Нұркен Әбдіров (1969, Қарағанды), т.б. мүсін ескерткіштері Қазақстандағы алғашқы ескерткіштердің ең көрнекілері болып табылады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін де ұмытылмас есімдер мен тарихи оқиғаларды жаңғыртатын бірқатар ескерткіштер тұрғызылды. Олар: мүсінші Б.Әбішевтің Жамбыл (1996, Алматы), Республика тәуелсіздігіне арналған кешен - Тәуелсіздік монументі (авторлық шығарма, топ жетекшісі - Ш.Ы.Уәлиханов, мүсіншілер - А.Жұматаев, Н.Далбай, К.Сұранышев, А.Боярлин, М.Мансұров, К.Сатыпалдин; сәулетшілер - Қ.Монтахаев, Н.Жарылғапов; 1997, Алматы), мүсіншілер - Боярлин мен Т.Мырзагелдиннің Саяси қуғын - сүргін құрбандарына арналған ескерткіш (монумент; авторлық топ жетекшісі - Т.Сүлейменов, сәулетші - А.Ордабаев, А.Кенжетаев, Монтахаев; 1997, Астана), мүсінші Досмағамбетовтің Қаныш Сәтбаев (1999, Алматы), мүсінші К.Кәкімовтың Сұлтан Бейбарыс (2000, Атырау), қазақ елінің бірлігі мен ынтымақтастығының белгісі ретінде Ордабасы тауында орнатылған Ордабасы кешені (сәулетші Ғ.Садырбаев, 1997, Оңттүстік Қазақстан обл.) ескерткіштері, т.б. Сондай - ақ, әдебиет, өнер, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің қабірі басына бейне-мүсін қою немесе олар тұрған үйдің қасбетіне жазулы ескерткіш тақта орнату да дәстүрге айналған.
Тарихшыларымыздың айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстан жерінде 600-ден астам неолит және энеолит дәүірінің ескерткіштері мәлім. Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай - бұлақ, өзен, көл, үңгір тұрағы деп төрт түрге бөлінеді. Мысалы: Ботай қонысын алайық. Ол шамамен 200 жылды - б.з.б. XXIV-XXII ғасырларды қамтиды. Елді мекендегі құрылыстар өте тығыз, біріне-бірі жалғаса салынған. Ені - 8 метр, ұзындығы - 50 метрге дейін созылған қатар-қатар көшелердің екі жағына кейде 15-16 үйден салынған. Құрылыстың осындай түрі Қазақстанның солтүстік обылысында күні бүгінге дейін сақталып, маңызын жойған жоқ.
Сонымен қатар Қазақстан жерінде б.з.б. 1-мыңжылдықта тиграхауда сақтары тайпаларының үлкен тобы қоныстанған. Олар Қазақстан жерінің оңтүстік-шығысы мен оңтүстігін толық игерген. Сырдария, Іле, Талас, Лепсі, Есік, Шелек, Шарын, Кеген өзендері аңғарларында көптеген үлкенді - кішілі обалар шоғырланған. Мыссалы, Жуантөбе қорымы (Іле өзенінің сол жағалауы) 300 обадан, Берікқара қорымы (Талас өз.) 500 бейіттен тұрады. Биіктігі 20 метрге дейін жететін патша обалары Жетісу мен Оңттүстік Қазақстанда өте көп. Б.з.б. 5 ғасырға жататын Бесшатыр қорымынан бөренелерден тұрғызылып, жақсы сақталған ірі құрылыстар табылды. Бұлар Орта Азия мен Қазақстанда ағаштан салынған сәулет өнерінің ең ежелгі бірегей ескерткіштері болып табылады. Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жағасында. Ол 31 обадан тұрады, олардың 21-і таспен, ал 10-ы қиыршық таспен және топырақпен жабылған. Үлкен обалардың диаметрі 45 метрден 105 метрге, биіктігі 6 метрден 18 метрге дейін жетеді. Диаметрі 104 м, биіктігі 17 м Үлкен Бесшатыр обасы ерекше. Тас, топырақ үйіндінің айналасынан 5 - 7 м қашықтықтан тас дуал өтеді (ені - 2 м, биіктігі - 50-60 см) және ірі менгірлерден, үлкен қой тастардан қоршау түрінде құрылыстар салынған. Үлкен обаның айналасында барлық 94 қоршау бар. Кейбір тік тұрған бағаналарға қазақ ру-тайпаларының таңбалары қашалған. Обаның солттүсік - шығыс жағында тағы да жеті қоршау бар, олар оңтүстік - шығыстан солтүстік - батысқа қарай созылып жатыр. Бесшатыр сағанасы ағаштан салынған күрделі құрылыс, бірнеше бөліктен тұрады. Олар: дәзіл, қабірдің алдынғы кірер аузы және жерлеу бөлмесі. Бөлменің қабырғасындағы бөренелер бір-біріне тығыз қиюластырылған.
Алтын адам табылған Есік обасы үлкен қорымның оңтүстік шетінде орналасқан. Обаның диаметрі - 60 м, биіктігі - 6 м. Ортадағы қабір ашылып, таланған, бүйірдегі қабір сол күйінде сақталған. Лақат Тянь-Шань шаршысының өңделген бөренелерінен салынған. Ішінің ауданы 2,9х1,5 м. Сақтар мәдениетіне байланысты тағы бір құрылыс - Қызылорда облысындағы Сырдария бойынан табылған Шірік Рабат қонысы (б.з.б. 5ғ). С.П.Толстовтың айтуынша, ол егін егіп, мал баққан сақтардың тұрақты бекінісі жайлы. Оның ішінде көп бөлмелі тұрғын үйлер, кірпіштен қаланған екі қабатты зәулім бекініс бар. Б.з-дың VI-VII ғасырында керуен жолының үстінде, Қазақстан жерінде Тараз, Құлан, Сайрам (Испиджап), Отырар, Сығанақ, Құмкент, Созақ, Алмалық сияқты ірі қалалар, Ақыртас, Баба Ата, Ақсүмбе сияқты қорған-бекіністер болған. Оңтүстік қалалары бекініс, шахристан, рабадтан тұрған, су құбырлары болған. Тоғай, Жыланшық, Кеңгір, Жезді, Сарысу өзені бойынан X-XI ғасырдада өмір сүрген 60-қа жуық қалашық орындары анықталды. Бабаджа хатун күмбезі, Айша Бибі мазары, Жұбан ана күмбезі сәулет өнерінің күрт дамығанын көрсетеді. Қарахан әулеті тұсында Алаша хан күмбезі, Жошы хан күмбезі, Аяққамыр күмбезі, Қожа Ахмет Иасауи кесенесі X-XIV ғасырлардағы Қазақстандағы сәулет өнерінің жоғары деңгейін танытады.
Адам баласы табиғаттағы ғажайып құпиялардың сырын білуге ұдайы құмарлықпен ұмтылып отырған. Есте жоқ ерте заманның өзінде дүниенің жаралуы, табиғаттың түрлі құбылыстары туралы адамның өзіндік көзқарасы, түсінігі болған. Қазақ халқының сан ғасырлық өмірлік тәжірибесінің табиғатпен қарым-қатынасының нәтижесінде сәулет өнерінің жүйесі пайда болды. Сәулет өнеріндегі өзіндік ерекшелігі бар ғимараттар,күмбезді құрылыстар, сол сияқты ешбір басқа халық жете алмаған жылжымалы баспананың төлтума үлгісін бабаларымыз мұра етіп қалдырған.

0.2 Археологиялық ескерткіштер

Археология (грек. Archaios - ескі, logos-ілім) - тарих ғылымының көне дәуір мен орта ғасырдағы адамзат қоғамы дамуының заңдылықтары мен негізгі кезеңдерін зерттейтін саласы. Басты зерттеу объектісі алғашқы қауымнан, ерте заман мен ерте ғасырдан қалған материалдық ескерткіштер: еңбек құралдары, қару - жарақ түрлері, мекен - жай, қоныстардың, керуен сарайлар мен әскери бекіністердің жұрты, үй-іші заттары, зираттар, обалар т.б. Адамдар қолымен жасалған осы аталған заттар ғылымда археологиялық ескерткіштер деп аталады. Олар топырыққа көміліп, жер астында қалып, қалалар мен бекіністердің қираған орындарында бірнеше қабаттардан тұратын төбелер пайда болады. Мұндай қатпарлар археологияда мәдени қабаттар деп аталады.
Осылай пайда болған төбелердің биіктігі кейде ондаған метрлерге жетеді. Қазақстан жеріндегі ең үлкен қала болып есептелетін Отырардың мәдени қабатының биіктігі 18 метр. Кейбір обалардың биіктігі 20 метрге, аумағы 100 метрге дейін жетеді. Қазба жұмыстары кезінде табылған материялдық деректерге ғылыми түсініктеме беру үшін археологияда антропология, этнология, геология, ботаника, зоология, палеонтология, физика, химия, топырақтану ғылымдарының зерттеу әдістері кеңінен пайдаланылады. Археология термині б.з.б. IV ғасырларда көне заманды зерттейтін ғылым ретінде (Платон) қолданыла бастағанымен, ғылыми археологиялық зерттеулер Еуропада Қайта өркендеу дәуірінде ғана жүргізілді. XV-XVI ғасырларда Италияда ежелгі сәулет өнерінің мұраларын іздеүге, XVIII-XIX ғасырда Қосөзен бойында көне мәдени мұраларды зерттеуге бағытталған қазба жұмыстары жүзеге асырылды. XIX ғасырдың 1-жартысында Ресейде Қаратеңіз жағалауындағы көне грек қалаларының қалдықтары мен скиф обаларын жүйелі түрде зерттеу басталды. Қазақстан мен Орта Азияда археологиялық зерттеулер XIX ғасырдың 70-жылдарынан бастау алды және олар В.В. Радлов, Н.В. Веселовский, А.А. Андрианов, П.И. Лерх, В.В. Бартольд есімдерімен байланысты. 1919 ж. Ресейде Материалдық мәдениет тарихы академиясы құрылды. 1937 ж. ол КСРО Ғылым Академиясы институтына айналдырылды. М.П. Грязнов, Ә.Х. Марғұлан, С.И. Руденко, А.Н. Бернштам, С.С. Черников басқарған экспедициялар Қазақстан жерінде күрделі археологиялық барлау, қазба жұмыстарын жүргізе бастады. 1926 ж. Грязнов археологиялық зерттеулер нәтижесінде Андрон мәдениеті тараған аймақтың батыс шекарасын анықтады. 1930-1939 ж. Қостанай облысы Алексеевка ауылының маңынан қола дәуірінің қоныстары, 1935-1938 ж. Шығыс Қазақстандағы Қалба, Нарын тауларынан КСРО территориясындағы ең көне заманның кен орындары табылды. 1930 жылдары Бернштам бастаған экспедиция Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды зерттеп, көптеген жаңа деректер жинады. 1936-1939 ж. Тараз қаласының орны қазылып, оның Орта Азиядағы мәдениеті жоғары, сауда, қолөнер орталықтарының бірі болғаны анықталды. С.П. Толстов басқарған Хорезм археология - этнографиялық экспедициясы Қызылорда, Қазалы төңірегінен жүздеген құнды археологиялық мұралар ашты.
1946 ж. Қазақстан Ғылым Академияның құрамында Тарих, археология және этногряфия институты құрылды. Ол республикадағы архелолгиялық зерттеулердің орталығына айналды. Ең алдымен археологиялық барлау, Қазақстанның көне тарихын анықтау жұмыстары қолға алынды. Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Марғұлан), Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі - Бернштам, кейін Е.И. Агеева), Жетісу археологиялық экспедициясы (жетекшісі - К.А. Ақышев), Т.Н. Сенигова, Г.И. Пацевич, А.Г. Максимова, М.К. Қадырбаев, А.М. Оразбаев кең көлемде зерттеулер жүргізді. Қазақстанның археологиялық картасы жасалды (1960 ж.). Республика территориясын түгелге жуық қамтыған археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде құнды археологиялық ескерткіштер мен мәдениеттер ашылды.
Орталық Қазақстанда қола дәуірге жататын Беғазы, Ұлатау, Беласар зираттары, Атасу, Бұғылы т.б. қоныстар зерттелді. Жетісуда Бесшатыр, Кеген маңында табылған обалар сақ - скиф мәдениеті жөнінде көптеген мағлұматтар берді және олардың Алтай мен Днепр бойында кездескен скиф обаларымен туыстас екендігі дәлелденді.
Оңтүстік Қазақстанда палеолит қоныстары тыңғылықты зерттелді. Оңтүстік Қазақстан Андрон мәдениетінің негізгі аймақтарының бірі болғандығы жөнінде дәйекті ғылыми тұжырым жасалды (Марғұлан). Жетісу өңірінде б.з.б. VII-VI ғасырда ертедегі көшпелі тайпалар, сақтар мен үйсіндердің мәдени ескерткіштері жан-жақты зерттелді. Солтүстік Қазақстанның қола дәуірінің хронолдық классификиасын, Солтүстік және Орталық Қазақстанның қола дәуіріндегі қоныстарын зерттеуге Оразбаев, Орталық Қазақстан мен Жетісу өңіріндегі темір дәуірінің орта кезеңінен зерттеуге Ақышев, Қадырбаев үлес қосты. 1970 ж. бастап V-VIII ғасырда және XIII-XV ғ-да Қазақстан мен Орта Азияның мәдени орталықтарының бірі болған Отырыр қаласы мен Отырыр алқабының ескерткіштерін зерттеу қолға алынды. Жаңа құрылыстар жүргізілетін жерлерде Шардара археологиялық экспедициясы, Шульба археологиялық экспедициясы жұмыс істеді. 70-80 ж. Қазақстандағы төменгі палеолит тұрақтарының ашылуы, Шығыс Қазақстандағы Шелекті сақ обаларындағы, Жетісудағы Есік қорғанында, қала мәдениеті жөнінде мол мағлұмат берген Отырар мен Құйрықтөбеде жүргізілген қазба жұмыстары Қазақстан археология ғылымының көкжиегін кеңейте түсті, қазақ халқының көне және орта ғасыр кезіндегі тариха, тайпалар мен ұлыстардың материалдық мәдениетінің сабақтастығы жөнінде дәйекті ғылыми тұжырымдар жасауға негіз қалады.
1991 ж. Қазақстан Ғылым Академиясының құрамында археология бөлімі негізінде Археология институты құрылды. 1973 жылдан Археология мұражайы жұмыс істейді. Қазақстанның дербес мемлекетке айналуы отандық тарихи ғылымның, оның ішінде археология саласының алдына да жаңа мақсаттар қойылып отыр. Қазақ халқының көне және орта ғасыр кезеңдеріндегі шаруашылығы, мәдениеті мен қолөнерінің дамуы туралы бұрынғы қатаң материалистік көзқарасқа негізделген қағидалардан арылып, жаңа тұрғыдан шешу міндеті қойылды. Осыған байланысты далалық зерттеу жұмыстары кеңейтіліп, археологияның теориялық-методологиялық мәселелері қолға алынд, Қазақстанның ежелгі тарихын зерттеуді тереңдетүге бағытталған бағдарламалар жасалды. Көне материалдық және мәдени ескерткіштерді зерттеумен айналысатын ғылыми мекеме 1991 ж. қазан айында Қазақстан Ғылым Академиясының Тарихи ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Батыс Қазақстанның тарихи - мәдени ескерткіштері
Қазақстан территориясындағы тарихи-мәдени ескерткіштер
Қазақстан туризмі
Туризм инновациясы
Археологиялық Тарихи Сәулет өнері
Республиканың туристік потенциалын дамыту
Туризм мәні
Туристік қызметті жоспарлау мен ұйымдастыруда территорияның табиғи және мәдени әлеуетін пайдалану
ЕXPO-2017 халықаралық көрмесі
Туристік қызметтің теориялық аспектілері
Пәндер