Музей менеджменті


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

Негізгі бөлім

1. Музей менеджменті . . . 4

2. Музей маркетингі . . . 9

3. Музей басшы . . . 14

4. Әлемдік тәжірибедегі музейлер қызметін үйрену . . . 17

Қорытынды . . . 19

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 20

Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі. Нарықтық экономикадағы музей жұмысын басқару, музей шығындарын азайту. Келушілерге тарихи-мәдени құндылықтарды танытуда жаңа тәжірибелерді пайдалану, келелі жоспарлар, музей басшысының қызметі.

Музей менеджменті, маркетингі әдістемесін пайдалана отырып музейдің атмосферасында тың өзгерістер әкелу, жұмыстың өзектілігі болып отыр.

Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Музейдің қызметіне жаңа серпін беру. Әлемдік тәжірибедегі музейлер қызметін үйрену. Музейді басқару тұрғысында менеджменттік, маркетингтік әдістемені пайдалану. Музейдің өзекті мәселелерін шешуде жаңа мүмкіндіктер жолын қарастыру. Келушілерге тиімді қызмет көрсету жолдарын жасау.

Бейхабар келушілерде қызығушылық әсерін оятуда, қызығушылығы оянған келушіні бір күндік келушіге айналдыру, бір күндік келушіні тұрақты келушіге ұштастыру, тұрақты келушіні музейдің жанашырына айналдыру болып табылады.

Жалпы Қазақстан музейлерінің дамуын мақсатты түрде жолға қою.

1. Музей менеджменті

Менеджмент түсінігі (ағылшынша management немесе to manage - басқару) өнекәсіпті, зияткерлік, қаржы және басқа салаларды басқару әдістерінің, қағидаттарының, түрлерінің жиынтығы. Басқаша айтқанда менеджмент - мекеме және оның персоналын басқарудың теориясы мен практикасы.

Менеджменттің негізгі құралдарының бірі мақсаты, міндеттері және оған жету жолдары айқындалған келелі жоспар болып табылады. Жоспарды жасау барысында музей менеджментінің жетекші маманы Роджер Майлздың ұсынысы бойынша мынадай мәселелерге көңіл бөлген жөн:

  • жоспардың кімге арналып жасалуын, яғни музей аудиториясын білу қажет;
  • жоспарды жасау барысында музей қандай мақсат, міндеттерді көздеп отырғанын анықтау;
  • жобаны жүзеге асыру жолдарын қарастыру (қаржы, адам, құрал-жабдық, материал т. б. ) .

Жоспар - музей дамуының жалпы концепциясы және қойылған мақсаттарға жету стратегиясы, болашақтағы нақты уақыт кезеңіне әрекет жоспары, музей қызметкері және басқа да оның маңызды серіктері жағынан тәжірибелік сұраныстарына жауап беріп, толық мақұлдау алатын құжат.

Кесте -1. Жоспарлау кезеңдері.

ЕСКЕРТУ: Автормен құрылған.

Жоспарды өңдеу және жазу:

1. Өз бағыт-мақсатын ағымдағы жағдай барысында қалыпқа келтіру (неге, не себептен тірлік құрамыз, сол туралы миссия қалыптастыру) .

2. Істің қазіргі жағдайын талдау, әлсіз және күшті жақтарды анықтауға ерекше көңіл бөлу арқылы (ішкі факторлар) және ашылатын мүмкіндіктер мен кездейсоқ қауіптерді талдау (сыртқы факторлар) .

3. Қойылған мақсаттарға жауап беріп, стратегияны өңдеу (шешімі қалаған нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беретін, анық белгіленген нақты міндеттерді қоса) .

4. Қаржы базасын қамтамасыз ету (бюджет) .

5. Мониторинг механизмін өңдеу және жұмыс тиімділігін бағалау (қаншалықты табысты алға жылжушылық) .

Р. Майлздың әдістемесіне сәйкес келелі жоспарды тікелей өңдеу мынандай кезеңдерден тұрады:

  1. Музей миссиясын қалыптастыру немесе мәнін, музей қызметі саласы мен табиғатын анықтайтын мақсаттарды түсіну. Лондон жаратылыстану музейінде ол мынандай мағынаны білдіреді :«сақтауда қамтамасыз ету және музей жинақтары одан әрі көбейту әрі оларды насихаттау арқылы зерттеу, оны үнемді пайдалану мен сұлулығына сүйсіну арқылы айнала қоршаған ортамен жете түсінугі ықпал ету.
  2. Қазіргі болып жатқан жағдайды талдау. Бұл жерде музейдің әлсіз жақтары мен мүмкіндіктері және дамуға кедергі келтіретін қиыншылықтар. Басқаша сөзбен айтқанда музейдің маңызды мәселелерін шешуге ықпал ететін ішкі және сыртқы факторлар талданады.
  3. Дамудың жалпы бағытын анықтау. Осыған орай қалыптастырылған мақсаттар «алтын ережеге » сай болуы қажет:
  • көкейтестілігі;
  • музейге қолдау көрсетуге ұмтылдыру үшін адамдарды ортақ қызығушылықтарға тарту мүмкіндігі;
  • нақтылық, яғни қолдағы бар адам, қаржы және материалдық мүмкіндіктер негізінде іске асырылуы.
  1. Алғашқы мақсаттарға жауап беретін стратегияны өңдеу (шешімі қалаған мәселеге жетуге мүмкіндік беретін, нақтылы жазылған міндеттерді қоса)
  2. Қаржы базасын қамтамасыз ету (бюджетті) .
  3. Мониторинг механизмін өңдеу және жұмыс тиімділігін бағалау.

Сонымен қатар музейдегі жағдайды бағалау үшін мамандар СЭӘТ және талдау жинағын қолдануды ұсынады. Бұл талдаудың мақсаты сыртқы жағдайларға қатысты мәселелерге орай музейдің одан ары даму мүмкіншіліктерін талдау. Ең маңызды музей мәселелерін шешуге ықпал ететін сыртқы факторларға тоқтала кетсек, олар:

а) саяси факторлар - музейлер үшін жаңа ұйымдастырулық құрылымның ендірілуі;

ә) экономикалық факторлар-келушілер категориясы мен санына, тұрақты келушілер табыс деңгейіне, музей ұсынатын қызметтер сапасына әсер ететін жергілікті және ұлттық экономикадағы өзгерістер;

б) технологиялық факторлар -тәулік бойына ақпарат алуға мүмкіндік беретін кең тараған компьютерлік жүйелер.

Жинақты талдау барысында музейдің әлсіз жақтары, мүмкіндіктері, қаупі жәе артықшылығы қаралады, яғни ішкі және сыртқы факторлар.

Ішкі факторлар - келушілер саны, жинақтар, көрме қызметі, келушілерге қызмет көрсету, қаржыландыр, табыс.

Сыртқы факторлар - саяси, экономикалық, әлеуметтік, технологиялық.

Музейдің басымдық жағы. Халық шығармашылығы және бай тарихы; көне қалалар орны мен ескерткіштер; музей тарихи ғимаратқа орналасқан; оның өзін көрудің өзі ғажайып; оның директоры жоғары білікті кәсіпқой, іскер адам, ұжымды жұмылдыра біледі; музейдің жергілікті; саяси басшылармен байланысы жақсы.
Музейдің әлсіз жағы. Музей орналасқан жерге шетелдік туристер сирек келеді; бюджеттік қаржыландыру тек қызметкерлер еңбекақысын төлеуге ғана жетеді; уақытша көрмелер санының шұғыл қысқаруы жергілікті тұрғындардың музейге қайыра келуінің қысқаруына әкеп соқты; тұрақты экспозиция моральді ескірген; экскурсовод жұмысы нашар.
Музейдің басымдық жағы.Халық шығармашылығы және бай тарихы; көне қалалар орны мен ескерткіштер; музей тарихи ғимаратқа орналасқан; оның өзін көрудің өзі ғажайып; оның директоры жоғары білікті кәсіпқой, іскер адам, ұжымды жұмылдыра біледі; музейдің жергілікті; саяси басшылармен байланысы жақсы.: Мүмкіндіктер. Жекелеген адамдар мен ұжымдарға, белгілі жергілікті қоғамдастыққа арналған шағын көрмелер ұйымдастырылады; музей мектеп бағдарламасы көлемінде оқушылар үшін арнайы бағдарламалар өңдейді; музей және басқа да ұжымдардың ішкі ауласында театрландырылған қойылымдар мен концерттер ұйымдастырады.
Музейдің әлсіз жағы.Музей орналасқан жерге шетелдік туристер сирек келеді; бюджеттік қаржыландыру тек қызметкерлер еңбекақысын төлеуге ғана жетеді; уақытша көрмелер санының шұғыл қысқаруы жергілікті тұрғындардың музейге қайыра келуінің қысқаруына әкеп соқты; тұрақты экспозиция моральді ескірген; экскурсовод жұмысы нашар.: Қауіптер. Қаржының ұдайы жетіспеуі қызметкерлерді күйзеліске ұшыратады; қорларды сақтау нормативтерге толық сәйкес келмейді. Шынайы музей аудиториясын кеңейту мүмкіндігі жоқ, себебі мәдени-демалыс рыногындағы бәсекелес мекемелер саны ұдайы өсуде.

Кесте-2. Жинақты талдау(SWOTталдау) .

ЕСКЕРТУ: Автормен құрылған.

Жинақты талдау музейге қызметтің басымдық бағытын анықтауға тиіс. Музей өзінің басты басымдылығы табыс әкеліп, музей мәртебесін көтеретін шетелге көрмелер ұйымдастыру болып табылады. Түскен қаржы музейді жергілікті қауымдастыққа одан әрі тартымды ету үшін экспозицияға қажетті өзгерістерді ендіру үшін қажет болады.

ХХ ғасырдың соңғы онжылдықтарында шетелдерде мемлекеттік, қоғамдық, жекеменшік, корпоративті, коммерциялық емес қаржыландыру көздері кіретін көп арналы музейлер бюджетін қалыптастыратын жүйе қалыптаса бастады. Әр елдің бұл бюджеттеріндегі мемлекеттік және мемлекеттік емес құраушылардың арақатынасы бірдей емес әрі дәстүрлі демеушілік және меценаттық, мемлекеттік мәдени сяасат, салық заңдылықтары және басқа да факторлармен белгіленген. Мысалы, 1988 жылы американ музейлерін қаржыландырудың жалпы көлемінің 5% - федеральды бюджеттен, 5% - қорлардан, 5% - корпорациялардан және 85% жеке адамдар салымынан құралған.

1970 жылдары шетелдік музей саласында пайда болып, ал 10 жыл өткен соң берік орныққан фандрейзинг(ағылшынша - ақша қаражатын табу) түсінігі пайда болды. Бұл дегеніміз коммерциялық емес жобаларды іске асыру үшін ақша қаражаттарын тарту бойынша комплексті жұмыстарды білдіреді.

Музей ептілігінің қуатты демеушіні анықтап қызығушылығын тудырып, өз мақсаттарына пайдалану франдрейзинг бойынша кез келген компанияның түйінді сәтін білдіреді. Тәжірибе көрсеткендей нағыз демеушіні еш уақытта кездейсоқ кездесу көрсеткендей нағыз демеушіні еш уақытта кездейсоқ кездесу нәтижесінде табуға болмайды. Сондықтан шетел музейлері демеушілерді тарту бойынша бағдарламалар жасауға уақыт пен ресурстар бөліп, арнайы даму бөлімдерін құрады. Онда кәсіпқойлар «ақшасыз жарналар» деп аталатын қосымша қаржыландыру көздерін тартумен айналысады.

Франдрейзинг бойынша тәжірибелі мамандар музейлерден өте өтініп сұрайтыны деперсонифиционалды электронды өтініштер жібермей потенционалды демеушілермен байланыс пен жеке кездесулер ұйымдастыру. Шындығына келгенде музей және демеуші арасында таза өзара қатынас орнауы қажет, нәтижесінде екі жақ та пайда көреді.

Музей жобаларын қолдаушы демеушілер үшін де пайдалы жақтар көп. Бұлар тауарлары мен қызметтерін жарнамалаудың қосымша мүмкіндігі, бұл жарнама алаңдары, баспа өнімдері немесе эфир уақытын сатып алғаннан әлдеқайда тиімді. Әлеуметтік маңызды жобалар мен бағдарламаларға қатысу демеушінің берік экономикалық жағдайын көрсетіп қоймай, оған тартымды имидж жасайды.

Ал музей қызметінің тиімділігін қамтамасыз ететін маңызды фактор - бұл оның адам ресурстары. Музейді басқару стилі және оның ішкі ұйымы жұмысты ең нәтижелі қамту қажет, ол үшін музей тұтас бір командаға айналып, әр жұмысшы өз тапсырмалары мен міндеттерін біліп қана қоймай, музей өркендеуіне құнды үлес қосатын өз идеясын ұсынуға мүмкіндік алады. Ал Қазақстан үшін музей саясаты «жоғарыдан беріліп» қатардағы қызметкердің еш уақытта ешнәрсе ықпал ете алмауының дәстүрлі жағдайы қалыптасқан.

Соған қарамастан көптеген шетел музейлері бір командаға бірігу жұмыс тиімділігін арттыратынын қазірдің өзінде сезінді. Жетекші музей менеджерлерінің ұсынысы бойынша табысты командалық жұмысқа қажет, барлық команда мүшелері:

  • жоба мақсаттарына қатысып, ойласуы қажет;
  • бір-бірінің шеберліктері мен дағдыларын сыйлап, мойндау;
  • экспозиция құру үшін зерттеу жүргізуге тек ғылыми білім мен шеберлік емес, коммуникацияны іске асыру дағдысын да сезіну;
  • жобаны атқару кестесі және нәтижелер мониторингі жүйесімен келісті;
  • аудитория динамик жоба басшыларына команда мүшелері білу үшін қолдағы бар шараны қарастыруы керек;
  • олардан не талап етілетінін білсін;
  • осылайша істегісі келеді;
  • қажетті мүмкіндіктер мен ресурстарды алды;
  • табыстар мен жолы болмауы туралы ақпараттануы.

2. Музей маркетингі

Маркетинг (ағылшынша marketing -нарықтағы сату және сатып алу актісі, market -нарық) өнімді барынша пайдалы өткізуге бағытталған шаралар жүйесі., әр тауарды жарнамалау, сұранысты зерттеу және қалыптастыру бойынша инфрақұрылым.

Музей жинақтарын көрсету, өз білімін жетілдіру мен қарым-қатынасқа жағдай жасау, шығармашылық және демалыс ұйымдастыру, ақпарат беру, білім беру және ағартушылық жұмысқа ұсынатын қызметтердің толық тізімі емес. Олардың бңрқатар бөлігін қажет ретінде тек музейге келушілер емес, басқа да тұтынушылар - ғылыми ұйымдар, оқу орындары, коммерциялық компаниялар, жергілікті басқару органдары, қайырымдылық қорлары т. б. төлейді.

Музей маркетингі тек анықтап, болжамдап, музей қызметін тұтынушылар қажетін қанағаттандырып қою ғана емес, бірқатар жағдайда бұл қажеттіліктерді қалыптастыруға тиімді әсер ететін, тікелей қалыптастыратын әрекет құралы.

Музей маркетингінің негізгі мақсаты келушілер санын көбейту, музей аудиториясын кеңейту, музей туралы ақпарат тарату.

Сурет-1. Маркетинг түрлері

ЕСКЕРТУ: Автормен құрылған.

Музей өз тұтынушыларына тауар ретінде не ұсына алады?

  • Экспозициялар, көрмелер, кітаптар, каталогтар, буклеттер, музей тақырыбы және полиграфиялық өнімдер, бейнефильмдер, слайдтар, басылымдар.
  • Кейбір музейлер өз жайларын жалға беру, дүкендердегі сыйлықтар мен сувенирлер негізгі табыс көзі.
  • Музейдегі кафе, кафетерийлер инфрақұрылым болып табылады.
  • Блакноттар, сөмке, музей заты немесе символикасы бар күнтізбелер жақсы жарнама.

Бұл музей кірісін толтырудың негізгі көзі болып табылады.

Сонымен қатар қазіргі кезде маркетинг бойынша мамандар музейдің бизнес жоспарын құрастыру үшін қажетті мәліметтерді береді, жекелеген музей шаралары барысында қысқа мерзімдік маркетингтік компания өткізіп, бюджеттен тыс қаржыларды тартуға қатысып және демеушілермен жұмыс істейді. Өз қызметінің кез-келген бағытында олар өз жұмысын тек қана бір принципке құрады: зерттейді - жоспарлайды - жоспарды іске асырады - нәтижелерді талдайды - қажетті түзетулер енгізеді.

Сурет-2. Музей маркетингі ресурстарының формалары.

ЕСКЕРТУ: Автормен құрылған.

Қазір Қазақстандағы музейлер алдында коммуникативті саясат саласы бойынша екі басты міндет тұр. Бір жағынан, оларға адамдар санасында музей ұсынысына қатынас ретінде қалыптасқан жалған стереотипті қирату қажет, екінші жағынан, музей қызметкерлеріне музей аудиториясына деген өз көзқарастарымен бір жақты бағалауды өзгерту керек.

Бірқатар Еуропа елдерінде өткізілген зерттеулер көрсеткендей музей қызметкерлері ішін музей аудиториясын барабар бағалау жалпы сипатқа ие болған. Мысалы, музей қызметкерлері былай деп есептейді:

  • аудитория біртекті;
  • аудитория өздерін өнерді сүюшілерміз деп есептейді;
  • аудитория динамикалы және өнерді таңдауға белсенді;
  • аудитория білімді және өнерді түсінеді;
  • аудитория өз біліміне сенімді, музей және өнерді жақсы бағдарланады;
  • аудитория музей құндылығын түсмінеді.

Бірақ шындығына келгенде бұндай ұғым дұрыс болмай шыққан, себебі көптеген жағдайда адамдардың музейге келу себебі:

  • балалары мен достарын әкелу;
  • досы немесе құрбысымен уақыт өткізу;
  • музей тыныштығына демалу;
  • «күнделікті тіршілікті ұмыту», себебі оларға музей атмосферасы ұнайды;
  • өздерін қызықтыратын жинақтар мен көрмелерді көру;
  • музеймен танысу, себебі олар - туристер.

Музей аудиторияға тікелей өз қабырғасында, әрі жарнама және паблисити (жасырын жарнама-ақпарат) арқылы ықпал ете алады. Музей жарнамасы және олар өткізетін шаралар плакаттар түрінде қоғамдық көліктерге жапсырылып, листовка қатырма қағаз, почта жіберілімдеріне тапсырмалар, газеттер мен журналдарға, радио және телевидениедегі жарнамалар. Жарнама музейге тікелей келуге көтермелеу ретінде әсер етпей, әсерді бекіту мен қалыптастыру құралы ретінде болады. Ол музей имиджін орнықтырушы ұзақ уақытты әсері, аз сәтті әрекеттен маңызды. Сондықтан жарнамадан үнемдеуге болмайды, оны бірегей музей үшін фирмалық стильде кәсіби өңдеу қажет.

Кесте-3. Музейлер үшін маркетинг концепциясы

ЕСКЕРТУ: С. Т. Мұсаева, М. К. Кукеева «Музей менеджменті және маркетингі» оқу құралынан алынған.

Қазіргі эксперттердің бақылауы бойынша Қазақстанда музей ұсынатын өнімдерді білмейтіндер үлес салмағы өте көп, осы себептен олар оның тұтынушысы бола алмайды. Сондықтан музей маркетингінде «басып алушы» деп аталатын маркетинг стратегиясына ерекше рөл берілуі тиіс. Олар потенциалды, аудиторияны ақпараттандыруға және музей ұсыныстарын жарнамалауға бағытталған.

3. Музей басшы

Басқару - бұл ұжымдағы адамдарға және жекелеген адамдарға, және жекелеген адамдарға, олардың бірлескен(еңбек) жұмыс процесінде мақсатты жүйелі ықпал ету.

Кез келген ұжымның өзіндік құрылымы болады, ал оының мүшелері өздеріне тән түрлі міндеттер атқарады. Соның ішінде ұжым жетекшісіне

басқару міндеті жүктеледі, ал ол бұл қызметін қарамағындағылардың күшімен өндірістік міндетті жүзеге асыру арқылы атқарады. Бұл өзге қызметкерлердің жұмысын жоспарлайды, дайындайды, ұйымдастырады, бақылайды және баға беріп отырады деген сөз.

Музей ұжымы үшін мына талаптар тән:

  1. Музейдің ерекшелігіне сәйкес жоғары кәсіби мамандық;
  2. Музейдегі мқоғамдық қатынас музей ерекшелігіне байланысты оның ісінің жүйелі орындалуына негізделуі тиіс;
  3. Музей жетекшісінің өмірлік жоспарлары және оны жүзеге асыру жалпылай қабылданған заңға сәйкес болуы керек;
  4. Өз қызметінде жетекші музейшілердің жеке қасиеттерін есепке алып, ұждымдағы өзара қатынастың оңынан өріс алуына қол жеткізуі тиіс;
  5. Музей жетекшісі бүкіл ұжымның ынтымақты жұмыс істеуіне арқа сүйейді.

Музей жетекшісі мына қасиеттерін үнемі жетілдіріп отыруы керек:

Біріншіден, моралдық-саяси сапалар, адамға құрметпен қарау, өз міндеті мен құқығына жауапкешілікпен қарау, жоғары моральдыұ тәртіп, заңдылықты мүлтіксіз орындау.

Екіншіден, кәсіби сапалар-музей ісінің болашағын білу, экономикалық дайындық, музей мамандығын іс жүзінде игеру, озат тәжірбиені жүйелеуге бейімділік.

Үшіншіден, ұйымдастырушылық сапалар:жұмысты жоспарлай білу, кадрларды таңдай және орналастыра білу, адамдардың көңілін аулау, оларды өз мақсаттарына жұмылдыра білу, ұжымның моралдық-психологиялық ахуалына ықпал жасау, жаңалықты жедел қабылдау.

Төрітіншіден, психофизикалық сапалар; ақыл-ой оралымдылығы (шешімнің жаңа түрлерін табуға икемділік), ой еңбегінің қай түріне болса да ат салысу, іс барысын зерттеуге комплексті қарау; дербестік, сын көзбен қарай білу жәнетереңнен ойлау, жігерлілік, сезім байлығы және айқындылығы, денсаулығының мықтылығы.

Қарамағындағылардың көзқарасына ықпал ететін басшы бойындағы кейбір сәттерге тоқтала кетейік.

  • Сыртқы түрі. Адам жөніндегі алғашқы иұғым әдетте оның сыртқы қасиетіне орай қалыптасады. Басшы ширақ, талғаммен, ұқыпты киінуі тиіс.
  • Бет жүзі мен кейіпі. Бет жүзі мен кейіпі арқылы адамдарды өзіне тартуы да, алшақтатып алуы да мүмкін. Өйткені жұрттың бәрінің бірдей бет жүзі, іс-қимылы әсем бола бермейді. Көп адам өзінің көзқарасының «суық, тікенектей» қадалатынын байқамайды. Ал ұжым тәрбиешісі әрі ұйымдастырушысы мұны жақсы білуі керек. Басшы бет жүзін бағыныштыларына қарай бұра білсе, құба-құп.
  • Тыңдай білу. Бұл адам бойындағы ең бірі тамаша қарапайым тиімді қасиеттерінің бірі. «Тыңдамау, -деп жазады Бальзак, -бұл сыпайыгершіліктің жоқтығы ғана емес, менмендіктің де белгісі. Адамдармен қарым-қатынаста көңіл бөлуден қайырымды ештеңе жоқ». Өзгелерді құрметтейтін, қандай да бір мәселені шешуде жеке басындағы артықшылықты пайдаланып, ешкімге өктемдік жасағысы келмейтін басшы қарамағындағылар тарапынан қадір-құрметке бөленеді.
  • Шешендік. Жарқын да ойлы сөйлей білудің маңызы аса зор. Онсыз ешқандай басшы қарамағындағыларға айқын кәсіби іскерлік хабарлама жасап, тәрбие бере алмайды. Музей жетекшісінің беделі көп жағдайға сөйлей білуге байланысты.

Менеджмент - әр адам ортасына тең көтерілу. Еңбекті бөлу, кәсіпорынның әртүрлі сферасын құру барлық ұйымда қажет. Әртүрлі тарихи шарттарда ол әртүрлі болады және дифференциалдығымен ерекшеленеді. Әрине басқарусыз, тәртіпсіз, ұйымшылдықсыз, ортаның бір-біріне деген қатынассыз, ешқандай ұйым болмайды.

Дүниежүзілік басқару эволюциясы, біздің заманымыздан қазіргі күнге дейін ұйымды басқаруда жаңадан әдістер пайда болды. М. Х. Месхон, М. Альберт жәнеФ. Хедоури қазіргі заман мен бұрынғы ұйымды салыстырды.

Ескі ұйым
Қазіргі заман ұйымы
Ескі ұйым: Үлкен ұйымдардың аздығы, алып ұйымдардың жоқтығы.
Қазіргі заман ұйымы: Комерциялық және комерциялық емес ұйымдардың сонымен бірге үлкен ұйымдармен төтенше қуатты ұйымдардың көптігі.
Ескі ұйым: Салыстырмалы, көп емес басқарушылар орта буындағы басқарушылардың жаттығуының аздығы.
Қазіргі заман ұйымы: Басқарушылардың көптігі, орта буындағы басқарушылардың көптігі.
Ескі ұйым: Басқарушылық жұмыс көбіне, басқармайтын қызметтен бөлінбеген.
Қазіргі заман ұйымы: Басқарушы топтың анық келбеті, басқару жұмысы басқармайтын қызметтен анық өндіріледі және бөлінеді.
Ескі ұйым: Басқару қызметін туғаннан, әлде күшіне байланысты алады.
Қазіргі заман ұйымы: Басқару қызметін білімі, заңды ұстамдылығымен алады.
Ескі ұйым: Ұйымға пайдалы шешім қабылдайтын адамдардың аздығы.
Қазіргі заман ұйымы:

Ұйымға пайдалы шешім қабылдайтын

адамдардың көптігі.

Ескі ұйым: Бұйрық пен сезімталдыққа сүйену.
Қазіргі заман ұйымы: Ұжымдық жұмысқа және рационалдылыққа сүйену.

Кесте-4. Ескі және қазіргі замандағы ұйымдар.

ЕСКЕРТУ: Автормен құрылған.

Сонымен қатар басқару ойының өркендеуіне 4 мектепке бөлді, олар: басқару ғылым мектебі, административтік мектеп, адам қарым-қатынасы мектебі және ғылым менеджменті мектебі. Осы мектептердің әрқайсысының менеджментіне деген қатынасы анықталды. Ғылым менеджмент мектебінің пайда болуын американдық инженердің Ф. В. Тейлордың атымен байланыстырды. Оның ұстанымдары төрт нұсқаға алып келеді:

  1. Ғылымның негізін жасау, ол бұрынғы салт-дәстүрді, қалыптасқан жұмыс әдістері әрі бір элементті ғылыми зерттеу. Басқаруда дәлдік керек, құрылыстағы секілді.
  2. Қызметкерлерді ғылымдық белгісіне байланысты таңдау, оларды дайындау және жүйелік оқыту.
  3. Әкімшілік пен жұмысшылар арасында жұмыста ғылыми жүйені ұйымда пайдалану мақсатында бірігуі.
  4. Еңбек және жауапкершіліктің әкімшілік пен жұмысшылар арасындағы теңдестік.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан музейлерінің дамуы
Музей түсінігі
Музейлердің қор жұмысы
Оңтүстігі қаламен шектесетін жоталы мекен
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні
Қазақстандағы комерциялық кәсіпорындардың қаржылық жағжайы мен оларды талдау
Кітапхана жарнамасының тарихи аспектілері
Шай өнімдерін сертификаттау және сапасын бағалау
ҚР кітапханалық жарнамасының мәселелелерін шешу жолдары
Музей ұғымының теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz