Тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің ұйымдастырушылық және теориялық негіздері


Жоспары:
Кіріспе . . . 3
1. Қазақстан Республикасындағы Азаматтық қорғаныс жүйелері
Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы мен ролі . . . 3
1. 1. Азаматтық қорғаныс жүйесінің мақсаттары . . . 4
1. 2. Азаматтық қорғаныс жүйесінің міндеттері . . . 4
1. 3. Азаматтық қорғаныс жүйесінің басқару ұйымдары мен құрылымдары . . . 5
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің ұйымдастырушылық және
теориялық негіздері.
Төтенше жағдай аймағындағы заңдар актілер мен ҚР ережелері.
Кіріспе
«Тіршілік қауіпсіздік негіздері» пәні - студенттерді адамның төтенше жағдай кезіндегі өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасының, шаруашылық обьектілерінін тұракты жұмыс істеу әдістерін, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен салдарын жою және осы заманғы зақымдау құралдарын ажырата білудің аса қажеттігін көрсетеді.
Оқыту мақсаты: Болашақ мамандарды теориялык білім және тәжірибелік дағдыға үйрете отырып, өмір тіршілігіне қауіпсіз және зиянсыз жағдайларын жасауды, экологиялық қауіпсіздік бойынша қазіргі заманғы талаптарға сай жаңа техника және технологиялық процестерді жобалауды, табиғи апаттардың, зілзалалардың мүмкін болатын апат салдарынан халықты және шаруашылық нысандарының өндіріс қызметшілерін, ал сондай-ақ олардың салдарын жою барысындағы қорғаныс бойынша төтенше жағдайларды болжау және сауатты шешімдер қабылдауды, еңбек қызметі мен адам демалысы аймағында қалыпты жағдай жасауды, адам мен оның өмір сүру ортасын залалды әсерлерден қорғау жөніндегі шараларды әзірлеудің жолдарын үйретуді мақсат етеді.
Оқыту міндеттері:
бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайда халықты қорғау әдістерін және зардабын жою мен құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру негізін үйрету;
өмір сүру ортасындағы адам қауіпсіздігінің теориялық негіздері білімдерін қалыптастыру;
тіршілік қауіпсіздігінің құқықтық және нормативтік техникалық негіздерін үйрету;
студенттерді жарақат алу, зақымдану, қатты ауру, өте қауіпті жұқпалы аурулар олардың айыру белгілері мен медициналық көмек көрсете білуге оқыту;
зақымдану ошақтарын сипаттауды үйрету;
қазіргі зақымдағыш құралдар мен төтенше жағдайлардың зардабын халықты қорғайтын әдістеріне сипаттама беру.
1. Қазақстан Республикасындағы Азаматтық қорғаныс жүйелері
Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы мен ролі Қарулы күштерді әлсірету үшін әр соғысушы жақ екінші жақтың ту сыртына соққы беру мақсат етеді. Мұндай соққы беру мүмкіндігі 1914-1918 жылдары ұшақтардың пайда болуына байланысты, әуеден бақылау мүмкіндігі туды. Сөйтіп қалаларға, қорғаныс шебінен тыс тылдарға әуеден соққы беріле бастады. Ал мұның өзі осы қалалардың ауадан шабуылына қарсы тұра алатындай дәрежеде болуын талап етті. Бұл жағдай әуе шабуылына қарсы қарсы тұратын әскери күштермен қатар, қираған өндіріс орындарын, тұрғын үйлерді қайта қалпына келтіруге халықтың өзін көтеру қажеттілігі туындады. Сөйтіп әуе шабуылынан қорғау үшін 1920 жылы жергілікті әуе шабуылынан қорғану жүйесі құрылды. Кеңес одағында ХӘҚЖ 1961 жылы Азаматтық қорғаныс (АҚ) - деп аталына бастады. Кеңес өкіметі 1925-1932 жылдары осы Азаматтық қорғаныс жүйесін одан әрі нығайту мақсатында бірнеше қаулылар қабылдады. Осы ХӘҚЖ - не төмендегідей міндеттер жүктелді:
әуе шабуылы туралы халыққа ескерту және қауіптің өткендігін хабарлау;
әуе шабуылының зардаптарын жою;
бомбадан не газдан, улағыш заттардан (УЗ) паналау орындарын дайындау;
зардап шеккен жан-жануарларға көмек көрсету;
қауіп төнген аудандарға қоғамдық тәртіпті сақтау шараларын жүргізу;
ХӘҚЖ үшін арнайы мамандар дайындау жұмысын жүргізу.
Арнайы курстарда, қоғамдық қорғану ұйымдарында оқытуды ұйымдастыру.
Ұлы Отан соғысы жылдарында бұл істерге жоғары маңыз беріліп, бұл күштер халықты қорғауда, шабуыл зардаптарын жоюда үлкен жұмыстар атқарды.
Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін де бұл қызмет одан ары қарай жалғастырып жетілдіре берілді.
Бұл күндері оларға жаңа міндеттер жүктелінген, құрылымы өзгерген. Халықты әуе шабуылынан, атом бомбасының қолдануынан, химиялық, бактериологиялық қарулардан қорғануға дайындау жұмыстары жүктелді. Бұл жұмысты басқаруды ұйымдастыру министрліктерге, облыстық, қалалық және аудандық әкімшіліктерге жүктелген.
1. 1Азаматтық қорғаныс жүйесінің мақсаттары
Азаматтық қорғаныстың мақсаттары:
әр қоғамдағы ең басты және бағалысы - адам. Сондықтан барлық қорғану шараларында адамдардың кауіпсіздігін ескерту - негізгі мақсат. Адамды қорғай білу - мемлекет үшін маңызды. Сондықтан халықты қорғау адамның өмірін сақтап қалу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету азаматтық қорғаныс жүйесінің негізгі жұмысы.
халықтың еңбегімен жасалған барлық байлықты сақтап қалу. АҚ ережелерінде олар сенімді түрде қорғалуы қажет деп көрсетілген.
1. 2. Азаматтық қорғаныс міндеттері:
халықты жаппай қыру құралдарының(ядролық, химиялық, бактериялық) зардаптарынан сақтап қалу;
төтенше жағдайда өндіріс орындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету;
зардапқа ұшыраған адамдарды құтқару және қалпына келтіру жұмыстарын жеделдетіп жүргізу;
апат болған, қираған жерлерде барлау жұмыстарын жүргізу;
зардап шеккен адамдарды іздестіру, құтқару, оларға қажетті көмек көрсету;
төтенше жағдайда шыққан өртпен күресу, олардың өршуіне жол бермеу;
өндірістік орындардағы апаттық көрші тұрғын объектіге зиянын келтірмеуін көздеу және қалпына келтіпу;
адамдарды және техникаларды басқа да объектілерді улы, бактериялық, химиялық заттардан санитарлық тазалықтан өткізу;
территорияны, техниканы, киімді, тамақты, улы радиактивті заттардан, бактериялардан қорғау.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz