Абай шығармашылығындағы эстетикалық көзқарас


АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЭСТЕТИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАС
Курстық жұмыс
Ғылыми жетекші:
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
1 Эстетика және Абай
- Эстетика . . . 5
1. 2 Абайдың қабылдауындығы эстетикалық ұғымдар . . . 9
1. 3 Абай Құнанбайұлының эстетикалық көзқарасы . . . 12
2 Абайдың эстетикалық көзқарасы шоқтығы биік ұлы тұғыр
2. 1 Жалпы эстетик. ұғымдар . . . 15
2. 2 Табиғат эстетикасы . . . 21
2. 3 Адамның әсемдік қасиеттері, соның ішінде әйелдің сұлулығы . . . 25
2. 4 Әдебиет эстетикасы . . . 30
Қорытынды . . . 35
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 36
КІРІСПЕ
Абайдың күллі шығармасы мен дүниетанымының өн бойында өрмектің арқауындай болып жарыса жүріп отыратын басты идея -бұл халыққа білім беру. . Абай жұрт алдына білімін салғанда, басқалар малын салған . . . «Білімнен мал болушы ма еді? - деп Абай жұрттың онысына таласқан», - деп жазуы Мұхтар Әуезовтың осы білімді адамшылық қасиеттің басы деп, сол жолға бүкіл өмірін қайратын сарп қылғандығын тануының дәлелі.
Ақынның білімді елге кеңінен таратып, надандықпен, рухани тозғандықпен күресуі оның әлеуметтік бағасы болғаны сөзсіз, бірақ, біздің ойымызша, ұлы ойшылдың тек қана ағарту ісінің шеңберімен шектелмегендігі хақ. Өйткені, ол ең алдымен, тек қана ағартушы емес, бірнеше ғасыр бойғы туған халқының дүниеге келтірген жан сүйсіндірер жақсы қасиеттерін, менталитетін, рухани болмысын, руханилықты бойына жинақтай отырып, соны ел мен жер бірлігі, тілі, кең байтак территория тұтастығы үшін пайдаланған әлемдік деңгейдегі іргелі ой иесі, ұлы ақын-философ болатын . . .
Бұндай нар тұлғаның шырармаларындағы эстетикалық көзқарасы тәрбие мен өнегеге тұнып тұр десек артық айтпағанымыз болар.
Абай алдымен ел билеген жемқор болыс-билерден, содан соң «сәлдесі дағарадай болып, құранды теріс оқыған» «аңқау елдің арамза» молдасынан, одан әрі әкім-ұлықтардан түңіледі. Енді оларға қарсы күрестің бір алуан құралы етіп, ащы тілді сықақ өлеңдерін алады. Дәл осы арадан Абайдың ақындыққа, ақындық қана емес, жалпы көркемөнерге эстетикалық көзқарасы айқын көрінеді. Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ, барды, ертегіні термек үшін, Көкірегі сезімді, тілі орамды, Жаздым үлгі жастарға бермек үшін, - деген жолдарда ақынның эстетикалық мұраты, азаматтық мақсаты жатыр. Демек, ақын басынан өткен әлгідей аянышты ауыр халдің өзі де тегіннен-тегін өтпепті. Ақын енді қайралған, шыңдалған секілді. Ендігі машық басқа сияқты. Ақын сөзі ыза мен ашуға суарылып, мысқыл мен сықаққа толып, тиген жерін тіліп түсер семсерге айналған тәрізді. Мұны ақынның өзі де аңғарғандай: Ызалы жүрек, долы қол, Улы сия, ащы тіл. He жазып кетсе, жайы сол, Жек көрсеңдер өзің біл, - деп алады да, өз ортасындағы сорлылық қылықтарға күйіне қарап, сол күйініштен туған ызалы жырың тағы да ел мұңын емдеуге төгеді. «Сатираны кексіз күлкі, жеңіл мазақ, ұсақ қылжақ деп түсінбей, масқара болған қоғамның құрысқан кегінің нажағайлы рухы деп тану», - керек екенін айтқан Белинскийге бақсақ, Абай сатирасының қоғамдық мәнінің байыбына бара түсеміз. Қара басқан, қаңғыған, Қас надан нені ұға алсын? Көкірегінде оты бар, Құлағын ойлы ер салсын!- деп, ұлы ақын «қалың еліне» бір ауық ащы ызамен соқтықса, мұның да жаттығы жоқ. Бірде осылай қатты айтса, енді бірде жуасып, жұртына жайлап қана тілек білдіреді: Жұртым-ай, шалқақтамай сөзге түсін, Ойланшы, сыртын қойып, сөздің ішін. Ыржаңдамай тыңдасаң нең кетеді, Шығарған сөз емес қой әңгіме үшін. Осы мысалдардың қай-қайсысынан болса да Абайдың эстетикалық көзқарасы айқын аңғарылады.
Тақырыптың өзектілігі. Абай Құнанбайұлының өнегемен өрнектелген шығармаларындағы эстетикалық көзқарастың құндылығы.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Абай шығармасындағы эстетикалық көзқарасты зерттеп, жан-жақты қарастыру. Бұл мақсатқа жету жолында мынандай міндеттерді іске асырамыз:
- Эстетика туралы түсінікті тұжырымдап Абай эстетикасын түсіндіру;
- Абай ұғымындағы эстетикалық ұғамдарды ғылыми тұрғыда қарастырып, шығармаларынан мысалдар келтіру;
- Абайдың эстетикалық көзқарасына тоқталып, оны тақырыпшаларға топтастыру;
Курстық жұмыстың нысаны. Абай шығармаларындағы эстетикалық көзқарасын білдіретін негізгі өлеңдер.
Курстық жұмыстың ғылымилығы. Ғылыми тұрғыда эстетикеаға, эстетикалық көзқарасқа түсініктеме беріу. Абай ұғымындағы эстетикалық тұжырымдарға түсінік және шығармашылығынан мысал келтіру. Абай эстетикалық көзқарасының жүйеленген топтарға бөліп қарастыру.
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері. Курстық жұмыстың негізгі әдіс-тәсілдері - баяндау, тұжырымдау, қажетті мәліметтерді саралау, ұғымдарды жинақтау, пікірлерді қорыту, ғылыми тұрғыда талдау, шығармаларынан мысал келтіру.
Курстық жұмыстың құрылымы . Курстық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Эстетика және Абай
- Эстетика
«Эстетика» (грек. Aisthetes - сезінуші, сезім қызметіне қатысты) - көркемдік таным теориясы; әсемдік туралы, көркем шығармашылықтың жалпы заңдары туралы, адамның болмысқа эстетикалық қатынасы туралы ғылым. Эстетика ұғымы қолданысқа сұлулық, сезім жөніндегі ғылымды белгілеу мақсатымен тұңғыш рет неміс философы 1750 жылы А. Баумгартеннің ұсынысымен енгізілген.
Эстетика өнердің өзін зерттеумен ғана шектелмейді, адамның материалдық және эстетикалық көзқарасын зерттейді. Эстетика көркем шығармашылық эстетикалық бағасын әлеуметтік, саяси бағасымен біріктіре алып қарайтын көркем сынмен тығыз байланысты[1, 7] . Дүние таным процесінде болмысты логикалық ұғым, категория, заң арқылы таныса, көркем сана дүниені нақты сезіммен түйілген образдар арқылы таниды. Қоғамдық сананың ерекше формасы болып табылатын өнер - Э-ның арнайы зерттейтін саласы. Көркемдік таным ақиқатына жету мен өнер образдарының болмысқа сай келу жайы, яғни творчеств. Әдіс проблемасы да Э. Ғылымының зерттейтін мәселесі. Э. Өнерінің өзін зерттеумен ғана шектелмейді, адамның материялдық және рухани қызметінде көркемдік болмысқа деген эстетикалық көзқарасында зерттейді[2, 463] .
Э-ның өнер тану ғылымынан айырмасы: ол өнердің барлық жанрына қатысты жалпы заңдылықтарды зерттейді (өнер мен болмыстың екі аралық заңдылықтарын, мазмұн мен форманың екі аралық заңдылықтарын, эстетикалық әсер мен творчество заңдарын) . Э. өнердің барлық түріне қатысты проблемаларды шешеді (өнердің әдіс, стиль, характер проблемаларын, көркем шыншылдық, көркемшығарманы бағалау, талғам проблемаларын т. б. ) [2, 464] .
Өнер өмір құбылыстарын шынайы бейнелей отырып, адамдардың өмір тәжірибесіне қайшы келмейді, қайта оны толықтырып байыта түседі. Сөйтіп, өнер өмірдің оқулығы секілді қызмет етеді.
Өнер адамдарды әсемдікті, сұлулықты қабылдауға ғана үйретіп қана қоймайды, сол әсемдіктің тікелей көмегімен адамдарды жаңа танымдарға, өзінше мінез қалыптастыруға жетелейді. Бұл оның эстетикалық сипаты болып табылады. Өнер арқылы болатын кез - келген толғаныс - лл эстетикалық толғаныс, оның соңы міндетті түрде эстетикалық ләззат алуға әкеліп соғады[3, 133 б] .
Эстетика ғылымының тарихы мен заңдылықтарын зерттеген белгілі ғалым Ю. Борев: «Эстетика - жалпыхалақтық байлықтардың тарихи шарттылық жайындағы мән - мағынасы туралы, олардың игерілуі, қабылдануы, сезінуі және бағалануы хақындағы ғылым. Бұл ғылым адам іс - әрекетіндегі дүниені сұлулық заңдарына сәйкес қабылдаудың жалпы қағидаларынан тұратын философиялық тұжырымдар желісінен тұрады» - деп атап көрсетеді[4, 11] .
Қазақтың Э. Ғылымы әлі жас. Ол енді ғана қанат жая бастады. Э. Проблемаларын қазақ өнеріне қатысты терең зерттеген моногр. Еңбектер әзір кем де кем. Алайда Абай поэзиясының, эпостың, фольклордың эстетикасын шет жағалап зерттей бастаушылық бар [2, 464] .
Поэзияда халық тілін қолданып, реализм әдісіне табан тіреуі ақынның халықтығының белгісі болды. Орыс әдебиетіндегі Пушкин, Гоголь мектебі де осылай басталған. Белинский өзінің «Поэзияның түр және жанрға бөлінуі», «1847 жылғы орыс әдебиетіне көзқарас», «Гогольге хат» сияқты еңбектерінде «көркемөнер - көркемөнер үшін» дейтін идеалистік эстетикаға қарсы тұрып, өмірден тыс тұрған өнер жоқ, «өнер дегеніміз шыңдықтың көрінісі» дейді[5, 151] .
Абай қазақ әдебиетіне енгізген жаңалығының бірі - осы реалистік эстетика. Алғашқыда ол реализмнен бастап, 1898 жылдары Салтыков - Щедрин ізіндегі үлкен сатирик болды. Абайдың мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы» деген өлеңдері бір кездері айтылғандай әдебиеттегі формализмнің, яғни өлеңді қалай жазудың техникасы емес, реалистік эстетиканың программалық ұраны болды. Ақын поэзияны прогреске қызмет істейтін болсын. Бұл үшін әдебиетке қаны толық реализм керек дейді. Осы мақсат жүзеге асуы үшін қаламгер де, тыңдаушы да жаңаруы тиіс.
Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы, -
Деген жерде ақын жаңа оқырман үшін күреседі.
Абай діни поэзияны, одалық өлең стилін, батырлар мен сұлу қыздарды суреттейтін, өмірдің бүгінгі міндетінен алшақ тұрған жырлардан көрі реализмді үндейді. «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы», «Аттың сыны» дейтін өлеңдерінде Абай реализм әдісімен портрет жасаудың үлгісін көрсетеді. Реализмде сын да болады. Ақын қыздың жанды келбетін шебер суреттей отырып, оның феодалдық ортаға байланысты мінез - құлқындағы кемшілігін де сынайды. Ал поэзиясы жөніндегі пікірлері реализмнің негізін салу, өзінің тұрғыластарын реализмге шақыру шарасы болды. Абай поэзиясының қоғамды өзгертуші қызметін алға қояды. Өлеңнің түрі мен ішкі мазмұн бірлігіне де айрықша мән береді.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын,
Қазақтың келістірер қай баласы, -
деген жерде соны аңғарсақ керек. Түр мен мазмұн байлығы Абайда орасан биік, классикалық дәрежеге жеткен.
Абайдың реалистік эстетикасы Белинский мен Чернышевскийлердің эстетикасына ұқсас, сабақтас. Абай өмірді тануда реалист, материалист. Ол айналадағы болмысты бірінші деп таныса, поэзия мен сананы соның айнасы деп ұғынады. Өзінің «Отыз сегізінші сөзінде» ақын «өмір - ақиқат» дейді. Демек поэзияның мақсаты да өмірді суреттеу болуға тиіс. Абай ескі дүниенің қайшылығын терең сынаған, поэзияны халық мақсатына құрал еткен терең ойлы ақын болды[5, 152] .
Ұстаз ақын қазақ халқының рухани, мәдени өмірінде үлкен орны бар салттық кәделі өлең - сауық, ырым - жоралғыларға да тоқталып, олардың эстетикалық мәндерін ашып, еске салып отырады.
Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл,
Қыз таныстыр, қызыққа жұрт ыржаңшыл.
Қынаменде, жар-жар мен беташар бар,
Өлеңсіз солар қызық болар ма гүл?
Бала туса, күзетер шалдықана,
Олар да өлең айтар шулап жана.
Бұрынғы жақсылардан өрнек қалған,
Би де, тақпақ, мақал бар, байқап қара[6, 34] .
Абай өз шығармаларындағы өлеңнің логикалық шымырлығы мен көркемдік өрнегін қатаң сақтаудың, оларды шебер үйлестіре, ұштастыра білудің ерен үлгілерін жасайды. Оның өлеңдерінде логикалық олқылық, эстетикалық кемшіліктер кездеспейді деп айтсақ, артық кетпейміз. Былайша айтсақ, оларда бұл жөнінде «кеспеге қара жоқ», тұнып тұрған үйлесім, мінсіз логикалық қисынды түзіліс орын алған.
Абайдың өзі де поэзия жаратылысы мен ойшылдыққы баулитын тәлімдік үлгі - мұратына терең үңілген.
Мақсатым - тіл ұстартып, өнер шашпақ,
Наданның көңілін қойып көзін ашпақ.
Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,
Думан - сауық ойда жоқ әуел баста - ақ[7, 21] .
Абайдың эстетикалық талабы мен талғамы биік болғандықтан творчествоны кәсіпке айналдырғандарды аямай өлтіре сынаса, ол талапты ақындардың «қиыннан қиыстыра» алмағандығына ренжиді. Бұл заңды да. Өйткені Абай қазақ халқын сөз өнеріне икем деп таниды да, қатаң талаптар қояды[8, 167] .
Казыханова Б. Р. «Эстетическая культура казахского народа» атты еңбекте Абай Құнанбайұлының эстетикалық көзқарасы туралы былай жазады: «Эстетические взгляды Абая составляют органическую часть его мировоззрения. Внимательное изучение его произведений показывает, что к анализу художественного творчества он подходил с материалистических позиций. Источником развития и сордержанием искусства он считал действительность, которая познается человеком в процессе его творческой деятельности»[9, 111 б] .
Құлтат Өмірәлиевтің «Абай афоризмі» атты кітабында «Эстетика және әдебиет» деп Абайдың эстетикалық көзқарастарын білдіретін өлеңдерін топтастырып жазған:
Әннің де естісі бар, есері бар,
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы - күйлі,
Тыңдағанда көңілдің өсері бар.
***
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол - ақынның білімсіз бейшарасы.
***
Білгенге - маржан, білмеске - арзан.
***
Жазған соң, жерде қалмас тесік моншақ
Біреуден біреу алып, елге тарар.
***
Сұлу аттың көркі - жал,
Адамзаттың көркі - мал.
Өмір сүрген кісіге
Дәулет қызық, бала бал.
***
Жақсы әнді тыңдасаң ой көзіңмен
Өмір - сәуле, көрінер судай тұнық.
***
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.
Дүние ойдан шығады,
Өзімді өзім ұмытып.
Көңілім әнді ұғады,
Жүрегім бойды жылытып.
***
Құр айқай бақырған
Құлаққа ән бе екен?
Өнерсіз шатылған
Кісіге сән бе екен?
***
Мақсатым - тіл ұстартып, өнер шашпақ,
Наданның көзін қойып, көңіл ашпақ.
Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,
Думан - сауық ойда жоқ әуел баста - ақ.
***
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ - барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
***
Өзгеге көңілім, тоярсың,
Өлеңді қайтіп қоярсың?
Оны айтқанда толғанып,
Іштегі дертті жоярсың.
***
Өзіңе сенбе, жас ойшыл,
Тіл өнері дертпен тең.
***
Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы.
***
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі
Өрнегін сендей сала алмас.
Білгенге маржан,
Білмеске арзан,
Надандар баһра ала алмас.
***
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,
Ойласаңшы бос қақпай елең - селең.
***
Ұйқтап жатқан жүректі ән оятар.
Әннің тәтті оралған мәні оятар.
***
Жүректің көзі ашылса,
Халықтың түсер сәулесі,
Іштегі кірді қашырса,
Адамның хикмет кеудесі.
***
Шырайды қайғы жасырмай,
Күлкінің ерні кезермес.
***
Ызалы күлкі - өзі де қайғы[10, 26-28 б] .
- Абайдың қабылдауындығы эстетикалық ұғымдар.
Эстетиканың өзге ғылымдардан өзгешелігін және байланысын нақты түсіну үшін оның теориялық негіздерін: ұғымдарын категорияларын - жеке - жеке талдап қарастыру керек. Жалпы дүниежүзілік деңгейде дамып қалыптасқан терминдер жұйесін тереңірек түсініп, қазақ халқының этникалық дүние танымына, ойлау өрісіне жақындату мақсатында оларды ұлы ақын, қазақ халқының кемеңгері Абайдың эстетикалық қабылдауымен, талғамымен жақындастыра, ой түйіндерін сабақтастыру керек. Өйткені сұлулық - бүкіл адамзатқа ортақ, жеке тұлғаларға өзінше құнды құбылыс, филасофиялық парадигма.
Эстетикалық қарым - қатынас, эстетикалық қабылдау, эстетикалық талғам, эстетикалық идеал, эстетикалық тұжырым, эстетикалық көзқарас сияқты элементтердің жиынтығынан тұрады. Әрқайсысы, өз мүмкіндігінше, эстетиканың қыр - сырын, мән - мағынасын ашып, талдайды[4, 24] .
Эстетикалық қабылдау - жалпы адамзаттық қасиеттердің шындығын жеке адамның рухани мәдени танымы тұрғысынан қабылдауы, сезінуі түсінуі.
Эстетикалық қабылдаудың ең асқақ көрсеткішін поэзия құрайды, ол, Гегельдің айтуынша, «ақын қиялы негізінде, автордың ішкі тебіренуі арқылы, оның оы мен сезімінен» туған «жаңа бір дербес дүние» болғандықтан тағы да ұлы ақынның өлеңдеріне жүгінейік. Әрбір шындыққа деген жекелік көзқарасты танытатын бірден - бір туынды - «Біреудің кісісі өлсе қаралы - ол». Мұнда Абай ең қарапайым да, ең күрделі құбылыстың, өлеңнің, қазақ халқының тұрмыс - тіршілігіндегі қабылдану өзгешелігіне, рухани тұрғыдан сезініп түсінуіне өз жеке пайымдауымен келеді:
Біреудің кісісі өлсе, қаралы - ол,
Қаза көрген жүрегі жаралы - ол,
Көзінің жасын тыймай жылап жүріп,
Зарланып неге әнге салады ол?
Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл,
Қыз таныстыр - қызыққа жұрт ыржаңшыл.
Қынаменде, жар-жар мен беташар бар,
Өлеңсіз солар қызық бола ма гүл?
Бала туса, күзетер шылдақана,
Олар да өлең айтар шулап жаңа.
Бұрынғы жақсылардан өрнек қалған,
Биде тақпақ, мақал бар, байқап қара.
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,
Ойласаңшы бос қақпай елең-селең [11, 92] .
Шебер суреткер жоғары пәлсапалық мәселелерді, азаматтық құндылықтарды философияның «Терістеуді теріске шығару» заңдылығына орай шешіп тұрғандай, сол арқылы барша қоршаған құбылыстарды биік эстетикалық қабылдауына жұмылдырып қойғандай.
Эстетикалық талғам - белгілі бір тарихи шарттылық пен эстетикалық қабылдауға бағдар жүйесі. Өз ойын баламалап, айтар түйінін астарлап жеткізуге шебер ақын болмысы эстетикалық қабылдаудың негізінде туындайтын бұл мәселеге де өзіндік қолтаңбасы мен, өзіндік үрдісімен жақынжайды:
Өлеңді айтпақ түгіл, ұға алмайсың,
Айтсаң да үдесінен шыға алмайсың . . . [11, 92] .
Немесе:
Қарны тоқ хасса надан ұқпас сөзді,
Сөзді ұғар көкірегі болса көзді . . . [11, 92] .
Көп топта сөзді танырлық кісі де аз - ақ,
Ондай жерде сөз айтып болма мазақ . . . [11, 94] .
Әр сөздің мағынасын зерделей үңілетін болсақ, Абайдың эстетикалық талғам хақындағы пікірінің қаншалықты мәнді де терең, ойлы да парасатты екнін аңғару қиындық тудырмас. «Көкірегінің көзі бар» адам мен ұғымсыз тыңдаушыны салыстыру арқылы ақын талғамының жоғары критерийлері мен сұлулыққа негізделген заңдылықтарын тұжырымдайды, сөйтіп, өзінің эстетикалық бағдар жүйесін меңзейді[4, 25] .
Эстетикалық идеал - шынайы өмір құбылысы мен мәдениет құбылыстың арасындағы жоғары үйлесімділік пен дамудың ең биік сатысына жету туралы көзқарасты білдіру, ол - адамның дүниені қайта құру, өнерді дамыту саласындағы еңбиік мақсаты, өлшемі және бағдаршамы.
«Идеал - шындыққа үйлесе бермейтін құбылыс, тіпті ешқашан үйлеспейді де» деп Д. С. Лихачев айтқандай, мәдениет шыңын біз тек биік көрсеткіштермен ғана өлшеуіміз керек, өйткені «заңғар таулардың шыңдарымен ғана өлшеуіміз керек, өйткені «заңғар таулардың шыңдары ғана ғасырларға бағынбайды, олар уақытқа тәуелсізболып келеді».
Адамның идеалы оның санасындағы ең сұлу, ең жетілген болмыс ретінде көрінеді. Осыған орай Абайдың шығармаларында Байқалатын «Алла мінсіз» қағидаты бойынша: «Құдай тағаланың жолы деген жол нихаятсыз болады. Оның нихаятына ешкім жетпейді. Бірақ сол жолда жүруді өзіне шарт қылып кім қадам басты, ол таза мұсылман, толық адам делінеді» - деп хиқиқат жолына түскен «толық адамның болмысын эстетикалық идеал ретінде ұсынады[4, 26 б] .
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек, - дегенАбай ойының өзекті желісі - толық адам жайлы танымы осының айғағы[12, 24 б] .
Толық адам сатысындағылар өмірін Алла тағалаға толық арнайды, ал адам сатысындағылар толық арнамайды. Олар өздеріне пайдасы болса құдайды еске алып, Оған ризалықтарын білдіреді, ал егер пайдасы болмаса Оны ұмытып, өмір қызығымен кетеді.
Сонымен, адам мен толық адамның арасындағы бірінші айырмашылық - адамдардың іс - әрекетінің мақсатында. Материалдық әрекет жасайтын адамның санасы дене деңгейінде, сондықтан ол өзін «денемін» деп санайды. Соған байланысты «менікі» - оның тәнімен байланысты отбасы, бала - шаға, мал - мүлік, халық, отан, тағы сол сияқты болып шеңбері кеңи береді. Рухани әрекеттегілердің санасы рухани деңгейде. Олар үшін «Мен» - жан, ал «менікі» Алла тағала, яғни менің Жаратқан Ием.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz