Сәкен Жүнісов «Ақан сері» атты шығармасындағы диалект сөздердің қолданысы
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
Негізгі бөлім
Қорытынды
Диалект (грек тіліндегі dialektos — әңгіме, сөз дегенді білдіреді) - жергілікті немесе әлеуметтік негіздерде бөлінген ұжымдардағы аралас-құраластық жасау құралы ретіндегі тіл ерекшелігі. Диалект – тілдің тууы мен өмір сүруінің аса маңызды формасы, ол шаруа, тұрмыстық және өндірістік қарым-қатынастар жасауының негізінде пайда болған алғашқы ұлттық тілдің ерекше белгісі. Тілдің әркелкі түрлері: онда әдеби тіл және жергілікті тіл ерекшеліктері (диалектілер), ауызекі тіл және арго (толық емес, редуцирленген – сөздік деңгейіне дейін қысқартылған тілдік жүйе) бар екендігі белгілі[1, 7 б].
Тіл этноспен бірге жаралып, бірге өмір сүреді десек, оның бастапқы белгісі өсу, даму, қарым – қатынас түсініктері осы күнгі жергілікті тіл ерекшелігі, яғни диалект деп танылып жүрген сөздердің мағынасы да сақталған. Сондықтан диалект сөздерді тек этимологиялық, семантикалық, семасиологиялық, тарихи тұрғыда ғана емес, сондай – ақ экстралингвистикалық мақсатта да қарастырып, мәдениетпен, халықтық этнографиямен жақындастыра зерттеу қажеттігі туды.
Диалектілік жүйенің пайда болуына тағы бір себеп – көрші елдің тілдік әсері, яғни ареалды қарым – қатынастың ықпалы. Оқшауланған сөйленіс өзінің негізгі диалектілік сөйленіс тобы көлемінен соншалықты алыстап кетпегенімен оған өзін қоршаған туыс, туыстық қатысы жоқ тілдер айқын әсер етеді. Бұл жөнінде диалектолог – ғалымдар Ш.Сарыбаев, О.Нақысбеков былайша түсіндіреді: «Қарақалпақ жеріндегіқазақтар қарақалпақ, өзбек, түркімен халықтарымен аралас тұрады, сондықтан олардың тілінде аталған тілдердің әсері байқалады. Осы сияқты Өзбекстан, Түркменстан, Қытай, Монғол, Ресей қазақтарының тілі де үлкен әсерге ұшыраған, дегенмен оқшауланған сөйленістер де лексиканың негізін жалпыхалықтық лексикадан алады, сондықтан диалектілік лексика шығу арасына қарай: дәстүрлі диалектілік құбылыстар, дәстүрсіз диалектілік ерекшеліктер болып көрінеді»[2, 11 б].

1) Тулегенова С.Б. Көркем шығарма тіліндегі диалектизмдер. (Филология магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның афторефараты) – Ақтөбе -2010. 21б.
2) Есенбай А.З. Сыр өңірі жазушыларының тіліндегі жергілікті қолданыстар. (Филология магистрі академиялық дәрежесін алу
үшін дайындалған диссертацияның афторефараты) – Алматы, 2008. 23 б.
3) Нұрмұқанов Х.М. Сөз және оның контекстегі қолданысы. Филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін даярланған диссертация авторефераты. – Алматы, 1994 22 – 23 б.
4) Қадырова Б.М. 1960 – 80 жылдардағы қазақ әңгімелерінің тілі. Филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін даярланған диссертация авторефераты. – Астана, 2004
5) Ғұбайдуллин С. Әбіш Кекілбаев прозасының тілі. 10.02.02. Филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін даярланған диссертация авторефераты. – Алматы, 1995.
6) Нақысбеков О. Қазақ тілінің оңтүстік говорлар тобы атты ғылыми баяндама. Алматы, 1994. -76 б
7) Жүсіпова Б. Түркістан тұрғындары тілінің ерекшеліктері. Автореф. Алматы, 2003. -26 б.
8) Мұхамбетов Жомарт Ибатоллаұлы. Көркем мәтіндердегі диалектизмдердің этномәдени мәні Филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін даярланған диссертация авторефераты. – Алматы, 2007. 25 бет.
9) Атабаева М.С. Қазақ тіліндегі диалектілік лексиканың этнолингвистикалық негізі. Автореф. Алматы, 2006. -40 б
10) Өтебеков Балтакесті. Ауған, Иран қазақтарының тілінденгі жергілікті ерекшеліктері. афторефераты Алматы, 1998
11) Тілепин Б. Қой-ешкі атаулары мен тіркесімдерінің этнолингвистикалық сипаты: ф.ғ.к....дисс.: 10.02.02.– Алматы, 1997. – 138 бет.
12) Есенова Қырмызы Есеновна.Ә.Кекілбаев шығармаларындағы жергіліктіатаулардың лингвомәдени сипаты. - Алматы, 2009.
13) Нұрдәулетова Б.І. XVIII-XIX ғасырлардағы Маңғыстау ақын-жырауларының тілдік ерекшеліктері. Автореф. Алматы, 2000. -26 б

Сәкен Жүнісов Ақан сері атты шығармасындағы диалект сөздердің қолданысы

Диалект (грек тіліндегі dialektos -- әңгіме, сөз дегенді білдіреді) - жергілікті немесе әлеуметтік негіздерде бөлінген ұжымдардағы аралас-құраластық жасау құралы ретіндегі тіл ерекшелігі. Диалект - тілдің тууы мен өмір сүруінің аса маңызды формасы, ол шаруа, тұрмыстық және өндірістік қарым-қатынастар жасауының негізінде пайда болған алғашқы ұлттық тілдің ерекше белгісі. Тілдің әркелкі түрлері: онда әдеби тіл және жергілікті тіл ерекшеліктері (диалектілер), ауызекі тіл және арго (толық емес, редуцирленген - сөздік деңгейіне дейін қысқартылған тілдік жүйе) бар екендігі белгілі[1, 7 б].
Тіл этноспен бірге жаралып, бірге өмір сүреді десек, оның бастапқы белгісі өсу, даму, қарым - қатынас түсініктері осы күнгі жергілікті тіл ерекшелігі, яғни диалект деп танылып жүрген сөздердің мағынасы да сақталған. Сондықтан диалект сөздерді тек этимологиялық, семантикалық, семасиологиялық, тарихи тұрғыда ғана емес, сондай - ақ экстралингвистикалық мақсатта да қарастырып, мәдениетпен, халықтық этнографиямен жақындастыра зерттеу қажеттігі туды.
Диалектілік жүйенің пайда болуына тағы бір себеп - көрші елдің тілдік әсері, яғни ареалды қарым - қатынастың ықпалы. Оқшауланған сөйленіс өзінің негізгі диалектілік сөйленіс тобы көлемінен соншалықты алыстап кетпегенімен оған өзін қоршаған туыс, туыстық қатысы жоқ тілдер айқын әсер етеді. Бұл жөнінде диалектолог - ғалымдар Ш.Сарыбаев, О.Нақысбеков былайша түсіндіреді: Қарақалпақ жеріндегіқазақтар қарақалпақ, өзбек, түркімен халықтарымен аралас тұрады, сондықтан олардың тілінде аталған тілдердің әсері байқалады. Осы сияқты Өзбекстан, Түркменстан, Қытай, Монғол, Ресей қазақтарының тілі де үлкен әсерге ұшыраған, дегенмен оқшауланған сөйленістер де лексиканың негізін жалпыхалықтық лексикадан алады, сондықтан диалектілік лексика шығу арасына қарай: дәстүрлі диалектілік құбылыстар, дәстүрсіз диалектілік ерекшеліктер болып көрінеді[2, 11 б].
Диалектизмдер. Бұлар белгілі бір аймақ тұрғындары үшін атқаратын қызметіне қоса, әдеби тіл үшін де, әдебиет тілі үшін де қажет қазына.
Алайда жергілікті ерекшелігі бар сөздерді жинау мақсатында ұйымдастырылған алғашқы экспедициямыз 1937 жылы сапарға шыққанымен, осыншама ұзақ уақыт бойы Қарағанды, Жезқазған облыстары сияқты көлемді аймақ тұрғындарының тіл ерекшелігін айқындау нашар зеттелді, зерттеле бастады - мен созбұйдаға салынып келеді. Бұл өлкенің қолдануында жалпыға беймәлім, көптің талғамына түскендей талай сөздің болғаны, олардың кейбірінің қазір ұмытыла бастағаны - шындық. Бұған жергілікті ақын Ғ.Игенсаровтың кезінде: Өзіміз өскен ортада өзгеден артықсып кеудесін көтеріп жүретін адамды ади деуші еді. Осы ади секілді асабалы деген сөз де мұп - мұқилас ескерусіз қалды. Сөзін қаншама айтып күпінгенімен, оған еш шама шарқы жетпейтін адамға Әліңе қарамай, асабалы сөйлеу неңді алған дейтін мәтел де болушы еді. Тек бұл екеуі ғана емес, әуезе, дәніқұжыр, нәубез, ұдасқал тағы басқа осы сияқты көптеген сөздер қырқыншы жылдардан бергі баспасөз бетінде өте сирек қолданылып келе жатыр. Дәніқұжыр орыстың рациональное зерно деген сөзінің баламасына жақсы келетін сияқты, - деп жазғаны дәлел.
Тіл мәселесі туралы көбірек толданыс, ізденісте жүретін ақынымыз М.Әлімбаев кейінгі бір жиында: Наныңыздар, менің ауылымда да талай қызық сөз бар, бірақ мен соларды әдеби нормаға қайшы болғандықтан шығарма қоспаймын. Әркім - өз ортасының, әуелінде өз ауылының төл баласы, кішкентайыңнан құлағыңа сіңген сөз саған ең дұрысы, ең ассылы боп сезілуі даусыз. Олай болса, біз өзімшілдікке тұтқын боп, бір ауылдың намысын жарытпай, қауымның мүддесін ойлауымыз керек, - деп әділін айтады. Бұның, шынында, жай тілек, ескертпе не ұран емес, әрі шешім, әрі кесім екені талассыз[3, 23 б].
Көркем сөз шеберлері өзіне керекті материалдарды халық өмірінен, халық тілінен алып пайдаланатындықтан онда жалпыға ортақ біртұтас әдеби тілмен қатар диалектизмдер мен қарапайым сөздер сияқты сөйлеу тілінің элементі кездесетіні белгілі. Диалектизмдер сирек қолданатын С.Мұратбеков болса, жиі қолданған - О.Бөкей. Оралхан өзі қолданған көпшілікке таныс емес сөздерге қосымша анықтама бере кетеді немесе контекст арқылы қандай мағына білдіретіні түсінікті болып отырады. Жазушы әрдайым стильдік жүк арқалаған сөзді таныстырып жұмсау мақсатын ұмыт қалдырмайды. Әспенсу, аңқиттау, әнейі, шербек, желемңк, най, сұламалау, сымбыл, берсін - берсін, қапалақ - қапалақ т.б. сөздер мағыналық жақтан түсінікті жұмсалған.
Д.Исабеков ерекшелігі диалектілік сипаттағы кәсіби сөздерді өнімді қолдануда көрінеді. Жазушының бау - бақша егісімен айналысатын оңтүстік аймақтардағы тұрғындардың тілінде қолданылатын әр түрлі атауларды (торлама, басыпалды, кемпірқауын, құлақ арық т.б.) орнымен пайдалануы - әдеби тіл лексикасын қажетті кәсіби сөздермен байыту, жалпыхалықтық қолданыс дәрежесіне көтеру[4, 9 б].
Көркем туындыда диалектизмдерді қолданбауға болатыны, ал мақсатты пайдалануға кінә арту ағаттығы қазір дау тудырмас қиқатқа айналып келеді. М.Әуезовтің, академик Ә.Қайдаровтың, профессорлар С.Аманжоловтың, Ш.Сарыбаев пен О.Нақысыбековтың және басқа да ғалымдардың пікірлері бір арнаға саяды. Ә.Кекілбаев прозалық шығармаларында 60 - тан астам жергілікті тілдік ерекшеліктері кездесіп, олар тілдік қабаттарды фонетика, лексика, грамматика түгел қамтиды, дегенмен олардың басым көпшілігі лексикалық ерекшеліктер 38 алады. Олар негізінен Маңғыстау говорына тән ерекшеліктер. Жазушы бұл диалектизмдерді көбіне сөздің колоритін сақтау үшін, ал қайсыбірінің мысалы; дөңмент, тұран, шанащ, мөтей, көрт, ұшалау, алаша т.б. әдеби тілде ұтымды баламасы болмаған соң пайдалатыны байқалады. Автордың бірқатар диалектизмдерді қолдануға жиі жүгінуі жәреуке, аңылжыған, ызғандай, салқам т.б. семантикалық дифференция мақсатын көздеуден туған деп есептеуге болады. 60 - тан астам диалектизмнің оның кейіпкер аузына, қалғандарын, негізінен ортақ төл сөзге салуы жазушының диалектизмдерді қолдану принциптерінен көп ауытқи қоймағанын көрсетеді[5, 8 б].
Қазақ тіл білімінде тіл ерекшелігін зерттеу, экспедицияға шығып материал жию осы оңтүстікте орналасқан аудандардан басталды. С.Аманжолов 1934 жылы КазПИ-де сабақ беріп жүріп, Қазақстанның түпкір-түпкірінен келген студенттердің сөйлеу тіліндегі айырмашылықтарға назар аударады. І.Кеңесбаев басқарған алғашқы диалектологиялық экспедиция 1937 жылы Алматы облысының Кеген, Нарынқол аудандарына ұйымдастырылады. Оңтүстік аудандарына ұйымдастырылған диалектологиялық және эпиграфиялық экспедицияларға Ж.Досқараев, Ғ.Мұсабаев, Ш.Сарыбаев, Ә.Нұрмағамбетов, С.Омарбеков, Ғ.Қалиев, Ә.Қайдаров, Ж.Болатов, Ә.Құрышжанов, Ә.Бөрібаев, Т.Жанұзақов, Ә.Әбдірахманов, Ә.Болғанбаев, Т.Айдаров, Ш.Бектұров, Қ.Айтазин, Е.Қойшыбаев, А.Махмұтов, М.Нүсіпов т.б ғалымдар қатысып материал жинады[6, 7-8 б].
Жиналған материалдар негізінде алғашқы мақалалар да жарық көре бастады. Олар Ж.Досқараев (Краткий очерк о южном диалекте, 1946), Ж.Досқараев пен С.Аманжоловтың (Об основных проблемах казахской диалектологии, 1948), және Жетісу халқының ауыз екі тіліндегі қолданылып жүрген аффрикат ч, ж дыбыстары туралы М.Нусіповтің мақалалары. Бұдан кейінгі жылдары Ж.Досқараевтың жоғарыда келтірілген мақаласынан соң Арыс говорының лексикалық ерекшеліктеріне, сөз тұлғаларына, сөз тіркестеріне, оңтүстік өңірдегі тұрғындар тіліндегі кейбір дыбыстық ерекшеліктерге арналған және құрама говоры туралы бірнеше мақалалар баспа бетінде жарық көрді. Ұзынағаш экспедициясы туралы Ж.Болатовтың, Жамбыл облысы Жамбыл ауданындағы жергілікті ерекшеліктер жайындағы Ә.Нұрмағамбетовтың, Нарынқол, Кеген тұрғындары тілі жөніндегі Құрышжановтың, Еңбекшіқазақ тұрғындарының тілі туралы Х.Кәрімовтың, жергілікті ерекшеліктерге байланысты кісі аттары жайындағы Т.Жанұзақовтың оңтүстік қазақтары тіліндегі кейбір ерекшеліктер жөнінде Ә.Ибатовтың, Қызылорда говоры жөніндегі Ш.Бектұровтың және Шу бойы қазақтары тілінің лексикалық, фонетикалық ерекшеліктері жайлы мақалалар жарияланды[6, 9 б].
1 тарау. Фонетикалық ерекшеліктер.
1.Дауысты дыбыстарға байланысты ерекшеліктер:
аә абыройлы - әбүйірлі, абыржу - әбіржу, айту - әйту, асыл -әсіл,залым-зәлім, бата -бәта, ащы -әші, қария -кәрия т.б.
аы томаға - томыға, тура - тұру, тасырлау - тысырлау, тырма - тарма, аңқылдақ - аңқалдақ т.б.
еә, еа дереу - дәрәу, диірмен - диірмән, лезде - ләздә, теберік - тәбәрік; айламен - айламан, бекер - бекар, дария - дарие, керней - кернай т.б.
ұо, оұ ұқсау - оқсау, тұспалдау - тоспалдау, ояну - ұяну, домалату - дұмалату, сұрау - сорау т.б.
ұы бұзау - бызау, бұлақ - былақ, жұлу - жылу, тұмақ - тымақ т.б.
2.Дауыссыз дыбыстарға байланысты ерекшеліктер:
бп байғазы - пайғазы, байпақ - пайпақ, бал - пал, бата - пәте, бейнет - пейнет, бөпе - пөпе, болат - полат т.б.
сш қыстау - қыштау, қысқыш - қышқаш, ұқсау - ұқшау, самал - шамал, сері - шері, сорпа - шорпа т.б.
жй Бұл құбылыс, негізінен, бір сөз ішінде мес, екі сөз арасында кездесетін өзгешелік. Қай, ол, бұл, сол, мына, тәрізді есімдіктерден соң жақ, жер сөздері келгенде және бара, келе, әкеле етістіктермен тіркескен жатыр көмекші етістігінің басындағы ж дауыссызы й-ге алмасады: бүйер бұл жер, сойерсөйер сол жер, ойер өйер ол жер, анайер ана жер т.б.
дл Әдеби тілдегі д айтылатын бәраз сөздерде л- дауыссызы қолданылады: алал-адал, аңлау-аңдау, асалал-асадал, маңлай-маңдай, молла-молда т.б.
қғ, кг. Түркістан сөйленісіндегі ерекшеліктердің бірі әдеби тілдегі к,қ дауыссыздары орнына ұяң ғ,г-лердің жұмсалуы: ғұю-құю, ғыш-қыш, ғай жыл-қай жыл, неғыласын-не қыласын[7, 7-10 б].
2 тарау. Лексикалық ерекшеліктер.
1. Үй-жай, қора-қопсы, бау-шарбаққа байланысты сөздер;
2. Көрпе-төсек, киім-кешекке байланысты сөздер;
3. Ыдыс-аяққа байланысты сөздер;
4. Тағам атауларына байланысты сөздер;
5. Құрал-сайман, тағы басқа зат атауларына байланысты сөздер;
6. Арба-шана, ер-тұрман атауларына байланысты сөздер;
7. Туыстық атауларға, адам ауруларына байланысты сөздер;
8. Әдет-ғұрып, ойын, ем-домға байланысты сөздер;
9. Табиғат құбылыстарына байланысты сөздер;
10. Өсімдік атауларына байланысты сөздер;
11. Аң, құс, құрт-құмырсқа атауларына байланысты сөздер;
12. Мал шаруашылығына байланысты сөздер;
13. Кәсіби сөздер;
14. Дерексіз ұғымды білдіретін сөздер;
15. Сындық және сапалық қасиетті білдіретін сөздер;
16. Іс-әрекетті, қимылды білдіретін сөздер.
2-ші тармағы:
1. Омонимдер;
2. Синонимдер;
3. Сәйкесті, сәйкессіз диалектизмдер;
4. Тектес тілдерден енген сөздер;
5. Араб-парсы тілдерінен енген сөздер;
6. Орыс тілінен енген сөздер;
7. Тұрақты сөз тіркестері.
Түркістанның басқа сөйленістерден айрмашылығын көрсету үшін диссертацияда Жетісу, Шу, Қызылорда сөйленістерімен, Шығыс, Орталық-Солтүстік және Батыс сөйленістер тобымен салыстырулар берілді. Мәселен:
Түркістан
Батыс сөйленістер тобы
Орталық-Солтүстік сөйленістер тобы
Әдеби тілдегі баламасы немесе мағынасы
Қара үй
Ағаш үй, терме үй
Кигіз үй
Киіз үй
Жер там
Жертөбе,жертөле,күме, қорапа, төле
Землянке
Жер үй
Бастырма
Сәндіре,әуестік, пірнәбес
Бірбеткей,көлеңке, лапас
Жан-жағы ашық, төбесі жабық көлеңке
Қамыр
Іңкәл, кісе нан, қайыс нан
Нан, жұқа нан, құлақ нан
Етке салатын нан
Паруаз
Қабырға ағаш, жан ағаш, сүйен, сайғау
Салма, уық, сырғауыл, шырыш, шырша
Белағаш үстіне көлденең салынатын ағаштар
3 тарау. Грамматикалық ерекшеліктер.
+ Жұрнақтарға байланысты ерекшеліктер;
+ Есім тудыратын қосымшалар;
+ Жалғауларға байланысты өзгешеліктер[7, 10-24 б].
Тіл ұлттық мәдениеттің бір бөлігі ретінде халықтың ұлттық болмысын танытатыны, қоғамда болып жатқан құбылыстар, өзгерістер тілде үнемі ізін, таңбасын қалдырып отыратындықтан, тарихпен, этнографиямен тығыз байланыста зерттеуді қажет етеді, сол мұраны ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші тілдің кумулятивтік қызметі туралы академик Ә.Қайдар, Е.Жанпейісов, Ж.Манкеева т.б. ғалымдардың зерттеулерінде жан-жақты қарастырылды.
Соның нәтижесінде тіл мен мәдениетті өзара байланыста, сабақтастықта зерттегенде ғана зерттеулер оң нәтижесін беріп, тілдің көпқырлы қызметі ашыла түсетіні анықталып отыр. Осы сабақтастықтың белгілі бір аймаққа қатысты тілдік көріністері қандай екенін көрсету бұл мәселені толықтыра түспек. Осыған орай біз жоғарыда атап көрсеткендей, оның көркем мәтіндегі бейнеленуін талдауға назар аударып отырмыз. Сондықтан "Диалектизмдердің көркем мәтіндегі қолданысы" деп аталатын бөлімде көркем әдебиет стилінің басқа стильдерден ерекшелігіне сәйкес онда диалектілердің қолданылу сипаты, мақсаты, қызметі туралы сөз болады.
Прозалық шығармаларда диалектілік ерекшеліктер негізінен кейіпкерлердің тілінде қолданылады. Сонымен қатар кейде автор сөзінде қолданылуы да орын алып отырады. Жазушылар диалектілік ерекшеліктерді көбінесе жергілікті тұрғындарды сипаттауда, халық тұрмысын шынайы көрсету, белгілі бір аймаққа тән материалдық және рухани мәдениет ерекшеліктерін беру, халықтың болмысын, рухын шынайы түрде бейнелеу мақсатында қолданады. Жергілікті ерекшеліктердің лирикалық поэзияда қолданылуы мен прозалық шығармаларда қолданылуының өзіндік ерекшеліктері бар.
Прозалық шығармалармен салыстырғанда, лирикалық шығармаларда диалектілік ерекшеліктер әлдеқайда аз қолданылады, оның үстіне онда негізінен лексикалық ерекшеліктер ғана қолданылады да, фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктер мейлінше аз кездеседі. Бұл ақындардың жергілікті тұрғындардың тіліндегі фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктерді көрсету емес, ойын нақты беру, қысқа да түсінікті етіп жеткізу мақсатынан туындаған.
Көркем мәтіндердегі жергілікті сипаттағы лексикалық ерекшеліктерді өз ішінен бірнеше топқа жіктеуге болады:
- нақты лексикалық ерекшеліктер - әдеби тілде баламасы, синонимі бар сөздер;
- семантикалық ерекшеліктер - белгілі бір тұрғындардың тілінде жалпыхалықтық қолданыстан бөлек мағынасы бар сөздер;
- этнографиялық ерекшеліктер - белгілі бір аймаққа ғана тән, басқа жерлерде қолданылмайтын немесе олардан түбегейлі ерекшеленетін заттар мен құбылыстардың аттары. Мұндай этнографизмдердің жалпыхалықтық тілде баламасы болмайтындықтан, оларды сипаттама түрінде ғана беруге болады;
- фразеологиялық ерекшеліктер - белгілі бір аймаққа ғана тән, сол жерде ғана түсінікті болатын тұрақты сөз тіркестері.
Жергілікті ерекшеліктер жалпы көпшілікке бірдей таныс болмайтындықтан, олардың көркем әдебиеттегі қолданылуы көп талас тудырған мәселелердің бірі болып келді. Ол, ең алдымен, шығарманың тақырыбына, мазмұнына, суреттелетін оқиғаларға, автордың мақсатына, эстетикалық идеалы мен шеберлігіне байланысты. Көркем шығармадағы диалектизмдердің қолданысы туралы С.Б.Кураш былай дейді: "В художественной речи диалектизмы выполняют важные стилистические функции: помогают передать местный колорит, особенности речи героев, наконец, диалектная лексика может быть источником речевой экспрессии". Жергілікті ерекшеліктерді жазушы цитата түрінде қолданып, контексте басқа стильдің элементі ретінде пайдалануы мүмкін. Сонымен қатар әдеби тіл нормаларына жауап бере алатын басқа сөздер сияқты, солармен тең қолдануы мүмкін. Жергілікті тіл ерекшеліктерінің эстетикалық мәні контекстегі қолданысы мен ішкі уәжділігі негізінде айқындалады. Шығармада жергілікті тіл ерекшеліктерінің қолданылуы белгілі бір аймақтың колоритін, шығарманың шынайылығын бере бермейді. Әдеби тілде жергілікті ерекшеліктерді шамадан тыс қолдану да шығарманың тілін шұбарландырып, түсініксіз етеді.
Батыс өңіріндегі тұрғындардың тілінде ноғай, түркімен, қарақалпақ тілдерінің әсері, әсіресе, лексикалық ерекшеліктерде мол орын алған. Жоғарыда көрсеткеніміздей, Ә.Нұрмағамбетов қазақ халқының қалыптасуында Ноғай ордасының орны ерекше болғанын айта келіп, ноғай тілінің әсерін адстрат ретінде қарамай, ежелден келе жатқан ру, тайпа тілінің қалдығы және өзіндік диалектизм деп.
Батыс өңіріндегі ақын-жазушылардың, жыраулардың тілінен орта азиялық түркі жазба әдеби тілінің әсері де байқалады.
18-19 ғасырлардағы Маңғыстау ақын-жырауларының тілін арнайы зерттеген ғалым Б.Нұрдәулетова бұл өңірдегі ақын-жыраулар мұсылманша сауатты болуына байланысты түркі жазба әдеби тілдерінің әсері ерекше болғанын айта келіп: "Осы өлкенің ауызша поэзиясында орталық түркі жазба әдебиетінің ерекше тілдік дәстүрінің қалыптасуына тағы бір себеп - ғасырлар бойы қарақалпақ, түркімен халықтарымен іргелес отырып, мәдени, әдеби байланыста болуы. Қарақалпақ қосуқшылары, түркімен шайырлары, маңғыстаулық жыршылар өмірде де, өнерде де іргелес жүріп, бір-бірінен үйренген, қатар жырлаған. Ал бұл халықтардың көркем әдеби тілі орта азиялық түркі жазба әдеби тілінің негізінде өркен жайғаны белгілі", - дейді[8, 7 - 10 б].
Батыс Қазақстан өңіріне тән материалдық мәдениетке қатысты этнодиалектизмдер" деп аталатын екінші тарауда осы өңірдегі материалдық мәдениет атаулары мағыналық топтарына қарай жіктеліп, әр топтың арнайы өзіндік ерекшеліктері, оның пайда болуына түрткі болған тілдік алғышарттармен қатар экстралингвистикалық жағдайлар туралы сөз болады.
Батыс Қазақстан өңіріне тән материалдық мәдениетке қатысты этнодиалектизмдер былайша топтастырылды:
- үй-жай атауларындағы диалектизмдер;
- ыдыс-аяқ атауларындағы диалектизмдер;
- киім-кешек атауларындағы диалектизмдер;
- дене мүшелерінің атауларындағы диалектизмдер;
- тағам атауларындағы диалектизмдер;
- құрал-жабдық атауларындағы диалектизмдер;
- жануарлар атауындағы диалектизмдер;
- жер бедері атауларындағы диалектизмдер;
- өсімдік атауларындағы диалектизмдер.
Батыс өңіріне тән диалектизмдердегі үй-жай атауларындағы этнодиалектизмдерге тұрғындардың баспана атаулары мен архитектурасына қатысты мәдени-танымдық ақпарат беретін лингвокультуремалары жатады. Мәселен:
Бұл бағытымен төрт қанат жаман шатпаның төрінде ала қағаз қыстырылмаған уық қалдырар түрі жоқ (Ә.Кекілбаев, Құс қанаты. 24-б.).
Қос жолым үйді жасырған Қамшысайдың арқа жақ құлай берісі: "Қапия мен Тақаттың" жайлауы - "Құр тоғай" деп аталады (Қ. Сланов, Дөң асқан).
Жолым үй сөзінің мағынасы "Қазақ тілінің сөздігінде": керегесіз, уыққа киіз жауып, уақытша тігілген шошақ жаппа, - деп берілген. Аталған сөз В.Радловта - "дорожная кибитка", А.Старчевскийдің "Спутник русского человека в Средней Азии" атты еңбегінде "дорожный шатер, войлочная палатка (из одного войлока)", - деп сипатталған. "Қазақша-орысша сөздікте": "лачужка, в роде кибитки, у которой унины прямые и верх остроконечный" деп түсіндірілген. Диалектолог-ғалым Ә.Нұрмағамбетовтың "Қазақ говорларындағы кейбір лексикалық ерекшеліктерінің пайда болу жолы мен этимологиясы" атты мақаласында: "Біздің ойымызша "жолым үй" алғашқы түлғасын кейін өзгерте отырып екі мағынаға ие болуы да мүмкін. "Жолым үй", "жолма үй" тұлғасында көрінгенде шалаш, балаған мағынасын беретін болған да, ал өзінің алғашқы - жолым үй күйінде - киіз үйдің кішкене түрін білдіретін болған шығар", - десе, "Жергілікті тіл ерекшеліктерінің төркіні" атты еңбегінде "жолым үй"-ге мағынасы да, тұлғасы да ұқсас жолом (жаба салма үй) сөзін байланыстыра келіп, ол сөз монғол тілінен енген "күрке" мағынасында қолданылатынын айтады .
Маңғыстау киіз үйлерінің жергілікті табиғат жағдайына сай көшіп қонуға ыңғайлы, ықшамдығы жағынан ешбір көшпелі елдің асып түспегенін әр кездегі зерттеушілер атап кеткен. Маңғыстаулықтардың көшпелі өміріне байланысты олардың көш-жөнекей тігетін кішкене киіз үйлері - "адайдың жолма" үйі деп аталған[8, 10 - 12 б] .
Батыс өңіріне тән киім-кешек атауларындағы диалектизмдер.
Түніменен "соқыр теке" деп жүргенде, құжантық ілінбес шарқатыңа (Қ.Сланов, Дөң асқан. 17-б.).
Қара кемпір арқасындағы ішіне түйе жүн салып сырыған пүліш жадағайын баласының аяқ жағында бір уыс боп бүрісіп жатқан келінінің иығына жапты (Ә.Кекілбаев, Құс қанаты. 51-б.).
Ишшеке-ай! Көйлекшең шыққаны несі?! Иығына жадағайын іліп шықса қайтеді екен? (Ә.Кекілбаев, Ең бақытты күн. 36-б.).
Ашық омырау, қынама бел қара мауыт бешпет, шашақты тақия ауыл арасының қазағы емесін танытады (Ә.Кекілбаев, Аш бөрі. 22-б.).
Қыз жамылышын иығына жеңіл іле салып үйіне қайтпақ ниет білдірді (Қ.Сланов, Замандастар. 217-б.).
"Парсыша - қазақша түсіндірме сөздікте" шарқат сөзі - бас орамал, жаулық деп түсіндірілген. Н.Ильминский сөздігінде шарқат сөзі үлкен "қызыл шәлі" деп сипатталады. Ә.Нұрмағамбетов шарқат сөзі шор - "төрт", қат - "жақ", "бүйір" мағынасында жұмсалатын екі түбірден біріккенін айта келіп, қазақ тіліндегі мағынасын "төрт жақты, төрт бүйірлі" деп түсіндіреді. Яғни заттың формасы атауға негіз болған деп санайды.
Кәзекей кәжекей сөзінің түп-төркіні туралы Ә.Нұрмағамбетов былай дейді: "Сөз төркінін монғол тілі дерегіне сүйене отырып табуға болатын тәрізді. Монғол: қамзол - ханта аз, ал бешпент - хасаг ханта аз, хасагдах - қысқару, ықшамдалу. Осы деректерге табан тіреп, мына жорамалдарға келуге мүмкіндік бар: Біріншіден, "хасаг" сөзі "қысқа" мағынасын берсе, ол "хантаза" тұлғасымен тіркесіп (хасаг хантаз) - қысқа камзол дегенді білдіреді. Сөз тіркесінен құралған киім атауы монғол тілінен түркілерге өткеннен кейін бері келе тіркестің соңғы сыңары түсіріліп, алғашқысының өзі-ақ қамзолдың түрін (қысқа түрін) білдіретін дәрежеге жеткен болу керек. Оған -ей жұрнақтарының көмегі де әсер етуі мүмкін: хасап ханатазхасақ кәсәккәзек+ейкәзекей. Бұл тіркестің екінші бір өзгеру жолы мынадай да болуы ықтимал: хасаг ханта аз хасаг хан (тааз) хасаг хан хаса (г) ханхаса+хан қазақан кәзәкәккәзеке (н) й кәзәкей. "Хасаг Ханта аз" тіркесінің өзгеру жолының соңғы варианты ойға қонымды, шындыққа жақын көрінеді[8, 12 - 14 б].
"Батыс Қазақстан өңіріне тән рухани мәдениетке қатысты диалектизмдер" деп аталатын үшінші тарауда туыстық атауларына, жас, жыныс ерекшелігіне, гендер категориясына қатысты этнодиалектизмдер, кәсіп-шаруашылыққа қатысты этнодиалектизм-дер, малшаруашылығына, ауруды емдеуге қатысты этнодиалектизм-дер, ойын-сауық, тұрмыс-салт, әдет-ғұрып атаулары қатысты этнодиалектизмдер, ұзындық өлшемдерінің атауларына қатысты этнодиалектизмдер туралы сөз болады[8, 19 б].
Атабаева Мереке Сатылғанқызы филология ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның Қазақ тіліндегі диалектілік лексиканың этнолингвистикалық негізі атты авторефераты.
Зерттеудің Диалектілік лексиканы этнолингвистикалық тұрғыда зерттеудің бағыттары мен теориялық негізі деп аталатын бірінші бөлімінде тіл ғылымында этнолингвистикалық ой-тұжырымдардың пайда болу себептері мен зерттеу көздері, оның қазақ тіл ғылымындағы бағыты, диалектілік лексиканың этнолингвистикалық зерттеу нысыны болуының дәлелі, этнодиалектизмге тән белгілер айқындалып, этнодиалектизмдердің шығу негізіне шолу жасалады.
Диалектілік лексика - халық тілінің этнолингвистикалық бояулы деректері мол сақталған саласы. Ә.Қайдар этнолингвистиканың диалектологиямен сабақтастығын оның зерттеу мақсатымен байланыстырады, ол - этносқа қатысты тіл қорының қойнау-қойнауларын тінте қарап, тірнектеп жинап, түгел қамту. Ал диалектология әдеби тілдің сыртында жатқан, сонау тайпа тілінен бастау алып, жергілікті тұрғындар қолданысында сақталып келе жатқан көне де байырғы сөздерді, көрші халықтар тіліен әр кезде қабылдаған ауыс-түйістерді, жергілікті кәсіпшілікке байланысты ұғым-түсініктерді жинақтап, түсіндіру арқылы этнолингвистиканың бастау алар бұлақтарының бірі болып саналады[9, 9-10 б].
Этнолингвистикалық зерттеу - тіл байлығының этнос болмысының мәдени, рухани дүниесін бейнелейтін мағлұматы бар сөздерін талдап зерделеп түсіндіру деген сөз, осы күні көпшілікке түсінікті бола бермейтін сөздердің арғы қабатында олардың пайда болуы, этнос тұрмыс-тіршілігіне қатысты деректер жинақталған: мысалы, жағылан (сандық), қылы (әйнек, терезенің шынысы), ішін үгіп алу (сырын айтқызу), тайға да, танаға да жету (көп, бәріне жететін),қамары ашу (жаны ашу), кірбің айналу (қауіпті жағдай туу) сияқты атаулар мен тұрақты тіркестердің мағыналарын сол жердің тұрғындары болмаса, басқа жұрт біле бермейді,тіпті,олардың өздері де атаудың қандай ұғымға қатысты екенін білгенімен, оның пайда болу себебін біле бермеуі мүмкін, сондықтан Ә.Қайдар әр алуан лексикалық бірліктердің екінші деңгейдегі мағыналарын шартты түрде этнолингвистикалық мағыналар деп атадық, -дейді[9, 11 б].
Туыстық атауларына, жас, жыныс ерекшелігіне, гендер категориясына қатысты диалектизмдер
Ауған, Иран қазақтарының тіліндегі туыстық атауға, адамдардың дене мүшесіне, қызметіне байланысты сөздер: ахундіни ғалым, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz