Қазақ әдебиеті сабағында көркем шығарманы оқытудың тиімді жолдары


Курстық жұмыс
(Қазақ әдебиеті сабағында көркем шығарманы оқытудың тиімді жолдары)
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ
- Қазақ әдебиеті пәнінің әдістемесі . . . 4
- Әдебиет пәнінің негізі - көркем шығарманы оқыту . . . 11
ІІ КӨРКЕМ ШЫҒАРМА - ӘДЕБИЕТ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
2. 1 Көркем шығарманы талдау және мәнерлеп оқу түрлері . . . 21
2. 2 Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін танытудың тиімді жолдары . . . 29
2. 3 Көркем шығарманы оқытуды интерактивті әдіс - тәсілдер арқылы танымдық қызығушылықты арттыру . . . 35
Қорытынды . . . 41
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 42
Қосымша . . . 43
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақ әдебиеті сабағында көркем шығарманы оқытудың жаңа әдістерін қолдана отырып түсіндірудің құндылығын ашып көрсету.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Қазақ әдебиеті сабағында көркем шығарманы оқытудың әдістемесін зерттеп, жан-жақты қарастыру. Бұл мақсатқа жету жолында мынандай міндеттерді іске асырамыз:
- Қазақ әдебиетінің әдістемесі ғылымының зерттеу нысаны мен пәні, методологиялық - теориялық негіздері туралы мағлұмат беру.
- Әдебиет сабақтарында көркем шығармалармен жұмыс істеуге дағдыландыру.
- Көркем шығарманы жеткізуде мәнерлеп оқудың атқарар рөлін таныту.
- Көркем шығарманы оқытуды интерактивті әдіс - тәсілдер арқылы танымдық қызығушылықты арттыру.
Курстық жұмыстың нысаны. Көркем шығарманы оқытудың жалпы мәселелері, мақсаты мен міндеті, зерттелу жайы.
Курстық жұмыстың ғылымилығы. Ғылыми тұрғыда қазақ әдебиетін оқыту әдістемесіне түсініктеме беру. Көркем шығарманы оқыту әдістемесінің заңдылықтарын тұжырымдап көрсету. Әдістеменің мақсатын және міндетін жүйеленген топтарға бөліп қарастыру.
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері. Курстық жұмыстың негізгі әдіс-тәсілдері - баяндау, тұжырымдау, қажетті мәліметтерді саралау, ұғымдарды жинақтау, пікірлерді қорыту, ғылыми тұрғыда талдау.
Курстық жұмыстың құрылымы . Курстық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ
1. 1 Қазақ әдебиеті пәнінің әдістемесі
“Әдебиет - сөз өнері”. Ол - өнердің бір саласы. Әдебиет пәні де өнер пәні. Әдебиетті ұлағатты адамдар “ адамтану құралы ” десе, біз әдебиет пәнін “ адам тәрбиелеу құралы ” дер едік. Ол жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр - сырын игеруден жай білім ғана алып беріп қоймайды, ең бастысы, өмірдің ең қымбаттысы, ең асылы - жақсылық пен ізгіліктің ұрығын себеді. Әдебиет пәнінің әр сабағын адам бойындағы асқар арман, әдемі сенім, әсемдік пен сұлулыққа құштарлық тәрізді ең мөлдір сезімдер мен кісілік қасиеттер туралы сырласу сабағы десек те болады. Әдебиет пәні арқылы оқушылардың рухани дүниесі байиды, туған тілін сүден елін, адамзатты құрметтеуге дейінгі сезімдері тәрбиеленеді. Әдебиет арқылы жасөспірімдер алдында еліміздің тарихы, оның ғасырлар қойнауында қалған сөз сандығы ашылады, солар арқылы халық арманы, қиялы, болашақтан күтер үміті, ақ сенімі көрінеді.
Әдебиет методикасы - педагогикалық ғылымдардың саласына жататын ғылыми пән. Мұның қамтитын объектісі, қарастыратын мәселелері педагогикалық процесс, яғни мектепте әдебиетті оқыту сабақтары кезінде мұғалім мен оқушылардың оқу-тәрбиелік процестегі өз ара қарым-қатысы болып табылады. Демек, әдебиеттік материалдарды оқып үйрену негізінде оқушыларға әдеби білім мен коммунистік тәрбие беру жөніндегі туатын заңдылықтарды қарастырады. Бұл мақсат-міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыруда, сөз жоқ, педагогика ғылымының, оның теориясының жалпы қағида ережелеріне сүйенеді. Бірақ әдебиет методикасы педагогика сияқты мектеп, оқу-тәрбие мәселелерін тұтас алып қарастырмай, тек көркем әдебиетті оқып үйрену негізінде оқушыларға берілетін білім мен тәрбие мәселелерін өз шеңберінде ғана алып баяндайды[1, 5] .
Мектептегі өзге оқу пәндері сияқты әдебиет пәнін оқытуда қолданылатын көптеген негізгі және көмекші әдістер бар. Бұлардың кейбіреулері барлық оқу пәндеріне, әсіресе гуманитарлық пәндерге ортақ әдістер болып табылады. Осымен қатар тек әдебиетті оқытуда ғана қолданылатын әдіс-тәсілдер де бар. Мысалы, көркем сөз текстін мәнерлеп оқу, түсініктеме бере, талдау жасай отырып оқу, сюжетті шығарманы әр түрлі вариантта ауызша мазмұндау т. б. [1, 14]
Әдебиет пәнінің жас ұрпақты уақыт талабына сай тәрбиелеу ісіне қосар үлесі үлкен. Ол жақсы мен жаманның ара жігін ажырата білуіне, адамгершілік сезімінің ұшталып, имандылық қасиеттерінің оянуына септігін тигізеді. Сондықтан әдебиет пәнін оқытуға ерекше назар аударылады. Сонымен әдебиетті оқытудың басты мақсаты - сөз өнерінің қыр - сырымен таныстыру, халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, кітапқа деген ынтасын ояту, халықтың рухани байлығы - әдебиетін жан - жақты игерту, сол арқылы имандылыққа, инабаттылыққа, парасаттылыққа, сұлулыққа тәрбиелеу.
Оқыту барысының нәтижелі, жемісті болуы мұғалім әдістемесіне, шеберлігіне де байланысты болады. Әдіс - тәсілдер деген не ? Оқыту процесінде мынадай екі түрлі қызмет жүзеге асады. Бірінші мәселе - мұғалім оқытуы, екінші мәселе - оқушының оқуы. Мұғалім мен оқушының осы арақатынасы әр түрлі оқу қызметтері, оқыту әдістеріне жатады. Сонымен әдіс - тәсіл оқытушы мен оқушы арасындағы жұмыс түрлеріне байланысты әртүрлі болып келеді[1, 25] . Оқыту процесі оқыту әдістері арқылы жүзеге асады. Әдебиетті оқытуда сөздік әдіс, көрнекілік әдіс, тәжірибелік әдіс, түсіндірмелі - иллюстративтік әдіс немесе репродуктивтік әдіс, эвристикалық (ішінара іздендіруші) әдіс, зерттеу әдісі, өзіндік жұмыс әдісі, мәтінді көркемдеу, мәнерлеп оқудың орны ерекше.
Академик Ю. Н. Бабанский өзінің “Оқу - тәрбие процесін оптималдандыру” деген еңбегінде әдістерді мынадай үлкен үш топқа жинақтайды.
- Оқушылардың оқу - таным қызметін ұйымдастыру әдістері.
- Оқушылардың оқу - таным қызметін көтермелеу әдістері.
- Оқу - таным қызметінің тиімділігін бақылау әдістері.
Әр топ бірнеше оқыту әдістерінен тұрады. Мысалы, 1 - топтағы оқыту әдістеріне: сөздік (әңгіме, лекция, пікірлесу), көрнекілік (иллюстрация, портрет, суреттеу, мүсіндер), практикалық (поэтикалық талдау, көркем мәтінмен жұмыстар) әдістер жатады[1, 13] . Сондай - ақ, репродуктивтік, эвристикалық әдістерді де осы топқа жатқызуға болады. Жоғарыда айтып өткеніміздей, әр топтағы әдістемелердің өз мүмкіндігі, ерекшелігі болады. Төмендегі кесте арқылы кей әдістерді қай мәнде пайдалану тиімді болады, соған тоқталайық.
Тиімді деген әдіс - тәсілдерді сұрыптай отырып пайдалану әдебиетті оқытуда үлкен рөл атқарады. Әдебиетті өнер деп танытуда, көркем туындыны өнер туындысы деп қабылдатуда, сөз қасиеті мен құдыретіне, оның эстетикалық нәзік нәріне тұшындыруда осы әдістер алғашқы баспалдақ, яғни көркем шығарманы оқушы жүрегіне бастайтын алғашқы сезім көпірі.
Қазақ әдебиеті әдістемесі өзінің қалыптасу және даму тарихында мектепте әдебиетті оқытуды оқу - әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге қызмет ете отырып, өзгеріп отыратын дәуір талаптарына сай белгілі бір бағыттарда басым дамығаны байқалады. Әдістеме ғылымы дамуының қай кезеңде де оқу бағдарламалары жетекшілік басымдықта дамыған[2, 33] . Оқу бағдарламаларының тарихи даму желісін құру - әдістеме ғылымының алдағы дамуы үшін де мәнді болмақ.
“Әр оқу пәні бойынша меңгерілуге тиісті білім мазмұны мен мөлшерін, білік пен дағдыларды және оқу жылдары бойынша бөлінген бөлімдер мен тақырыптардың мазмұнын анықтайтын құжат бағдарлама деп аталады”.
Жалпы білім беретін орта мектептерге арналған бағдарламалар оқу пәнінің мазмұнын белгілеу формасы болып табылады және білім мазмұнын нақты оқу үрдісіне енгізу үшін жоспарланған мазмұнның іске асырылуы үшін қызмет етеді. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің қалыптасу үрдісінде негізгі басымдылық бағдарламаға берілген. Қазақ әдебиетін дербес пән ретінде оқыту 30 жылдардан басталып, 1932 жылы шыққан бағдарлама әдістеме тарихындағы алғашқы әдістемелік туынды болды[2, 45] . Қазақ әдебиетінен бірінші оқу бағдарламасы ретінде тарихи маңызды болып табылатын бұл құжат бағдарламалық мазмұннан алыс, негізінен, тізім түрінде көбіне қоғамдық, саяси тақырыптағы туындылардан құрылған еді. Тек 1934 жылы ғана тарихи - әдебиеттік жүйемен тізілген таза әдебиет бағдарламасы жасалды. Алайда мұнда да көркем мәтіндерді оқытудың әдіс - тәсілдері тиісті дәрежеде көрсетілмеді.
1937 жылдың желтоқсанында өткізілген тіл және әдебиет мұғалімдерінің республикалық кеңесінде “ Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқыту сапасының жайы, программаларды жетілдіру, тұрақты оқулықтар мен программалар жасаудың мәселелері ” талқыға салынып, соның қорытындылары бойынша 1937-1938 оқу жылында ана тілі мен қазақ әдебиетінің программасы жасалынып, оның негізінде оқулықтар жазылды. Ү-Х сыныптарға арналған бағдарламада әдебиетті мектепте оқыту, Ү-ҮІІ сыныптар үшін “Әдебиеттік оқу”, ҮІІІ-Х сыныптар үшін “ Тарихи әдебиеттік курс” деген атпен беріліп, екі сатыға бөлініп көрсетілді. Мұнда әдебиетті оқыту әдістеріне біршама көңіл бөлініп, шығарманың көркемдік - идеялық мазмұнын ұғындыруға бағыт алынды. Ал бағдарламаның әдістемелік нұсқауларының кеңейтілуі 1941 жылы жетілдіріліп шығарылған бағдарламада көрініс тапты. Бұл бағдарлама бұрынғы бағдарламаларға қарағанда әдістемелік, білімдік жағынан әлдеқайда сапалы екенін танытты. Сөйтіп бұл бағдарлама 1947 жылға дейін қолданылып келді.
Кезіндегі идеологиялық мәселелерді қайта құру жөніндегі науқандық шараларға байланысты 1947 жылы қазақ әдебиетінің жаңа бағдарламасы шыққанымен, оның саяси идеялық деңгейін қайта қарастырып, 1951 жылы жаңа бағдарлама жарық көрді. 1952 жылғы шыққан бағдарламада оқылатын көркем шығармаларды маркстік - лениндік ғылым тұрғысынан қайта қарап, іріктеп енгізумен бірге, ол шығармаларды оқып үйренудегі жұмыс түрлері, әдіс - амалдары көрсетілді. 1950-1960 жылдардың арасында бұл идеологиялық нұсқаулардың біржола орнықтырылуымен байланысты 1954 жылы әдебиет бағдарламасы жаңартылып басылып, оның басты бағыттары содан кейінгі бағдарламалар негізінде сақталынып отырды[2, 46-47] .
Содан кейінгі қазақ әдебиетінің жаңартылған бағдарламасы 1967 жылы басталып, 1972 жылы мектептердің жаңа бағдарламаларға көшуі қарсаңында, яғни 1972-1973 оқу жылдарында біршама өзгертіліп шығарылды. Сонымен қазақ әдебиетін мектепте оқыту үшін жасалынып келген оқу бағдарламаларының даму, қалыптасу жолын шолатын болсақ, 1940-1990 жылдар аралығында уақыт талабына және үстем идеологиялық саясат ықпалынан кейбір түзетулер болып отырғанымен, негізі сақталып келгенін, оқу бағдарламалары мен оқулықтардың тұрақтану қалпында болғанын айтуға негіз бар. Бұл бағдарламалардың негізгі ұстанымдарында тарихилық, партиялық, концентристік (өрлемелі қайталаулар) ұстанымдар алынды[3, 18-20] . Осындағы концентристік ұстанымның бүгінгі бағдарламаларға әлі де өзек болып отырғанын айта кету жөн. Бүгінгі оқу бағдарламаларының неігізінен партиялық ұстанымды алып тастағанымен бағдарлама жасаудың қалған дәстүрлері мен қалған тәжірибесі сақталып келе жатқаны мәлім.
Қазақ әдебиеті әдістемесінің ғылым ретінде дамып қалыптасуына ғылыми - әдістемелік зерттеулер қатарында әдеби білім тұжырымдамалары, мемлекеттік білім стандарттары, оқу бағдарламалары, оқулықтар, оларға жазылған әдістемелік құралдар да орын алады. Мектептегі қазақ әдебиетінің әдебиеттік оқу сатысының әдістемесін ғылыми түрде арнайы зерттеп, жүйеге келтірген еңбектердің ішінде Ә. Қоңыратбаевтың “ Әдебиетті оқыту методикасының очерктері ” атты зерттеу еңбегінің әдістеме тарихында өзіндік елеулі үлесі бар. Еңбекте автор әдебиеттік оқудың міндеті мен методикасы, көркем мәтін бойынша жұмыс істеу, көркем шығарманы талдау, жанр оқытудың методикасы, әдебиет теориясынан берілетін білім, 5-8 сыныптардағы жазба жұмыстар, сыныптан және мектептен тыс жүргізілетін әдебиет пәніне байланысты жұмыстар деген мәселелерді сөз етіп, тұтас жүйеде қарастырады. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі тарихында 60 жылдар үлкен белес болып табылады. Өйткені А. Көшімбаевтың “Қазақ әдебиетін оқыту методикасы”, Ә. Дайырованың “Орта мектепте І. Жансүгіров творчествосын оқыту”, Ә. Қоңыратбаевтың “Әдебиетті оқыту методикасының очерктері”, “Әдебиеттік оқу методикасы” сияқты іргелі еңбектер осы кезде жарыққа шықты. А. Көшімбаевтың еңбегінде қазақ әдебиеті әдістемесін ғылым ретінде айқындап, дәйектеуге негіз салып, әдебиетті оқыту әдістемесі міндеттері мен мазмұнын ашады, қазіргі әдебиет әдістемесінің басты қағидалары болып табылатын эстетикалық - этикалық мәселелер, ойлау мәдениеттеріне үйрету сияқты тұжырымдамалық пікірлерді ғылыми жүйеге түсіреді[4, 30] . Еңбекте әдебиетті оқытудағы жетекші ұстанымдар мен қолданылатын негізгі әдіс - амалдар тұжырымдалып белгіленген. Баяндау әдісі, сұрақ - жауап түріндегі әңгіме әдісі, мәнерлеп оқу әдісі, түсініктеме бере отырып оқу әдісі, лекциялық әдіс, сөз жарысы, баяндама жасау, жазба жұмыстардың түрлері т. б. әдістерге анықтама беріп, оларды қолдану жолдарын нұсқайды.
Қазақ әдебиеті әдістемесінің 1970-1980 жылдары ғылыми мазмұны артты, әдістеменің жеке салалары арнайы зерттеле бастады. Шығарма талдауда жүйелік - құрылымдық әдісті қолдану мәселесін Т. Ақшолақов
“Көркем шығармаға талдау жасау” (1983), әдебиет сабағында жүргізілетін жазба жұмыстарын С. Тілешова “Әдебиет сабағында жүргізілетін жазу жұмыстары ”(1981), әдебиет сабағында пәнаралық байланысты жүзеге асыру мәселесін Р. Құтқожина “Әдебиет сабағын Қазақстан тарихымен пәнаралық байланыста оқыту”(1985), қазақ әдебиетінің факультативтік курстарының мазмұны мен әдістемесін Ә. Дайырова “Қазақ совет әдебиеті, факультативтік курстар хрестоматиясы” (1985), факультативтік курстар программалары, зерттеп, әдістемелік еңбектерде, оқулықтар мен әдістемелік нұсқауларда жинақтап көпшілік назарына ұсынды. 1991 жылдан бастап ғылыми зерттеу жұмыстары болашақ мектептің оқу - әдістемелік негіздерін қалауға бағыттала баятайды[4, 13-15] . Талай жылғы тоталитарлық бұғаудан құтылып, өзінің тілі, ділі, ұлттық рәміздері бар егеменді ел болуымызға байланысты ұлттық рухани қазынамызға оралу жаңаша ойлау тұрғысынан пәннің бүкіл оқу - әдістемелік жүйесін түбірлі жаңарту мәселесі қолға алынды.
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің қалыптасу, даму тарихын сөз еткенде, оның тұтас үрдістік жалпы ілгерілеуін мәселелер ағынымен сипаттаумен шектелмей, оның өркендеуіне азды - көпті үлес қосқан тарихи тұлғалар болып табылатын ғалым - әдіскерлердің өзіндік еңбектерін атап көрсету әділ болмақ. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі ғылымы өзінің қалыптасуының бастапқы кезеңдерінде білім мазмұнын анықтау жұмыстарымен, яғни бағдарламалар мен оқулықтар жасаумен сипатталынды.
Білім мазмұны мен көлемін анықтау, алғашқы бағдарламалар мен оқулықтарды жасауға С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, М. Жолдыбаев, Қ. Жұмалиев, Т. Шонанов, Е. Ысмайылов, Ә. Тәжібаев, М. Қаратаев, Қ. Бекхожин, Ә, Қоңыратбаев, Ә. Шәріпов, Ш. Кәрібаев, Ә. Көшімбаев, Т. Ақшолақов т. б. ғалымдар белсене ат салысты. Кейін бұл толқынға М. Ғабдуллин, З. Қабдолов, М. Базарбаев, С. Қирабаев, А. Нұрқатов, Б. Сахариев, Т. Әбдірахманов, Ә. Дайырова, Ш. Ахметов, Ш. Аманов сияқты талантты топ келіп қосылды.
Сонымен, жалпы әдебиетті оқыту әдістемесі бойынша белгілі орыс әдіскерлері И. Я. Лернер мен М. Н. Скаткин оқытудың әдістерін зерттей келе субьектілердің танымдық ойлау қабілетін шамалай отырып, олар төмендегідей маңызды деген әдістерді ұтымды деп сараптан өткізді:
а. түсіндірмелі - иллюстративті немесе ақпаратты - қабылдау (информационно - рецептивный) : әңгімелеу, дәріс, түсіндіру, оқулықпен жұмыс, көрсетілімді материалдар, кино, бейне, телефильмдер т. б. ;
ә. репродуктивтік: қайталап айтып беру, тура аудармасы - қайталаным;
б. көкейкестілігін мазмұндау, табу;
в. ізденіс, не эвристикалы әдісі;
г. зерттеу әдісі, мұнда әр субьект өзінің алдына танымдық міндеттер қояды, оны өздерінің ойлау бағамымен шешеді.
Қарап отырғанымыздай, бүгінгі “ жаңа оқыту ” деп жүргеніміздің генезисі әртінде, тереңде жатқанын естен шығармаған дұрыс.
Ал, Ю. К. Бабанский барлық әдістерді үш негізгі топқа жіктейді:
а. оқушының біліми - танымдық қызметін ұйымдастырушы және оны жүзеге асырушы әдіс;
ә. Субьектінің біліми - танымдық қызметін ынталандыру және оның мақамдарын ашу әдісі;
б. біліми - танымдық қызметтің ұтымдылығын бақылау және дербестілік қалпын сақтай отырып, өзін - өзі бақылау.
Әдістердің неше бір құбылмалы жіктемесін топтамамен зержелеген М. Данилов пен Б. Есипов мынадай әдістерді тізбелейді:
а. жаңа білімді жиюдың әдістері;
ә. Іскерлік, икем, дағдыны ширататын әдістер және оның тәжірибеде қолданылымын жүзеге асырудың әдістері;
б. субьектінің меңгерген білімінің сипатын айқындаудың бағалау өлшемдіктерінің әдістері.
Жоғарыда топтамамен тізбеленген әдістерді таңдаудың бірден бір заңдылығы - оқу еңбегін тәртіптеуді ұйымдастыруда аталған әдістерді тәсілдерге айналдыру.
И. Харламовтың әдістерді жіктеу тәртібі:
а. оқытушының материалды ауызша баяндауы және субьектілердің біліми - танымдық қызметін белсенді әрекетке қосудың әдістері: әңгіме, түсіндіру, сұхбат, иллюстрация, көрсетілімді әдістер т. б. ;
ә. өтілетін материалды бекіту, жинақтау әдістері: сұхбат, оқулықпен жұмыс;
б. жаңа материалды дербестік қалпын сақтай отырып, өздігінен орындау әдістері: оқулықпен жұмыс, зертханалық жұмыс;
в. алған қисындық білімдерін тәжірибеде қолдану әдістері;
г. іскерлік, қабілет, икем, дағдыларын бағалаудың әдістері: оқушылардың, не басқа субьектілердің күнделікті жұмысын байқау, фронтальді, не жиынтық материалдың алгоритмімен, балл қою, бақылау жұмысы, үй жұмысын тексеру, бағдарламалап тексеру, тестімен бақылау.
Әдістерді таза сырттай зерделегенде, дидактика оған ғылыми жіктеме жасай алмайды. Кейбір авторлар оқытудың әдістерін топтастырады, шығу көздерін зерттейді, міне осыдан олар әдістерді жіктеп бөледі. Сөйтіп сөз әдісі, көрнекілік, тәжірибешілік деген әдістер пайда болады[5, 29-33] . Ал кейбір ғалымдар оқушы мен оқытушының қарым - қатынас деңгейіндегі қызметтің деңгейіне ыңғайлы әдістерді сұрыптайды. Мұның өзін біріншіден, мұғалімнің материалды сұрыптау іскерлігі мен оқушының дербес жұмысының қызметтік әрекетіндегі әдістер деп қарастырады. Ал үшінші топтағылар дидактикалық міндеттердің характері мен маңызына негіздеп алатын ғалымдар. Бұл әдістің негізі субьектінің білімді жаңадан жиюы, оны есінде, жадында тұрақтандыруы, соған орай іскерлік икемін үзіліссіз ширатуы, бағалау рейтингісін өзінің жобалап құрастыруы.
Бүгінгі таңда білім беру жүйесіндегі ғылыми - техникалық прогрестің жағдайында жаңа әлеуметтік талаптарға, оқушылардың мүмкіндіктеріне сай оқытудың мазмұны мен түрлері, әдістерін жетілдіріп оқыту құрамдарының жаңа түрлерін жасау заман талабы. Әр оқушының өзіне тән оқу жұмысындағы әдістері, ойлау жолдары, қызығу, бейімділік сияқты ерекшеліктері болады. Жеке адамның жан - жақты дамуы әр оқушының жеке басына тән ерекшеліктерді ашып, анықтауды қажет етеді.
Мәселен, өзіміздің белгілі әдіскеріміз Қ. Бітібаеваның “ Әдебиетті оқыту әдістемесі ”(1997) оқулығы назар аударарлық. Бұл оқу құралында жүйе бар, бағдарламаның сынып бойынша сатыларына жіктеме берілген. Сонымен бірге әрбір мәтіннің оқытылуы жайлы әдіс - тәсілдер амалы анық, айқын сұрыпталған. Әрбір еңбекте ішкі және сыртқы жүйе болады және олардың үндестігі болады. Сыртқы жүйе мемлекеттік стандарт көздеген мүдде мен мақсат, ал ішкі жүйе ұстаздың оқытуды үлгілеу шеберлігін көздейді.
Оқыту әдісі дегеніміз - оқушылар мен мұғалімнің білімді меңгеру жолындағы шығармашылық бірлескен тәсілі. Әдебиет - оқушылардың ішкі сезімін, эстетикалық талғамын туындылардың жанрларына қарай, оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай қиялдарын дамытуға түрткі болар нысан.
Әдебиетті оқыту әдісін оның құралдарынан ажырата қараймыз. Әдіс тек әрекетпен тікелей байланысты. Ол үшін әрекеттің негізгі мақсаты болуы шарт. Әртүрлі құралдарды қолдану әдіске бағынышты. Құралдардың әртүрлі болуы әдістің құрылымын өзгертуге ықпал етеді. Әдістің жекелеген бөлімдерін амал деп айтамыз. Әдістер арқылы білім мазмұнын меңгереміз. Мұғалім оқушыларды оқытуда түпкі нәтижеге жеткізеді деген әдіс - тәсілдерді таңдап алуы қарастырылады. Ізденістің қарқынды амалдары мазмұн ретінде алгоритміне бағынады. Ү-ҮІІ сынып аралығында оқушыларды, біріншіден, кітаппен жұмыс істей білу әдісіне машықтандыру әрекеті көзделеді. Оқу техникасын сақтай отырып, оқығанын қатар түсіну керек. Ол үшін төмендегі әрекет әдістері жүргізіледі:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz