Қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеп, жан-жақты қарастыру



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ...3
І ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ
1.1 Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылым ретінде қалыптасуы және оқыту әдістемесінің негізін салушы ғалымдар ... .4
1.2 Қазақ тілі және пәнаралық байланыс..10
1.3 Қазақ тілін оқытудың принциптері ... ...13
ІІ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ ЖҮЙЕСІ
2.1 Қазақ тілін оқыту әдістерінің жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2.2 Қазақ тілін оқыту әдістерінің түрлері ... .29
2.3 Қазақ тілін оқытудың формалары мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
Қорытынды ... ... ... ... ...38
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылым болып бірден қалыптасқан жоқ. Оның да өзінің тарихи даму жолдары бар. Қазақ халқының тарихында баланы ана тілінде оқыту және оқыту әдісіне көңіл бөлу ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннен басталды десек, бүгінгі деңгейге жету жолында басқа да бірқатар ғалымдар бұған елеулі үлес қосты.
А.Байтұрсынов бастаған бір топ қазақ зиялылары 1905 жылы 26 шілдеде Ресей Империялық Министрлер Советінің Председателі петиция жазады. Ондағы қойған талаптардың бастылары: «қазақ даласында оқу-ағарту ісі дұрыс жолға қойылсын, ол үшін ауыл мектептерінде балалар қазақша сауат ашатын болсын. Оқу ана тілінде жүргізілсін» т. б. Осы талаптарды жүзеге асыру үшін А. Байтұрсынов қазақша оқу құралы (1912) тұңғыш әліппе құралын жазды. А. Байтұрсынов 1926 жылы «Әліпбидің» жаңа түрін осы күнгі суреттермен берілген Әліппе кітабын жазды. Ал бұл «Әліпбидің» 1928 жылы Қызылордада шыққан 3-басылымы қазақ тілінде басылған кітаптар көрсеткішінде төмендегіше бағаланды: «Жаңа құрал қазақ тұрмысына үйлесімді суреттері бар. Емлесі жаңа. Қазақстан білім ордасы мектептерде қолдануға ұйғарған... Ахметтің 7 рет басылған бұрынғы «Әліпбиі» («Оқу құралы») қазақ жұртына орасан көп пайда келтірген еді... Бірақ соңғы кездерде жаңа тәртіптер шыға бастағаннан кейін ол «Әліпби» әдіс жөнінен де, мазмұн жағынан да ескірген[1, 22]. Мынау жаңа «Әліпбиі» бұрынғысынан қай ретте болса да аса артық. Бұл «Әліпбидің» мазмұны қазақ жағдайына қарай, мемлекет білім кеңесінің жаңа программасына үйлесімді болып шыққан. Әңгімелері балалар үшін қызық, жеңіл, заманға лайық «Әліпби» көңілдегідей болып шыққан».
1912 жылы мектеп балаларына қазақша сауаттандыратын «Оқу құралын» жазғаннан кейін көп ұзамай енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулық жазуға кіріседі. Бұл оқулықтың фонетикаға арналған 1-бөлімі «Тіл құралы» деген атпен алғаш рет 1915 жылы жарық көрді. Осы кітаптың морфологияға арналған 2-бөлімі 1914 жылы, ал синтаксиске арналған 3-бөлімі 1916 жылы басылып шығып, 1928 жылға дейін әлденеше рет қайта басылып пайдаланылып келді.
1. Оразбаева Ф.Ш. Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі: Оқу құралы. –Алматы: Print-S, 2005
2. Т.В.Аренова. Тілдерді оқытудағы жаңа бағыт. - Қазақ тілі: әдістеме. №1 2008 (15)
3. Мейрманқұлов А, Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы: Фолиант, 2010
4. Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары. -Алматы. 2001.
5. Көккөзова М., Сабақан. Әдіскер тағылымы. Алматы, 2000.
6. Исабаев Ә.Қазақ тілін оқыту методикасы. Ташкент-2003.
7. Бейсембаева З. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. 2002
8. Н. Уәли «Ө.Қыдырбаев. Қазақ тілі (сөз мәдениет)». Алматы: Мектеп 2006 ж – 118б
9. Дюсебаев С., Байтелеуова Т. Қазақ тілі. Алматы: «Мектеп» 2007 ж 7-8б,
10. Шакирова Ж. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: 2004 ж – 91 б.
11. Қазақ тілі мен әдебиеті 2005ж. №3.41-43бб.
12. Жұлдыз 2003ж.№6. 87б.
13. Қазақ тілі мен әдебиеті 2002ж. №5. 68б.
14. Қазақстан мектебі 1999ж.№4. 48б.
15. Қазақстан мектебі 2000ж.№8. 57б.
16. Қаражігітқызы А. Қазақ тілін оқытудың тиімді жолдары. // Қазақ тілі мен әдебиеті 2005 №2 3-9бб.
17. Ахметкәрім Қ. Қазақ тілін оқыту негізінде басқа пәндерді меңгерту. // Ұлағат 2003, №6 47-49бб.
18. Қалниязова А. Жаңа технологияның қазақ тілінде алатын орны. // Қазақ тілі мен әдебиеті. 2002 №12 3-7бб.
19. Нұржанова Ж. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің түрлері. // Қазақ тілі мен әбебиеті 2002. №9 3-12бб.
20. М.Балақаев. Қазіргі қазақ тілі. -Астана: Ер-Дәулет, 2007. 20-205бет.
21. Ж. Мұсаұлы, Р. Әміренова «Қазақ, орыс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы» Көкшктау, 2003 жыл.
22. Ш. Есмағанбетова «Оқушылардың танымдық іс- әрекетін қалыптастыру» Алматы «Ғылым» Ғылыми баспа орталығы, 2002 жыл.
23. «Әдіскер» журналы. 2005 жыл.
24. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» журналы, 2001 жыл.
25. Қазақ тілі мен әдебиеті 2005ж. №9.39-42бб.
26. Ізденіс 2003ж.№4. 129б.
27. Оразбаева Ф. Тіл әлемі. Мақалалар зерттеулер. – Алматы: Ан арыс, 2009. – 102- бб.
28. Манкеева Ж.А. Қ.Жұбановтың ғылыми мұраларының академиялық танымы хақында // «Жұбанов тағылымы»: VI халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Ақтөбе, 2005. – 90-93 бб.
29. Маслова В.А. Лингвокультурология: учебное пособие для студентов высших учебных заведениий. – Москва, 2001. – 30 с.
30. Оразалиева Э. Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы. – Алматы: Ан Арыс, 2006. – 201-264 бб.
31. Жалаң мен жайылма сөйлем //Қазақ тілі мен әдебиеті журналы.-2007. №9. 30-31бет.
32. Жалаң мен жайылма сөйлем //Қазақ тілі мен әдебиеті журналы. -2006. №9. 11-15бет.
33. Оразбаева Ф., Жанабілова. Шығармашылық тапсырмалар арқылы тіл дамыту жұмыстары. (6-7сынып) А., 2004
34. Жанабилова А.К Қазақ тілін әдебиетпен байланыстыра оқытуда шығармашылық жұмыстар арқылы тіл дамыту технологиясы (6-7 сынып. - Алматы : Б.ж., 2005. - 28 б.
35. Бейсенбайқызы З. Қазақ тілін модуль негізінде оқыту. –А. 2001

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыс
(Қазақ тілін оқыту әдістемесі)

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ
1.1 Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылым ретінде қалыптасуы және оқыту әдістемесінің негізін салушы ғалымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
0.2 Қазақ тілі және пәнаралық байланыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
0.3 Қазақ тілін оқытудың принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 3

ІІ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ ЖҮЙЕСІ
2.1 Қазақ тілін оқыту әдістерінің жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2.2 Қазақ тілін оқыту әдістерінің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
2.3 Қазақ тілін оқытудың формалары мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .38
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың тақырыбы: Қазақ тілін оқыту әдістемесі.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ тілі сабағын оқытуда жаңа әдістерді қолдана отырып түсіндірудің құндылығын ашып көрсету.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеп, жан-жақты қарастыру. Бұл мақсатқа жету жолында мынандай міндеттерді іске асырамыз:
Қазақ тілінің әдістемесі ғылымының зерттеу нысаны мен пәні, методологиялық - теориялық негіздері туралы мағлұмат беру.
Қазақ тілінің оқыту әдістемесінің тарихи қалыптасу, даму жолдары.
Әдістемелік мұра және оны талдау әдістері туралы түсінік беру
Курстық жұмыстың нысаны. Қазақ тілі пәнінің жалпы мәселелері, мақсаты мен міндеті, зерттелу жайы.
Курстық жұмыстың ғылымилығы. Ғылыми тұрғыда қазақ тілін оқыту әдістемесіне түсініктеме беру. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің заңдылықтарын тұжырымдап көрсету. Әдістеменің мақсатын және міндетін жүйеленген топтарға бөліп қарастыру.
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері. Курстық жұмыстың негізгі әдіс-тәсілдері - баяндау, тұжырымдау, қажетті мәліметтерді саралау, ұғымдарды жинақтау, пікірлерді қорыту, ғылыми тұрғыда талдау.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ
0.1 Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылым ретінде қалыптасуы және оқыту әдістемесінің негізін салушы ғалымдар

Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылым болып бірден қалыптасқан жоқ. Оның да өзінің тарихи даму жолдары бар. Қазақ халқының тарихында баланы ана тілінде оқыту және оқыту әдісіне көңіл бөлу ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннен басталды десек, бүгінгі деңгейге жету жолында басқа да бірқатар ғалымдар бұған елеулі үлес қосты.
А.Байтұрсынов бастаған бір топ қазақ зиялылары 1905 жылы 26 шілдеде Ресей Империялық Министрлер Советінің Председателі петиция жазады. Ондағы қойған талаптардың бастылары: қазақ даласында оқу-ағарту ісі дұрыс жолға қойылсын, ол үшін ауыл мектептерінде балалар қазақша сауат ашатын болсын. Оқу ана тілінде жүргізілсін т. б. Осы талаптарды жүзеге асыру үшін А. Байтұрсынов қазақша оқу құралы (1912) тұңғыш әліппе құралын жазды. А. Байтұрсынов 1926 жылы Әліпбидің жаңа түрін осы күнгі суреттермен берілген Әліппе кітабын жазды. Ал бұл Әліпбидің 1928 жылы Қызылордада шыққан 3-басылымы қазақ тілінде басылған кітаптар көрсеткішінде төмендегіше бағаланды: Жаңа құрал қазақ тұрмысына үйлесімді суреттері бар. Емлесі жаңа. Қазақстан білім ордасы мектептерде қолдануға ұйғарған... Ахметтің 7 рет басылған бұрынғы Әліпбиі (Оқу құралы) қазақ жұртына орасан көп пайда келтірген еді... Бірақ соңғы кездерде жаңа тәртіптер шыға бастағаннан кейін ол Әліпби әдіс жөнінен де, мазмұн жағынан да ескірген[1, 22]. Мынау жаңа Әліпбиі бұрынғысынан қай ретте болса да аса артық. Бұл Әліпбидің мазмұны қазақ жағдайына қарай, мемлекет білім кеңесінің жаңа программасына үйлесімді болып шыққан. Әңгімелері балалар үшін қызық, жеңіл, заманға лайық Әліпби көңілдегідей болып шыққан.
1912 жылы мектеп балаларына қазақша сауаттандыратын Оқу құралын жазғаннан кейін көп ұзамай енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулық жазуға кіріседі. Бұл оқулықтың фонетикаға арналған 1-бөлімі Тіл құралы деген атпен алғаш рет 1915 жылы жарық көрді. Осы кітаптың морфологияға арналған 2-бөлімі 1914 жылы, ал синтаксиске арналған 3-бөлімі 1916 жылы басылып шығып, 1928 жылға дейін әлденеше рет қайта басылып пайдаланылып келді.
Тіл құралы - қазақ мәдениетінде бұрын болмаған соны құбылыс. Оның қазақ жұртшылығы үшін мүлде тың дүние екендігін оқулықтың кіріспесінде автор арнайы атап өтеді. Ол осы оқулықты қазақ грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына тұңғыш қазақша терминдерді ұсынады[1, 35]. Күні бүгінге дейін қолданып жүрген зат есім, сан есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш деген т.б. сан алуан лингвистикалық ғылыми терминдердің баршасы А. Байтұрсыновтікі.
Ғалымның тіл үйретудегі сіңірген еңбегі мұнымен шектелмейді. Ол қолданбалы грамматиканы да жазған болатын. Бұл жұмысын Тіл жұмсар деген атпен екі бөлімді кітап етіп, 1928 жылы Қызылордада шығарған еді.
А. Байтұрсынов қазақ тілін оқыту әдістмесінің іргетасын қалаушы. Ол - Қазақ тілін дыбысқа бөліп оқыту арқылы сауаттандыру әдісінің негізін салды. Бұл салада бірнеше әдістемелік мақалалар жазып, соның негізінде 1920 жылы Қазанда Баяншы деген атпен методикалық кітапша шығарды. Мұнда автор мұғалімдерге Әліппені пайдаланудың, сауат ашу әдістерінің жол-жобасын көрсетіп берді.
Сөйтіп ғұлама ғалым өзінің алдына жүйелі бағдарлама қойып, бұларды біртіндеп шешуге кірісті[2, 19]. Ол алдымен қазақша сауат аштыруды көздеп Оқу құралды жазды, онан соң қазақ тілінің ғылыми грамматикасы Тіл құралын ұсынды, тілді дұрыс жұмсай білу тәртібін көздеп Тіл жұмсарын, төртінші - - сауат аштыру, тілді оқытудың әдістемесін жасауды алып, Баяншыны жазды.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі педагогика ғылымының бір саласы болып табылады. Ол өз алдына дербес ғылым. Өйткені оның өзіндік зерттейтін нысаны, мазмұны, зерттеу әдістері мен тәсілдері бар.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтіні оның оқыту жолдары мен жағдайлары туралы заңдылықтар. Бұл заңдылықтар педагогика, психология және лингвистика ғылымдарының негізінде жинақталған практикалық тәжірибе мен бұрыннан қалыптасқан теориялық қағидалардан, тұжырымдардан шығарылады[1, 10]. Егер нақтылап айтсақ, оқыту әдістемесі мына мәселелерді зерттейді:
1) мақсаттары (не үшін оқыту керек?);
2) мазмұны (нені оқыту керек?);
3) ұйымдастырылуы (қалай оқыту керек?);
4) құралдары (ненің көмегімен оқыту керек?);
5) оқыту кезінде оқушылардың білімді меңгеру деңгейі, ақыл-ойының дамуы мен тәрбиеленуі арасындағы ұштастық мәселелері. Бұл проблемаларды шешу мектепте тәрбие мен білім берудің жалпы мақсаттарын белгілейді.
Әдістеменің мынадай міндеттері бар:
1) бастауыш мектеп пен орта мектептегі қазақ тілі пәнінің мақсатын, ерекшелігін, мазмұны мен көлемін, құрылымын, бөліктерінің бір-бірімен ұштасуы мен бірізділігін анықтау, оқу материалын сыныптарға бөлу;
2) оқытудың неғұрлым пайдалы, үнемді және тиімді әдістері мен тәсілдерін (оқылатын материалдың ерекшеліктері мен оқушылар құрамының психофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі жағдайда қолданылатын әдіс-тәсіл варианттарын) зерттеу және сипаттау;
3) қазақ тілі пәнінен жүйесі нақты белгіленген білім көлемін (ғылым негізін) оқушылардың ойдағыдай игеру шарттары туралы мәселелерді талдап шешу, яғни материалды дәл қабылдаудың, айқын түсінудің, оны практикада қолдана білудің шарттары туралы мәселелерді талдау[2, 29].
Сонымен қазақ тілін оқыту әдістемесі - оның мазмұны мен принциптері, әдістері мен тәсілдері туралы және мектепте қазақ тілінен оқушыларға берілетін білім, дағды, білік мөлшерін белгілеп, оны игерудің жолдары, шарттары туралы ғылым.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізгі мақсаттарының бірі - өзінің зерттейтін обьектісін жан-жақты танып білу, заңдылықтарын айқындау. Демек, ғылыми-зерттеу әдісі дегенісіз белгісізді тану, айқындау.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының қай түрінде болсын, зерттелетін обьектіні танып білу мынандай үш түрлі әрекет бойынша іске асырылады, бірінші - қажетті материалдар, фактілер жинау, екінші - жинақталған фактілерді салыстыру, талдау, үшінші - сол фактілер негізінде теорниялық тұжырымдар, қорытындылар жасау. Құбылысты, обьектіні ғылыми танып білу процесінде іске асырылатын бұл әрекеттер қазақ тілін оқыту әдістемесінде де негізгі кезеңдер болып тадбылады[3, 34].
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылым ретінде дамуының басты шарты әдістемелік зертеулерді әрі қарай дамыту, жетілдіру, эксперименттік тәжірибелер жасау, мектеп тәжірибесін зерттеу, оған жаңа фактілер қосу, әдістеме ғылымындағы жаңалықтар, жетістіктер, психологиялық әдістерге көңіл бөлу, мектептегі оқыту жүйесінің деңгейін зерттей отырып, бақылау жасаумен бірге, әдістеме ғылымының жаңалықтарын үнемі ескеріп шығармашылықпен сабақ беруіне көмектесу жолдарын қарастыру негізгі мәселелердің бірі болып саналады.
Зерттеудің теориялық әдістері. Ең алдымен назар зерттелетін құбылыстардың, процестердің заңдылықтарын жинақтауға, анықтауға, қалыптастыруға бағытталады. Соңғы жылдары оқыту әдістемесінде жүйелі құрылымдық әдіс қолдана бастады. Оның мәнісі - зерттеу өзара байланысты элементтерден құрылған біртұтас жүйелерінде қаралады, элементтер арасындағы өзара байланыстылық пен қарым-қатынасқа басты назар аударылады. Осыған сәйкес оқыту әдістемесінде мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты анықтау қажеттілігі туады (яғни оқыту мен білім алу), оқытудың мақсаттарымен, мазмұнымен, әдістері, құралдарымен, оқушылардың білімді қабылдауы, дамуы және тәрбиелену арасындағы байланыстарды анықтау қажет болады Оқытудағы жүйелі-құрылымдық әдіс сабақтың мақсатын анықтауды, осы мақсаттарға байланысты оқытудың мазмұнын, әдістері мен құралдарын сұрыптап ала білуді, сабақтың тиімділігін бағалауды көздейді. Жүйелілік әдіс мұғалімнің бағдарлама бойынша бірнеше сабақты жоспарлап, дайындалуына мүмкіндік береді, әр сабақтың өзіндік ерекшеліктері мен мақсаттары, мазмұны, оқыту әдістері жағынан, оқушылардың танымдық әрекетінің сипаты жағынан өзара байланыстылығы сақталады.
Әдістемелік зерттеулерде типологиялық әдіс те көрнекті орын алады. Бұл әдіс бойынша зерттелетін объектілер мен құбылыстар топталып, әр топтың негізгі белгілері анықталады.
Типологиялық әдіс әдістеме ғылымының мәселелерін зерттеуде жиі қолданылады. Мысалы, ана тілінен берілетін білім мазмұнын талдап шешуде оның негізгі құрамдас бөліктерін топтап қарастыру, атап айтқанда, білім беру, іскерлік, көзқарастық идеялар және әрекет тәжірибесін түгел қамту т.т. Оқытудың жолдары мен ұйымдастырудың түрлері жөніндегі мәселелерді зерттеу, тілді оқыту әдістерін жіктеуге, оқушылардың өз бетімен істейтін жұмыс түрлері мен сабақ түрлерін анықтауға мүмкіндік береді.
Зерттеудің теориялық әдістерінің ішінде тарихи әдістің де тиісті орны бар. Бұл әдіс бойынша зерттелетін құбылыстар уақыт жағынан даму, өзгеру тұрғысынан қарастырылады. Тілді оқытудың қазіргі әдістемесінің мәселелерін шешуде бұл әдіс те қолданылып отырады. Зерттеудің эмпирикалық әдістеріне мектеп тәжірибесін зерттеу және эксперимент әдістері жатады. Мұның алғашқысы іс жүзінде қолданылып жүргендерді анықтап, есепке алу мақсатымен жүргізіледі. Бұл мағлұматтарды білу бағдарламалар мен оқулықтарды жетілдіруде, мұғалімге ғылыми әдістемелік жәрдем беруде, озат тәжірибені зерттеп, көпшілікке таратуда зор маңызы бар[3, 35].
Мектеп тәжірибесін зерттеу әдістерінің мына түрлері белгілі:
1) оқыту процесіне байқау жүргізу;
2) мұғалімдер мен оқушыларға анкета тарату;
3) мектеп құжаттарын зерттеу;
4) әңгімелесу;
5) жазбаша тексеру жұмыстары. Мектеп тәжірибесін зерттегенде, алдымен оның мақсатын дәл айқындап, жоспар жасау керек, тексеру жұмысына мұқият дайындалып, сабақтарға байқау жүргізудің схемаларын жасап, оқушылар мен мұғалімдерге арнап, анкета дайындау қажет.
Эксперимент педагогикалық жаңа тәжірибе жасауға бағытталған. Ол тілдің жүйелі курсының мазмұнына зерттеуші қажет деп тапқан оқу материалының оқушыға түсініктілігін, ана тілін оқытуға ұсынылған жаңа әдіс-тәсілдер мен жаңа көрнекіліктердің тиімділігін анықтау үшін пайдаланылады.
Эксперимент жүргізудің бірінші шарты - дәлелдеуге және тексеруге қажетті терең ойластырылған гипотеза немесе ғылыми болжам болады. Әдетте гипотеза, біріншіден, зерттеушінің ойынша, оқушылардың қабылдауына лайықты білім мен дағды және іскерлікті анықтау; екіншіден, оқытудың неғұрлым қолайлы әдістері мен кұралдарын іріктеп алу тұрғысынан жасалады. Екінші шарты - гипотезаны іске асыру үшін оқу әдістемелік материалдар (оқушылар үшін оқу мәтіндерін, сұрақтар мен тапсырмаларды, үлестірмелі дидактикалық матери-ал) дайындау, осыдан кейін эксперименттік оқу жүргізілетін болады.
Педагогикалық экспериментті ұйымдастырудың көп тараған түрі - эксперименттік және бақылау сыныптарына бөлу. Бұл ретте бір сыныпта (эксперименттік) жаңа оқу материалы немесе жаңаша оқыту әдісі енгізіліп, бас-қа сыныпта (бақылау) оқыту өзгеріссіз жүргізіледі. Екі сыныпта да оқушылардың даярлығы мен үлгерім дәрежесі бірдей болуы қажет. Әдістемелік ғылымның дамуы үшін қазіргі кезде эксперимент кеңінен қолданылып жүр, ол алынған қорытындылар мен ұсыныстардың ғылыми-практикалық маңыздылығының ақиқаттығын дәлелдейді[3, 36].
Әдетте теориялық және эмпирикалық зерттеу әдістері өзара тығыз байланыста қолданылады. Бұл әдістердің барлығы да (мәселен, зерттеу гипотезасын анықтауда, жинақталған педагогикалық фактілерді қорытындылауда т.б.) зерттеудің барлық әдістері - анализ, синтез, ин-дукция, дедукция, абстрактылау, жинақтау, салыстыру сияқты логикалық операциялардың жәрдемімен жүргізіледі.
Қазақ тілі оқыту мақсаттары үш топқа біріктіріледі.
1. Білім беру мақсаттары: оқушыларға ана тілі туралы ғылымның негіздерін беру; тілдің қоғам өміріндегі маңызын аша көрсетіп, оны меңгерудің өндірісте, қоғам өмірінде аса қажетті екендігін түсіндіру; оқушының ана тілінен жақсы білім алуына мүмкіндік туғызу; тілдің қатынас құралы екендігіне көздерін жеткізу; түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылар-дың ауызша, жазбаша тілдерін дамытып, онымен қаруландыру; оқушылар-дың тіл мәдениетін қалыптастыру; өздігінен сөйлей, жаза білуге жол ашу.
2. Тәрбиелік мақсаттар: оқушылардың тілдік құбылысқа көзқа-расын қалыптастыру; тілдің адам қоғамымен бірге жасасып, өмір сүретінін, қоғам үшін қажетті қарым-қатынас құралы болатындығын түсіндіру; тілдің жан-жақты дамуына жасалып отырған жағдай қазақ тіліне мемлекеттік дәреже беру актісімен дәлелденіп, оқушылардың сенімін арттыру, көздерін жеткізу; оқушылардың салт-дәстүр сезімдерін қалыптастыру, қазақ тілі сабақтарында еңбек тәрбиесін уағыздап, еңбек ардагерлері жайындағы мағлұматтар арқылы еңбекке баулу.
3. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту: ана тіліне деген қызығушылықты арттыру; оқушылардың байқағыштық, елес-болжамдық, ес, ойлау, сөйлеу қабілеттерінің дамуына жол ашу; оқушылардың тілдік проблеманы өздері шеше алатындай дәрежеде үйрету; тіл фактілеріне, құбылыстарына жан-жақты, жинақты түрде қарау қабілетін, өз бетімен тіл фактілерін талдау іскерлігін қалыптастыру[4, 42].
Қазақ тілі пәнінің міндеттері:
1) Толық сауатты адамдар даярлау;
2) оқушылардың творчестволық күштерін, танымдық қабілетін, өздігінен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Қандай адамды толық сауатты дейміз? Тілдің өзі мен оның грамматикалық құрылысы туралы білімдердің белгілі бір жиынтығын меңгерген адамды; ана тілінің барлық мүмкіндіктерін пайдалана алатындай болып қаруланған адамды; әдеби тілмен дұрыс сөйлеудің, мәнерлеп оқудың дағдысын игерген, грамматикалық және стилистикалық тұрғыда ауызша, жазбаша тіл ұстартуды жақсы игерген адамды толық сауатты адам деп есептейміз[4, 13]. Қазақ тілін оқыту міндеттерін мектептің ойдағыдай жүзеге асыру жағдайлары, қазақ тілін оқытудың қиын да күрделі міндеттерін шешу мына сияқты шарттарға (мектептің жалпы материалдық базасынан басқа) тікелей байланысты: бір жағынан мұғалімнің теориялық және практикалық даярлығы дәрежесіне, тәжірибесіне, екінші жағынан мұғалімнің қолында қазақ тілін оқытуды жақсы жолға қою үшін қажетті құралдардың болуына байланысты. Мұндай құралдардың қатарына мыналар жатады:
а) бағдарламалар (түсінік сөзі бар) - оқылатын материалдың мазмұны мен көлемін анықтайды, материалды сынып-сыныпқа бөлуді реттейді;
ә) оқулықтар мен оқу құралдары (көрнекі құралдар) - мұғалімнің жәрдемімен оқушылар сыныпта пайдаланады, өздігінен жұмыс істеу үшін сабақта және үйде пайдаланады;
б) ғылыми талданған мектептің, үздік тәжірибесін ескеріп жасалған пәнді оқыту әдістемесі.
5. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің мазмұны. Оқушы мектепте тілді оқу нәтижесінде тілдің өзі туралы, оның грамматикалық құрылымы мен сөздік құрамы жөнінде, тілдің дамуы, жетілу заңдары мен тарихы жөнінде мағлұматардың белгілі бір жиынтығын білуге тиіс. Тілдің қоғам өміріндегі, адамның өндірістік ісіндегі рөлінен хабардар болу керек. Әдеби тілдің ауызша және жазбаша түрін әр түрлі жағдайда практика жүзінде пайдалана білуге, оның айтылу, лексикалық және грамматикалық нормаларын игеруге, сауатты жазуға дағдылануға, әсерлі сөйлеуге, мәнерлеп оқуға т.б. тиіс[4, 29].
Қазақ тілі пәнінің мазмұнына білім, дағды, іскерік енеді. Бұлар оқулық пен бағдарламада айқын көрсетілген.
1.Білім - жалпы алғанда сыртқы дүниенің сәулесі, обьективті шындықтың тілдік формадағы идеялық қайта көрінісі ретінде сипатталады. Білім теориялық және эмприкалық болып екіге бөлінеді. Теориялық білім - заттар мен құбылыстардың мәнін білдіреді, олардың ерекшеліктерін, ішкі байланыстары мен қарым-қатынастарын айқвындайды. Теориялық білім дегеніміз жинақталған ұғым. Ол теориялық заңдар, заңдылықтар, себеп-салдарлық байланыстар, ұғымдар түрінде беріледі. Эмприкалық білім обьектілер мен құбылысиардың сыртқы ерекшеліктерін білдіреді., бұған түсініктер мен фактілер жатады.
Ұғымдар - дүниенің ойлаудағы сәулелену формаларының бірі, ұғымдардың пайда болуы - абстракт ойлаудың нәтижесі. Ұғымның екі түрі болады: жалпы ұғым және жекелік ұғым.
Жалпы ұғым - жекелеген заттар не құбылыстар емес, біртектес заттар мен құбылыстардың тұтас бірлігі. Олар бір атаумен беріледі. Мысалы. Дыбыс, қосымша т.б.
Жекелік ұғым - нақты тілдік обьектілер жөніндегі ұғымдар болады. Мысалы, дауысты дыбыс, жұрнақ, жалғау т.б.
Себеп-салдарлық байланыстар обьектілердің, құбылыстардың, процестердің арасындағы себептік қатынастарды білдіреді. Бұл байланыстарды тереңірек ашу тілдік құбылыстың ғылыми дәрежесін айқындайды.
Заңдылықтар обьектілердің, құбылыстардың, процестердің арасындағы неғұрлым негізгі, әрқашан қайталанып отыратын, біршама тұрақты байланыстар мен қатынастарды білдіреді.
Түсініктер - тілдік обьектілердің сезім бейнелері. Бұл суретердің жасалуына байланысты түсініктер ес және елес түсініктер болып бөлінеді.
Фактілер тіл пәнінде алуан түрлі: дыбыс, буын, сөз, сөз тіркесі, сөйлем.
2. Дағды әрекеттің автоматты орындалуы болып есептеледі.
3. Іскерлік - әрекет тәсілі болып есептеледі. Ол арқылы оқушы алған біліміне сүйенеді, оны үй тапсырсаларын орындауда қолданады, жаңа білім алады. Іскерлікті пайдалану әр уақыт ойлануды қажет етеді, онда автоматтық болмайды. Іскерлікті пайдалана отырып оқушылар әр түрлі ойлау әрекетін іске асыралды - анализ, синтез, жинақтау, абстрактілеу, салыстыру - бұлардың бәрі оқушылардың ойлауын дамытады[5, 33].


0.2 Қазақ тілі және пәнаралық байланыс

Тіл білімімен байланысы. Лингвистика мен әдістеме бір-бірімен тығыз байланыста жүреді. Әдістеме мен лингвистика ғылымдарының байланысы оқу үрдісінің екі жағы - оқыту объектісі мен оқыту тәсілінің тығыз бірлікте жүретіндігі арқылы анықталады. Яғни оның алғашқысы неге үйрету керек деген мәселені анықтаса, екіншісі қалай үйрету керек дегенді шешеді. Көптеген атақты лингвистердің шебер әдіскер болғандықтарының өзі бекерден-бекер емес. Олардың ішінен Л.В.Щерба, О.Есперсен, А.Х.Востоков, Ф.И.Буслаев, А.М.Пешковский сияқты белгілі ғалым-лингвистерді атап өтуге болады. Бұл ғалымдардың барлығы да лингвистика мен әдістеме ғылымының бірлікте жүретінін көрсете отырып, оны ары қарай дамытуға ықпал жасады. "Таким образом, мы приходим к очень важному выводу, а именно, что методика преподавания иностранных языков опирается, в отличие от прочих методик, не только на данные психологий, но и на данные общего или теоретического языкопознания", - деп Л.В.Щерба лингвистика ғылымының әдістеме ғылымында атқаратын рөлі туралы пікір айтады[4, 49].
Тіл білімінің негізгі заңдылықтарын жетік меңгермей тұрып, тілді дұрыс сөйлеп, дұрыс жаза білуге үйрету мүмкін емес. А.Байтұрсынұлы "Тіл - құрал" еңбегінде: " ... сондықтан сөйлей білу қандай керек болса, жаза білудің керектігі онан да артық. Сөйлеген сөздің жүйесін, қисынын келтіріп, сөйлеу қандай керек болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жазу сондай керек. Сөздің жүйесін, қисынын келтіріп жаза білуге: қай сөз қандай орында қалай өзгеріп, қалайша біріне-бірі қилысып, жалғасатын дағдысын білу керек",- деп қорытынды жасайды . Бұл жерде ғалым дұрыс сөйлеп, дұрыс жаза білу үшін негізгі тілдік заңдылықтар мен қағидаларды білудің маңыздылығын көрсеткен.
Сондай-ақ, ғалым Ф.Ш.Оразбаева: "Лингвистикалық заңдылықтар мен грамматикалық ережелерді үйренбей тұрып, адам өз ойын дұрыс жеткізе алмайды, сол тілде сөйлей алмайды",- деген тұжырым жасайды.
Яғни, қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтін басты нысаны оқушыларға тілді меңгерту болғандықтан, ол ең алдымен тіл біліміне арқа сүйейді. Өйткені мектепте қазақ тілі пәнінен өтілетін материал тіл білімі ғылымының негізінде белгіленеді. Атап айтқанда, фонетиканы оқыту әдістемесі, лексиканы оқыту әдістемесі т.с.с. аталудың өзі тікелей қазақ тіл білімі салаларының атаулары екені өз-өзінен түсінікті. Сондай-ақ, мысалы, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік талдаулар - әдістемелік тәсілдер, ал бұл атаулардың өздері және мазмұны тіл біліміне тән. Ендеше қазақ тілін оқыту әдістемесі өзінің бұдан былайғы даму барысында тек педагогикалық қана емес, белгілі дәрежеде тіл білімдік ғылым болып та қалыптасуда. Мысалы, тіл білімінен берілетін фонетикалық мағлұматтар дыбыстарды дұрыс айту, жазу, дұрыс сөйлеу, мәнерлеп оқуға, емлеге үйрету сияқты әдістемелік мәселелермен тығыз байланысты іске асырылады.
Ендеше әдістемелік негізде мектеп грамматикасы мен ғылыми грамматика бір-бірімен тығыз байланысты, тіпті біртұтас деуге де болады[6, 47].
Психологиямен байланысы. Психология оқушының психологиялық ерекшеліктерін сипаттайды: жоғары жүйке жүйесінің қызметі туралы ілімге сүйене отырып, ол оқытудың әдісі мен тәсілін психологиялық тұрғыда дәлелдеуге көмектеседі. Сөйтіп қазақ тілін оқытуға байланысты әдістемелік мәселелерді дұрыс түсініп, практика жүзінде шешуге мүмкіндік береді.
Мұғалім өзінің әрбір оқушысын, оның психикасын, материалды қабылдау және есінде сақтау дағдыларының дәрежесін білуге жағдай жасайды, оқушыларды жүйелі зерттейтін әдістермен қаруландырады Оқушының психологиясын білмей тұрып, қазақ тілі әдістемесі ұсынған әдістер мен тәсілдерді тиімді пайдалану мүмкін емес. Бұл әдістер мен тәсілдер оқушылардың жеке басының ерекшеліктерін, ойлау қабілетінің даму процесін, жалпы жетілуін есепке алмайынша, мақсатқа жете алмайды.
Педагогикамен байланысы. Жалпы тұрғыда педагогика жас ұрпақтарға білім, тәрбие берудің мәні, мақсаты, мазмұны, әдістері, құралдары мен ұйымдастыру түрлері туралы ғылым ретінде сипатталады. Дидактика педагогиканың маңызды бір бөлігі - оқытудың жалпы теориясы ретінде қазақ тілі әдістемесінің негізі болып табылады. Әдістеме дидактика ұсынған оқыту принциптеріне, оқыту әдістерінің теориясына сүйенеді[7, 23]. Мектепте қазақ тілін оқыту барысында ұрпақ тәрбиелеу проблемаларын талдап-шешуге қатысады, қазақ тілі сабақтарында берілетін тәрбиенің жолдарын (бұл тәрбиеге мазмұны сәйкес материалды, мысалдарды сұрыптау, көркем шығарма материалын пайдалану т.б.) тіл құралдары арқылы іске асыруды жан-жақты қарастырады.
1.3 Қазақ тілін оқытудың принциптері

Қазақ тілі әдістемесі - ана тілін ұғынудың заңдылықтарын, тілдің қыры мен сырын балаға үйретудің жолдары мен құралдарын зерттейтін педагогика ғылымының бір саласы. Педагогика ғылымының дидактика саласы оқыту; ұстанымдарын, оқуды ұйымдастырудың алуан түрлі әдіс-тәсілдерін, білімді игертудің ең тиімді, ұтымды жолдарын, іскерлік пен дағдыны қалыптастырудың амалдарын зерттейді. Сабақ үстінде, тақырыпты меңгерту барысында мұғалім дидактиканың оқыту, білім беру жөніндегі теориялық қағидаларына сүйенеді.
XVIII ғасырда өмір сүрген әйгілі чех педагогі Ян Амос Коменский дидактика саласында еңбек етіп, кейінгі ұрпаққа өшпес із қалдырды. Педагогтің "Ұлы дидактика" еңбегінен кейінгі ұрпаққа өнеге болатындай сөздер орын алды. Кейбір педагогтар баланың сезім қабілетін ескермей, оның ақылын дамытуды ғана көздеген. Оқыту мен тәрбиелеудің бұл тәсіліне Я.А.Коменский қарсы болды. Ол әр түрлі сыртқы әсерлерді адамның қабылдауы сезімнен басталатындығын өз еңбегінде айтқан. Оқу- тәрбие жұмысының негізгі әдісі - баяндау мен сөзге құрылған бақылау емес, дидактика заңдарын терең қолданып, жаттықтыру, яғни білімді іскерлік негізінде меңгеріп, оны дағдыға айналдыру. Осы тұрғыда Я.А.Коменскийдің мектепті жаттығу орнына балауының маңызы зор. Ол: "Білімнің негізі зат пен құбылыстың өз табиғатынан алынсын. Ұстаз аз сөйлеп, шәкірт көп үйренетін болсын. Тәртібі жоқ мектеп сусыз диірменге ұқсайды. Білімнің негізінде әдемі зат, көркем текст содан соң талдау, аяғында қорыту тұрады" - деген дидактикалық қағидалары осы күнге дейін өзінің құнын жойған жоқ.
Я.А.Коменскийдің идеясын одан әрі жалғастырған орыс педагогі К.Д.Ушинский ана тілін мектепте оқылатын пәндердің негізгісіне теңеп: "Ана тілін толық меңгермеген бала тарихты, географияны, жаратылыстану ғылымдарын және математиканы үйренген кезде теореманы немесе математикалық есепті өз сөзімен айтып бере алмайтын күйге ұшырайды. Ана тілі басқа пәндердің бәріне қатысы бар және олардың нәтижелерін өзіне жинастыратын басты, өзекті пән екені енді түсінікті емес пе?"- деген болатын. К.Д.Ушинский оқу материалын меңгеруде әңгіме, салыстыру, пысықтау, бекіту сияқты әдістерді тиімді қолданудың жолдарын көрсетеді.
Дидактика - педагогика ғылымының білім беру және оны оқыту теориясын қарастыратын саласы. Ол білімнің мазмұнын, ғылыми негізін, оқыту әдістерін зерттейді. Нені оқыту керек, қалай оқыту қажет деген сұрақтарды шешіп отырады. Осы мәселелер женінде өзінің ұстанымдарын белгілейді[8, 89].
Қазақ тілін оқыту жөніндегі әдіскер-ғалымдардың еңбектерінде дидактикалық ұстанымдардың бірнеше түрлері қамтылған. Б.Құлмағанбетова дидактикалық ұстанымдардын сегіз түрін, атап айтқанда, оқытудың ғылыми ұстанымын, жүйелілік ұстанымын, материалды дұрыс орналастыру ұстанымын, алдын-ала болжау ұстанымын, саналылық ұстанымын, оқытудың берік, тиянақты болу ұстанымын; теория мен практиканы өмірмен байланыстыру ұстанымын, оқытудың көрнекілік ұстанымын ұсынады.
С.Қазыбаев балаларды тәрбиелеу әрі дамыту,оқу материалын саналы меңгерту, ғылыми дұрыс білім беру, білім, білік, дағды беріктігі, түсініктілік, көрнекілік, оқушылардың оқу еңбегінде көрсеткен белсенділігі мен өздік жұмысы, білімнің жүйелілік және бірізділігі, оқытудың сабақтастығы ұстанымдарын -барлығы тоғыз ұстанымның қажеттігін айтады.
Әдіскердің ұсынған сабақтастылық ұстанымы Б.Құлмағанбетова ұсынған алдын-ала болжау ұстанымына ұқсас. Дегенмен, айырмашылығы да бар. Бұл екі ұстаным да алдыңғы сабақта өтілген материалдың толықтырылатынын ескертеді. Бірақ, алдын-ала болжау - алдыңғы сабақта оқытылатын материалды меңгертудің тиімділігін алдын-ала болжап, бастауыш сыныптарда өтілген тақырыптар жоғары сыныптарда толықтырылып өтілетініне сүйенеді. Ал сабақтастық ұстанымында әр күн, әр тақырып, әр бөлім бір-бірімен сатылап байланысады.
Ә.Исабаев ұстанымдарды ғылыми, жүйелі, көрнекілік, саналылық пен белсенділік, теорияны практикамен байланыстыру, түсінуге жеңіл қолайлылық, оқушылардың психикалық ерекшелігін ескеру ұстанымдары деп топтастырады. Әдіскер ұсынған оқушылардың психикалық ерекшелігін ескеру ұстанымы басқа әдіскерлердің еңбектерінде кездеспейді.
А.Әбілқаев оқытудың тоғыз ұстанымын ұсынады. Әдіскер ұсынған жаңа ұстаным - перспективті ұстанымы. Перспективті ұстанымы оқыту тек әрбір сабақтың ғана мақсатын көздемей, сол сабақта не оқытылады, қазіргі оқытылып жатқан материалды оқушылар ұққанда, оның келешекте өтілетін материалды меңгеруге қандай көмегі бар дегенді негізге алады[9, 7-8].
Қазақ тілін оқытудың барысында мұғалім оқытудың формалары мазмұнын, міндеттерін шешуде, әдістемені анықтауда дидактикалық принципті басшылыққа алады. Принцип - латын сөзі основа первоначально-руководящая идея... қазақшасы - оқытуда басшылыққа алатын идея, қағида. Қазақ тілін оқытудың барлық сатысында бағыт беретін негізгі жұмыс бағыты осы.
Дидактикалық принципті алғашқы зерттегендер: чехтың ұлы педагогі Я.А.Коменскийден басталса, орыстың ұлы педагогі К.Д.Ушинский, қазақ халқында Ы.Алтынсарин құнды пікір айтты. Оқытудың бағытын, принциптерін зерттеуде Одақ кеңес кезінде педагог ғалымдарымыз көп еңбек сіңірді. Мысалы, Н.А.Сарокин оқыту принциптерінің 8 түрін тұжырымдап көрсетсе, М.А.Данилов "Дидактика средней школы" 1975 ж. кітабында дидактикалық принциптің 7 түріне түсінік береді. Т.А.Ильина "Педагогика" кітабында оқытудың 7 түрлі принциптеріне анықтама береді. Ю.К.Бабанский Педагогика, І977 ж. оқыту принциптерінің 13 түріне тоқталады.
Қазақ балаларын оқытуда Ы.Алтынсарин мұғалімдерге өте жоғары талап қоя білген: ...әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру, өз оқулығында "Қырғыз хрестоматиясы" тақырыптарға сәйкес суреттеу, сурет арқылы беру сияқты, көркем жазуды, әріптердің формасын дұрыс түсінуге, дағдыландыруды үйрету ...шәкірттердің барлық сезім мүшелерінің - көз, қол, есту қабілетін, тілді, зейінді дағдыландыру, баланың барлық қабілеттерін жаттықтыру арқылы және оған өз бетімен жұмыс істеу керек, - дейді[10, 65]. Ы.Алтынсарин оқыту принциптеріне: түсініктілік принципі, көрнекілік принципі, жаттығу принципі, өз бетінше оқыту, саналылық принципін ұсынған.
Қазақ тілін оқыту әдістемелерінде оқытудың 4 және 7 түрлеріне талдау жасалынған.
Сонымен қазақ тілін оқыту принциптері былайша топтастырылады:
а) Қазақ тілін оқытудың ғылымилық ұстанымы
ә) Жүйелілік ұстанымы
б) Көрнекілік ұстанымы
в) Саналылық пен белсенділік ұстанымы
г) Тероияны практикамен байланыстыру ұстанымы
ғ) Түсінуге жеңіл қолайлылық ұстанымы
д) Оқытудың психологиялық ерекшелігін ескеру ұстанымы
Заман талабына сай оқыту принциптері іздеуді, зерттеуді қажет ете береді.
Қазақ тілін оқытудың ғылымилық ұстанымы. Қазақ тілінің негізгі салаларын оқыту да ғылыми фактілерге, дәлелдеулерге, ұғымдарға, екінші сөзбен айтқанда, ғылыми принципке негізделеді. Профессор Ә.Исабаев: Оқушыларға берілетін тілдік мәліметтер төмендегі өлшемге сәйкес болуы қажет: Меңгерілетін объектінің термині анық болуы қажет, мәселен төртінші және бесінші сынып оқушыларына берілетін және онымен таныстырылатын терминнің аясын аса ғылыми дәрежеде кеңейтіп беруге болмайды: айталық дауысты дыбыстарды - вокализм деп, дауыссыз дыбыстарды - консонантизм деп түсіндіруге келмейді. Сондай-ақ қосынды дауыстыларды - дифтонгит деп түсіндіруге болмайды. Сондықтан да қазақ тілінен нақтылы білім беруде, сол сынып деңгейіне ғана сиятын терминдерді ғана пайдалануға болады, - дейді.Сонымен қатар меңгерілетін тақырыптарды өзіндік белгілерінің, анықтамалар мен ережелерінің, берілетін практикалық дағдылардың дәл, анық болуы мектеп оқушыларының тілдік материалды жан-жақты түсінуіне септігін тигізеді[11, 41-43]. Сөйтіп, қазақ тілін оқыту барысында оқытушы берілетін білімнің (тақырыптың) ғылыми жағына, оның зерттелуі, тарихи даму ерекшелігі, ғылыми фактілер, анықтамалар, терминдерді оқушылардың жас ерекшелігіне қарай түсінікті айту арқылы жүргізеді.
Жүйелілік және көрнекілік ұстанымы. Қазақ тілін оқытуда оқытушының бірінші басшылыққа алатыны - әр сыныптың жас ерекшелігіне байланысты білім көлемінің бір жүйеде берілуі. Бағдарламада берілген материалдың орналасу жүйесі бастауыш сыныпта, орта және жоғарғы сыныпта көрсетілген. Берілген материалдар сабақтаса отырып, толықтырылып, кеңейтіліп, сатыдан сатыға өткен сайын тереңдеп ғылыми жағынан байып отырады. Мысалы: 6-сыныпта Зат есім тақырыбы бойынша алдымен анықтамасы, сұрақтары, мағыналары, түрлері оқытылса 7-сыныпта Зат есімнің түрленуі тақырыбымен толықтырылады. Яғни, зат есімнің көптелуі, тәуелденуі, септелуі, жіктелуімен сабақтастырылады. Бағдарламада көрсетілген тәртіптелген өзара байланысты білім жүйесі ғана жас ұрпаққа іс жүзінде пайда келтіріп, әрі қарай білімді терең игеру жүйесіне түседі. К.Д.Ушинский: Тек жүйе ғана бізге өзіміздің білімімізді бақылауымызға толық билік береді. Үздік-үздік өзара байланыссыз білімге толы бас, ішінде барлық заттары шашылып жатқан, онан қожасының өзі де ештеңе таба алмайтын қоймаға ұқсайды, ішінде білімсіз жүйесі ғана бар бас, барлық жәшіктеріңде жазуы бар, ал жәшіктері қаңырап бос жатқан дүниеге ұқсас. К.Д.Ушинский: О преподавании русского языка. Соч. 5, М.: Изд-во, АПН РСФСР, 1949, ст. 355. К.Д.Ушинский жүйелілік қана өз білімімізді толық меңгеруімізге мүмкіндік береді деп санаған. Бірімен-бірі байланыспаған әр түрлі мәліметтердің үзінділері түріндегі білімнен адам өзіне керегін тез таба да, пайдалана алмайды деген болатын. Сондықтан оқушыға оқытылуға тиісті тілдік мәліметтер әбден ойластырылған, тілдің табиғатына сай, олардың бір-бірімен байланыстылығының негізінде берілуі керек[12, 87]. Жүйелілік принципі жаңа материалды түсіндіруде, білім мен дағдыларды бекітуде, біріккен сабақ құрылымында, білім мен дағдыларды тексеруде, пысықтау мен қайталауда, үй тапсырмасын беруде және оны тексеріп, еске түсіруде іске асырылады.
Көрнекілік принципі пәнді оқыту ісінде өте маңызды орын алады, тілді оқытуда ерекше қызмет атқарады. К.Д.Ушинский таныс емес бес сөзді қаншама қайталап қиналатын оқушы сурет арқылы көрсетілген жиырма сөзді лезде үйреніп алады деп бекер айтпаған. Он рет айтқаннан бір рет нақтылы көрсеткеннің пайдалы екеніне ешкім де таласпайды. Сондықтан мұғалім қазақ тілі сабағында көрнекілікті өте ұтымды қолдануы қажет.
Көрнекілік принципі оқушылардың қазақ тілінен берілген білімді көрнекілік арқылы оқытуға бағыт береді. Ең алғаш оқытудағы көрнекілік туралы айтып, құнды пікір қалдырған Я.А.Коменский болатын. Оның көрнекілік туралы айтқан "Алтын ережесінде": "...бала сезімі қабылдай алатын нәрселердің барлығын сезім әсерлерін туғыза білдірген жөн: көруге болатынды көзге көрсет, естуге болатын нәрсені құлақ қойып тыңдасын, иісін иіскеп білсін, дәмін татып көрсін, қолына ұстап нәрсенің қатты, жұмсақтығын, т.б. байқасын..." - деген болатын Я.А.Коменский. "Ұлы дидактика". Оқушы казақ тілінен берілген білімді схема, таблица, плакат, сурет т.б. көріп қана қоймайды, арнаулы сұрақтарға жауап іздеп, ең маңызды қасиеттерін білуге ұмтылады. Көрнекіліктің түрлері көп. Әр тақырыптың ыңғайына қарай көрнекілікті таңдауға болады. Көрнекіліктің түрлерін педагогиканың дидактика тарауында көрсеткен.
Жаратылыс көрнекілігі. кептірілген өсімдіктер, хайуандар мен құстардың тұлыбы, минералдар және т.б. жатады. Оқушыларды табиғатқа экскурсияға апару арқылы шағын әңгіме, мазмұндама, шығарма жаздыру;
Заттар және бейнелеу көрнекілігі: муляж, геометриялық фигура, макет, портреттер, архитектура, кескіндеме және мүсін үлгілері, жер бетінің бедері т.б.
Символикалық көрнекілікке карталар, картограммалар, схемалар, диаграммалар, кестелер жатады. Мысалы кестенің бірнеше түрлері бар. Олар: хронологиялық, синхрондық, тақырыптық, графикалық кестелер.
Экранды - динамикалық көрнекілік шындық дүниені бейнелейді. Олар: диапозитивтер, диафильмдер, эпипроекциялар, оқу киносы, оқу теледидары.
Дыбысты техникалық көрнекілікке грампластинкалар, магнитофильмдер, радиоқабылдағыштар жатады[13, 98].
Көрнекі құралдар оқу материалдарын, әсіресе, теориялық ережелерді есте жақсы сақтау және жеңіл түсіну үшін қолданылады.
Саналылық пен белсенділік ұстанымы. Мектеп оқушыларына қазақ тілінен білім беру барысында олардың саналы түсіну қабілеті дамытылып отырылады. Тілдік фактілерге байланысты мәліметтерді оқушылар жаттанды түрде емес, саналы түрде меңгеруі керек. Саналы түрде меңгеру үшін мынадай жұмыс түрлері іске асырылады: 1) Тілде берілетін мәліметтерді жеке түсіндіріп, ол мәліметтерді өз түсінігі бойынша айтқызып отыру. Түсіндіру кезінде объектілердің өзіндік белгілері толық қамтылуы қажет; 2) Түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылар тапсырманы еркін орындау керек; 3) Күнделікті, тоқсандық және жылдық қайталаулар кезінде өткен материалдарға байланысты сұрақтарға толық жауап болуы тиіс; 4) Орфография мен орфоэпияға байланысты дағдыларды шартына қарай орындай білуі керек; 5) Күнделікті өмір қажетіне қарай практикалық дағдыларды саналы түрде меңгеруі керек. Білімді саналы меңгерту - мұғалімнің білімдарлығы, түсінігінің айқын дәлдігі, жеткілікті түсіндіруінен көрінеді. Білімді саналы меңгерген оқушы өз белсенділігін оқудың бүкіл барысында көрсете алады. Саналы көзқарас білімді саналы меңгерумен бірге, оқушының іскерлік пен дағдыны саналы меңгеруге қалыптастырады. Бұл принцип - қағида, қазақ тілінен беріліп отырған білімді шеберлікпен айқын да, анық түсіндіргенде, таным процесінің аяқталу барысында жаңа білімді түсіндіргеннен кейін белсенділік танытады. Белсенді оқушы алған білімін жаттығу кезінде де көрсете алады. Белсенділіктің көрінбеуі жайында академик Ю.К.Бабанский: "Сабақ үстінде белсенділіктің көрінбеуі - оқытушы білімді саналы игермегенін, формализм ең алдымен, айқын ситуацияға сәйкес методикалық әдіс-тәсілді таңдай білмеуінен көрінеді", - дей келіп, екіншіден, мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасының нашарлығынан - деп, олардың сабаққа деген ықыласын, ынта-жігерін жоятынын айтады (Ю.К.Бабанскйй. "Оптимизация процесса обучения", Москва, 1977. Принципы обучения, с. 26.). Қазақ тілі сабағында білімнің төмен берілуі, оқушының психологиясымен санаса алмаған, педагогикадан да хабары шамалы, методиканы жете білмеуден болады. Ғалымдардың пікірінде, мұндайды - оқытудағы формализм дейді. Білімді саналы да, сапалы игерген оқушылар - сабақта үнемі белсенділік көрсетіп отырады[14, 48].
Тероияны практикамен байланыстыру және түсінуге жеңіл қолайлылық ұстанымы. Мектепте қазақ тілінен алынған теориялық білімді күнделікті өмір қажетіне қолдана білу теорияны практикамен байланыстыру принципі болып табылады. Оқушыларға қазақ тілінен теориялық білім мен практикалық дағдылар беріледі. Осы алған білімдерін кеңейте отырып, оны күнделік өмір қажетіне жаратады. Оқушыларға диалогтық сөйлемді меңгертумен бірге монологтық сөйлеу де үйретіледі. Оқушылар ауызша мазмұндаудың бірнеше түрлерін де меңгереді. Сонымен бірге ауызша және жазбаша тілін дамытуға, жылдам әрі саналы мәнерлеп оқуға, әртүрлі баяндамалар жасауға және іс қағаздарының алуан түрлерін жазуға дағдыландырылады. Қазақ тілінен берілетін теориялық білім мына сияқты практикалық мақсаттарды жүзеге асырады: 1) тілден алған теориялық білімін ауызша және жазбаша мақсатта қолдана білу; 2) түрлі талдаулар жасай білу; 3) орфография мен орфоэпиядан алған білімді ауызша және жазбаша түрде сауатты іске асыру[15, 57].
Дидактиканың түсінуге жеңіл қолайлылық принципінің де маңызы зор. Бұл сабақтың алғашқы күнінен бастап үнемі сақталуға тиісті. Мысалы, алғашқы үйретілетін сөзді таңдауда бір буынды сөзді үйрету мен көп буынды сөзді үйретуді салыстырып, оқушы оның қайсысын тез үйренеді деген сұраққа тәжірибелі мұғалімдер бір буынды сөзді оқушы тез үйренеді деп жауап береді. Бұл алғашқы сабақтарда қолданылса, сол қалыпта қалуы мүмкін емес. Себебі барған сайын оны күрделендіру принципін ұстану керек.
Бұл - бір сыныптағы әр сабақта, әр сыныпқа көшкен сайын тілдік материалды оқыту процесінде қолданылатын принцип.
Бұл принцип оқушылардың жас ерекшеліктерін, білім дәрежесі мен сынып түрлерін ескере отырып, мұғалімнің түсіндіруі, оқулық тілі және оның баяндау желісі сияқты үш түрлі ерекшеліктерді басшылыққа алады. Қазақ тілінен берілетін теориялық білімнің анықтамалары мен ережелері, терминдері мен өзіндік белгілері, жасалу жолдары мектеп оқушыларының қабылдау, ойлау сияқты психикалық қасиеттеріне лайықты түсіндіріледі. Түсінуге жеңіл қолайлылық принципін іске асыруда мұғалім мынадай әдістемелік жүйені пайдаланады: Алдымен қазақ тілінен тақырыптарды дәл таңдап алып, оны жеңіл мысалдармен түсіндіреді; тілдік тақырыптардың өзіндік белгілерін анықтайтын мысалдар көрсетіп, оларды талдайды; тақырыптың өзіндік ерекшеліктерін оқушыларға айтқызып, ауызша мысалдар келтіртеді; бұл мысалдарына талдау жасатады; талдау үстінде тақырыптың өзіндік белгілерін саралап айтқызып, қорытынды пікір шығаруға төселдіреді[16, 3-9].
Оқытудың психологиялық ерекшелігін ескеру ұстанымы. Әр сыныптың өз білім деңгейі болатыны белгілі. Сонымен қатар оқушының өзіндік жас ерекшелігі мен психикалық ерекшелігі бар. Сондықтан да қазақ тілін оқытуда осы ерекшеліктер ескеріліп, тілдік материал соған лайықталып беріледі. Оқушының психикалық ерекшелігі мен білім деңгейінен оның білімді қабылдау мүмкіндігі туады. Ал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілін талдау оқыту әдістемесі
Қазақ тілін оқытудың зерттеуі
Тілдік қатынасқа жалпы анықтама
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ, ӘДІСТЕРІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ
Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің негізгі белгілерінің салыстырмалы сипаттамасы
Жоғары оқу орындарында шетел тілін үйренудің теориялық негіздері
Бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекетінің теориялық негіздері
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ
Қазақ тілін оқыту әдістемесін талдау
Аударманы оқыту әдістемесінің қазіргі кездегі өзекті мәселелері
Пәндер