«Тәуелсіздік» пен «25» санының қазақ ұлттық танымындағы алатын орны



1 Әр айдың жиырма бесінші жұлдызы ел мерейін үстем ететін оқиғалары
2 Жиырма бес санының қазақ ұлттық танымында алар орны
Жоғарыдағы келтірілген жылдардың әр айының жиырма бесінші жұлдызы ел мерейін үстем ететін оқиғаларымен тарих беттерінде өзіндік орын қалдырды. Ал бұл жиырма бес санының қазақ ұлттық танымында алар орны тіпті ерекше. Дәлірек айтар болсақ, бұл «жиырма бес» саны екі санның таңбасының қосындысынан тұрады, ол «екі» және «бес» сандары.
Екі саны – жұп сан болғандықтан, тұрақтылық, жұптылық символы болып табылады. Және де бинарлық жүйенің негізгі болып, не нәрсені қарама-қарсылықта таниды: оң – теріс, әйел – еркек, өмір-өлім, жақсылық-жамандық, алға-артқа, тәуелді-тәуелсіз т.б. Мысалы: «Екі сиыры бардың майы бітпес, Екі қатыны бардың дауы бітпес»; «Екі торының өзгелігі жоқ, Игі жақсының бөтендігі жоқ»; «Екі жаман ауыл болмас, ауыл болса да қауым болмас», «Екі жақсы қосылса, бірін-бірі сыйлап өтер, Екі жаман қосылса бірін-бірі қинап өтер», «Екі нар сүйкенсе, ортасында шыбын өледі»[3, 137].
Бес саны қазақ үшін ең маңызды сан, ол қазағымыздың дәстүрінде жақсы дәріптелген. Оған дәлел бес жақсы, бес қанатты қазағымыздың киіз үйі, қазақ батырының бес қаруы және бес тас тағы басқалар. Атын атап – түсін түстейтін болсақ, бес жақсы – қазақ дәстүрі бойынша мал есебімен төленетін қалың малдың алғашқы тобы; 1. Тоғыз түйе, төрт құлынды бие, төрт құнан, төрт байтал, жеті тай не бір ту бие; 2. Нар, кілем, ат, қылыш, ең тәуір кілімдер. Қазақтың бес қанат үйі - бес керегеден құралған қазақ үйі. Бесқару (Ер қаруы – бесқару) – садақ, найза, қылыш, айбалта, сауыттардың жиынтығы. Бес тас – қазақтың ұлттық ойыны[4, 127]. Соған қоса қазақта жалпы мұсылман халқында бес жасқа келген баланы сүндетке отырғызар әлі күнге жалғасқан ата дәстүріміз де бар. Бұл жерде бес жасқа келген баланы сүндеттелуі де бекер емес. Бес жас ер баланың ес тыйып, ер жетер шағы. Қазақта: «Бесік баласы бесінде түлейді» деген мәлел соның дәлелі болса керек.
1. Тәуелсіз Қазақстан: күннен күнге. Оқиғалар хроникасы: Құжаттар жинағының сериясы. Құраст. Б.Ғ.Аяған, Х.М.Әбжанов, Б.Б.Еңсепов. – Алматы: Раритет, 2011. I том (1990-1995 жж.). – 320 б.
2. Тәуелсіз Қазақстанның саяси тарихи / Оқиғалар жылнамасы – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2010. – 464 бет.
3. Қанапина С.Ғ. Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің танымдық бейнелігі. (Ғ.Мұстафин, С.Мұқанов шығармары негізінде). Қостанай. ТОО «Центрум», 2010. – 180 б.
4. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Т.Жанұзақов. – Алматы: Дайк-Пресс, 2008. – 968 б.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Алиақпарова Алмагүл
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының
Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 4 курс студенті

Тәуелсіздік пен 25 санының қазақ ұлттық танымындағы алатын орны
1990 жыл 25 қаңтар. Алматыда М.Ю.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс театрында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің, Қазақ ССР Жоғарғы Советі мен Министрлер Советінің органы - Казакстанская правда газетінің 70 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өткізілді[1, 9].
25 наурыз. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші секретарі, Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Председателі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты жақтап сайлаушылардың 92 пайызы дауыс берді[1, 12].
25 мамыр. Алматы облыстық партия конференциясында сөйлеген кезінде Қазақ ССР Президенті, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н.Ә.Назарбаев СОКП Орталық Комитетінің белгілі қаулысындағы қазақ халқының ұлтшылдығы деген айыптың алып тасталғанын хабарлады[1, 16].
1991 25 қазан. Республика Үкіметінің шешімімен Алматы қаласында Қазақстан академиялық мекемелеріне тағы бір академиялық институт Механика және машина жасау институты қосылды[1, 21].
1992 жыл 25 тамыз. Қазақстан Республикасы Президентінің Әскери ант туралы Жарлығы жарияланды[1, 129].
1993 жыл 25 қыркүйек. ҚР-ның Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов АҚШ-тың елшісі Джеймс Гудби бастаған делегациясымен кездесіп, КСРО мемлекеттеріндегі атомдық қаруды демонтаждау жөнінде келіссөздер жүргізілді[1, 190].
1994 жыл 25 ақпан. Қазақстан Республикасы әрбір қазақстандық үшін елеулі дата - тың және тыңайған жерлерді игерудің басталуына 40 жыл толуына орай елдің экономикасын, мәдениетін және әлеуметтік саласын дамытудағы бүкілхалықтық әзірлікке айрықша маңыз бере отырып, Үкімет Қазақстан тыңы қоғамдық-саяси шарасын өткізуге шешім қабылдады[1, 226].
1994 жыл 25 қазан. Алматыда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз резиденциясында наградталғандардың алғашқы тобына Қазақстанның жаңа ордендері мен медальдарын тапсырды [1, 249].
1995 жыл 25 қаңтар. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев пен Еуропалық Одақ кеңісінің төрағасы Ален Жюппе Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасында саясат, мәдениет және әлеуметтік салаларда тығыз қарым-қатынастарды орнататын құжаттарға қол қойды[1, 268].
1995 жыл 25 наурыз. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1995 жылы 29 сәуірде Республикалық референдум өткізу туралы Жарлығы шықты[1, 279].
1995 жыл 25 мамыр. Экономикалық одақтың мемлекетаралық экономикалық комитетін құру туралы келісім бекітілді.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Төлем одағын құру туралы келісім бекітілді.
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы Ресей Федерациясы азаматтарының Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріндегі контракт бойынша әскери қызметі және олардың мәртебесі туралы келісім бекітілді.
Тәуелсіз Ммемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ұлттық гидрометеорология қызметтерін қамтамасыз ету үшін тауар беру туралы келісімдер бекітілді[1, 288].
1996 жыл 25 қыркүйек. Алматы қаласына Қазақстанның іскер топтарымен келіссөздер жүргізу үшін француз бизнесмендерінің делегациясы келді[2, 139].
1997 жыл 25 тамыз. Түркияның Измир қаласында Түркі халықтары Ассамблеясының IV Құрылтайы болып өтті.
25 қыркүйек. Ұлттық Ғылым академиясында Мұхтар Әуезов - XX ғасырдың ұлы суреткері тақырыбы аясында мерейтойлық сессия болып өтті[2, 167].
25 қазан. Алматыда, Парламент үйі алдындағы саябақта, қазақтың қос батыр қыздары Әлия мен Мәншүкке арналған ескерткіш ашылды[2, 170].
1998 жыл 25 қыркүйек. Президент Н.Ә.Назарбаев Оман Республикасының ұлттық Экономика министрі Ахмед Абдунаби Маккимен кездесу барысында Қазақстанға Астананың дамуына 10 млн. АҚШ долларын беру туралы келісімге қол жеткізілді[2, 194].
1999 жыл 25 ақпан. Мәскеуде Қазақстанның Энергетика, индустрия және сауда министрлігі мен Ресейдің Энергетика және отын министрлігі арасында екі елдің жанармай-энергетикалық кешендерінің дамуы мен ынтымақтастығы туралы келісім хаттамасына қол қойылды[2, 207].
1999 жыл 25 мамыр. Астанада ТМД мемлекеттерінің шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бойынша консультациялық кеңестің 6-мәжілісі өтті[2, 212].
2000 жыл 25 қазан. Президент Н.Назарбаевтың Данияға ресми сапары болды, Данияның Премьер-министрі П.Н.Рамуссенмен келіссөздердің барысында екі жақты ынтымақтастық мәселелері мен өзара мүдделік туғызатын халықаралық проблемалардың кең ауқымы талқыланады[2, 245].
2001 жыл 25 қаңтар. 1873 жылы 25 қаңтарда қазақтың ұлы ағартушы ғалымы, публицист әрі ақын Ахмет Байтұрсынұлы дүниеге келді.
Президент Н.Назарбаев америкалық ықпалды Бизнес уик журналына сұхбат берді.
2001 жыл 25 ақпан. Журналистер одағының Құрылтай конференциясы болып өтті[2, 253].
2002 жыл 25 сәуір. Алматыда I Еуразиялық Медиа-Форум өз жұмысын бастады[2, 279].
2003 жыл 25 сәуір. Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылды[2, 293].
25 маусым. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Канадаға ресми сапары барысында Премьер-министр Жан Кретьенмен шағын топтағы кездесуі өткізіліп, кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізілді.
Қазақ жазушысы, жаңа әдебиеттің негізін қалаушылардың бірі Мағжан Жұмабаевтың (1893-1937) туғанына 110 жыл[2, 299].
2004 жыл 25 тамыз. Премьер-министрдің басшылығымен өткен Парламент отырысында ғарыш саласын дамыту бағдарламасының жобасы мақұлданды.
Үкімен отырысында Қазақстанның 2010 жылға дейінгі білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасының жобасы қабылданды.
Алматыда Сайлау үдерісіндегі саяси партиялардың рөлін жоғарылату тақырыбында дөңгелек үстел өтті[2, 311].
2005 жыл 25 қараша. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитеттің депутаттары Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң жобасын қарады[2, 346].
2006 жыл 25 қыркүйек. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясы Үкімет басшысының 1-орынбасары Дмитрий Медведев Астанада өткен кездесуде екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселесін талқылады[2, 371].
Жоғарыдағы келтірілген жылдардың әр айының жиырма бесінші жұлдызы ел мерейін үстем ететін оқиғаларымен тарих беттерінде өзіндік орын қалдырды. Ал бұл жиырма бес санының қазақ ұлттық танымында алар орны тіпті ерекше. Дәлірек айтар болсақ, бұл жиырма бес саны екі санның таңбасының қосындысынан тұрады, ол екі және бес сандары.
Екі саны - жұп сан болғандықтан, тұрақтылық, жұптылық символы болып табылады. Және де бинарлық жүйенің негізгі болып, не нәрсені қарама-қарсылықта таниды: оң - теріс, әйел ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кие қандай атау
Тәуелсіздік жылдарындағы поэзияның егемендік келбеті
Сұлулық концептісінің тілдегі көрінісі
Аққу неге киелі
Бердібек Соқпақбаевтың тілдік тұлғасы
Қазақстан тарихындағы тіл саясаты
Жалпы түркі тілдеріндегі сан атаулары
Қазіргі айтыс тілінің ерекшелігі
Ғ.ЕСІМНІҢ ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНДА АЛАР ОРНЫ МЕН КӨЗҚАРАСТАРЫ
М.Дулатұлының шығармаларындағы сипатталатын ұлттық құндылықтарды оның өзінің тілі арқылы көрсету
Пәндер