ДКВР-20 бу қазан қондырғысын автоматтандыру жүйелерін монтаждау


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе
ДКВР қазан автоматтандыру жүйелерін монтаждаған, жөндеген және оған техникалық қызмет көрсеткен кезде жұмыстардың әр алуан түрлерінің көп саны жасалады. Қазан қондырғының жұмыс жасау принципі отын жануынан пайда болған жылуды суға немесе буға беру. Осыған байланысты қазандық қондырғылардың негізгі элементтері - қазанды агрегат және жандыру құрылғысы. Жандыру құрылғысы отынды үнемді әдіспен жағуға және отынның химиялық энергиясын жылуға айналдыру үшін қолданылады.
Қазандық агрегат жанған отын жылуының суға және буға берілуі жүретін жылуалмастырғыш құрылғыдан тұрады. Қазандық қондырғылар отын ретінде газ қолданылады. Оның ретінде мазут (сұйық отын) , қатты отын, көмір, торф. Қазандық қондырғылар бір - бірімен жалғанған ортақ құбыр - коллектордан тұратын бірнеше агрегаттан құралады.
Оларды дұрыс және дәлелді қолдану жұмыстардың жоғары сапасын қамтамасыз етуге, еңбек өнімділігін арттыруға, қауіпсіздіктің жоғары деңгейі кезінде электр жабдығын монтаждау және жөндеу мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік жасайды. Монтаждау және жөндеу жұмыстары қол құрал-сайманымен немесе механикаландырылған құралдармен және құрылғылармен орындалуы мүмкін. Жұмыстарды қол құрал-сайманымен орындау айтарлықтай еңбек сыйымдылығымен сипатталады. Механикаландыру құралдарын пайдалану қол еңбегін жеңілдетеді және еңбек өнімділігін арттырады.
Коммуналды - тұрмыстық, өндірістік объектілерді, ауыл шаруашылық қызметтер үшін сонымен қатар жылыту үшін қолданылады.
Қондырғы екі бөлікке бөлінген ғимараттан тұрады. орнатылған.
Екінші бөлікте қазанды басқаратын екі блок және электр энергиясын есептейтін блок орналасқан. Қондырғыны басқару автоматтандырылған суды қыздыру Бірінші бөлікте қазандар, аккумулятор - сыйымдылық, екі сорап, екі электрқозғалтқыш, су келетін және шығатын құбыр және ысырмалар термореттегішімен бақыланады.
Электрлік бу және су жылытатын аппарат. Ыстық су және қаныққан бу алу үшін арналған әртүрлі өндірістік объектілерді технологиялық жылумен жабдықтау үшін қолданылады.
1 Жалпы бөлім
1. 1 Объектілердің автоматтандыру құрылғыларының тізімі
Қазандық агрегат жанған отын жылуының суға және буға берілуі жүретін жылуалмастырғыш құрылғыдан тұрады. Қазандық қондырғылар отын ретінде газ қолданылады. Оның ретінде мазут (сұйық отын), қатты отын, көмір, торф. Қазандық қондырғылар бір - бірімен жалғанған ортақ құбыр - коллектордан тұратын бірнеше агрегаттан құралады. Ыстық су және қаныққан бу алу үшін арналған әртүрлі өндірістік объектілерді технологиялық жылумен жабдықтау үшін қолданылады.
Қазанды автоматты басқаруға күрделі объектілер қатарына жатады, басқару параметірлері мен басқару әсерлері көп болып келеді. Бу қазандығының ошағына отын мен ауа беріліп, түтін газдары сорылады, қазан барабанына қоректеуші су беріліп, қанаққан бу алынады.
Қазанды басқарудын мынадай контурларға ықшамдауға болады:
Бу қазандығынан шыққан су буының қысымын реттеу. Уақыттың әр мезетінде бу қазандығының ошағында нақты көлемде бу қолданушыға керек мөлшерде пайда болу үшін жағылатын отын көлемі анықталып отыруы керек. Бұл шарттың орындалу көрсеткіші ретінде бу қазандығынан шыққан су буының нақты мөлшерде сақталуы болуы керек. Егер көрсетілген көлемнен отын бу қазандығына көп берілсе, жылу бу қазандығында жиналып су буының қысымының артуына кеп соғады.
ДКВР қазанын жалпы басқару Ремиконт Р-130 контроллермен орындалады.
Ремиконт Р-130 - жинақталған каналы аз, микропроцессорлы контроллер, технологиялық прцесстерді автоматты реттеуге және логикалық түрде автоматты басқаруға негізделген. Контроллер панелінде оперативті басқару құралдары орналасқан. Датчиктер, орындағыш құрылғылар Ремиконт Р-130 кабельмен байланысқан. Температура датчиктерінен 1, 2, 3, 4, 5, 6 ТТ түрлендіргішке түседі. Кедергі термотүрлендіргіш, ТС-045, мыс 50М - қазаннан шыққан судың температурасын өлшейді.
Отынды беру шнек температурасын ТР температура релесімен бақылайды. РТ алғашқы түрлендіргішке келеді.
Деңгейді бақылау ПКУП аспап құрамы жану камерасында отынның жоғары деңгейін бақылайды.
Манометр, ДМ2020 өлшеу шектігі: 0-6 кгс/см 2 - қазаннан шыққан судың қысымын өлшейді.
Деңгейді бақылау аспабы- отынның деңгейін өлшейді.
Термометр, П8, 5. 240. 163 өлшеу деңгейі: 0-350 °С
Манометр МП4У-0, 6, өлшеу деңгейі: 0-0, 6 МПа- қазанға кіріс су температурасын өлшейді.
Напоромер 0-2, 5 кПа, шығыс сигнал 4-20 мА НМП-10 07 газбен ауа қысымын өлшейді.
Дифманометр мембраналық ДМ-3583 су деңгейін өлшейді.
Электржетек U пит =~220 В, айналу моменті: 10 Нм, NMA_SR балқымалы реттеледі 0…10 В- түтін сорғыш шибер ашу процентін реттейді.
Электржетек U пит =~220 В, айналу моменті: 5 Нм, К4б LM230A_SR балқымалы реттеледі 0…10 В- үрмелі вентилятор шибер ашу процентін реттейді.
Автоматика аспаптары щитте.
Орындағыш механизм МЭО-250. ПР-3 реверсивті іске қосқышпен. Реттеуші органды қозғалысқа әкеледі.
Қазан автоматты басқару жүйесі функциясы:
- қазанның жұмыс параметрлерін реттеу;
- жұмыс параметрлерін бақылау;
- апатты жағдайда сигналдау;
1. 2 Қалау құралымдарын, таңдау құрылғыларын және алғашқы
түрлендіргіштерді таңдау және монтаждау
Қалау құралымдары. Технологиялық құбыр өткізгіште және жабдықта, температураны өлшеуге арналған аспаптарды монтаждау, ережеге сай, арнайы қалау құралымдарымен атқарылады. Ол құралымдар - бобышка деп аталады. Технологиялық құбыр өткізгішке немесе аппаратқа құрастырылатын бөлшегі, бұрандысы бар (немесе жоқ) алғашқы өлшем түрлендіргішін бекітуге арналған.
Бобышка БП-М18 Х 1, 5; L - 100.
Термометрлер термотүрлендіргішпен бобышка арқылы штуцермен жалғанады. Штуцер Шц-G1/2.
Таңдау құрылғылары. ЗК4-272. 10-90 қысым бойынша таңдау құрылғылары агрессивті емес газдың қысымын, 2, 5 МПа (25 кг кв см) температуралық диапазонда -30до+1500°С будың немесе сұйықтықтың қысымын таңдауға негізделген.
Қысымды өлшеу таңдау құрылғыларын монтаждағанда, құбыр өткізгіштің газ бен ауа өтетін жоғары бөлігіне қондырылады. Суды жылыту қазанының автоматтандыру жүйесінде, қысым мен вакуумды өлшеу үшін унифицияланған таңдау құрылғыларын пайдаланады.
Алғашқы түрлендіргіштер. Алғашқы түрлендіргіштерді жинақталған бірліктермен бөлшектерден монтаждайды, монтаждық бұйымдарды өндіретін, сынайтын зауыттарда немесе монтаждау-дайындау шеберханаларында. Манометр, дифманометр алғашқы түрлендіргіштерін қондыруға арнайы монтажды рамалар (штативтер) қолданылады.
1. 3 Құбыр тартылымдарын таңдау және монтаждау
Автоматтандыру аспатары мен құралдарының құбыр тартылымдары - деп технологиялық жабдықта, ғимарат элементтерінде өткізілген және бекітілген, бекіту және құрастыру бөлшектерін жалғауға, арматура, қорғаныс құралдарын жалғайтын құбыр құралымдарын және құбыр кабельдерін (пневмокабель) айтады. Суды жылыту қазанын автоматтандыруда импульсті, бұйрық, қорек және қосалқы құбыр өткізгіштері қолданылады.
Импульсті құбыр өткізгіштері - таңдау құрылғыларымен бақылау-өлшеу аспатарын, түрлендіргіштермен реттегіштерді жалғауға арналған.
Бұйрық құбыр өткізгіштері - автоматика функционалды блоктарын (түрлендіргіштерді, екінші аспаптарды, реттегіштерді, орындағыш механизмдерді) өзара жалғауға және бұйрық дабылдарын таратуға арналған.
Полипропиленді PN 16 құбырлар ішкі диаметрі 20 - 110 мм қолданылады.
PN 16 - полипропиленді құбыр: сипаттамасы ыстықта қолдануда (жылуы 60 градусқа дейін), салқын смуен қамтуға, номиналды жұмыс қысымы - 1, 6 МПа;
Құбыр өткізгіштерін монтаждау. Өрт және жарылу қаупі бар қоспалар өткізгіш бойымен басқа орындарға кіріп кетпейтіндей етіп тартылу керек. Сальниктер арқылы тығыз етіп орындайды.
Полипропилен құбырлары арзан бағасы, болат құбырлардан жеңіл. Монтаждау жұмыстары жеңіл.
1. 4 Электр тартылымдарын таңдау және монтаждау
Электр тартылымдар аспаптарды, реттегіштерді, басқару аппаратурасын және басқа автоматтандыру құралдарын жалғауға, қалқан мен пульттарда орналасқан аспаптарды өзара жалғауға қызмет етеді. Электр тартылымдарды қорапта, лоткада, қорғаныс құбырларында қолданады. Қоршаған орта температурасына жарамды болуы қажет. Әрбір құрылысының өздік белгіленуі және маркасы бар кабель маркасы сол кабельді сипаттайтын құрылысынан бастапқы әріптерінен тұрады.
Электр тартылымдар арнайы кабель құрылысында трубаларда ішкі орындардың жарларында, өнеркәсіп мекеменің ішкі цехтарында және коллекторларда - яғни жер астында, байланыс желісімен коммуникация желілерімен бірге төленеді.
Кабель желілерінің жұмыс процесі кезінде кабель бітемесінде зақымдар пайда болуы мүмкін. Зақымдар электр тесігімен сипатталады.
Электр аппаратуралары мен тораптарындағы қысқа тұйықталуларды, ұшқынды, кабельдер мен сымдар изоляциясының жануын, басқарудың автоматтық жүйесінен бас тартқызуыды болдыруы мүмкін жарамсыздықтар тез арада жойылуы тиіс.
Электр құрал-жабдықтарына жөндеу жұмыстарын жүргізу қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес жүргізілуі қажет.
Кабель КВВГ -10×1, 5 мм 2 - бақылау кабелі, ПВХ оқшауламасымен, мыс талсымдарымен, тұрақты кернеу 1000 В.
Кабель КПВГ -10×2, 5 мм 2 - бақылау кабелі, ПВХ оқшауламасымен, мыс талсымдарымен, тұрақты кернеу 1000 В.
Электр тартылымдарды дірілден, механикалық зақымданудан, ылғалдан, агрессивті газ, шаңнан қорғау қажет.
1. 5 Қалқандар мен пульттарды таңдау және монтаждау
Бақылау құралдарын, сигнализация және басқару құралдарын арнайы қалқан мен пульттарда орналастырады, тек бір жерде жинап қоймай, оларды зиянды әсерлерден де қорғайды. Қалқан мен пульттағы аппаратураны фасадты панельде орналасқан, бұрылмалы рамада орналастырады.
Қалқан шкаф тәрізді ЩШ-ЗД-600*900*500
Жазатын рамкасы рпм-55, ту-36. 1130 - 74;
Қалқан шкаф тәрізді щш-зд екі фасадты панельден жасалған, қақпағы, есігі, қапталдарымен, қалқанда аппаратураны орналастыруға арналған бұрылмалы рамалар бар. Алдыңғы және сыртқы есіктері бар.
- статив тұрағы С-1-600-УХЛ4-1РОО ОСТ 36. 13-76.
Артқы есікпен қосалқы панель - «Панель ПнВ-Д-УХЛ4 ОСТ 36. 13-76»
L=600 мм; А=400 мм; В=600 мм; А 2 =540 мм;
1. 6 Екіншілік аспаптарды монтаждауға техникалық талаптар
Екіншілік аспаптарды монтаждау шығын мен деңгейді комплектілі дистанционды басқару бірнеше ережелерді талап етеді.
Екіншілік аспаптарды монтаждағанда, температураны өлшеу үшін қалқанда, қасында немесе жақын жерде қатты соққысы немесе дірілі бар жұмыстарды жүргізуге болмайды. Екіншілік аспаптар, көпірлер және потенциометрлер, монтаждан өткесін, сенімді жерлендірілу керек. Екіншілік аспаптарды монтаждау кезінде өлшеу шартын қондырғы талабымен сәйкестігін міндетті түрде тексеру қажет. жалғайтын өткізгіштер маркіленген, аспап корпусындағы жер қысымдары жер контурына жалғану керек. Екіншілік аспаптарды электр қорек беру сұлбасы сақтандырғыш пен коммутациялық аппараттары болуы тиіс.
Сынақты жүргізуге кедергі келтіретін жермен қосқышты алып тастауға және оны қайтадан қалпына келтіруге тек қана сынақты жүргізудегі жетекшінің рұқсатымең сыналатын қондырғының жоғары кернеулік сабағын жермен қосқышқа орнатып болған соң жүзеге асыруға болады.
Сынау схемасын құрастыру кезінде ең алдымен сыналатын қондырғының қорғаныстың және жұмысшы жермен қосқыштары іске қосылуы керек, егер қажет болса, сыналатын жабдықтың корпусының қорғаныс жермен қосқышын да сөйту керек. Жылжымалы қондырғынң оның корпусын тек жұмысшы схемасымен оның көмегімен жермен қосқышқа қосып қойып сынауға тыйым салынады. Сыналатын жылжымалы қондырғының корпусы көлденең қимасы кемінде 10 мм кв. майысқаң мыс өткізгіштен жасалған жермен қосқыш арқылы жеке қосылуға тиіс. Сынақ алдында осы жермен қосқыштың сенімді бекітілуін тексеру қажет. Екіншілік аспаптар ретінде КСМ 2 потенциометрін, Л - 64 автоматты логометрін, М-64 милливольтметрін қолданады.
1. 7 Атқару механизмдерін монтаждау
Орындағыш механизм МЭО-250.
Орындағыш механизмді реттегіш шибер колонка корпусына бекітілген кронштейнге қондырады. Электрлік орындағыш механизмдер кронштейннің негізі немесе бүйір қабырғасы болып есептелінеді. Орындағыш механизм шығыс вал осі горизонталды орналасу керек. Орындағым механизм шығыс валын реттегіш орган валымен қатты тягамен біріктіреді. Электрлік орындағыш механизмдер корпусын қимасы 4 мм көлемді өткізгішпен жерлейді, механизмдегі арнайы болтпен. Бу қыздырғышта электрқозғалтқыштар бұрылмалы заслонканы басқаруға қондырылған. Басқару редуктор валы арқылы жүргізіледі.
МЭО орындағыш механизмдерін монтаждау тәртібі:
- фундаментке немесе өтпелі құрылысқа механизмді қондыру және сәйкес бекініспен бекіту;
- екпінді алу;
- қол жетегімен бұрып, рычагты орнына қою;
Жылжымалы қондырғынң оның корпусын тек жұмысшы схемасымен оның көмегімен жермен қосқышқа қосып қойып сынауға тыйым салынады. Сыналатын жылжымалы қондырғының корпусы көлденең қимасы кемінде 10 мм кв. майысқаң мыс өткізгіштен жасалған жермен қосқыш арқылы жеке қосылуға тиіс.
1. 8 Тартылымдарды жалғаудың және қосудың кестелері
Кесте 1 - Тартылымдарды жалғаудың және қосудың кестелері
КВВГ
4х1, 5
КВВГ
4х1, 0
КВВГ
4х1, 0
КВВГ
4х2, 5
КПВГ
4х2, 5
1. 9 Құбыр және электр тартылымдарының, қалқандар мен пульттардың тапсырыстық спецификациясы
Кесте 2 - Тапсырыстық спецификация
Масса
салмақ кг
ЗК4-279. 00-90
ЗК4-280. 00-90
1. 10 Монтаждау жұмыстарындағы қауіпсіздік техникасы
Құрылғыны жөндеу, автоматтандыру және пайдалануға жіберілетін азаматтар негізгі инструкцияны білу керек. Әр-бір қайта жұмысқа алынған адам енгізуші инструктаждан өтуі кажет, ҚТ тиісті жұмыс орнында өндірістік тәжірибе және тексерілуі керек. ПТЭ және ПТБ электроқондырғылар пайдалануына сәйкес білімге байланысты.
Қызмет көрсетуші персонал өзіндік жұмысқа жіберілуі кезінде немесе бір жұмыстан келесі жұмысқа жіберілу кезінде үздік маман қарауымен арнайы стажировкадан өтуі тиіс. Автоматтық құрылғыға қызмет көрсететін персонал біліктілік тобы 3-тен төмен емес, және соны дәлелдейтін құжаты өзінде болуы керек. Және құрылғы жіберген қателіктерін хабарлау керек. Қызмет көрсету персоналы автоматика құрылғыларын жөндеу және пайдалану кезінде пайдаланылатын жанармайды және зиянды заттардың құрамын және оларға арнайы әрекет етуді білу керек. Барлық персонал электр тоғымен жарақаттану, соғылу, өртеніп кету, және тағы басқа жағдайларда алғашқы жәрдем көмегімен көрсетіп білу керек.
Блоктық шоғырланған сораптық станциясының (БШСС) автоматтандырылу құрылғысына оперативті қызметті көрсету, УАТ қызмет көрсету персоналына жүктеледі. Объектілерге тиісті орнатылған қызметшілер тізімі бас инженер мен цех бастығында тіркеледі. Негізгі БШСС, ШСС қызмет көрсету персоналды ауыстырып тұрған УАТ қызмет көрсету персоналы “Қызмет көрсетуші персонал” деп аталады.
Бөлімді қамтамасыз етудегі персонал бір тұтас жабдықтарды қамтамассыз ету 1000В-қа дейінгі біліктілік тобы 3-тен төмен болмауы керек. Қалқан аппаратындағы каммутатция операциясы, БШСС-ның персоналы бір тұтас бөлімді қамтамасыз етумен жүргізіліп, оның біліктілік тобы 3-тен төмен болмауы керек.
Қамтамасыз етуші бөлімді қосумен жүргізіліп және бірлік бергішті ажыратылуы автоматикада бөлім негізінде, жабдықтың қамтамасыз етілуі, сол жерде бірлік вентил орнатылғаны сақтауымен жүргізу.
Жабдықты қарау тәртібі.
Бөлімді қамтамасыз етуде персонал өзінің цехында бірқалыпты қадағалау жүргізіп және жабдықты қарау. Жабдықтың жұмыс режиміне қадағалу жүргізу, сонымен панель жағдайын анықтап, қалқан, жинау, жапқыш аппараттың тұрақтылығы импульсті құбырда, қадағалау жүргізу графикпен орнатылады ТО.
Электротехникалық жабдықтарын автоматиканың қадағалау бір тұтас бөлімді қамтамасыз ету персоналдың біліктілік тобы 3-тен төмен болмауы керек.
Жұмыс кезінде тексерістер мен болған жағдайлар нәтижелерін журналға және цех басқарушыларына хабарлануы тиіс.
Техникалық қызмет көрсету кезінде орындалатын жұмыс.
БШСС автоматтандыру және қызмет көрсету жұмыстары арнайы хаттық әмірлер журнал бойынша немесе прораб және инженердің айтуынша орындалады.
БШСС жөндеу жұмыстары ұқыпты және байқаумен орындалуы тиіс, себебі БШСС айналмалы механизмі бар агрегаттан жоғары қысымды құбыр жүйесінен және жоғары ылғалдықтан тұрады.
Автоматика түйіндерінде жұмыстар схемалар бойынша орындалады, схемасыз қызмет көрсетілу болмайды.
Оперативті ток беру қорғаныс схемаларын жөндеу және сигнализация
жұмыстары орындаушы өзімен жасалуы керек. Жұмыстық кернеуі берілісі схемалар іске келтіруі тек технологиялық қондырғы мен орындаушы механизмдер тексерісі кеңінен кейін ғана жүзеге асады.
Тиым салынады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz