АКМ-1,6 су жылыту қазан қондырғысын автоматтандыру жүйелерін монтаждау



Кіріспе
1 Жалпы бөлім
1.1 Объектілердің автоматтандыру құрылғыларының тізімі
1.2 Қалау құралымдарын, таңдау құрылғыларын және алғашқы түрлендіргіштерді таңдау және монтаждау
1.3 Құбыр тартылымдарын таңдау және монтаждау
1.4 Электр тартылымдарын таңдау және монтаждау
1.5 Қалқандар мен пульттарды таңдау және монтаждау
1.6 Екіншілік аспаптарды монтаждауға техникалық талаптар
1.7 Атқару механизмдерін монтаждау
1.8 Тартылымдарды жалғаудың және қосудың кестелері
1.9 Құбыр және электр тартылымдарының, қалқандар мен пульттардың тапсырыстық спецификациясы
2 Арнайы бөлім
2.1 Идеалды 1.ші ретті апериодты буынды реттеу
Қорытынды
АКМ-1,6 су жылыту қазан қондырғысы жылыту, ыстық сумен қамтамасыз ету салаларында қолданылады. Қазандық қондырғының жұмыс жасау принципі отын жануынан пайда болған жылуды суға немесе буға беру. Осыған байланысты қазандық қондырғылардың негізгі элементтері – қазанды агрегат және жандыру құрылғысы. Жандыру құрылғысы отынды үнемді әдіспен жағуға және отынның химиялық энергиясын жылуға айналдыру үшін қолданылады.
АКМ-1,6 су жылыту қазан қондырғысын автоматтандыру жүйелерін монтаждаған, жөндеген және оған техникалық қызмет көрсеткен кезде жұмыстардың әр алуан түрлерінің көп саны жасалады. Олар өзара сипаты, еңбек сыйымдылығы, көлемі және оларды орындау жағдайлары, шарттары бойынша ерекшеленеді. Бұл жағдайлар оларды тиісті техникалық сипаттамалармен орындау үшін әртүрлі механизмдерді, құрылғыларды және құрал-саймандарды қолдану қажеттігіне себепкер болып отыр. Оларды дұрыс және дәлелді қолдану жұмыстардың жоғары сапасын қамтамасыз етуге, еңбек өнімділігін арттыруға, қауіпсіздіктің жоғары деңгейі кезінде электр жабдығын монтаждау және жөндеу мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік жасайды. Монтаждау және жөндеу жұмыстары қол құрал-сайманымен немесе механикаландырылған құралдармен және құрылғылармен орындалуы мүмкін. Жұмыстарды қол құрал-сайманымен орындау айтарлықтай еңбек сыйымдылығымен сипатталады. Механикаландыру құралдарын пайдалану қол еңбегін жеңілдетеді және еңбек өнімділігін арттырады.
1. Каминский М.Л. Каминский В.М. Автоматтандыру жүйесі мен аспаптарды монтаждау. 2015.
2. Минаев П.А. Автоматика және бақылау жүйесін монтаждау. -М.: Стройиздат 1990.
3. Клюев А.С. редакциясымен Автоматтандыру және өлшеу құралдарын монтаждау анықтамасы -М.: Энергоатомиздат. 1988.
4. Попов А.Ф. Бақылау-өлшеу аспаптарын монтаждау, пайдалану және жөндеу. -М.:Машиностроение. 1969.
5. Смирнов А.А. Аспаптар мен реттегіштерді жөндеу анықтама жинағы. -М.:Энергоатомиздат. 1988.
6. Нестеров А.Л. АСУТП жобалау. Методикалық нұсқау. М: 2006.
7. Б.З. Барласов, В.И. Ильин. Автоматтандыру жүйелері мен аспаптарын баптау М, «Высшая школа», 1985.
8. Клюев Технологиялық процесстердің автоматтандыру жүйелерін жобалау Москва, 1990 г.
9. В.Ф. Комиссарчик, Технологиялық процесстерді автоматты реттеу, Тверь 2001.
10. РМ 4-6-84, Технологиялық процесстердің автоматтандыру жүйелерін жобалау, құбыр және электрлік тартылымдарды жобалау, 1 бөлім.

Кіріспе
АКМ-1,6 су жылыту қазан қондырғысы жылыту, ыстық сумен қамтамасыз ету
салаларында қолданылады. Қазандық қондырғының жұмыс жасау принципі отын
жануынан пайда болған жылуды суға немесе буға беру. Осыған байланысты
қазандық қондырғылардың негізгі элементтері – қазанды агрегат және жандыру
құрылғысы. Жандыру құрылғысы отынды үнемді әдіспен жағуға және отынның
химиялық энергиясын жылуға айналдыру үшін қолданылады.
АКМ-1,6 су жылыту қазан қондырғысын автоматтандыру жүйелерін
монтаждаған, жөндеген және оған техникалық қызмет көрсеткен кезде
жұмыстардың әр алуан түрлерінің көп саны жасалады. Олар өзара сипаты, еңбек
сыйымдылығы, көлемі және оларды орындау жағдайлары, шарттары бойынша
ерекшеленеді. Бұл жағдайлар оларды тиісті техникалық сипаттамалармен
орындау үшін әртүрлі механизмдерді, құрылғыларды және құрал-саймандарды
қолдану қажеттігіне себепкер болып отыр. Оларды дұрыс және дәлелді қолдану
жұмыстардың жоғары сапасын қамтамасыз етуге, еңбек өнімділігін арттыруға,
қауіпсіздіктің жоғары деңгейі кезінде электр жабдығын монтаждау және жөндеу
мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік жасайды. Монтаждау және жөндеу жұмыстары
қол құрал-сайманымен немесе механикаландырылған құралдармен және
құрылғылармен орындалуы мүмкін. Жұмыстарды қол құрал-сайманымен орындау
айтарлықтай еңбек сыйымдылығымен сипатталады. Механикаландыру құралдарын
пайдалану қол еңбегін жеңілдетеді және еңбек өнімділігін арттырады.
Монтаждау және жөндеу үшін қолданылатын машиналар, құрал-саймандар
және құрылғылар келесідей топтарға бөлінуі мүмкін: үлкен механикаландыру
құралдары; шағын механикаландыру құралдары; қол құрал-саймандары; көтеру-
тасымалдау және такелаж жұмыстарына арналған механизмдер және құрылғылар.
Үлкен механикаландыру құралдарына: монтаждау және тиеу-түсіру
жұмыстары үшін қолданылатын машиналар және механизмдер (өздігінен жүретін
монтаждау крандары, құбыр төсегіштер, телескопиялық мұнаралар және
гидравликалық көтергіштер, электр-автотиегіштер, жүк көтергіш машиналар);
кабель құрылыстарын, электр берілісінің әуе желілерін және т.с. салуға
арналған машиналар (жер қазатын машиналар, экскаваторлар, шұңқыр
бұрғылағыштар, бұрғылау және бар қондырғылары); электр және пневматикалық
және механикаландырылған құрал-саймандардың және құрылғылардың жетегіне
арналған жылжымалы генераторлар және компрессорлар; ұтқыр мамандандырылған
бригадалармен электр монтаждау жұмыстарының жекелеген түрлерін және электр
жабдығының сынақтарын жүргізуге арналған негізгі оталықтанған технологиялық
станциялар және автоэлектролабораториялар жатады. Мұндай станциялар
жұмыстардың белгілі бір түрін орындау үшін қажет электр жабдықтарын сынауға
және параметрлерін өлшеуге арналған механизмдердің, құрал-саймандардың,
сондай-ақ аппаратураның және аспаптардың жинағы болып келеді. Шағын
станцияларды монтаждауды; өнеркәсіп кәсіпорындарының шиналарын, электр
жабдықтарын құрастыруды; кабель жұмыстарын және т.б. механикаландыру
жөніндегі станциялар кең қолданысын тауып отыр.

1 Жалпы бөлім

1.1 Объектілердің автоматтандыру құрылғыларының тізімі
Қазандық агрегат жанған отын жылуының суға және буға берілуі
жүретін жылуалмастырғыш құрылғыдан тұрады. Қазандық қондырғылар отын
ретінде газ қолданылады. Оның ретінде мазут (сұйық отын), қатты отын,
көмір, торф. Қазандық қондырғылар бір – бірімен жалғанған ортақ құбыр -
коллектордан тұратын бірнеше агрегаттан құралады. Ыстық су және қаныққан бу
алу үшін арналған әртүрлі өндірістік объектілерді технологиялық жылумен
жабдықтау үшін қолданылады.
Аппараттың жұмысы суды қыздырып, оны судан өтетін тоқ арқылы
қаныққан буға айналдыруға негізделген. Аппарат қуаттылығы 150кВт бір немесе
екі электр қазаннан тұрады. Жиілігі 50 Гц, кернеуі 380 В (0,4кВ) айнымалы
тоқ торабында жұмыс жасайды. Электр қазандар бірге немесе бөлек пайданыла
береді.
Қазанды жалпы басқару С2010-4222-001-5 микропроцессорлы контроллермен
орындалады. Отынды беру шнек температурасын ТР-1А температура релесімен
бақылайды.
Тягомер 0-0,250 кПа, К3а шығыс сигнал 4-20 мА ПД-1Т жану камерасынын
теріс қысымын өлшейді.
Напоромер 0-2,5 кПа, шығыс сигнал 4-20 мА ПД-1Н бірінші үрмелі ауа
өтетін құбырда қысымды өлшейді.
Кедергі термотүрлендіргіш, ТС-045, мыс 50М - қазаннан шыққан судың
температурасын өлшейді.
Деңгейді бақылау К10 ПКУП аспап құрамы:
К10а ЛМ- лазер модулі, К10б ФПУ-фотоқабылдағыш құрылғы. Олар жану
камерасында отынның жоғары деңгейін бақылайды.
Электрконтактілі манометр, К7 ДМ2005 өлшеу шектігі: 0-6 кгссм2-
қазаннан шыққан судың қысымын өлшейді.
Деңгейді бақылау аспабы- отынның деңгейін өлшейді.
Термометр, К11 П8,5.240.163 өлшеу деңгейі: 0-350 °С
Манометр МП4У-0,6, өлшеу деңгейі: 0-0,6 МПа- қазанға кіріс су
температурасын өлшейді.
Электржетек Uпит=~220 В, айналу моменті: 10 Нм, К3б NM230A_SR
балқымалы реттеледі 0...10 В- түтін сорғыш шибер ашу процентін реттейді.
Электржетек Uпит=~220 В, айналу моменті: 5 Нм, К4б LM230A_SR
балқымалы реттеледі 0...10 В- үрмелі вентилятор шибер ашу процентін реттейді.
К6б SIRAL DN15 клапан соленоидты Uпит=~220 В, Дн=15 мм-отын беру шнек
өрт сөндіруі.
Автоматика аспаптары щитте.
Контроллер микропроцессорлы К1 С2010-42222-001-5- қазанды жалпы
басқарады.
Температуралық реле К6 ТР-1А.
Орындағыш механизм МЭО-6,3-99. ПБР-2М реверсивті іске қосқышпен.
АКМ 1,6 қазан автоматты басқару жүйесі функциясы:
• қазанның жұмыс параметрлерін реттеу;
• жұмыс параметрлерін бақылау;
• апатты жағдайда сигналдау;

1.2 Қалау құралымдарын, таңдау құрылғыларын және алғашқы
түрлендіргіштерді таңдау және монтаждау

Қалау құралымдары. Технологиялық құбыр өткізгіште және жабдықта,
температураны өлшеуге арналған аспаптарды монтаждау, ережеге сай, арнайы
қалау құралымдарымен атқарылады. Ол құралымдар - бобышка деп аталады.
Технологиялық құбыр өткізгішке немесе аппаратқа құрастырылатын бөлшегі,
бұрандысы бар (немесе жоқ) алғашқы өлшем түрлендіргішін бекітуге арналған.
Бобышка БП-М18 Х 1,5; L - 55.
Термометрлер термотүрлендіргішпен бобышка арқылы штуцермен жалғанады.
Штуцер Шц-G12.
Таңдау құрылғылары. ЗК4-272.10-90 қысым бойынша таңдау құрылғылары
агрессивті емес газдың қысымын, 2,5 МПа (25 кг кв см) температуралық
диапазонда -30до+1500°С будың немесе сұйықтықтың қысымын таңдауға
негізделген.
Қысымды өлшеу таңдау құрылғыларын монтаждағанда, құбыр өткізгіштің
газ бен ауа өтетін жоғары бөлігіне қондырылады. Суды жылыту қазанының
автоматтандыру жүйесінде, қысым мен вакуумды өлшеу үшін унифицияланған
таңдау құрылғыларын пайдаланады.
Алғашқы түрлендіргіштер. Алғашқы түрлендіргіштерді жинақталған
бірліктермен бөлшектерден монтаждайды, монтаждық бұйымдарды өндіретін,
сынайтын зауыттарда немесе монтаждау-дайындау шеберханаларында. Манометр,
дифманометр алғашқы түрлендіргіштерін қондыруға арнайы монтажды рамалар
(штативтер) қолданылады.

1.3 Құбыр тартылымдарын таңдау және монтаждау

Автоматтандыру аспатары мен құралдарының құбыр тартылымдары - деп
технологиялық жабдықта, ғимарат элементтерінде өткізілген және бекітілген,
бекіту және құрастыру бөлшектерін жалғауға, арматура, қорғаныс құралдарын
жалғайтын құбыр құралымдарын және құбыр кабельдерін (пневмокабель) айтады.
Суды жылыту қазанын автоматтандыруда импульсті, бұйрық, қорек және қосалқы
құбыр өткізгіштері қолданылады.
Импульсті құбыр өткізгіштері - таңдау құрылғыларымен бақылау-өлшеу
аспатарын, түрлендіргіштермен реттегіштерді жалғауға арналған.
Бұйрық құбыр өткізгіштері - автоматика функционалды блоктарын
(түрлендіргіштерді, екінші аспаптарды, реттегіштерді, орындағыш
механизмдерді) өзара жалғауға және бұйрық дабылдарын таратуға арналған.
Полипропиленді PN 10 құбырлар ішкі диаметрі 20 - 110 мм қолданылады.
PN 10 —  полипропиленді құбыр: сипаттамасы ыстықта қолдануда (жылуы
60 градусқа дейін), салқын смуен қамтуға, номиналды жұмыс қысымы  — 1,6
МПа;
Құбыр өткізгіштерін монтаждау. Өрт және жарылу қаупі бар қоспалар
өткізгіш бойымен басқа орындарға кіріп кетпейтіндей етіп тартылу керек.
Сальниктер арқылы тығыз етіп орындайды.
Полипропилен құбырлары арзан бағасы, болат құбырлардан жеңіл.
Монтаждау жұмыстары жеңіл.
Құбыр өткізгіштерін монтаждау. Өрт және жарылу қаупі бар қоспалар өткізгіш
бойымен басқа орындарға кіріп кетпейтіндей етіп тартылу керек. Сальниктер
арқылы тығыз етіп орындайды.

1.4 Электр тартылымдарын таңдау және монтаждау

Электр тартылымдар аспаптарды, реттегіштерді, басқару аппаратурасын
және басқа автоматтандыру құралдарын жалғауға, қалқан мен пульттарда
орналасқан аспаптарды өзара жалғауға қызмет етеді. Электр тартылымдарды
қорапта, лоткада, қорғаныс құбырларында қолданады. Қоршаған орта
температурасына жарамды болуы қажет. Әрбір құрылысының өздік белгіленуі
және маркасы бар кабель маркасы сол кабельді сипаттайтын құрылысынан
бастапқы әріптерінен тұрады.
Электр тартылымдар арнайы кабель құрылысында трубаларда ішкі
орындардың жарларында, өнеркәсіп мекеменің ішкі цехтарында және
коллекторларда – яғни жер астында, байланыс желісімен коммуникация
желілерімен бірге төленеді.
Кабель желілерінің жұмыс процесі кезінде кабель бітемесінде зақымдар
пайда болуы мүмкін. Зақымдар электр тесігімен сипатталады.
Электр аппаратуралары мен тораптарындағы қысқа тұйықталуларды,
ұшқынды, кабельдер мен сымдар изоляциясының жануын, басқарудың автоматтық
жүйесінен бас тартқызуыды болдыруы мүмкін жарамсыздықтар тез арада
жойылуы тиіс.
Электр құрал-жабдықтарына жөндеу жұмыстарын жүргізу қолданыстағы
нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес жүргізілуі қажет.
Кабель КВВГ -10×1,5 мм2- бақылау кабелі, ПВХ оқшауламасымен, мыс
талсымдарымен, тұрақты кернеу 1000 В.
Кабель КПВГ -10×2,5 мм2- бақылау кабелі, ПВХ оқшауламасымен, мыс
талсымдарымен, тұрақты кернеу 1000 В.
Электр тартылымдарды дірілден, механикалық зақымданудан, ылғалдан,
агрессивті газ, шаңнан қорғау қажет.

1.5 Қалқандар мен пульттарды таңдау және монтаждау

Бақылау құралдарын, сигнализация және басқару құралдарын арнайы
қалқан мен пульттарда орналастырады, тек бір жерде жинап қоймай, оларды
зиянды әсерлерден де қорғайды. Қалқан мен пульттағы аппаратураны фасадты
панельде орналасқан, бұрылмалы рамада орналастырады.
Қалқан шкаф тәрізді щш-зд-2000-600-600.
Жазатын рамкасы рпм-55, ту-36.1130 – 74;
Қалқан шкаф тәрізді щш-зд екі фасадты панельден жасалған, қақпағы,
есігі, қапталдарымен, қалқанда аппаратураны орналастыруға арналған
бұрылмалы рамалар бар. Алдыңғы және сыртқы есіктері бар.
- статив тұрағы С-1-600-УХЛ4-1РОО ОСТ 36.13-76.
Артқы есікпен қосалқы панель – Панель ПнВ-Д-УХЛ4 ОСТ 36.13-76
L=600 мм; А=400 мм; В=600 мм; А2=540 мм;

1.6 Екіншілік аспаптарды монтаждауға техникалық талаптар
Екіншілік аспаптарды монтаждау шығын мен деңгейді комплектілі
дистанционды басқару бірнеше ережелерді талап етеді.
Екіншілік аспаптарды монтаждағанда, температураны өлшеу үшін қалқанда,
қасында немесе жақын жерде қатты соққысы немесе дірілі бар жұмыстарды
жүргізуге болмайды. Екіншілік аспаптар, көпірлер және потенциометрлер,
монтаждан өткесін, сенімді жерлендірілу керек. Екіншілік аспаптарды
монтаждау кезінде өлшеу шартын қондырғы талабымен сәйкестігін міндетті
түрде тексеру қажет. жалғайтын өткізгіштер маркіленген, аспап корпусындағы
жер қысымдары жер контурына жалғану керек. Екіншілік аспаптарды электр
қорек беру сұлбасы сақтандырғыш пен коммутациялық аппараттары болуы тиіс.
Сынақты жүргізуге кедергі келтіретін жермен қосқышты алып тастауға
және оны қайтадан қалпына келтіруге тек қана сынақты жүргізудегі
жетекшінің рұқсатымең сыналатын қондырғының жоғары кернеулік сабағын
жермен қосқышқа орнатып болған соң жүзеге асыруға болады.
Сынау схемасын құрастыру кезінде ең алдымен сыналатын қондырғының
қорғаныстың және жұмысшы жермен қосқыштары іске қосылуы керек, егер қажет
болса, сыналатын жабдықтың корпусының қорғаныс жермен қосқышын да сөйту
керек. Жылжымалы қондырғынң оның корпусын тек жұмысшы схемасымен оның
көмегімен жермен қосқышқа қосып қойып сынауға тыйым салынады. Сыналатын
жылжымалы қондырғының корпусы көлденең қимасы кемінде 10 мм кв. майысқаң
мыс өткізгіштен жасалған жермен қосқыш арқылы жеке қосылуға тиіс. Сынақ
алдында осы жермен қосқыштың сенімді бекітілуін тексеру қажет. Екіншілік
аспаптар ретінде КСМ 2 потенциометрін, Л – 64 автоматты логометрін, М-64
милливольтметрін қолданады.

1.7 Атқару механизмдерін монтаждау
Орындағыш механизм МЭО-6,3-99.
Орындағыш механизмді реттегіш шибер колонка корпусына бекітілген
кронштейнге қондырады. Электрлік орындағыш механизмдер кронштейннің негізі
немесе бүйір қабырғасы болып есептелінеді. Орындағыш механизм шығыс вал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ДКВР-20 бу қазан қондырғысын автоматтандыру жүйелерін монтаждау
Жылуөнімділігі 400 гдж жылжымалы бугенераторының конструкциясын жетілдіру
Шикізаттық аксиалды қозғалысы бар дизель жанармайын гидротазалау реактор жобасы.
Қазандық қондырғылардағы тарту және үрлеуші қондырғыларды автоматтандыру жүйесін жобалау
Автоматты өрт сөндіру қондырғыларын жобалау
Дизель отынын гидротазалау қондырғысын механикаландыру
Абсорбциялау қондырғысын автоматтандыруда қолданылатын автоматтандыру құралдары мен бақылау приборларын монтаждау
Өндiрiске БелАЗ өзiаударғыш автомобильдерiнiң артқы белдеудiң редукторын алып-салуға арналған құралды енгiзу
Компанияда қолданылатын техникалық жабдықтар
«Батыс-2» шағын ауданындағы бу қазандығының автоматтандыру жүйесін жобалау
Пәндер