Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату



Кіріспе ... ... ... ... ... ... 3
I . тарау. Жалған ақша немесе бағалы қағаздарды жасау және сақтауға жалпылама түсініктеме.
1.1 Жалған ақша немесе бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатудың қылмыстық жүйе бойынша сипатталуы ... .7
1.2 Жалған ақша немесе бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатудың басты себептерімен қылмысқа қайшы әрекеттер...9
1.3 Қылмыскердің заңға сәйкес субъект қырынан көрсететін қасиеттерге ие болуы...13
II . тарау. Жалған ақша немесе бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатуға бөгет келтіру және оларға қолданылатын қылмыстық жауаптылық
2.1 Жалған ақша немесе бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатуға жол берілмеу әдістері мен алдын алу жолдары ... ...15
2.2 Жалған ақша немесе бағалы қағаздарды жасаған, сақтаған, не сатқан қылмыскерге қолданылатын қылмыстық жауапкершілік деңгейі ... ... ... ... .18
Қорытынды ... ... ... ... ...21
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Ең алдымен өзімнің курстық жұмысыма нақтырақ анықтама бере кетсем: Еліміздегі елеулі қылмыстардың бірі болып отырған жалған ақша мен бағалы қағаздар жасау немесе сату және осы қылмыстардың қазіргі таңда кең етек алуы болып отыр. Осы, жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сатудың Қылмыстық жүйе бойынша сипатталуына, болып отырған қылмыстардың болу себебімен олардың алдын алу үшін жасалған әрекеттер, қылмыскердің қасиеттері, қылмыстық жауапкершілік туралы тоқталып кеткім келеді. айдакүнем-ситуациялық типтегі қылмыскерлерге жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберудегі қылмыстық әрекеттерді алғаш жасаушылар кіреді. Олар қоғамдағы қолайсыз жағдайлардың әсерінен қылмыс жасаулары мүмкін. Пайда табудың оңай көзін көріп қалса, ондай мүмкіндікті текке жібере қоймайды.Кекшіл типтегі жалған ақша мен бағалы қағазды жасаушы, сақтаушы, не айналымға жіберуші өзінің атына дақ келтіргейдерге намыстанып, кек қайтарудың жолын іздейді. Ол өз қарсыласының қиналғанын, оған зиян келгенін қалайды, өз мақсатына жеткеннен соң барып, бабына түседі. Бұл типтегілер алдыңғылар сынды пайда табуды көздемейді. Саяси қылмыскерлер жалған ақша мен бағалы қағазды жасау, сақтау, не айналымға жіберу әрекеттерін саяси мақсаттарда жасайды. Әдетте, олар мемлекетаралық келіспеушіліктерде кездеседі. Екінші дүниежүзілік соғыстағы Гитлердің, сондай-ақ француз соғысындағы Наполеонның да өз қарсыластарының экономикасын күйретіп, жер жүзін жаулап алу мақсатында жалған ақшалар мен бағалы қағаздар жасап, ел-елге таратуы бұған дәлел
Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберумен айналысатын қылмыскерлер тұлғасын төмендегідей типтерге бөлуге болады: пайдакүнем-тұрақты, пайдакүнем-тұрақсыз, пайдакүнем-ситуациялық, кекшіл, саяси қылмыскерлер.
1.Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 ж. 30 тамыз (21.05.2007 ж енгізілген өзгерістермен).
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 1997 ж. 16 шілде (25.01.2011 ж енгізілген өзгерістермен).
3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсінік,Алматы 2001ж
4. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 1994 ж. 27 желтоқсан (04.05.2009 ж енгізілген өзгерістермен)
5. ҚР Ұлттық банкінің басқармасы. "ҚР Ұлттық банк бөлімшелерінің эмиссиялық операцияларды жасау және нақты ақшалар мен құндылықтарды сақтау тәртібі" жөніндегі ереже: Қаулы №281. 1997ж. 25.07. //Юрист-справочная правовая система. Юрист 3.0 Документ Закон РК.
6. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім. Алматы: Жеті жарғы,2003ж.
7. Ағыбаева, Лаура Арықбай қызы. Жалған құжатқа байланысты қылмыстық жауаптылық мәселелері Алматы: Дәнекер, 2001.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I - тарау. Жалған ақша немесе бағалы қағаздарды жасау және сақтауға жалпылама түсініктеме.
1.1 Жалған ақша немесе бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатудың қылмыстық жүйе бойынша сипатталуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2 Жалған ақша немесе бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатудың басты себептерімен қылмысқа қайшы әрекеттер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.3 Қылмыскердің заңға сәйкес субъект қырынан көрсететін қасиеттерге ие болуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
II - тарау. Жалған ақша немесе бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатуға бөгет келтіру және оларға қолданылатын қылмыстық жауаптылық
2.1 Жалған ақша немесе бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатуға жол берілмеу әдістері мен алдын алу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.2 Жалған ақша немесе бағалы қағаздарды жасаған, сақтаған, не сатқан қылмыскерге қолданылатын қылмыстық жауапкершілік деңгейі ... ... ... ... .18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Менің курстық жұмысымның тақырыбы Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату (231 - бап) 1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң жалған банкноттары мен мәнеттерiн, мемлекеттiк бағалы қағаздарды немесе Қазақстан Республикасының валютасындағы басқа бағалы қағаздарды не шетел валютасы мен шетел валютасындағы бағалы қағаздарды сату мақсатында жасау немесе сақтау, сол сияқты сату - мүлкi тәркiленiп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.Құқықтық тәрбие алдымен тұлғаның адамгершілік - құқықтық қасиеттерінің дамуымен бекітілуне, ал кейбір қажетті жағдайларда негативті құбылыстарды болдырмауға немесе жоюға бағытталады. Құқықтық тәрбие үрдісінде көптеген жан-жақты мәселелер қарастырылады. Соның бірі құқық бұзушылықты алдын алу шаралары.
Тақырыптың өзектілігі: Ең алдымен өзімнің курстық жұмысыма нақтырақ анықтама бере кетсем: Еліміздегі елеулі қылмыстардың бірі болып отырған жалған ақша мен бағалы қағаздар жасау немесе сату және осы қылмыстардың қазіргі таңда кең етек алуы болып отыр. Осы, жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сатудың Қылмыстық жүйе бойынша сипатталуына, болып отырған қылмыстардың болу себебімен олардың алдын алу үшін жасалған әрекеттер, қылмыскердің қасиеттері, қылмыстық жауапкершілік туралы тоқталып кеткім келеді. айдакүнем-ситуациялық типтегі қылмыскерлерге жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберудегі қылмыстық әрекеттерді алғаш жасаушылар кіреді. Олар қоғамдағы қолайсыз жағдайлардың әсерінен қылмыс жасаулары мүмкін. Пайда табудың оңай көзін көріп қалса, ондай мүмкіндікті текке жібере қоймайды.Кекшіл типтегі жалған ақша мен бағалы қағазды жасаушы, сақтаушы, не айналымға жіберуші өзінің атына дақ келтіргейдерге намыстанып, кек қайтарудың жолын іздейді. Ол өз қарсыласының қиналғанын, оған зиян келгенін қалайды, өз мақсатына жеткеннен соң барып, бабына түседі. Бұл типтегілер алдыңғылар сынды пайда табуды көздемейді. Саяси қылмыскерлер жалған ақша мен бағалы қағазды жасау, сақтау, не айналымға жіберу әрекеттерін саяси мақсаттарда жасайды. Әдетте, олар мемлекетаралық келіспеушіліктерде кездеседі. Екінші дүниежүзілік соғыстағы Гитлердің, сондай-ақ француз соғысындағы Наполеонның да өз қарсыластарының экономикасын күйретіп, жер жүзін жаулап алу мақсатында жалған ақшалар мен бағалы қағаздар жасап, ел-елге таратуы бұған дәлел
Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберумен айналысатын қылмыскерлер тұлғасын төмендегідей типтерге бөлуге болады: пайдакүнем-тұрақты, пайдакүнем-тұрақсыз, пайдакүнем-ситуациялық, кекшіл, саяси қылмыскерлер.
Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі: Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін, 1993 жылы ақша реформасын дайындау мақсатында ұлт мақтанышы, тәуелсіз мемлекет рәмізі, мемлекет тәуелсіздігінің басты бір белгісі болатын өзінің алғаш ұлттық валютасы-теңгені шығарды. Еліміздегі халықтардың басым бөлігі нарық жағдайына жаңа үйреніп, оның заңдылықтарын енді игеріп жатуы жаңа қылмыстардың пайда болуының басты себебі болды. Бұлай деуіміздің басты дәлелі - жалған ақша мен бағалы қағаздарды қолдан жасау немесе сату. Жалған ақша немесе бағалы қағаздарды жасау немесе сату сонымен қатар айналымға жіберу бұл еліміздегі экономикалық ақша айналымы заңын бұзылады және инфляцияға сара жол ашылады.
Жалпы бағалы жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау немесе сатуды Қылмыстық кодекстің 231 - бабымен саралау үшін дайындалған ақша немесе бағалы қағаздар осы аталған заттардың түп нұсқасымен - көлемі, түсі, нысаны, басқадай реквизиттері жөнінен бірдей, ұқсас болуы қажет. Егер жалған ақша немесе бағалы қағаз дөрекі әдістермен жасалып, оның түпнұсқасына көрінеу сай келмесе, нәтижесінде мұндай жалған дүниені жаппай таратуға мүмкіндік жойылса, онда кінәлінің әрекеті нақты жағдайларға байланысты алаяқтық ретінде саралануы мүмкін. Жалған ақша немесе бағалы қағаздардың біреуін болса да дайындау осы қылмыстың аяақталғандығын білдіреді. Жалған ақша немесе бағалы қағаздарды айналымға шығару оны өткізу деп танылады. Сақтау деп дайындалған жалған ақша мен бағалы қағаздарды өткізгенге дейін өз иелігінде ұстап тұруды айтамыз.
Өткізу - жалған ақша немесе бағалы қағаздарды төлем құралы ретінде пайдалану, айырбастау, сыйға беру, атқарылған жұмыс немесе қызмет көрсету ақысы ретінде төлеу әрекеттерін жүзеге асыру арқылы көрініс табуы мүмкін. Осы көрсетілген әрекеттердің біреуін істеу арқылы жалған ақша немесе бағалы қағаздардың біреуін өткізсе қылмыс аяақталған болып танылады.
Қылмыс тікелей қасақаналықпен және арнаулы мақсатпен істеледі. Кінәлі адам жалған ақша немесе бағалы қағаздарды өткізу мақсатымен жасағанын, сатқанын немесе оны өткізгенін біледі және осы әрекеттерді істеуді тілейді.
Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау немесе сақтау еліміздің тек экономикалық қызмет саласына ғана зиян келтіріп қоймай, жәбірленушінің меншік құқығына да белгілі дәрежеде әсер етеді. Жалған ақша мемлекеттің беделіне нұқсан келтіреді. Халықтың өз ұлттық ақша бірліктеріне деген құрметін, ал бағалы қағаз рыногында жалған бағалы қағаз эмитент беделін өз бәсекелестері арасында түсіріп, сенімсіздік тудырады. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының қылмыстық заңында ұлттық ақша бірліктері, бағалы қағаздармен қатар шетел валютасы мен бағалы қағаздарды дайындағаны немесе өткізгені үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Іс-тәжірибеде жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды дайындау немесе өткізу көп жағдайда топтасқан немесе ұйымдасқан нысанда кездеседі. Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды дайындау немесе өткізу жекеленген қылмыстық әрекеттерді жалғыз қылмыскерге жүзеге асыру қиындық тудырады. Сондықтан да, жалған құжатты дайындайтын мамандарды, оны өткізуді жүзеге асыратын тұлғаларды тартады. Осы топтасқан немесе ұйымдасқан топтармен күрес еліміздің өзекті мәселелерінің бірі екендігі белгілі.
Осы жоғарыда айтылған қылмыстармен күресудің қиындығы сол, ол тікелей ғылыми-техникалық жетістіктермен, қоғам әл-ауқатының жақсаруымен тығыз байланысты. Тәжірибеде жалған ақша мен бағалы қағазды жасауда жай стандартты баспа құралдарының жедел түрін қолдану анағұрлым тиімді: ол жоғары дәрежеде құжат көшірмесін даярлайды, сенімді және оңай қол жеткізуге болады, әрі жинақы.
Қайдай жағдайда да жалған ақшалар мен бағалы қағаздарды жасау немесе сатуға қарсы күрес, оның алдын алу шараларын ұйымдастырып , жүзеге асыру өзекті мәселе болған. Осы қылмыстар тек біздің ғана елде емес, ол түрлі мемлекеттерде өзіндік бірнеше жылдық тарихы бар қылмыс екендігі жасырын емес. Жалған ақшалар мен бағалы қағаздарды жасау немесе оларды сатудан қорғануды осы уақытқа дейін ешбір елде, ешбір мемлекетте, ешбір заманда, ешкімде ойлап тапқан жоқ. Қылмыстылық - қоғам сияқты мәңгілік. Дегенмен , бұл қылмыстардың алдын алу және болдырмау адам баласының басты міндеті болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау және сақтау туралы мәселелерін қарастыру. туралы түсінік беру.
Кәмелетке толмағандарды қылмысқа тартудың құрамын талдау және құрамын бөліп қарастыру. Кәмелетке толмағандарды қылмысқа тартудың объектісі мен объективтік жағын анықтап, сол туралы мәліметтерді қарастыру. Оның субъектісі мен субъективтік жағы туралы да қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері. Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатудың қылмыстық мәселелерін ашу барысында мынадай міндеттерге тоқталдым. Олар:
Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатудың қылмыс туралы;
Қылмыскердің заңға сәйкес субъект қырынан көрсететін қасиеттерге ие болуы туралы;
Жалған ақша немесе бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатуға бөгет келтіру және оларға қолданылатын қылмыстық жауаптылық туралы анықтау;
Жалған ақша немесе бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатуға жол берілмеу әдістері мен алдын алу жолдарын қарастыру;
Жалған ақша немесе бағалы қағаздарды жасаған, сақтаған, не сатқан қылмыскерге қолданылатын қылмыстық жауапкершілік деңгейіне түсінік беру.
Жұмыстың нормативтік базасын қазіргі қолданыстағы қылмыстық және қылмыстық-атқару заңнамасының және басқа да құқық салаларының нормалары құрайды.
Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Курстық жұмыс өзінің құрылымы мен көлеміне қатысты осындай зерттеу жұмыстарына қойылатын талаптарға толықтай жауап береді. Курстық жұмыс құрылымы бойынша кіріспеден, екі бөлімнен, бес бөлімшеден, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ЖАЛҒАН АҚША МЕН БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫ ЖАСАУ, САҚТАУ, НЕ САТУДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЛПЫЛАМА ТҮСІНІКТЕМЕ.

1.1 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатудың қылмыстық жүйе бойынша сипатталуы.

Біз, қылмыстық құқықта экономикалық қылмыстар деген ұғымды жиі кездестіріп жатамыз. Көптеген экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың белгісі - оның заты болып табылады. Мысалы: Жалған ақша немесе бағалы қағаз; Тауарлық белгі; Жалпы экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың арнаулы субъектілері болып қызмет бабын пайдаланып жасаған мемлекеттік органның лауазымды адамдары, сондай- ақ комерциялық немесе басқа ұйымдардың басқарушылары немсе жеке кәсіпкерлер танылуы мүмкін. Ақша несие жүйесіндегі қылмыстылық экономика саласындағы қылмыстардың ең қауіпті түрі болып отыр.Бұл қылмыс заңсыз кәсіпкерліктің ерекше бір көрінісі болып танылады. Сонымен, бұл өндірісті технологияларды дамытуды, халықаралық сауда көлемін кеңейтуді, оларды жүзеге асыруды бірлескен экономикалық және қаржылық институттар құруды, сондай-ақ экономика саласындағы құқық бұзушылықтардың, экономикалық қылмыстардың алдын алудың қажет екенін көрсетеді..
Бу Свенсон экономикалық қылмысты экономикалық қылмыстар ұзаққа созылатын, жүйелі, пайдакүнемдік ниетпен жасалынатын, шаруашылық қызмет саласында жиі кездесетін, жазаланатын әрекет - , деп есептейді . Алайда, қылмыстың созылмалығы қасиеті барлық экономикалық қылмыстарға тән емес.
Жәнеде, Дементьева Е.Е. диссертациялық жұмысында экономикалық қылмыстарға тән белгілерге төмендегілерді жағдайларға бөліп көрсетеді:
- материалдық игіліктерді тарату үшін (пайдакүнемдік) жасалынуы;
- жәбірленушілердің ұжымдылығы және белгісіз болуы;
- ұзақ, жүйелі;
- мемлекеттің, кәсіпкердің және жеке азаматтардың мүдделеріне шығындардың келуі .
Атап айтатын болсақ, бұл жөнінде автор жәбірленген тұлғаларды анықтап, олардың жәбірленуін сонымен қатар қаншалықты шығынданғандығын анықтауға тырысқанын аңғарамыз. Автор, егер де жоғарыдағыдай материялдық игіліктерге зиян келіп, шығындануы яғни, бұл қылмыстылық әрекетте жәбірленушінің меншік құқығына да кері әсерін тигізеді деп ойлайды.
Қазіргі таңның өзекті мәселелерінің бірі осы жалған ақша немесе бағалы қағаздарды жасау немесе сату ақша несие саласында жиі кездесетін қылмыс. Ақша-несие жүйесі мемлекеттің негізгі элементі болғандықтан, бұл мемлекеттің экономикалық қызметтері ұғымын қамтиды. Экономикада ақша-несие жүйесі ерекше орын алады, бұл ұғымдарды бөлек қарауға, әрине болмайды. Елдің рыногтық өтпелі экономикалық жағдайында, кәсіпкерлік бостандығы жарияланып, бәсекелестікке жол берілгенде, құн мен сыртқы экономикалық қызмет либерализацияланғанда жалған ақша мен бағалы қағазды жасау, сақтау, не сату жөніндегі қылмысты экономикалық қылмыс топтарына жатқызбауға мүлдем болмайды. Өйткені бұл ұғымдар бір- бірін толықтырып тұрғанын анық көреміз.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы заң күші бар Жарлығы Қазақстан Республикасының ақша бірлігі Қазақстан теңгесі деп белгілейді. Қазақстан Республикасының айналымындағы ақша белгілері банкноттардан және мәнеттерден тұрады. Қазақстан Республикасының аумағында ақша қаражатын шығару, олардың айналымын ұйымдастыру және оларды айналымнан алу ісін тек Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі банкноттар мен мәнеттерді қолма - қол емес эквивалентті алып банктерге сату түрінде жүзеге асырады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасынығң Ұлттық банкі банкноттар мен мәнеттердің қажетті санын анықтайды, олардың жасалуын қамтамасыз етеді, қолда бар ақша қаражатын сақтау, жою және инкассациялау тәртібін белгілейді.
Жалған ақша немесе қағаздар жасау немесе сату әрекеті үшін жауаптылық Қылмыстық кодекстің 231 - бабында көзделген.
Қылмыстың тікелей объектісі - Қазақстан Республикасының ақша және қаражат жүйесілері болып табалады.
Сонымен қатар, бұл қылмыстың объективтік жағы үш балама әрекеттерді жасаумен сипатталады - жалған ақшамен құнды қағаздарды жасау, сақтау немесе сату.
Сақтау дегеніміз - жалған ақшаның және бағалы қағаздардың айыпты адамның иелігінде болуы.
Сату дегеніміз - жалған ақшаны және бағалы қағаздарды айналымға шығару. Сату тәсілдері әр түрлі болуы мүмкін - тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін төлеу, валютамен айырбастау, ақша ұсақтау, сыйға тарту, қарызға беру, т.б. Ең бастысы, сол заттарды айыпты басқа адамға беруі тиіс.
Жасау дегеніміз - осы қылмыстың заттарын толық немесе жарым - жартылай қолдан жасау. Бұл жағдайда қолдан жасалған ақшаның және бағалы қағаздардың нағыз ақшамен және бағалы қағаздармен нысаны, мөлшері, түр - түсі және басқа реквизиттері бойынша ұқсастық фактісін анықтау керек. Мұндай ұқсастық болмаған жағдайда айыптының әрекетін алаяқтық нысанындағы ұрлық деп саралау қажет.
Жалған ақша және бағалы қағаздар тікелей қолмен де, техникалық құралдар пайдаланып та жасалуы мүмкін. Жасау тәсілі саралауға ісер етпейді, бірақ жаза тағайындағаннда ескерілуі мүмкін.
Қылмыс заты - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банкноттарымен мәнеттері, мемлекеттік бағалы қағаздар,Қазақстан Республикасының валютасындағы басқа қағаздар, шетел валютасы, шетел валютасындағы бағалы қағаздар. Бұлар Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Валюталық реттеу туралы заңымен реттеледі.
Ақша дегеніміз - Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің ақша бірлігі, ол банкноттар мен мәнеттерден тұрады.
Бағалы қағаз белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат ретінде анықталады . Бағалы қағаздарға: облигация, банк сертификаты, коносамент, акция және бағалы қағаздар туралы заң актілерімен немесе олар белгіленген тәртіпте бағалы қағаздар қатарына жатқызылған басқа құжаттар. Бағалы қағаздар Қазақстан Республикасының валютасында да, шетелдік валютада да бола алады.Бұл қылмыстың объективтік жағы үш балама әрекеттерді жасаумен сипатталады - жалған ақшамен құнды қағаздарды жасау, сақтау немесе сату. Жалған ақша және бағалы қағаздар тікелей қолмен де, техникалық құралдар пайдаланып та жасалуы мүмкін. Жасау тәсілі саралауға ісер етпейді, бірақ жаза тағайындағаннда ескерілуі мүмкін. Қылмыстың құрамы - формальды. Осы үш әрекеттің біреуі жасалған кезден бастап қылмыс аяқталған болып саналады. Қылмыстың субъективтік жағы - тікелей ниет түріндегі кінә. Айыпты өзінің жалған ақшаны жіне бағалы қағаздарды жасағанын, сақтағанын және сатқанын түсінеді және осы әрекеттерді жасауды тілейді.Қылмыс құрамының осы элементінің міндетті нышаны - арнаулы мақсат - жалған ақша және бағалы қағаздар жасап және сақтап оларды сату.Қылмыс субъектісі - жасы 16-ға толған, есі дұрыс адам. Қылмыстық кодекстің 231-бабының 2-бөлігі мынадай саралаушы нышандарды көздейді: ірі мөлшерде жасу және жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасағаны немесе сатқаны үшін бұрын сотталған адамның жасауы.Заңда ірі мөлшердің критерийі анықталмаған. Ол әрбір нақты жағдайда жасалған іс - әрекеттің мән - жайына байланысты белгіленеді.Адам жалған ақша немесе бағалы қағаз жасағаны, сақтағаны және сатқаны үшін бұрын сотталған деп танылады, егер сол қылмысы үшін бұрынғы соттылығы қылмыстық заңға сәйкес алынбаса немесе жойылмаса. 231 - баптың 3 - бөлігінде көрсетілген әрекеттерді ұйымдасқан топтың жасағаны үшін жауаптылық көздейді. Осы бапқа сәйкес ұйымдасқан топқа осы қылмысты Қылмыстық кодекстің 31- баптың 3 - бөлігімен байланыстыра отырып ұйымдасқан топқа осы қылмысты жасау үшін алдын ала біріккен екі және одан да көп адамдар тобы Ұйымдасқан топ деп танылады.

1.2 Жалған ақша немесе бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатудың басты себептерімен қылмысқы қайшы әрекеттер.

Біз ең алдымен осы жалған ақша немесе бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатудың басты себептерімен қылмысқа қайшы әрекеттерге тоқталып кетуіміз керек. Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сату жөніндегі қылмыстардың пайда болуына келесі құқықтық факторлар әсер етеді:
- ақша бірліктері мен бағалы қағаздар жөніндегі нормативтік актілердің жетілдірілмеуі;
- бағалы қағаздар жөнінде әлемде бірыңғай түсініктердің болмауынан ҚР-ғы бағалы қағаздар мен шетел мемлекетінің бағалы қағаз түрлері арасында ерекшеліктердің кездесуі;
- жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сату туралы қылмыстарды сот практикасында қарау мәселелері туралы қылмыстық заңға түсініктеме беретін актілердің (Жоғары Сот қаулысы) қабылданбауы;
- қылмыстық құқықтық маңызы бар ұғымдарға толық түсініктердің берілмеуі;
- қылмыстық әрекеттерді саралау мәселелерінің туындауы. Қылмыстардың пайда болуы саяси себептермен де ұштасып жатты.
Ал, жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды сақтауға төмендегідей кемшіліктер себепші:
- жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды сақтау орындарын қарау тактикасын жедел-іздеу қызметшілерінің толық игермеуі;
- жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздардың сақталуын анықтауда жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздар туралы ақпараттармен қамтамасыз ету базасының қалыптаспауы;
- жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды сақтау фактілерін анықтауда жедел-іздеу, тергеу, органы қызметшілерінің белсенді қызмет етпеуі;
- азаматтардың меншігіне, ар-намысына байланысты конституциялық құқықтарын сақтай отырып, қылмыскердің, яғни жалған ақшаны сақтаушының қылмыстық әрекеттерін дәлелдейтін фактілерді табу мақсатында (Мысалы, тінтуде, зат алуда, ақпараттар жинауда) жедел-іздестіру заңды шараларын ұйымдастырудың қиын болуы және т.б.
Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сату жөніндегі қылмыстық әрекеттердің арнайы себептерін анықтау үшін ҚР аумағында ақша-несие саласын мұқият, объективті талдау негізінде жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздардың жасалғаны, сақталғаны, не айналымда жүргендігі туралы мәліметтерді жоспарлы түрде жинап, жан-жақты зерттеп, жүйелеу керек. Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасауға мынадай кемшіліктер себепші болады:
-өндірістік-технологиялық прогрестің нәтижесінде өндірісте қолданылатын құралдардың, объектілердің көптілігінен жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасап алу мүмкіндігінің болуы;
- жалған ақша мен бағалы қағазды жасау үшін қажетті құралдардың, материалдардың көптеген шаруашылық субъектілердің иеленуі, бұл құралдардың мақсатты қолданылуын ұжымдық тексерістің болмауы;
- өндірістік және өндірістік емес салаларда, сондай-ақ азаматтардың иелігіне жоғаралы сапалы көшірме-көбейткіш құралдарын жаппай тарату және олардың бақыланбауы;
- ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасаудың технологиясы туралы мәліметтермен танысуға болатын кітапханаларда, мекемелерде оқырмандарды есепке алуын ұйымдастырмау, бұл мәліметтердің қылмысты ашу кезінде қолданылмауы;
- жалған ақша даярлаушылардың кәсібилігінің артуы, жалған құжатты даярлау сапасының жоғарылауы;
- бұрын арнайы ресми құжаттар даярлайтын типографияларда қызмет еткен, немесе қызмет етіп жүрген тұлғалардың арнайы есепке алудың жүзеге асырылмауы;
- ақша бірліктері және бағалы қағаздар даярлайтын типографияларда қызмет еткен, немесе қызмет ететін тұлғалардың, олардың туған-туыстарының ақша мен бағалы қағазды жасаудың технологиясын қүпияда сақтауын қамтамасыз ететін шаралардың жүзеге асырылмауы;
- уәкілетті және құқық қорғау органдарының жалған ақша мен бағалы қағазды жасаудың алдын алу шараларын бірлесіп атқаруда белсенділік танытпауы;
- жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау фактісін анықтауға байланысты жедел-іздестіру шараларының белсенді жүргізілмеуі, оның дұрыс бақыланбауы;
- жалған ақшаны жасау фактісін анықтау барысында жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасаудың әдістері туралы сараптама органдарына анықтамашы, тергеушілердің толымды сұрақтар қоймауы;
- сараптамашылардың жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасаудың әдістерін зерттей отырып, бұл құжаттың шетелде даярланғаны, немесе мұндай құжаттың бұрын соңды қаралғаны туралы анықтама, тергеу органдарына хабарламауы;
- жалған ақша бірліктерін жасаушылар, немесе оның әдістері туралы мәліметтерді Интерполдың ҮОБ-дан алу мүмкіндіктерін құқық қорғау органдарының практикада қолдана бермеуі;
- қылмыстық атқару мекемелерінің кәсіби қылмыскерлердің жалған ақша мен бағалы қағазды жасау тактикасын басқа сотталушыларға жариялау мүмкіндіктерінің алдын алмауы және тағы да басқа мән-жайлар. Соңғы жылдардағы қылмыстық іс құжаттар мен статистикалық материалдарды талдап, сұрақ-жауап алып, өз ғылыми еңбектерінде ғалымдар жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберуге мынадай кемшіліктерді жатқызған:
- өндірістің дамуына қарағанда тауар мен көрсетілетін қызмет құнының өсуі, делдалдықтың және банктік капиталдың алға шығуымен экономикада инфляциялық процестің дамуы;
- айналымда қолма-қол ақша мөлшерінің өсуі;
- номиналдық құны жоғары банкноттардың пайда болуы;
- қолма-қол емес есеп айырысудың жақсы дамымауы;
- елде шетел валютасының еркін айналымда болуы;
- ақша бірліктерінің жаңа үлгілерінің айналымға енуі;
- санаулы халықтың кірісі жоғары, ал елдің көпшілігінің кірістерінің төмен болуына байланысты өмір жағдайын дифференцациялаудың күшеюі;
- кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалардың көпшілігінің мүдделері қоғам мүддесіне қайшы, пайдакүнем, сондай-ақ экономика саласында құқықбұзушылыққа, қылмыс жасауға бейім болуы;
- ақша мен бағалы қағаздың қорғану белгілерімен халықтың хабардар болмауы;
- сауда-саттық орындарының ұйымдастырылмаған нысанда кездесуі;
- тауарлар сату және қызмет көрсету рыногының жүйесізденуімен қолма-қол ақша айналымының бақыланбауы;
- ҚР аумағында көшірме құралдарын сырттан енгізудің бақылаусыз болуы;
- қылмыспен күресу, оны ашу мақсатында жедел-іздестіру шараларын, тергеу әрекеттерін ұйымдастыру, құқық қорғау органдарының кадрларын даярлау және оларды қаржыландыру, қаражатты орынды, тиімді жұмсау жөніндегі сұрақтардың шешілмеуі;
- көп халықтың экономика саласында білімдерінің болмауы, мәмілелер және басқа да операцияларды жасаудың, соның ішінде бағалы қағазға да қатысты ережелерді, процедурасын білмеуі салдарынан жәбірленушілердің көбеюі;
- қоғамдық тәртіп сақшыларының құқықбұзушылықтың алдын алуда белсенділік танытпауы;
Техникалық шараларға байланысты жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберудің себептері мыналар:
-ақшалар мен бағалы қағаздарды тексеретін детекторларды қаражатпен байланысты ұйымдардың иеленбеуі;
-шынайы ақша бірліктері мен бағалы қағаздардың көшірмесін көшірме-көбейткіш техникалардың көмегімен алудың техникалық мүмкіндіктерінің болуы;
-ақшалар мен бағалы қағаздардың көшірмесін жасаудан қорғайтын көшірме құралдарының қолданыста жүрмеуі, оған мүмкіндіктің болмауы; -ақша бірліктері мен бағалы қағаздардың шынайы екендігін тестілейтін техникалық құралдардың енжар;
- полиграфиялық техника мен технологияның дамуы;
- ақша бірліктері мен бағалы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалған ақша немесе бағалы қағаз
Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатудың алдын алу шаралары
Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау және өткізу
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың түсінігі
Банк қызметi саласындағы қылмыстарға криминологиялық сипаттама
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМА
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАР
Тауарлық белгіні заңсыз пайдалану
ҚР-дағы бағалы қағаздар қатынастарының реттелуі
Пәндер