Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының конституциялық негіздері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... 3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... 6
1.1 Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары түсінігі ... ... ... ... ...6
1.2 Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары нормативтік актілерде негізделеді ... ... ... .10
2 АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫ ЖҮЙЕСІ ... ... ..13
2.1Азаматтардың әлеуметтік экономикалық құқықтары мен бостандықтары ... 13
2.2 Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.3 Азаматтардың конституциялық міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... 18
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдаған жолдауларында адам құқығын сақтау, Қазақстанды одан әрі жаңарту мен демократияландыру күн тәртібіндегі мәселе екендігі айтылған. Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егеменді мемлекет, өзін әлеуметтік, құқықтық мемлекет ретінде орнықтырып, қоғамның бүгінгі таңдағы әлеуметтік, саяси, экономикалық өзгерістеріне, яғни нарықтық экономикаға көшу, көп партия құру, қоғамда демократиялық және құқықтық институттарды дамыту мәселелеріне көп көңіл бөледі. Өткізілген реформалардың сәтті шығуы ең алдымен жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделетін құқықтық сана деңгейіне әсер етеді, одан адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары да шет қалмайды.
Мемлекетте демократияның басты негізі жеке тұлғаның құқықтық жағдайы болып табылады. Барлық қазіргі заманға сай конституциялар, оның ішінде Қазақстан Республикасының Конституциясы да бұл мәселеге ерекше назар аударады. Көпшілігінде адам мен азамат құқықтары мен бостандықтары алғашқы бөлімдерде келтірілген, бұл мемлекеттің жеке тұлғаның құқықтық жағдайына қаншалықты қарым-қатынаста болатындығын көрсетеді. Көпшілік мемлекеттер Конституциясымен қатар оның құрамдас бөлігі ретінде негізгі құқықтар мен бостандықтарды жеке құжаттарда көрсету орын алады. Бұған, атап айтқанда 1789 жылғы француздың Адам мен азамат құқығы Декларациясын, 1982 жылғы канадалық Құқық пен бостандық хартиясын, 1992 жылғы Негізгі құқықтар мен бостандықтар Хартиясын жатқызуға болады. Бұл қадам басқа да конституциялық жағдайлардан жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын бөліп алып қарастыруға мүмкіндік береді.
1. ҚР Конституциясы.- Алматы 2016.- 40б.
2. Иманқұлов М.Заң-тәртіп-АПК.//Алматы Ақшамы, 30 наурыз, 2006ж.
3. Мырзатаев Н. ҚР ауыл, округ әкімдерін тағайындау мен сайлаудың өзекті мәселелері//Заң, №3,2005ж.
4. Танкиева А. Жергілікті басқару//Қаржы-Қаражат,№3,2004ж.
5. Төлеуханқызы А. Басқарудың тиімділігі мен мөлдірлігін арттыру - өмір талабы.//Егемен Қазақстан, 9 маусым, 2006ж.
6. Смаил Е. Саяси реформалар: нақты істер уақыты.//Егемен Қазақстан, 9 маусым, 2006ж.
7. Самратов Ж. Халықтың билікке тәуелділігін азайту – демократияның басты қағидаты.//Егемен Қазақстан, 16 маусым, 2006ж.
8. ҚР-ның әкімшілік территориялық құрылымы туралы заңы
9. Қазақстан Республикасы аудандарының облыстық маңызы бар қалалары әкімдері сайлауын өткізу ережесі, 2006ж.
10. Алматы қаласының 2002-2010 ж даму бағдарламасы

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
тАҚЫРЫБЫ: Қазақстан республикасындағы адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының конституциялық негіздері
Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Қазақстан республикасындағы адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының конституциялық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 6
1.1 Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары түсінігі ... ... ... ... ...6
1.2 Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары нормативтік актілерде негізделеді ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2 Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.1Азаматтардың әлеуметтік экономикалық құқықтары мен бостандықтары ... 13
2.2 Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары ... ... ... ... ... .. ... ... ... 15
2.3 Азаматтардың конституциялық міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...20
Кіріспе

Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдаған жолдауларында адам құқығын сақтау, Қазақстанды одан әрі жаңарту мен демократияландыру күн тәртібіндегі мәселе екендігі айтылған. Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егеменді мемлекет, өзін әлеуметтік, құқықтық мемлекет ретінде орнықтырып, қоғамның бүгінгі таңдағы әлеуметтік, саяси, экономикалық өзгерістеріне, яғни нарықтық экономикаға көшу, көп партия құру, қоғамда демократиялық және құқықтық институттарды дамыту мәселелеріне көп көңіл бөледі. Өткізілген реформалардың сәтті шығуы ең алдымен жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделетін құқықтық сана деңгейіне әсер етеді, одан адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары да шет қалмайды.
Мемлекетте демократияның басты негізі жеке тұлғаның құқықтық жағдайы болып табылады. Барлық қазіргі заманға сай конституциялар, оның ішінде Қазақстан Республикасының Конституциясы да бұл мәселеге ерекше назар аударады. Көпшілігінде адам мен азамат құқықтары мен бостандықтары алғашқы бөлімдерде келтірілген, бұл мемлекеттің жеке тұлғаның құқықтық жағдайына қаншалықты қарым-қатынаста болатындығын көрсетеді. Көпшілік мемлекеттер Конституциясымен қатар оның құрамдас бөлігі ретінде негізгі құқықтар мен бостандықтарды жеке құжаттарда көрсету орын алады. Бұған, атап айтқанда 1789 жылғы француздың Адам мен азамат құқығы Декларациясын, 1982 жылғы канадалық Құқық пен бостандық хартиясын, 1992 жылғы Негізгі құқықтар мен бостандықтар Хартиясын жатқызуға болады. Бұл қадам басқа да конституциялық жағдайлардан жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын бөліп алып қарастыруға мүмкіндік береді.
Қазақстандық заңдық ғылымдарда конституциялық әділет органдарының қызметі, олардың жеке аспектілері, сонымен бірге адам құқықтарын қорғаудың жағдайлары зерттеушілердің назарын тек кейінгі уақытта ғана өзіне бұрды.
1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Конституция жеке тұлғаның құқықтық мәртебесін реттеуде ірі қадамдардың бірі болды. Ол тек адам құқықтары облысында халықаралық құжаттардың ойларын ғана емес, сонымен қатар елдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайлардың конституциялық дамуының бұрынғы тәжірибесін де есепке алды. Конституциялық құқықтар мен бостандықтарды қазіргі уақытта қорғау жүйесі көп деңгейлі сипатта көрінеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы ең жоғары құндылық ретінде адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп бекітті[1]. Бұл қағида демократиялық мемлекеттің қызметі мен оның халықаралық- құқықтық міндеті. Конституцияда бекітілген жеке тұлғаның құқығы оны жүзеге асыру мен қорғаудың тиімді механизмін құруды болжайды. Адам құқығы, оны сақтау мен кепілдік беру бүгінгі таңдағы маңызды мәселелердің бірі. Адам құқықтарын сақтаудың шындық жағдайы- демократияның маңызды көрсеткіші, оның кемеліне келуі мен руханилығының белгісі.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы "Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық Өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері" атты халыққа жолдаған жолдауында Стратегиялық жоспарын іске асырудың базалық шарттары экономиканы жаһандық қалпына келтіруге дайындау және оның сыртқы сынақтарға тұрақтылығын арттыру үшін біртұтас үш міндеттінің бірі: сенімді құқықтық орта қалыптастыруды жалғастыру екендігі айтылған.
Жалпы, адам құқығын қорғап, бостандығын ардақтау азаматтардың лайықты өмір сүріп, бай-рақатты тұрмыс кешуіне ахуал қалыптастыру- әлемдік қауымдастыққа көшін ұластырған Қазақстанның алдына қойған асыл мұраты.
Осындай бүгінгі күні өзекті болып отырған мәселені дипломдық жұмыстың тақырыбы ретінде таңдау тақырыптың мазмұны мен мәнін одан әрі аша түседі. Жеке тұлғаның мемлекет және құқық теориясының субъектісі ретінде танылуы, оның конституциямен баянды етілген құқықтары мен бостандықтары, міндеттерінің жүйесін жұмыстың зерттеу объектісі ретінде алынуы үлкен мақсат қойып, міндеттердің шешілуін қамтамасыз ету болып саналады.
Сонымен қатар конституциялық құқықтар, бостандықтар мен міндеттерді жүзеге асыру объективтік және субъективтік факторлардың бірлігіне де байланысты. Демократиялық қоғам құру жолындағы Қазақстан үшін аталған мәселені шетелдік тәжірибені қолдана отырып шешу тиімдірек екені сөзсіз. Қазақстан Республикасының халықаралық байланыстары, мемлекет азаматтарының шетел азаматтарымен арасындағы қарым-қатынасы бұл тәжірибеге әсерін тигізіп қана қоймайды, сонымен бірге оған ылғи да жол ашуды көздеп отырады.
Адам құқығы-қазіргі замандағы өзекті мәселелердің бірі. Мемлекет те, партия да, жеке лауазымды тұлға да емес, жеке қарапайым адам өзінің құқықтары мен бостандықтары арқылы кез келген қызмет ортасында болуы керек. Адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарына қол сұғылмайды және ол адамның туған сәтінен бастап өзіне тиесілі.
Кез келген адам мен азамат негізгі құқықтар мен бостандықтарды пайдалана алады. Демократиялық құқықтық мемлекеттің заңдылықтары адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығының теңдігіне, яғни оның ұлтына, нәсіліне, жынысына, тіліне, мүліктік және қызметтік жағдайына қарамастан кепілдік береді, тілдік, діндік, ұлттық, нәсілдік, әлеуметтік белгілеріне қарамастан оның құқықтарына шек қоюға тыйым салынады.
Адам қоғамы мыңдаған жылдар бойы-сонау көне дәуірден қазіргі заманға дейін әлеуметтік нормалар арқылы басқарылып келді. Сондықтан жеке адамның құқығы мен бостандығы туралы теорияның мыңдаған жылға созылған тарихы және мол тәжирибесі бар.
Адам құқығы - тарихи, табиғи, объективтік құбылыс. Сондықтан әлеуметтік норма әр уақытта даму процесінде болады. Әлеуметтік норма адам қоғамымен бірге дамып, бірге өзгеріп, бірге өмір сүріп келеді. Қоғам дамып, нығайып, жақсарған сайын әлеуметтік норма да дамып, нығайып жақсарады, оның әділеттік, бостандық, демократиялық шеңбері де, кеңістігі де молаяды, күрделенеді.
1 қР-НЫҢ адам және азаматтың құқықтар мен бостандықтарының конституциялық негіздері

1.1 Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары түсінігі
Жалпы, құқықтық мәртебе деп адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының қоғамда заң жүзінде бекітілген құқықтық ережелерінің жиынтығын айтамыз. Қазақстан Республикасы Конституциясында адам, тұлға, азамат деген ұғымдар көп кездеседі. Құқықтық мәртебе де осы көрсетілген субьектәлермен тығыз байланысты.Енді осы аталған ұғымдарға - субъектілер атауына түсінік бере кеткен жөн. Адам деген ұғым оның биологиялық сипаттамасы, яғни, тірі жанның жеке физиологиялық қасиеттерін бейнелейтін белгісі болып табылады. Ал, тұлға адамның қоғамдағы өз орнын , атқаратын рөлін, жауапкершілігін сезінуін бейнелейтін әлеуметтік бейнесі туралы түсінікті білдіреді.Азамат деген ұғым жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің нақты мемлекетінен тұрақты құқықтық байланысын анықтайтын белгі болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясында адам , жеке тұлғаның, азаматтардың конституциялық құқықтары, бостандықтары, міндеттері құқықтық мәртебесі айқын көрсетілген. Ең алдымен Ата Заңымызда адамның жеке құқықтары мен бостандықтарына ерекше мән берген.
Жалпыға бірдей адам құқығын мойындау олардың конституциялық құқықтар мен арақатынасын, құқықтардың түбегейлі, негізгі және туынды болып бөліну мәселелерін тудырады. Түбегейлі құқықтарға туа біткен ажырағысыз, абсолюттік, халықаралық мойындалған жалпыға бірдей құқықтар жатады. Туынды құқықтарға конституциялық түрде мойындалған және қоғамның өркениеттілігі дәрежесіне байланысты нақтыланатын, түзетілетін құқықтар жатады.
Конституциялық құқықтар мен бостандықтар -- Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген Конституциясының екінші бөлімінде бекітілген құқықтар мен бостандықтар. Конституциялық құқықтардың барлығы негізгі болып табылады деп айтуға болады. Отандық қоғамтанушылар негізінен конституциялық және негізгі құқықтардың бірдей екендігін мойындайды. Олар негізгі деп тек мемлекеттің Негізгі заңында белгіленгендіктен ғана емес, сонымен қатар адам мен қоғамның, азамат пен мемлекеттің араларындағы елеулі байланыстар мен қарым-қатынастарды бекітетіне байланысты айтылады.Заң ғылымында негізге қандай критерийлерді алғандығына байланысты адам құқықтары мен бостандықтарының әртүрлі жіктелулері көрсетіледі. Критерийлер белгілі нақты талаптарға жауап беруі тиіс: олардың сапалы, маңызды болуы тиіс және әр топ пен әрбір түрдің ерекшеліктерін анықтауға көмектесуі тиіс.Конституцияда келтірілген негізгі құқықтар мен бостандықтардың көпшілігі жай ғана жиынтық емес, олар белгілі ғылыми, мейлінше терең ойластырылған логикалық негізі бар жүйе болып табылады. Негізгі құқықтар мен бостандықтар жүйесі тек қана олардың тобын ғана сипаттаумен шектелмей, сонымен қатар Конститутцияда олардың бірізді орналасуының басымдығын да сипаттайды. Бұл жеке адамның құқықтық мәртебесі мәнінің қасиетін тануда мемлекет ұстанатын идеологияны көрсетеді.
Қазақстан Республикасында адам және азаматтың конституциялық мәртебесі 1995 жылы Конституцияның II"Адам және азамат" бөлімінде белгіленген.Адам және азааматтың конституциялық - құқықтық мәртебесі институты төмендегідей элементтерді қамтиды:
- Адам және азаматтың құқықтық мәртебесінің мән - маңызын құрайтын конституциялық құқықтар, бостандықтар және міндеттер;
- Адам және мемлекет арасындағы қарым - қатынастарды, сондай - ақ адамның қоғамдағы және конституцяилық құқықтың басқа субъектілері арасындағы жағдайларды сипаттайтын адам және азаматтың мәртебесінің конституциялық принциптері.
Жаңа конституциялық заңдылықтардағы негізгі басты жаңалық адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазына деп танылуы болып табылады (Қазақстан Ресрубликасы Конституциясының 1-бабы).Бұл жағдайда адам және мемлекет арасындағы қарым - қатынастарда өзара жауапкершілікке басым бағыт беріледі.
Қоғам мен мемлекеттегі адам және азаматтың жағдайын белгілеуші негізгі принциптер Конститцияның тікелей өзінен де, сондай - ақ Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдылықтарынан да келіп шығады. Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың құқықтық мәртебесінің конституциялық принциптеріне мыналарды жатқызуға болады:
- Құқықтар мен бостандықтардың әркімге тумысынан жазылғандығы принципі;
- Құқықтар мен бостандықтардың абсолюттігі және олардан ешкім айыра алмайтындығы принципі;
- Құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асырған кездегі құқық теңдігі принципі;
- Заң мен сот алдындағы теңдік принципиі;
- Адамның қадір - қаситіне қол сұғылмаушылық принципі;
- Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сот төрелігімен қамтамасыз етілу прнципі;
- Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының бірлігі принципі;
- Адам және азаматтық құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру кезінде басқа тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол берілмейтіндігі принципі;
- Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру кезінде конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтіруге жол берілмейтіндігі принципі;
- Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беру принципі;
- Саяси себептер бойынша азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қандай да бір түрде шектеуге жол берілмейтіндігі принципі;
- Заңдардың және басқа да нормативтік актілердің мазмұны мен қолданылу өрісін анықтаған кездегі адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы принципі;
Бірінші рет Қазақстан Республикасының Конституциясы жеке тұлғаның табиғи шығу төркінін бекітті, сөйтіп 12 - баптың 2 - тармағыда адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды деп жариялады.Конституциялық жаңалықтардың бірі адамның құқықтары мен бостандықтары заңдар мен басқа да нормативтік актілердің мазмұны мен қолданылуын анықтайды деп белгіленуі болып табылады.Бұл тұжырым Қазақстан Республикасының заңдарын шығарған кезде мемлекет жеке тұлғаның конституциялық құқықтары мен бостандықтары, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары тұрғғысынан шығаруға тиіс дегенді бңлдңреді.Конституцияның аталған бабы бірінші реет Қазақстан қоғамдастығы өміріне құқықтық мемлекетт принциптерін, сондай - ақ тұлғалардың мемлекет алдындағы басымдылығын нақтылы түрде енгізеді.Бұл жерде Конституция адам жіне азаматтың құқықтары мәртебесі жөнінде сөз ете отырып, белгілі бір шектеу жүргізетіндігін ата кету қажет. Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру шектеу шеңберіне ие, олшар төмендегідей болып келеді:
1) Ол басқа тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға тиіс;
2) Ол конституциялық құрылысқа нұқсан келтірмеуге тиіс;
3) Ол қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс.
Адам құқығы Адам және азамат құқығын қарастыру алдында "адам", "жеке адам", "азамат" санаттарының арақатынасын білу маңызды. "Адам" ұғымы табиғи тұрпатта сипатталады, яғни арнайы физиологиялық қасиеттерді бойына сіңірген тіршілік әлемінің өкілі ретінде. "Жеке адам" ұғымы адамды әлеуметтік тұрғыда сипаттайды, яғни қоғамда өзінің рөлі мен орнын және оның алдындағы жауапкершілігін сезінуі (мүмкін болған жағдайлар, егерде адам әр түрлі объективті және субъективті себептерге байланысты жеке адам бойында болатын касиеттерді иемденбесе, мысалы, психикалық аурудың салдарынан сот оны әрекет қабілеттілігі жоқ деп таныса). "Азамат" ұғымы адамды заңды тұрғыда сипаттайды, яғни адамның нақты бір мемлекетпен тұрақты құқықтық байланыстылығын қарастырады. Адам құқығы -- адамның муддесін қанағаттандыруга бағытталган, заңмен қоргалатын демократиялық құндылық. Адам құқығына мынадай белгілер тән:
олар қоғамда өмір жағдайының үнемі өзгеріп отыруына байланысты, адамның табиғи және әлеуметтік мәнділігі негізінде туындайды және дамиды;
объктивті түрде қалыптасады және мемлекеттің мойындауына тәуелді емес;
туғанынан беріледі;
табиғи (су, жер, ауа, т.б. сияқты) қажеттілік болып табылады, ажыратылмас сипатта болады;
тікелей әрекетті болып табылады;
ең жоғары әлеуметтік құндылық болып танылады;
құқықтың кажетті бөлігі ретінде адамның өмір сүруінің нақты бір түрпатын білдіреді;
жеке адамның өз калауынша әрекет жасауына мүмкіндік жасайтын, сейтіп нақты бір игіліктер алуын қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекеттің арасындағы қарым-қатынастарды тұжырымдайтын кағидаттар мен нормаларды білдіреді;
оларды мойындау, сақтау және корғау -- мемлекеттің міндеті.
Адамның өмір сүруі мен лайықты өмір кешу құқығын жүзеге асыру үшін оның дүниеге келуі ғана жеткілікті. Ал басқаша құқықтарын жүзеге асыру үшін адамда азамат, жеке адам қасиеттері болуы шарт. Адамның құқы мен бостандығы табиғи және ажыратылмас болып табылады, туғаннан бастап беріледі жөне жоғары құндылық болып табылады. Мемлекеттің міндеті -- адам құқықтарын сақтау, қорғау және мойындау. Мемлекет өзінің азаматтарына жеке адамның қажеттілігіне сәйкес келетін құқық пен бостандықтарды (өмірінің қауіпсіздігі, адамның бостандығы мен ар ожданы, өзінің жеке ерекшелігін сақтау және дамыту) қамтамасыз етуге міндетті.
Конституция жеке тұлағының аса маңызды, әлеуметтік құқықтары мен бостандықтарын бекітеді.Олар оның ерікті адами тұлғаға тән ар - ожданы мен қадір - қасиетін қамтамасыз етеді.Конституциялық құқықтар мен бостандықтар қоғамды құру және басқару ісі мәселелерін шешуге қатысуға табиғи құқықтарды бекітеді.Сонымен қоса конституциялық құықтар мен бостандықтарды жүзеге асыру мемлекеттің конституциялық екендігін дәлелдейтін демократиялық бастауларды іске асыруды қамтамасыз етеді.
Конституциялық құқықтар мен бостандықтар бастапқы сипатқа ие, олар аласталмайды және әркімге тумысынан тиесілі.Конституциялық құқықтар мен бостандықтар әрбір адам мен азаматқа бекітіледі және тұлғангың құқықтық мәртебесінің өзегін құрайды.Құқық ұғымы оны іске асыру үшін мемлекет тарапынан ықпалды іс - әрекет болуына сондай - ақ жеке тұлғаның қоғамдық, саяси не шаруашылық құрылымдары қызметіне қатысу өкілдігі болуына жағдай жасайды.Бостандық ұғымы адамға өзінің ішкі әлеміне кедергі келтіруден қорғануға және белгілі бір белсенділік танытуға мүмкіндік беретін өзіндік мінез - құлықты таңдау мүмкіндігін білдіреді. Жеке тұлға мен мемлекеттің, сондай - ақ адамдардың өздерінің арасында пайда болатын қарым - қатынастардың сипатына орай конституциялық құқықтар мен бостандықтар түрлі салаларға бөлінеді.Тұлғаның құқықтық дәрежесі әрекет ететін құқықтың барлық салаларының нормаларында көрсетілген адам мен азаматтың құқығының бүкіл жиынтығымен анықталады. Тұлғаның құқықтық мәртебесі өз бойына Конституция арқылы бекітілетін құқықтар мен бостандықтарды қамтиды. Осы қамтылған бөлігі барлық құқықтар мен бостандықтардың шағын бір бөлігін өз бойына жинақтайды.
Негізгі құқықтар мен бостандықтарға тән заңдық ерекшеліктер мыналар:
1.Конституциялық құқықпен бостандық, тұлғаның құқықтық мәртебесінің негізін қалайды және басқа құқық салаларында бекітілген құқықтардың барлығына негіз әрі бастау болады.
2. Негізгі құқықтар мен бостандықтар әрбір азамат пен адамға беріледі.
3. Негізгі құқықтар мен бостандықтардың өзіне тән бір сипаты - бұл олардың ортақтығымен бейнеленеді. Олар барлық адамдар үшін бірдей әрі тең деп есептеледі.
4. Азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтары өзінің пайда болуы және қалыптасуымен ерекшеленеді. Оған жалғыз ғана негіз ретінде оның ҚР-ның азаматтығына қатыстылығы бола алады.
5. ҚР-ның азаматының негізгі құқықтары мен бостандықтары азаматтың еркі бойынша алынбайды немесе кері қайтарылмайды. Бұл құқықтар оған азаматтығына байланысты беріледі, бұл құқықтар азаматтығы жоғалтылған жағдайда бірге өз күшін жояды.
6. Негізгі құқұқтар мен бостандықтар оларды іске асыру механизміне байланысты ерекшеленеді. Барлық өзге құқықтары мен міндеттері нақты бір құқықтың қатынас барысында, құқықтық қабілеті арқылы өзінің жетістігі болып қалады.
7. Негізгі құқық, бостандық және міндеттерге тән тағы бір ерекшелік, мұнда олардың заңды түрде бекітілуіне де байланысты. Олар мемлекеттің құқықтық актілерінде тіркеледі, бұл құжат әрине жоғарғы заңды күші бар ел Конституциясы болып көрініс табады.
1.2. Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары нормативтік актілерде негізделеді
Қазақстан Республикасында адам және азаматтың конституциялық мәртебесі 1995 жылы Конституцияның II"Адам және азамат" бөлімінде белгіленген.Адам және азааматтың конституциялық - құқықтық мәртебесі институты төмендегідей элементтерді қамтиды:
- Адам және азаматтың құқықтық мәртебесінің мән - маңызын құрайтын конституциялық құқықтар, бостандықтар және міндеттер;
- Адам және мемлекет арасындағы қарым - қатынастарды, сондай - ақ адамның қоғамдағы және конституцяилық құқықтың басқа субъектілері арасындағы жағдайларды сипаттайтын адам және азаматтың мәртебесінің конституциялық принциптері.
Жаңа конституциялық заңдылықтардағы негізгі басты жаңалық адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазына деп танылуы болып табылады (Қазақстан Ресрубликасы Конституциясының 1-бабы).Бұл жағдайда адам және мемлекет арасындағы қарым - қатынастарда өзара жауапкершілікке басым бағыт беріледі.
Қоғам мен мемлекеттегі адам және азаматтың жағдайын белгілеуші негізгі принциптер Конститцияның тікелей өзінен де, сондай - ақ Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдылықтарынан да келіп шығады. Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың құқықтық мәртебесінің конституциялық принциптеріне мыналарды жатқызуға болады:
- Құқықтар мен бостандықтардың әркімге тумысынан жазылғандығы принципі;
- Құқықтар мен бостандықтардың абсолюттігі және олардан ешкім айыра алмайтындығы принципі;
- Құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асырған кездегі құқық теңдігі принципі;
- Заң мен сот алдындағы теңдік принципиі;
- Адамның қадір - қаситіне қол сұғылмаушылық принципі;
- Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сот ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мен қамтамсыз ету жолдары
Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау
Адам құқықтары мен азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын топтастыру
Халықаралық адам құқықтары мен бостандықтар
Адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарының жіктелуі
Конституциялық құқықтар мен бостандықтар ұғымы
Адам және азаматтың құқықтары, бостандықтары мен міндеттерінің жүйесі
Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың мемлекеттік кепілдіктері
Жеке тұлғаның құқықтар мен бостандықтарын қорғаудағы сот органдарының маңызы
Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесіндегі Конституциялық құқық жүйесің орны
Пәндер