Құқыққа қарсы банкроттық үшін қылмыстық жауаптылықтың қылмыстық құқықтық және криминологиялық аспектілері


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш. ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР

ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

«Экономика және құқық» факультеті

«Құқықтану» кафедрасы

:
:

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Құқыққа қарсы банкроттық үшін қылмыстық жауаптылықтың қылмыстық құқықтық және криминологиялық аспектілері

Мамандық 5В030100 - Құқықтану

Орындаған: Абилов Бекболат Елубаевич

Рецензент: С. К. Алибеков

Ақтау, 2016

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ.

1. ЖАУАПТЫЛЫҚТЫ АУЫРЛАТАТЫН ЖӘНЕ ЖЕҢІЛДЕТЕТІН МӘН-ЖАЙЛАРДЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН МАЗМҰНЫ . . .

1. 1 Жауаптылықты ауырлатын және жеңілдететін мән-жайлардың қылмыстық жаза тағайындауға ықпалы . . .

1. 2 Жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар жүйесін талдау

2. ЖАУАПТЫЛЫҚТЫ АУЫРЛАТТЫН МӘН-ЖАЙЛАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ МАҢЫЗЫ

2. 1Қылмысты топ болып жасау жауаптылықты ауырлататын мән-жай ретінде

2. 2 Қылмыстардың қауіпті қайталануы және оның жауаптылықты ауырлататын мән-жай ретіндегі маңызы

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Берліген курстық жұмыста төлем қабілетсіздігі өрісіндегі құқық бұзушылық мәселелері криминологиялық тұрғыдан зерттелген. Банкроттық институтының сипаттамасы мен құқықтық реттелуі және құқыққа қарсы банкроттықтың себептері мен жағдайлары талданған. Сонымен қатар, курстық жұмыста құқыққа қарсы банкроттықтың алдын алу мақсатында жасақталып, жүзеге асырылуы тиіс шаралары кешені тұжырымдалған.

Тақырыптың өзектілігі. Криминология ғылымының қазіргі уақыттағы даму деңгейі қоғамдық өмірдің көлемді құбылыстарын ғана зерттеумен шектелмейді, сонымен қатар, экономиканы реформалау, меншіктің жаңа нысандарының қалыптасуы, нарықтық қатынастар жағдайындағы экономиканың қызмет атқарумен байланысты пайда болатын нақты мәселелерді де зерттейді.

Төлем қабілетсіздігі өрісіндегі құқық бұзушылық мәселелері дәстүрлі түрде азаматтық және қылмыстық құқық салаларының шеңберінде қарастырылып келген болатын. Беріліген мәселені арнайы криминологиялық зерттеу осыған дейін жүргізілмеген десе де болады. Сонымен қатар құқыққа қарсы банкроттықтың себептері мен әлеуметтік-құқықтық салдарын, төлем қабілетсіздігі өрісіндегі жүріс-тұрыстың ерекшеліктері мен механизмін зерттеудің өзектілігі, біздің ойымызша, алдын алу қызметінің негізгі бағыттарын айқындаумен тікелей байланысты.

Төлем қабілетсіздігі өрісіндегі құқық бұзушылық проблемасы ең алдымен, банкроттық үрдісіне қатысушылардың құқыққа қайшы жүріс-тұрыстарының жағымсыз әлеуметтік-экономикалық салдарының пайда болуының нақты тенденцияларын айқындау қажеттілігін пайда қылады. Аталған өрістегі құқық бұзушылықтардың шеңбері және оларды жасайтын тұлғалар туралы айқын түсінік, банкрот деп танудың бекітілген тәртібіне құқыққа қайшы қол сұғулардың қоғамдық қауіптілігін дұрыс бағалау үшін қажет болады деп ойлаймыз. Берілген міндеттерді шешудің тек қылмыстық, азаматтық құқықтық ғана емес, сонымен қатар криминологиялық маңызы да жоғары.

Жоғарыда айтылғандар, курстық жұмыс тақырыбы өзектілігінің ешқандай күмән туғызбайтындығының дәлелі деп санаймыз.

Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі. Құқыққа қарсы банкроттық мәселесі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі Ерекше бөлімінің 7 Тарауында қарастырылған шаруашылық, салықтық, банкілік және басқа да қылмыстардан құралатын экономикалық қызмет өрісіндегі қылмыстардың шеңберінде қарастырылып отыр.

Экономикалық қылмыстылықпен байланысты жекелеген мәселелердің зерттелуіне Н. М. Абдиров, Г. Л. Аврех, Л. А. Андреев, М. М. Бабаев, И. Ш. Борчашвили, С. Ф. Бычкова, Б. В. Волженкин, У. С. Жекебаев, Е. І. Қайыржанов, А. Х. Миндагулов Б. Х. Төлеубекова және басқа да бірқатар ғалымдар өз үлестерін қосқан.

Жоғарыда аталып көрсетілген авторлардың еңбектерінде біз қарастырып отырған қылмыстардың жалпы ұғымдарына, қылмыстық қол сұғушылықтың жекелеген түрлерін ажыратуға, құқық бұзушылардың жеке бастарына, алдын алу қызметтерінің негізгі бағыттарына, құқық қорғау және басқа мемлекеттік органдардың жұмыстарын жетілдіруге қатысты көптеген мәселелер қарастырылған.

Сонымен бірге, біздің ойымызша, арнайы әдебиетті талдау экономикалық және шаруашылық қызметтің реттеушілік механизмдерін арнайы криминологиялық зерттеудің қажеттілігі туралы тұжырым жасауға итермелейді.

Осыған байланысты банкроттықпен байланысты қылмыстардың алдын алудың бірегей концепциясын жасақтауға және кәсіпорындарды банкрот деп жариялаудың жағымсыз салдарын бейтараптандыруға деген қажеттілік пайда болады. Біз өз жұмысымызда аталған жәйттерге баса көңіл аударуға тырыстық.

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Төлем қабілетсізідігі өрісіндегі құқық бұзушылықтарға криминологиялық тұрғыдан талдау жасау. Экономикалық қызмет өрісіндегі қылмыстар қатарына жатқызылатын, құқыққа қарсы банкроттықпен байланысты қылмыс түрлерінің қылмыстық құқықтық сипаттамасын жасау.

Жоғарыда айқындалған мақсаттарға қол жеткізу үшін, төлем қабілетсіздігі өрісіндегі құқық бұзушылықтың статисткалық мәліметтеріне талдау жасау, берілген саладағы қылмыстылықпен күресу, олардың алдын алу бағытында өкілетті мемлекеттік органдармен жүзеге асырылып жатқан нақты тәжірибені талдау міндеттері шешілуі тиіс.

Жұмыстың нормативтік базасын қазіргі қолданыстағы қылмыстық және қылмыстық-атқару заңнамасының және басқа да құқық салаларының нормалары құрайды.

Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Курстық жұмыс өзінің құрылымы мен көлеміне қатысты осындай зерттеу жұмыстарына қойылатын талаптарға толықтай жауап береді. Курстық жұмыс құрылымы бойынша кіріспеден, үш бөлімнен, алты бөлімшеден, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. БАНКРОТТЫҚ ИНСТИТУТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӨРІСІНДЕГІ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ

1. 1 Банкроттық институтының сипаттамасы және құқықтық реттелуі

Банкроттық институтының ұзақ тарихы бар, ал оның қазіргі уақыттағы үрдісі, белгілі ресей экономисі, бұрынғы экономика министрі, профессор Е. Г. Ясиннің пікірінше, көптеген елдерде өте ұқсас [1, 3 б. ] .

Егер ежелгі Римде қарызды қайтармау борышкердің өмірі мен бостандығына қауіп төндіріп және оның бүлкін тартып алумен байланысты болса, уақыт өте келе сауда байланыстарының дамуы және тиісті құқықтық реттеудің күрделене түсуі банкроттыққа деген көзқарасты біртіндеп өзгерте бастады, ол қоғамның экономикалық өмірінің әдеттегі оқиғасына, ажырамас бөлігіне айналды [1, 6-7 бб. ] .

«Банкрот» сөзінің бастапқы тарихи мағынасы экономикалық қызметтің қатысушыларының жағымсыз нәтижесін білдіретін. «Банкроттық» экономикалық қызмет субъектілерінің нақты құлдырауы болып табылды [2, 14 б. ] . Орта ғасырларда итальян саудагерлерінде өз дүкендерінің алдына клиенттері үшін орындық қойып, олар төлемге қабілетсіз болған жағдайда орындықтарды жария түрде қирататын әдет болған. Сындырылған орындық (итальянша «banka rotta») экономикалық субъектінің қаржылай құлдырауының символы болып табылды [3, 388 б., 4, 153 б. ] .

Қазіргі уақытта батыс елдері заңнамасында «төлем қабілетсіздігі» термині қолданылады, себебі «банкроттық - бұл төлем қабілетсіздігінің қылмыстық-құқықтық жағы» деген пікір орын алған. Сондықтан көптеген елдерде қылмыстық-құқықтық мәселелерді реттейтін нормалар төлем қабілетсіздігі туралы заңдардан алынып, қылмыстық кодекстерге инкорпорацияланған және тек жеке адамдарға қатысты ғана қолданылады [5, 451 б. ] .

Банкроттық мәселесін криминологиялық зерттеудің негізгі бағыттарын дұрыс анықтау үшін әдебиеттерде және нормативтік құқықтық актілерде «төлем қабілетсіздігі» және «банкроттық» терминдерінің мазмұндық жағын анықтап алған дұрыс. Банкроттық туралы алғашқы заңнамалық актілер негізінен алғанда төлем қабілетсіздігін қылмыс ретінде саралауды негізге алған болатын. Уақыт өте келе, экономикалық қатынастардың кеңейе және күрделене түсуіне байланысты төлем қабілетсіздігінің - белгілі бір жағдайлардың нәтижесі екендігі және оларды тек қылмыстық құқықтық шараларды қолданумен шешуге болмайтындығы мойындала бастады. Осыған байланысты борышкердің төлем қабілетсіздігі міндетті түрде оның әрекеттерінде қылмыс құрамы бар деп тануға алып келмеді.

Қазіргі уақытта кейбір елдердің заңнамасында «банкроттық» термині қолданылса, басқа бір елдердің заңналарында «төлем қабілетсіздігі» термині қолданылады. Сонымен бірге көрсетілген түсініктердің мәнісі мен мазмұнын ажыратуға тырысушылық та байқалуда. Негізінен алғанда төлем қабілетсіздігі ретінде борышкердің жағдайының бастапқы бағалануы түсіндірілсе, банкроттық ретінде сот арқылы түпкілікті анықталған борышкердің өзінің міндеттемелері бойынша төлем жасауға мүмкіндігінің болмауы түсіндіріледі [6, 6 б. ] . Нарықтық жүйеде кәсіпорынның тұрақтылығы өнімді өткізудің көлемінің артуы, қалыпты кіріс және қаржылық тұрғыдан алғандағы орнықтылық сияқты факторлармен айқындалады. Алайда бұл факторлардың жағдайлары кәсіпорының қызметіндегі ішкі және сыртқы жағдайларға тәуелді болып табылатындығы белгілі. Н. Э. Васильеваның, Л. И. Козлованың, Г. В. Гуцаленконың пікірлері бойынша қатаң салық саясаты және тауар өндірушілерді мемлекет тарапынан қолдаудың жетіспеушілгіне қарамастан, кәсіпорындардың жағдайларының құлдырауы көп реттерде оларды басқару жүйесінің тиімсіздігінен, нарықта қалыптасқан жағдайларды жеткілікті деңгейде зерттемеуден болып отыр. Осы аталып көрсетілгендер өз кезегінде, кәсіпорындарды төлем қабілетсіздігі жағдайына жеткізіп, оларды пайдаланған шикізаттары мен материалдары, көрсетілген қызмет пен атқарылған жұмыстар үшін уақытында төлем жасау және бюджет пен өзге де бюджеттен тыс қорларға тиісті төлемдерді жасау мүмкіндігінен айырады. Басқалай айтқанда, осындай кәсіпорын банкрот болады [7, 5 б. ] .

В. М. Радионова мен М. А. Федотовтың пікірлері бойынша кәсіпорынның өміршеңдігінің негізі, ол оның тұрақтылығы болып табылады. Оған әртүрлі жағдайлар - ішкі және сыртқы жағдайлар әсер етеді: арзан және сұранысқа ие тауарлар өндіру, тауар нарығындағы кәсіпорының тұрақты жағдайы, өндірістің материалдық-техникалық жарақтандырылуының жоғарғы деңгейі және озық технологиялардың қолданылуы, әріптестермен экономикалық байланыстардың жолға қойылуы, қорлар айналысының ырғақтылығы, шаруашылық және қаржы операцияларының тиімділігі, өндірістік және қаржылық қызметті жүзеге асыру үрдісіндегі тәуекелдің аз деңгейі және т. б. Себептердің осындай әралуандығы кәсіпорын тұрақтылылығының әртүрлі қырлардан көрініс табатындығының дәлелі [8, 7 б. ] .

Сондықтан Қазақстандағы банкроттық мәселесін елдің тұтастай алғандағы экономикалық дамуымен байланысты түрде қарастыру қажет. Қазіргі уақытта орын алып отырған әлемдік экономикалық дағдарысқа қарамастан. Еліміздің экономикасының даму деңгейі салыстырмалы түрде алғанда жоғарғы қарқынын сақтап қалғандығын айту керек. 2003 жылы 2002 жылмен салыстырғанда өндірілген ішкі өнімнің жалпы көлемі 9, 2 пайызға артқан.

Еліміздегі қалыптасқан жағымды инвестициялық климат өз кезегінде шетелдік инвестициялардың біздің елімізге барынша көптеп тартылуына себепші болып отыр. Экономикалық дамудың тұрақты тенденциясы, саяси тұрақтылық және басқа бірқатар факторлар өз кезегеніде Әлемдік Банктің Қазақстанды инвестиция салуға барынша қолайлы жиырма елдің қатарына қосуына негіз болды.

Сонымен қатар бірқатар жағымды тенденцияларға қарамастан экономиканың құрылымдық деформациясы, ел экономикасының негізінен алғанда шикізат өндірушілік бағытының басым болуы сияқты жағымсыз жағдайлар да орын алып отыр.

Қалай дегенде де еліміздің экономикалық жағдайы әлі де болса күрделі жағдайда қалып отырғандығын атап көрсету қажет. Осындай жағдайда төлем қабілетсіздігі мен банкроттық мәселелерінің тиімді шешімдерін таппауы, мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету өрісіне айтарлықтай кері әсерін тигізуі мүмкін. Дамыған нарықтық экономиканы құруға тұрақты бағыт ұстап отырған жағдайда, экономикалық қатынастарды реттеудің жаңа механизмдерінің ықпал ету өрісінің кеңейе түсуіне үміттену біздің ойымызша, негізді сияқты. Бұл өз кезегінде криминогендік ахуалдағы жағымсыз жағдайлардың етек алуына алып келуі әбден мүмкін.

Біздің елміздегі банкроттық пен төлем қабілетсіздігі туралы тұжырымдар жасау үшін осыған дейін орын алған жағдайларға жүгінуге тура келеді. Экономикада қалыптасқан жағдайды тұрақтандыру және банкроттық механизмі өз деңгейінде жұмыс жасауы үшін мемлекеттің заңнамалық сипаттағы белсенді қадамдарды жасап, 1992, 1995 және 1997 жылдары банкроттық туралы үш заңды қабылдауы айқын дәлел болады.

Мемлекеттік саясаттың негіздерін жасақтау, республика көлемінде төлем қабілетсіздігіне ұшыраған кәсіпорындарды тарату сондай-ақ, оңалдыру жүйесін үйлестіру және нақты іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылға 7 қыркүйектегі №1001 қаулысымен арнайы алқалы орган - Қазақстан Республикасының төлем қабілетсіздігіне ұшырыаған кәсіпорынларын санациялау және тарату бойынша ведомства аралық комиссия құрылды. Сол күні Министрлер кабинетінің №1002 қаулысымен «Қазақстан Республикасының төлемге қабілетсіз кәсіпорындарын қаржылық-экономикалық сауықтыру, қайта ұйымдастыру және таратудың механизмі туралы ереже» бекітілді. Осы көрсетілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес оңалту және тарату шараларын жүзеге асыру жүргізіле бастады.

Осындай шараларды жүргізуді реттейтін тиісті базалардың қатарына 1995 жылдың 5 қыркүйегінде қабылданған №1227 «Төлемге қабілетсіз кәсіпорындарды қаржылық-экономикалық сауықтыру және тарату бойынша шараларды жүзеге асыру туралы» Үкімет Қаулысын; 1995 жылдың 23 қарашасындағы №1590 «Төлемге қабілетсіз кәсіпорындарды тарату шараларын жүзеге асыру туралы» Үкімет Қаулысын жатқызуға болады. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 29 наурыздағы № 359 Қаулысымен Мемлекеттік Реаблитациялау банкі құрылса, 1995 жылдың 29 сәуірдегі №604 қаулысымен кәсіпорындарды қайта құру Агенттігі құрылды. Алғашында бұл Агенттік Экономика министрлігінің жанынан құрылған болса, қайта жасақталғаннан кейін Мемлекеттік мүлік комитетіне қарасты болды.

Осы кезеңдерде Үкімет, Мемлекеттік мүлік комитеті, Экономика министрлігі, кәсіпорындарды қайта құру Агенттігімен бірқатар қажетті шаралар жасақталып жүзеге асырылды.

Қазақстанда кәсіпорындарды қаржылық-экономикалық сауықтыру және реаблитациялық процедураларды консалтингтік қолдау көрсету жұмыстарына БҰҰ өкілдіктерінің мамандары, республикалық министрліктер мен ведомствалардың кеңесшілері тартылды.

Жоғарыда аталған ұйымдардың қызметкерлері, мамандар мен кеңесшілер Әлемдік банктен алынған несиелер есебінен қаржыландырылып, мүдделі кәсіпорындардың қызметкерлерімен бірге төлем қабілетсіздігіне ұшыраған кәсіпорындарды қайта құру және санациялаудың кешендік жоспарларын дайындап Реаблитациялау банкіне ұсынып, олардың сараптай бастады. Осының нәтижесінде кәсіпорындардың өміршеңдігін бағалаудың объективтілігі және жобалардың сапасы күрт көтерілді. Жасақталған стратегиялық жоспарларды жүзеге асыру бағытындағы шаралар және оларды шешу үшін қажетті болып табылатын ақпараттар мен шаралар, қалыптасқан мәселелерді айқындау бағытындағы жұмыстар жүргізілді. Республикадағы аса ірі банкрот кәсіпорындарды оңалтудағы жаңа және тиімді шара аталған заңды тұлғалардың тек таза активтерін ғана сатуды жүзеге асыру болып табылды.

Қазақстан Республикасында әсіресе, ауыл шаруашылығы мекемелеріне қатысты орын алған жаппай банкроттық 1999-2001 жылдарға тұс келді. Мысалы, тек 2000 жылы 3258 заңды тұлға банкрот деп танылды. Отандық зерттеуші С. М. Нұров атап көрсеткендей бұл құбылыстың мынадай ерекше белгілері болды:

1) бұрынғы ауыл шаруашылық кооперативтерін, серіктестіктерді және акционерлік қоғамдарды тарату бір жағынан, сол уақытта әрекет еткен жер заңының оралымсыздығына және қайшылықтылығына байланысты екінші жағынан, атқарушы билік органдарының жер үлестеріне деген биліктік тетіктерін уысынан шығарғысы келмегендігінен жер туралы мәселені нақты шешусіз жүзеге асырылды;

2) банкроттық нәтижесінде салықтар және бюджетке төленуі тиіс басқа да төлемдердің төленбеуінің орасан зор көлемінің есептен шығару, шаруашылық субъектілерінің есеп айырысуларын республикалық банк жүйесі арқылы қалпына келтірді, бартерлік есеп айырысудың күшін жойды, кәсіпкерлерге бірнеше жыл бойына «таза беттен бастап» жұмыс жасауға және еңбекақы бойынша қарыздарды төлеуге мүмкіндік берді;

3) жалған және әдейі банкроттық практикасы етек ала бастады [9, 56 б. ] .

Банкроттық туралы Қазақстан Республикасының бірінші заңы 1992 жылы қабылданған болатын. Төлемге қабілетсіз кәсіпорындарға мемлекеттік қаражатты құю мен санация механизмдеріне негізделген бұл заң практика жүзінде жұмыс жасаған жоқ, себебі қатаң нарықтық реформалардың талабына, кәсіпкерлердің мүддесіне де, мемлекеттік бюджетті нақты толтыруға да сәйкес келген жоқ. 1995 жылы қабылданған заңда да аталған кемшіліктер орын алды. Сондықтан 1997 жылы «Банкроттық туралы» жаңа Заң қабылданды. 1999 және 2001 жылдары тарату үрдістерінің тиімділігін күшейту және банкроттыққа дейінгі кезеңдегі асыра сілтеушіліктің жоғарғы деңгейін еңсерудің қажеттілігін ескере отырып, аталған заңның мазмұнына айтарлықтай өзгерістер енгізілді.

Қазақстанның қазіргі әрекет ететін заңы бойынша «төлем қабілетсіздігі» және «банкроттық» терминдері бір мағынада қолданылады. Дегенмен, тиісті нормативтік материалды талдау «төлем қабілетсіздігі» және «банкроттық» ұғымдарының бірқатар ерекшеліктерге ие болатындығын айқын көрсетеді. Біріншіден, Азаматтық кодексте борышкердің түпкілікті, сотпен анықталған немесе кредитормен біріккен шешімінің негізінде ерікті түрде жарияланған төлем қабілетсіздігі, банкроттық ретінде қарастырылады [10, 258 б. ] . Бұл жағдайда, банкроттық «төлем қабілетсіздігі» ұғымымен тек белгілі бір шарттардың болуы барысында ғана бір мағынаға ие болады, олай болмаған жағдайда банкроттық туралы айтуға болмайды.

Екіншіден, ҚР «Банкроттық туралы» заңы оны тауарға (жұмыстарға, қызмет көрсетулерге) ақы төлеу бойынша кредитордың талаптарын қанағаттандыруға қабілетсіздігі, бюджетке міндетті төлемдерді және борышкердің міндеттемелерінің оның мүліктерінен асып түсуімен немесе борышкер балансының қанағаттанарлықсыз құрылымына байланысты бюджеттен тыс қорларға төлем жасауға қабілетсіз болуы ретінде қолданады [11, 18 б. ] . Бұл жағдайда тауарға (жұмысқа, қызметке) ақы төлеу бойынша кредитордың талаптарын орындауға қабілетсіздік белгісі арқылы «төлем қабілетсіздігі» және «банкроттық» ұғымдары белгілі бір шамада бір мағыналы. Дегенмен, төлем қабілетсіздігі өзінің мазмұны бойынша экономикалық категория болатын болса, онда банкроттық ұғымын құқықтық категория ретінде қарастырған дұрыс деп санаймыз.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 52 бабына сәйкес, борышкердің - жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның өзінің кредиторларының талаптарын орындауға және салықтық және өзге де міндетті төлемдерді борышкердің міндеттемелерінің оның мүлкінен асып түсуіне байланысты тұрақты түрде қабілетсіз болуы банкроттық болып танылады [10, 148 б. ] . 1995 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар «банкроттық туралы» Жарлығында да «банкроттық» ұғымына осындай анықтама берліген. Көрсетілген нормативті құқықтық актілерде «банкроттық» ұғымының мазмұны экономикалық категориялар арқылы ашылғандығын атап өту қажет.

Сонымен бірге банкроттықтың экономикалық мазмұнын талдау, банкрот деп тану үшін борышкердің кредиторлардың талабын орындауға және мемлекетке салықтық төлемдерді төлеуге тұрақты түрдегі қабілетсіздігі негіз болып табылатындығын көрсетеді. Алайда тұлғаны банкрот деп жариялау үшін біріншіден, борышкердің қабілетсіздігі тұрақты сипатқа ие екендігін, екіншіден, бұл қабілетсіздіктің борышкердің міндеттемелерінің оның мүлкінен асып кетуі себебінен болып отырғандығын анықтау қажет.

Пассивтердің активтерден асып түсуінің экономикалық фактісі борышкердің өзінің міндеттемелері бойынша кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға тұрақты түрдегі қабілетсіздігін білдірмейді және міндетті түрде банкроттыққа алып келмейді.

1. 2 Банкроттық өрісіндегі құқық бұзушылық үшін жауаптылық

Төлемге қабілетсіз коммерциялық ұйымдардың және жеке кәсіпкерлердің әрекет ететін банкроттық институтының механиздері Қазақстанда жүзеге асрылып жатқан экономикалық қайта құруларда ерекше маңызға ие болады. Жүзеге асырылып жатқан үрдістердің нәтижесі экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындардың жұмыс жағдайын өркениетті нарықтық жағдайға көшірудің тиімділігін арттыруға айтарлықтай ықпал етеді.

Осыған орай, банкроттықпен байланысты құқық бұзушылықтар экономика өрісіндегі құқыққа қайшы әрекеттер ретінде қарастырылады. Меншік, өндіріс, бөліс, қайта бөліске салу және тұтыну салаларындағы қоғамдық қатынастарға зиян келтіре отырып, заңсыз банкроттық кәсіпкерлік қызметті және кредиторлардың қаржылық мүдделерін қамтамасыз ететін мемлекеттің қаржылық қызметіне қол сұғады.

Банкроттық институты криминогендік тұрғыдан алғанда әлсіз қорғалған және көп жағдайларда кредиторлардың қаржыларын талан-таражға салу, талан тараж фактілерін жасырып, кейіннен заңсыз алынған мүліктерді заңдастырып алу үшін пайдаланылады. Сонымен бірге ол шаруашылықты дұрыс жүргізбеу, үнемсіздік, сақтықтың жалпыға белгілі шараларын жүзеге асырмаудан болған төлем қабілетсіздігі үшін жауаптылықтан жалтарудың құралы ретінде пайдаланылады. Кредиторлардың мүліктік мүдделерін қамтамасыз етудің азаматтық-құқықтық құралдарының тиімділігі төмен болып отырған жағдайда кредиторлардың мүдделерін қорғау үшін қылмыстық-құқықтық құралдар қолданылады [12, 12 б. ] .

Криминологиялық тұрғыдан алғанда, төлем қабілетсіздігі институтымен байланысты қатынастардың қатысушыларының жүріс-тұрыстарын қоғамдық қауіптілігі жағымсыз салдарды туындадатын тұлғалардың әлеуметтік шартты іс-әрекеттерінің жиынтығы ретінде болып табылады.

Банкроттық өрісіндегі қылмыстарды экономикалық қылмыстардың жекелеген түрі ретінде қарастыра отырып, олардың айтарлықтай қоғамдық қауіптілігіне назар аудару қажет. Ол қоғам институттарына жағымсыз ықпалымен, мемлекеттің материалдық негізі - экономиканың қызмет атқаруының бекітілген тәртібін бұзумен айқындалады. Қазақстан заңнамасымен қарастырылған экономикалық қызмет өрісіндегі қылмыстардың қатарына мыналарды жатқызуға болады: салық төлеуден жалтару, заңсыз кәсіпкерлік, несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану, монополиялық іс-әрекеттер және бәсекелестікті шектеу, тұтынушыларды алдау, құнды қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзу, банк операциялары туралы әдейі жалған мәліметтер беру және банкроттық қылмыстарды қоса алғандағы басқа да қылмыстар жатады. Олардың барлығы да меншік, таулар мен қызметтерді өндіру, бөлу, қайта бөлу және тұтыну саласындағы қатынастарға қол сұғады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланудың қылмыстық аспектілері
Құқықбұзушылық түсінігі
Қылмыскердің әлеуметтік позицияларын және әректің зерделеу
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар туралы
Қылмыс субъектісінің ұғымы мен белгілері
Тұлғаның Конституциялық кепілдендірілген жеке бас бостандығына қол сұғатын адам ұрлау қылмысының қылмыстық-құқықтық және криминологиялық сипаттамасы
Экологиялық құқықтық тәртіп пен табиғи объектілер мен ресурстарды қорғау ережелеріне қарсы қылмыстар
Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының себептері мен жағдайлары
Қылмыс субьектісі мен қылмыскер тұлғасы категорияларының арақатынасы және қылмыскер тұлғасы типологиясының мәселелері
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының жағдайы мен кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz