Меншікке қарсы қылмыстар және талан-тараж


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

ТАҚЫРЫБЫ: МЕНШІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР ЖӘНЕ ТАЛАН-ТАРАЖ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 МЕНШІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР ЖӘНЕ ТАЛАН-ТАРАЖ . . . 6

1. 1 Меншікке қарсы қылмыстар түсінігі, қысқаша сипаттамасы . . . 6

1. 2 Талан-тараж түсінігі . . . 9

2 АЛАЯҚТЫҚТЫҢ САРАЛАНҒАН ҚҰРАМДАРЫНА СИПАТТАМА . . . 12

2. 1 Адамдар тобының алдын ала сөз байласып жасаған алаяқтығы . . . 12

2. 2 Бірнеше рет жасалған алаяқтық . . . 16

2. 3 Алаяқтықты ұқсас қылмыс құрамдарынан ажырату . . . 20

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 26

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері, осы тәуелсіздіктің алуына куә болған азаматтар өмірінде көптеген өзгерістер болды. Өмір, идеялар, құндылықтар, формация - барлығы аяқ астынан аударылып түсті. Жеке меншік, азаматтық қоғам, жеке кәсіпкерлікті реттейтін азаматтық құқық “басын көтеріп”, терең тыныс алуға мүмкіншілік алды.

Қылмыстық құқықта да қылмыстық заң қорғайтын құндылықтардың жаңа иерархиясы бекітілді. Ол иерархия адамның ажырамас табиғи құқықтары мен бостандықтарына негізделген болатын.

Нарықтық экономикалық қатынастарға өту жағдайларында, меншіктің жаңа түрлері пайда болу кезеңінде, меншіктің барлық нысандарын берік қорғауға қажеттілік туындады. Бұл міндет, әрине, жас мемлекетімізге жүктелді.

Еліміздегі салыстырмалы тұрақсыздық және меншікке қарсы қылмыстардың кең таралуы - олармен күресудің қылмыстық-құқықтық әдістерін тұрақты түрде жетілдіруді қажет етеді. Ең алдымен қылмыстық заңнамадағы “ақ дақтарға” көңіл бөлу керек. Себебі, егер қылмыстық жауаптылық тек қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттер үшін туындайтынын ескерсек, онда бірқатар әрекеттер тиісті жазалаусыз қалатынына қауіп бар. Сондай-ақ осы “ақ дақтардың” болуы салдарынан, бір әрекетті өзге қылмыс құрамымен саралау жағдайлары болуда.

Сол сияқты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларын жетілдіру қажет екендігі рас. Себебі, Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары Қазақстан Республикасындағы қолданылатын құқыққа жатады.

Заң ғылымының әдебиеттерінде, ғалымдар меншікке қарсы қылмыстардың ішінен “алаяқтық” қылмысын ерекше атап өтеді. Алаяқтықтың қоғамдық қауіптілігі - бұл алдау немесе сенімге қиянат жасау нәтижесінде азаматтарға, ұйымдарға, мемлекетке зиян келтірілуінде.

Алаяқтық қылмысы мүліктік қылмыстар арасындағы салыстырмалы түрде аз тараған, 5, 5% қана, бірақ оның үлесі күннен күнге өсуде. Алаяқтық әрекеттерді еркек те, әйел де, ересек те, кәмелетке толмаған да жасауы мүмкін. Себебі, пайдакүнемдік қасиеттер адамдар арасында кең тараған, ал алдау мен жалған мәлімет айту - қазіргі күні қиынға соқпайтын әрекетке айналды.

Тақырыптың өзектілігі Бұл қылмысқа Ежелгі Рим заңгерлері нақты анықтама беріп, оны түр-түрлерге жіктеген. Олардың ойынша, алаяқтық - бұл жәбірленушіні алдап, кінәлі үшін пайда алу тәсілі. Олар алаяқтықты ауыр қылмыстар қатарына жатқызған. Сондықтан жаза ретінде кінәлі алыс аралдарға ашаршылықтан өлуге жіберілетін.

Алаяқтық деп, бөтен мүлікті алдау жолы арқылы алып қою мақсатымен жасалатын тұлғаның қасақана әрекеттерін түсінеміз. Алдау ретінде бұл жерде біз, өтірік, жалған мәліметтер, әрекеттер, ақиқатты бұрмалауды түсінеміз.

Алдаудың түрлі тәсілдері айқындалған. Мысалы, тұлға нысанында алдау - бұл дегеніміз қылмыстық әрекеттер жасау барысында тұлғаның өзін басқа адам ретінде таныттыру. Немесе, зат нысанында алдау - алаяқ бір зат ретінде басқа бір затты сатып жібереді. Мұндай кездерде алаяқ, жәбірленушіге жалған мәліметті немесе өзге заттарды ұсынып, оны алдап отыр. Алдауға бұл жерде, міндетті түрде, қылмыстық қасақаналық тән болады.

Алаяқтық қылмыстық ортада “элиталық” болып саналады. Себебі ол әркімнің қолынан келе бермейді. Алаяқтық жасау үшін белгілі бір деңгейде ақыл-ой, қабілеттіктер, жеке қасиеттер болу керек. Сонымен қатар, алаяқтар, осындай ерекше қасиеттерге ие бола отырып, бас бостандығын айыру орындарына сирек түсетін.

Аталған қылмыс тәжірибеде саралау кезінде белгілі бір қиындықтарды туғызады. Сонымен қатар, алаяқтықтың жаңа түрлерін саралау проблема деңгейіне жеткен десе де болады. Себебі, заң шығарушыға қарсы қылмыскердің интеллекті, ақыл-ойы, айласы қарсы тұрады.

Алаяқтық қол сұғушылықтың заты - бөтен мүлік немесе мүлікке құқық болғандықтан, осы қылмыстың аяқталу сәтін анықтауда да қиыншылықтар болуы мүмкін. Алаяқтықты саралаудың осы сұрақтарын қарастыру - осы бітіру жұмысының негізгі міндеті болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Меншікке қарсы қылмыстар мәселелерін қарастыру. Меншікке қарсы қылмыстардың түрлері мен жүйесі туралы түсінік беру.

Меншікке қарсы қылмыстардың құрамын талдау және құрамын бөліп қарастыру. Алаяқтықтың объектісі мен объективтік жағын анықтап, сол туралы мәліметтерді қарастыру. Оның субъектісі мен субъективтік жағы туралы да қарастыру.

Курстық жұмыстың міндеттері. Қылмыстық құқықтағы меншікке қарсы қылмыстың мәселелерін ашу барысында мынадай міндеттерге тоқталдым. Олар:

  • меншікке қарсы қылмыстар түсінігі, қысқаша сипаттамасы;
  • талан-тараж түсінігі
  • алаяқтықтың сараланған құрамдарына сипаттама;
  • адамдар тобының алдын ала сөз байласып жасаған алаяқтығы;
  • Алаяқтықты ұқсас қылмыс құрамдарынан ажырату туралы;

Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі. Курстық жұмыстың тақырыбында Қазақстан ғалымдарының бірқатар зерттеулері арналған. Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі Ерекше бөлімінің 6-тарауында қарастырылған алаяқтық туралы қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша қылмыстардың шеңберінде қарастырылып отыр.

Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы Г. А. Кригер, В. А. Владимиров, И. И. Рогов, М. А. Сарсембаев, Г. Н. Борзенков, Д. Свифт және бірқатар ғалымдар өз үлестерін қосқан.

Жұмыстың нормативтік базасын қазіргі қолданыстағы қылмыстық және қылмыстық-атқару заңнамасының және басқа да құқық салаларының нормалары құрайды.

Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Курстық жұмыс өзінің құрылымы мен көлеміне қатысты осындай зерттеу жұмыстарына қойылатын талаптарға толықтай жауап береді. Курстық жұмыс құрылымы бойынша кіріспеден, екі бөлімнен, жеті бөлімшеден, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. МЕНШІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР ЖӘНЕ ТАЛАН-ТАРАЖ

1. 1 Меншікке қарсы қылмыстар түсінігі, қысқаша сипаттамасы

Меншiкке қарсы қылмыс деп мүлiктiң меншiк иесiне немесе өзге иеленушiсiне залал келтiре отырып немесе залал келтiру қаупiн тудырумен байланысты Қылмыстық кодексте көзделген нысандар арқылы жасалатын қасақаналық немесе абайсыздық iс-әрекеттердi айтамыз.

Меншiкке қарсы қылмыстардың топтық объектiсi меншiк иесiнiң иелену, пайдалану немесе оған билiк ету құқығын құрайтын меншiкке байланысты қоғамдық қатынастар болып табылады.

Осы топқа кiретiн қылмыстардың тiкелей объектiсi - мен-шiктiң нақты бiр нысаны - мемлекеттiң, қоғамдық ұйымдардың, бiрлестiктердiң немесе басқа ұйымдардың, жеке тұлғалардың меншiгiне қол сұғу болып табылады.

Меншiкке қарсы қылмыстардың заты болып - азаматтық құқық бойынша меншiк объектiсi деп танылған кез келген бұйымдар мен мүлiктер танылады.

Меншiкке қарсы қылмыстардың затына адам еңбегi арқылы жасалған кез келген материалдық дүниелер, заттар жатады. Осыған байланысты адамның ақыл-ойы, идеясы, заттық белгiсi болмағандықтан осы қылмыстардың заты болып табылмайды. Сондай-ақ заттық белгiсi жоқ болғандықтан электр немесе жылу энергиясы да меншiк затына жатпайды. Меншiкке қарсы қылмыстардың затына - ақша, бағалы қағаздар, сондай-ақ азаматтық айналымнан алынбаған басқа да қозғалмалы немесе қозғалмайтын мүлiктер жатады. Жер қойнауы, су көздерi, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi, басқа да табиғи ресурстар, республикалық бюджет қаражаты, мемлекеттiк қазына, алтын, алмас, валюта қоры, мәдениет және табиғат ескерткiштерi меншiк затына жатпайды.

Меншiкке қарсы қылмыстардың объективтiк жағы кiнәлi адамның бөтеннiң мүлкiн өзiнiң немесе басқа адамның пайдасына заңсыз, тегiн айналдыру үшiн құқыққа қайшы түрде алып қоюы арқылы сипатталады.

Меншiк иесiне немесе өзге де иеленушiден кiнәлi адамның бөтеннiң мүлкiн өз иелiгiне заңсыз алуын алып қою деп бiлемiз.

Меншiкке қарсы қылмыстардың объективтiк жағы негiзiнен белсендi әрекеттер арқылы жүзеге асырылады, тек қана бөтеннiң мүлкiн абайсызда жою немесе бүлдiру құрамының кейбiр тәсiлдерi ғана әрекетсiздiк арқылы жүзеге асырылады.

Меншiкке қарсы қылмыстардың көпшiлiгi материалдық қылмыс құрамын құрайды, олардың объективтiк жағы заңда көрсе-тiлген үш элементтен: құқыққа қайшы iс-әрекеттерден; қылмыстық құқықтық норма диспозициясында көрсетiлген мүлiктiк зиян ретiндегi зардаптан; сондай-ақ құқыққа қайшы әрекет пен орын алған зардаптың арасындағы себептi байланыстан тұрады.

Қарақшылық (192-бап), қорқытып алушылық (194-бап), авто-мобильдi немесе өзге де көлiк құралдарын жымқыру (200-бап) формальдық қылмыс құрамы болып табылатындықтан олардың аяқталу сәтi заңда көрсетiлген құқыққа қайшы iс-әрекеттердi iстеген уақыттан бастап, қылмыстың зардабының болуына қарамастан-ақ аяқталған деп танылады.

Меншiкке қарсы қылмыстар субъективтiк жағынан негiзiнен кiнәлiнiң тiкелей қасақаналық түрi арқылы жүзеге асырылады, тек бөтен адамның мүлкiн абайсызда жою немесе бүлдiру (188-бап) кiнәнiң абайсыздық нысаны арқылы iстеледi.

Меншiкке қарсы қылмыстардың субъективтiк жағының мiндеттi белгiлерiне - пайдакүнемдiк ниет және мақсат жатады.

Меншiкке қарсы қылмыстардың субъектiсi болып 14-ке толған адамдар танылады. Бұған жататындар: ұрлық (188-бап 2, 3-бө-лiктерi), тонау (191-бап 2, 3-бөлiктерi), қарақшылық (192-бап), қорқытып алушылық (194-бап 2, 3-бөлiктерi), ауырлататын мән-жайлар кезiнде автомобильдi немесе өзге де көлiк құралдарын жымқыру (200-баптың 2, 3, 4-тармақтары), ауырлататын мән-жайлар кезiнде мүлiктi қасақана жойғаны немесе бүлдiргенi (202-баптың 2, 3-тармақтары) үшiн қылмыстарды iстеу.

Ал 16-ға толған адамдар сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденіп алу немесе талан-таражға салу (189-бап) ; алаяқтық (190-бап), ерекше құнды заттарды жымқыру (193-бап), алдау немесе сенiмге қиянат жасау жолымен мүлiктiк залал келтiргенi (195-бап) ; авторлық және сабақтас құқықтарды бұзғаны (198-бап), өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсiптiк үлгiлерге, селекциялық жетiстiктерге немесе интегралдық микросхемалар топологияларына құқықтарды бұзу (199-бап), автомобильдi немесе өзге де көлiк құралдарын жымқыру (200-баптың 1-тармағы), жерге заттай құқықтарды бұзғаны (201-бап) ; ауырлатпайтын жағдайда бөтен адамның мүлкiн қасақана жойғаны немесе бүлдiргенi (202-баптың 1-тармағы) ; бөтен адамның мүлкiн абайсызда жойғаны немесе бүлдiргенi (204-бап) ; қылмыс құрамдарын iстегенi үшiн қылмыс субъектiсi болып танылады.

Меншiкке қарсы қылмыстар iс-әрекеттiң iстелу тәсiлiне және қылмыстық ниетке қарай бiрнеше түрге бөлiнедi.

Қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң 6-тарауындағы қылмыстар пайдакүнемдiк ниеттiң орын алғанына немесе жоқ болуы-на байланысты пайдакүнемдiк немесе пайдакүнемдiк емес болып бөлiнедi. Өз кезегiнде пайдакүнемдiк қылмыстар талан-тараждар және меншiкке қарсы басқа да пайдакүнемдiк қылмыстар болып екi топқа бөлiнедi:талан-таражға - ұрлық (188-бап) ; тонау (191-бап) ; қарақшылық (192-бап) ; алаяқтық (190-бап) ; сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденіп алу (189-бап) жатады.

Меншiкке қарсы басқадай пайдакүнемдiк қылмыстарға ерекше құнды заттарды жымқыру(193-бап) ; қорқытып алу (194-бап) ; автомобильдi немесе көлiк құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену (200-бап) ; алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен мүлiктiк залал келтiру (195-бап) ; мұнайдың және мұнай өнiмдерiнiң шығарылуының заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иелену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайда өңдеу (197-1-бап) жерге заттай құқықтарды бұзу (201-бап) жатады.

Меншiкке қарсы пайдакүнемдiк емес қылмыстарға бөтен адамның мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру (202-бап) ; бөтен адамның мүлкiн абайсызда жою немесе бүлдiру (204-бап) құрамдары жатады. Меншікке қарсы қылмыстар - бұл меншік қатынастарына қол сұғатын және меншік иесіне залал келтіретін қылмыстық әрекеттер.

Меншік қатынастары мемлекет экономикасының негізін құрайды. Меншік - бұл әлеуметтік құндылықтардың арасындағы маңыздылардың бірі. Меншіктің түрлі нысындарын бекіту - қоғамның экономикалық гүлденуі мен жекелеген азаматтардың хал-жағдайын арттыруға әкеледі. Ал меншік қатынастарының қылмыс арқылы бұзылуы қоғамға елеулі қауіп туғызады.

Ел тарихымыздың әр түрлі кезеңінде меншік қатынастарын құқықтық реттеу әр түрлі еді. Кейбір меншік түрлері қорғалып, кейбіреулеріне тыйым салынған болатын. Мысалы, кеңестік заманда социалистік деп танылатын, тек мемлекеттік және қоғамдық меншік заңды еді, ал жеке меншік социалистік меншік туындысы ретінде қарастырылған.

Меншікке қарсы қылмыстардың тектік объектісі - меншік иесінің өз мүлкіне ие болу, пайдалану және билік ету құқығымен айқындалған меншік қатынастары.

Меншікке қарсы қылмыстардың тікелей объектісі - қылмыстық әрекет нәтижесінде бұзылатын белгілі бір меншік нысаны - дейді бірқатар авторлар. Г. А. Кригер дұрыс айтқандай: “Талан-тараж кезінде қол сұғушылық объкетісі жеке бір мүлік емес, меншік болып табылады”.

Біз қылмысты қоғамға қауіпті әрекет деп түсінеміз. Демек, мұндай қауіп қоғамда орнатылған, құқықпен бекітілген және қылмыстық-құқықтық нормалармен қорғалатын қоғамдық қатынастардың бұзылуымен пайда болады. Сондықтан қылмыс объектісі ретінде, әрқашан, қоғамға қауіпті әрекетпен бұзылатын қоғамдық қатынастар болады.

Меншікке қарсы қылмыстардың объектісінен бұл қылмыстардың затын ажырата білу керек. Меншікке қарсы қылмыстардың заты ретінде біз мүлікті, мүлікті алуға құқық беретін заттар, яғни нақты заттар, материалдық дүниенің заттары, флора, фауна, үй жануарлары және т. б. танимыз.

Мүлік дегеніміз, бұл қылмыстың бағытталатын нәрсесі, яғни мүлікке байланысты меншікке қарсы қылмыс жасалады. Бұл жерде мүліктің құқықтық табиғатын анықтаған жөн. Мүлік ретінде азаматтық айналымнан алынбаған және құны бар заттар танылады. Мысалы, ақша, бағалы бұйымдар, құнды қағаздар. Егер заттардың құны болмаса, немесе ол тек жеке бір адам үшін құны бар болса, ол заттар мүлік болып табылмайды. Мысалы, танысыңның фотосуреті, қолжазба кітапшасы және т. б. Бірақ бұл жерде де ескерту бар, әйгілі адамдардың суреттері, әсіресе, қолжазу белгісімен болса, бұл суреттер мүлік ретінде танылуы тиіс. Себебі бұл заттар сату-сатып алу шартының пәні болуда.

Жоғарыда атап өткендей, меншікке қарсы қылмыстар пәні (заты) ретінде еркін айналысқа түсе алатын мүлік бола алады. Сондықтан айналыстан алынған заттарды (қару, жарылыс, радиоактивті, есірткі заттары) талан-тараждау арнайы баптармен сараланады (ҚР ҚК 187-192 баптары) .

.

1. 2 Талан-тараж түсінігі

Заңға сәйкес талан-тараж деп пайдакүнемдiк мақсатта айыптының бөтен мүлiктi осы мүлiктiң меншiк иесiне немесе өзге иеленушiсiне залал келтiре отырып өзiнiң немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз, қайтарымсыз, тегiн алып қоюын және айналдыруын айтамыз. Осындай заңдылық түсiнiк Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң 175-бабының ескер-туiнде арнайы көрсетiлген.

Терминдерді қолдану арнайы зерттеу тақырыбы болса керек, сондықтан біз бұл сөз мазмұнына көңіл бөлмейік. Жоғарыда аталған ескертуге сәйкес, “ұрлық” (талан-тараж) деп пайдакүнемдік мақсатта бөтен мүлікті осы мүліктің меншік иесіне кемесе өзге иеленушісіне залал келтіре отырып айыптының немесе басқа да адамдардың пайдасына заңсыз қайтарымсыз алып қою және (немесе) айналдыру танылады”.

Айта кететін жайт - талан-тараж анықтамасы Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасында алғашқы рет беріліп отыр. Бұрын талан-тараждың түрлі нысаны үшін жауапкершілік көзделген еді, бірақ жалпы түсінігі қылмыстық-құқықтық доктринада беріліп жүрген. Сонымен қатар, “талан-тараж” термині сот тәжірибесінде де, әдебиеттерде де социалистік меншікке қол сұғушылық ретінде түсінілетін. Мысалы, профессор Г. А. Кригердің айтуы бойынша, “талан-тараж - мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар қорларында шоғырланған социалистік мүлікті пайдакүнемдік мақсатпен қылмысты алып қою немесе үшінші тұлғаларға беру”.

Талан-тараждың объективтік жағы белгілері ретінде бөтен мүлікті өз пайдасына немесе басқа да адамдардың пайдасына заңсыз, ақысыз, қайтарымсыз алып қою және (немесе) айналдыру танылады. Сонымен бірге міндетті түрде меншік иесіне немесе өзге де заңды иеленушісіне нақты материалдық шығын келтірілу керек. Алынбай қалған пайда түріндегі материалдық залал талан-тараж ретінде танылмауы тиіс. Талан-тараж кезінде жәбірленушінің мүліктік массасының азаюы - кінәлі немесе өзге тұлғалардың мүлкінің ұлғаюына әкеледі. Демек, кінәлі жою үшін мүлікті алдын-ала алып қойса да, мүлкін жою арқылы меншік иесіне нақты шығын келтіру де талан-тараж ретінде танылмайды.

Алып қоюға келетін болсақ, бұл белгіні анықтау үшін, бірнеше мән-жайдың жиынтығы қажет. Біріншіден, мүлік меншік иесінің қорларында шоғырлануы керек: заңды тұлғаның балансында, жеке тұлғаның иелігінде, немесе кәсіпорынның қорларына құқықтық жағынан түскен болу керек. Егер мүлік кәсіпорын қорына түспеген болса, онда алып қою және талан-тараж туралы айтуға болмайды.

Екіншіден, мүлік меншік иесінің қорларынан алынуы керек. Бүгінгі күні қалыптасқан қылмыстық тәжірибеден көретініміз бұл алып қоюдың 2 тәсілі: физикалық және құқықтық.

Физикалық алыну кезінде, заттар меншік иесінің заңды иеленуі мен пайдалануынан бөтен құқыққа қарсы иелену мен пайдалануға кеңістікте өтеді. Оған мысал - қозғалатын мүлік.

Құқықтық алыну кезінде мүлікке меншік құқығы өтеді, меншік субъектісі ауысады. Көбінесе мұндай алынудың заты ретінде жылжымайтын мүлік болады. Бірақ кейбір жағдайларда жылжитын мүлік те болуы мүмкін. Мысалы: авмобильге құқық.

Сонымен қатар, құқықтық пен физикалық әдістің аралас нысаны кездесуі мүмкін. Мысалы, алаяқтар алдау жолымен пәтерге құқықты бекітіп, пәтер иесін мәжбүрлеп шығарып жібереді. Тағы да бір белгі ретінде талан-тараждың құқыққа қайшылығын айтамыз. Құқыққа қайшылық дегеніміз - тұлға біреудің мүлкін ала отырып, ол мүлікке не шынайы, не болжаулы құқыққа ие болмайды. Шынайы құқық дегеніміз, бұл жерде, заңға немесе өзге нормативті-құқықтық актілерге негізделген мүлікті алуға деген құқық. Мұндай кезде ол құқық заңға сәйкес рәсімделген бе, жоқ па, маңызы жоқ. Бізге керектісі бұл жерде ол құқық іс жүзінде бар болуы. Мұндай кезде кінәлілердің әрекеті өз бетінше билік ету болады.

Болжаулы құқық, алуды іске асырған тұлға, заңның ережелерін дұрыс бағаламағандықтан, түсіндегендіктен пайда болады. Мысалы, тұлға өзін заң бойынша мұрагер ретінде санап, қайтыс болған адамның пәтеріне кіріп алады, шын мәнісінде заң оны мұрагер ретінде танымайды. Бұл да өз бетінше билік ету болуы мүмкін. Бірақ құқыққа қайшылық атты талан-тараж белгісі болмайды.

Заңсыздық белгісін құқыққа қайшылықтың туындысы ретінде қарастыруға болады, жеке белгі ретінде де қарастыруға болады. Қалай қарасақ та, бұл белгі маңыздылығы мынада: талан-тараж кезінде алып қою қылмыстық заңда көрсетілген тәсілдердің біреуімен жасалу керек, яғни қылмыстық заңмен тыйым салыну керек. Ол тәсілдер мыналар: ұрлық, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе асырап алу, алаяқтық, тонау және қарақшылық.

Талан-тараждың объективтік жағы белгілеріне, сонымен қатар, ақысыздық жатады. Бұл дегеніміз, қылмыскер мүлікті алғанда, орнына тең эквивалентті қалдырмайды. Егер бұл заттар құны бойынша тең болса, онда талан-тараж болмайды. Егер зат құны бойынша төмен болса, онда алып қоюдың ақысыздқ белгісі орын алады. Талан-тараж істері бойынша елімізде қалыптасқан сот тәжірибесі бойынша, затты орнына құны төмен затты қалдыру арқылы алып қою - саралауға әсер етпей, алынған заттың құны көлемінде талан-тараж ретінде есептеледі.

Талан-тараждың субъективтік белгілеріне келсек, алдымен кінә нысанын айтқан жөн. Талан-тараж тек тікелей қасақаналықпен жасалады: тұлға өзінде мүлікке деген шынайы немесе болжаулы құқығы жоқтығын біле отырып, мүлікті заңсыз алып жатқанын біледі, меншік иесіне зардап туғызатынын сезінеді және осыны тілейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншікке қарсы қылмыстар туралы
Алаяқтық құрамының негізгі белгілері
Талан - таражға салудың объективті белгілері
Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты және меншікке қарсы қылмыстардың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
Ұрлық және алаяқтық
ТОНАУ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Меншікке қарсы қылмыстарды жіктеу
ТОНАУ ҚЫЛМЫСЫ ҮШІН КӨЗДЕЛГЕН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ
Қарақшылық бөтеннің мүлкін ұрлаудың ерекше түрі
Ұрлық қылмысының криминологиялық мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz