Қылмыстық құқықтың жүйесi жəне оның мiндеттерi


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
- ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ТҮСІНІГІ
1. 1 Қылмыстық құқық түсінігінің мәні
1. 2 Қылмыстық құқық пәні, қағидалары
2. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖҮЙЕСI ЖƏНЕ ОНЫҢ МIНДЕТТЕРI
2. 1 Қылмыстық құқық жүйесi
2. 2 Қылмыстан өз еркiмен бас тарту
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты 2007 жылғы Жолдауында құқық қолдану іс-тәжірибесін жетілдіру және құқық тәртібін нығайту жөнінде былай деп атап көрсетті:
- Ашық, демократиялық қоғамның іргесін дәйекті нығайта отырып, біз демократия мен құқық тәртібі - ажырағысыз ұғымдар екенін, бірінсіз бірінің өмір сүре алмайтынын естен шығармауымыз керек. Сондықтан да азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын пәрменді жүйе қажет.
Біріншіден, құқық қорғау мен басқа мемлекеттік органдардың құқық тәртібін қамтамасыз ету саласындағы ұйымдық және заңнамалық шараларын жетілдіру жөніндегі іс-қимылын үйлестіруді күшейту керек.
Екіншіден, өз назарымызды жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өсуі проблемасына аударып, мұны кеміту шараларын қолдану міндет.
Үшіншіден, өзіміздің құқық қорғау органдарымызға есірткі қылмысы мен еларалық қылмыс секілді қатерлерге қарсы күресу үшін қосымша ресурстар мен құралдар беруіміз қажет.
Төртіншіден, елімізде құқық бұзушылықтың алдын алудың жалпы мемлекеттік жүйесінің жасақталып, жұмыс істеуін қамтамасыз ету, бұл іске жұртшылық пен халықты кеңінен тарту керек.
Сондай-ақ Елбасы Жолдауында құқық қолдану іс-тәжірибесін жетілдіру және құқық тәртібін нығайту жолдарын айқын атап көрсетті:
- Ашық, демократиялық қоғамның іргесін дәйекті нығайта отырып, біз демократия мен құқық тәртібі - ажырағысыз ұғымдар екенін, бірінсіз бірінің өмір сүре алмайтынын естен шығармауымыз керек. Сондықтан да азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын пәрменді жүйе қажет.
Біріншіден, құқық қорғау мен басқа мемлекеттік органдардың құқық тәртібін қамтамасыз ету саласындағы ұйымдық және заңнамалық шараларын жетілдіру жөніндегі іс-қимылын үйлестіруді күшейту керек.
Екіншіден, өз назарымызды жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өсуі проблемасына аударып, мұны кеміту шараларын қолдану міндет.
Үшіншіден, өзіміздің құқық қорғау органдарымызға есірткі қылмысы мен еларалық қылмыс секілді қатерлерге қарсы күресу үшін қосымша ресурстар мен құралдар беруіміз қажет.
Төртіншіден, елімізде құқық бұзушылықтың алдын алудың жалпымемлекеттік жүйесінің жасақталып, жұмыс істеуін қамтамасыз ету, бұл іске жұртшылық пен халықты кеңінен тарту керек [1] .
Бұл тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығы қазіргі 21 ғасырда өз мазмұның жойған жоқ. «Құқық», «құқық бұзушылық» термині пайда болған кезінен, бұл тақырыпқа зерттеушілер көп еңбек арнаған. Оның себебі, адамзат қандай да прогресстік жолға шықса да, адам мен адам, тұлға мен қоғам арасында әрқашан да түсінбеушілік пайда болады. Қоғам ішіндегі проблемаларды шешу үшін, біздің заманымызға дейн адамзат «заң» мен «жеке құқықты» ойлап тапты. Құқық бұзушылықпен, адам баласы жер бетін алғашқыда басып жүрген кезінен кездескен. Эмилем Дюркгейм айтқандай: «Құқық бұзушылық әр сау қоғамның бір белгісі». Сонымен де, құқық бұзушылықтын қандай да формасы, жеке тұлғаға, жалпы қоғамға, тұтас мемлекетке де, материалдық, социалдық, психологиялық, саяси да, зиян келтіреді. Жақын туыстарынан айырылуы, ақша жағынан зиянға ұшырауы, денсаулыққа зардап шегуі және т. б., бұның барлығы әр адамға өте ауыр тиеді. Ал әлемдік масшабтағы құқық бұзушылықты алсақ, бұл - терроризм, геноцид, соғыстар, рассалық бөлініс, бүкіл адамзатқа, планетарлық масштабта зиян келтіреді. Сондықтан да, біз қоғамды реттейтін заңды ережені, «құқық», немесе «норма» деп атаймыз. Осыған байланысты ережелерге қарсы әрекеттерді, біз «құқық бұзушылық», немесе «қылмыс» деп те, атаймыз.
Құқық бұзушылықты түсіну және ашу, бұл мемлекет және құқық теориясы пәнінің басты қызметтердің бірі. Бұл проблемаға өте терең зерттеу жүргізу, оның социальдық маңызын білу, қоршап тұрған факторды есепке алу, болашақта заң бузұшылықты азайту, жетістіктерге қол жеткізе білу, бұның барлығы болашақ заңгерлерге үлкен көмек береді.
Бұл тақырыпты зерттегенде алғашқыда, құқық бузұшылықтың жалпы белгілерге дұрыс, жеке сипаттама беру керек. Құқық бузушылықтың классификациясы болса да (азаматтық, әкімшілік және т. б. қ. б. ), оларды біріктіретін ортақ белгісі бар бұл - белгіленген ережелерді орындамау немесе заңға бағынбау. Есімізге салған жөн, құқық бұзушылық, бұл адамдар әрекетті (немесе әрекетсіздігі) және де, жауапқа тек адамдар тартылады. Қоғамға табиғат немесе жануар әрекетінен зиян келсе, олар жауапқа тартылуы мүмкін емес. Бірақ та, тарихқа назар аударсақ, 18 ғасырға дейн Еуропаның кейбір елдерінде жануарларды жауапқа тарту процестері кездескен. Жаупқа тарту процесстерінде де, өзіне тән ерекшеліктері бар. Мысалы, 14 жасқа толмаған балаларды заң алдына жауапқа тартуға болмайды. Тек қана белгілі елдің азаматы ғана емес, сонымен бірге басқа елдің азаматтары да, қылмыс үшін жаупқа тартылады.
Қылмыстық құкық бойыншы - адамның қылмысты ақырына дейін жеткізу мүмкіндігін ұғынып, қылмыс қадайынды кәрекеттерін токтатуы не қылмыс істеугеи тікелей бағытталған іс-әрекетті (әрекетсіздікті) тоқтатуы. Адам осы қылмысты ақырына дейін жеткізуден өз еркімен бас тартса, ол осы қылмыс үшін қылмыстық жауапка тартылуға тиіс емес. Қылмысты ақырына дейін жеткізуден өз еркімен бас тартқан адам, оның нақты жасаған әрекетінде өзге қылмыс құрамы болған жағдайда ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс [2] .
Қылмыс ұғымы туралы түрлі көзқарастар, пайымдаулар әлі бір ізге түсе қойған жоқ. Осы курстық жұмыста ХХI ғасырдың басында, Қазақстанның криминология саласында С. Я. Булатов, Е. І. Қайыржанов, Ү. С. Жекебаев, Н. М. Әбдіров, А. Н. Ағыбаев, Е. О. Алауханов, З. О. Ашитов, Б. С. Бейсенов, Н. О. Дулатбеков, Б. Ж. Жүнісов, М. С. Нәрікбаев, И. И. Рогов, Д. С. Чукмаитов, К. А. Бегалиев, К. Ш. Курманов, Л. Ч. Сыздықова және тағы басқа ғалымдардың елеулі еңбектері басшылыққа алынды.
1. 1 Қылмыстық құқық түсінігінің мәні
Кейбiр еуропа халықтарының тiлдерiнде қылмыстық құқықтың негiзiнде қандай ой жатыр деген мəселеге байланысты бұл ұғым екi түрлi атауға ие. Егер ой қылмыс туралы болса, онда оныcriminal law - (ағылшын), droit criminel - (француз), criminal - recht (немiс), - латынның “crimen” - қыл мыс, яғни қылмыс туралы құқық деген мағынада, ал егер бiрiн шi орынға
қылмысы үшiн жаза деген ой ығыстырылса, онда оны-penal law, droit penal, strafrecht - латынның “poena” - жаза, яғни жаза туралы құқық деген мағынада қолданылады.
Көптеген авторлардың айтуынша, қылмыстық заңдар деп “адам басымен” жауап беретiн, яғни өмiрiмен жауап беретiн заңдар аталады. Мұнда сөз адамның “басымен” байланысты, орыстың “уголовное” сөзi “голова” сөзiмен түбiрлес жатуында деп жорамалдайды. Бұл деректер нақты емес. Дей тұрғанмен, қылмыстық құқықтың ұғымы барлық уақытта заңмен, яғни қылмыстық əрекет үшiн жазаны анықтаушы заңмен байланыстырылып отырылды.
Кез келген мемлекеттiң құқық жүйесi бiрнеше салалардан: конституциялық құқық, əкiмшiлiк құқық, азаматтық құқық жəне т. б. құқық салаларынан тұратыны белгiлi. Осы құқық салалары iшiнде қылмыстық құқық та бар. Құқық жүйесiнiң құрамдас бөлiгi бола тұра қылмыстық құқық жалпы құқыққа тəн барлық белгiлердi (нормативтiлiк, орындау мiндеттiлiгi жəне т. б. ) қамтитын құқық саласы болып табылады. Басқа құқық салаларынан ол ең алдымен пəнiмен, яғни қоғамдық қатынастарды реттеу шеңберiмен (аясымен) ерекшеленедi.
- Қылмыстық құқық пәні, қағидалары
Логика ғылымына сəйкес “пəн” ұғымы - бұл танымның белгiлi обьектiсi немесе қабылдауға, атауға, анықтауға болатын нəрселердiң барлығы. Ал қылмыстық құқықтың пəнi болып не табылады?
Қылмыстық құқықтың реттеу пəнi өте кең, оған мемлекеттiк жəне қоғамдық құрылыс, меншiк, жеке адам жəне оның ар-ожданы, құқықтары мен бостандықтары, құқықтық тəртiп жəне сонымен бiрге басқа құқық салаларымен реттелiп қойған қоғамдық қатынастардың шеңберi де кiредi. Қылмыстық құқықтың реттеу пəнiнiң ерекше белгiсi болып қылмыстың жасалуымен байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар табылады, яғни қылмыстық құқық заңмен қорғалатын қатынастарға қауiптi қол сұғушылық жасалу салдарынан туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi. Құқықтық реттеудiң нəтижесiнде бұл қатынастар қылмыстық-құқықтық қатынастар деген атауға ие болады.
Қылмыстық құқықтық реттеу пəнiн мынадай үш негiзгi қатынастар құрайды.
Оның бiрiншi түрi қорғаушылық қылмыстық-құқықтық қатынастар деп аталады. Бұл қатынас қылмыстың жасалуына байланысты туындайды. Бұл-қылмыстық заңмен тыйым салынған қылмыстық əрекеттi жасаған адам мен мемлекеттiң атынан сот, тергеушi, прокурор, анықтау органдары арасындағы қатынас.
Аталған құқықтық-қатынастың əрбiр субьектiлерi белгiлi бiр құқықтарды иемденедi жəне оларға жүктелген мiндеттердi атқарады. Яғни қылмыс жасаған адам қылмыстық заң қылмыс жасаумен байланыстырған қолайсыз салдарға шыдауға жəне қылмыстық құқықтық нормамен қарастырылған жазаны өтеуге мiндеттi. Ал екiншi субьект - сот, тергеу, прокуратура, анықтама органдары бiрiншi субьектiнi сол мiндеттердi орындауға күштеп мəжбүрлеуге құқылы.
Сонымен, қорғаушылық қылмыстық-құқықтық қатынастардың пəнi болып қылмыс оқиғасының орын алуына байланысты пайда болатын қылмыстық жауаптылық, жаза тағайындау немесе одан босатуды жүзеге асыру табылады.
Қылмыстық құқық пəнiнiң құрамына кiретiн қатынастың екiншi түрi адамдарды жазамен қорқыту арқылы қылмыс жасаудан сақтандыруға байланысты қатынастар. Яғни, мемлекет қылмыстық-құқықтық тыйым салу арқылы азаматтарды қылмыс жасаудан бас тартуға мiндеттейдi жəне қоғамдағы адамдардың тəртiбiн реттеп отырады. Бұл қатынас ескертушiлiк немесе алдын алушылық қылмыстық құқықтық қатынас деп аталады.
Осы жоғарыдағы қылмыстық құқықтық нормаларды қамтитын тыйымдардың азаматтарға əсер ету сипаты бойынша, қоғамды шартты түрде үш топқа бөлу қарастырылған. Оның бiр тобын қылмыстық құқықтық тиымдарды орнату қажеттiлiгiн тудырмайтын азаматтар құрайды. Олар қылмыстың басқа адамдардың, қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiне қарсы құбылыс екенiн сезiнгендiктен, сонымен бiрге қылмыстың өздерiнiң жақсылық пен жамандық туралы жеке адамгершiлiк көзқарастарына да қарсы екендiгiн ұғынғандықтан қылмыс жасамайды. Екiншi топтың мүшелерiн жазаның қорқыту күшi жеткiлiксiз деп ойлайтын жəне сонда да қылмыстық-құқықтық тыйымдардың болуына қарамастан қылмыс жасайтын адамдар құрайды. Сондықтан да өте қатал деп саналатын қылмыстық жазалардың өзi қылмыстық əрекеттердi жасаудан барлық адамдарды бас тартқыза алмайды. Үшiншi топты, яғни «аралықтағы топты қылмысты дəл сол қылмыстық жазадан сақтанып жасамайтын адамдар құрайды екен. Сонымен, қылмыстық-құқықтық тиымiс жүзiнде қоғам мүшелерiнiң барлығын емес тек белгiлi бiр бөлiгiнiң ғанаiс-əрекетiн реттейдi [3] .
2. 1 Қылмыстық құқық жүйесi
Қылмыстық құқықтың жүйесi Жалпы жəне Ерекше бөлiмдерден тұрады.
Жалпы бөлiмде қылмыс пен жаза туралы ұғым, қылмыстық заңның түсiнiгi мен мiндеттерi, қылмыстық жауаптылықтың негiздерi мен одан босату негiздерi, қылмыс құрамының түсiнiгi, қылмыстық заңның кеңiстiктегi жəне мезгiлдегi күшi, қылмыс жасау сатылары туралы ұғым мен қылмысты қатысып жасау, жаза жəне оның мақсаты мен жүйелерi, жаза тағайындаудың немесе қылмыстық жазадан босатудың басты мəселелерi зерттеледi.
Ерекше бөлiмде нақты қылмыс құрамдары жəне оларды жасағаны үшiн белгiленген жаза түрлерi көрсетiледi. Жалпы жəне Ерекше бөлiм өзара тығыз байланысты сондықтан осы екi бөлiмнiң жиынтығы қылмысты құқықты құрайды.
Қылмыстық құқықтың мiндеттерi жөнiнде сөз қозғамас бұрын, бiз əуелi қылмыстық құқықтың мақсаты не соны анықтап алуымыз қажет. Өйткенi, кез келген əрекет, жұмыс
белгiлi бiр мақсатсыз жасалмайды, сондықтан қылмыстық заңның да өз мақсаты бар. Бiрақ бұл жөнiнде бiздiң қылмыстық заңымызда айтылмаған, онда тек қылмыстық заңның мiндеттерi ғана көрсетiлген.
Қылмыстың мақсаты жөнiнде қылмыстық құқық теориясында бiрнеше ойлар айтылған.
Мысалы, профессор Е. I. Қайыржановтың айтуынша, «мақсат дегенiмiз - қандай да бiр əрекеттердi қолдану немесеiске асыру арқылы қол жеткiзуге ұмтылатын əлеуметтiк нəтиже, ал мiндет деген сол нəтижеге жету жолдарың. Яғни, қоғамда мақсатсыз мiндеттер болмайды, ал мiндет мақсатсыз тууы мүмкiн емес деген сөз [4] .
Бұл тұрғыдан алғанда қылмыстық құқықтың негiзгi мақсаты қылмыскердi жазалау немесе белгiлi бiр мемлекетте, қоғамда қауiптi болып табылатын əрекеттi жасағаны үшiн қаралау емес, керiсiнше, қоғамға қауiптi əрекеттердi болдырмау жəне қылмыстың алдын алу болып табылады жəне бұл жөнiнде қылмыстық заңда көрсетiлуi тиiс. Ал осы негiзгi мақсатқа қол жеткiзу үшiн қылмыстық заң мынадай негiзгi мiндеттердi алдына қояды:
1) . қылмыстық жауаптылықтың қағидалары мен шарттарын анықтау,
2) . қылмыстық жауаптылықтың негiзiн анықтау;
3) . қылмыс ұғымының жалпы белгiлерiн анықтау;
4) . қоғамға қауiптi əрекеттердiң шеңберiн анықтау;
5) . қылмыс жасаған адамдарға қолданылатын жаза түрлерiн анықтау.
Қылмыстық құқықтың бұдан басқа да мiндеттерi бар олар жоғарыда аты аталған негiзгi мiндеттердi толықтырып нақтылап отырады.
Қылмыстық заңдар қоғамның тыныштығын сақтай отырып, қоғамға тəрбиелiк жəне жалпы ескертушiлiк тұрғысынан да əсер етедi. Қылмыстық заңдағы «мына əрекеттi жасасаң жазаланасың» деген жариялану фактiсiнiң өзi қоғам мүшелерiне əсер етедi. Сонымен бiрге сот процесiнiң өзi де қылмыскердi ғана емес сот залында отырған қоғамның басқа мүшелердi тəрбиелеп жəне қылмыс жасамауды ескертуге ықпал жасайды.
Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексiнiң 2-бабына сəйкес қылмыстық заңның мiндеттерi болып:
1. Адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, меншiктi, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, қоғамдық тəртiп пен қауiпсiздiктi, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбiтшiлiк пен адамзаттың қауiпсiздiгiн қорғау, сондай-ақ қылмыстың алдын алу болып табылады.
2. Бұл мiндеттердi жүзеге асыру үшiн Осы Кодексте қыл мыстық жауаптылық негiздерi белгiленедi, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшiн қауiптi қандай əрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшiн жазалар мен өзге де қылмыстық құқықтық ықпал ету шаралары белгiленедi делiнген.
1997 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексiнде қоғамның саяси, экономикалық жəне əлеуметтiк өмiрiнде орын алған сапалық өзгерiстер ескерiлген.
Қылмыстық құқықтың мiндеттерi қылмыстылықтың жағдайы мен деңгейiне де тiкелей байланысты. Мемлекетiмiздiң нарықтық экономикаға көшуi, экономикалық кризистер, өтпелi кезеңге байланысты қоғамда орын алып отырған жұмыссыздық, жоқшылық қылмыстылықтың сапалық жəне сандық жағынан да арта түсуi мен қылмыстың бұрын жұртқа беймəлiм түрлерiнiң өмiрге келуiне септiгiн тигiздi. Ұйымдасқан, кəсiптiк, банк жүйесiндегi, компьютерлiк жəне т. б. экономикалық қылмыстар кең белең алды. Қылмыстылықтың санын азайтуда, қылмыс тылықпен күресуде мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын саяси экономикалық жəне саяси-əлеуметтiк шаралардың маңызы зор. Жоғарыда аталған қылмыстық құқықтық мiндеттер қылмыстылықпен күресу саласындағы мемлекеттiк саясаттың бiрi болып табылатын қылмыстық саясат арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстық саясаттың мазмұны-қылмыстық заңдарды қолданудың мiндеттерiн, қылмыстан сақтандырудың тиiмдi жолдарын табу, қылмыстылықпен күресуде заңдылық қағидаларын сақтау. Ауыр қылмыс жасаған адамдарға қолданылатын қылмыстық шараларды жетiлдiру, ал керiсiнше, қоғамға қауiптiлiгi онша ауыр емес қылмыстарды жасағандарға қоғамнан оқшауламай-ақ қолданылатын шараларды белгiлеу болып табылады.
Қылмыс құқық бұзушылықтың ең ауыр түрі болып табылады. Осыған байланысты қылмысты әкімшілік, азаматтық құқық бұзушылықтан және тәртіптік қылықтардан бөлектеп қарауға тура келеді.
Кеңестік құқық теориясында қоғамдық қауіптілік құқық бұзушылықтың қасиеті ме немесе тек қана қылмыстың ғана қасиеті ме деген сұраққа жауап ретіндегі бірыңғай нақты пікірлер жоқ деуге болады. Кейбір ғалымдар, қоғамдық қауіптілік - бұл кез келген құқық бұзушылыққа тән қасиет десе, енді біреулері оны тек қана қылмыстың қасиеті деп қарайды.
Ескеру қажет, қылық пен қылмыстың қоғамдық кауіптілігі бір мағынаны білдірмейтініне сөз жоқ. Олардың арасындағы жалпы байланыс - істелетін әрекеттер қоғам үшін жағымсыз, қоғамдық қатынастарға белгілі бір дәрежеде зиян келтіретін әрекеттер, қоғаммен кінә тағылатын әрекеттер турасында сөз болуында. Оларды арасындағы айырмашылық - қылмыс пен қылықтың екеуі де қоғамға түрлі дәрежеде зиян келтіру мүмкіндігіне ие болғандыктан, екеуі де түрлі дәрежеде қоғам үшін қауіпті. Қылмыс істеуші мен қылық керсетуші адамдар қауіптілігінің дәрежесі де әртүрлі. Қылмыс істеген адамның қоғамдық қауіптілігі қылық істеген адамға қарағанда әлдеқайда артық болады.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 28-бабына сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық (қылық) деп заңмен әкімшілік жауапкершілік карастырылған кінәлі ерекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) танылады.
«ҚР Қылмыстық құқығы» оқулығының авторлары қоғамдық қауіптілік кылмысқа ғана тән - қасиет, деп пайымдайды. Әкімшілік құқық бұзушылық, мысалы, сондай-ақ жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтіруге бейім. Бірақ, оның қоғамдық қауіптілігі (зияндылығы) әлдеқайда төмен. Қылмысты басқа кұқық бұзушылықтан шектей отырып, заңшығарушы әдетге ҚК Ерекше бөліміндегі баптардың диспозицияларында қылмыстық әрекет зардаптарьш сипатгайтын белгілерді көрсетіп отырады. Мәселен, ҚР ҚК 277-бабы бойынша шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарды бұзғанда қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін ең алдымен қоршаған ортаның едәуір ластануына, адамның денсаулығына зиян келтіруге, жануарлар немесе өсімдіктер дүниесінің жаппай құрып кетуіне және өзге де ауыр зардаптардың болуы қажег, ал ҚР ҚК 296-бабының 1-бөлігі бойынша көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол козғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірілген болуы керек. Осы аталған зардаптар болмаған немесе одан жеңілірек зардаптар болған жағдайда (мысалы, көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуда адамның денсаулығына жеңіл зиян келтіруі) тиісті жағдайда аталған әрекет үшін жауапкершілік әкімшілік тәртіппен қолданылады.
Сөйтіп, ҚР Жоғары соты Пленумының 1998 жылғы 14-мамырдағы (30. 04. 1999 ж., 22. 12. 2000 ж. және 11. 07. 2003 ж. өзгертулерімен және толықтыруларымен) «Есірткілік заттар, жүйкеге әсер ететін және улы заттардың заңсыз айналымына қатысты істер бойынша заңнамаларды колдану туралы» қаулысының 1-1-тармағына сәйкес, есірткілік немесе жүйкеге әсер ететін заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз сатып алуда, сақтауда, тасымалдауда кылмыстық-жазаланушы әрекет белгілері жоқ. Сондықтан осы әрекетті істеген кінәлілер ҚР әкімшілік кұқық бүзушылық туралы кодекстің 320-бабы бойынша тек қана әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Тәртіптік қылық деп нормативтік актілермен және құзырлы лауазымдағы адамдардың өкімімен тәртіптік жазалау қатерімен тыйым салынатын мемлекеттік және қызметтік тәртіпті бұзу танылады.
Азаматгық құқық бұзушылық (деликт) арнаулы әдебиеттерде ең бастысы айыппұл салу және шығынның орнын толтырту қатерімен тыйым салынған мүліктік қатынастарды бұзу деп анықталады.
Қылмыс басқа құқық бұзушылықтар мен қылықтардан келесідей белгілері бойьшша шектеледі: 1) объектісі бойьшша; 2) қоғамдық қауіптілік дәрежесі бойынша; 3) заңға қайшылық түрі бойынша; 4) жазалауға жататындығы бойынша.
«Жалпы қылмыс объектісі» ұғымы «басқа құқық бұзушылық объектісі» ұғымына қарағанда кеңірек. Жекелеген қылмыстар әкімшілік, тәртіптік және азаматтық құқық бұзушылық қол сұға алмайтын қоғамдық қатынастарға қол сұғады (мысалы, адамның өміріне, мемлекеттің қауіпсіздік негізіне) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz