Қылмыстық құқықтағы отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар мәселелерін қарастыру


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН АДАМДЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ЖАСАУҒА ТАРТУ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР ЖҮЙЕСІНДЕ . . . 6

1. 1 Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы . . . 6

1. 2 Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың түрлері мен жүйесі . . . 9

2 КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫ ҚЫЛМЫСҚА ТАРТУДЫҢ ҚҰРАМЫН ТАЛДАУ . . . 20

2. 1 Объектісі және объективтік жағы . . . 20

2. 2 Субъектісі және субъективтік жағы . . . 22

2. 3 Қылмыстың ауырлатылған құрамы . . . 24

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 27

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 28

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Құқықтық тәрбие алдымен тұлғаның адамгершілік - құқықтық қасиеттерінің дамуымен бекітілуне, ал кейбір қажетті жағдайларда негативті құбылыстарды болдырмауға немесе жоюға бағытталады. Құқықтық тәрбие үрдісінде көптеген жан-жақты мәселелер қарастырылады. Соның бірі құқық бұзушылықты алдын алу шаралары.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу шараларын дамыту мәселелері қазіргі заманның өзекті мәселесі болып табылады. Жас тұлғаны жалпылама тәрбиелеу арқылы оның жүріс-тұрыс ережелері мен нормаларды біліп сақтауын; заңға сенімділігін тудыру арқылы сана-сезімін дамыту бағыттарында жүргізілген кешенді іс-шаралар әсерінен тұлғаның заңды әрекеті тәртіптілігі қалыптасады.

Қоғамымызға, мемлекетімізге қауіпті заңға қайшы әрекеттерді болдырмау шаралары тек мектеп қана емес сонымен бірге құқық қорғау органдарының көмегімен жүзеге асады. Жасөспірімнің теріс қылық жасауына негізгі себеп, оның құқықтық білімі мен тәрбменің төмендігі. Сондықтан жасөспірімге бастапқы кезден дұрыс тәрбие беру мәселесінің өзектілігі белгілі. Құқықтық тәрбиелеу практикасы - адамзаттың өркендеу кезеңінде қалыптасқан үрдіс. Оған дәлел ежелгі мемлекеттердегі заңдардың болуы, халықтың жаппай заң нормаларына бағынуы және осы заңдар негізінде адамдардың тәрбиеленуі.

Тақырыптың өзектілігі. Дұрыс берілген тәрбие тәрбиеленушінің жан-жақты білімін, санасы мен мәдениетін тәрбиелей отырып, өз Отанын сүйетін, заң нормаларын сыйлайтын, қолданатын; өз құқықтары мен бостандықтарын білетін; заңды міндеттерді бұлжытпай орындайтын құқықтың демократиялық мемлекеттің үлгілі азаматтың тұлғасында қалыптастырып, дамытады. Тұлғаның құқықтық даму мәселелері құқықтық тәрбиенің мақсатын құрайды. Құқықтық дамыған адам - құқықтық білімді өзін тұлға ретінде ұстай білетін; заң нормалары мен құқыққа оң көзқарастағы адам болып табылады. Құқықтық білімді азамат кез келген тәртіп бұзушылыққа немесе қылмыстарға бармайды.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 27-бабында «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады», деп көрсетілген. Қоғамымыздың жаңа мүшелерінің денсаулығын және өмірін қорғау жолдары әртүрлі, солардың қатарында құқықтық тұрғыдан белгілі орын алады. Осындай қорғаудың бір құралы отбасы және кәмелетке толмағандарды қылмыстық құқықтық қорғау болып табылады. Мұндайда мемлекет қылмыстық құқықтық құралдар арқылы кәмелетке толмағандардың және отбасы мүшелерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қоғамдық қауіпті әрекеттермен ымырасыз күрес жүргізеді.

Қылмыстық құқықта отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыс мәселелерін ашу және олардың құрамдарын қарастыру басты мақсат болып табылады. Себебі кәмелетке толмаған балаларға және ата-аналарға зорлық зомбылық, қамқорсыз қалдыру және басқа да ауыр қылмыстардан соң әрқашанда жасалған әрекеттер мен әрекетсіздіктер қылмыс болып табылады.

Берілген міндеттерді шешудің тек қылмыстық, азаматтық құқықтық ғана емес, сонымен қатар криминологиялық маңызы да жоғары. Жоғарыда айтылғандар, курстық жұмыс тақырыбы өзектілігінің ешқандай күмән туғызбайтындығының дәлелі деп санаймыз.

Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі. Қарастырылып отырған тақырыпта Қазақстан ғалымдарының бірқатар зерттеулері арналған. Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі Ерекше бөлімінің 2-тарауында қарастырылған кәмелетке толмаған адамды қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға тарту, яғни кәмелетке толмағандарды қылмыстық заңға қайшы іс-әрекетттерге тарту бойынша қылмыстардың шеңберінде қарастырылып отыр.

Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың жекелеген мәселелерінің зерттелуіне профессор Б. С. Никифоров, М. М. Бабаев, И. Ш. Борчашвили, С. Ф. Бычкова, У. С. Жекебаев, Е. І. Қайыржанов, Профессор Е. А. Фролов, Б. Х. Төлеубекова және басқа да бірқатар ғалымдар өз үлестерін қосқан. «Заң және Заман журналдарындағы көптеген жазушылардың мақалаларына сүйене отырып, отбасы және балалардың азаматтық және саяси-әлеуметтік құқықтарын конституциялық қорғау ерекшеліктерін, отбасы және кәмелетке толмағандардың бірқалыпты дамуы және оларға дұрыс тәрбие беру шарттары жайлы қарастырылды. Біз өз жұмысымызда аталған жәйттерге баса көңіл аударуға тырыстық.

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Қылмыстық құқықтағы отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар мәселелерін қарастыру. Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың түрлері мен жүйесі туралы түсінік беру.

Кәмелетке толмағандарды қылмысқа тартудың құрамын талдау және құрамын бөліп қарастыру. Кәмелетке толмағандарды қылмысқа тартудың объектісі мен объективтік жағын анықтап, сол туралы мәліметтерді қарастыру. Оның субъектісі мен субъективтік жағы туралы да қарастыру.

Курстық жұмыстың міндеттері. Қылмыстық құқықтағы отбасы мен кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстың мәселелерін ашу барысында мынадай міндеттерге тоқталдым. Олар:

  • отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстың жалпы сипаттамасы;
  • кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың түрлері мен жүйесі туралы;
  • кәмелетке толмағандарды қылмысқа тартудың құрамын талдау;
  • кәмелетке толмағандарды қылмысқа тартудың объектісі мен объективтік жағы туралы;
  • кәмелетке толмағандарды қылмысқа тартудың субъектісі мен субъективтік жағы туралы;
  • кәмелетке толмағандарды қылмысқа тарту туралы заңдар мен өзге де нормативтік актілерді қарастыру.

Жұмыстың нормативтік базасын қазіргі қолданыстағы қылмыстық және қылмыстық-атқару заңнамасының және басқа да құқық салаларының нормалары құрайды.

Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Курстық жұмыс өзінің құрылымы мен көлеміне қатысты осындай зерттеу жұмыстарына қойылатын талаптарға толықтай жауап береді. Курстық жұмыс құрылымы бойынша кіріспеден, екі бөлімнен, жеті бөлімшеден, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН АДАМДЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ЖАСАУҒА ТАРТУ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР ЖҮЙЕСІНДЕ

1. 1 Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабында: Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттiң қорғауында болады (1) ; Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы әрi парызы (2) ; Кәмелетке толған еңбекке қабiлеттi балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға мiндеттi (3) - делiнген. Бұл көрсетiлген қағидалар халықаралық құқықтың осы мәселелер жөнiндегi негiзгi ережелерiне сәйкестендiрiлген. Адам құқығы жөнiндегi 1948 жылғы Жалпыға бiрдей Декларацияда, Азаматтық және саяси құқықтар туралы 1966 жылғы Халықаралық пактiде отбасы қоғамның табиғи негiзгi ұясы және ол мемлекет пен қоғам тарапынан қорғау құқығына ие деп белгiленген. 1989 жылы 20 қарашада қабылданған «Бала құқықтары жөнiндегi» Конвенцияда да балалардың азаматтық және саяси-әлеуметтiк құқықтарының қорғалуына ерекше мән берiлген. Қазақстан Республикасы да отбасы және кәмелетке толмағандар жөнiндегi халықаралық құқық нормаларын қастерлей отырып, осы мәселелерге байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастарды қылмыстық-құқықтық жолмен қорғауға ерекше мән бередi.

2014 жылы 3 шілдедегі қабылданған жаңа Қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң 2-тарауы отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар берілген. Бұл тарауда осы тұрғыдағы қылмыстарға арналған нақты қылмыстардың мынадай түрлерi көрсетiлген: кәмелетке толмаған адамды қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға тарту (132-бап) ; кәмелетке толмаған адамды қоғамға жат әрекеттер жасауға тарту (133-бап) ; кәмелетке толмаған адамды жезөкшелiкпен айналысуға тарту (134-бап) ; кәмелетке толмағандар саудасы (135-бап) ; баланы ауыстыру (136-бап) ; баланы асырап алу жөніндегі заңсыз әрекет (137-бап) ; бала асырап алу құпиясын жария ету (138-бап) ; балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару (139-бап) ; кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау (140-бап) ; балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиiсiнше орындамау (141-бап) ; қорғаншы немесе қамқоршы құқықтарын терiс пайдалану (142-бап) ; кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге заңсыз әкету (143-бап) ; кәмелетке толмағандарды эротикалық мазмұндағы өнімдерді жасауға тарту (144-бап) . Осы топқа жататын қылмыстардың объектiсi ата-аналар мен балалардың арасындағы отбасылық қатынастар, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың дене бiтiмi, интеллектуалдық, рухани, адамгершiлiк тұрғысынан дұрыс дамып, қалыптасу жағдайлары болып табылады. Ендi осы топқа енген қылмыс құрамдарының әрқайсысына жеке-жеке талдау жасап өтейiк.

Криминологиялық зерттеудiң нәтижесi көрсеткендей соңғы жылдары елiмiзде кәмелетке толмағандарды iшiмдiкке, нашақорлыққа, темекi тартуға және басқа да қоғамға қарсы iс-әрекеттер жасауға тарту фактiлерi өрiс ала бастаған. Нәтижесiнде жеткiншектердiң арасында әр түрлi жұқпалы аурулар меңдей түскен, бұл, әрине, ертеңгi болашағымыз үшiн аса қауiптi құбылыс.

Кәмелетке толмаған адамды бiр мекенжайдан екiншi бiр мекенжайға орын ауыстыруға, тұрғылықты орнының болмауына, кездейсоқ табыстармен, ұсақ ұрлықпен, қайыр тiлеумен, басқадай еңбексiз табыстармен күн көруге көндiрiп тарту қаңғыбастыққа тарту деп танылады. Бөтен адамдардан ақша, азық-түлiк, киiм-кешек немесе басқадай материалдық құндылықтарды сұрап алып табыс табуға әр түрлi тәсiлдермен кәмелетке толмағандарды көндiру, оны қаңғыбастықпен айналысуға тарту деп танылады.

Көрiнеу кәмелетке толмаған баланы жезөкшелiкпен айналысуға тарту - өте қауiптi қылмыс.

Кәмелетке толмаған адамды саудасы үшiн жауаптылық бұрын Қазақстан Республикасының аумағында қолданылған қылмыстық заңдарда мүлдем көрсетiлмеген едi. Қазақ жерiнде мұндай құбылыс Кеңес өкiметi орныққанға дейiн мүлдем болмаған. Қазiргi жағдайда кейбiр жерлерде кәмелетке толмағандар «зат», «товар» ретiнде пайдаланылып, қылмыскерлерге пайда табудың көзiне айналды. Дүние жүзiнде орын алып отырған осындай келеңсiз құбылыстарға сәйкес Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң 135-бабында осы тұрғыдағы iс-әрекетке қылмыстық жауаптылық белгiленген.

Қылмыстық кодекстiң 136-бабында баланы қасақана ауыстырғаны үшiн қылмыстық жауаптылық белгiленген. Бұл қылмыстың қоғамға қауiптiлiгi сол, баланы ауыстыру арқылы ата-анамен баланың туыстық қатынасы зорлықпен бұзылып, адамгершiлiк принциптерiне жатпайтын әрекеттер жүзеге асырылады.

Бала асырап алушының еркiне қайшы қызметтiк немесе кәсiптiк құпия ретiнде бала асырап алу фактiсiн сақтауға мiндеттi адамның не өзге адамның пайдакүнемдiк немесе өзге жамандық ниетпен жасаған бала асырап алу құпиясын жария еткенi үшiн жауаптылық Қылмыстық кодекстiң 138-бабында көзделген. Бұл қылмыстың қоғамға қауiптiлiгi сол кiнәлi адам асырап алған балаға немесе үшiншi жаққа бала асырап алу құпиясын заңсыз бұзып, оны жария ету арқылы балаға немесе оны асырап алған ата-аналарына орны толмас моральдық зиян келтiредi.

Қылмыстық жауаптылық бала асырап алу құпиясын жария ету, оны асырап алушының еркiне қайшы түрде жүзеге асырылғанда ғана пайда болады. Бала асырап алушының еркi деген ұғымға - оны асырап алған жұбайлардың екеуiнiң де еркi жатады. Осыған орай ерлi-зайыпты жұбайдың бiреуiнiң екiншiсiнiң еркiнен тысқары жағдайда бала асырап алу құпиясын жария етуде қылмыс қатарына жатады.

Ата-ананың кәмелетке толмаған балаларын, сол сияқты он сегіз жасқа толған еңбекке қабілетсіз балаларын күтіп бағуға сот шешімі бойынша қаражат төлеу жөніндегі міндеттерін үш айдан астам орындамауы не кәмелетке толған еңбекке қабілетті адамның өзінің еңбекке қабілетсіз ата-анасын күтіп-бағуға сот шешімі бойынша қаражат төлеуден үш айдан астам жалтаруы не еңбекке қабілетті адамның еңбекке қабілетсіз және материалдық көмекке мұқтаж жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға сот шешімі бойынша қаражат төлеуден алты айдан астам жалтаруы үшін жеке дара жауаптылық көзделген.

Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді ата-анасының немесе өзіне осы міндеттер жүктелген өзге адамның, сол сияқты педагогтің немесе оқу, тәрбиелеу, емдеу мекемесінің немесе кәмелетке толмаған адамды қадағалауды жүзеге асыруға міндетті өзге мекеменің басқа да жұмыскерінің кәмелетке толмаған адамның алкогольдік ішімдіктерді, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтуына не қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуына не оның қылмыс, қасақана қылмыстық теріс қылық немесе қасақана әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар іс-әрекеттер жасауына әкеп соққан, дәлелсіз себептермен орындамауы немесе тиісінше орындамауымен балаға қатал қараумен ұштасса - жауаптылық Қылмыстық кодекстің 140-бабы бойынша белгіленеді.

Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi қызметi бойынша өзiне осындай мiндеттер жүктелген адамның не осы мiндеттердi арнайы тапсырма бойынша орындаушы немесе мiндеттердi ерiктi түрде өзiне алған адамның тиiсiнше орындамауы, егер бұл жас баланың денсаулығына абайсызда ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтiруге әкеп соқса - жауаптылық ҚК-тiң 141-бабы бойынша шешiледi. Қылмыстық құқықтағы бұл бап мүлдем жаңа құрам болып табылады.

Қорғаншы немесе қамқоршы құқықтарын терiс пайдалану (142-бап) . Қорғаншылығындағы (қамқорлығындағы) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiне елеулі түрде қысым жасауға әкеп соққан, қорғаншылықты немесе қамқоршылықты пайдакүнемдiк немесе қорғаншылығындағы (қамқорлығындағы) балаға зиян келтiріп өзге де ұждансыз пиғылмен пайдалану немесе қорғаншылығындағы (қамқорлығындағы) баланы қадағалаусыз немесе қажеттi көмексiз қасақана қалдырғаны үшін жауаптылық көзделген. Мысалы, қамқоршылықты немесе қорғаншылықты пайда табу мақсатымен - яғни балаға тиiстi меншiктi талан-таражға салу үшiн пайдалану немесе балаларға тиiмсiз келiсiмдер жасау; балаларды көмексiз, қадағалаусыз қалдырып қаңғытып жiберу, оларды ұрып-сабау, қорлық көрсету, аш ұстау, оқытпау сияқты заңды құқықтары мен мүдделерiне нұқсан келтiру. Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасына қатысты баптардың мазмұны болып табылады.

2. 1 Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың түрлері мен жүйесі

Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың түрлері мен осы қылмыс құрамдарының әрқайсысына жеке-жеке талдау жасап өтейiк. Кәмелетке толмаған адамды қоғамға жат әрекеттер жасауға тарту (ҚК-тің 133-бабы) . Қылмыстың тiкелей объектiсi кәмелетке толмаған адамдардың дене және адамгершiлiк тұрғысынан дұрыс дамып, тәрбиеленуi болып табылады.

Объективтiк жағынан қылмыс кәмелетке толмаған адамды есеңгiрететiн заттарды тұтынуға не уытқұмарлыққа не спирттiк iшiмдiктердi ұдайы тұтынуға, не қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуға тарту арқылы сипатталады.

Заң бойынша есеңгiрететiн затқа жататын, арнаулы тiзiм бойынша белгiленген осындай заттарды екi немесе одан көп медициналық емес тұрғыда тұтынуға тарту кәмелетке толмаған адамды көрсетiлген әрекеттерге ұдайы тарту деп танылады. Есеңгiрететiн не уыткқұмарлыққа жататын заттарды анықтау арнаулы сарапшылық қорытынды бойынша анықталады.

Екi немесе одан көп реттерде кәмелетке толмағандарды үнемi спирт iшiмдiктерiн (арақ-шарап) iшуге тартуды осы қылмыстың объективтiк жағының бiр белгiсiн жүзеге асырғандық болып табылады. Арақ-шарапқа барлық iшiмдiктер, оның iшiнде қолдан жасалған осындай заттар да жатады. Кәмелетке толмағандармен бiрге бiр мәрте бiрлесiп спирт iшiмдiктерiн iшу, оны мас күйге жеткiзу қылмыс болып табылмайды, мұндай әрекет әкiмшiлiк құқықтық жолмен жауаптылыққа тартылады.

Кәмелетке толмаған адамды бiр мекенжайдан екiншi бiр мекенжайға орын ауыстыруға, тұрғылықты орнының болмауына, кездейсоқ табыстармен, ұсақ ұрлықпен, қайыр тiлеумен, басқадай еңбексiз табыстармен күн көруге көндiрiп тарту қаңғыбастыққа тарту деп танылады. Бөтен адамдардан ақша, азық-түлiк, киiм-кешек немесе басқадай материалдық құндылықтарды сұрап алып табыс табуға әр түрлi тәсiлдермен кәмелетке толмағандарды көндiру, оны қаңғыбастықпен айналысуға тарту деп танылады.

Кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы iс-әрекеттер жасауға тарту формальдық қылмыс құрамына жатады және ол заңда (ҚК-тің 133-бап) көрсетiлген әрекеттердiң бiреуiн жасаған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

Қылмыс субъективтiк жағынан тiкелей қасақаналықпен iстеледi. Кiнәлi адам кәмелетке толмаған адамды есiрткiлiк немесе басқа да есеңгiрететiн заттарды медициналық емес тұрғыда тұтынуға не спирт iшiмдiктерiн ұдайы тұтынуға, не жезөкшелiкпен, қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуға (ұдайы болмаса) тартқанын сезедi және осы әрекеттердi iстеудi тiлейдi. Қылмыстың субъектiсi 18-ге толған есi дұрыс адам, Қылмыстық кодекстiң 133-бабының 2-тармағында: ата-анасы, педагог не кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттер ҚР-ның заңмен жүктелген өзге адам жасаған нақ сол әрекет, ал осы баптың 3-тармағында, осы баптың бiрiншi немесе екiншi тармақтарында қарастырылған бiрнеше рет не күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп жасалған әрекеттер үшiн қылмыстық жауаптылық көзделген. Осы бапта көзделген екi немесе одан да көп әрекеттi жасау бiрнеше рет жасалған әрекеттер деп танылады (ҚК-тiң 12-бабы) .

Қылмыстық кодекстiң 133-бабының 2 және 3-тармақтарында көрсетiлген ауырлататын және аса ауырлататын белгiлердiң түсiнiктерi тиiсiнше Қылмыстық кодекстiң 132-бабының 2 және 3-тармақтарында көрсетiлген белгiлермен бiрдей, сондықтанда бұл ұғымдарға арнайы тоқталып жатпаймыз.

Кәмелетке толмаған адамды жезөкшелiкпен айналысуға тарту (ҚК-тің 134-бабы) Көрiнеу кәмелетке толмаған баланы жезөкшелiкпен айналысуға тарту - өте қауiптi қылмыс. Қылмыстың тiкелей объектiсi кәмелетке толмағандардың жыныстық бостандығы адамгершiлiгi. Қылмыс объективтiк жағынан белсендi iс-әрекеттермен жүзеге асырылады.

Қылмыс субъективтiк жөнiнен тiкелей қасақаналықпен, пайдакүнемдiк ниетпен жүзеге асырылады. Қылмыстың субъетiсi - кәмелетке толмағанды жезөкшелiкке тартқан 18-ге толған, есi дұрыс адам. Қылмыстық кодекстiң ҚК-тің 134-бабының екiншi тармағында күш қолдану немесе қолдану қатерін төндіру тәуелді жағдайын пайдалану, бопсалау, мүлкін жою немесе бүлдіру арқылы не алдау жолымен кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту, ал осы баптың үшiншi тармағында: 1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; 2) бірнеше рет жасалған іс-әрекеттер үшін, ал осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттерді:1) қылмыстық топ; 2) ата-анасы, педагог не кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген өзге адам жасағаны үшін жауаптылық белгіленген (ҚК-тің 134-баптың 3, 4-тармақтары) .

Кәмелетке толмағандар саудасы (ҚК-тің 135-бап) . Қылмыстың тiкелей объектiсi - кәмелетке толмағандардың мүддесi, олардың дұрыс даму, жетiлу, бiлiм алу, тәрбиелену жағдайлары.

Қылмыс объективтiк жағынан кәмелетке толмаған адамды сатып алу - сату немесе оған қатысты өзге де мәмiлелер жасау, сол сияқты оны пайдалану не азғырып-көндiру, тасу, беру, жасыру, сондай-ақ пайдалану мақсатында өзге де әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Кәмелетке толмаған адамды белгiлi келiсiмдi ақы алып (ақшалай, заттай, қозғалатын немесе қозғалмайтын мүлiк) басқаға беру, сату немесе сатып алу деп танылады.

Кәмелетке толмаған адамды айырбастау (үйге, көлiкке, басқа тауарларға), сыйға беру (мысалы шетелге тұрақты өтiп кетуге байланысты көрсеткен көмегi үшiн немесе шын достықтың белгiсi ретiнде тегiн беру) ; қарызын немесе басқадай мiндеттемелерiн өтеу үшiн беру; басқа бiреуге уақытша пайдалануға жалға беру өзге мәмiлелер жасау деп танылады. Кәмелетке толмағандарды пайдалану, азғырып-көндiру, тасу, беру, жасыру, пайдалану мақсатындағы өзге де әрекеттер ҚК-тiң 128 бабында көрсетiлген осындай iс-әрекеттермен бiрдей. Қылмыс жәбiрленушiнi саудаға салу жөнiндегi мәмiлеге қол жеткiзiлген және кәмелетке толмаған адамды басқа бiреуге берген немесе ҚК-тiң 135-бабының 1-бөлiгiнде көрсетiлген басқа да кез келген iс-әрекеттердi жасаған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

Субъективтiк жағынан қылмыс - кәмелетке толмағандарды саудаға салу тек қана тiкелей қасақаналықпен iстеледi. Бұл жерде осы қылмысты iстеуге кiнәлi болып адамды сатқан және сатып алған жақтар, сондай-ақ осындай әрекеттерге бағытталған өзге де мәмiлелер жасауға қатысқандар (жәбiрленушiнi заңсыз бiреуге берген немесе оны иемденген адамдар) табылады. Өйткенi олар өздерiнiң iс-әрекеттерiнiң қоғамға қауiптiлiгiн, заңға қайшылығын сезедi және осы әрекеттердi iстеудi тiлейдi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыс
Отбасы және кәмелетке толмағандарды құқықтық қорғау және оларды дұрыс тәрбиелеу шаралары
«КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫЛЫҒЫ»
Адам құқықтары мен бала құқықтарын қорғаудың маңызы
Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың қылмыстық - құқықтық сипаттамасы
Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазалардың түрлері
ОТБАСЫ ЖӘНЕ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРЫН ЖЕКЕ ҚҰРАМДАРҒА БӨЛУ МӘСЕЛЕСІ
Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың ерекшеліктері
Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату
Отбасы және кәмелетке толмағандаға қарсы қылмыстардың орын алуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz