Қазақстан Республикасы мен ЕҚЫҰ ынтымақтастығын қарастыру


Мазмұны

Кіріспе

1. ЕҚЫҰ - ЕУРОПАҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ҚАУІПСІЗДІК ЖОЛЫ

1. 1. ЕҚЫҰ құрылу тарихы мен қызметінің негізгі бағыттары

1. 2. ЕҚЫҰ-дың Астана Саммиттіне дейінгі жоғарғы денгейдегі бас қосулары

2. ЕҚЫҰ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН АРАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

2. 1. ЕҚЫҰ мен Қазақстан арасындағы қатынастардың орнау мен кезеңдері

2. 2. ЕҚЫҰ мен Қазақстан арасындағы байланыстың негізгі бағыттары

3. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҚЫҰ-ҒЫ ТӨРАҒАЛЫҒЫ: БАРЫСЫ МЕН НӘТИЖЕЛЕРІ

3. 1 Төрағалық кезінде атқарылған іс-әрекеттер

3. 2 Астана Саммитті

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі . Қазақстан Республикасының1 жаңа жеке халықаралық қатынастар субъектісі ретінде әлемдік аренаға шыққанына 10 жылдан астам уақыт өтті. Жас мемлекеттің құрылуы, әлемдегі өз орнын табуы үшін өткен жылдар маңызды және жемісті болды деп атап айтуға болады. Соғыстың аяқталғанына да біраз жыл өтті. Сол кездері мемлекеттер жаңа әлемді құра бастады, дәл сол жылдары БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқалар секілді жаңа халықаралық ұйымдар құрылды. Бірақ та бітімгершілік күштерді толығымен іске асыруға екі жүйенің қарама-қарсылығы мен жауығуы кедергі болды. Енді міне әлемдік қоғамдастық алдында іс жүзінде сол, тек біраз жаңартылған және неғұрлым гуманды міндеттер тұр. Қарама-қарсы тұру кезеңінен кейін сенім мен қауіпсіздікті сақтау, дамыған, дамушы, мемлекет ретінде тұрақталған, не жас елдер арасындағы қаныққан қатынастар негізінде құрылған жаңа әлемдік тәртіп орнату мүмкіндігі туындады. Біз үшін осы процестердің соңғы жылдары Қазақстанның тікелей қатысуымен болып жатқаны өте маңызды. [1]

КСРО тарағаннан кейін оның құрамындағы одақтас республикалары, суверенді, тәуелсіз мемлекеттер бола отырып, Кеңестер Одағы қалаған жолдан тайқып, барлық адамзаттың жолымен жүруге бел буды. Қазақстан да, бұрынғы КСРО 15 одақтас республикасының бірі ретінде, шеттеп қалған жоқ, керісінше мемлекеттердің әлемдік қоғамдастығына кіруде бастамашылардың бірі болды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан КСР Одағының тәуелсіз республикасынан суверенді, тәуелсіз мемлекет болды. Осы күннен бастап Қазақстан Республикасының жаңа мазмұнды, халықаралық құқықты субъектілігі басталады.

Интеграциялық процестер және интеграцияға ұстанымдар қазіргі кездегі әлем дамуының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. “Бүкіл әлем интеграцияға, күштерді біріктіруге, қатынастарды дұрыс реттеуге ұмтылуда. Біздің алдымызда Еуропалық Қоғамдастық, араб мемлекеттерінің Лигасы, Австралиялық Одақ, оңтүстік америкалық мемлекеттер және тынық мұхиты аймағының бірлестіктері, басқа да көптеген қоғамдастықтар тәжірибесі тұр”- деп Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің “Қоғам трнасформациялы стратегиясы және еуроазиялық қоғамның өркендеуі” атты кітабында атап өткен.

Осы жолға 50 жыл бұрын түсіп, еуропалық мемлекеттер күшті ұлттық бірлестіктерге айнала отырып, қалыптасқан “европеизм” идеологиясы құрылымымен экономикалық және саяси реттелетін жаңа түрге ие, тікелей әлеуметтік … алшақтау мүмкіндігі бар өз дамуы бағытын анықтаған.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымымен (ЕҚЫҰ) ынтымақтастық Қазақстан үшін стратегиялық сыртқы саяси бағыт болып табылады.

ЕҚЫҰ - әрекет етуші ұйымдардың ішіндегі қауіпсіздікті қолдау бойынша ең ірісі, тұрақтылықты қолдау саласында үлкен әулетке ие ең жас ұйым болып табылады. ЕҚЫҰ - ресми түрде тек 1995 жылы ресімделген, бірақ өзінің құрылуын Хельсинки келісіміне қол қойылғаннан кейін 1975 жылы бастаған жаңа ұйым.

Қазіргі кезде, жаңа мыңжылдықтың табалдырығында тұрған әлемде қауіпсіздік мәселесі маңызды болып отыр. Ол, менің көзқарасым бойынша, экология, халықаралық қылмыспен күрес және экономикалық мәселелермен қатар алдағы жүзжылдықта өзекті болады. Әлемдік қоғамдастық қауіпсіздікті бірігіп сақтау үшін біртұтас механизм жасауға бірнеше рет талпынған. Бұл процесс өз бастамасын Ұлттар Лигасы құрылған кезден алады және қазіргі күнге дейін өзекті мәселенің бірі болып отыр. Әрине, мемлекеттер топтары арасындағы көптеген қарама-қайшылықтар, әлеуметтік және саяси айырмашылықтар, сыртқы саяси концепциялар аспектілері бәрі үшін біртұтас механизмді жасауда әрқашанда дестабилизациялаушы болып табылады. Құрылған құрылымдар жиі қабілетсіз немесе маңызды болып табылатын бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдаумен байланысты шешімдерді қабылдауда жеткіліксіз беделді болып келеді. Қазіргі жағдай бұдан тыс емес. Тікелей себебі ЕҚЫҰ құру болып табылатын бәсеңдету процесі, белгісіз мерзімге дейін тоқтатылғанға ұқсайды, бұл жалпы бейбітшілшік пен ашықтылыққа көмектесуге шақырған халықаралық механизмдердің әрекеттілігіне сенімсіздік тудырады. Халықаралық қауіпсіздікті сақтау бойынша ең негізгі орган болып табылатын - БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі - әлемді “суық соғыс” уақытына қайта әкелу қаупі бар соғыстың алдын алуда жеткіліксіз беделді болып отырған жағдайда, ортасында ЕҚЫҰ бар басқа бейбітшілікті қолдайтын аймақтық ұйымдардың рөлі туралы айту қиын. Бірақ та бұл ұйымның әлеуеті өте үлкен, оны практикада өзінің мақсаты мен ұстанымдарын іске асыруда өзінің бар мүмкіншілігін пайдалану күтіп тұр. Міне осы себепті менің жұмысымның басты бағыты, ең алдымен, неғұрлым келешекті аймақтық қауіпсіздік ұйым ретінде ЕҚЫҰ әлеуетті мүмкіндіктерін ашу болып отыр. Югославиялық оқиғалар ЕҚЫҰ бітімгерлік әрекеттерінің тиімсіздігін көрсетсе де, ол Еуропа мен Азияның басқа аймақтарында конструктивті рөл ойнап келді және әлі де ойнауда. Жұмыста ұйыммен қабылданған шешімдерді іске асыруда нақты механизм ретіндегі ЕҚЫҰ арнайы уәкілдігі қызметін сипаттауға көп көңіл бөлінген.

1975 жылы Хельсинкиде қабылданған қорытынды акт, биоөрісті жүйе жағдайында социалистік және капиталистік блоктар мемлекеттерінің бейбіт қатар өмір сүруін ұйымдастыруға шақырған ЕҚЫҰ құрылуына жол ашты. Соғыстың аяқталуымен ескіні тарату мен әлемдік тәртіптің жаңа (көп-және бірөрісті) нұсқасын ресімдеу қажеттілігі, Орталық-Азия аймағы үшін жетекші мемлекеттер арасындағы тарихи қарсы тұрудың қалпына келуі ЕҚЫҰ қызметіне басқаша тұрғыдан қарауға мәжбүр етті. Бүгінгі күні ол көбіне адам құқығы, демократиялық даму мен ұлтаралық және діни қақтығыстардың алдын алумен шектеледі. Мұнда ЕҚЫҰ мемлекеттердің ішкі істеріне араласу кері беталысы күшеюде. Бұл Құрама Штаттар және басқалар ұйымды өзінің геосаяси мақсатына жету құралына айналдырғысы келетіндігімен түсіндіріледі: кез келген басқа күштер әсерін әлсірету және “геосаяси сұйқытық” бай қорларына ие аймақта басым болу.

Бұндай саясат, әрине, бұл жерде өздерінің қауіпсіздігіне қауіп төнуді көретін суверенді мемлекеттердің наразылығын, сонымен қатар жаңа мемлдекеттер мәртебесінен үміті бар мүдделі елдердің қарсылығын тудырады. Осылайша, Орталық Азия аумағы әлемнің ықпалды мемлекеттерінің қақтығысу алаңына айналып отыр, және ЕҚЫҰ құрлықтағы қазіргі кездегі өзгерістердің негізгі институтына айналуда. Жағымсызыдығы, бұл басынан бізге пассивті рөл берілгендігі, бізге ешкім де және ешнәрсе де тәуелді емес. АҚШ және Еуроодақ елдері Орталық Азиядағы жағдайды бақылауды күшейту үшін ЕҚЫҰ мүмкіндіктері мен институттарын жан-жақты жұмылдыру жолын жалғастыруда. 90-шы жылдардың басында ақ, Вашингтон мол көмірсутек және басқа стратегиялық ресурстары бар және тұрақсыздықтың жоғары әлуетін сақтаған аймақты Құрама Штаттар үшін өмірлік маңызы бар деп жариялаған. Ал, 1999 жылы Стамбул саммитінде қабылданған еуропалық қауіпсіздік Хартиясында ЕҚЫҰ үшін Орталық Азия жалпы үдеуші мәнге ие екендігі аталған.

Осы мүдде саласында, АҚШ мен ЕО елдерімен тығыз байланыста аймақтағы, бірінші кезекте Қазақстандағы, ұйымның қатысуын кеңейту қадам басқан ЕҚЫҰ төрағалығы қызметін қарастыруға болады.

Тақырыптың зерттелу дәрежесі . Тақырыптың зерттелу дәрежесі туралы сөз еткенде, ЕҚЫҰ тарихына арналған орыс тілінде тек бір фундаменталды зерттеуді атап өтуге болады: “Хельсинкиден Будапештке дейін. ЕҚЫМ/ЕҚЫҰ тарихы құжаттарда. 1973-1994”. РҒА Еуропа Институ мен Стокгольм әлем мәселелерін зерттеу халықаралық институтымен бірігіп дайындалған бұл жұмыс ЕҚЫҰ даму тарихын, және де оның қызметін қарастыруда зор көмегін тигізді.

Ресей тарихнамасы . Ұйымның жеке аспектілері төмендегі ресейлік халықаралық-заңгерлер еңбектерінде қарастырылған: Ю. М. Колосов, О. Н. Быков, И. И. Лукашук, Т. Пархалина, А. Н. Талалаев, М. Х. Фарукшин.

Кеңестік халықаралық-құқықтық әдебиеттерде бір бөлігі ұжымдық қауіпсіздік жүйесі болып табылатын халықаралық қауіпсіздік концепциясы жасалынған. Зерттеу жұмысын дайындауда автор В. И. Кузнецов, Н. А. Ушаков, Г. И. Тункин еңбектерінде жасалынған теориялық және практикалық қағидалар мен тұжырымдарға сүйенген.

Отандық тарихнама . Жұмысты жазуда Н. А. Назарбаев, К. К. Тоқаев, С. Д. Прімбетов, Ж. О. Құлжабаев секілді саяси қайраткерлердің еңбектері зор көмегін тигізді. Осы мәселені зерттеу процесінде зерттеуші үшін ресейлік және қазақстандық саясаттанушылар ұстанымдары қызығушылық туғызды, мысалы, А. Д. Богатуров, М. А. Хрусталев, М. М. Наринский, А. В. Мальгин, М. И. Рыхтих, В. Н. Матяш, К. С. Гаджиев, У. Т. Касенов, Д. Елеукенов, М. Лаумулин, Е. Карин, Д. А. Калиев еңбектері. Сонымен қатар, орыс тілінде жарияланған, Ся Ишань, Пан Гуан және Син Гуанчэн секілді қытай саясаттанушыларының мақалалары да қызығушылық тудыруда.

Батыстық тарихнама . Я. Броунли, Г. Кельзен, Р. Ульман, А. Уолферс, Г. Шварценьерг және т. б. секілді шетелдік заңгерлер мен саясаттанушылардың еңбектері да аса қызығушылықты тудырады.

Дереккөздері. Негізгі дерек көздер ретінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымының (ЕҚЫҰ) ресми құжаттары мен жарияланымдары алынды.

Тақырыпты зерттеуде маңызды алғашқы дереккөздері ретінде келесі саяси құжаттарды атап өтуге болады: Еуропадағы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Мәслихаты Қорытынды актісі 1975 ж. 3; ЕҚЫҰ институттары мен құрылымдарының ары қарай дамуы туралы Париж құжаты4; 1986 жылғы Вена кездесуінің қорытынды құжаты5; 1990 ж. 5-29 маусымдағы Копенгаген маслихаты Құжаты6; 1992 ж. дауды бейбітшілік жолмен реттеу бойынша ЕҚЫҰ мәслихатының нәтижелері7; 1992 жылғы Хельсинки құжаты8.

Дереккөздердің екінші тобын саяси және мемлекет қайраткерлерінің сөздері, сұхбаттары, конференция материсладры құрайды: Н. Ә. Назарбаев9, Қ. Қ. Тоқаев10; ЕҚЫҰ мүше-елдері мемлекет және үкімет басшылары кездесулерінің материалдары11.

Зерттеу жұмысының мақсаты Қазақстан Республикасы мен ЕҚЫҰ ынтымақтастығын қарастыру. Қойылған мақсат келесі міндеттерді шешу жолымен іске асырылады:

- ЕҚЫҰ қызметінің негізгі бағыттары мен құрылу тарихын қарастыру;

- ЕҚЫҰ құрылымын зерттеу;

-ЕҚЫҰ мен Қазақстан арасындағы қатынастардың қалыптасуы мен даму кезеңдеріне және ынтымақтастығының негізгі бағыттарына талдау жасау;

- ұжымдық қауіпсіздік жүйесінде ЕҚЫҰ мен Қазақстан Республикасының ынтымақтастығын зерттеу;

- қатысушы-мемлекеттер талаптары контексінде ЕҚЫҰ реформалау мәселелерін анықтау.

Жұмыстың методологиялық негізі. Зерттеу жұмысын жазуда автор жалпығылыми зерттеу әдістерін пайдаланған: құрылымдық-логикалық, тарихи-құқықтық, салыстырмалы-құқықтық, және де жүйелік талдау әдісі.

Зерттеудің методологиялық негізі кеңестік, ресейлік, отандық және шетелдік авторлар еңбектері болып табылады. Сонымен қатар жұмыс барысында белгілі саясаттанушылар, дипломаттар, философтар, саяси қайраткерлердің ғылыми еңбектері мен жарияланымдары зертелген.

Хронологиялық шектер. Зерттеу кең көлемді мәселелі-хронологиялық контексте ашылған, ЕҚЫҰ құрылуы 1973 жылдан бастап қазіргі күнге дейінгі кезеңді қамтиды. Мұнда ЕҚЫҰ мен Қазақстан Республикасының ынтымақтастығының даму беталысы мен қазіргі заманғы құбылысын талдау, осы шақты түсінуге және болашақты болжауға көмектесетін өткеннің мәнді саяси процестерін есепке ала отырып құрылған.

Зерттеу жұмысының құрылысы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. ЕҚЫҰ - ЕУРОПАҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ҚАУІПСІЗДІК ЖОЛЫ

1. 1. ЕҚЫҰ құрылу тарихы мен қызметінің негізгі бағыттары

Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ) (ағылш. Organization for Security and Co-operation in Europe) - саяси диалог үшін арналған халықаралық ұйым. Негізгі мақсаты - жетілдірілген басқару мен демократиялық үрдіс негізіндегі аймақтық тыныштық пен қауіпсіздік. 3500 астам қызметкерлерінің басым бөлігі жерлердегі істермен айналысып, ал оның 10 %-ға жуығы бас пәтерде отырады.

ЕҚЫҰ, Біріккен Ұлттар Ұйымы астындағы ад хок (Ad hoc) ұйым (VIII тарау), алдын ала ескерту, шиеленістерді тоқтату, тоқырау-менеджментіне және пост-конфликттік реабилитация істеріне аса назар аударады. Ұйым Еуропа, Кавказ, Орталық Азия, Солтүстік Американың 56 мемлекеттерін, яғни солтүстік жарты шардың көп елін қамтиды. Ұйым қырғи-қабақ Соғыс кезінде Батыс - Шығыс форумы ретінде құрылған. [2]

Қазақстан бұл ұйымға 1992 ж. қаңтардың 30-ы мүше болып Хелсинкидегі Соңғы Актіне шілденің 8-де қол қойды. 2009 жылы осы Ұйымды басқару үшін ниет еткен Қазақстан негізінен тек екі ел - АҚШ пен Құрама Патшалық қарсылығына тап болды. Осы елдердің ойынша Қазақстан адам құқығын, демократиялық құндылықтарды қорғау жөнінде әлі де көп еңбек ету керектігі айтылған. Қазақстан кандидатурысын ТМД елдерімен қатар Батыс Еуропа елдерінің көбісі (Германия, Италия, Нидерланд және Франция) қолдауда. Қарашаның 29-30 Мадридте ЕҚЫҰ мүше-елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) 15-ші отырысында компромисс ретінде Қазақстан ТМД елдерінің ішінде алғашқысы болып ЕҚЫҰ төрағалығына 2009-да емес, 2010 жылы ие болатындығы хақында шешім қабылданды.

20 ғасырдың 70-жылдары Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңес негізінде құрылды. 1994 жылы Будапештте өткен мемлекеттер мен үкіметтер басшыларының кездесуінде аталған кеңесті Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым деп атау жөнінде шешім қабылданды. Бұл - Еуропа, Азия және Солтүстік Америка құрлығының 55 мемлекетімен консенсус (бір ауыздылық) негізінде келіссөздер, кеңесулер өткізіп, саяси шешімдер қабылдауға арналған көп тарапты құрылым. Мүше мемлекеттер басшыларының кездесулерінде ұйым қызметінің басты бағыттарын айқындайтын негізгі құжаттар қабылдайды. Мұндай кездесу 2 жылда 1 рет өткізіледі. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның Министрлер кеңесі мән-маңызы жағынан екінші басшылық органы болып саналады. Оның мәжілісі мемлекеттер басшылары кездесуінің аралық кезеңінде жылына 1 рет өтеді. Басшылық кеңесі саяси және жалпы бюджеттік сипаттағы мәселелерді талқылап, нақтылайды, оның мәжілісі Прага қаласында өтеді. Сондай-ақ, ол Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның экономикалық форумы ретінде де шақырылады. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның Тұрақты кеңесі - ағымдағы саяси шешімдерді қабылдайтын негізгі жұмысшы орган. Мүше мемлекеттердің тұрақты өкілдерінен құралады. Оның апталық мәжілістері Венада өтеді. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым органы - Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық форумы шеңберінде қарулану мен қарусыздануға бақылау орнату, өзара сенім мен қауіпсіздікті нығайту жөнінде келіссөздер жүргізеді. Ұйымның лауазымды басшысы - бас хатшы, оны Министрлер Кеңесі 3 жыл мерзімге тағайындайды. Сондай-ақ, ұйымның құрамында Аз ұлттардың ісі жөніндегі 9 жоғарғы комиссар, Демократиялық институттар мен адам құқылары жөніндегі бюро және Парламенттік ассамблея бар.

1. 2. ЕҚЫҰ-дың Астана Саммиттіне дейінгі жоғарғы денгейдегі бас қосулары

Бүгінгі таңда кәрі құрлық пен Орталық Азия өңірлерінде пайда болған территориялық, аймақтық шиеленіс ошақтарының аумағы ке-ңіп, оның басқа өңірлерге тарамауына тосқауыл қойып, мәселені күш қолданусыз, үстел басында өткізілген бейбіт келіссөздер арқылы ше-шуде халықаралық ықпалды ұйым - ЕҚЫҰ-ның атқарар рөлі ұшан-теңіз.

Қазіргі күні бұл ұйымға ТМД елдерінің ішінде алғашқы болып Қазақстан төрағалық етіп отыр. Десе де, Қазақстанның төрағалығын жалпақ жұрт біліп болса да, осы ықпалды ұйымның қалай құрылғандығы жайлы қалың бұқара онша біле бермейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР мен ЕҚЫҰ-ның экономикалық және экологиялық саладағы ынтымақтастығы
Ұжымдық қауіпсіздік жүйесіндегі Қазақстан Республикасы мен еқыұ байланысы
Интеграция
ЕҚЫҰ және Қазақстан арасындағы қарым-қатынас
Қазақстан - халықаралық сахнадағы
Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы туралы
Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы арасындағы қатынастар
Қауіпсіздікті нығайтуға арналған ұйым
Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастық
Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz