Бастауыш сыныптағы қиын балалар психологиясы



Кіріспе ... ... ... ..3
І тарау. Қиын балалар психологиясы және оларды тәрбиелеу ерекшеліктері
1.1. Қиын балалардың психологиясы ... ... ... 6
1.2. Қиын балаларды тәрбиелеудегі ұстанымдар
ІІ тарау. Қиын балаларды қайта тәрбиелеуге арналған жаттығулары
2.1. Қиын оқушылармен және ата . аналармен өткізілетін жұмыс ерекшелігі ... ... ... ..21
2.2. Бастауыш мектепте қиын балалар мен атқарған жұмысының қортындысы ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ...31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
«Қиын» оқушыларды тәрбиелеу және оқыту қазіргі таңда психикалық қиындық проблема ретінде күн тәртібінде түспей отырғаны мәлім. Мұның өзі «қиын оқушылар» санының жылдан жылға өсіп отыруымен байланысты болып табылады. Бұл уақыттарда «қиын оқушыларға» көбінесе жас өспірімдер жатқызылса, бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының арасында да осы категорияға жататындар да аз емес. Сондықтан «қиын оқушыларды» ерте жастай басынан кезеңінен бастап қолға алып, олардың саналы білім мен сапалы тәрбие алуларына мүмкіндік жасалуы қажет. «Қиын оқушыларды» тәрбиелеу жүйесінде адамгершілік тәрбиесі аса маңызды орынға ие болады. Қазіргі кезде бастауыш сатыда оқушының жалпы және психологиялық дамуының жеткілікті деңгейіне қол жеткізу үшін ең алдымен бұрынғыша пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғаны тәрбиелеу мақсаты қойылып отырғаны белгілі болып отыр. Мектептегі шәкірттеріміздің бойында халқымыз ғасырлар бойы қастер тұтып келген ар-намыс, ождан имандылық, инабаттылық, мейрімділік, кіші пейілділік, ата-мекеніне, еліне сүйіспеншілік сияқты асыл қасиеттерді тәрбиелеу заман талабынан туындап отырған мәселе. Оқушылардың ішіндегі ерекше категория болып табылатын «қиын оқушыларға» адамгершілік тәрбие берудің формулаларын әдіс-тәсілдерін жетілдіру аса қажет, бұл міндеттерді жүзеге асырудың бастауыш буыннан басталатыны белгілі. Сондықтан мен зерттеу жұмысымның тақырыбын «Бастауыш сыныптағы қиын балалар психологиясы» длеп алдым.
1. Ахметжанова Н. Мінез-құлқы қиын балалар / Н. Ахметжанова //Ұлағат №1, 2001.
2. Ә. Алдамұратов және т.б. Жалпы психология. А.., 1996
3. Баженов В.Г., Баженова В.П.. Психолого-педагогическая диагностика и коррекция девиантного поведения школьников. - Тараз, 2003.
4. Бодалев А.А. Личность и общение: Избранные труды. – М.: Педагогика, 1983. 271б.
5. Веккер Л.М. Психика и реальность: единая теория психических процессов. – М.:Смысл. 1998. – 685 б.
6. Вилюнас В.К. Психологическмие механизмы мотивации человека.
7. Выготский Л.С. Собрание сочинений: В 6т. – М.:Педагогика, 1982-1984. – Т.2. – С.5-362. Т.З. – 328б. Т.5-С.34-48.153-168.
8. Гальперин П.Я. Введение в психологию. М., 1999. – 130 б.
9. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в психологию.-М.: Изд-во МГУ, 1996.
10. Джакупов С.М. Психологическая структура процесса обучения. – А.
11. Джакупов С.М. Психология познавательной деятельности. – Алма-Ата: Изд-во КазГУ, 1992. 1956.
12. Жарикбаев К.Б. История казахской психологии (на казахском языке). – Алматы:Изд-во «Казахстан». 1996.
13. Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы -2002.-250 бет
14. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. - Алматы, 1994.
15. Зейгарник Б.В. Теория личности в зарубежной психологии. – М.: Изд-во МГУ, 1982.- 128 б.
16. Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық.Алматы-2005.- 359 бет
17. Ильин Е. П. Психология индивидуальных различий / Е.П. Ильин. – СПб.: Питер, 2004. – 701 с.
18. Кон И.С. Социология личности. – М., 1993.
19. Кречмер Э. Строение тела и характер //Психология индивидуальных различий. Тексты. - М., 1982. - С. 219-247.
20. Нұсқабаев О. Мектеп – жас ұрпақты әлеуметтендіру институты. – Алматы: Қазақстан, 1997.
21. Рабочая книга школьного психолога/ Под ред. И.В. Дубровина. - СПб., 1998.
22. Раттер М. Помощь трудным детям. - М., 1987.
23. Степанов В.Г. Психология трудных школьников. -М,: Академия, 2004.
24. Степанов С.С. Психология трудных школьников: Учебное пособие. М., 1996.
25. Хухлаева О.В. Основы психологического консультирования и психологической коррекции. - М.: Издателский центр «Академия», 2001

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Педагогика және психология
кафедрасы

Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Қиын балалармен жұмыс жасау

Орындаған:
Тексерген: аға оқытушы

Орал - 2015ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І тарау. Қиын балалар психологиясы және оларды тәрбиелеу ерекшеліктері
1.1. Қиын балалардың
психологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 6
1.2. Қиын балаларды тәрбиелеудегі
ұстанымдар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..15
ІІ тарау. Қиын балаларды қайта тәрбиелеуге арналған жаттығулары
2.1. Қиын оқушылармен және ата – аналармен өткізілетін
жұмыс
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 21
2.2. Бастауыш мектепте қиын балалар мен атқарған
жұмысының
қортындысы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..34
Кіріспе
Қиын оқушыларды тәрбиелеу және оқыту қазіргі таңда психикалық
қиындық проблема ретінде күн тәртібінде түспей отырғаны мәлім. Мұның өзі
қиын оқушылар санының жылдан жылға өсіп отыруымен байланысты болып
табылады. Бұл уақыттарда қиын оқушыларға көбінесе жас өспірімдер
жатқызылса, бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының арасында да осы
категорияға жататындар да аз емес. Сондықтан қиын оқушыларды ерте жастай
басынан кезеңінен бастап қолға алып, олардың саналы білім мен сапалы тәрбие
алуларына мүмкіндік жасалуы қажет. Қиын оқушыларды тәрбиелеу жүйесінде
адамгершілік тәрбиесі аса маңызды орынға ие болады. Қазіргі кезде бастауыш
сатыда оқушының жалпы және психологиялық дамуының жеткілікті деңгейіне қол
жеткізу үшін ең алдымен бұрынғыша пәндік білім, біліктердің белгілі бір
жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас
тұлғаны тәрбиелеу мақсаты қойылып отырғаны белгілі болып отыр. Мектептегі
шәкірттеріміздің бойында халқымыз ғасырлар бойы қастер тұтып келген ар-
намыс, ождан имандылық, инабаттылық, мейрімділік, кіші пейілділік, ата-
мекеніне, еліне сүйіспеншілік сияқты асыл қасиеттерді тәрбиелеу заман
талабынан туындап отырған мәселе. Оқушылардың ішіндегі ерекше категория
болып табылатын қиын оқушыларға адамгершілік тәрбие берудің формулаларын
әдіс-тәсілдерін жетілдіру аса қажет, бұл міндеттерді жүзеге асырудың
бастауыш буыннан басталатыны белгілі. Сондықтан мен зерттеу жұмысымның
тақырыбын Бастауыш сыныптағы қиын балалар психологиясы длеп алдым.
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі кездегі педагогикалық өзекті және
күрделі мәселелердің бірі – қиын балалар мәселесі. Соңғы уақыттағы
статистика мәліметтеріне сүйенсек, оқушылар арасындағы нашақорлық,
алкогольді пайдалану, адам өлтіру, ұрлық сияқты жағымсыз іс-әрекеттері
жылдан-жылға күрт өсуде. Осыған байланысты коғамдық ақпарат құралдарында
мақалалар жазылып, педагогикалық ғылыми-зерттеулер жүргізіліп жатсада,
қиын бала мәселесі әліде күн тәртібінен түспей келеді Қиын оқушыларда
адамгершілік қатынасты қалыптастыру бағытында ұйымдастырылатын тәрбиелік
істерге адам санасының адамдық мәдениетінің бір бөлігі мораль туралы
түсінікті қалыптастыру соның негізінде оқушыларда адамгершілік ой пікірлер
мен сенімдерді тәрбиелеу жатады. Осы бағытта этнопедагогикалық құралдарын
пайдалану арқылы қиын оқушылармен ұйымдастырылатын жұмыс жоспарын білуге
болады. Тәрбиелік істерді ұйымдастыруға қойылатын педагогикалық талаптар:
қиын оқушыларға адамгершілік тәрбие беруде этнопедагогика құндылықтарының
алатын орны және атқаратын рөлін сапалы олардың білімділік дамытушылық және
танымдық мүмкіндіктерін жүзеге асыру, тәрбиелік іс-әрекетте қолдану аясын
көрсету.
Зерттеу объектісі: бастауыш сыныптағы қиын балалар.
Зерттеу пәні: бастауыш сыныптағы қиын балалар психологиясы.
Зерттеу мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының арасындағы қиын
балалардың психологиясын зерттеу, қиын балалалармен жұмыстар, тесттер,
түрлі ойындар мен тренингтер өткізу әдістемелерімен танысу.
Зерттеу міндеттері:
- қиын бала ұғымын, факторларын, бұзылу себептерін және жағымсыз
әдеттерінің пайда болуы жөніндегі ғылыми әдебиеттерді талдау;
- бастауыш сыныпта кездесетін қиын балалармен қайта тәрбиелеу
жұмысын жүргізудің әлеуметтік-психологиялық әдістерін және механизмдерін
зерттеу.
- бастауыш мектептегі педагогтың тәжірибелік іс-әрекетінде қолданбалы
модель жобасын өңдеу және оған әдістемелік нұсқауларды беру.
- мектептегі қиын балалармен педагогикалық-психологиялық жұмыс істеу
технологиясының негіздерін дәлелдеу, талдау.
- қиын балалалрға арналған жаттығулар өткізу әдістері;
- ғалымдардың қиын балалар психолгиясын зерттеген еңбектері туралы
мағлұмат беру.
Зерттеу болжамы: Егер, бастауыш сыныпта қиын оқушыларды
адамгершілікке тәрбиелеу ең алдымен оқыту процесінде жүргізілсе, баланың
адамгершілік қасиеті сабақ үстінде, мұғаліммен және құрбы-құрдастарымен
ұдайы қарым-қатынасында қалыптасады. Психологтар мен оқытушылар қиын
балаларды оқытып-тәрбиелеу барысында дұрыс жұмыстанса, сабақтан көп қалу,
тәртібі нашарлануы, білім деңгейінің төмендеуі, құрбыларымен тіл табыса
алмауын, ашуланшақ, бұзақылықтар жасау т.б. мәселелер жойылады деген болжам
бар. Ғылым педагогикалық, психологиялық фольклорлық құндылықтардың алатын
орнымен озат мұғалімдердің іс-тәжірибесін жинақтау, талдау ауыз әдебиетімен
оқып үйрену, баланың адамгершілік саналарының қалыптасуына ықылас
жасайтынын көруге мүмкіндік береді.
Зерттеу әдістері: педегогикалық, психологиялық, этно-
педагогикалық, тарихи - этнографиялық, фольклорлық, бастауыш
әдістемелік, әдеби, әлеуметтік әдебиеттерге тақырып бойынша теориялық
талдау жасау; бастауыш педагогикасы мен әдістемесі, бастауыш сынып
мұғалімдерінің инновациялық жұмыстарына талдау; педагогикалық
тәжірибелерді жинақтап қорыту.
Зерттеу нысаны. Бастауыш сынып тағы қиын балалар психологиясын зерттеу
және қиын балалармен жұмыстану ерекшеліктер. Отбасында және мектепте бала
тәрбиесін нәтижелі қарастыру.
Тәжірибелік пайдасы: эксперименттік – тәжірибе жұмысының нәтижелерін
ата–аналардың педагогикалық сауатын ашуда, жетекшілердің ата–аналармен
жұмысында, педагог–психологтардың практикалық іс – шараларында қолдануға
болады.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, теориялық және
практикалық бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
және қосымшадан тұрады.
І тарау. Қиын балалар психологиясы және оларды тәрбиелеу ерекшеліктері
1.1. Қиын балалардың психологиясы
Қиын балалардың психологиялық ерекшеліктерін теориялық тұрғыда Л.С.
Выготский еңбектерінде талқыланды, сондай-ақ А.С. Макаренко тәжірибелерінен
де үлкен орын алды.
Бірқатар қазақстандық педагог зерттеушілер В.Г. Баженов, А. Жұмабаев,
К.А. Жүкенова, А.М. Карабаева, И.Ф. Назаров, В.А. Парфенов, В.А. Трифонов,
В.П. Шевченко, Л.В. Лысенко, Л.К. Керимов және т.б еңбектерінде қиын
балалардың қиқарлық сияқты жағымсыз қасиеттерінің қалыптасуына әлеуметтік-
педагогикалық факторлардың әсер ететіндігін зерттеді. Бастауыш мектеп
оқушылары мен жасөспірімдердің асоциальды мінез-құлықтарын, спорт, өзіндік
және жеке жұмыстарды ұйымдастыру, мектепке деген ықпалды күшейту,
отбасындағы белсенділікті арттыру, ұжымдағы әрекеттерге балаларды қатыстыру
арқылы жеңудің әртүрлі жолдарын көрсетті. [ 3.23]
Бізге белгілі деректерге қарағанда мектептегіқиын балалардың
салдарынан қылмыс жасау фактілері, темекі шегу, алькаголдік ішімдіктерді
пайдалану, сонымен қатар нашақорлық бұрынғыға қарағанда біршама көбейген.
Ал бала мұндай әрекеттерге мұғалім мен ата-ана бақылауынан шет қалған кезде
баратыны белгілі. Алдымен бала тәрбиесіндегі ата –ананың рөліне келсек көз
алдымызға көптеген міндеттермен жауапкершіліктер келетіні анық. Өйткені
бала тәрбиесімен бірге ата-ана балаларының дүние тамақтануы мен бүтін өз
замандастарынан кейін қалдырмауға т.б. осы сияқты мәселелерге тікелей
жауапты. Баланың тәрбиелі білімді болып өсуіне де ата-ананың қосар үлесі
орасан. Ата –аналарынан мектеп қабырғасында жылылық сезінбеген жас өспірім
өмірде мен ешкімге қажетсізбін,- деп санап уайымға жиі саналады. Осындай
іс-әрекеттің салдарынан мінез құлқы күрт өзгере бастайды. Бұл құбылыс
кәзіргі таңда қала балаларында көптеп кездесіп жүр. Ата-аналар жас
өспірімдердің мінезіндегі ауытқуларға назар аудару олардың психикалық әр-
түрлі ауыр жағдайларға шалдығуына себепші болып отыр. Сондықтан да бастауыш
сынып оқушысының арасында мінез құлқында қиындықтары бар оқушылар бүгіндері
көптеп кездесіп жүр. Мектеп те мұндай оқушыларды мінез – құлқында
ауытқулары бар оқушылар қиын тәрбиеленуші қиын балалар деп әр түрлі атпен
атайды.[4]
Педагог – ғылымдар қиын балалар мәселерін жан-жақты зерттеуде. Бұл
мәселемен 20-30 жылдары еліміздің аса көрнекті педагогтары мен психолгтары
А.Макаренко, Шацкий, Выготский, Блонский шұғылданды. Ол елуінші жылдарға
дейін обьективті жағдайларға байланысты тоқырап қалды да, тек сол жылдардан
кейін қиын балалар мәселелерімен шұғылданушылардың жемісті ғылыми
еңбектері шыға бастады. Зерттеу жұмыстарының дәлелденуіне қарағанда қиын
балардың шығуына бірнеше себептер болады. Отбасы тәрбиесінің дұрыс
ұйымдастырылмауы, ата ананың болмауы, дұрыс талап қоймаушылық жағдайлар
себеп болады. Қиын балалардың тәртіптерінің нашарлауының тағы бір себебі
жұртшылықтың, қоғамдық ортаның тәрбие процестеріне толық көңіл бөлмеуінен.
Балалардың тәртіптерінің төмендеуі мен нашарлауы 3 топқа бөлінеді. І-топқа
күнделікті мектеп режимін бұзатын, оқығысы келмейтін, кішігірім ұрлық
жасап, анда-санда темекі тартып шаршап ішетін оқушылар жатса, ІІ- ші топқа
осындай кемшіліктермен қатар қоғамдық орындарда бұзақылық жасап, үлкендерді
сыйламайтын оқушылар жатқызылады. ІІІ-ші топқа денсаулығы нашар, ақыл-ойы
өз жасына сәйкес дамымаған, нерв жүйесі әр-түрлі ауруларға ұшыраған
жасөспірімдер жатады. Осылардың барлығы қазақ тілінде шыққан педагогикалық
әдебиеттерде қиынбалалар деп аталады. Ал, негізінде, І-топтағы оқушыларды
тәртібі төмендеген оқушылар, ал ІІ-ші топтағы оқушыларды тәртібі нашар
оқушылар деп атап, 3ші топтағы оқушыларды тәрбиеленуі қиын оқушылар деп
атаған орынды. Біздер осы оқушылардың бәрін де бір топқа жатқызып
қателесудеміз. Себебі І-ші және ІІ- ші топтағы оқушыларды ғылыми негізде
ұйымдастырылған оқу-тәрбие процесінде 1-2 жылда қайтадан тәрбиелеуге болса,
ІІІ-топтағы оқушылардың сырқаты болғандықтан ұзақ тәрбие жұмыстарын
жүргізіп, қажет болғанда емдеу әдіс ұйымдастырылады.Сондықтанда
зерттеушілер осы топтағы оқушыларды ғана тәрбиеленуі қиын оқушылар деп
аталынуы керек деп кеңес береді.
Табиғат пен қоғам құбылыстарына қиындық тұрғысынан қарау адам өмірінің
негізі болып табылады. Қиындық қатынас адам мен қоғам өмірінде жалпы ортақ
және мәңгілік фактор болып табылады. Ғылыми әдебиеттерде құндылық
түсінігіне әр-түрлі анықтамалар берілді. Филологиялық тұрғыдан алсақ,
құндылықтар адам үшін пайдалы, яғни адамзат қоғамының іргелі даму мен
адамның жеке тұлғасын жетілдіруге тиімді ықпал ететіндердің барлығы болып
табылады.[6]
Адамгершіліктің өрісі кең, бұл қасиет әр адамның еңбекке қоғам
өмірінде, тұрмыста көпшілік орында өзін ұстауынан басқалармен қарым-
қатынасынан, жүріс – тұрысынан, қимылынан байқалады. Адамгершілігі мол адам
бақытты, ел жұртына қадірлі, қоғамға да пайда келтіреді. Яғни
маңайындағыларға үлгі-өнеге бола алады. Сондықтан қиын оқушыларды жас
кезінен адамгершілік қасиеттерге баулу олардың келешекте азамат болып
қалыптасуына кепілдік береді.
Адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері: а) адамгершілік
сананы қалыптастыру; ә) адамгершілік сезімдерді тәрбиелеу және дамыту; б)
адамгершілік мінез құлық біліктілігі мен әдеттерін қалыптастыру.
Бастауыш сыныпта қиын оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу ең
алдымен оқыту процесінде жүргізіледі. Баланың адамгершілік қасиеті сабақ
үстінде, мұғаліммен және құрбы-құрдастарымен ұдайы қарым-қатынасында
қалыптасады. Халық адамгершілік қасиеттеріді жоғары бағалаған. Жігіттің
құны жүз жылқы, ары мың жылқы,- іспеттес мақал -мәтелдер соның айқыны.
Мектепте жұмыс істейтін педагогтар, тәрбиешілер балаларды оқытып-
тәрбиелеу барысында, сабақтан көп қалатын, тәртібі нашар, білім деңгейі
төмен, құрбыларымен тіл табыса алмайтын, ашуланшақ, бұзақылықтар жасайтын
балаларды жиі кездестіреді. Психолог мамандар мұндай оқушыларды Қиын
балалар, Мінез-құлқында ауытқуы бар оқушылар, Қиын тәрбиеленуші
қатарына жатқызады.
Қиын бала деген кім? Қиын баланың пайда болуына не немесе кім ықпал
етеді? деген сұрақтар амалсыздан туындайды.
Қиын балалар және мінез-құлықтағы қиындық ұғымы 1920-30 жылдары П.П.
Блонскийдің еңбектерінде пайда бола бастады. Оның зерттеулерінде қиын
балалардың мінез-құлық тарихын мектеп, отбасы арқылы ашып көрсетеді. Ол
қиын балаларға мұғалімнің қатынасы арқылы қиын оқушы терминін нақтылауды
жөн көреді. Бұл балаларға былайша мінездеме береді: обьективті көзқараспен
қарағанда қиын оқушы –мынадай, ол мұғалімнің жұмысының жемісті еместігіне
байланысты. Субьективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы – мынадай, онымен
мұғалімге жұмыс істеу өте қиын, мұғалімнен көп жұмыс істеуді талап ететін
оқушы. Істі бүлдіруші оқушыларға толыққанды мінездеме бере отырып, П.П.
Блонский өз жұмыстарында мектепті, сыныпты ұйымдастыруға баса көңіл бөледі.
Блонскийдің пікірі бойынша қайта тәрбиелеудің нағыз тура жолы, тәртіп
бұзушыларды мәдениетсіз ортадан мәдениетті балалар ұжымына біртіндеп әкелу
болып табылады. Қиын бала мәселесі бойынша ең алғаш зерттеу жүргізген П.П.
Бельский кәмелетке жасы толмаған мінез-құлқындағы қиындығы бар балалардың
ішкі дүниесін қарастырды. В.В. Трифонов зерттеулерінде қиын оқушы
анықтамасы – бұл күнделікті педагогикалық әсерге көне бермейтін, өзіне
үнемі қосымша уақыт бөліп қарауды, мұғалімнің ерік-жігерін, күшін, қажырлы
педагогикалық еңбегін қажетсінетін оқушы. Г.А. Фортунатовтың зерттеулерінде
қиын балаларға үлгермеушілер мен тәрбие ықпалына көнбейтін балаларды
және психикалық бұзылудан жапа шеккендерді жатқызады. Қазіргі кезде
психологияда қиын бала түсінігінің бірыңғай анықтамасы жоқ. Бұл шексіз
ұғым, ол жеке адамның өзгеру құбылысын жинақтаушы. Осы категориядағы
балалардың жалпы адамдық және өзге ешкімде қайталанбайтын қасиеттері,
әлеуметтік және биологиялық факторлардың ықпалымен қамтамасыз етіледі. [
5.19]
Ағылшын психологы Хевитта және Дженкинс қиын балаларды екі үлкен
категорияға бөлген :
1. Әлеуметтік формадағы антиқоғамдық мінез-құлқы тән балалар.
2. Әлеуметтік емес антиқоғамдық агрессивті мінез-құлықты балалар. Бұл
балалардың жанұясымен, қатарластарымен қарым-қатынасы жаман, эмоциялары
бұзылған, агрессивті, қатыгез әрі кекшіл балалар.
Ғалымдардың бірқатары қиын балалардың пайда болуын өмірдің қолайсыз
және әлеуметтік-биологиялық факторлармен байланыстырды.
Ал И.А. Невский қиын баланың пайда болуы отбасындағы, мектептегі
жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының жеткіліксіздігінен деп түсіндірді.
Яғни, ата-ана тарапынан, мектеп қабырғасынан жылулық сезінбеген,
мейірімділік көрмеген оқушы өмірде өзінің ешкімге қажетсізбін деп есептеп,
ашуланшақ, агрессивті, қатыгез болып өседі. Қиын оқушының пайда болу
себептерін анықтағанда, біріншіден отбасындағы тәрбиеге, ал екіншіден
мектептегі оқу-тәрбие мәселесіне аса көңіл бөлеміз. Өйткені, көптеген
психолог ғалымдардың зерттеулеріне жүгінетін болсақ, оқушылардың мінез-
құлқындағы қиындықтардың пайда болу себептерін отбасындағы дұрыс тәрбие
бермеудің салдарынан болатындығын анықтады:
1) отбасының әлеуметтік және экономикалық жағдайы;
2) ата-ананың баласына немқұрайлы қарауы;
3) қараусыз қалған бала немесе шектен тыс қамқорлық.
Қазіргі кездегі жас ата-аналар өсіп келе жатқан баласын аса тым
еркелетіп өсіріп жатыр десек те қателеспейтін шығармыз. Аса тым артық
мадақтау мен шектен тыс мәпелеуде өскен бала ешқандай күш жұмсамайақ көзге
түскісі келеді, егер мұғалім ескерту айтатын жағдайда жылай салатын әлсіз,
өздігінен еш нәрсеге қол жеткізе алмайтын, ерке болып, өзбеттілігі
қалыптаспаған бала болып өседі. Сонымен бірге Үйлену оңай, отбасын құру
қиын деп ата-бабамыз айтқандай қазіргі жастарымыздың отбасылық өмірге
дайын еместігінен, немқұрайлы қарағандықтан қара көзді балалар толық емес
отбасында немесе жетім балалар үйінде тәрбиеленіп жатыр. Не анасының
жылылығын, не әкесінің мейірімділігін, тәрбиесін көрмей өскен баланың
психикасы жарақатталып, қиын балалар санының қатарына қосылады.
Сондықтан Қиын бала қайдан пайда болды? - деген сұраққа жауап бермес
бұрын, отбасымыздағы ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынасты, ата-ана
мен бала арасындағы қарым-қатынасты ретке келтіріп алғанымыз дұрыс сияқты.
Алайда, бұрынғы ата-бабамыз мұра қылып қалдырып кеткен отбасындағы баланы
тәрбиелеу стильдерін қайта жаңғыртатын болсақ та қателеспеген болар едік.
Бұл қоғамдағы, отбасындағы көптеген мәселелердің шешілуін біраз
жеңілдететіні сөзсіз деп ойлаймыз. [7]
Сонымен балалардың мінез-құлқындағы қиындықтардың пайда болу себебі,
біріншіден, отбасы тәрбиесі десек, екіншіден, мектептегі оқу-тәрбие
жұмысындағы кемшіліктермен сипатталады.
Бала мектепке келген кезден бастап оқушы - мұғалім және оқушы-оқушы
арасында қарым-қатынас қалыптаса бастайды. Бұндай қарым-қатынасты орындау
оқушыға бастапқыда қиын соғады. Жалпы мектептегі мұғалімнің барлық
балаларға қойылатын талаптары да көзқарастары да бірдей болуы керек.
Дегенмен де кейбір мұғалімдердің өзінің сүйіктілері және сүйікті емес
оқушылары да (гадкий утенок) болады. Бұл мұғалімнің оқушылармен қарым-
қатынас орнатуын аса қиындатады. Өйткен мұғалім өзінің сүйіктілеріне жақсы
баға қойып, қолдап отырады, ал қалған балалар қаншама тырысқанмен шет жақта
қалып Мен қанша тырысып айтқанмен де төмен баға қояды деген пікірлер
қалыптасып, оқушылардың оқу мотивациясының төмендеуіне әкеледі.
Д.Б. Элькониннің айтуынша, баланың дамуы кезінде оқу процесінің алатын
орны ерекше. Бала мектепке келгенде оның ойында оқуға деген қызығушылық әлі
толық қалыптаспаған, тек оқу барысында мұғалімнің ықпалымен қызығушылғы
біртіндеп қалыптасады деген.
Белгілі ғалым Л.С. Выготский былай деп жазған: Қызығушылық-бала
қылығын итермелеуші күш. Баланың іс-әрекеті оның органикалық қажеттілігімен
сәйкестілігін көрсететін инстинктивті ұмтылыс. Тұлғаны қандай да бір іс-
әрекетке шақырғыңыз келсе, ең алдымен оның қызығушылығын тудыру қажет. Оның
сол іс-әрекетке дайын екеніне және оны орындауға барлық күшін
бағыттайтынына көз жеткізуге керек. Сонда ғана тұлғаның іс-әрекетті өз
бетінше істей алады, ал мұғалім тек қана оның іс-әрекетін басқарып және
бағдарлап отырады. [ 2.169]
Ал, мұғалімге психологиялық білім өзіне-өзі белгілі талап қоя білу
үшін де және оқушыларға білу, білім беру және тәрбиелеу үшін де қажетті
өзіндегі жеке адамдық қасиеттерді дамытуға да керек.
Ал оқушының оқуға қызығушылығын тудыру мұғалімнің педагогикалық
шеберлігі мен қабілетіне байланысты болады. Бұл негіз ең біріншіден
педагогтың жеке қасиетіне, қабілетіне, оқушымен қарым-қатынасына, олардың
әрекеттерін дұрыс ұйымдастыруына қарай құрылады.
Бала білімінің бастапқы іргетасы бастауышта қаланатыны бәрімізге
белгілі. Бастауыш сыныпта сабақтың бір элементтерін түсінбеуі оқуда қиындық
тудырады, ал оқу бағдарламасы сыныптан сыныпқа ауысқан сайын күрделене
береді, бұл баланың оқу үлгерімі нашарлап, сабақтан қашу, сабаққа келмеу
және т.б. әрекеттері арқылы көріне бастайды.
Г.М. Минковский, Л.М. Зюбин, Д.В. Колесов, В.Н. Кудрявцев
зерттеулерінде қиын балалардың басым көпшілігі - мектептегі оқуда
қиындықтарға кезігіп, оқу бағдарламасын дұрыс меңгере алмай, ұжымнан
тысқары қалып қалған балалар, -деп атап көрсетті.
Белгілі ғалымдар Б.Г. Ананьев, Л.И. Божович зерттеулерінде мұғалім мен
бала арасындағы қарым-қатынас, баланың ата-анасына және құрбыларына қарым-
қатынасын анықтап, эксперименттік түрде зерттеп көрсеткен. Жалпы
ғалымдардың зерттеулеріне сүйенетін болсақ, бала мінез-құлқының қиындығы 4-
5 сыныптарда әсіресе ұл балаларда басымырақ байқалады деген.
Мінез-құлқында қиыншылығы бар оқушыларды әдетте екі топқа бөліп
қарастырады:
1. Тән кемтарлығы және жан жарақаты бар оқушылар;
2. Отбасында, мектепте тәрбиелеуден шет қалған, жеке басын
қалыптастыруда сыртқы кері факторлардың, әлеуметтік жағдайдың әсері болған
және өтпелі кезеңнің күрделілігінен мінезі дұрыс қалыптаспаған оқушылар.
Қазіргі кезде мектепте бала өрескел қылық жасаса, тәртіпсіздік
көрсетсе кінәні ата-аналар мұғалімдер не тәрбиешінің тәрбиесі деп санайды.
Тәрбиенің түп негізі бала дүниеге шыр етіп келегеннен кейін басталады.
Баланы материалдық жағынан қамтамасыз етеміз деп ата-аналар күні бойы
маңдай терін төгіп, жұмыс істеп, балаларының ешкімнен кем болмағанын
қалайды. Алайда, қараусыз қалған балалардың елігуі тез және жаман
қылықтарға да бейім келеді. Ал баласының бос уақытында не істеп жүргенін,
қайда барып, немен шұғылданып жүргенін білмейтін ата-аналардың көптігі
қаншама. Сонымен бірге, өсіп келе жатқан жас ұрпақ сыпайылық, мейірімділік
танытпай қатігездігі байқалып жатса Мынау менің балам ба, бұл қылықты мен
үйреткен емеспін деп таң қаламыз. Не ексең, соны орасың деп ата-бабамыз
тегін айтпаған, балаға материалдық қажеттіліктен гөрі рухани қажеттілік аса
қажет деп ойлаймыз.
Қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты, балаларды заманымызға
сай етіп оқытып-тәрбиелеу үшін педагогтарға кәсіби және жеке тұлғасына
талаптар қойылады (жоғары білімді, іздемпаз, жаңашыл, креативті және т.б.
Педагогтың жұмысы табысты болуы үшін әрбір баланың психологиясын жақсы
білуі тиіс. Егер де бала мұғалімнің тілін алмай жатса, бұл қиын бала деген
жаңсақ пікір қалыптасып, психологтың кабинетіне баруды нұсқайды. Бірақта
бұл жағдайда бала мүлдем қиын бала емес шығар, мәселенің түп тамыры
педагогтың өзінің жеке басына қатысты болуы мүмкін, яғни, педагогтың
оқушылардың психологиясы туралы ақпараттардың таяздығынан оқушылармен жұмыс
істеуде біршама қиындықтарға кезігеді.
Сондықтан да, кез келген педагог Қиын бала кім?, Қандай балаларды
қиын балаларға жатқызуға болады?, Қиын балалармен атқарылатын жұмыс
түрлері және жалпы қиын балалар туралы ақрпараттарды білуге міндетті[
3.23].
Ол үшін педагог психологпен бірлескен іс-әрекетте жұмыстар атқарып,
педагогтың психологиялық білімін жетілдіруі тиіс. Жоғарыда ғалымдардың
зерттеулерінде айтылып кеткендей, қиын баланың пайда болуын отбасы және
мектеп тәрбиесімен байланыстырады. Сондықтан қоғам, мектеп және отбасы
үйлесіп, бірігіп жұмыс істегенде ғана жұмысымыз тиімді болатынына еш
күмәнім жоқ.
1.2. Қиын балаларды тәрбиелеудегі ұстанымдар

Қиын балалардың отбасындағы беріктігі және өнегелі отбасында өнегелі
ұрпақ тәрбиеленетіні сөзсіз. Қиындықты шешудің негізгі жолы-отбасында қарым-
қатынастарды орнату.
В.Сухомлинский тәрбиені отбасы жағдайын зерттеуден бастайды. Ол
баланың сабақ үлгерімінің жақсаруымен қоса денсаулығының мықты болуына ,ой-
өрісінің кеңеюіне көңіл бөлді және балалардың 3-4 сыныптарға деиін
бірқалыпты ,тәртіпті болып келіп, 4-сыныптан кейін бастайтындығын
түсіндірді. Ересек кезең – бала тәрбиелеудегі ең қиын кезең екендігін айта
келіп, ата-аналарды балалармен сырласуға шақырады. [ 14.269]
Отбасының қоғам мен мемлекет, тіпті күллі адамзат алдындағы атқаратын
қажеті сан қырлы . Отан отбасынан басталады десек, адам тәрбиесі –Отанды
сүю, өмірге құштарлық , сұлулықты тану бала бала кезден жанұяда
басталатыны баршаға аян.
Ғалымдардың зерттеу жұмыстарының дәлелдеуінше, қиын балалардың пайда
болуына үш фактор себеп болады:
1) отбасы тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы, яғни тұрмыстағы ұрыс-
талас, дау-жанжал баланың психологиялық ерекшеліктерін ескермеу,
маскүнемдік, ата-ананың біреуінің болмауы т.б. жағдайлар себепші болған;
2) мектептегі оқу – тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда кеткен
кемшіліктер, яғни жекелеген оқушылардың мінез-құлық ерекшеліктерін, ынта-
ықыласын, қызығушылығы мен талап-тілегін ескермеу мүмкіндік берген;
3) жұртшылықтың тәрбие процесіне толық көңіл аудармауынан, яғни
балалардың тұратын ықшамаудандарында әр түрлі үйірме жұмыстары мен спорт
секцияларына тиянақты тартылмауы, бос уақыттарын дұрыс ұйымдастырылмау
салдары да негіз болған.А.С. Макаренко: Тәрбие –баламен сөйлесумен, оған
ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді.Тәрбие-тұрмысты дұрыс ұйымдастыра
білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі -өнеге көрсетуінде,-деген
ғой.Баланы жас кезінен бастап сыйлап,қадір-қасиетін ,ар-намысын бағалап,
дұрыс сөйлеп, дұрыс қарым-қатынас жасаған абзал.
Баланың айтайын деген өтінішін ,ақылдасқысы келген мәселесін ата-анасы
тыңдап, ақыл-кеңес беруі керек.
Ата-ана отбасындағы үлкендерді сыйлап, құрметтесе ,кішілерге қамқор
болса, бала да сондай болуға ұмтылады.Баланың тәрбиелі болып өсуіне
берекелі отбасының әсері мол екені белгілі.
Л. Керімов қиын балалар тәрбиесі мәселесіне арналған зерттеулерінеде
қиын оқушыны зерттеуді, ең алдымен ,отбасынлағы тәрбие жағдайын білуден
бастауды ұсынады.Баланың жетіліп қалыптасуында отбасының орны ерекше екенін
түсіндіре келе, оұушыға қиын атануға алып келетін ата-аналардың балалармен
,мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасындағы бірнеше кемшіліктерді көрсетіп
берген.Бұл қиындықты шешудің негізгі бірден-бір жолы-отбасындағы ізгілікті
қарым-қатынастарды орнату .
Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін отбасы қоғаммен тығыз байланыста болуы
керек.Ғалым-педагог И.Гребенников отбасы қызметін 5 топқа
бөледі:ұрпақжалғастырушылық,экономи калық,тәрбиелік,қарым-қатынастық және
бос уақытты демалуды ұйымдастыру.
Демек,отбасында ата-ана осы қасиеттерді барынша бірігіп,жақсы
ұйымдастыра білсе және педагогикалық жағынанбілімлі ,психалогигалық әдіс-
тәсілден хабардар болса,отбасындағы ахуал ерекше болмақ.
М.Жұмабаев Педагогика ғылыми еңбегінде жас бала –жас бір шыбық, жас
кезінде қай түрде иіп тастасаң,есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ
деп түйін жасайды.
Оқушының жан-жақты тәлім-тәрбие алуға ,олардың ішкі қасиеттерін
анықтап, дарынын шыңдап,сол арқылы өздері көздеген тәрбие бұлағына жағдай
жасауымыз қажет.
Оқу-санқырлы рухани өмірдің тек бір ғана құрамды бөлігі.Егер ұжым
ішінде идеялық,азаматтық, интеллектуалдық, еңбектік,эстетикалық қарым-
қатынастар болған жағдайда оқушылартолық мәнді рухани өмір сүре алады.
Тәрбие күшіне ену дегеніміз- өз жұмысына ,ісіне сену.Себебі,нағыз
сенім бар жерде ғана,нағыз талашылдық ,еңбек тәртібі болады.
Қазіргі жас ұрпақтардың –болашақтағы еліміздің ертеңі болып табылатын
балалардың сана-сезімін,мінез-құлығын,ақыл-ойы н дамыту үшін өзін-өзі
басұаруды нығайтып,ұжымдық шығармашылық істерге дағдыландырудың тәлім-
тәрбиелік маңызы үлкен.
Мектепте оқудан тыс уақытта оқушының таңдауына сәйкес келетін,олардың
қабілеті мен ішкі қажеттілігін қамтамасыз ететін іс-әрекеттерді ұйымдастыру
көзделеді.Соған сай олардың қабілетін ашуға мүмкіндік туғызатын спорт,дене
еңбегі,қолөнер,техникалық шығармашылық,т.б.іс-әракетті үйрету үйірмелері
мен секцияларұйымдастырылады.Әр оқушы кез-келген үйірмеге ,секцияға,клубқа
өз жүрегінің қалауымен қатынасып, өзінің жеке басына тән қасиетін,яғни
өзіндік менгің басқаларға танытуға мүмкіндік алады.[8]
Әсіресе,ұстазбен оқушының өзара түсіністігі ,оқушыға сенім көрсету, іс-
әрекетке ерік беру,көтермелеу,адамгершілік қасиеттерін танытуда, өзін-өзі
тануға,өзін-өзінтәрбиелеуге жағдай туғызу.
Ең бастысы,тәрбие ісінің нәтижесін бағалап,оны іске асырудың сұрақ-
жауап, дәстүрлі бағалау,ұстазбеноқушының пікірлесуі арқылы іске асыру.
Қиын оқушылардың пайда болуына себепті факторлар. Отбасы тәрбиесінің
дұрыс ұйымдастырылмауы, яғни тұрмыстағы ұрыс – талас, даужанжал, баланың
табиғи психологиялық ерекшеліктерін ескермеу, ата – ананың біреуінің
болмауы, т. б. жағдайлар себепті болады.
Қоғамдық ұйымдар мен жұртшылықпен жүргізілетін жұмыстың әсіресе,
оқушылар тұратын микроаудандарда күрт төмендееуі. Қиын балалардың пайда
болуына бірден – бір себепті болатын және жағымсыз жағдай туғызатын –
отбасы тәрбиесі. Оның басшылары: баланың күнделікті жүріс – тұрыстарын
қадағаламау; оның көзінше арақ – шарап ішу, дау – жанжал, ұрыс – керіс
туғызу. Екіншіден, тәрбиенің көзі, баланыкиіндіру, тамақтандыру, мұң –
мұқтаждын қамтамасыз етуідеп санаушылық.
Жастайынан еңбектену әдет – дағдыларынқалыптастырмау, баланың жан
дүниесіне көңіл аудармау, отбасындағы ажырау және жаңа адамның отбасы
мүшесі болып етуіне себеп болады. Мысалы: зерттеулердің қорытындысы
дәлелденгендей тәртібі нашарлаған оқушылардың көбі ата аналардың моральға
жат қылықтарымен өз балаларына теріс әсерлер жасаған. Баланың тәрбиесіне
кері әсер ететін келеңсіз жағдайларда (ұрыс – керіс, дау – жанжал), бірін –
бірі сыйлау сияқты қасиеттердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке бейімделмеудің психологиялық мінездемесі
Оқушылардың жеке ерекшеліктері
Оқушыларды зейінділікке баулудағы ұстаз әрекеті және зейіннің бала өмірінде алатын орны
Психологияның даму кезеңдері
Баланы мектепке психологиялық даярлаудың педогогикалық- психологиялық негіздемесі
ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ПСИХОЛОГИЯСЫ пәні бойынша
Мектеп жасына дейінгі балалар және бастауыш мектеп оқушылары
МЕКТЕП ПСИХОЛОГЫНЫҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН ЖҮРГІЗЕТІН ЖҰМЫСТАРЫ
Бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделу жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас дағдыларын дамыту арқылы балалар ұжымын қалыптастыру
Пәндер