Құқық бұзушылық түсінігі, түрлері
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ...3
1 Құқық бұзушылықтың қоғамдағы орны
1.1 Құқықбұзушылықтың түсінігі ... ...5
1.2 Құқықбұзушылықтың белгілері ... ..7
1.3 Құқықбұзушылықтың түрлері ... ... .12
2 Құқықбұзушылықтың құрылымы
2.1 Құқықбұзушылықтың объектісі ... ... ... ... .17
2.2 Құқықбұзушылықтың субъектісі ... ... ... ..19
2.3 Құқықбұзушылықтың объективті жағы ... ...22
2.4 Құқықбұзушылықтың субъективті жағы ... ..23
Қорытынды ... ... ... ... 24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Құқық бұзушылықтың қоғамға зияндылығы, оның қашанда адам қоғамының құндылығы, жеке және мүддеге нұқсан келтіруінен көрінеді. Яғни, қоғамның маңызды құндылықтары, оның өмір сүру жағдайына қауіп төндіреді. Құқық бұзушылықтың қоғамға қауіптілігінің деңгейі түрлі дәрежеде болуы мүмкін. Мәселен, адамның өміріне қастандық жасау — өте қауіпті қылмыс. Ал біреудің үйіне түсіп, мүлкін ұрлау оған қарағанда жеңілірек дәрежеленеді. Дегенмен, осы екі әрекет те қоғам үшін өте қауіпті болып табылады. Құқық бұзушылықтың қоғамға зияндылығы қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын бұзып, маңызды қоғамдық қатынастарға әлеуметтік шиеленіс енгізуінен де көрініс табады. Зиян қандай да болсын заң бұзушылықтың теріс зардабы — ажырамас белгісі оның көлемі, мөлшері, сипаты түрліше болады. Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен де, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады.
Құқық бұзушылық — қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл шартты құбылыс. Құқық бұзушылық — заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Заң бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Адамның ой-желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатынасуынсыз жасалмайды. Олар ойдың елегінен өтіп, бақылауында болады. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады. Демек, заңды бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. — Әрекет — бұл құқық нормаларының іс-қимыл жасай отырып жүзеге асуы, ал әрекетсіздік құқық нормаларының талаптарын ешқандай іс-қимыл орындалмаса да бұзу арқылы орын алады.

Нормативтік құқықтық актілер:
1.Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 ж. 30 тамыз
2.«Жедел іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңы 1994ж.
3.Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі
4.ҚР Қылмыстық – іс жүргізу кодексі.-Алматы:Юрист,2003ж.-220б.
5. Қазақстан Республикасының құқықбұзушылық туралы заңы, 1995ж.
6. Құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикаснының Кодексі (соңғы өзгерістер мен толықтырулар 15.07.10 ж. жағдайы бойынша енгізілген)
Оқулықтар:
1. Ағдарбеков Қ. Мемлекет және құқық теориясы. Қарағанды, 2001.
2. Алауханов Е. Қылмыс құрамы / / Заң. №2-4. 2000.
3. Базылев Б. Т. Юридическая ответственность (теоретические вопросы). Красноярск, 1985.
4. Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ. Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша терминдердің түсіндірме сөздігі. Қарағанды, 2001.
5. Боброва Н. А., Зражевская Т. Д. Ответственность в системе гарантий конституционных норм (государственно-правовые аспекты). Воронеж, 1985.
6. Братусь С. Н. Юридическая ответственность и законность. М., 1984.
7. Гревцов Ю.И. Очерки теории и социологии права. 1996.
8. Жоламан Қ.Д., Мұқтарова А.К., Тәуекелов А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1999.
9. Ибраева А.С., Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1998.
10. Историческое и логическое в познании государства и права. Л., 1988.
11. Казимирчук В.П. Право и методы его изучения. М., 1965.
12. Карбонъе Ж. Юридическая социология. М., 1986.
13. Кудрявцев В. Н. Закон, поступок, ответственность. М., 1986.
14. Лейст О. Э. Санкции и ответственность по советскому праву. М., 1981.
15. Малеин Н. С. Правонарушение: понятие, причины, ответственность. М., 1985.
16. Малеин Н. С. Современные проблемы юридической ответственности // Государство и право. 1994. № 6.
17. Рахметов С.М., Бапанов Т.А. Қылмыс құрамы. Алматы, 1998.
18. Сырых В.М. Метод правовой науки: основные элементы, структура. М., 1980.
19. Тархов В. А. Гражданские права и ответственность. Уфа, 1996.

Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі.
Экономика және әлеуметтік-құқық
пәндер бөлімі
Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Құқық бұзушылық түсінігі, түрлері
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2015ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Құқық бұзушылықтың қоғамдағы орны
1.1 Құқықбұзушылықтың түсінігі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Құқықбұзушылықтың
белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.3 Құқықбұзушылықтың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2 Құқықбұзушылықтың құрылымы
2.1 Құқықбұзушылықтың
объектісі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.2 Құқықбұзушылықтың
субъектісі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.3 Құқықбұзушылықтың объективті
жағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
2.4 Құқықбұзушылықтың субъективті
жағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Құқық бұзушылықтың қоғамға зияндылығы,
оның қашанда адам қоғамының құндылығы, жеке және мүддеге нұқсан келтіруінен
көрінеді. Яғни, қоғамның маңызды құндылықтары, оның өмір сүру жағдайына
қауіп төндіреді. Құқық бұзушылықтың қоғамға қауіптілігінің деңгейі түрлі
дәрежеде болуы мүмкін. Мәселен, адамның өміріне қастандық жасау — өте
қауіпті қылмыс. Ал біреудің үйіне түсіп, мүлкін ұрлау оған қарағанда
жеңілірек дәрежеленеді. Дегенмен, осы екі әрекет те қоғам үшін өте қауіпті
болып табылады. Құқық бұзушылықтың қоғамға зияндылығы қоғамның қалыпты өмір
сүру жағдайын бұзып, маңызды қоғамдық қатынастарға әлеуметтік шиеленіс
енгізуінен де көрініс табады. Зиян қандай да болсын заң бұзушылықтың теріс
зардабы — ажырамас белгісі оның көлемі, мөлшері, сипаты түрліше болады.
Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді.
Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны
адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың
жолдарын қарастырған. Дегенмен де, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім
азаматтар да аз болмаған. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады.
Құқық бұзушылық — қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген
ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл шартты құбылыс. Құқық бұзушылық —
заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым
салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе
әрекетсіздігімен сипатталады. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа
адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Заң бұзушылық
адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Адамның ой-желісі заңмен реттелмейді.
Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің
қатынасуынсыз жасалмайды. Олар ойдың елегінен өтіп, бақылауында болады.
Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады.
Демек, заңды бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және
құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. —
Әрекет — бұл құқық нормаларының іс-қимыл жасай отырып жүзеге асуы, ал
әрекетсіздік құқық нормаларының талаптарын ешқандай іс-қимыл орындалмаса да
бұзу арқылы орын алады.
Құқық бұзушылық құқықтық нормалар қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп
қоғамның, жеке адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық
тәртіпті бұзады. Құқықтық нормалардың талаптарын орындамау нәтижесінде
тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесел келеді, белгілі бір игілік,
құнды зат жоғалады, адамның өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне зиян
келтіреді.
Азамат өзіне жүктелген міндеттерді орындаса немесе құқықтары мен
бостандықтарын пайдалана алса, мұндай іс-әрекет азаматқа да, қоғамға да
пайдасын тигізетіні сөзсіз. Азаматтар заңда белгіленген міндеттерін
бұлжытпай орындаса, қоғамда зандылық орнап, құқықтық тәртіп сақталады.
Азаматтар өз құқықтары мен бостандықтарын тиімді пайдалана алса, қоғамның
жан-жақты дамуына, адамдардың түрмыс жағдайларының жақсаруына, халық
мәдениетінің өркендеуіне тиісті жағдай туады.
Сондықтан әр мемлекет, оның аппараттары мен органдары қоғамда
заңдылыққа, құқықтық тәртіпке нұқсан келтірмеуді қамтамасыз етеді. Олар
жеке және заңды тұлғалардың іс-әрекеттерін қатаң бақылап отырады.
Құқық бұзушылық — биологиялық, физиологиялық, технологиялық
ерекшеліктерге сай, адамның іс-әрекетінің әлеуметтік көрінісі.
Құқық бұзушылық — құқыққа, оның талаптарына қарсы бағытталған мінез —
құлық. Демек, құқықты бұзған ат-үсті қарап, талаптарынан айналып өту деген
сөз. Әрбір құқық бұзушылық — нақтылы құбылыс. Оны нақты адам, белгілі бір
жерде, мезгілде, жағдайда жасайды. Ол құқық нормаларының қағидасына қайшы
келеді және өзіне тән оның белгілері болады. Сонымен бірге жекелеген құқық
бұзушылыққа тән жалпы белгілері де кездеседі.
Құқық бұзушылықтың екі зияны бар:
1. Құқық бұзушылық — қоғамға зиянды әрекеттің объективтік нысандағы
бейнесі, сыртқы көрінісі болып табылады. Бұл қоғамға зиянды, қауіпті
әрекет, әрекетсіздік занда құқыққа қайшы сипатта ресми түрде бекітілуі
керек деген мағынаны білдіреді.
2. Құқық бұзушылық — объективтік процесс болып табылады. Бұндағы
объективті деп отырғанымыз, кез келген құқық бұзушылық құқықтың қорғайтын
әлеуметтік игіліктері: жалпы мүдде, қоғамдықтәртіпке қауіп төндіреді. Дәл
осы мағынада құқық бұзушылық қоғамға қауіптілік және зияндылық мәнге ие
болады.
Формальді — логикалық жағынан бұл былай бейнеленуі мүмкін: қоғамға
зияндының бәрі де, құқыққа қайшы болып табылады. Тиісінше, құқыққа қайшы,
қоғамға зиянды әрекет — әрекетсіздік деп саналады. Шындығына келгенде бұл
тұжырымнан екі терістік байқалады:
1. Заңда құқыққа қайшы деп саналғандардың бәрі де, қоғамға зиянды
немесе қауіпті.
2. Қоғамға қауіпті әрекеттің барлығы да, құқықтық нормаларға қайшы
деп тыйым салынбаған.
Курстық жұмыстың мақсаты – құқықбұзушылық және олардың түрлері, ұғымы
және түсінігі тақырыбы бойынша жеке зерттеу. Құқықбұзушылық профилактика
мәселесі бойынша жаңа бағыттар жасау.
Курстық жұмыстың міндеттері – құқықбұүзушылықтың қоғамда алатын орны,
құқықбұзушылықтың құрылымы менн негізгі белгілері және түрлері туралы толық
мағлұмат беру.
Курстық жұмыстың құрылымы – курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан
және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімімінен тұрады.
1 Құқық бұзушылықтың қоғамдағы орны
1.1 Құқықбұзушылықтың түсінігі
Құқық бұзушылықтың мәні — оны басқа жүріс-тұрыс ережелерін бөліп
көрсететін, басты өзіне ғана тән ерекшеліктерінен тұрады. Алдымен барлық
құқық бұзушылықтың мәні қоғамдық құрылыстың, қоғамдық қатынастар жүйесіне
келтіретін қауіптілігі, зияндылығы. Яғни, тек бір ғана әрекеттің қоғамға
қауіптілігі мен зияндылығы емес, оның таралуы қоғамдық қатынастарға
айтарлықтай залал келтіретін адам әрекетінің белгілі бір түрі ескеріледі.
Ал жекелеген әрекет-әрекетсіздік қоғамдық өмірдің бекітілген тәртібін, олар
қоғамда кең таралған жағдайда ғана қоғамдық тәртіптің қаупіне айналады.
Тиісінше, жекелеген әрекет-әрекетсіздік қоғамға қауіпті деп бағалануы
мүмкін. Ол және өзі зиян келтіретіндіктен емес, өзі тектес әрекет-
әрекетсіздіктің көптеп орын алуына байланысты. Олар өз жиынтығында қоғамның
қалыпты өмір сүру жағдайын, қоғамдық құрылыстың реттілігі мен тәртібін
бұзады, сондықтан да құқық бұзушылықпен күресудің мемлекеттік ұйымдасқан
қызметін қажет етеді.
Кез-келген қоғамда құқықтық нормалардың жарлығын бұзу бұқаралық сипат
ұстанады және оған аса елеулі моральды және материалдық зиян келтіреді.
Құқыққа қарсы жасалған әрекеттер сипаты, субъектілері, шарттары
себептерінің әртүрлілігіне қарамастан, олардың бәрі бір әлеуметтік
құбылысқа құқық бұзушылыққа алып келуге жол беретін, жалпы белгілерге ие.
Құқық бұзушылықты зерттейтін әр түрлі анықтаулар бар. Жалпы
қорытындылық түрде олар, өздеріне заңдық жауапкершілік алатын қоғамға
зиянды әрекет еткен тұлғалар немесе тұлғаның құқыққа қарсы, өзін кінәлі
еткен құқық бұзушылыққа ұласады.
Құқық бұзушылық аса маңызды белгілер қатарына ие, олардың ішіндегі ең
негізгілеріне мыналар жатады:
1.Кез-келген құқық бұзушылық - бұл адамның саналы және еркінмен үнемі
бақылау астындағы әрқашан анықталған әрекет немесе әрекетсіздігінде
көрінетін еркіті, кінәлі әрекеті. Құқық бұзушылық белгілері саласында
қарастырыла алмайды, мысалы, мінез-құлқы, адамның жеке саласы немесе ой
образы. Дегенмен, егер олар нақты құқыққа қарсы әрекеттерде-әрекет немесе
әрекетсіздікте пайда болса, онда бұл жағдайда заңдық іздестіру басталады.
Сот пікір шеңбері - ой, саяси, діни немесе басқа да көзқарасы үшін
жазалай алмайды. Карл Маркс осымен байланысты осы сияқты басты белгілерде
әрекет етпейтін заңдар, әрекет етуші ойының образын, - бұл заңсыздықтың
позитивті санкциясы сияқты басқа ештеңе емес деген. Бірақ та сот нақты іс
бойынша шешім шығара отырып құқыққа қарсы әрекетін жазалауы мүмкін және
жазалайды.
2.Құқыққа қарсылық - құқық бұзушылықтың аса басты белгісі. Барлық
әрекеттерде немесе әрекетсіздікте құқық бұзушылық болмайды. Ол тек құқық
бұйрығына іске асады.
Құқық бұзушылықтың субьективтік жағының мазмұнын мынадай заңдылық
белгілері: кінә, ниет, мақсат құрайды. Осы белгілердің жиынтығы құқық
бұзушылық істеген, яғни қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адамның жан-
дүниесінде орын алған ішкі өзгерістерді, оның санасы мен еркінің өзара
байланысын бейнелеп береді.
Кінә - бұл адамның қасақаналық пен немесе абайсызда істеген қоғамға
қауіпті іс - әрекетіне және қоғамға зиянды зардабына деген көзқарстарының
жиынтығының көрсеткіші.
Адам соларға қатысты өз кінәсі анықталған қоғамдық қауіпті әрекеті
және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана жауапқа тартылуы
тиіс.
Әрекет-әрекетсіздіктің қоғамға қауіптілігі, зияндылығының занды
көрінісі құқыққа қайшылық деп саналады. Ол іс қимылдың белгілі бір түрінің
нышаны ретінде құқық талаптарының саналы түрде бұзылуын білдіреді. Әрекет-
әрекетсіздік заңды міндетін орындамау немесе құқықты теріс пайдалану, яғни
егер оған құқықпен тыйым салынса және оны жүзеге асырған жағдайда, құқықтық
нормалардың санкциясы қолданылуға жатса, бұл құқыққа қайшы деген сөз.
Егер де құқықпен тыйым салынбаса, құқық бұзушылық болмайды. Адамның
өзінің тұлғалық құқықтарын қолданбауы, оның жеке қалауына байланысты
болғандықтан, құқық бұзушылыққа жатпайды. Керісінше, адамның қоғамға,
мемлекет және азаматтардың мүддесіне залал келтіре отырып, құқықтар мен
бостандықтарды пайдалануы, құқыққа қайшы әрекет деп саналады.
Құқық бұзушылық өз жиынтығында қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын,
қоғамдық құрылыстың реттілігі мен тәртібін бұзатындықтан, оған мемлекет
атынан шара қолданылып, жауаптылық тағайындалады. Құқықтық жауаптылық үш
белгісімен сипатталады:
- мемлекеттік мәжбүрлеу;
- құқық бұзушыны жауапкд тарту;
- құқық бұзушының өзіне жағымсыз жағдай тудыру. Мәжбүрлеу шарасын
мемлекет белгілейді. Құқық нормаларының қағидаларын бір ауыздан қорғау
қажет болған жағдайда олардың сақталуы мәжбүрлеу арқылы қамтамасыз етіледі.
Егер құқықтық норманың қағидалары бұзылатын болса, мемлекет органдары
тиісті шаралар қолдануға құқьшы.
Заң бұзушыны мемлекет жауапқа тартады. Мемлекет органдары заңсыз
әрекетті айқындап, әшкерелеу үшін тиісті шаралар қолданады — тергеу
жүргізеді, адамның кінәсі бары-жоғын анықтайтын дәлелдер, құжаттар жинайды.
Жиналған деректердің барлығын жан-жақты тексеріп, соның нәтижесінде шешім
қабылдайды.
Құқық бұзушылықтың,объективтік жағы құқыққа қайшы деп саналатын әрекет-
әрекетсіздікті жасау немёсе құқық нормаларында көрсетілген құқыққа сай
әрекетті жасамаудан туды. Қай жағдайда болмасын құқыққа қайшы әрекет-
әрекетсіздік саналы түрде жасалып, әлеуметтік зиянды салалардың тууына
әкеліп соғады. Ол құқықпен қорғалатын қоғамдық қатынастарға тікелей зиян
келтіруі немесе осындай зиян келтіруге байланысты қауіп төндіреді.
Іс жүзінде жүзеге асырылмаған ой-өріс, сезім, болжам заң бойынша
объектіге кірмейді. Кей жағдайда құқық қорғайтын мүддеге әдепсіздік,
белсенділік (балағаттау, жалған сөз) арқылы да зиян келеді.
Құқық бұзушылықтың объективтік жағының элементіне әрекет-
әрекетсіздікпен келтіретін зиянның арасындағы себепті байланыс және
келтірілген залал жатады. Заң теориясында себепті байланыс дегеніміз —
келтірілген зиянның басты және тікелей себебі құқыққа қайшы әрекет-
әрекетсіздік болып табылатын, зиянды әрекет-әрекетсіздікпен пайда болған
нәтиже арасындағы объективтік байланыс болып табылады. Мұнда зиян құқық
бұзушылықтың теріс нәтижелерінің жиынтығы ретінде көрінеді. Қандай да бір
игіліктің немесе құндылықтың жойылуы, оларды пайдалануға шек қою,
азаматтардың бостандығына қол сұғу, олардың субъективті құқықтарын бұзу
т.с.с.
1.2 Құқықбұзушылықтың белгілері
Құқық бұзушылықтың белгілері:
1) қоғамға қауіптілігі;
2) құқыққа қайшылық;
3) кінәлілік;
4) жазаланушылық;
5) жаппай көпшілікте өріс алуы.
Құқық бұзушылық - заңды жауапкершілік тудыратын деликт қабілетті
адамдардың кінәлі, құқыққа қарсы әрекеті. Белгілері:
1) Іс-қимыл әрекет немесе әрекетсіздік;
2) Кінә;
3) Құқыққа қарсылық;
4) Қоғамға зияндылық, зиянды нәтиже;
5) Іс-қимыл мен зиянды нәтиженің арасындағы себепті байланыс;
6) заңды жауапкершілік.
Адам әрекеті заң тұрғысынан үш түрлі болуы мүмкін: құқықтық, құқыққа
қарсы, заңды бей-жай құқықтық салдары болмайды, құқық тұрғысынан
бағаланбайды. Құқықтық мінез-құлық - құқық нормасында көрсетілген,
мемлекетпен кепілдендірілетін және қорғалатын, қоғам мүддесі тұрғысынан
қажетті және мүмкін болатын құқық субъектілерінің әрекеті.
Белгілері:
1 Әлеуметтік маңыздылығының болуы, қоғамдық мақсат, мүдделерге сай
келеді мазмүндық жағы.
2 Жеке тұлғаның санасы мен еркіне бағынышты субъектілік жақ.
3 Заңмен белгіленген көлемде болады формалды жағы.
4 Мемлекетпен қорғалады.
5 заңдық салдар туындатады. Сонау ерте заманнан бері, құқық пайда
болып, құқық бұзушылық пайда болғаннан бері теориялық құқықтық ойлар құқық
бұзудың себебін соның ішінде қылмыстың жасау себебін сұрағына жауап
іздеуде. Неліктен іс қимыл пайда болды, не себепті ол құқықтық
принциптерді, ержелерді бұзады? Осы құқық бұзуларды қалай қоғамдық өмірден
ығыстырып шығаруға болады? Бұл сұрақтарға жауап іздеу ғасырлар бойы
жалғасып әлі күнге дейінгі шешімін тапқан жоқ.
Құқық бұзушылықтар қоғамдық кең тараған құбылыс. Ол барлық елдерде,
аймақтарда да бір динамикалы жүйе. Сондықтанда пайда болуының себептерін
атауға өте қиын. Сонымен қатар нақты индивидуалды құқықбұзушылық себепімен
белглі бір құқы бұзу себебінің арасында айырмашылық бар.
Құқық бұзушылықты сипаттайтын белгі-нышандар:
1. Құқық бұзушылық — құқықты, оның қағидаларын, құқық жүктеген
міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Яғни бұл адамдардың іс-
әрекеті, қылығы немесе әрекетсіздігі. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы
басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Демек,
құқық бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Мінез-құлвды, іс-
әрекеті арқылы көрінбеген адамның ой-тұлғасы, сезімдері құқық бұзушылық
болып табылмайды. Мәселен, адам өзінің ойын, сенімін күнделікке, таспаға
жазып, суретке түсіруі мүмкін. Адамның ой желісі заңмен реттелмейді. Бірақ
қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатысуынсыз
жасалмайды. Олар қашан да ойдың елігінен өтіп, бақылауында болады. Бұл
дегеніміз, ақыл-есі дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында
жүзеге асырылады деген сөз. Яғни құқық бұзушылық саналы түрде жасалатын
ерікті іс-әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады.
2. Құқық бұзушылық құқық нормалары қорғайтын мүддеге нұқсан
келтіріп, қоғамның және адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген
құқықтық тәртіпті бұзады. Құқық нормаларының талаптарын орындамау
нәтижесінде құқықтық тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесел келеді,
белгілі бір игілік, құнды зат жоғалады, адамның құқықтарына, өміріне,
денсаулығына, рухани сезіміне зиян келтіреді. Зиянның көлемі, мөлшері,
түрлі болуы мүмкін.
Қоғамдық зиянды анықтаудың мынадай тәсілдері белгілі:
1. Заңдылықты бұзудың объектісі адамдардың өміріне, денсаулығына,
қоғамдағы негізгі қарым-қатынасқа зиян келтіруді анықтау.
2. Зиянның түрін, мөлшерін анықтау.
3. Қылмысты жасаған әдісін, уақытын, орнын анықтау.
4. Қылмысты жасаған адамның өзінен және осы іске тиісті материалды,
фактілерді жинастыру, толық мінездеме беру.
Қалай болса да заң бұзушылық қоғам үшін зиянды іс-әрекет. Өйткені
жоғарыда айтылғандай жеке адамға (өміріне, денсаулығына, ар-намысына, бас
бостандығына), мүлікке, қоғамдық тәртіпке нұқсан келеді. Кейбір жағдайда
келтірілген зиянның орнын толтыру мүмкін болмайды. Мәселен, кісі өлтіру,
мүгедектікке душар ету, жазылмайтын ауруға соқтыру т.б.
5. Құқық бұзушылық әрқашан да құқық нормаларының талаптарына қайшы
келеді. Сондықтан да оның құқық нормаларымен реттеліп және қорғалатын
қоғамдық-қатынастарға қарсы бағытталғандықтан құқыққа қайшы әрекет деуге
болады. Құқыққа келісті және ол рүқсат берген әрекет, ешқашан құқық
бұзушылық ретінде бағаланбайды.
Құқық бұзушылық ең алдымен неге қауіп төндіреді? Заңның қорғауына
алынған өзге тұлғалардың мүддесіне. Дегенмен адамның барлық мүддесі заңмен
қорғала бермейді, сондықтан да оларға нұқсан келтіру әр уақытта да құқыққа
қайшы болып саналмайды, тиісінше құқық бұзушылық ретінде бағаланбайды.
Мәселен, бәсекелестік, біреудің жеке экономикалық мүддесіне залал келтіруі
мүмкін, бірақ бұл құқық бұзушылыққа жатпайды. Яғни, құқық бұзушылықтың мәні
мемлекет шығарған құқық нормаларына қайшы әрекеттер мен байланысты болады.
6. Құқық бұзушылық құқық субъектісінің кінәлі әрекеті арқьшы ғана
жүзеге асады. Кінәлі деп танылу үшін занды бұзған адамның ақыл-есі дұрыс
болу керек. Есі дұрыс емес немесе әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған
адам (әрекет қабілеттілігінің жоқтығы соттың шешімімен анықталады) құқық
нормаларының талаптарын қалай бұзса да жауапқа тартылмайды, себебі, ол өз
әрекетінің мәнін түсінбейді, одан басқаға зиян келетінін болжай алмайды.
Кінәлі болу үшін адамның есі дұрыс және әрекет қабілеттілігі шектелмеген
болуы шартгы жағдай. Әрекет қабілеттілік деген адамның өз еркімен саналы
тұрде іс-әрекет жасап, сол үшін жауап беру мүмкінділігінің болуы.(Юнг) —
құқық бұзушының өзінің құқыққа қайшы әрекетіне қатысты психикалық қарым-
қатынасы. Кінәнің екі түрі белгілі:
1. Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған қасақаналық. Егер адам өз іс-
әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін үғынып, оның қоғамдық
қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын
ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе, әрекет тікелей ниетпен
жасалған қасақаналық деп танылады.
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін
үғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін алдын ала
білсе, осы зардаптардың болуының тілемесе де оған саналы түрде жол берсе не
бүған немқұрайды қараса, әрекет жанама ниетпен жасалған деп танылады.
2. Абайсыздық. Ол менмендік және немқұрайдылықпен жасалады.
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы
мүмкін екенін алдын-ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз
жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, бұл менменшілдік деп танылады.
Мәселен, жүргізуші көлігінің техникалық ақаулықтарын біле отырып жолға
шығады, жеңілтектікпен жол апатын болдырмаймын деп ойлайды, ал нәтижесінде
жол апатына кезігеді.
Егер адам қажетті ұқыптылықпен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап
білуге тиіс және болжап біле алатын бола түра өз іс-әрекетінің
(әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін
болжап білмесе, әрекет немқұрайдылықпен сипатталады. Мәселен, жүргізуші
жолға шығар алдында көлігінің техникалық жағдайын тексермейді. Ал ол
көліктің техникалық ақаулығы болған еді. Осының салдарынан жол апаты орын
алады.
Әркез құқық бұзушы өзіне лайық жағымсыз қылықты жүзеге асырады. Ол
оның мүлкіне немесе өз басының бостандығына келетін нұқсан. Яғни, кінәлі
адам біреудің мүлкіие келтіретін зиянды төлейді немесе оның орнын
толтырады. Көп жағдайда шара кінәлі адамның жеке басына қолданылады. Оны
бас бостандығынан айырады, жүріп-түру еркіндігін шектейді. Осы
айтылғандардың құқықтық жауаптылықтың мақсаты:
- кінәлі адамның зұлымдығын бетіне басып, оның іс-әрекетінің қоғам
үшін қауіпті екенін көрсету;
- қоғамға, жеке адамға істеген қиянат сұраусыз қалмайтынын, кінәлі
адамның өз басына да күн туатынын дәлелдеу;
- заңды бұзушылықтан басқа адамдарды сақтандыру болып табылады.
Әрекет-әрекетсіздіктің қоғамға зияндылығы және құқыққа қайшылығын
анықтау оны құқыққа сай әрекеттен бөліп қарауға негіз болады. Алайда, бұл
ерекшеліктер құқық бұзушылықты түсінуге мүмкіндік бергенмен де, оның
мазмүнды белгілерін нақтылау қажеттілігі туындайды. Осы мақсатта заң
ғылымында құқыққа қайшы әрекет-әрекетсіздікті құқық бұзушылық ретінде
саралауға негіз болатын элементтердің жиынтығы, яғни құқық бұзушылықтың
занды құрамы болады: объективтік жағы, объект, субъективтік жағы, субъект.
Зиян материалдық, физикалық басқа да қасиеттерге ие болып, жеке
мүддеге, сондай-ақ жалпы қоғамдық мүддеге де қауіп төндіреді. Іс-әрекеттің
сипаты және одан келген зиян қоғамға қауіптіліктің деңгейін анықтап, құқық
бұзушылықты басқа құқық тәртібін бұзудан айырудың объективтік негізін
қалайды.
1. Құқық бұзушылық фактісін бекіту үшін барлық себепті байланыс
айтарлықтай мәнге ие бола бермейді. Субъектінің кінәсі оның қоғамға зиянды
салдарын болжаумен байланысты болады. Ал сол әрекеттен міндетті түрде
келетін зиянды ғана болжау мүмкін болмақ. Демек, әрекет-әрекетсіздікпен
қоғамға зиянды салдардың арасында қажетті себепті байланыс болады. Басқаша
айтқанда, келтірілген зиян жасалған әрекеттің тікелей нәтижесі екендігі
анықталуға жатады. Әрекет-әрекетсіздікпен оның нөтижесі арасындағы
байланыстың қажетті немесе кездейсоқ сипаты істің барлық фактілік жағдайын
жан-жақты зерттеудің негізінде ғана бекітіледі.
2. Объект — құқық нормалары қорғайтын бұзылған мүліктік немесе
мүліктік емес игілік. Яғни, құқықпен реттеліп және қорғалатын қоғамдық
қатынастар. Құқық бұзушылық өз іс-әрекетінде құқық тәртібіне қарсы
бағытталып, қандай да бір зиян келтіреді.
Қоғамдық қатынастың, оның субъектілерінің құқықтары мен мүдделері көп
түрлі болуына сәйкес нақтылы құқық бұзушылықгың объектілері де бірнеше
болуы мүмкін.
3. Құқық бұзушылықтың субъективтік жағын адамның құқық бұзушылықты
жасауға жол берген әлеуметтік-психологиялық механизмін сипаттайтын,
элементтерді құрайды. Субъективтік жағынан алып қарағанда барлық құқық
бұзушылық, алдымен кінәнің болуымен байланысты болады. Бұл тұрғыдан
қарағанда құқық бұзушылық — құқық бұзушының еркі және санасы арқылы жол
берген кінәлі әрекет болып табылады.
Субъектінің кінәсінің деңгейі оның өз іс-әрекетінің әлеуметтік зиянды
нәтижесін алдын ала болжағандығы немесе болжамағандығына қатысты анықталады
және қасақаналық немесе абайсыздық нысанында бейнеленеді. Қасақаналықта
адам өз іс-әрекетін қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті
зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын-ала
біледі және осы зардаптардың болуын тілейді. Ал абайсыздықта адам өз іс-
әрекетінің қоғамға қауіп туғызу мүмкін екенін білмеу, бірақ бұл зардаптарды
жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенеді немесе
қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда, ол зардаптарды болжап біле алатын
бола тұра өз іс-әрекетінің қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін
екендігін болжай алмайды. Яғни, кінә (қасақаналық немесе абайсыздық)
адамның еркімен байланысты болатын, ішкі психологиялық жай-күй болып
табылмақ.
Дегенмен, мұнда құқық бұзушылыққа жол берген психологиялық факторлар
да ескеріледі. Барлық ерікті әрекет іштей реттелген және белгілі бір
мақсатты көздейді. Осыған байланысты құқық бұзушылықтың субъективтік жағына
әрекет-әрекетсіздіктің ниеті мен мақсаты да кіреді. Мұндағы ниет деп
отырғанымыз — құқық бұзушылықты жасауға түрткі салатын, ең басты негіз, ал
мақсат — құқық бұзушы жетуге тырысатын нәтиже. Сондықтан осы элементтерін
тани білу әрекет-әрекетсіздіктің барлық психологиялық ерекшеліктерін ашу
және құқықпен қорғалатын қоғамның, мемлекеттің және азаматтардың
мүдделеріне зиян келтіруші құқық бұзушылықтың субъективтік жағын айқындауға
мүмкіндік береді.
1.3 Құқықбұзушылықтың түрлері
Құқық бұзушылықтың түрлері: Барлық құқық бұзушылық қоғамға
қауіптілігінің сипаты мен деңгейіне байланысты екі топқа бөлінеді.
1) Қылмыс.
2) Теріс қылық.
Объектінің құндылығы, құқыққа қайшы әрекеттің мазмүны, жағдайы,
уақыты, әдісі, келтірілген зиянның көлемі мен сипаты, кінәнің нысаны
құқыққа қайшы әрекеттің күшейе түскендігі, оның себебі, құқық бұзушының
жеке мінездемесі арқылы анықталатын қоғамға зияндылықтың сипаты мен деңгейі
негіз болады.
Әрекет-әрекетсіздікті құқыққа қайшы деп тануға ықпал етуші субъекті
фактор негіз болады.
Қылмыс қоғамға қауіпті және заңмен жазалау қатерімен тыйым салынған
айыпты әрекет-әрекетсіздік. Ол қоғамның қалыпты өмір немесе мемлекеттік
құрылыс, шаруашылық жүйе, меншік және азаматтардың саяси, еңбектік,
мүліктің және басқа да құқықтары. Қылмыстың занды сипаты — оларға қылмыстық
заңмен тыйым салу мен жазалау шараларын қолдану болып табылады. Қылмысты
заңда көрсетілген, қылмыстың барлық нысандык белгілерін иеленуші құқық
бұзушылық өзінің жеңіл мәнділігіне байланысты қоғамға қауіпті болмаса,
қылмыс болып саналмайды.
Жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтірмеген және зиян
келтіру қаупін туғызбаған іс-әрекет немесе әрекетсіздік қылмыс болып
табылмайды. Бұл анықтамада қылмыстың формальды белгісі де (құқыққа
қарсылық), материалдық белгісі де (қоғамдық қауіптілік) қамтылады. Сондай-
ақ айыптылық пен жазаланушылық та қылмыстың қажетті белгісіне жатады.
Криминологияда және құқықтық статистикада —әрқайсысы үшін қылмыстық
жазалау қарастырылған, іс жүзінде жасалған барлық құқыққа қарсы
әрекеттердің жиынтығы. Сонымен бірдерлікте қылмыс — жекелеген қылмыстардын
тек қана саны (немесе жиынтығы) ғана емес, бұл белгілі бір заңдылықтарды
иеленген құбылыс.
Қылмыс жағдайы заңнамадағы өзгерістер немесе оны іс жүзінде қолдану
салдарынан езгеруі мүмкін. Тіпті заң аясында сот тәжірибесінің ауытқуы да
қылмыс статистикасын өзгерте алады. Сол немесе басқа әрекет үшін немесе
қылмыстық әрекетті жоятын қылмыстық жауапкершілікті тағайындайтын
қылмыстық. заңды қабылдау, ол да қылмыс жағдайының әрдайым өзгеріп отыруына
әсер етеді
Қылмыстың құрылымы мен сипатының өзгеруі түрліше әлеуметтік
жағдайларға, құбылыстар мен үдерістерге, мысалы, тұрғындардың көші-қон және
жас құрамына; аймақтың немесе басқа аумақтың экономикалық жағдайына;
қалыптасқан ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер және т.б.; қылмыс
заңнамасының өзгеруіне, қылмыстың алдын алу бойынша жұмыс сапасына және
басқа факторларға тәуелді болады.
Қылмыс дегеніміз жаза мен қауіп төндіру арқылы тиым салынған қоғамға
қатерлі жасалған әрекет не әрекетсіздік. Бұл қылмыс анықтамасы көптеген
Европа елдерінде формальды түрде қолданылады. Ал отанымызда қылмыстық құқық
материалды – формальды анықтамаға ие, яғни формальды анықтамада әрекеттің
құқыққа қарсы екендігіне баса назар аударылса, ал материалды – формальды
анықтамада әрекеттің құқыққа қарсылығымен бірге оның қоғамға қауіптілігіне
көңіл бөлінеді. Жоғарыда айтылған сөздерден байқайтынымыз – қылмыстың өзіне
тән міндетті бірнеше белгілерінің бар екендігі. Оларға тоқталып кететін
болсақ, қылмыс анықтамасының мәні ашылады. Сонымен қылмыстың өзіне тән төрт
белгісі бар: 1. қоғамға қатерлі әрекет; 2. құқыққа қайшылық, яғни қылмыстық
заңмен тиым салынған әрекеттер; 3. кінәлілік; 4. қылмыстық жазалылық.
Қоғамдық қатер дегеніміз – қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық
қатынастарға шынайы түрде зиян келтіретін не сол зияндарды жоюға кедергі
келтіретін әрекет не әрекетсіздік. Жасалған әрекет не әрекетсіздікке жаза
тағайындау үшін, оның қоғамға қатері ақиқат екеніне тура көз жеткізуіміз
керек.
Қоғамдық қатері бар әрекетті тек қана қылмыс деп тану қате көзқарас.
Сонымен бірге ол әкімшілік құқық бұзушылық болу да әбден мүмкін. Бұнда да
тұлғаға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келеді. Бірақ олардың қоғамға
қауіптілігінің мөлшері анағұрлым төмен болады. Егер әрекет салдарынан
тұлғаға, қоғамға ауыр не орташа ауыртпалықтағы залалдар келтірілмесе, ол
әрекетке әкімшілік тәртіпте жауапкершілік жүктеледі. Мысалы, жол қозғалыс
ережелерін бұзу салдарынан адам денсаулығына жеңіл түрдегі зиян келтірілсе.
Адамның теріс қылығы ғана қылмыс деп танылады. Сырттай көрініс
таппаған, қоғамдық қауіп тудырмаған ой-пікір, ниет-пиғыл қылмыс деп
танылмайды. Іс-әрекет екі нысанда көрініс табуы мүмкін, олар: ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz