ҚР құқық қорғау органдарындағы реформалардың ерекшелігі
Кіріспе
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ
1.1 Қазақстан Республикасында құқық қорғау органдарының қызметінің және ұйымдастырылуының негіздері
1.2 Қазақстан Республикасының прокуратурасы: жүйесі, құрылымы
1.3 Ішкі істер органдары
1.4 ҚР.ның қауіпсіздік комитеті органдарының жүйесі, мақсаты
1.5 ҚР.ның Әділет органдары
2. ҚР ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНДАҒЫ РЕФОРМАЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
2.1 Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары жүйесінде орын алған реформалар
2.2 ПРЕЗИДЕНТТІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ.ҚҰҚЫҚТЫҚ ДАМУЫ
2.3 Әділет органдары жүйесіндегі реформа
2.4 Қазақстан Республикасының сот реформасындағы ерекшеліктері
2.5 Прокуратура органдары реформалауының тарихи шартары
2.6 ҚР тергеу және алдын ала тергеу iс.әрекеттерiн жүргiзу
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында құқық қорғау және сот жүйесінде түбегейлі реформа жасау керектігін баса көрсеткен болатын. Осыған орай, Конституция күнінің қарсаңында Президент «Қазақстанда құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.
Елбасының құқық қорғау саласын реформалау жөнінде бастамасы аталған салаға ерекше көзқарас танытатын кезеңмен дөп келіп отыр. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында құқық қорғау саласын реформалау турасында айтқан болатын. Бұған дейін еліміздің экономикасы мен әлеуметтік саласы көптеген реформаларды бастан өткергені белгілі. Ал құқық қорғау саласында ауқымды реформа жүргізілген жоқ. Сондықтан бұл салаға реформа жүргізудің мәні зор. Қазақстан аралда жеке-дара жатқан мемлекет емес. Бізді құқықтық жүйесі жоғары деңгейде дамыған елдер қоршап жатыр. Көршілерімізбен тереземіз тең дәрежеде байланыс орнату үшін құқықтық саланы заман көшінен қалдырмай дамыту және мінедттеліп отыр. Сондықтан құқықтық салаға батыл реформалаудан қашпауымыз керек. Бұл реформа белгілі бір деңгейде құқық қорғау саласының жұмысына серпін берері сөзсіз. Себебі, соңғы уақыттары бұл салаға азаматтар тарапынан түрлі деңгейде сын көбейді. Оның терең себебі де бар. Ол жалпы біздің қоғамдағы, мемлекеттегі құндылықтарға байланысты. Өкінішке орай, бізде әлі күнге дейін адалдық, әділеттілік, еңбек, білім, білік құндылыққа айналмай келе жатыр. Бұл істе әлі де болса билік, мемлекет кешенді жұмыс жасаған жоқ һәм осы бағытта қоғамға үлгі көрсете алмай отыр. Осының әсері мемлекет ісінің барлық саласында, оның ішінде құқық қорғау ісінде де байқалуда. Екіншіден, құқық қорғау органдарының мәселен, жол полициясы, ішкі істер бөлімдеріндегі, прокуратурадағы қатардағы қызметкерлері өздерінің басшыларынан үлгі алады. Адал жұмыс істеп жатқан құқық қорғау орындарының қызметкерлері жемқорлық әрекетті ашқанда немесе бір бұзақыны қолға түсірген кезде, тіпті үлкен қылмыс кезінде көптеген адамдардың жазаланбай құтылып кетіп жатқанын көргенде, оған себепкер өздерінің басшылары екенін білген соң, көңілдеріне алаң кіреді, бір. Оның үстіне, қоғамдық тәртіп саласында жігерлі қызмет етуге деген талабы жығылады. Өз қызметін өзі сыйлаудан қалады. Үшіншіден, кейбір жекелеген салаларда сәл ілгерілеу болса аяқтан шалып, тосқауыл жасау әрекеті бар.

1. Қазақстан Республикасының Конститутциясы Алматы, 1995ж
2. Баққұлов С.Д «Құқық негіздері» Алматы,2004ж
3. Оспанов Қ.И «Құқық негіздері» ,2007 ж ,Жеті жарғы.
4. Қ.Р Конституциясының түсіндірме сөздігі.
5. http://www.oks.kz/Muragat/129-130/alashtyktar.htm
6. 2011 Қызылорда облысы әділет департамент
7. http://www.minjust.kz/ru/node/11574
8. http://www.kostanaypolice.kz/index.php?what=relise&id=168&lang=kz
9. http://www.kitaphana.kz
10. 1. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері.— Алматы. 2002 ж.
11. Оспанов Қ. И. Құқық негіздері: Оқу құралы.— Алматы: Жеті жарғы, 2006.
12. Сапарғалиев Ғ. ҚР Конституциялық құқығы.— Алматы 1998 ж.
13. Нормативтік-құқықтық актілер:
14. ҚР Конституциясы. 30 тамыз 1995 жыл. (21 мамыр 2007 ж. өзгертулер мен толықтырулар).— Алматы, 2007.
15. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шiлдедегі № 267 Заңы.
16. «ҚР Прокуратурасы туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңы.
17. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және сот мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы ҚР Конституциялық Заңы.
18. «ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2710 Заңы.
19. «ҚР Ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2707 Заңы.
20. Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының кадр саясаты ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ, Астана, 2013 жыл
21. Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014-2020 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ, Астана, 2013 жыл
22. Құқық қорғау қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV Заңы (2012.27.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен
23. А.С. Ибраева, Н.С. Ибраев Теория государства и права: учебное пособие.- Алматы, «Жеті жарғы», 2003, - 65-71стр.
24. А.С. Ибраева Заң терминдерінің қазақша – орысша және орысша – қазақша қысаша түсіндірме сөздігі.- Алматы, «Жеті жарғы» 1996ж.
25. А. Жакупова «Конституция – основа развития государства» // Заң және заман.-2005ж. №9-17б.
26. Ә. Әділхан «Адам құқы – ең жоғары құндылық» // Заң және заман.- 2005ж.-№25-3-5 б.
27. Б. Қонақбаев «Азаматтарды құқықтық қорғау және олардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін нығайту» // Заң.-2005ж.-№31.-26-28б.
28. Г. Адрасулова «Юридическое значение, функции и эффективность применения норм права» // Фемида.-2006ж.-№10-11-14б.
29. Ғ. Сапарғалиев, А. Ибраева Мемлекет және құқық теориясы: оқу құралы.- Алматы, «Жеті жарға», 1998ж.,-88-89б.
30. «Қазақстан Республикасының Конституциясы»: Түсініктеме.-Алматы, «Жеті жарғы», 1999ж.,-26-32б.
31. «Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері» : оқулық.-Алматы, 2003ж.,-112-116б.
32. Қ.А. Мустафаев «Құқықтық тәлім - тәрбие мен жалпы оқытудың іс-шаралары» // Заң.-2005ж.-№5.-31-33б.
33. Қ.Д. Жоламан, А.Қ. Мухтарова, А.Н. Таукелов мемлекет және құқық теориясы: оқулық.-Алматы, ҚазМЗУ-дың баспа- полиграфия орталығы 1999ж.,-124-127б.
34. «Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі» 27.12.1994ж.
35. Н.Ә. Назарбаев «Қазақтан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында»: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауы .- Астана, 2006ж.,-9-11б.
36. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2030» Алматы, 1998ж.
37. Н.Дулатов, С. Амандықова, А. Турлаев Мемлекет және құқық негіздері: Фолиант.- Астана, 2001ж.,-10-14б.
38. Н. Елікбаев, М. Нуршаев «Құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің жаңа сатысы» // Заң.-2004ж.,-№13-30-34б.
39. Н.И. Матузов, А.В. Малько Теория государства и права: курс лекции.- Юристъ, Москва,1997ж.,-313-316б.
40. «Общая теория государства и права»: Академический курс 1-том.-Москва, Зерцало, 1998ж.,-70б.
41. «Общая теория государства и права»: Академический курс 2-том.-Москва, Зерцало,1998ж.,-74-78б.
42. С.Д. Баққұлов Құқық негіздері: оқулық.-Алматы, 2004ж.,-28б.
43. С.А. Дьяченко «Сильная власть- сильное государство» // Заңгер.-2002ж.-№15-4-6б.
44. С. Ынтымақов « Қоғамдық қор: құқықтық жағдайының өзекті мәселелері» // Заңгер.-2005ж.-№12.-42-44б.
45. Т. Мамедсупиев «Правовая природа нормативных постановлений Верховного суда Республики Казахстан» // Фемида.-2006ж.-№4.-12б.
46. Т. Мырзамбетов «Конституция еліміздің тұрақтылығы мен тыныштығының кепілі» // Заңгер.- 2005ж.-№19.-40-44б.
47. Т. Ағдарбеков Мемлекет және құқық теориясы: оқулық.- Алматы, 2003ж.,-212-216б.
48. Т. Айтмухамбетов «Қазақстанның сот өндіріснде сот шешімдерін қайта қарау» // Заң.-2004ж.,-№21.-8б.
49. Т. Айтмухамбетов «Қазақтардың дәстүрлі құқығы бойынша шешімдерді қайта қарау институты» // Заң.-2004ж.,-№21.-9б.
50. 28. С.А. Комаров Общая теория государства и права: учебник.-Москва, 1997ж.,-191б.
51. Касымбеков М.Б. «Первый». – Очерки о Президенте Республики Казах¬1. стан. – Астана: Фолиант,
52. «Бәйтерек». – Президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы замандастар 2. толғанысы. – Астана: Күлтегін, 2003.
53. Назарбаев Н.Ә. «Ғасырлар тоғысында». – Алматы: Өнер, 1996. – 171-188 3. бб.
54. Қазақстан Республикасының Коституциясы. – Алматы. -1995.4.
55. Конституциялық реформа және Қазақстанда демократиялық үдерістердің 5. тереңдей түсуі. Конференция материалдары. – Астана.-2007 ж.
56. Отанымыздың тәуелсіздігіне тарту. – Жинақ (Құрастырғандар: Н. Махму¬6. дов, К. Исина, А. Кемельбаева, И. Рачковский). – Алматы, 2006.-380 б.
57. Конституциялық реформа, 15-27 бб.7.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:
ҚР құқық қорғау органдарындағы реформалардың ерекшелігі
Кіріспе
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ
1.1 Қазақстан Республикасында құқық қорғау органдарының қызметінің және
ұйымдастырылуының негіздері
1.2 Қазақстан Республикасының прокуратурасы: жүйесі, құрылымы
1.3 Ішкі істер органдары
1.4 ҚР-ның қауіпсіздік комитеті органдарының жүйесі, мақсаты
1.5 ҚР-ның Әділет органдары
2. ҚР құқық қорғау органдарындағы реформалардың ерекшелігі
2.1 Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары жүйесінде орын алған
реформалар
2.2 ПРЕЗИДЕНТТІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ-
ҚҰҚЫҚТЫҚ ДАМУЫ
2.3 Әділет органдары жүйесіндегі реформа
2.4 Қазақстан Республикасының сот реформасындағы ерекшеліктері
2.5 Прокуратура органдары реформалауының тарихи шартары
2.6 ҚР тергеу және алдын ала тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзу
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында
құқық қорғау және сот жүйесінде түбегейлі реформа жасау керектігін баса
көрсеткен болатын. Осыған орай, Конституция күнінің қарсаңында Президент
Қазақстанда құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру
жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойды.
Елбасының құқық қорғау саласын реформалау жөнінде бастамасы аталған
салаға ерекше көзқарас танытатын кезеңмен дөп келіп отыр. Мемлекет басшысы
Нұрсұлтан Назарбаев өзінің биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында
құқық қорғау саласын реформалау турасында айтқан болатын. Бұған дейін
еліміздің экономикасы мен әлеуметтік саласы көптеген реформаларды бастан
өткергені белгілі. Ал құқық қорғау саласында ауқымды реформа жүргізілген
жоқ. Сондықтан бұл салаға реформа жүргізудің мәні зор. Қазақстан аралда
жеке-дара жатқан мемлекет емес. Бізді құқықтық жүйесі жоғары деңгейде
дамыған елдер қоршап жатыр. Көршілерімізбен тереземіз тең дәрежеде байланыс
орнату үшін құқықтық саланы заман көшінен қалдырмай дамыту және мінедттеліп
отыр. Сондықтан құқықтық салаға батыл реформалаудан қашпауымыз керек. Бұл
реформа белгілі бір деңгейде құқық қорғау саласының жұмысына серпін берері
сөзсіз. Себебі, соңғы уақыттары бұл салаға азаматтар тарапынан түрлі
деңгейде сын көбейді. Оның терең себебі де бар. Ол жалпы біздің қоғамдағы,
мемлекеттегі құндылықтарға байланысты. Өкінішке орай, бізде әлі күнге дейін
адалдық, әділеттілік, еңбек, білім, білік құндылыққа айналмай келе жатыр.
Бұл істе әлі де болса билік, мемлекет кешенді жұмыс жасаған жоқ һәм осы
бағытта қоғамға үлгі көрсете алмай отыр. Осының әсері мемлекет ісінің
барлық саласында, оның ішінде құқық қорғау ісінде де байқалуда. Екіншіден,
құқық қорғау органдарының мәселен, жол полициясы, ішкі істер
бөлімдеріндегі, прокуратурадағы қатардағы қызметкерлері өздерінің
басшыларынан үлгі алады. Адал жұмыс істеп жатқан құқық қорғау орындарының
қызметкерлері жемқорлық әрекетті ашқанда немесе бір бұзақыны қолға түсірген
кезде, тіпті үлкен қылмыс кезінде көптеген адамдардың жазаланбай құтылып
кетіп жатқанын көргенде, оған себепкер өздерінің басшылары екенін білген
соң, көңілдеріне алаң кіреді, бір. Оның үстіне, қоғамдық тәртіп саласында
жігерлі қызмет етуге деген талабы жығылады. Өз қызметін өзі сыйлаудан
қалады. Үшіншіден, кейбір жекелеген салаларда сәл ілгерілеу болса аяқтан
шалып, тосқауыл жасау әрекеті бар.
Ішкі істер саласының төл міндеті қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету.
Яғни, қоғамдық ортада тәртіпті сақтау, қылмыстық істердің алдын алу және
оның ізін суытпай ашу ішкі істер органдарының басты қызметі.
Құқықтық реформаны ең алдыменен осы салалардың басында отырған басшы
азаматтардың біліктілігін арттырудан бастауымыз қажет. Бұл жерде
тәжірибелі, кәсіби мамандар отыруы тиіс. Құқық қорғау орындары
қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын әлі де жақсарта түсуіміз қажет. Ең
бірінші, адамның құқықтық санасын жетілдіру қажет. Шетелдерде, зейнетке
шыққан ардагерлердің кеңесімен, пікірімен қатты санасып, тәжірибе алмасып
отырады. Өмірлік тәжірибесі мол қызметкерлерге екі есе айлық төлейді. Осы
әдісті бізге де әкелу керек. Біздің елімізде де осы құрылымда ұзақ жыл
еңбек еткен тәжірибелі, ардагер құқық қорғау қызметкерлері жетерлік. Сол
азаматтардың ғұмырлық тәжірибесін ескеріп, құқықтық тәртіпті нығайту
жолында кеңес-пікірлерін тыңдап тұрған жөн.
Қазіргі таңда елімізде сот шешімдерінің орындалмауы өткір мәселеге
айналып отыр. Статистикалық деректерге жүгінсек, заңдық күшіне енген сот
шешімдерінің 40 пайызы орындалмай қалатынын байқаймыз. Орындалғандарының
өздері аш ішекше созылып, Президент пен Парламент депутаттарының
араласуымен іске асып жатады. Сот шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету
ісі Әділет министрлігінің құзырына берілді. Менің ойымша, бұл істі бір
министрліктің құзіретінен алып беруіне беру арқылы шешу қиын. Алдағы
уақытта сот шешімін орындау ісін Әділет министрінің бір орынбасарының
жауапкершілігіне берген жөн. Бүгінде борышкерге сот шешімін орындатуға
барған қызметкер босағада сығалап қайтатыны жасырын емес. Сот шешімін
орындайтын мамандардың қолында ешқандай билік жоқ. Бұл үшін осы іспен
айналысатын қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын, көлік мәселесін шешіп
берген абзал. Бұдан басқа борышкерді жауапқа тартуда сот орындаушының
тәуелсіздігін толықтай қамтамасыз етуіміз керек. Қазіргі таңда сот ісін
орындаушыларды мемлекеттік қызметкерлердің өздері де жүре тыңдайды. Бұл
істі түбегейлі шешу үшін сот ісін орындаушының беделін көтерген дұрыс. Сол
кезде олар кез келген борышкердің лауазымына, қызметіне қарамай талап қоя
алады. Таяуда Алматы облысы, Панфилов ауданына барып, арыз-шағымдарын
арқалап келген 60 адамды қабылдадым. Сөйтсем олардың 15-і сот шешімінің
орындалмауынан жапа шегіп жүр екен. Сот шешімдерінің орындалмағанына алды
15 жыл болса, артына 6 ай болыпты.
Кез келген мемлекет өмірдің барлық қоғамдық салаларында, адамдар
арасындағы өзара қарым-қатынастарда қатаң тәртіп пен сақтықты орнатуға
мүдделі. Онсыз қоғамның бірқалапты дамуы, экономиканың,мәдениеттің,
игіліктің көтерілуі және халықтың қауіпсіздігінің артуы мүмкін емес.
Сондықтан мемлекет азаматтардың, олардың бірлестіктерінің, шаруашылық
ұйымдардының, мемлекеттік органдарының, олардың лауазымды адамдарының
құқықтары мен міндеттерін, жауапкершілігін белгіңлейді. Мемлекет өзі
қабылдаған заңдарды барлық адамдардың қатаң сақтауын, заңдардың талаптаорын
бұзушылардың заңмен жауапқа тартылуын әрдайым қадағалап отырады.
Мемлекеттің мұндай қызметі, яғни заңдар талаптарынан ауытқуларға жол
бермеу үшін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде,
шаруашылық және қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың қызметіндегі
белгіленген тәртіпті сақтау – бақылау және қадағалау қызметі деп аталады.
Құқықты қорғау қызметі, негізі, үш нысанда жүзеге асырылады:
а) құқық бұзушылықтан сақтандыру жөніндегі әр алуан шаралар жүргізу
жолымен;
ә) заңды істерді қарау және шешу жолымен;
б) құқық бұзушыларды заңмен жауапқа тарту жолымен. Құқық қорғау
органдары мемлекеттің басым құрылымдарына жатады. Р
Мемлекеттің құқықтық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін құқықтары мен
міндеттері арнаулы заңдармен реттелініп әр түрлі органдар құрылады.
Қазақстан Республикасында қандай құқық қорғау органдары құрылған: Оған
мыналар жатады: полиция органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары,
прокуратура, әділет министрлігі, әр алуан мемлекеттік инспекциялар (өрт,
санитарлық, қаржы және т.б., сот органдары,адвокатура, нотариаттар,
кедендік органдар, ішкі және шекара әскерлері, Президент күзетінің қызметі
және т.б.
Құқық қорғау органдары, негізінен, Қазақстан Республикасының Ішкі
істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Прокуратураның және
Әділет министрлігінің құрамында әрекет етеді.
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына дәстүрлі
жолдауында Конституциямыздың әлеуетін барынша пайдылану қажеттігі, оның
әлемдегі демократиялық қоғамның негізгі міндеттеріне сәйкес келетіні
танылып отырғандығын және Конституцияда берілген құқықтарды айқын пайдалану
жайында ғана болуға тиістігін атап көрсетеді.
Бүгінгі елімізде жүргізіліп жатқан сот реформасындағы оң өзгерістер
біртіндеп жүзеге аса бастағаны және соның арқасында сотқа деген халықтың
сенімі күннен күнге артып келе жатқанын айта кетпесе болмас.Көптеген заңдар
қабылданып, өзгерістер енгізілді, әрине алда, шешімін табуға тиіс басқа да
келесі мәселелер бары белгілі. Дегенмен, басшылыққа алып,бағдар беретін
негізгі заң өз әлеуетін әлі жоғалтқан жоқ. Мәселе оның орындалуына қатысты
болуға тиіс.
Еліміздегі құқық қорғау органдарында жүргізіліп жатқан реформалары
туралы толық мағлұмат алу мақсатында зерттеу жұмысымның тақырыбын ҚР құқық
қорғау органдарындағы реформалардың ерекшелігі деп алдым.
Зерттеу мақсаты. Еліміздегі құрылған құқық қорғау органдарының
қызметтерімен танысу және жүргізілген реформалардың ерекшеліктерін
айқындау.
Зерттеу міндеттері:
✓ ҚР құқық қорғау органдарына жеке-жеке тоқталып, толық мағлұмат
беру;
✓ ҚР құқық қорғау органдарындағы реформаларды қарастыру.
Зерттеу объектісі. ҚР құқық қорғау органдары
Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды
мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Республикада Конституция, Заңдар, Президент жарлықтары және басқа
нормативтік актілер талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге тиісті құқық
қорғау органдары құрылған.
Құқық қорғау органдарына жататындар: прокуратура, ішкі істер
органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, соттар, адвокатура.
Азаматтардың, мемлекеттің заңды мүдделерін қорғау үшін әрбір құқық
қорғау органының алдына қойылатын өз міндеттері, оларға берілген ерекше
құқықтар болады. Олар бipiн-бipi қайталамайды, 6ipaқ өз міндеттерін орындау
үстінде бip-бipінe қолқабыс тигізіп отырады. Прокуратура, ішкі істер
органдары, тергеу органдары жинақталып келгенде күш құрылымы болып табылады
ол кімдердің тарапынан болса да, мейлі өз еліміздегі азаматтардың, мейлі
шетелдік азаматтардың, мейлі азаматтығы жоқ адамдардың тарапынан болсын,
заңдарды қол сұғушылықтан қорғау күзетінде тұрған сақшылар болып та
буылады.
Мемлекеттің міндеті мен қызметі қоғам өмірінің көптеген салаларын
қамтиды. Солардың арасында аса маңызды міндеттердің қатарына жататын іс
құқықтық тәртіп пен заңдылықты, адамдардың құқығын, бостандығын,
мемлекеттік және мемлекеттік емес бірлестіктердің, еңбек ұжымдарының
үлделерін қорғау, қылмыспен күресу.
Құқық қорғау органдары құқық қорғайтын және қоғамдық тәртіп пен
құқықтық тәртіпті, заңдылықты қорғауды қамтамасыз ететін органдарға
бөлінеді. Мысалы нотариус, адвокатура, сот т.б. сияқты органдар құқық
қорғау органдарына жатындықтарымен олар қоғамдық тәртіпті сақтауды
қамтамасыз етумен айналыспайды. Ондай органдарға, ең алдымен, полиция және
ішкі істер органдарының ішкі әскер, патрульдік кызметтері секілді, қоғамдық
тәртіпті сақтау үшін құрылған бөлімдер жатады.
Құқық қорғау органдарының қызметтеріне:
1) конституциялық бақылау;
2) әділ соттылық;
3) соттардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;
4) прокурорлық қадағалау;
5) қылмысты анықтау және тергеу;
6) заң көмегі және қылмыстық іс бойынша қорғау сияқты іс-әрекеттер
жатады.
Құқық қорғау органдары жүйесі заңдылық кағидасы негізінде әрекет
етеді. Заңдылық — бұл қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құқық нормаларын
қатаң, бұлжытпай орындау және сақтау қағидаты, әдісі мен тәртібі.
Заңдылықтың мәні — құқық қорғаушы органдардың құқықтық нормаларды адал,
жауапкершілікпен сақтауында, орындауында, пайдалана және қолдана білуінде.
Заңдылық, ең алдымен, осы органдардың заң негізінде және оның шеңберінде
мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға белсенді қатысуларын көздейді.
Заңдылық табиғатын түсіну үшін оның негізгі қағидаттарын анықтап алу
қажет. Заңдылық қағидаттары — бұл заңдылықтың мазмұнын бейнелейтін негізгі
идеялар, бастаулар. Оларға жататындар:
— Жалпыға бірдейлік қағидаты. Заңдылықтың жалпыға бірдейлігі
жағдайына, шеніне және дәрежесіне қарамай, жалпы жұртқа және әрбір адамға
бірдей міндеттілігі. Заң алдында жұрттың бәрі бірдей жәнө бәрі де оған
бағынуы тиіс, керісінше болған жағдайда жауапкершіліктен ешкім кашып құтыла
алмайды.
— Бірлік қағидаты. Заңдылық бірлігінің мәні. Бұл талап елдің бүкіл
аумағына таралады.
— Заңның үстемдік қағидаты. Ол дегеніміз — мемлекеттің өмір сүруі
лауазым иелерінің өздерінің міндеттері мен құқықтарын қатаң іске асыруы
арқылы тек заң негізінде ғана жүзеге асырылуы тиістігін білдіреді. Мемлекет
құқық Корғау органдарының қызметкерлеріне өз ұйғарымы бойынша еркін әрекет
етуге, өз дегенімен шешім шығаруға, қандай да бір себептермен заңды орындап
не орындамауына жол бермейді.
— заңдылықты іске асырудың тұрақтылық қағидаты. Заңдылықты іске
асырудың тұрақтылығы кез келген заң бұзушылықтың кімнің тарапынан
болғандығына қарамастан оның жолы кесілетіндігін, заңды бұзғаны үшін
жауапкершіліктен құтылмайтындығын білдіреді.
— Заңдылық пен мақсатқа лайықтылықты қарсы қоюға болмайтындық
қағидаты. Жоғары мүдделер, халық талабы, мораль (өнеге) талабы деген
желеулермен заңылықтан кез келген кері шегініс қоғамның тұрақсыздығына
әкеліп соқтырады, құқықтық нигилизмнің (немқұрайлықтың) өсуіне жағдай
жасайды. Егер заң ескіріп, оны пайдалану орынды болмай қалса, онда оны тек
заң арқылы белгіленген рәсімге сәйкес өзгерту, толықтыру қажет, Заң өзгеріс
енгізілгенге дейін өмір сүреді, әрекет етеді. Бұрынгылар заң қатал болса
ғана заң (Dura lex, sed lex) деп бекер айтпаған.
— Заңдылық пен мәдениеттілік қағидаларының байланыстылығы.
Мәдениеттіліктен ада заңдылық туралы әңгіме болуы да мүмкін емес: тұтас
алғанда қоғамның, жекелеген азаматтардың мәдени деңгейі жоғары болған
сайын, заңдылықтың да деңгейі жоғары болады.
Басқа бір құқықтық құбылыс — құқықтық тәртіп заңдылығымен байланысты.
Құқықтық тәртіп — бұл заң мен құқыққа негізделген қоғамдық қатынастардың
тәртіптілік жай-күйі. Бұл құқықтық талаптарды іске асырудың құқықтық
нормаларды, яғни заңдылықты сақтаудың, орындаудың түпкі нәтижесі. Заңдылық
— талап, құқықтық тәртіп — осы талаптарды орындау тәжірибесі. Құқықтық
реттеудің мақсаты құқықтық тәртіп, нақ осыған қол жеткізу үшін өзге де
нормативтік құқықтық актілер шығарылады, заңнаманы жетілдіру жүзеге
асырылады, заңдылықты нығайту жөніндегі шаралар жүргізіледі. Құқықтық
тәртіп пен заңдылық арасында бір-біріне тікелей тәуелділік бар: заңдылықтың
нығайтылу құқықтық тәртіпті нығайтады, ал бұған керісінше, егер заңдылық
бұзылса, онда құқықтық тәртіп те іле-шала бұзылады.
Құқық қорғау қызметі кез келген тәсілмен ғана емес, ықпал етудің
заңдық шараларын қолданудың көмегімен жүзеге асырылады. Олардың қатарына
заңмен белгіленетін мемлекеттік мәжбүрлеу және жазалау шараларын жатқызуға
болады. Мемлекеттік мәжбүрлеудің төрт түрі белгілі:
1) қылмыстық-құқықтық (қылмыс жасаған жағдайда)
2) азаматтық-құықтық (қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соқтырмайтын
мүліктік зиян келтірілген жағдайда);
3) әкімшілік-құқықтық (әкімшілікке теріс қылық жасау; мысалы, ұсақ
бұзақылық, қоғамдық орындарда алкогольді ішімдіктер ішу);
4) тәртіптік (өзінің еңбек ету және басқа міндеттерін атқармау немесе
оларға салдыр-салақ қарау).
Заң құқық қорғау органдарынан заңның немесе өзге де құқықтық
актілердің белгіленген тапсырмаларына ғана сәйкес келетін заң жөнімен ықпал
ету шараларын қолдануды талап етеді. Егер заң бойынша суық қаруды сақтау
тәртібін бұзғаны үшін айыппұл түріндегі санкция қарастырылған болса,
әкімшілік жолымен тұтқынға алуды қолдануға болмайды. Құқық қорғау қызметі
белгілі бір тәртіптің аясында орындалады. Мысалы, қылмыстық, әкімшілік
немесе тәртіптік жазалау шараларын қолдану шегін қажетті тексерулер
жүргізбей тұрып айқындауға болмайды.
Құқық қоргау органдары заңдылықты бұзуға жол бермейді, құқықты қалпына
келтіреді, құқық бұзушылықтың жағымсыз зардаптарын жояды. Қылмыстың
жасалуына итермелеген себеп пен жағдай және қылмыстылықтың жолын кесу
шараларын қабылдау.
Сот — әділеттілікті жүзеге асырушы орган. Сот әділдігі — қылмыстық
және азаматтық істерді қатаң түрде заңға сәйкес қарау жене шешу жөніндегі
құқық қорғау қызметінің бір түрі.
Сот әділдігі мынадай белгілермен сипатталады:
— Сот әділдігін тек қана сот жүзеге асырады.
— Сот әділдігі қатаң түрде заңға сәйкес қылмыстық және азаматтық
істерді қарайды және шешеді. Сот әділдігінің барлық маңызды мәселелерін тек
қана заң анықтайды.
Сот шешімі жалпыға міндеттілік күшіне ие. Бұл Қазақстан
Республикасының аумағындағы барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-
өзі басқару органдары, қоғамдық ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен заңды және
жеке тұлғалардың міндетті сот шешімінің заңды күшіне енгенін көрсетеді. Сот
шешімін орындамау мемлеттік мәжбүрлеу, тіптен бостандығынан айыру шарасын
қолдануға алып келеді. Қазақстан Республикасында сот әділдігі соттар арқылы
ғана жүзеге асырылады. Ешқандай басқа мемлекеттік немесе мемлекеттік емес
органдар сот әділдігін жүзеге асыра алмайды. Соттың шығарған шешімдерін
бұзуға немесе өзгертуге тек қана соттардың ғана құқығы бар.
Сот билігін жүргізуші — судья. Судья сот әділдігін жүзеге асыруды
айыпталушының кінәсіздігін дәлелдеу қағидасына сүйене отырып атқаруы тиіс.
Кінәсіздігін дәлелдеу азаматты жазықсыз соттап жіберуден қорғайды. Әр
азамат заң жүзінде кінәлілігі дәлелденгенше кінәлі емес деп есептеледі. Тек
сот үкім шығарғаннан кейін ғана оны қылмыскер деп айта аламыз.

Прокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағында заңдардың, ҚР
Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-
дәл әрі біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен
тергеудің, әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғары
қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою
жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы мен заңдарына
қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық білдіреді.
Прокуратура сотта мемлекет мүддесін білдіреді, сондай-ақ заңмен
белгіленген жағдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық қуғындауды жүзеге
асырады.
Прокуратура органдарының жүйесін Қазақстан Республикасының Бас
прокуроры басқарады. Ол — Бас прокуратураның басшылығында тұрған адам.
Республика Прокуратурасы төменгі прокурорларды жоғары тұрған
прокурорларға және Республика Бас Прокурорына бағындыра отырып, бірыңғай
орталықтандырылған жүйе құрайды.
Ол өз өкілеттігін басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан
тәуелсіз жүзеге асырады және Республика Президентіне ғана есеп береді.
Республиканың Бас Прокурорын өз өкілетті мерзімі ішінде тұтқынға
алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен әкімшілік жазалау шараларын
қолдануға қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыстар жасаған реттерді
қоспағанда, Сенаттың келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Бас
Прокурор өкіметтігінің мерзімі бес жыл.
Республика прокуратурасының құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет
тәртібі 1995 жылғы 21 желтоқсан дағы ҚР Прокуратурасы туралы Заңымен
белгіленеді.
Жергілікті жерлерде облыстардың, аудандардың, қалалардың прокурорлары
болады.
Мысалы, мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар кейде заңдардың
талабын орындамау үшін оларды бұрмалауға тырысады. Сондықтан прокуратура
барлық мемлекеттік органдардың, мемлекеттік және мемлекеттік емес
ұйымдардың заңдар мен басқа да нормативтік актілер ережелерін бұрмалаусыз,
дәлме дәл орындауын бақылап отырады.
Осындай мақсатпен прокуратура Конституция, заңдар, Президент
жарлықтары кімнің тарапынан бұзылса да, соны анықтап, олар сол
бұрмалауларды жою үшін шаралар қолданады. Ондай жолсыздықтардың көбі
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты болып келеді.
Сондықтан прокуратура барлық мемлекеттік органдардың жұмысын мынадай
бағыттарда қадағалайды:
1) прокуратура азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын
қадағалайды. Мысалы, егер үкімет немесе әлдебір министрлік не болмаса әкім
азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзатындай шешім
қабылдайтын болса, прокуратура осы органдарға (немесе сотқа) наразылық
енгізіп, мұндай шешімнің заңсыздығын дәлелдейді;
2) прокуратура әкімшілік іс жүргізудің заңдылығын бақылайды. Әкімшілік
жолмен азаматтардың құқығы бұзылатын болса, мемлекеттік органдарды:
мемлекеттік автомобиль инспекциясын, санитарлық инспекцияны және т.б.
әкімшілік жауапкершілікке тартады. Осы органдар азаматтардың құқығын бұзып
отырған жоқ па — прокуратура соны тексереді;
3) прокуратура жедел іздестіру жұмысын, тергеу ісінің заңдылығын
қадағалайды. Тергеу органдары қылмысты істерге тергеу жүргізеді, осы
мақсатпен дәлелдер жинастырылады, күдікті адамдардан, куәлардан, жәбір
шеккен адамдардан жауап алады т.т. Міне, осындай жұмыстардың үстінде тергеу
органдары заңды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзған жоқ па,
тергеудің тыйым салынған әдістерін қолданған жоқ па т.т., прокуратура
соларды бақылайды.
Осы жұмыстарды атқару үшін прокуратура тергеу органдарына тексеру
жүргізеді. Ол мұндай жұмысты заңдардың бұзылуы және т.б. туралы түскен арыз
бен шағымдарға байланысты жүргізеді. Демек прокуратура органдары
мемлекеттің ғана емес, әрбір адамның да мүдделерін қорғайды.
Прокуратура органдарының қызметі. ҚР-ның құқық органдары арасында
прокуратура айрықша орын алады. Оның қызметі көп қырлы және көптеген
бағыттарда жүзеге асырылады. Прокуратураның міндеттері ҚР Конституциямен
және Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы арнаулы заңмен
белгіленген.
Прокуратураның басты міндеті барлық мемлекеттік органдардың, қоғамдық
бірлестіктердің, кәсіпорындардың, мекемелердің және олардың лауазымды
адамдарының Заңдарды, Президенттің жарлықтарын, басқа құқықтық нормативтік
актілерді мүлтіксіз және біркелкі қолдануына жоғарыдан қадағалауды жүзеге
асыру болып табылады.
Прокурорлық қадағалаудың мақсаты – Республиканың бүкіл аумағында
біртұтас және берік заңдылықты қамтамасыз ету, заңнамалардың талаптарын
бұзу фактілерін анықтау және кінәлілерді жауапқа тарту.
Прокуратура өз қызметін мемлекет атынан жүзеге асырады. Ол өз қызметін
ҚР Президентіне тікелей есеп беретін тек қана Бас прокурорға бағына отырып,
басқа мемлекеттік органдарға тәуелсіз атқарады.
Прокуратураға кең өкілдіктер берілген. Мысалы, ол мыналарды
қадағалауды жүзеге асырады.
а) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығын сақтауды;
ә) полициялық органдардың тергеулер мен анықтаулар кезіндегі
заңдылығын;
б) азаматтарды әкімшілік жауапқа тартудың заңдылығын;
в) сот белгілеген жазаларды орындау мен азаматтық істер бойынша сот
шешімдерін орындау заңдылығын;
г) сот органдарының үкімдерінің, шешімдерінің заңдылығын.
Өздерінің қадағалау қызметтерін прокуратура әр түрлі тәсілдермен
жүзеге асырады. Мысалы, мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың кез
келген заңсыз шешімдері мен қаулыларына наразылық білдіру; қылмысты зерттеу
кезінде заңсыз әрекеттерге жол бермеуді бақылау және т.б. жолмен. Қылмыс
фактісін анықтағанда прокуратура қылмыстық іс қозғайды, оны сотқа жібереді
және мемлекеттік айыптаушы ретінде көрінеді.
Сонымен бірге прокурордың сезіктіні қамауға алуға, тінту жүргізуге
рұқсат беруге, заңнамалар талаптарын бұзуға әкелуі мүмкін, жұмыстағы
кемшіліктерді жоюға лауазымды адамдарға міндетті болатын жазбаша нұсқаулар
беруге құқы бар.
1.3 Ішкі істер органдары
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары еліміздің заңдарына
сәйкес анықтау, алдын-ала тергеу мен жедел іздестіру қызметін сондай-ақ
қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам
мен азаматтың құқықтары мен бостандығына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне
қылмыстық және өзге де заңға қарсы қол сұғу шылықтардың алдын алу және
жолын кесу жөніндегі атқарушылық және өкім етушілік міндеттерін жүзеге
асыратын арнайы мемлекеттік орган болып табылады.
Ішкі істер органдарының біртұтас жүйесін ҚР Ішкі істер министрлігі,
оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер,
облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының,
көліктегі оған бағынатын ішкі істер департаменттері, қалалық, аудандық,
қалалардағы аудандық, поселкелік, желілік ішкі істер органдары, ішкі
әскерлер, ІІМ қарасты оқу орындары құрайды.
Ішкі істер органдарының негізгі міндеттері:
1) заңға қайшы озбырлықтан адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын
қорғау, қоғамдық тәртіпті қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету,
қылмыстардың және құқықты бұзушылықтың басқа да түрлерінің алдын алу,
оларды анықтап, жолын кесу;
2) анықтама жүргізу ісін жүзеге асыру және қылмыстық жазалар мен
әкімшілік шараларды орындау;
3) кәмелетке толмаған балалардың қараусыз қалуын және олардың құқықты
бұзуын анықтау және болғызбау, қылмыс жасап, алдын ала анықтаудан,
тергеуден және соттан жасырынып, қылмыстық немесе әкімшілік жазаны
мойындаудан жалтарып із-түзсіз жоғалғандарды және т.б. іздестіру;
4) ұрланған мүлікті іздестіру, жол жүру ережелерін сақтауға бақылау
жасау, паспорт жүйесі ережелерін іске асыруға азаматтар мен лауазымды
тұлғалар бақылау жасау;
5) шетел азаматтарының республика аумағында болу ережелерін сақтауына
бақылау жасау, мемлекеттік және басқа объектілерді қорғау т.с.
Осы міндеттерді орындау үшін ішкі істер органдарына, олардың
қызметкерлеріне мынадай құқықтар беріледі:
1. Азаматтардан олардың қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті
сақтауын, құқыққа қарсы қимылдарды тоқтатуын талап етеді. Егер бұл талаптар
орындалмаса, онда органдар күштеу шараларын қолдануға хақылы болады.
2. Егер бір кісі жөнінде қылмыс жасады немесе әкімшілік құқықты бұзды
деген күдік пайда болса, оның кім екендігін анықтайтын құжаттарын
тексереді.
3. Жасалған немесе әзірленіп жатқан құқық бұзу әрекеттері туралы
түскен арыздарды, хабарларды қарайды, оларды тіркейді, ондай әрекеттерді
болғызбау, ашу, құқық бұзушыларды ұстау жөнінде дер кезіңде шаралар
қолданады.
4. Егер органдарда қылмыстық және басқа әрекеттер жөніндегі
материалдар бойынша іс жүргізіліп жатқан болса, соларға байланысты
түсініктер, құжаттар, жауаптар алу үшін тиісті азаматтарды шақырады. Ал
шақырылған адам дәлелді себепсіз келуден бас тартатын болса, оны күштеп
әкеледі.
5. Құқық бұзған әскери қызметшілерді ұстап, оларды әскери
коменданттарға, әскери комиссарларға тапсырады.
6. Жастары 18-ге толмаған, бірақ құқықты бұзған жасөспірімдер мен
балаларды ұстап алып, уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарында
ұстау, оларды қабылдайтын және бөлетін орындарға орналастырады. Қараусыз
қалған балалар мен жасөспірімдерді қамқоршылық және қайырымдылық
органдарына жеткізіп отырады.
7. Айналадағы адамдарға нұсқаң келтіруі немесе қоғамдық тәртіпті бұзуы
ықтимал адамдарды арнаулы медициналық мекемелерге жеткізеді.
8. Қылмыс жасады деген күдік туғызған адамдардың ізіне түскен жағдайда
орган қызметкерлері азаматтардың тұрғын үйлері мен басқа да үй-жайларына
тежеусіз кіріп, олардың ішін қарап, тексереді.
9. Көліктерді тоқтатып, жүргізушілердің машина айдауға, жүк
тасымалдауға құқық беретін құжаттарын тексереді. Егер көлікті жүргізу,
жүкті тасымалдау жөніндегі ережелері бұзылған болса, заңда көрсетілген
шараларды қолданады: жүргізушіні машина жүргізуден шеттетеді, жүкті арнаулы
орынға жеткіздіреді, т.с.
Ішкі істер органдарына, олардың қызметшілеріне қоғамдық тәртіп
орнатылуын, заңдардың орындалуын бақылауға мүмкіндік туғызатын басқа да
құқықтар беріледі.
Қоғамда құқықтық тәртіп болуына, барлық азаматтардың құқықтары мен
бостандықтары бұзылмауына олардың өздері мүдделі болуға тиіс.
Неғұрлым саналы азаматтар ішкі істер органдарының қоғамдық тәртіпті
қорғау жөніндегі жұмысына жәрдемдесіп тұрады.
Бұл істе ерекше көзге түскен адамдарды ішкі істер органдары үнемі
көтермелеп отырады.
Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне мына жағдайларда оқ-дәрілі
қаруларды қолдануға рұқсат етіледі:
1) азаматтарды қылмыскерлердің шабуылынан қорғау үшін және
кепілдіктегі адамдарды босату үшін;
2) ішкі істер органдарының қызметкерлеріне, олардың отбасындағы
адамдарға, жасақшыларға жасалған шабуылды тойтару үшін;
3) азаматтардың тұрғын үйлеріне, мемлекеттік ұйымдардың кеңсе үйлеріне
жасалған шабуылды тойтару үшін.
Болған қылмыстан қорғану, тоқтату жағдайында да қару қолданылады.
Ішкі істер органдары жасалған қылмыстар бойынша анықтау, жедел
іздестіру жұмыстарын жүргізеді.
Ішкі істер өкілдері мынадай міндеттер атқарады: қылмыс жасады немесе
қылмыс жасауға әзірленіп жүр деген күдік туғызған адамдарды ұстайды.
Мынадай тергеу жұмыстарын жүргізеді: суретке түсіреді, дыбыс жазады, кино,
теледидар бейнелерін жасайды; көтерілген қылмыстық істер бойынша
мемлекеттік органдар мен ұйымдардан кідіріссіз және қайтарусыз материалдар
алады; азаматтарды шақырып, олардан түсінік сұрайды, құжаттар талап етеді,
жауап алады; қылмыстың қандай жағдайда жасалғанын анықтау мақсатымен
жұртшылықты хабардар етіп, оларды осыған жұмылдыру үшін бұқаралық ақпарат
құралдарын пайдаланады т.т.
Тергеушілер қылмыскерлерді әшкерелеп, оларды қылмыстық жауапқа тарту
үшін басқа да қимылдар жасайды.
Полиция органдарының қызметі. Полиция – Ішкі істер министрлігінің
құқықтық қорғау органдары жүйесінде басшылық орын алады, оған құқық
бұзушылықтың алдын алу, анықтау және болдырмау жөніндегі жұмыстардың
анағұрлым көп көлемі жүктелген. Сондықтан ПМ жүйесінде толып жатқан
полициялық органдар құрылған. Олар:
1) қылмысты істер полициясы, ол қылмыстарды болдырмау және ашумен
айналысады;
2) патруль полициясы – көшелер мен елді мекендерде, басқа да қоғамдық
орындарды қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастыруды;
3) жол полициясы – жол қозғалысы ережелерін сақтауды және оның
қауіпсіздігін қадағалайды;
4) әкімшілік полициясы, оның міндеті - әкімшілік құқық бұзушылықтың
алдын алу;
5) полицияның арнайы отрядтары – күзетілген маңызды объектілерде
құқықтық тәртіпті қаитамасыз етуге бағытталған және т.б.
Заң бойынша – полиция қылмыстар, әкімшілік бұзулар туралы өтініштерді,
хабарлауларды қабылдауға және тіркеуге, қылмыстардан зардап шеккен
азаматтарға көмек көрсетуге, қылмыс жасаған адамдарды іздестіруге; қару
сатып алуға, алып жүруге және сақтауға рұқсат беруге; кәмелетке
толмағандардың панасыздығы мен құқық бұзуларын анықтауға; шетелдік
азаматтардың Қазақстан аумағында болуы кезінде ережелерді сақтауға
бақылауды жүзеге асыруға және т.б. міндетті.
Заң полицияға: құқық бұзулар жасағаны жөнінде сезікті азаматтардың
құжаттарын тексеруге; әкімшілік құқық бұзулар туралы хаттамалар жасауға;
заңда көрсетілген жағдайларда азаматтарды ұстауға және қамауға алуға; бас
бостандықтарынан айыру орындарынан босаған адамдар тұрғысында бақылауды
жүзеге асыруға; қылмыс жасаған адамдардың ізіне түсу кезінде азаматтардың
тұрғын үйлерінде ұйымдар орналасқан бөлмелерге кіруге, оларды тексеруге
және т.б. құқық береді.
Қазақстанның полициясы басқа еларалық келісімдер негізінде басқа
елдердің полициясымен өзара әрекеттестікте жұмыс істейді. Қазақстан өз
аумағында қылмыс жасаған адамдарды іздестіруге, ұстауға және ҚР-на беруге
көмектесетін халықаралық полиция ұйымының – Интерполдың мүшесі болып
табылады.
ПМ-нің полициялық органдарынан басқа Қаржы пллициясы агенттігінің
жүйесінде қаржы полициясы, ал қарулы күштерде - әскери полиция жұмыс
істейді.
Қаржы полициясының құқықтары төмендідей: салықтарды төлемеуге
байланысты құқық бұзуларды анықтау және болдырмау; салықтар төлеуден
жалтаратын адамдарды іздестіруді жүзеге асыру; салықтық құқық бұзушылық пен
мемлекеттітке келтірілген залалдарды өтеу жөнінде шаралар қолдану; салық
қызметі органдарындағы жемқорлық фактілерінің алдын алу, анықтау; алдын ала
тергеу, анықтау жүргізу; өзінің құқық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін
мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, азаматтардан қажетті ақпаратты сұрату
және алу.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметі. Құқық тәртібін қорғауға ҚР
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің органдары үлкен рөл атқарады. ҰҚК-нің
басшылығымен облыстар мен қалаларда құрылған аумақтық органдарға жұмыс
істейді.
ҰҚК жүйесінде барлау бөлімшелері (Барлау қызметі) бар: мемлекеттік
құпияларды сақтауды қамтамасыз етуге арналған үкіметтік мекемелерді
байланыс пен ақпараттың арнайы түрлерімен жабдықтайтын орган және басқа
құрылымдар жұмыс істейді.
ҰҚК органдары тікелей ҚР-ның ПРезидентіне бағындырылған. ҰҚК
органдарының басты міндеті ҚР қауіпсіздігіне қатер төндіретін шетелдік
мемлекеттердің арнаулы қызметтері мен жекелеген адамдарының барлау және
дұшпандық қызметімен күрес болып табылады. Бұл күрес заңға сәйкес жария,
сондай-ақ жария емес құралдар мен әдістерді қолдану жолымен жүргізіледі.
ҰҚК органдарының қызметіндегі басқа маңызды бағыт – лаңкестікпен,
заңсыз қару айналымымен, нашақорлықпен, жемқорлықпен, контрабандамен, пара
алумен, басқа да ауыр қылмыстармен күресу болып табылады.
Лаңкестікпен күресу – 2001 жылы 11 қыркүйекте Нью-Йорктегі және 2002
жылы қазанда Мәскеудегі театр орталығына жасалған шабуылдан кейін ерекше
міндетке айналды.
Сондықтан ҚР-ның ҰҚК-ті лаңкестікпен күресу жөніндегі өз қызметін
басқа мемлекеттердің мемлекеттік қауіпсіздік органдарымен өзара әрекеттесуі
арқылы жүзеге асырады.
ҰҚК органдарына зор құқықтар берілген. Дәлірек айтқанда, олар, мысалы,
мақсаттары ҚР-дағы конституциялық құрылысты күшпен өзгерту болып табылатын,
лаңкестік, экономикалық контрабандаға, жемқорлық, қылмысты топтардың
беделін түсіруге бағытталған қылмыстың ерекше қауіпті түрлері бойынша
анықтау және алдын алазерттеу жүргізеді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдары — республиканың
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын және
өздеріне берілген өкiлеттiктер шегінде жеке адамның және қоғамның
қауiпсiздiгiн, елдiң конституциялық құрылысын, мемлекеттік егемендiгiн,
аумақтық тұтастығын, экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуетін
қорғауды қамтамасыз етуге арналған
Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп
беретін арнаулы мемлекеттік органдар.
Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мiндеттерi:
1) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыруға қатысу;
2) Қазақстан Республикасының мүддесі үшін барлау ақпаратын іздеп табу;
3) шетел мемлекеттері арнайы қызметтері мен ұйымдарының, сондай-ақ
жекелеген адамдардың Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне нұқсан
келтіруге бағытталған барлау және өзге де қызметін анықтау, алдын алу және
тыю;
4) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен
өзгертуге, тұтастығын бұзуға және қауiпсiздiгiн әлсіретуге бағытталған
терроризм және өзге де қызметті анықтау, алдын алу және тыю;
5) заңмен Ұлттық қауiпсiздiк комитеті органдарының жүргiзуiне
жатқызылған қылмыстарды анықтау, тыю, ашу және тергеу;
6) Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасының
мемлекеттік органдарын, Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери
құрамаларын бейбіт кезде және соғыс уақытында үкiметтiк байланыспен
қамтамасыз ету;
7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, ұйымдарында,
Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери рамаларында шифрлау
жұмысын ұйымдастыру;
8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын күзетуді және
қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметiнiң құқықтық негiзiн:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары;
2) ҚР-ның Ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы ҚР 1995 жылғы 21
желтоқсандағы Заңы;
3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де
мiндеттемелерi;
5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi мен Жоғарғы Сотының
нормативтік қаулылары;
6) Қазақстан Республикасының Президенті бекiтетiн Ұлттық қауiпсiздiк
комитетi туралы Ереже құрайды.
Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметі заңдылық, дара басшылық,
баршаның заң алдындағы теңдiгi, адамның және азаматтың құқықтары мен
бостандықтарын құрметтеу және сақтау, саяси партиялар мен өзге де
бiрлестiктер қызметінен тәуелсiздiк принциптерінде құрылады.
Ұлттық қауiпсiздiк органдары өз қызметін жүзеге асырған кезде мемлекет
адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк береді.
Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары заңда тікелей көзделген
ерекше жағдайларда және тәртіппен ғана шектелуі мүмкін. Ұлттық қауiпсiздiк
органдары заңмен белгіленген шектерде әрбір азаматқа оның құқықтары мен
мүдделерін қозғайтын құжаттармен, шешімдермен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз
етуге мiндеттi. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының, олардың әскери
қызметшiлерiнiң, жұмысшылары мен қызметшiлерiнiң iс-әрекеттерiне ұлттық
қауiпсiздiк органдарының жоғары тұрған органдарына, прокуратураға немесе
сотқа шағым жасауға болады.
Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдарының бірыңғай
жүйесін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитеті, оның
ведомстволары, ұлттық қауiпсiздiктiң аумақтық және өзге де органдары,
Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң әскерлерi, арнаулы мақсаттағы бөлімшелер,
оқу орындары, ғылыми-зерттеу мекемелері және басқа да ведомстволық
бағыныстағы ұйымдар құрайды.
Ұлттық қауiпсiздiк комитетін Республика Президенті құрады, таратады
және қайта құрады және ол Республиканың орталық атқарушы органдарының
жүйесіне кiрмейдi. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ведомстволарына басшылық
жасауды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленетiн
тәртіппен ұлттық қауiпсiздiктiң аумақтық және өзге де органдарын, сондай-ақ
ведомстволық бағыныстағы ұйымдарын құрады, таратады және қайта
ұйымдастырады және оларға басшылық жасайды.
Ұлттық қауiпсiздiк комитетін Республика Парламенті Сенатының келiсiмi
бойынша Республиканың Президенті қызметке тағайындайтын Төраға басқарады;
оны Республика Президенті қызметтен босатады.

1) Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасының
Парламентін, Қазақстан Республикасының үкiметiн елдің қауiпсiздiгiне төнген
қауіп туралы хабардар етуге;
2) Қазақстан Республикасының мүддесі үшін барлау қызметін жүзеге
асыруға;
3) Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне нұқсан келтіруге
бағытталған шет мемлекеттер арнаулы қызметтерiнiң, ұйымдарының, сондай-ақ
жекелеген адамдардың барлау және өзге де қызметін анықтау, алдын алу, тыю
жөнінде қарсы барлау жұмысын жүзеге асыруға;

өзгертуге, аумақтық тұтастығын, бұзуға және қауiпсiздiгiн әлсіретуге
бағытталған терроризм мен өзге де қызметті анықтауға, алдын алуға және
тыюға;
5) заңмен ұлттық қауiпсiздiк органдарының жүргiзуiне жатқызылған
қылмыстарды анықтауға, тыюға, ашуға;
6) Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз әскерилендiрiлген
құрамалардың, басқа мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсiптiк
одақтарының, діни негiздегi партиялардың қызметіне, сондай-ақ шет ел заңды
тұлғалары мен азаматтарының, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың
саяси партияларды, кәсiптiк одақтарды қаржыландыруына жол бермеуге және
тыюда мемлекеттік органдарға жәрдем көрсетуге;
7) мемлекеттік органдарда, әскери құрамалар, бөлімдер мен ұйымдарда
мемлекеттік құпия болып табылатын мәлiметтердi қарсы барлалық қорғау
жөнінде шаралар әзірлеп, жүзеге асыруға, сондай-ақ олардың қызметін аталған
салада бақылауға. Мемлекеттік және әскери құпия болып табылатын ақпаратқа
рұқсат алуды ресiмдейтiн (қайта ресiмдейтiн) Қазақстан Республикасының
азаматтарына арнайы тексеріс жүргізуге;
8) тiзбесiн Қазақстан Республикасының үкiметi белгiлейтiн қорғаныс
кешенi, атом энергетикасы, көлік пен байланыс объектiлерiнiң, аймақтардың
тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету объектiлерiнiң және өзге де стратегиялық
объектiлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнінде шаралар әзірлеп, жүзеге
асыруға қатысуға;
9) Қазақстан Республикасының шетелдердегі дипломатиялық өкiлдiктерi
мен өзге де мемлекеттік ұйымдарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнінде
шаралар жүргізуге;
10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан
Республикасының азаматтығына қабылдау мен Қазақстан Республикасының
азаматтығынан шығуға, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелге баруына,
шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының
аумағына келуіне және оның аумағынан тыс жерлерге кетуіне, сондай-ақ
олардың Республика аумағында болу режиміне қатысты мәселелерді шешуге
қатысуға;
11) шет мем лектер өкiлдiктерi мен халықаралық ұйымдардың Қазақстан
Республикасының аумағында қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнінде басқа
құзыретті органдармен бүрлесе отырып шаралар қолдануға;
12) Қазақстан Республикасы Президентiнiң нұсқауы бойынша басқа
мемлекеттік органдармен бiрлесiп шетел мемлекеттері, үкiметтерi
басшыларының және халықаралық ұйымдар басшыларының Қазақстан
Республикасында болған кезеңінде олардың, сондай-ақ елдің аумағында
өткiзiлетiн аса маңызды қоғамдық саяси шаралардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз
етуге қатысуға;
13) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын күзетуді және
қорғауды қамтамасыз етуге;
14) ұлттық қауiпсiздiк органдарына жүктелген мiндеттердi іске асыру
мақсатында ақпараттық-талдау жұмысын жүргізуге;
15) жұмысы Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн
радиоэлектронды құралдармен берiлетiн радиосәулелердi анықтауға;
16) шифрлау және шифрды ашу жұмысын ұйымдастыруға, арнаулы байланыс
түрлерiнiң үкiметтiк және өзге де жүйелерiн пайдалануға, дамытуға, олардың
қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге;
17) өз қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi, соның iшiнде
мемлекеттік қызметтік құпиялар болып табылатын ұлттық қауiпсiздiк
органдарының мәлiметтерiне техникалық жолмен кіруге жол бермеу жөнiндегi
шараларды жүзеге асыруға;
18) ұлттық қауiпсiздiк органдарының жұмылу дайындығын қамтамасыз
етуге;
19) ұлттық қауiпсiздiк органдары үшін кадр лар даярлауды, оларды қайта
даярлауды және бiлiктiлiгiн артты руды жүзеге асыруға мiндеттi;
20) мемлекеттік қызметке кіретін және мемлекеттік қызметте тұратын
Қазақстан Республикасы азаматтарына Қазақстан Республикасының заңдарында
белгіленген шекте және тәртіппен міндетті арнайы тексеру жүргізуге;
21) өздерiнiң қадағалау функцияларын жүзеге асыруына байланысты
прокурордың жазбаша талаптарын орындауға мiндеттi.
Ұлттық қауiпсiздiк органдарының құқықтары. Ұлттық қауiпсiздiк
органдарының өздеріне жүктелген мiндеттердi орындау үшін мыналарға құқығы
бар:
1) жалпы және арнаулы жедел-iздестiру шараларын, сараптық-
криминалистiк зерттеулер жүргізу, оларды тергеу заңмен ұлттық қауiпсiздiк
органдарының қарауына жатқызылған қылмыстардың алдын алу, тыю және ашу
мақсатында Қазақстан Республикасының азаматтарын штаттан тыс оперативтiк
қызметкерлер ретiнде ерiктi негiзде жұмысқа тарту;
2) мақсаттары мен іс-қимылдары мемлекеттің қауiпсiздiгiн әлсіретуге,
Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзу, конституциялық құрылысты күшпен
өзгертуге бағытталған шетел мемлекеттерiнiң арнаулы қызметтері мен
ұйымдарының, қылмысты топтардың iшiне енуді жүзеге асыру;
3) өздерiнiң іс-қимылдарымен қоғамның және мемлекеттің қауiпсiздiгiне
қатер төндiретiн немесе нұқсан келтiретiн шетел азаматтары мен азаматтығы
жоқ адамдарды Қазақстан Республикасына жібермеу және аластау жөнiндегi
мәселелерді құзыретті мемлекеттік органдармен бiрлесiп шу;
4) заңмен ұлттық қауiпсiздiк органдарының қарауына жатқызылған
қылмыстарды анықтауда, алдын алуда, тыюда, ашуда және тергеуде қылмыстық іс
жүргізу заңында көзделген шекте орындау үшiн басқа органдарға орындалуы
мiндеттi тапсырмалар беру;
5) өздері жүргiзiп жатқан материалдар бойынша азаматтарды ұлттық
қауiпсiздiк органдарына шақыру, олардан түсiнiктемелер, анықтамалар,
құжаттар алып, бұлардың көшiрмелерiн түсіру, шақыру бойынша келуден бас
тартқан адамдарды мәжбүрлеп әкелу;
6) қылмыс жасады деген негiздi сезік туғызған ретте азаматтардың жеке
басын куәландыратын құжаттарын тексеру. Қылмыс жасауына сезік келтiрiлген
адамдарды ұстау, ұсталғандардың құжаттарын қарап, жеке тексеру және олардың
көлік құралдарын тексеруді, сондай-ақ олардың заттары мен құжаттарын алып
қоюды жүзеге асыру;
7) арнайы күзетiлетiн ерекше режимдегі аумақтарға және өзге де
объектілерге кіруге әрекет жасаған және кіруге байланысты құқық бұзған,
шекара аймағында заңсыз жүрген адамдарды әкiмшiлiк жолмен ұстауды жүзеге
асыру. Олардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, олардан
түсiнiктемелер алу, жеке тексеру, заттарын қарау мен құжаттарын тексеріп
алып қоюды жүзеге асыру;
8) қылмыстарды болдырмау, қылмыс жасаған немесе қылмыс жасады деген
сезік туғызған адамдары қуғындау мен ұстау, ұсталғандарды оларды ұстайтын
жерге жеткізу, сондай-ақ оқиға болған жерге жету және шұғыл медициналық
көмекке мұқтаж азаматтарды емдеу мекемелеріне әкелу үшін ұйымдардың, әскери
құрамалардың және бөлiмдердiң қарамағындағы байланыс құралдарын, көлік
құралдарын пайдалану, иелерiнiң талап етуі бойынша ұлттық қауiпсiздiк
органдары осының салдарынан келтiрiлген нақты залалды Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өтейді;
9) егер кiдiру адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп туғызса, елдің
қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруi мүмкін болса, қылмысты тыю, қылмыс жасады
деген сезік туғызған адамдарды қуғындау мақсатымен ұйымдардың, әскери
құрамалардың және бөлiмдердiң аумақтары мен үй-жайларына және азаматтардың
қарамағындағы тұрғын үй-жайлар мен олардың қарамағындағы жер учаскелеріне
кiдiргiсiз кіру. Азаматтардың қарамағындағы тұрғын үйлерге және өзге де үй-
жайларға басып кіру оқиғалары туралы ұлттық қауiпсiздiк органдары
прокурорды жиырма төрт сағаттың iшiнде хабардар етеді;
10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тыю
шарасы ретінде тұтқындау ұйғарылған адамдарды немесе қауiпсiздiк органдары
қылмыс жасады деген сезік келтiрiп ұстаған адамдарды ұстау үшін тергеу
изоляторларын иеленуге, жекелеген жағдайларда оларды ұлттық қауiпсiздiк
органдарының келiсiмi бойынша құқық қорғау органдары мен соттар ұстаған
және тұтқындағандарды, сондай-ақ сотталғандарды ұстау үшін пайдаланады;
11) мемлекеттiк құпиялардың, коммерциялық, банк құпияларының және
заңмен қорғалатын құпиялардың сақталуын, мемлекеттік органдардағы, әскери
құрамалардағы, бөлiмдердегi және ұйымдардағы арнаулы байланыс түрлерiнiң
және шифрлау жұмысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелері жөнінде
бақылауды жүзеге асыру, әдiстемелiк және практикалық көмек көрсету;
12) Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне төнген қатерді іске
асыруға, тергелуі Қазақстан Республикасының заңдарымен ұлттық қауiпсiздiк
органдарының қарауына берілген қылмыстардың жасалуына мүмкiндiк беретін
себептер мен жағдайларды жою туралы орындалуы мiндеттi ұсыныстарды
мемлекеттік органдарға, әскери құрамаларға, бөлімдер ен ұйымдарға енгізу;
13) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк құпияларды қорғау
туралы белгіленген ережелерi немесе Қазақстан Республикасының заңдарын бұза
отырып пайдаланылатын радиоэлектрондық хабар беру құралдарының қолданылуына
жол бермеу;
14) ұлттық қауiпсiздiк органдарына жүктелген мiндеттердi орындау үшін
қажетті ақпаратты мемлекеттік органдардан, әскери құрамалардан, бөлімдер
мен ұйымдардан өтеусіз және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде
белгіленген коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны
құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып алу;
15) ұлттық қауiпсiздiк органдарының құзыретіне енетiн мәселелер
жөнінде жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарды хабардар ету;
16) ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметіне қатысты архивтегі
оперативтік, тергеу және басқа да материалдарды сақтау мен пайдалануды
жүзеге асыру;
17) ұлттық қауiпсiздiк органдары әскери қызметшiлерiнiң жеке басын,
олардың бөлiмшелерiнiң, үй-жайлары мен көлiк құралдарының ведомстволық
қарақтылығын құпиялау мақсатында басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдардың
құжаттарын пайдалану;
18) ұлттық қауiпсiздiк органдарына жүктелген мiндеттердi орындау және
аталған органдардың қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдар мен
бөлiмшелердi Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен
құру;
19) арнайы техникалық және өзге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz