Мұнай газ кен орындарын игеру
Кіріспе ... ... ... ... 3
1 тарау. Мұнай мен газ кенорындарын игеру режимдері
1.1. Тау жыныстарының коллекторлық қасиеттері ... ... ..5
1.2. Геологиялық.геофизикалық зерттеудің және мұнай.газды аймақтарды игерудің негізгі кезеңдері.
2 тарау. ҚР.ның мұнай нарығының ағымдағы жағдайды талдау
2.1. Ағымдағы жағдайды, саланың елдің әлеуметтік.экономикалық және қоғамдық.саяси дамуына әсерін бағалау ... ... ... ... ... ... 24
2.2. Мұнай мен газды өндіру ... ... ...26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... .31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Мұнай газ кен орындарын игеру мен пайдалану пәнінің негізгі мақсаты болып келешек инженер маманын мұнай мен газ кенорындарын игеру мен арнайы шешімдерді қабылдау мен мұнай мен газды өндірудің техникасы мен технологиясы дұрыс таңдау болып табылады.
Мұнайды ұңғыма арқылы өндіру мұнай кенорындарын игерудің тиімді жолы, ал мұнайды шахталы әдісі бойынша пайдалану көбіне аз мөлшерде және сирек түрі болып келеді. Табиғи газы бар кенорындар тек ұңғымалармен игеріледі. Ұңғымалар негізі болып вертикаль немесе көлбеулі тереңдікке қазылған және аз мөлшердегі диаметрімен жердің үстіңгі беткейлерін мұнай қорымен байланысты обьектілер мұнай мен газ өндірісінде кең тараған және қымбат обьектілер болып табылады. Мұнай мен газ ұңғымаларын пайдалану негізі өте қиын және жауапты процесс, өйткені ұңғыма іші қондырғыларының жұмысы мен әсіресе сұйықтардың қозғалысы (мұнай, газ және су немесе олардың қосындысы) ұңғымада біздің көзге көрінбейді, яғни оларды тікелей бақылаумен параметрлерін есептеу мүмкін еместігінен, қиын басқарушы жұмыстары болып табылады.
«Мұнай мен газ ұңғымаларын пайдалану» пәнінде ұңғыма түбінен сағасына дейін сұйықтық көтерілу процесін, ұңғыма ішкі және саға жабдықтарын, ұңғыманы бұрғылаудан соң немесе жөндеуден кейін оны меңгеру, ұңғыманы зерттеу әдісі, өнімді қабатқа әсер ету мен ұңғыма шектік аудандарға, пайдаланудың әртүрлі мүмкіндігімен ұңғымаларды пайдалану мен жер асты жөндеу жұмыстарын оқытады.
Мұнай-газ саласы еліміздің және оның жекелеген өңірлерінің дамуына маңызды әлеуметтік-эконикалық әсер келтіреді, шын мәнінде мемлекеттің бүкіл экономикасы үшін алға тартушы күш болып табылады, экономиканың басқада салаларының дамуына ықпал етеді. Өңір мен бүкіл мемлекет ауқымындағы анағұрлым маңызды әлеуметтік бағдарламалардың іске асуы мұнай-газ кешені кәсіпорындарының жұмысына байланысты.
Мұнай-газ саласының серпінді дамуы Қазақстанның бүкіл экономикасы үшін өте маңызды. Бүгінгі таңда мұнай-газ саласы Қазақстан Республикасы экономикасының құрылымында айқындаушы роль атқарады. Статистика органдарының оперативтік деректері бойынша 2014 жылы ІЖӨ-дегі мұнай-газ саласының үлесі 20,8 %, ал 2013 ресми есеп бойынша - 21,8% құрады.

1. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық іс-әрекеттерді жандандыруда трансұлттық компаниялардың қызметін жетілдіру. // Хабаршы ХҚТУ.-№3.- 2013ж.
2. Мухтаров А.К. Загрязнения природной среды, связанные с нефтью и нефтепродуктами // Нефть и газ (Казахстан). – 2011ж.
3. Махин В. На пути к Евразийскому союзу //Казахстанская правда - 2003.-14 мая.- С.6-8;
4. Чердабаев М.Т. Основные этапы становления и развития нефтегазовой промышленности Казахстана // Нефть и газ (Казахстан). – 2011ж.
5. Шетелдік инвестициялау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың негізгі тетіктері.// Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ хабаршысы. -2013ж.
6. Яковлев А. В. // Нефть и газ (Казахстан). – 2013ж.
7. Н.Ә.Назарбаев ХХІ ғасыр асуында. Тарау 2. А.,1996 ж.
8. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан -2030» А.2014ж.
9. Н.Ә.Назарбаев Сындарлы он жыл. «Атамұра» баспасы.2013 ж.
10. Н.Ә.Назарбаев Ғасырлар тоғысында. «Атамұра» баспасы. 2014ж.
11. Қ.К. Тоқаев. Жаһандану жағдайындағы Қазақстанның сыртқы саясаты. А.,2014 ж.
12. Жаһандық экономика және Қазақстан. // Егемен Қазақстан. №151, 2014
13. Ж.Әкіміш. Мұнай, Биожанармай және туберкулез // Жас Алаш. №69. 23 тамыз. 2014 ж.
14. Қазақстан экономикасының даму қарқыны шетелдік сарапшылар тарапынан бағлануы. // Егемен Қазақстан, 2012 ж.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Мұнай газ кен орындарын игеру
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2015ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 тарау. Мұнай мен газ кенорындарын игеру режимдері
1.1. Тау жыныстарының коллекторлық
қасиеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Геологиялық-геофизикалық зерттеудің және мұнай-газды аймақтарды
игерудің негізгі
кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 7
2 тарау. ҚР-ның мұнай нарығының ағымдағы жағдайды талдау
2.1. Ағымдағы жағдайды, саланың елдің әлеуметтік-экономикалық және
қоғамдық-саяси дамуына әсерін
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
2.2. Мұнай мен газды
өндіру ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..32
Кіріспе
Мұнай газ кен орындарын игеру мен пайдалану пәнінің негізгі мақсаты
болып келешек инженер маманын мұнай мен газ кенорындарын игеру мен арнайы
шешімдерді қабылдау мен мұнай мен газды өндірудің техникасы мен
технологиясы дұрыс таңдау болып табылады.
Мұнайды ұңғыма арқылы өндіру мұнай кенорындарын игерудің тиімді жолы,
ал мұнайды шахталы әдісі бойынша пайдалану көбіне аз мөлшерде және сирек
түрі болып келеді. Табиғи газы бар кенорындар тек ұңғымалармен игеріледі.
Ұңғымалар негізі болып вертикаль немесе көлбеулі тереңдікке қазылған және
аз мөлшердегі диаметрімен жердің үстіңгі беткейлерін мұнай қорымен
байланысты обьектілер мұнай мен газ өндірісінде кең тараған және қымбат
обьектілер болып табылады. Мұнай мен газ ұңғымаларын пайдалану негізі өте
қиын және жауапты процесс, өйткені ұңғыма іші қондырғыларының жұмысы мен
әсіресе сұйықтардың қозғалысы (мұнай, газ және су немесе олардың қосындысы)
ұңғымада біздің көзге көрінбейді, яғни оларды тікелей бақылаумен
параметрлерін есептеу мүмкін еместігінен, қиын басқарушы жұмыстары болып
табылады.
Мұнай мен газ ұңғымаларын пайдалану пәнінде ұңғыма түбінен сағасына
дейін сұйықтық көтерілу процесін, ұңғыма ішкі және саға жабдықтарын,
ұңғыманы бұрғылаудан соң немесе жөндеуден кейін оны меңгеру, ұңғыманы
зерттеу әдісі, өнімді қабатқа әсер ету мен ұңғыма шектік аудандарға,
пайдаланудың әртүрлі мүмкіндігімен ұңғымаларды пайдалану мен жер асты
жөндеу жұмыстарын оқытады.
Мұнай-газ саласы еліміздің және оның жекелеген өңірлерінің дамуына
маңызды әлеуметтік-эконикалық әсер келтіреді, шын мәнінде мемлекеттің бүкіл
экономикасы үшін алға тартушы күш болып табылады, экономиканың басқада
салаларының дамуына ықпал етеді. Өңір мен бүкіл мемлекет ауқымындағы
анағұрлым маңызды әлеуметтік бағдарламалардың іске асуы мұнай-газ кешені
кәсіпорындарының жұмысына байланысты.
Мұнай-газ саласының серпінді дамуы Қазақстанның бүкіл экономикасы үшін
өте маңызды. Бүгінгі таңда мұнай-газ саласы Қазақстан Республикасы
экономикасының құрылымында айқындаушы роль атқарады. Статистика
органдарының оперативтік деректері бойынша 2014 жылы ІЖӨ-дегі мұнай-газ
саласының үлесі 20,8 %, ал 2013 ресми есеп бойынша - 21,8% құрады.
2014 жылдан бастап енгізілген салық жеңілдіктеріне қарамастан, мұнай-
газ саласынан түсімдер мемлекет бюджетінің елеулі көлемін құрады. Атап
айтқанда, кірістердегі сала үлесі 2013 жылмен салыстырғанда 1,2
проценттік тармаққа ұлғайып, 1531,2 млрд.теңге немесе 40,5 % құрады.
Ұлттық қорға мұнай-газ саласының төлемдері алдындағы жылдағыдай 1371,4
млрд. теңге немесе мемлекеттік кірістердегі 36,3% құрады.
2014 жылы минералдық-шикізатық кешендегі инвестициялар көлемі 3,2 трлн.
теңге (21,4 млрд. $ АҚШ) құрады.
Жақын болашақта еліміздің мұнай-газ секторы серпінді дамитын болады,
бұл еліміз үшін өндірістік, әлеуметтік және экологиялық бағыттағы
объектілер құрылысын қамтитын, бірыңғай кешенді саланы дамыту жоспарларын
жасақтау жолымен барлық мүдделі тараптардың үйлесімді жұмысын талап етеді.
Бағдарлама қаралып отырған кезеңдегі салалық мәні бар маңызды
міндеттердің шеңберін айқындайды және, тиісінше, оларды шешуге бағытталған
өзара байланысты ұйымдық, норма шығарушылық, әлеуметтік, экономикалық,
қаржылық және басқа да шаралар кешенін қалыптастырады.
Бағдарламаны іске асыру қорытындылары бойынша саланың тиімділігін
арттыру арқылы көмірсутегі шикізатын өндіру және өңдеу деңгейін өсіруден,
мұнай мен газ ресурстарын тиімді пайдаланудан, халықаралық транзит
көлемдерін өсіруден әлеуметтік-экономикалық әсерді ұлғайтуды қамтамасыз
ету, сондай-ақ еліміздің толық энергетикалық тәуелсіздігіне, ішкі нарықты
мұнай өнімдері мен газға қажеттіліктерін үздіксіз және толық қамтамасыз ету
көзделеді.
Мұнай кен орындарын игерудің соңғы сатысының техникалық-экономикалық
сипаттамасы қазіргі уақытта және жақын арадағы перспективада мұнай
компаниялары үшін өндірістің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қол
жеткізілген мұнай өндірісі деңгейлерін тұрақтандыру, сондай-ақ өндірістің
шектес салаларындағы қызмет аясын кеңейту міндеттері өзекті міндеттер болып
табылатынын көрсетті.

1.1. Тау жыныстарының коллекторлық қасиеттері
Жыныстың жарықшақтық қасиетінің деңгейі коллекторлардың белгілі бір
түрі болып келеді. Бірақ жер қорларының үлкен бөлігі, жарықшақты
коллекторларға тиісті, олар корбонатты жиналымдар көбіне жүзеді. Қуыс
аралық кеңістігі бөлік көлемінің жиналуымен, яғни қабаттың жарықтарымен
жарылуы мен жарықтардың көлемінен, микрокарсты кеңістікпен каверналардан
құралған көбіне қуысты жарықшақты коллекторларды, оның екі түрлі актемасы
арқылы бейнелейді – бөліктердің дәлдік қуысты кеңістікпен жарықтар жүйесі,
яғни бірінің үстіне бірі жатқызылған арқылы. Сондықтан да коллекторлардың
жынысты блоктарының (матрицалары) қасиеттіремен қоса, оның жарықты
кеңестігінің қасиеті параметрлерінде негізге алады. Ол жарықтарға бос
кеңістік, өткізгіштік, қоюлық тығыздығы және жарықтардың ашылуы жатады. Тау
жынысының жарықшақтық деңгейі, оның көлемдік Т және беткейлік Р жарықтар
тығыздығымен және шоғырлануымен Г анықталады. Жарықты кеңістік деп жыныстың
жарық көлемінің жыныс көлеміне қатынасын айтады. Көбіне мұнай өндірісінің
әдебиеттерінде жарықты кеңістікті – жарықты қуысталық деп атайды.
Жарықтардың параметрлерін, геофизикалық және гидродинамикалық қабаттық
зерттеулер берген керн арқылы және де ұңғыманың қабатты ауданын ашық
оқпанын фото түсіру әдісімен және жыныстың жарықшақты қабаттарының
беткейлік шығысын зерттеу болып табылады. Тәжірибе көрсеткендей жарықты
бостық 0,01 мәнінен аспайды, ал жарықтардың ашылуы 14-80мкм аралығында
түзіледі. Мұнда жарықтардың өткізгіштігі бірнеше ондаған квадратты
микрометрге жетеді. Блоктардың (матрицалардың) сызықтық өлшемдері бірлікті
сантиметрден ондаған метрлерге дейін. Мұнда жарықтардың көлемдік тығыздығы
7260м2м3 ал блоктардың сызықтық өлшемі 5см тең болуы керек. Мүмкін 1м3
жыныстың жарықтардың 60м2 құрайтын жарты оқпандық бетін құрау үшін, оны
дұрыс үш жүйелі 20 жазықтық бойынша бөліп, кубтың бір бетінің өлшемі 5см
құрауы қажет.
Мұнай-газ сеторын мемлекеттік реттеу тікелей және жанама әдістер
арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттің мұнай-газ секторына тікелей әсер ету
әдістері:
- мұнай және газ саласын дамытудың мақсатты бағдарламаларын жасау;
- мұнай газ өнімдерін өндіруге мемлекеттік тапсырыс беру;
- өнімнің сапасы мен технологиясына нормативтік талаптар қою;
- экспорт-импорттық операцияларды лицензиялау және квота беру.
Мемлекеттің мұнай-газ секторына жанама әсер ету әдістері осы саладағы
фирмалардың экономикалық мақсаттарына негізделеді. Олар:
- салық салу;
- мұнай және газ өнімдерінің бағасын реттеу;
- экспорт-импорттық операцияларды тарифтік реттеу.
Мұнай-газ секторын мемлекеттік реттеу құралдарын келесідей ажыратуға
болады: әкімшіліктік (тыйым салу, рұқсат беру) және экономикалық (бюджет-
салық саясаты, инвестициялық саясат); құқықтық (мұнай және газ саласындағы
шаруашылық етуші субъектілердің қызметін реттейтін нормативтік актілерді
жасау және қабылдау).

игерудің негізгі кезеңдері
Мұнай мен табиғи туындылардың Жердің бетіне шығатыны туралы жергілікті
халыққа ежелгі кезден белгілі болды. Бұған Майтөбе (масляный холм),
Қараарна (черное русло), Майкөмген (место захоронения масла), Қарашүңгіл
(черная впадина), Жақсымай (хорошее масло), Қарамай (черное масло), Қаратоң
(черный затвердевший грунт), Мұнайлы (нефтяное) және басқалары сияқты
көптеген орографиялық және гидрографиялық объектілер: шатқалдардың,
бұлақтардың, құдықтардың және т.с.с. қазақша атаулары соған айғақ..
Бастапқы кезең. Халықта Әукетай-Шағыл ауданындағы (Орал-Жайық өзен
аралығында) Киелі от туралы аңыз сақталды, кейін белгілі болғандай, ол
жанатын газдың шығуына арналыпты. ХІХ ғасырда атақты діни қызметкер және
емші Мәтенқожа малдың қотыры мен адамдардың тері ауруларын Ойыл өзенінің
төменгі ағымындағы құмның астынан шығатын қара маймен емдепті. Жібек
жолымен Қытайдан Үндістанға жүрген сауда керуендері арбаларының
дөңгелектерін жағу үшін Зайсан ойысындағы Қарамай шатқалында жиналып қалған
қара майды пайдаланғаны туралы саяхатшылардың естеліктері де сақталды.
XVI ғасырдың аяғында Патшалық Ресей Қазақстанның байтақ еліне назар
аудара бастады және XVIІ ғасырда империяның шығыс шекараларын нығайту,
оңтүстік елдерге сауда жолдарын іздеу мақсатында көпестер отрядын, әскери
типографтар мен табиғат зерттеушілерді оқтын-оқтын жіберіп тұрды. Атырау
облысының аймағындағы мұнай туралы алғашқы мәліметтер 1717 жылы І Петрдың
Жарлығымен Ембі өзенінің төменгі ағыны арқылы Хиуаға әскери-топографиялық
экспедицияны ұйымдастырған Бекович-Черкасскийдің жазуларында, одан кейін
1869 жылы географ Н. Северцевтің жарияланған есебінде (Ш.Есенов және
басқалары, 1968) анықталды.
1768 жылы ұйымдастырылған ғылыми экспедицияның (С. Гмелин, И. Лепехин,
П. Паллас) есептерінде Батыс Қазақстанның геологиясы мен пайдалы қазбалары
– көмір, мұнай, жанғыш жіктастар мен минералдық заттар туралы кейбір
мәліметтер бар. 1874 жылы Қарашүңгілдегі, Доссор мен Иманқарадағы мұнайдың
шығуын зерттеген Ресейдің Геологиялық комитетінің тау-кен инженері
Д.Кирпичников: Мұнайдың қорлары бар екені сөзсіз, алайда, ауызсу, елді
мекендермен қатынасу жолдары, пішендікке ыңғайлы шабындықтар мен дала
болмағандықтан, бұл байлақты пайдалану өту қиын деп жазған.
Сол кездегі білімді адамдардың бірі Григорий Силыч Карелин 1827 жылы
Қазақ даласының батыс аймағына барып, топографиялық түсіруді жүргізді,
өңірдің флорасы мен фаунасын зерттеді. Осы жерде Бөкей ханның баласы Жәңгір
ханмен кездесті. Г.С. Карелин Жәңгір ханға қатты әсер қалдырды және Жәңгір
хан оған кеңесші болып жұмыс істеуді ұсынды. 1832 жылы Карелин Каспий
теңізінің солтүстік-шығыс бөлігін зерттеу бойынша ірі экспедицияның
жетекшісі болып тағайындалды. Экспедиция журналының кіріспесінде ол:
Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауларына географиялық тұрғыдан лайық
назар аударылған жоқ. Бұл елсіз далаға жолшыбай болмаса, теңізшілер де
сирек келетін. Кемінде 900 шақырым жердегі Гурьев пен ескі Маңғышлақ
арасындағы жерге бірде-бір табиғат зерттеуші де келген жоқ. Жері байтақ
болғандықтан, Орта Азиямен болашақта сауда жасауға және саяси
қатынастарымызға негіз болатын жерге қатыстылығының біз үшін маңызы зор
деп жазды (Орыс географиялық қоғамының жалпы география жөніндегі жазулары,
1883, 10-т., 5-бет).
Батыс Қазақстанды зерттеушілер Маңғыстау түбегіне қатты назар аударды.
Зерттеулер 1864 жылы М.И.Ивановтың экспедициясы Маңғыстау түбегінде
мұнайдың алғашқы белгілерін тапқанда басталды. 1887 жылы Н.И.Андрусов,
М.В.Баярунас геологтары маршруттық түсіруге кірісті (М.А.Мирзоев
Маңғыстау: ғасырлар үні, Алма-Ата, Қазақстан баспасы, 1994ж.).
1851-1853 жылдары Бозащы түбегін зерттеу жалғастырылды. Экспедицияның
материалдары 1855 жылы Орыс географиялық қоғамының Жаршысында жарияланды.
Осы жұмыстарда Үстірттің, Маңғыстау мен Бозащы түбектерінің рельефі,
гидрографиясы, өсімдік жамылғысы, егжей-тегжейлі сипатталды, геологиялық
шолу жүргізілді, жерасты суының, топырағы мен климатының сипаттамасы
берілді.
Түркістанға жүргізу көзделген темір жол трассасын зерттеу және өңірдің
табиғи байлығын зерттеу мақсатында 1892 жылы Батыс Қазақстанға жіберілген
С.Никитин геологы бастаған арнайы экспедицияның зерттеулері аймақтың мұнай
байлығын геологиялық тұрғыдан мақсатты зерттеу және ашу үшін өте маңызды
болды. Мұнайдың шығуын зерттеу кезінде экспедиция қолмен бұрғылау
станоктарын алғаш рет пайдаланды. Бір мезгілде ауыз су, кейінірек –
фосфориттер мен көмір белсенді түрде зерттелді.
С.Никитиннің экспедициясы Қарашүңгілде, Доссор мен Ескенеде анықтаған
және оң бағаланған мұнайдың белгілері сол кездегі мұнай қоғамының назарын
аударды. 1892 жылдың аяғында кәсіпкерлердің Доссордың жекелеген учаскелерін
барлауға алғашқы өтінімдері пайда болды. одан кейін Орал-Ембі және Батыс
Қазақстанның басқа да аймақтарында мұнайды іздеуге және барлауға арналған
көптеген қоғамдар, серіктестіктер мен фирмалар пайда болды. Оның ішінде
Орал-Каспий мұнай қоғамы (ОКМҚ), Ембі-Каспий, Ағайынды Нобельдердің
серіктестігі, Ембі, Орал мұнайы және басқалары ең ірілері болды. 1894
ж. петербургтық кәсіпкерлер тобы мұнай кен орындарын іздеуге және барлауға
концессия алды. Алғашқы мұнай барлау объектілері Доссор, Қаратоң,
Қарашүңгіл және Ескене болды. Өз иелігіне Ембі-Каспий қоғамының
концессиясын алған С.Леманның компаниясы Қарашүңгілде тереңдігі 38-ден
бастап 275 метрге дейін 21 ұңғы бұрғылады. 1899 жылдың қарашасында, осында,
№7 ұңғымада, 40 метр тереңдіктегі карст қуысының гипстелген жынысынан жеңіл
мұнай атқылады. Бұл оқиға қазақтардың ежелгі жерінде мұнайдың ашылуы деп
әділ саналады. 1906-1909 жылдары Қаратонның жоғарғы мелдік шөгінділеріндегі
3-4 ұңғымасында мұнай-кәсіпшілік мұнайдың ағындары байқалды. 1910 ж.
С.Леманның компаниясы Орал-Каспий қоғамына ағылшын кәсіпкерлерінің
қаражатын тарта отырып, Доссорда терең бұрғылауды ұйымдастырды. 1911 жылдың
29 сәуірінде Доссордағы 225-226 метр тереңдігінде орташа юра шөгінділерін
ашқан №3 ұңғымада мұнай фонтаны қатты атқылады. Ұңғыма 30 сағат бойы
атқылады және 16 700 пұт мұнай берді.
Орал облысының 1913 жылғы Шолуында (әскери губернатордың есебіне
қосымша) Орал облысының Гурьев уезінде баяғыда басталған барлау табысты
болды. Орал-Каспий мұнай қоғамына Доссорда әрбіреуі 10 ондықтан 5 учаске,
Мақат жерінде 10 ондықтан 1 учаске және Ескенеде 10 ондықтан 1 учаске
берілді. 1914 жылдың 1 қаңтарына қарай Гурьев уезінің әр жерінде мұнай
өндіруге бөлінген 29 учаске пайда болды. 1913 ж. Орал-Каспий Мұнай Қоғамы
Доссорда 4 450 615 пұт мұнай өндірді (Әскери губернатордың бүкіл бодандық
есебіне қосымша Орал облысының 1913 жылғы шолуы, Батыс Қазақстан облысының
Мемлекеттік мұрағаты, Мұрағаттық мұражай).
Батыс Қазақстанның геологиялық құрылымын зерттеудің және мұнайлылығын
бағалаудың бастапқы кезеңінде С.Никитиннің, П.Православцевтің,
А.Замятиннің, С.Миронов пен Н.Тихоновичтің Каспий өңірі бойынша, Н.Андрусов
пен Баярунастың Маңғыстау бойынша зерттеулері өте маңызды болды. Осы
кезеңдегі зерттеулердің геологиялық қорытындыларынан юралық, мелдік және
кайнозой шөгінділердің стратиграфиясын игеру, Каспий маңында кеңінен
тараған құрылымдардың тұз күмбезін табиғатын анықтау, оның тектоникалық
схемасын жасау, Н.Андрусовтың Маңғыстаудың күрделі мегаантикдиналиін бөліп
шығаруы, бірқатар кен орындарының мұнайлылық жағдайын жалпылама түрінде
жариялауы және ірі ауқымды карталарын жасауы, негізгі мұнайлы қабаттар
(мелдік С. Никитин бойынша, юралық А.Замятин мен Н.Тихонович бойынша)
туралы түсініктерді әзірлеу ең маңызды болып табылады.
Қалыптасу кезеңі. ХХ ғасырдың 20-шы жылдарының екінші бөлігінде
Ембінің мұнайшылары бұрғылау жұмыстарының дамуына, ұңғыма тереңдігінің
ұлғаюына, мұнай иірімдерін ашуға және барлауға әсерін тигізген роторлық
айналмалы бұрғылауды қолдана бастады. Ембідегі айналмалы бұрғылау КСРО
бойынша алғаш рет қолданылды. Осының нәтижесінде ұңғымалардың орташа
тереңдігі 1927 жылдағы 196,7 метрден 1932 жылы 637,7 метрге дейін өсті.
Ембінің мұнайшылары сол кезде КСРО мен Еуропа бойынша бірінші болып 2500-
2800 метр тереңдікке дейін қатты бұрғылауды игерді.
1927 ж. И.М.Губкин ВСНХ-ның Мұнай өнеркәсіпшілігі кеңесінің отырысында
жасаған Орал-Ембі ауданының даму перспективалары атты баяндамасында былай
деген: Анағұрлым ерте барлау жұмыстары өткен ғасырдың аяғында – 1889 жылы
болды. Алғашқы жұмыстарды Леман Каспий теңізінің жағалауындағы Қаратоңнан
шамамен 35-40 километр қашықтықта орналасқан Қарашүңгіл шатқалында
жүргізді. Осы Қарашүңгілде Леман 17 ұсақ бұрғылау ұңғымаларын жүргізді, ал
1899 жылдың қарашасында бір ұңғыма 40 метр тереңдіктен мұнай ағыны
тәулігіне 90 000 пұтқа дейін болған мұнай фонтаны атқылады. Осындай нәтиже
осы ауданға және басқа да мұнай кәсіпкерлеріне назар аудартты және 1916-
1917 жылдары Ембі-Каспий осында орташа алғанда тереңдігі 150 метр
бұрғылау ұңғымаларын салды. Одан кейін Ембі ауданын дамытуға өте мұқият
назар аудару қажеттілігі туралы айта келіп, И.М.Губкин былай деді: ...Осы
тұрғыдан Ембімұнайға мемлекет көмектессе, әділ болады деп ойлаймын. Көмекті
әр түрлі жолмен көрсетуге болады: мысалы, Ембімұнайды барлық салық және
борышқорлық міндеттемелерден босатып, түсетін бүкіл табысты барлау
жұмыстарын одан әрі дамытуға түгелімен жұмсауға болады (ҚР ОММ, 196-қор, 1-
тізімдеме, 234-іс).
КСРО ВСНХ-ның Бас тау-кен отынын басқарудың геологиялық комитеті
Ембідегі геологиялық-іздеу жұмыстарына тікелей басшылық етті. 1931 ж.
М.И.Губкин Орал-Ембі ауданының дамуына ерекше назар аударды. КСРО Ғылым
академиясының төтенше сессиясында М.И.Губкин өз баяндамасында: Белсенді
әрі батыл барлау Орал-Ембі ауданынан көптеген ондаған миллион тонна
өндірілетін орасан ауданға айналдыруы мүмкін. Мұнда барынша көп қаражат
жіберіп, осы ауданға үздіксіз бақылау жүргізу керек деп атап өтті.
1925-1926 жылдары Батыс Қазақстанның аумағында геологиялық-барлау
жұмыстарын дамытуға жаңа импульс берілді. 1925 ж. Ембімұнай тресінің
жұмысын тексеру қорытындылары бойынша мұнайшылардың алдында 5-7 жылдың
ішінде Ақтөбе облысының солтүстік аудандарының (Темір ауданының) аумағында
алаңы 3500 шаршы шақырым, мұнайлылық белгілері бар құрылым барлансын деген
нақты міндет қойылды. Осы міндеттерге сәйкес 30-шы жылдардың басында іздеу
жұмыстары Оңтүстік Ембінің шегінен шығып, Ақтөбе облысының аумағында
жүргізіле бастады. Осыған байланысты Гурьев (Атырау) қаласында
Ақтөбемұнайбарлау аумақтық трестін, ал кейінірек Қазмұнайбарлау трестін
құру қажеттілігі туындады. Осындай қайта құру кен орындарын саланы іздеумен
және барлаумен ғана айналысатын өндіру кәсіпорындары мен ұйымдарға
функционалдық тұрғыдан бөлу қажеттілігіне байланысты болды, себебі аталған
екі функцияның бір қолда болуы саланы мұнай-газ кен орындарын іздеумен және
барлаумен байланысты шұғыл жұмыстарды жүргізудегі кейбір қиындықтарды
тудыратын дағарадай құрылымға айналдырды.
1931 ж. құрылған Ақтөбемұнайбарлау трестінің №10 ұңғыманы
бұрғылаумен Ақтөбе облысында Шұбарқұдық кен орнын ашты. Екі жылдан кейін
Жақсымай кен орны ашылды. Екі кен орны да Гурьевтен алыс боды. Көп ұзамай,
өндірілген мұнайды тасымалдау проблемасы туындады, ол Шұбарқұдық пен
Жақсымай кен орындарын Доссормен және Мақатпен біріктірген Гурьев-Қандағаш
темір жолын салумен шешілді.
Профильдеудің электр-барлау әдісін 1929 жылы бірінші рет Мемгеоком
партиясы Каспий маңындағы тұз күмбезді құрылымдарда сынады. 1930 жылдан
бастап Шлюмберже фирмасы бірлесе отырып, вертикалдық электр зондтау әдісін
(ВЭЗ) мұнайлы Ембі ауданында 1934 жылға дейін жүргізді, алайда ВЭЗ
деректерін сандық интепретациялау мүмкіндігі болмағандықтан, осы әдіспен
жұмыс істеу көпке дейін тоқтатылды. 1936 жылы Каспий маңында теллурлық
зондтау әдісі бірінші рет сыналды.
1929 жылдан бастап Доссор, Ескене, Новобогатинск, Жаманкейкебас
күмбездерінде жүргізілген тәжірибелі магнитометрлік зерттеулер тұз күмбезді
құрылымдарды зерттеу кезінде магнит-барлау тиімсіз екенін көрсетті,
сондықтан да 1931-1937 ж. бас мемлекеттік магниттік түсіру өте сирек байқау
желісімен ғана жүргізілді.
Доссор, Мақат (Ембімұнай тресті) және Мортық, Жуса
(Ақтөбемұнайбарлау тресті) мен басқа да кәсіпшіліктерде Ұңғымалардағы
кәсіпшілік (каротаждық) геофизикалық зерттеулер 1932-1934 жж. бастап
жүргізіле бастады. Шлюмберже фирмасымен бірлесіп, ұңғыма каротажы көрінетін
кедергілер (КК) және өздігінен пайда болатын поляризация (ӨП) әдістерімен
жүргізілді. Барлық құрылымдық-іздеу ұңғымаларындағы электрлік каротаж 1938
жылдан бастап жүргізіліп келеді. Осы кезде Гурьев қаласында Ембімұнай
тресінің кәсіпшіліктеріне қызмет көрсеткен дербес электр-барлау конторасы
(бастығы М.Қадысов) құрылды. Жекелеген партия каротажды Ақтөбе облысының
кәсіпшіліктерінде де жүргізді.
ВКП(б) 17 және 18-съездерінде Ембі мұнай ауданын дамытуға үлкен назар
аударылды. Онда қабылданған құжаттар мұнай байлақтарын іздеудің негізгі
бағыттарын айқындады. Оңтүстік Ембінің мұнай кәсіпшіліктерін басқаруды
жақсарту және Солтүстік Ембінің жаңа аудандарын игеру мақсатында 1936
жылдың 22-23 желтоқсанында Халық комиссарларының кеңесі Ембімұнай
тресінің құрамынан кәсіпшіліктердің Солтүстік (Темір) ауданын бөліп
шығарып, оның негізінде Ақтөбемұнай тресін құруды ұйғарды. Жаңадан
құрылған трест басқарушысының лауазымына ірі маман, дарынды өндіріс
ұйымдастырушысы, белгілі совет ғалым-геолог И.М.Губкиннің оқушыларының
бірі, бұрын бірнеше жыл Ембімұнай трест басқарушысы болып жұмыс істеген
Я.В.Лаврентьев тағайындалды (З.Б.Байдосов, Ж.С.Сейітпағамбетов,
Г.С.Сұлтанғалиева, Р.Н.Нұржанов Ақтөбелік мұнай: тарихы және қазіргі
заманғы. Ақтөбе, 2000ж.).
Тұтастай алғанда, осы кезеңнің іздеу-барлау жұмыстары тұз күмбездерін
зерттеу үшін қажетті, оған ең алдымен гравиметрия мен сейсмикалық-барлау
кірген зерттеулердің ұтымды кешенін айқындауға мүмкіндік берді. Іздеу және
барлау геологиялық-геофизикалық жұмыстарды жандандыру қажеттілігін мойындау
1940 жылы республикалық ауқымда алғашқы геофизикалық қызметті ұйымдастыруға
әкелді. Сонда Қазақ геологиялық басқарманың жанында М.Морозов басқарған
геофизикалық топ құрылды.
1935 жылдың қарашасында Ембінің мұнай және химия өнеркәсібін дамыту
мәселелеріне арналған КСРО ҒА-ның арнайы сессиясы өтті, онда академик И.
Губкин нақты міндетті: елдің шығысында өнімділік қуаты Кавказдықтан кем
болмайтын мұнай базасын құру туралы баяндады. Екінші мұнай базасының ірі
бөліктері Батыс Орал және Орал-Ембі мұнай аудандары болады. Сессияда осы
аудандарға ғылыми экспедицияны жіберу шешімі қабылданды. 1936 жылы Ембі
ауданына В.Батурин басқарған ғылыми экспедиция шықты. Экпедицияға қатысқан
Ю.Косыгин, И.Юркевич, А.Яншин кунгур ярусының әр түрлі нысандары егжей-
тегжейлі сипаттады, хемоген қабатының кунгурлық жасын дәлелдеді, орта юра
шөгінділерін егжей-тегжей бөлшектеді. Мұнайлы Орал-Ембі ауданы Хобдин және
Аралсор гравитациялық максимумдарының шекарасында екі бөлікке бөлінді,
астынан мұнай миграциясы туралы ой айтылды, осыған орай жыныстардың
коллекторлық қасиеттері ескеріліп, тасталындылардың қасындағы мұнай
белгілеріне ерекше назар аудару ұсынылды (Үлкен Ембі, 1937).
Мұнай саласын дамыту Гурьев облысының аумағымен ғана шектелмейді. 1930
ж. Шұбарқұдық тұз күмбезіндегі мұнайды ашқан алғашқы барлау ұңғымасы
бұрғыланды, бұл туралы 1933 ж. академик И.М. Губкин Ғылым академиясының
сессиясында баяндады. Алты жылдан кейін осында мұнай кәсіпшілігі іске
қосылып, Ақтөбемұнай тресі құрылды, одан кейін оның атауы
Ақтөбемұнайбарлау деп өзгерді. Ұлы Отан соғысы жылдарында жұмыс істеп
тұрған Жақсымай кен орны іске қосылды.
1930-1947 жж. Ақтөбе облысында шамамен 90 ұңғыма бұрғыланды, ал 1958
жылы сол кезде алғашқы анықталған тұз күмбезі Кеңқияқта крелисутық ұңғыма
бұрғыланды. Осылайша өте ірі Кеңқияқ мұнай кен орны ашылды, барлау бірнеше
жыл жүрді және 1962 жылы аяқталды. 1967 жылы Кеңқияқ кен орны мұнай бере
бастады.
1959 жылдан бастап жұмыс істеп жатқандардың қатарына 1967 ж. кірген
бірнеше мұнай және екі газ кен орны (Бостағай мен Қызылой), ал одан кейін –
Құмсай, Көкжиде, Мортық және Ембі өзені бассейнінің солтүстік бөлігіндегі
басқа да кен орындар ашылды.
60-шы жылдары айтарлықтай тереңдіктегі тұзасты шөгінділердегі мұнай
мен газды іздеуге қатысты үлкен перспективалар ашылды. Бірінші рет тұзасты
шөгінділер Жаңажолдың, ал 1967 ж. Құмсайдың іздеу алаңдарында зерттелді.
1978 жылы Жаңажол мұнай-газ конденсатты кен орнында 3000 метр тереңдіктен
жоғары дебиттік мұнай ағыны бірінші рет алынды. Ол 1983 жылдан бастап
игеріліп жатыр. 1983 жылы Қожасай мен Өріктау, ал Синельник кен орындары
ашылды, оларда шамамен 115 миллион текше метр газдың баланстық қорлары
қамтылған.
1996 жылдан бастап Лақтыбай, Жаңатаң, Шығыс Ақжар, Әлібекмола мен
Қожасай мұнай кен орындарында барлау жұмыстары жүргізілді. Оңтүстік
Әлібекмола кен орнында мұнай фонтаны атқылады. 1997 жылдың аяғына қарай
Ақтөбе облысының шегінде тұзүсті кешенде 7 мұнай кен орны белгілі болды, ал
тұзасты кешенде – 6 мұнай және 4 мұнай-газ конденсатты кен орны белгілі
болды.
2000 ж. Лақтыбай кен орнын барлау аяқталды, ондағы мұнай 4500 метр
тереңдіктегі тұзасты шөгінділерде орналасқан. Өткен ғасырдың аяғына қарай
Ақтөбе облысы өнеркәсіптік қорлар бойынша Қазақстанда үшінші орында (900
млн. тонна), ал газдың қорлары бойынша – төртінші орында (200 млн. текше
метрден астам) болды.
Әскери бесжылдықтарда Батыс Қазақстанда, негізінде Ембі ауданында, 53-
ке дейін геологиялық-барлау және 60-қа дейін геофизикалық партия жұмыс
істеді. Геологиялық зерттеулердің қорытындылары 1939-1941 жылдары
шығарылған L-38, M-38, L-39 парақтарының 1:1 000 000 масштабының
масштабындағы Мемлекеттік геологиялық картасында көрсетілген.
Ембімұнай комбинаты өзінің негізгі қызметі – мұнай мен газды
өндіруден басқа, қасындағы жұмыс істеп тұрған мұнай кәсіпшіліктерінің
қорларын өсіру мақсатында іздеу мен барлаудың шағын көлемде жүргізді. Осы
жұмыстар, негізінде, кемінде 10 кен орны жұмы істеп жатқан Оңтүстік Ембі
аумағында орындалды. Осылайша, 1935 ж. Ембімұнай комбинаты №6 ұңғыманы
бұрғыланғанда Қосшағыл күмбезінде мұнай фонтаны атқылады, бір жыл ішінде
кен орны игеріле бастады.
Мұнай өндіру көлемдері өсе келе, мұнайды темір жолмен және су
көлігімен тасымалдау уақыт өте келе қиындай түсті. 30-шы жылдары салынған
Доссор-Гурьев мұнай құбырларының, әсіресе, Ақтөбе облысының кәсіпшілігінен
өтетін Каспий-Орск мұнай магистралінің халық шаруашылық маңызы зор болды.
Каспий-Орск мұнай құбыры 3 жылда салынды, 1935 жылдың қазанында ол іске
қосылды. Осы мұнай құбырымен Ембінің 65%-і Орскіге айдалды.
30-шы жылдары іздеу-барлау жұмыстарын тездету және бірқатар кен
орындарын ашу әскери қимылдарының басталу ықтималдығы жыл сайын өткір
сезіле бастаған елдің шығысындағы мұнай-газ өндіруші өнеркәсібінің мықты
шикізат базасын құруға байланысты болды. 1937 жылы Қазмұнайбарлау тресі
Құлсары кен орнын ашты. Қазақстанмұнай комбинаты белсенді жүргізген мұнай
іздеу жұмыстары (Ембімұнай комбинаты таратылғаннан кейін) 1941-1942
жылдары Нармонданақ, Бекбике мен Жолдыбай кен орындарын аз уақытта іске
қосумен аяқталды. Осылайша, 30-шы жылдары және 40-шы жылдардың басында
Оңтүстік Ембі негізгі мұнай-газ кен орындары ашылды және бұрынғы КСРО-ның
шығысында мұнай-газ өндіруші кәсіпорындардың мықты шикізат базасы құрылды.
1940 жылы бір жылда мұнай өндіру көлемі 750 мың тоннаға жетті.
Алайда, Каспий маңы аумағын зерттеу деңгейі өте қалыпсыз болды, Елтон,
Басқыншақ, Індер аудандары мен Ембі ауданының жекелеген мұнай кен
орындарында шоғырланды, ал Орталық Каспий өңірінің байтақ аумақтарында
барлаушылық маршруттық түсіру де болған жоқ. Сол кезде белгілі болған 400
перспективалық құрылымның 88 құрылымында ғана барлау бұрғылау жүргізілді.
Ұлы Отан соғысы (1941-1945 жж.) ел үшін үлкен ауыр кезең болды. Майкөп
және Грозный мұнай аудандарының өз қызметін уақытша тоқтатқан өндірістерді
өтеу мақсатында Қазақстанда мұнай өндіруді жан-жақты белсендету өте маңызды
әскери-шаруашылық міндет болды, ол табысты шешілген жағдайда елдің халық
шаруашылығының бірінші кезектегі мұқтаждарын және Совет Армиясының әскери
қабілетін қанағаттандыруға байланысты болды.
Қазақстанның КП Орталық комитеті 1942 жылдың желтоқсанында Доссор
мұнай кәсіпшілігінде партиялық-шаруашылық активті жүргізді, онда мұнай
кәсіпшіліктерінің жұмыстарын жақсарту жөніндегі нақты іс-шаралар және мұнай
өндіруді ұлғайту үшін қажетті қосымша ресурстарды тарту кешені әзірленді.
Соғыс жылдары Орал-Ембі ауданының мұнайшылары тәулігіне 12-13
сағаттан, демалыссыз, қызу қарқынмен жұмыс істеді, барлық мұнай
кәсіпшіліктерінде фронттық бригадалар ұйымдастырылды. Осы кезеңде
сұйықтықты белсенді түрде іріктеу, тесіктерді қосымша ату, пайдалану
әдістері торпедалау секілді прогрессивті әдістер қолданылды. Ұңғымалардың
жедел өтуіне материалдық-техникалық құралдары анағұрлым аз жұмсалды. Көп
материалдар мен цементті үнемдейтін кондукторсыз бұрғылау игерілді.
Барлаушылар Ембіде Отан соғысы кезеңінде өнеркәсіптік игеруге енгізілген
және он мың тонна жоғары сапалы мұнай берген жаңа үш кен орнын ашты. Жаңа
кәсіпорындар іске қосылды, Гурьев қаласында ірі мұнай өңдеу зауыты құрылды
(Т. Шәукенбаев Қазақстанның мұнай өнеркәсібінің экономикасы. Қазақстан
баспасы, Алма-Ата, 1974 ж.).
1941-1945 жж. жылына орташа есеппен 800 мың тонна мұнай өндірілді. Ұлы
Отан соғысы жылдары Орал-Ембі мұнайлы облысында геологиялық зерттеулер
шоғырландырылды. Іздеу-түсіру және сейсмикалық-барлау жұмыстарының,
картировка мен құрылымдық-іздеу бұрғылаудың елеулі көлемдері Нармонданақ,
Күзбақ, Қызылжар, Мұнайлы, Қошқар, Дүйсеке және басқа да тұз күмбездерінде
шоғырланды. Күмбездердің бір бөлігі терең бұрғылаумен өнеркәсіптік барлауға
тартылды. Бұл ретте мұнайдың өнеркәсіптік мұнай иірімдері Мұнайлыда,
Жолдыбайда, Нармонданақта және Құлсарыда анықталды, кейін олар 60-шы
жылдарға дейін негізгі пайдалану объектілері болды. Маңғыстауды зерттеле
берді. Маңғыстау геологиялық-барлау экспедициясының аға геологы Чувелев
жасаған Маңғышлақтағы пайдалы қазбалар туралы мәселеге қысқаша түсіндірме
жазбада, атап айтқанда, былай деп жазылды: Маңғышлақтағы жыныстар
құрылымының антиклиналдық сипаты, ал кейде диапиризмнің сипаты (Орал-Ембі
ауданының түрі бойынша өтетін өзек) Маңғышлақтың жер қойнауында мұнайдың
жиналу ықтималдығын көрсетеді. Төбежік даласында Форт-Шевченкодан 50
километр қашықтықта Ханга-баба антиклиналінің төменгі мелдық шөгінділерінде
анық мұнайлылық белгілері бар жаныстар табылды (Маңғыстау облысының
мемлекеттік мұрағаты, 17-қор, 1-тізімдеме, 626-іс). Барлық осы мәліметтер
Маңғыстауды одан әрі зерттеу үшін негіз болды. Мұнайға перспективалы
құрылымдарды анықтау үшін геофизикалық әдістерді тиімді қолдану 1943 жылы
Мемлекеттік геофизикалық трестің Қазақ бөлімін, одан кейін –
мамандандырылған Қазақстанмүнайгеофизика тресін ұйымдастыруға байланысты
болды. Трестің құрамына 5 геофизикалық партия кірді. Бұрғылау станоктар
паркінің шектеулі техникалық мүмкіндіктері мұнайдың барланған қорларын көп
мәрте ұлғайтуды қамтамасыз ете алмады, барлық іздеу жұмыстары Оңтүстік
Қошқар (1943 ж.) және Тектексор (1944 ж.) кен орындары соғыс жылдары
ашылды. Гурьев (Атырау) қаласында мұнай құбыры мен мұнай өңдеу зауытын салу
жаңа кен орындарын іздеу бойынша жұмыстарды анағұрлым белсенді жүргізу
қажеттілігіне байланысты болды.
КСРО Үкіметі соғыстан кейінгі кезеңде республикасының бұрғылау және
құрылыс жұмыстарын арттыруға әрі мұнай өнеркәсібін арттыруға жіберілген
бірқатар арнайы шешімдерді қабылдады. Құрылыс және барлау жұмыстарын
күшейту үшін Қазақстанмұнайқұрылыс, Қазақстанмұнайбарлау,
Ақтөбемұнайбарлау арнайы тресттері мен Мемлекеттік геофизикалық трестің
Қазақстандық бөлімшесі ұйымдастырылды. Кәсіпшіліктерде күшті бұрғылау
станоктары, қалыпты қатардағы тербелмелі станоктар, тракторлық көтергіштер
кеңінен енгізілетін болды. Отан соғысы кезеңінде барлау бұрғылау,
негізінде, қазіргі материалдық-техникалық базалардың айналасында
орналасқандықтан, жаңа кен орындарын анықтау үшін Ембінің анағұрлым
перспективалық оңтүстік-шығыс аудандарына көшірілді. Ал Ақтөбемұнайбарлау
тресі Ақтөбе ауданында жұмыстарды бастады. 1945 жылы Қазақстанмұнай
өндірістік бірлестігі ұйымдастырылды, құрамына Қазақстанда барлық барлау,
өндіру және өңдеу кәсіпорындары кірді. Құлсарыда мұнайдың үлкен
иірімдерінің ашылуы және Толес өнеркәсіптік мұнайлылықтың анықталуы маңызды
оқиға болды (Қазақстанның 40 жылдағы өнеркәсібі, Қазақ мемлекеттік баспа,
Алма-Ата, 1957 ж.).
Соғыстан кейінгі жылдарда бірінші бірқатар кен орны: 1947 жылы Мұнайлы
мен Оңтүстік Толес, 1948 жылы Қаратон, 1958 жылы Толес, 1951 жылы Қарсақ
ашылды. Аталған кен орындарының ашылуы, 1,5 млн. тоннаға дейін мұнайдың
жылдық өндірілуінің күрт ұлғаюына және барланған қорлардың көп мәрте өсуіне
әкеп соқты.
1946 жылдан бастап Каспий маңындағы геологиялық-барлау жұмыстарының
көлемі үрт өсті, геофизикалық зерттеулер жүргізілді, тіреу және параметрлік
ұңғымалар бұрғыланды. Батыс Қазақстанның байтақ аумақтарындағы іздеу-
түсіру, аэрологиялық жұмыстар картировтық бұрғылаумен, геофизикалық,
геохимиялық, геоботаникалық және басқа да зерттеулермен ілесті. Каспий
маңын зерттеу процесінде гравиметрикалық түсіруді, картировтық бұрғылауды,
сейсмикалық-барлауды және құрылымдық-барлау бұрғылауды қамтитын мұнай іздеу
жұмыстарының ұтымды кешені қалыптасты.
1946 ж. M-40 және L-40 парақтардағы 1:1 000000 маршруттағы карталар
шығарылды. Бір мезгілде 1:200000 масштабтағы геологиялық түсіру жүргізілді.
Каспий маңы ойпаңының Батыс бөлігіндегі жұмыстарды ВНИГНИ оңтүстік-шығыс
экспедициясы, ал оның солтүстік бортының шегінде – Одақмұнайбарлау
тресінің Геологиялық-барлау конторасы одағының (ГБКО) Батыс Қазақстан
экспедициясы жүргізді. 1948 жылдан бастап бүкіл Каспий маңының аумағында
Аэрогеологиялық экспедиция жұмыс істей бастады. Әр түрлі мұнайлы аудандарда
барлау жұмыстары белсенді жүргізілді. Олар Ембіде мұнай кен орындарының
ашылуына әкелді: Тереңөзек (1951ж.), Тәжіғали (1956ж.), Қараарна (1957 ж.).
Жылан құрылымында да (Ақтөбенің Орал маңы) мұнайлы өнеркәсіп ашылды. Батыс
Қазақстанның геологиясына, тектоникасына, мұнайлығына арналған көптеген
әскери жарияланымдардың ішінде А.Яншиннің, Ю.Никитинаның, Ю.Косыгиннің,
П.Авровтың, Г.Айзенштадттың, Н.Неволиннің, В.Вахромеевтың және басқаларының
еңбектері өте маңызды.
Әскери кезеңнен кейін сейсмикалық-барлау, далалық және камералық
жұмыстардың әдістері мен техникасын белсенді жетілдіру басталды,
социолографиялық жазатын көпарналы сейсмикалық станциялар құрылды.
Солтүстік Үстірт, Ақтөбе, Орал маңы, Орал-Жайық өзен аралығы, сондай-ақ
Торғай, Теңіз ойпаңдары мен Батыс Сібір плитасының оңтүстік бөлігі
аудандары зерттелді. 1948 жылдан бастап өзгерісті толқындардың
корреляциялық әдісі (ӨТКӘ) кеңінен қолданыла бастады.1947-1948 жылдары
Каспий маңы ойпаңында аймақтық сейсмикалық жұмыстар орындала бастады.
Торғай ойпаңында және Ертіс маңында бірінші бастау әдісімен жұмыс істеу
басталды. 1955 жылдан бастап Оңтүстік Маңғыстау аумағындағы сейсмикалық
жұмыстар жүргізілді, Жаркент ойысындағы алғашқы КМПВ профильдерін өңдеу
басталды. Гравиметрлермен (35-ке лейін) және вариометрлермен (22-ге дейін)
түсірудің саны өсуде. Ембі ауданында және Ақтөбелің Орал маңында 1:100000
және 1:200000 масштабтарын түсірумен тұз штоктары анықталды, галогендік
құрылымдардың таралуының шығыс шекарасы айқындалды. Мұнай-газ перспективалы
аудандарды зерттеу үшін Солтүстік Қазақстанда және Іле ойпаңында түсіру
жүргізілді. 1950 жылдан бастап күрт азая бастаған вариометрлік түсірудің
орнына гравиметрмен түсіру басталды. 1953-1954 жылдары Зайсан мен Алакөл
ойпаңдарының 2 мгл-дан қимасы бар 1:200000 масштабындағы түсіру аяқталды.
1953 жылдан бастап Үстіртте, солтүстік Арал маңында 1:200000 масштабында
түсіру жүргізілді. Шу-Сарысу ойпаңының шегінде 1:200000-1:500000
масштабында түсіру жүргізілді. Батыс Қазақстанның мұнай-газ перспективалы
аудандарда 4мгл-дан изожелілермен 1:200000 масштабындағы негізгі түсіру
дамыды.
Осы кезеңдегі электр-барлау жұмыстары кеңінен пайдаланылған жоқ, мұнай-
газ перспективалы аудандардағы әр түрлі модификациялар мүмкіндіктерін
зерттеу бойынша тәжірибелі зерттеулер ғана жүргізілді. 1:100000-1:500000
масштабтағы аймақтық аэромагниттік түсіру Батыс Қазақстанның аумағында 1959
жылдан бастап жүргізіле бастады, олардың көлемі 956,5 мың км. болды. АЭМ-49
приборымен аэромагниттік нақтылығын (+20 гаммадан +5 гаммаға дейін) шөгінді
бассейнде фундамент құрылымының ерекшеліктерін арттыруға мүмкіндік берді.
1946 жылы кәсіпшілік (каротаждық) қызмет Гурьев мұнай кәсіпшілігі
конторасына бөлінді. Осы кезден бастап КС пен ПС өлшеуден басқа, каротаждық
жұмыстар кешеніне инклинометрия, қырлы каротаждық зондтау (ҚКЗ),
кавернометрия, термометрия енгізілді.
Батыс Қазақстанның жер қойнауын кешенді зерттеу бойынша республикалық
ғылыми зерттеулердің қалыптасуында академик Қ.И.Сәтбаевтың бастамашылығымен
1949 жылы Гурьев қаласында жүргізілген ҚазКСР ҒА-ның көшпелі сессиясының
маңызы зор ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz